ЭПИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ
Жагипарова А.А.
4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к, доцент А.З. Қазанбаева
Е.А Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қаласы
Қазақ фразеологтары фразеологизмдерді тақырыптық, семантикалық топтарға бӛлуге ерекше назар аударған деп тұжырым жасауға болады.
Мұндай бағыттағы зерттеулер біздің фразеология туралы таным түсінігімізді әрі кеңейте, әрі тереңдете түсетіні сӛзсіз.
Қазақ тілінің фразеологиялық жүйесіне енетін тұрақты бірліктер тек санының молдығымен ғана емес, алуан түрлі сипатымен де ерекшеленіп тұрады. Олай болатыны фразеологиялық бірліктердің бір алуаны фольклорлық мұралармен, екінші бір тобы діни ұғымдармен, ал үшінші бір тобы байырғы ауызша әдеби тіл үлгілерімен, тӛртінші жазба тіл үлгілерімен ұштасып жатады. Әсіресе сӛйлеу тілі аясында қолданылатын фразеологиялық бірліктердің сипаты алуан түрлі болып келеді. Бұл жерде фразеологиялық бірліктердің осы аталған топтар арасындағы айырмалар мен белгілерді айқындау аса қажет. Ӛйткені объектінің генезистік тұрғыдағы ерекшеліктерін танып-біліу тек фразеолеогиялық бірліктердің ӛзін ғана емес, оған қатысты жайттар-стилистика, сӛз поэтикасы, тіл мәдениеті т.б үшін аса қажет. Сонымен бірге фразеологиялық бірліктер тілдік, тілдік емес құрлымдарымен де тағы байланысты [2; 8].
Фразеологизмдер де жеке сӛздер тәрізді ақиқат дүние үздіктерінің тілдік бейнесі болып табылады. Бірақ фразеологизмдер «жалаң» тілдік таңба емес, тілдік ұжымның (субъектінің) белгілі бір ақиқатқа деген кӛзқарасын, талғамын, ой сарасын (интерпретациясын) білдіреді. Біз, қысқасы, фразеологизм ақиқаттың үзігін «атап» қана қоймайды, «суреттейді»,
«бейнелейді», оған «баға береді» деген тұжырымды ұстанамыз.
Бұл тұста эпикалық фразеологизмдердегі мифологилық сананың іздерін айқындаудың ерекше мәні бар.
Ә.Марғұлан жазба дерек, аңыз-әпсана, ертегілерде ғұндарға ұлы тотем болған Кӛк Бұқа, Кӛк Бӛрі, Ақ Марал т.б оларға елес беріп, адасса жол кӛрсетіп отыратынына ерекше кӛңіл аударады. Аталмыш фразеологизмдер мифологилық сананың жемісі.
Алатаудың бір бӛлігі Қазығұрт Нұх пайғамбардың кемесі қайырлаған, ұлы алаңқайы бар қасиетті орын. Ақ қой, шудалы түйенің ӛсіп-ӛніп жан- жаққа тараған киелі мекені. Тілдік ұжымның мифологилық санасында
«қасиетті», «киелі» концептісі асқар тау, ұлы алаң, алып кеме, ақ қой,
шудалы түйе тәрізді фразеологиялық бейнелермен (образдармен) объективтенеді [1; 25].
Сӛйтіп, фразеологиялық бірліктер белгілі бір тілдік қоғамдастық жасаған мәдениеттің «қоймасы» іспетті. Әсіресе эпикалық фразеологиялық бірліктердің құрамына қайсы бір сӛздердің денотаттық мәдени ақпараттық мәні күшті болады, бірақ ондай ақпараттар таңба мазмұнының үстірт құрлымында жатпайды, астырт құрлымдық деңгейде болады. Мысалы
«Қобыланды батыр» жырында: Келелі түйем ішінде, Қайырлы бураға ұқсаған. Алалы жылқы ішінде, Кӛзге түсер тұлпардай. Ақтылы қойдың ішінде, Ай мүйізді қошқар деген жолдар бар. Мұндағы тұлпар, қошқар, бура дегендерді үстірт құрлымдық ақпарат бойынша тӛрт түлік малдың таңдаулысы деп ұғамыз. Ал астырт құрлымдық деңгейдегі білім бойынша, яғни мифологиялық сана бойынша келе толы түйенің ішінде бура кӛп болғанымен, келенің құты саналатын бура болады. Оны қайырлы бура дейді.
