• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕ ҚОЛДАНУЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕ ҚОЛДАНУЫ"

Copied!
9
0
0

Teks penuh

(1)

Ф. СЕЙДАХМЕТОВА, Б. ЖУМАТАЕВА

ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕ ҚОЛДАНУЫ

Этика - бұл өнегелілік, адамгершілік, ар-намыс туралы ілім.

Адамгершілік түсінігіне адамды адам деп танитын этикалық құндылықтар жүйесі кіреді. Басқаша: этика дұрыс және дұрыс емес мінез-құлықты анықтайтын қағидалармен байланысты.

Бухгалтерлердің қоғамдағы бүгінгі рөлі бұл мамандықты шығармашылықты, мәртебелі және жақсы төлем ақылы етеді.

Инвесторлар, кредиторлар, жұмыс берушілер және билік пен қоғамды қоса алғанда, басқа да ақпаратты пайдаланушылар, есепке және түрлі кәсіпкерлік сұрақтар бойынша есеп беруге және салық салу сұрақтарының ақпараттарына тәуелді, сүйенеді. Мұндай қызмет көрсету кезінде маманданған бухгалтерлердің мінез-құлқы түгелімен елдің және қоғамның экономикалық жақсы жағдайына мүмкіндік туғызады.

Бүгінгі бухгалтер көптеген ақпараттармен әртүрлі іс-әрекеттер жасайды, содан кейін «ол дұрыс жасап жатыр ма?» деген сұрақ туындайды. Осы туындаған сұрақтарға жауаптар-есеп бірлестігінің қызметіне бақылау жасау. Сонымен қатар бұл мамандыққа қоғамдық сенім маңызды болып табылады.

Мұндай жағдайлар мамандық тәуелсіздігіне қажеттікті әкеліп, бұл есеп бірлестігін қорғаудың құралы және бухгалтерлік есептің әдістемесінің өз бетінше дамуының салдары ретінде туындады.

Этикалық нормалар мен ережелер өзінің даму барысында анықталған сатыларынан өтіп жетілдірілді. Алғашқы ұлттық ұйымдар ретінде Шотландияның (1854 ж), Англияның және Уэльстің (1870ж), Ирландияның (1880 ж) және т.б. қоғамдық бухгалтерлер институты болды. Қазіргі уақытта бұлардан басқа бухгалтерлер мен дипломдалған аналитиктердің Институты және дипломданған бухгалтерлер мен аналитиктердің жоғарғы институты қызмет етеді.

Ағымдық үлгі бойынша қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институты (1887 ж), бухгалтерлердің Австралиялық қоғамы (1887ж), қоғамдық бухгалтерлердің Канадалық институты (1880 ж) құрылды. Мұндай қоғамдар Германия мен Францияда 1932 - 1942 жж кейін пайда болды.

(2)

Бұл институттардың мүшелеріне қойылған талаптардың ішінде өнегелік қасиеттерге маңызды орын берілді. Негізгі мақсаттар келесідей үлгіде жасалынды:

- бухгалтерлердің құқықтары мен міндеттерін олардың сенушілеріне қатысты реттеу;

- бухгалтерлердің ғылыми және өнегелілік цензін қалыптастыру;

- осы цензге байланысты олардың шаруашылықтың әралуан саласы бойынша және әр түрлі деңгейде бухгалтер атағына ие болу құқығын тану;

- бухгалтерлердің өзіне алған міндеттерін орындауын қадағалау, олардың қызығушылығын қорғау;

- есептік жұмысшыларды келесідей нысандарда жазалау:

алдын-ала сақтандыру, сөгістер, уақытша тізімнен шығару, атағынан айыру және сотқа беру;

- жеке тұлға және құрылымның тапсырысы бойынша есептік сараптамалар жүргізу;

- бухгалтерлерге көмек көрсету.

Ол туралы американдық авторлар М.Р.Мэтьюс пен Х.Б.Перера оз енбектерінде корсетіп толығымен анықтаган» / 1 /.

