• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ БАСПА ІСІНІҢ ДАМУЫ («Фолиант»баспасы тәжірибесі негізінде)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ БАСПА ІСІНІҢ ДАМУЫ («Фолиант»баспасы тәжірибесі негізінде)"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

М.Б.Шындалиева

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ БАСПА ІСІНІҢ ДАМУЫ («Фолиант»баспасы тәжірибесі негізінде)

Қазіргі Қазақстандағы кітаптар мен басылымдардың жарыққа шығуы баспа ісі саласының елеулі табыстары. Халықты нарықтың қыспағы кезінде рухани азықтан айырмай, сұранысына қажетті, талғамға сай, кәсіби әдебиеттермен қамтамасыз етіп, ғылым мен білімнің, әдебиет пен мәдениет, ӛнер туралы әдебиеттермен қамту үлкен іскерліктің жемісі. Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар болып жатқан кезеңде баспагерлер қиындықтарды жеңе отырып, кітап шығару ісінде кӛп күрделі мәселелерді шешті.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қиын жағдайға душар болған кітап басу саласы да қағаз тапшылығы және полиграфия құрал-саймандардың жоқтығынан кӛп қиындықтарға тап болды. Ресейден келетін қағаз бен полиграфиялық техника қымбаттап, оның келуі тыйылды. Алғашқы кезде республикамызда кітап шығару мен тарату тоқырай бастады. Осы себептерден де кітап атауларының азаюы, таралымы құлдырады. Бұл туралы А.Сәрсенбаев: «Қиындықтарды айқын сезіну үшін мына салыстырма цифрларға кӛз салайық: мемлекеттік баспалар 1989 жылы 1300 аталым кітапты 34,7 миллион данамен шығарған екен. Осы меже жылдан- жылға тӛмендей-тӛмендей жыл сайын 1,5 миллион данамен тарайтын 60 аталымға азайып отырған. Бұл шын мәнінде жыл сайын бір баспадан айырылу деген сӛз еді»[1], дейді. Бұл жағдайда қағаздың ӛзімізде болмауы, ақшаның құнсыздануы, халықтың сұранымының азаюы, мемлекеттік демеудің болымсыздығы, ӛнім құнының қымбаттауынан туындаған еді.

Баспалардың жұмыс ауқымы, тақырыптық жоспарлардың ӛрісі тарылып, шығарған кітаптары ӛтпеуге айналды және ауылды жерлерге жетпеді.

Республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің, «Казкооп-кітап» одағының, республикалық «Союзпечать» одағының алған кітаптарының ӛтемін қайтаруы кеміп кетеді. Бұл тұста баспаханалардың жайы да қатты дағдарысқа ұшырап, қағаздың жоқтығы жұмыс кӛлемінің түрін азайтып, техниканың ӛзін-ӛзі ақтау ӛтемі кеміді. Қиын-қыстау кезде баспалардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделе бастауына ерік беріліп, тақырыптық жоспарларды ӛтімді кітаптармен толықтыру қажеттігі, арзанға түсетін қағаз кӛздерін қарастыру жолдары, кітап сатуды біртіндеп баспагерлер ӛз қолына алуды, баспаның құрылымын ықшамдау, таратып сату, коммерциялық негізде тапсырыспен кітаптар шығару ісін қолға ала бастады. Осы қиын-қыстау сәтте қазақ кітабының құлдырап құрып кетуінен аман алып қалған мемлекеттік бір кӛрегендік қадам жасалды. Ол Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1992 жылғы 15 сәуірдегі Жарлығы еді.

Онда: «Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттік кітап шығару ісін нарықтық қатынастарга көшу кезеңінде қорғаудың шұғыл шаралары туралы»[2] жарлығы қабылданды.

(2)

Үкіметке баспа қызметі үшін жеңілдіктер кӛзделуі туралы ұсыныс жасалды. Президенттің ілгеріде айтқан Жарлығын жүзеге асыру жӛнінде 26 маусымда қабылданған № 556 үкіметтік қаулы бойынша мемлекеттік республикалық баспаларға 63,5 миллион сомасында дотация бӛлінді. Газеттер мен журналдарға, мемлекеттік тапсырыс бойынша шығатын әдебиетке осындай дотация берілуі, қосылған құнға түсетін салықтан босату, сондай-ақ электр қуатына қолданылып жүрген нарықтың екі есе кемітілуі жүйедегі қаражат- экономика жӛніндегі қиыншылықтарды біршама сейілтті.

Кітап ӛнімі екіжақты сипатқа ие. Мемлекетгік баспалар, бір жағынан, қоғам алдында мәдениет мекемесі ретінде танылса, екінші жағынан келгенде, ол шаруашылық есептегі мекеме. Бұдан туындайтын нәрсе - кітап қоғам үшін ауадай қажет рухани қазына, бірақ ол коммерциялық жолмен сатылатын тауарға айналды.