Сол тәрізді қора-қора қойдың ішінде кӛп қошқар болғанмен, ақтылы қойдың ішіндегі ай мүйізді ақ қошқар қой түлігінің құты болады. Жылқы малының ішінде айғыр кӛп болғанмен алалы жылқы ішінде ала айғыр сол түліктің құты болып саналады. Сӛйтіп мифологиялық санада келелі түйедегі қайырлы бура, алалы жылқыдағы ала айғыр, (тұлпар), ақтылы қойдағы ай мүйізді ақ қошқар «тӛрт түліктің құты» деген ұлттық болмысты танытатын эпикалық фразалар тобы[2; 10].
Фразеологизмдер шығарма тіліне айырықша кӛрік, ұтымды мазмұн, ұлттық колорит береді. Халық тілінің бұл қат-қабатты қазынасына барлау жасап, кӛзін табу, қажетіне жарату «адам жанының инженері»-жазушының шеберлігіне байланысты.
Фразеологизмдердің кӛркем шығармада атқаратын функциясы-образ жасау, кейіпкерге тілдік мінездеме беруде, кейіпкерді мінездеу белгілі бір ситуацияға қортынды жасауда жиі қолданылады [4; 55].
Қаһармандықты, ерлікті, елдікті, сүйіспеншілікті жырлаған, қазақы топырақта жасалған эпос, дастан, тарихи жырлар, толғау жырлар тәрізді кӛркем сӛз үлгілерінің жанрына жататын дүниелерді әдетте эпикалық туындылар деп түсінеміз. Эпикалық кӛркем дүниелерде «тұрақты»
қолданылатын, «ерекше қызыметі» бар фразеологиялық бірліктер болады.
Бұларды біз эпикалық фразеологизмдер деп атаймыз. Әрине ауызша үлгілердің бір-бірінен ажырайтын парқы бар. Эпос тілінде кездескен фразеологизмдердің бәрі бірдей эпикалық фразеологизм болып табылмайды.
Әдетте эпикалық шығармалар «кең тынысты», «кең ӛрісті», «ауқымды кең»
сипатта болады. «Кеңдік», «ауқымдық», «кесектік» семантика эпикалық шығармада негізгі орында болады. Белгілі бір эпикалық мәтінде жиі, тұрақты қолданылатын және «кеңдік», «кесектік» семантика эпикалық шығармаларда жиі, тұрақты қолданылатын және «кеңдік», «кесектік», «ауқымдылық»
тәрізді мазмұнға қызмет ететін тілдік бірліктердің мазмұн межесіне «кеңдік»,
«ауқымдық» тәрізді немесе «қасиетті», «құдіретті», «ең таңдаулы» тәрізді әлуметтік семасы бар тұрақты сӛз тіркестерінің түрін эпикалық
фразеологизмдер деп атаймыз. Эпикалық шығармаларды кездесетін фразеологизмдердің мағына құрлымындағы ерекшеліктеріне байланысты үш түрлі типін байқаймыз:«Аса зор», «тым үлкен» семаларының ерекше мән алуы: Мысалы:астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні кӛк тіреп; қабағына қар жауып, кірпігіне мұз қатып деген фразеологизмдерді кӛруге болады.