Жүргізілген зерттеулерді талдай отырып келесі тужырымдамага келуге болады, қазіргі уақытта бухгалтер мамандығы кейбір елдерде топтар қатарына бөлініп, олардың әрқайсысының этикалық кодексі бар. Басты топты машықтанған бухгалтерлер құрады, ал басқаларына кіретіндер: ішкі аудиторлар; басқару есебінің мамандары және қаржы менеджерлері. Бухгалтер бір немесе бірнеше ассоциацияның мүшесі бола алады

1905 жылы бірінші рет осындай ережелерді қоғамдық бухгалтерлердің Американдық ассоциациясы қабылдады. Кейін осы машықтанған қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институты деген атқа өзгертілді. Бухгалтерлік есептің этикалық нормалары басқа да елдерде дамыды. Бүгінде бухгалтерлердің барлық негізгі қоғамдық бірігуі өздерінің мамандық этикасы кодексін жасады.

Айта кететін жағдай, этика кодексі әр түрлі ұйымдарда мазмұны мен құрылымы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ этикалық стандарттарда жарияланған негізгі концепциялары Австралияда, Ұлыбританияда және АҚШ-да бірдей / 2/.

(3)

Бухгалтерлердің мамандық этикасы жұмыс этикасына тең.

Бұлар серіктерінің, мінез-құлықтарының ережелері мен нормаларына негізделеніп, дамытуға мүмкіндік туғызады. Осы ережелер мен нормалардың маңыздылығы-өзара сенімділікті бекіту, серіктерін бағыттан адастырмау, өзінің ойы мен қызметі туралы серіктерін әрқашан хабардар етіп отыру және т.б.

Бухгалтер мамандығының жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес келесілер сипатталады:

- оқу және білім нәтижесінде қабылданған, анықталған нақты маманданған әдеттердің болуы;

- жалпы қоғамға деген қатынасты клиентке де қолдануды міндет ретінде қабылдау;

- клиенттің қызметіне шынайы қатынасты болу;

- жұмысты орындаудың және жүргізудің стандарттарының ең жоғарғы талаптарына сай персоналдық қызмет көрсету.

Бухгалтер мамандығының негізгі айрықша ерекшелігі қоғамның, сәйкесінше, ажырамас түрде басшы мен әріптестері алдында өзінің жауапкершілігін сезіну. Осыдан, бухгалтерлік мамандықтың негізгі міндеті-ақпаратты қолданушылардың талаптарын максималды қанағаттандыру үшін жоғары маманданумен жұмыс жасау.

1996 жылы бухгалтерлердің халықаралық федерациясында қабылданған маманданған бухгалтерлердің этика Кодексінде жылдан жылы қайта қаралып турады да этикалық талаптардың құрылымдық бөлімі ерекшеленеді, олар келесідей:

1) А бөлімі – барлық маманданған бухгалтерлерге;

2) В бөлімі - әйгілі түрде тәжірибеден өтіп жатқан маманданған бухгалтерлер үшін;

3) С бөлімі – жалданған маманданған бухгалтерлерге.

Кодексте бухгалтерлік мамандықтың мақсаты көрсетіліп жазылганнын бири - жұмыстың ең жақсы нәтижелерін қамтамасыз ету үшін мамандықтың жоғары стандарттарына сәйкес жұмысты орындау делинген.

Машықтанған қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институтының мамандық этикасы бойынша айтылған кодексте келесідей адамгершілік нормалары бекітілген:

- қызметтік міндеттерді орындау барысында ұйымның мүшелері объективті және тәуелсіз болулары керек;

(4)

- қорғаушылық, күштеу, өнімділік, пайдалану және әділетсіз жарнама, қосымша жұмыс істеушілік, күштеп істеушілікке үзілді-кесілдіге тыйым салынады;

- кеңес беруге рұқсат ету;

- қызметтің жеке түрінен басқа делдалдық сатуға қатысуға тыйым салу.