Саудалық мәні басым түсіп, жаппай кӛпшіліктің әуестігін тудырған жеңіл мазмұндағы кітаптардың ӛтімділігі қоғамдағы мәдени-руханилық, әлеуметтік- ағартушылық, саяси міндеттерді орындай алмайтыны анық. Сол кездегі қазақ зиялылары жолдау, үңдеулерінде «Кітап - коммерцияның тауары болмауға тиіс, ӛркениетті елдердің баршасында оған рухани азық ретінде қарайды» [27], - деген ортақ ойға шақырды. Ол үшін кітап шығындарын кӛтерудің, қажет әдебиеттердің жүйесін жасаудың маңыздылығы ӛзінен-ӛзі айқындалды.

Әлеуметтік сұранымға ие әдебиеттердің тақырыптық жоспары белгіленіп, мемлекеттік қаржымен қамтамасыз етілетін әдебиеттер тізімі оқулықтар, балалар мен жастар әдебиеті, қазақ тіліндегі әдебиеттер, мерейтойлық әдебиеттер, энциклопедиялық-анықтамалық әдебиеттер, ғылыми және ӛндірістік- техникалық әдебиеттер, заң актілері, кейіннен экономика, социология, саясаттану, философия, экология, мәдениеттану салалар бойынша сарапталды.

Талдап-таразылап отыратын 6 сараптау комиссиясына құрамында белгілі ғалымдар, жазушылар, қаламгерлер, тарихшылар, философтар, педагогтар мен қоғам қайраткерлері кіреді. Жылдан-жылға кӛлемі мен таралымы жағынан, аталымы жағынан арта түскені туралы цифрларды келтірсек: «1996 жылы мемлекеттік баспалар барлығы 588 аталым кітапты 20,5 миллион таралыммен шығарды. Бұл жылы шыққан талай-талай құнды да қажетті басылымдарды түгендеп жатпай-ақ қоялық. Ал келер - 1997 жылы бізде ілгерілеу байқалды.

Бұл жылы республикалық 12 баспадан барлығы 675 аталым кітап ӛнімдері 14,1 миллион таралыммен жарық кӛрді» [1]. Жылдан-жылға кітаптың түрі, саны кӛбейе, түскенін кӛреміз.

Қазақстандағы кітап шығару ісінде нарыққа икемделмей игіліктің келмейтіні анықталды. 1996 жылдың кӛрсеткіштеріне сүйенсек, дотациялық қаржының кӛбеюі мен мектеп окулықтарын шығарудағы оң ӛзгерістер 13 баспаның шығарған кітап ӛнімдері 937 аталымға жетіп, олардың таралымы 20,5 миллионға жетеді.

Осылай «Ана тілі», «Ӛнер», «Жалын», «Жазушы», «Ақыл кітабы», «Ғылым»,

«Қазақ энциклопедиясы» баспаларының жылдық кӛрсеткіштері ӛседі. Нарық қатынастарының қиыншылықтары қызметкерлердің артықтығын, еңбек ӛнімділігінің тӛмеңдігін кӛрсетіп, бұл экономикалық жағынан ұтымсыздығы ұжымды ықшамдауды, бір адамның бірнеше кызметгі атқаруына қол жеткізуді, сондай-ақ

(3)

заманның жаңа талаптарына сәйкес маркетинг пен менеджмент, жарнама, талап етті.

Бас редактордың орынбасары, бӛлім меңгерушісі, кей кезде корректор орындарын жойып, редактордың рӛлі мен жауапкершілігі күшейтілді. Жаңадан бастаған нарықтық қатынастардың қатаң қағидалары негізінде жарнама қызметкері, менеджер маманын алуға тура келді. Осы қиындықтар елімізде мемлекеттік емес баспалардың пайда болуына себепші болды. «Білім», «Жеті жарғы», «Атамұра»,

«Ана тілі», «Ақыл кітабы», «Қаржы-қаражат», «Қазығұрт», «Нұра-Астана»,

«Фолиант» баспалары жаңадан құрылды. Осы баспалардың ішінде «Фолиант»

баспасына қысқаша тоқталуды жӛн кӛріп отырмыз. “Фолиант” баспасы 1996 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Баспаның басты мақсаты – заман талабына сай сапалы кітап ӛнімдерін шығарып, оларды жеткізудегі кешенді қызмет түрлерін кӛрсетуде іргелі жұмыстар атқару. Осы кезеңде мектеп оқушыларына арналған оқулық, ғылыми, ғылыми-танымдық, кӛркем, мамандандырылған және балалар әдебиетін шығаруда мол тәжірибе жинақталды. Осы жылдар ішінде баспадан “Мектеп кітапханасы”, “Түрік ӛркениеті” “Отырар кітапханасы”, “Бабалар сӛзі”, “Қазақ ертегілері” және тағы басқа сериялы кӛптеген кітаптар жұртшылықтан жоғары бағасын алып үлгерді.

