ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ, МАЗМҰНЫ, ФОРМАЛАРЫ,
ӘДІСТЕРІ – ТӘСІЛДЕРІ
Г.К. Неталина Астана қ., Қазақстан Қоғам мен тұлғаның ұлттық сұранысын жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің жүйесін құру этнопедагогика негізінде білім беруге, оның ақпараттық жабдықталуы мен техниканың әлемдік деңгейін есепке алуға, туған тілі мен төл мәдениетінің басымдылығын қамтамасыз етуге және үздіксіз білім беру қызметін құруға бағытталды. Білім беру жүйесінде анықталып отырған өзгерістер
«Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы»
(1994), «Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы мемлекеттік са- ясат тұжырымдамасы» (1995), «Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1996) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік бойынша Ұлттық кеңесте бекітілген ресми құжаттар мазмұнында көрсетілген.
Өз елінің мәдениеті мен тарихын білу, барлық рухани құндылықтарға сенімділігі, халық батырларын кұрметтеудің нәтижесінде ұлттық тұтастық қалыптасады. Ұлттық тұтастыққа халық әлеуметтік-мәдени орта арқылы жетеді, олар отбасы, мектепке дейінгі мекемелер, оқу орындары, ұлттық- мәдени орта- лыктар т.б. Қазақстанда ұлттық білім және тәрбие жүйесін қалыптастырудың қажетті алғышарттары - ұлттың білім беру кеңістігін құру болып табылады.
Ұлттың білім және тәрбие кеңістігі - бұл отбасы, мектепке дейінгі мекеме, мек- тептер, ЖОО, ұлттық-мәдени орталықтар, үйірмелер және курстарда қамтылатын ұлттық білім мен тәрбие мазмұнынан тұрады.
Ұлттық білім мен тәрбие беруді енгізумен байланысты реформаны ғылыми бағытта жүзеге асыру үшін этнология және диаспорология, этнопсихология және этнопедагогика секілді ғылыми пәндерді оқыту нәтижелі жұмыстарға қол жеткізеді. Бүгінгі таңда демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды есепке алып білім және тәрбие жүйесін қайта бағдарлауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, яғни дайындық кезеңіне ұлттық білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру үшін барлық жағдайды құру қарастырылады.
Екінші, негізгі кезеңнің мазмұны институционалдықтан тыс оқытуда көптілді білім беруді енгізу болып табылады.
Үшінші, қорытынды кезеңде ұлттық тілдегі эксперименттік және типтік оқулықтар, оқу құралдары мен анықтамалар, терминологиялық сөздіктер дайын- дау жұмысын аяқтау көзделген.
Бұл белгіленген іс-шаралардың барлығы мемлекетіміздің ұлттық білім және тәрбиедегі мемлекеттік тұтастыққа жетуіне бағытталған. Олай болса, өзіндік көзқарасын, ерік-жігерін, іс-әрекетін ұйымдастыра білетін қабілетті тұлғаны тәрбиелеуді көздейтін ұлттық білім және тәрбие үрдісі жоғары мектеп субъектісі ретінде студенттің психологиялық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау жасау негізінде жүзеге асырылатынын ескеруіміз керек.
Этнопедагогиканы оқыту мәселесі қоғамға қажетті әрі жеткілікті әр ұлттың
Бұл теориялық модель студент тұлғасын қалыптастыруда тәрбие негіздерінің мазмұндық мәнін бір-бірімен сабақтастыра кіріктірген өлшемдерінің төмендегідей сипатын ашады. Көрсетілген модель этнопедагогиканы оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға бағытталған мазмұндық, мотивациялық, іс-әрекеттік компоненттерден тұрады (6 – кесте)
Кесте 6 - Студенттердің этнопедагогиканы меңгеруінің компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері
понент-Ком-
тер Көрсет- кіштер
Деңгейлер
Жоғары Орта Төмен
Моти- вация- лық
Тұлғаның этнопедаго- гиканы меңгеруге деген қызығу- шылығы
Студент тұлғасының этнопедагогикалық ғылыми білімі қалыптасқан, этнопедагогиканың тарихи көздері ту- ралы мәліметтердің мәнін толық
түсінеді, этномәдени сәйкестілігі
қалыптасқан, толеранттық,
патриоттық сана-сезімі жоғары, этномәдени шараларға белсенді жауапкершілікпен қатысады.
Студент тұлғасының этнопедагоги- ка туралы білімі орташа, оның тарихи көздері туралы мәліметтер тайыз,этномәдени сәйкестілік қалыптары төмен, толеранттық, патриоттық сана-сезімі толық қылыптаспаған, этномәдени шараларға қатынасады.
Студент тұлғасының этнопедагогика туралы білімі толымсыз, оның тарихи көздері туралы мәләметтер шектеулі, этномәдени сәйкестілік қалыптары төмен, толеранттық, патриоттық сана-сезімі толық қалыптаспаған, этномәдени шараларға қатынасуға ықыласы төмен.
Маз-мұн- дық
Тұлғаның этномәдени құнды- лықтарды меңгеру
Этномәдени сәйкестілігі
қалыптасқан, ұлттық мәдениет мәнін саналы түрде түсіне біледі, ұлттық әдеп ережелерін меңгерген, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілігіне сезімі қалыптасқан.