Қызметке келген жұмысшы үшін кодекс бірнеше ережелерді қарастырады:

- бухгалтер жұмыс орнына отырмас бұрын, негізін салушының жұмысын тиянақты түрде қарап оқуы керек;

- егер алдындағы адам жұмыс істемесе, оған жазбаша сұрақпен баруға болады, өйткені ол мамандықтың міндеті бойынша толық және дұрыс жауап беруі керек;

- егер жұмыспен танысу кезінде жұмыс беруші заңды бұзатын болса, онда бухгалтер ұсынылған жұмыстан бас тартуға міндетті;

- жұмыс үшін берілетін сыйақының сомасын қызметке кіріспес бұрын келісіп алу керектігі ұсынылады;

- бухгалтер жұмыс берушімен келісім-шартты кез-келген уақытта қозғай алады;

- кәсіпорында орын басудың болмауы келісім-шарттың жалғасуына негіз бола алмайды.

Субъектінің шаруашылық қызметі туралы барлық мәліметтерді бухгалтер басқа тұлғаларға басшының жазбаша келісімі арқылы ғана бере алады. Ол жұмыс берушіге қалай құқықты бұзып және оның ізін жасыру керектігі туралы кеңес бермеуі керек. Есеп берудің бұрмалауына басшы мен бухгалтер өте үлкен жауапкершілікке ие. АҚШ-ның қаржы бухгалтерлерінің Институтының этикалық кодексінде меншік иесінің капиталын сипаттауға арналған үш ереже бар. Жеке айтқанда:

1) жұмыс берушінің пайдасының құрамына бас бухгалтердің үлесі кірмейді;

2) бухгалтер өзінің сыйақысын кәсіпорынның басқа қызметінің жұмысшыларымен бөлісе алмайды;

3) бухгалтердің қолындағы клиенттің ақшасы, шот бойынша және сәйкесінше салым әдісі бойынша өзінің меншікті құралдарынан әрқашан да бөлек болуы керек.

Этикалық жағынан кодекстің мамандық білімі мен жарнамаға арналған жері маңызды болып табылады. Мұнда бухгалтер өз-өзіне

(5)

жарнама жасамауы керектігі айтылады, бірақ барлық жұмысты шеберлікпен және жоғары сапамен орындауы керек. Солай бола турып, соңғы жылдарда бухгалтер мамандығына жарнама жасауға шек қою алынып тасталынды. Сондықтан да сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына байланысты этикалық кодекс өзгертіледі және дамиды.

Этикалық нормаларды бұзуға байланысты институттың кеңесі бухгалтердің мүше болуын уақытша тоқтатады, шектейді немесе қайта қарайды, болмаса, жағдайға байланысты басқа да шаралар қолдануы мүмкін.

Этика кодексінің халықаралық талаптары ұлттық этикалық нұсқауларға үлгі болады.

Мамандықтан хабардарлық екі фазаға бөлінуі мүмкін:

- жалпы білімді білдіретін мамандықтан хабардарлықты тұтыну, мұның ізінше арнайы білім болуы керек; сәйкесінше, мамандыққа байланысты сұрақтарды оқу және дайындау, сонымен қатар белгіленген жұмыс тәжірибесінің жұмыс жасау уақыты;

- мамандыққа хабардарлыққа дем беру бухгалтер мамандығын дамытудың қажеттілігін әрқашан түсініп ескеруді талап етеді және өзінің білімін толықтыру, мұның ішіне кіретіндер:

ұлттық және халықаралық стандарттарды, нормативтерді, пәннің мамандығына байланысты есеп, аудит бойынша ережелерді (директивтерді) нұсқауды оқу.