Шығарылған оқулықтар мен әдебиеттер сапалы полиграфиялық безендірілуі мен айрықша идеяларды жүзеге асыру бойынша республикалық және халықаралық ірі кітап жәрмеңкелері мен кӛрмелерде жоғары бағаланып жүр. Қазіргі күні баспа қорында ТМД елдері мен еліміздің авторлар ұжымынан, жоғары оқу орындарынан, ғылыми мекемелер мен ұйымдардан келген жүздеген алғысхат пен 20-дан астам дипломдар бар. Мәселен, 2001 жылы еліміз Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай шығарылған “Отырар кітапханасы”

сериясы Мемлекеттік комиссияның шешімімен арнаулы дипломмен марапатталса, сол жылы баспадан шыққан Ж. Артықбаевтың “Қазақстан тарихы” кітабы республикалық кітап кӛрмесінде онжылдықтың үздік кітабы деген бағаға ие болады. 2004 жылы Мәскеуде ӛткен “Кітап ӛнері” байқауында

“Президентке марапат – халыққа тағзым” кітабы қазылар алқасының арнаулы дипломын иеленсе, 2005 жылы осы байқауда Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған “Тағзым. Поклонимся великим тем годам” кітабы үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық беделді байқаудың қазылар алқасы кітаптың жоғары деңгейдегі безендірілуі мен сапасын айрықша атап ӛтті.

Сондай-ақ, Мәскеуде ТМД елдері арасында ӛткен ІІІ халықаралық байқауда

“Фолиант” баспасы шығарған “Алтын арна” кітап - альбомы “Біздің замандас”

номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. “Бабалар сӛзі”

сериясымен шығатын 100 томдық үшін баспа екі жыл қатарынан арнайы дипломдармен: 2003 жылы “Ұлы Жібек жолымен” деп аталатын республикалық кітап және полиграфия жәрмеңкесінде, 2005 жылы “Кітап – рухани азық” атты республикалық кӛрмеде арнайы дипломдармен марапатталады.

Баспаның тұрақты авторлар құрамында елімізге танымал қоғам қайраткерлері мен беделді қылқалам шеберлері де бар. Баспаның негізгі жұмысы мектеп, колледж және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік-оқу құралдар шығаруға бағытталған. Осы орайда баспа

(4)

танымал педагогтармен, ғалымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, мемлекеттік білім бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді.

Әр жылдарда “Жоғары білім”, “Кәсіптік білім” сериясымен техникалық және гуманитарлық салаларға арналған оқулықтар шығарылып, олар республикамыздың орта және жоғары кәсіптік білім мекемелерінде үлкен сұранысқа ие болды.

Соңғы жылдары баспа мемлекеттік тапсырыс бойынша әлеуметтік маңызы бар кітаптар шығаруға белсене қатысып келеді. Үш жыл ішінде

“Отырар кітапханасы” сериясы бойынша қазіргі қазақ әдебиеті шеберлерінің 60-тан астам кітабы жарық кӛрді. 2004 жылдан бері Президенттік “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша “Бабалар сӛзі” 100 томдығының алғашқы 50 томы шығарылды. Бұл серияда жылдар бойы қалыптасып, ауыздан-ауызға таралып келе жатқан қазақ халқының ұлттық фольклоры – ертегілер, салт- дәстүрлер, батырлар жыры, тарихи дастандар сияқты ауыз әдебиетінің тамаша үлгілері топтастырылған кітаптар кӛптеп шығарылып келеді. “Мәдени мұра”

бағдарламасы бойынша “Әлемдік тарихи ой” сериясының он томы әзірленіп, оның бесеуі ӛткен жылы жарыққа шықса, қалғандары биылға жоспарланған.

Еліміздің дамуы мен қалыптасуына ӛзінше үлес қосқан ерен тұлғалар туралы сыр шертетін “Нартұлға” библиографиялық сериясы да оқырмандармен қауышты. Серияның алғашқы үш кітабы: “Ебіней Бӛкетов”, “Қалибек Қуанышбаев” және “Қажымұқан” еңбектері оқырмандар тарапынан үлкен қолдау тапты.