Алдыңғы фразеологизм аса күшті үлкен жануардың образын берсе, екінші фразеологизм қаһарға мінген, қатуланған, сұсты жан иесінің образын берді. Сол арқылы мәтінге эпикалық заряд беретін мұндай фразеологиялық образдар эпикалық мазмұнға қызмет етеді. Жай ғана драмалық немесе лирикалық шығармалар мәтінінде мұндай фразеологиялық образдар кездеспейді деуге болады; Сондай-ақ батырлар жырында ала балта, қанды кӛбе, ақ сауыт, ақ берен, алдаспан ауыр қылыш, ақ найза, ақ сұңқар, күпшек санды күрең, толғамалы ақ балта, асқар тау, асқар тау, айдын кӛл, балдағы алтын құрыш болат, қан жұқпас қара болат, кетепті қара нар, қарағай найза, сары садық, толғамалы ай балта, қозы жауырын ақ оқ, толғаулы найза, бедеу ат, наз бедеу, қызыл найза, тоғыз кӛзді кіреуке, бадана кӛзді сауыт т.б эпикалық фразеологизмдерде кӛрінеді [2; 13]. Сӛзіміз дәйекті болу үшін жырдан мысалдар келтірсек:Қарағай найза саптатты.Алмас қылыш соқтырып,Күмістен қынын шақтатты -деген жолдарда «қарағай найза»,
«алмас қылыш» секілді эпикалық фразеологизмдер кӛрініс табады.
Сондай-ақ: Беліне семсер іледі,Ақ сауытын киеді,Ноғай бӛркін киеді(«Қобыланды батыр»)-деген жырдағы сӛз қолданыстарынан «семсер»,
«ақ сауыт», «ноғай бӛрік» сынды фраза тіркестерді кӛреміз. Бұл да жырдың мазмұнын тереңдетіп, айшықтап тұрған эпикалық фразеологизмдердің бір тобы.
Сонымен бірге жырда: Беліне семсер іледі,Денеге сауыт киеді. Тоғыз қабат ақ сауыт,Шапсаң қылыш кеспейді,Атсаң мылтық ӛтпейді. Бадана кӛзді ақ сауыт секілді эпикалық фразеологизмдер де бар.
«Ер Тарғын» жырында қаһарманнның бейнесі С.Сейфуллинің мына сӛзінде дәлме-дәл объективтенген: «Жал-құйрығы сүзілген, бауырынан жараған, жер тарпып жұлқынған сәйгүлік ат.Ол аттың үстіндегі ақ кіреуке, қынама саутты, темір дулығалы, алмас қылыш желекті найза тәрізді фраза тіркестер айқиқат ӛмірдегідей дәл бейнеленіп тұр. Қаһарманның санадағы нобайына «қан жүгіртіп»ӛмірдегідей бейне жасалған.
«Эпос жырларының барлығында дерлік батырлар «буырқанып, бұрсанып,мұздай темір құрсанып», «айбат шегеді, жауға аттанады, ұрысқа кіреді ойын салады». Осы тұста тағы жырдан мысал келтірсек: «Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады.Бір тӛбенің тозаңын, Бір тӛбеге қосады»
деген жолдарда батырдың тұлпарын суреттеуде «арандай аузын ашады»
деген фраза тіркесті қолданған. Яғни, эпикалық фразеологизмдердің бір кӛрінісі болмақ.
Эпикалық жағымды қаһармандарға тән тағы бір ерекше сипат – олардың бір кіндіктен інісі не ағасы болмай, жалғыз болуы. Мұны қазақ этносының ментальды дүниесіндегі ӛзіндік ерекшелік деп ұғынамыз. Ӛйткені байырғы
қазақтың жан дүниесі «бұл жалғанда не жаман?» деген сауалға, яғни
«жамандық» деген концептіге «бұл жалғанда жалғыздық пен жаяулық жаман» деп жауап табады. Эпикалық жырдан мысал келтірейік: «Жаяулық пен жалғыздық жалғанда үлкен жаман-ды» («Алпамыс»-3).