Этиканың халықаралық кодексінің қағидалары және негізгі талаптары

Талаптары

Шынайылылық Жалпы алғанда, қоғамдық шынайы ақпаратқа деген және сенімді ақпараттық жүйеге қажеттілік

Мамандану Бухгалтерлік есеп саласында маман ретінде клиенттермен, жұмыс берушімен және басқа да қызығушы жақтармен күдіксіз теңестірілген түрде жұмыс жасай алу

Қызмет көрсетудің сапалылығы

Маманданған бухгалтер көрсеткен барлық қызмет, сапаның жоғарғы стандарттарына сәйкес екеніне сенімді болуға қажеттілігі

(6)

Сенім Маманданған бухгалтердің қызметін қолданушылар, мұндай қызметті реттейтін мамандық этикасының негізінің бар екеніне сенімді болуы

Қағидалары

Парасаттылық Маманданған бухгалтерлер қызмет көрсету барысында адал және ашық болуы керек

??????? Маманданған бухгалтер әділетті және теріс түсініктен немесе қызығушылық дауынан, оның шынайлыққа кедергі келтіретін басқа тұлғалардың әсерінен алашақ болуы керек

Маманданған жете білушілік және міндетті ұқыптылық

Маманданған бухгалтерлер мамандығына байланысты қызметтерді ұқыптылықпен, жете білушілікпен және талаппен орындауы керек. Ол мамандық бойынша білім мен әдеттерді қажетті деңгейде ұстауға әрқашан да міндетті, өйткені олар жұмыс беруші мен клиентке жұмыста қолданылатын соңғы заңды, әдістерді және тәжірибені қолдана отырып, хабардар тұлғаға қызмет көрсетуге міндетті

Құпиялылық Маманданған бухгалтер мамандыққа байланысты қызмет көсету барысында пайда болған ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек және мұндай ақпараттарды сәйкесінше өкілеттіксіз жарияламау керек, мұндай ақпараттардың ашылуы оның мамандық немесе заңдық құқықтарында немесе міндеттерінде айтылған

Мамандық мінез- құлқы

Маманданған бухгалтер өз мамандығының атағына сай іс-әрекеттер жасау қажет және оның атағына зиян келтіретін мінез-құлықтан алыс болуы керек

Техникалық стандарттары

Маманданған бухгалтер техникалық және мамандық стандарттарын қолдануды сақтай отырып мамандық қызметтерін көрсетуі керек Бухгалтер мамандығының этикасының мәселелерімен жұмыс жасайтын ұйымның есебін негізгі реттейтіндер:

- AICPF – машықтанған қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институты;

- IFA – АҚШ-ның қаржы бухгалтерлерінің институты;

- ICAA – Австралиялық машықтанған бухгалтерлердің институты;

- ICАS – Шотландияның машықтанған бухгалтерлерінің институты;

(7)

- IIA – АҚШ ішкі аудиторларының институты;

- ACCA – Англия мен Уэльстің машықтанған бухгалтерлерінің институты.

Жоғарыда айтылған ұйымдардың міндеттеріне қоғамды әділетсіз бухгалтерлердің зиянынан қорғау, сонымен қатар маманданған бухгалтерлердің имиджін сақтау кіреді. Олар басшылар мен қатардағы жұмысшылардың мінез-құлқының этикалық нормаларын көтеру үшін әртүрлі шараларды қолданады.

Бұларға жататындар:

- барлық жұмысшылар сақтаулары қажет этикалық нормаларды, яғни жалпы құндылықтар жүйесі мен этика ережелерін жасау. Этикалық нормативтер ұйымның мақсатын сипаттау үшін жақсы этикалық атмосфера жасау және шешім қабылдау процесінде этикалық нұсқауларды анықтау үшін қабылданады;

- этика бойынша комитет құру. Бұл тұрақты комитеттер этика көзқарасынан күнделікті тәжірибені бағалау үшін қажет.

Мұндай комитеттердің барлық мүшелері – жоғарғы деңгейдегі басшылар. Кейбір ұйымдар «этика адвокаты» деген атпен мамандарды шақырады;

- басшылар мен қатардағы жұмысшыларды этикалық мінез- құлыққа үйрету. Бұл этикалық мінездің көрсеткіштерін жоғарылату үшін ұйымдарда қолданылатын қосымша әдіс.

Жұмысшыларды бизнестің этикасымен таныстырады және оларды туындауы мүмкін этикалық мәселелерді қабылдауларын көтереді.