Қазіргі күні баспа балаларға арналған қазақ ертегілері мен әлем халықтарының ертегілерін қазақ тілінде жарыққа шығару бойынша жұмыс істеп жатыр. Баспа “Әлем әдебиеті” деп аталатын қоғамдық-танымдық журнал шығаруда. Онда үздік деген әлемдік классикалық туындылар қазақ тілінде басылады. Жарыққа шыққан кітаптар сапалы полиграфиялық безендірілуімен және мазмұнымен ерекшеленеді. Бұл – баспадағы білікті кадрлардың арқасында жасалып отырған жұмыс. Бүгінде баспаның редакция алқасында танымал журналистер мен аудармашылар, филологтар, кәсіби суретшілер мен дизайнерлер жұмыс істейді. Баспахана жұмыскерлері үшін білікті полиграфия- лық-технолог мамандар үнемі оқу-үйрету сабақтарын жүргізуде.

«Фолиант» баспасының негізгі жұмыстарының бірі жоғары және кәсіптік мектептерге арналған оқулықтар шығарумен айналысу. Қазіргі кезде Қазақстанда Президент Н. Ә. Назабаевтың бастамасымен қолға алынған Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемекеттік бағдарламасын іске асыруға «Фолиант» баспасының тигізіп жатқан кӛмегі кӛп. Еңбек нарығындағы айтарлықтай ӛзгерістер экономиканың базалық салаларындағы біліктілігі жоғары орта мамандарға деген сұранысты кӛбейтіп отыр. Ол салаларға тау-кен ӛндірісін, мұнай-газ ӛндірісін, құрылыс, сондай ақ, қызмет кӛрсету секторындағы туризм, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салаларды жатқызуға болады.

2008 жылы Дүниежүзілік банк жүргізген «Қазақстандағы жұмыс күші мен кәсіпке деген сұраныс» атты зертттеу нәтижелерінің кӛрсеткеніндей,

(5)

жұмыс берушілердің 63% ы жұмысшылардың тӛмен кәсіби шеберлігі мен білімдерінің жеткіліксіздігі бизнестік жеткілікті дәрежеде дамуына кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты талап та үздіксіз ӛсіп келеді: қазақстандық компаниялардың 40% ы жұмысшыларға деген талаптарын күшейте түскендерін мойындап отыр. Материалдық-техникалық база мен оқу әдістемелік қамсыздандыру мәселелері мемлекеттік дәрежеде шешіліп, 2002-2006 жылдар аралығында «Бастауыш және орта кәсіби білім беру ұйымдарына арнаулы пәндерден оқулықтар мен оқу әдістеме құралдарын әзірлеу» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен қаражат бӛлініп, соларға алғашқы дана оқулықтар басылып шығарылған болатын. 2006-2007 жылдарда олар Білім және ғылым министрлігінен Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қолданылуға арнайы гриф алады. Осы бағдарламаға белсене ат салысып, алдыңғы қатардан кӛрінген баспалардың бірі «Фолиант» баспасы. Бұл кітаптар мемлекеттік тілде ТжКБ бағдарламаларының талаптарына сай жазылған алғашқы оқулықтар еді. Одним из реализаторов этой программы является издательство «Фолиант». 2007-2008 жылдарда баспа осындай оқулықтардың 450 ге жуығын басып шығарды. 2010 жылы бұл кӛрсеткіш 300 оқулыққа жетіпті. Оқулықтарды дайындап, басып шығаруда біраз тәжірибе жинақтаған

«Фолиант» баспасы ТжКБ мекемелеріне оқулықтарды дайындау және жарыққа шығару концепцияларының қалыптасқан үлгілерін ұсынған үздік баспаслардың бірі. «Фолиант» баспасына кітап шығару ісіндегі икемділік пен ілгерілеушілік бірден келе қойған жоқ. Жоғарыда аталған кезең-кезендік кедергілер мен қиындықтар баспа қызметкерлерін ширатып, жаңа экономикалық кӛзқарасын қалыптастырды. Нәтижесінде жылдан-жылға «Фолиант» баспасы қай жағынан болсын ысыла түсуде. Нарық зандылықтарына ден қоя терендеуі, табандылық кӛрсетуі елеулі табыстарға бастады деуге толық негіз бар.

Әдебиеттер:

[1] Сарсенбаев А. Новое информационное пространство Республики Казахстан, проблемы и перспективы./ На казахском языке – Алматы. Ақыл кітабы, 1998. –С. 200.

[2] Назарбаев .Н.Ә. 1992 жылғы 15 сәуірдегі Жарлығы. – Алматы: 1992.

[3] Медетбек Т. Санадағы ұлттық рух // Егемен Қазақстан. 1992, 1 ақпан.

Referensi

Dokumen terkait

Назарбаевтын «Нурлы жол - болашакка жол» атты Казакстан халкына жолдауы мен «Бес институционалдык реформаны Кке асыру бойынша 100 накты кадам» атты ¥лттык жоспарды юке асыру максатында