Эпикалық жағымды қаһармандардың ирреалды бейнесі белгілі бір стереотиптерге құрылады. Қаһарман суға салса, батпайды, суға салса жанбайды, кессе, қылыш атса, оқ ӛтпейді. Бұдан қаһарман ерекше қасиеттерін айқын аңғаруға болады. Эпикалық қаһарманның байырғы тілдік ұжым санасында мұндай ирреалды бейненің қалыптасуына ӛзіндік қисын жоқ емес. Олай болатыны қаһарманның ата-анасы перзент кӛрмей , «әулие»
кезіп, «әулиеге түнеп» әулие әнбиелердің жаратушы хақтың сұрауымен жалған дүниеге келеді. Осы тұста жырдағы: Құлақ салмақ сауапты, Бес уақытқы азанға. Жар болғай Алла ӛзіме,Шыбын жаным кӛрінді,Бүгін менің кӛзіме деген жолдардан Аллаға арқа сүйеген халықтың ұрпағы екенімізді кӛрсетуде эпикалық фразеологизмдер қолданылған.
Эпикалық қаһармандардың сырт кӛрінісі: «алтын айдар, шоқ белбеу»,
«Бір кекілі алтыннан, бір кекілі күмістені, алар бүркіт қабақты, алма мойын сабақты» («Алпамыс»-1) тәрізді фраза тіркестермен беріледі [3;10].
Ақиқаттағы жай ғана заттар әлде қайда «зорайтылған», «ұлғайтылған, гиперболизацияланған мәнде кӛрсетіліп, қиял дүниесіне айналады, яғни эпикалық мазмұн алады: Қаһарманның алты қарыс ақ семсері,Тауға салса тас кеседі; Қозы жауырын қу жебе Алтыннан ойған алпыс кез» (Ер Тарғын).
Алты құлаш ақ сүңгі, қанды ауызды жебе, қылшық жүнді қара , туған айдай балқыған, иісі жұпар аңқыған, қырық бес кез қызыл ер, қыналы бармақ, жез тырнақ т.б. секілді эпикалық фразеологизмдер жырда кӛрініс тапқан.
Суреттеп айтуда күш, қайрат, сұлу тәрізді ішкі сапаны кӛрсететін атрибуттар негізінен бейдерек ұғымдағы концептілер жүйесін құрайды.
Бұндай абстракты ұғымдар Арыстан білекті, жолбарыс жүректі, алтын айдар, алма мойын сағақты тәрізді деректі зат атауларымен беріліп, нақтыланады.
Сӛйтіп фразатіркестер эпикалық кӛркемдікті берудің тілдік құралына айналады.
Бұл мақалада негізінен фольклорлық деп танылып келген фразалық бірліктердің ішінен эпикалық деп аталатын фразеологизмдердің айырықша тілдік феномен екені, әсіресе оның эпикалық жанрда ерекше қызмет ететіні негізделеді.
Эпос тілінде кездесетін фразеологиялық бірліктердің бәрі бірдей эпикалық фразеологизмдерге жатпайтынын, олардың ішінде «кең ауқым, кең ӛрісті, кең құлаш» тәрізді эпикалық мазмұнға қызмет ететін, мағыналық құрылымында «ӛте», «тым», «таңдаулы», «қасиетті» тәрізді семалары бар фразеологизмдерді эпикалық фразеологизмдер деп тану керек және осы терминді ғылыми айналымға қосу қажеттілігі негізделеді.
Пайдаланылған әдебиет
1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігі. – Алматы:Ғылым,1977.
2. Жапақов С.И. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері. – Алматы, 2003.
3. Батырлар жыры. I том. – Алматы:Жазушы,2000.
4. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің кӛркем әдебиетте қолданылуы. – Алматы:Мектеп,1972.
5. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикалогиясы мен фразеологиясы. – Алматы:Санат,1997.