Көріп отырғанымыздай, шетелдің әрбір кәсіпорыны өзінің атағын сақтау үшін іскерлік қарым-қатынастың этикасының жоғарғы стандарттарын өзіне бекітуге ұмтылады. Өкінішке орай, кеңестік елдерде бизнес этикасына жеткіліксіз көңіл аударылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы мынаны дәлелдейді:

халықаралық тәжірибе, отандық есеп дәстүрі және біздің елімізде қалыптасқан экономикалық шарттар, бухгалтерлер және аудиторлар үшін маманданған этикалық кодексін қабылдауды талап етеді.

Біздің Республикамызда бұл бағыт бойынша алғашқы қадамдар 1995 жылы аудиторлар Палатасының кезектен тыс конференциясында жасалынды, бұл кезде аудиторлардың этикалық

(8)

кодексі қабылданды /3/. Перспективалық этикалық бағдарламаның элеметтері келесілер болуы керек:

- бухгалтерлерді мамандық бойынша біріктіру кезінде этикалық арнайы комитеттер құру, мұның міндетіне есеп жұмысшыларының мінез-құлқының нормасы және қағидалардың кең көлемде насихатталуы кіреді;

- мінез-құлық ережелерін түсіндіретін публикациялар;

мамандық этикасының талаптарын ұйым мүшелерінің орындауына бақылау жасау, оларды бұзғанда қарсы қолданылатын шаралар;

- мамандық этикасының нормаларын сақтаудан туындайтын жақсы және жаман салдарды нақты мысалда көріп қарастыру;

- мамандық этикасының нормаларында жарияланған мінез- құлыққа есеп жұмысшылардың сәйкестігін, қызметін маманданған ұйымдар арқылы бағалау; бухгалтерлерді оқыту бағдарламасына мамандық этикасы курсын қосу;

Өнегелілік және ғылыми ценздерді жасау осы мамандықтың мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді /4,5,6/.

Басқаша айтқанда, бухгалтер қызметінің ?????????? ??????

ретінде ұйымның этикалық және заңдық мақсатын қолдау және жеке қарым-қатынас, басқа мәселелер бойынша ?????? ?, ???????

басшы жағынан қауіп туған кезде әртүрлі екі сөзділіктен қашуға мүмкіндік туғызады. Этикалық құжаттарда жеке пункт ретінде келесілер көрсетілулері керек:

- бухгалтерлерден (аудитордан) заңдық негізде ережелерді, стандарттарды, заңды бұзуын талап етуге болмайды;

- құжаттарды тексерушілерін алдауға немесе адастыруға (үндемеуді қосқанда)тыйым салынады;

- ұсынылған есептілік шынайы ақпараттар негізінде жасалуы үшін, барлық шараларды қабылдау кажет.

Қорыта айтканда, бухгалтерлік лауазымды иеленген адам этикалық нормалардың бұзылуына жауапкершілік алуға міндетті, бұл жауапкершілік жұмысқа қабылдау туралы келісім-шартта көрсетілуіден басталады

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. М. Р. Мэтьюс, М. Х. Б. Перера ; Бухгалтерлік есеп теориясы Пер.

с Агылш.аударма. бас ред. Я. В. Соколов, И. А. Смирнова 663 б. М.

(9)

Аудит 1999

2. Д.Р. Кармайкл, М. Бенис — «Аудитт стандарттары мен нормалары», Москва, «Аудит», «ЮНИТИ», 1995 г.;

3. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы заңы». өзгертулері және толықтыруларымен. ҚР аудиторлар палатасы. -Алматы. 2007.

4. Джек К. Робертсон — «Аудит», Москва, АФ «Контакт», 1993 г.;

5. «Аудит Монтгомери», Москва, «Аудит», «ЮНИТИ», 1997 г.;

6. Аудиттін халықаралық стандарттары, Халықаралық бухгалтерлер федерациянын кодексі Москва, ICAR, 2000 г.;

Referensi

Dokumen terkait

Студенттерге сөз әдебі туралы нақты теориялық білім қалыптастыру, шаршытоп алдында этикалық- эстетикалық ұстанымдарға негіздей сөйлеуге дағдыландыру мен ұлттық этикалық құндылықтарға