Этномәдени сәйкестілік
қалыптары орташа, ұлттық мәдениет мәнін түсінеді, ұлттық әдеп ережелерін біледі, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілік сезімі орташа.
Этномәдени сәйкестілік қалыптары төмен, ұлттық мәдениет мәнін түсінбейді, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілік сезімі байқалмайды.
Іс-әрекет- тік
Этномәдени мінез-құлық дағды- сының болуы
Мінез-құлқын басқара алады, қарым-
қатынасқа еркін түседі, этномәдени шараларға белсенді жауапкершілікпен қатынасады.
Ұлттық әдеп ережелерін біледі, мінез-құлқын белгілі дәрежеде басқара алады, ұлттық мәдени қарым-қатынасқа түсуге тырысады.
Ұлттық әдеп ережелерін
меңгермеген, мінез- құлқын басқара алмайды, ұлттық және ұлтаралық қарым-қатынас жасау мәдениеті
Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттермен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру олардың жас ерешеліктік және қызығушылық мүмкіндіктерімен байланыста құрылады.
Этнопедагогикалық оқу-тәрбие жұмыстары 1-курста жалпы педагогика курсын оқыту барысында жүзеге асырылады.
Мақсаты — этнопедагогика мәселелерінің педагогика курсы дәрістерінде қарастырылуын қамтамасыз ету. курста «Этнопедагогика негіздері» элективті курсының енгізілуі.
Мақсаты - курстың өз алдына оқу пәні ретінде жүргізілуін қамтамасыз ету, этнопедагогиканы теориялық - әдіснамалық негіздеу. курста этнопедагогиканы оқыту мазмұнын Қазақстандағы ұлттық тәрбиелік ой-пікірлердің қалыптасуы ту- ралы мәліметтермен толықтыру.
Мақсаты - этнопедагогиканың тарихи дамуы, этнопедагогикалық идеялары, ойшылдар, ақын-жыраулар, ағартушы-ғалымдар еңбектері мен шығармаларын, тарихи білімдерді меңгерту. курста этнопедагогиканы педагогикалық тәжірибе, арнаулы семинар, мәнжазбалар, курстық және дипломдық жұмыстар орындау ба- рысында жүзеге асырылуы.
Мақсаты - студенттердің кәсіби іс-әрекетке теориялық-практикалық дайындықтарын, оны жүзеге асыру деңгейлерінің диагностикасы және оның әдістемелерін қалыптастыру.
Этнопедагогикалық білім берудің мазмұны - студенттердің ғылыми негізделген білім жүйесінен, ұлттық тарихына, тіліне, мәдениетіне, дәстүріне де- ген жауапкершілікті қатынасынан тұрады.
Модель - зерттеуге кіріскеннен бастап нәтижеге жеткенге дейінгі аралықта орындалатын жұмыстарды көрнекі түрде кескіндеу. «Модельдеу» ұғымының түп төркіні «модель», үлгі, белгілі бір зерттелетін объектінің логикасы және матери- алы негізінде жасалған шартты үлгісі, бейнесі, сызбасы, сипаттамасы. Дәлірек айтқанда модельдеу-бір нысанада келесі нысанының сипатын елестететін ғылыми зерттеу әдісі. Мұнда екінші объекті бірінші объектінің моделі болады.
Ұсынылған модельде біз студенттердің ана тілінде сөйлеуі, өз ұлтының салт- дәстүрі мен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін, тарихын тануға үйрету арқылы ұлттық тәрбиелілігін қалыптастыруды көздедік.
Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогиканы оқыту құрылымдық- мазмұндык өзгерістерге жүйелік тұрғыдан талдау жасау арқылы зерттеу проблемасының төмендегідей моделі ұсынылады.
Ұсынылып отырған модель негізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда зерттеуші ғалымдардың еңбектері талданып, этнопедагогикалық мұралардың тәлімдік мүмкіндіктері басты назарға алынып, оны теориялық-әдіснамалық негіздеумен қатар, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасауда педагогикалық үрдісіне қолданыста жүрген әдістемелік құралдар мен тәрбие бағдарламаларына төмендегідей мазмұндық талдаулар жасалды.
Сурет 5 – Студенттерге этникалық білім мен тәрбие берудің құрылымдық- мазмұндық моделі
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің оқу-тәрбие үрдістерін ұлттық негізде жүргізу үшін қазіргі таңда өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарын дамытуға мүмкіндік беретін біршама бағдарламалар жасалған:
«Сенім» бағдарламасы (А.Қыраубаева); «Кәусар бұлақ» бағдарламасы (З.Ахметова) ; «Қыздар әліппесі» (К.Адамова, К.Қожахметова, Л.Сырымбетова);
«Әдеп әліппесі» (С.Қалиев); «Ұлттың дүниетаным» бағдарламасы (А.Құралұлы ,Парманқұлова П,Оразбаева Г); «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» бағдарламасы (Қалиев С, Оразаева М, Смаилова М.)
А.Қыраубаеваның авторлығымен жасалған «Сенім» бағдарламасы, баланың өзіндік «менін» анықтауына көмектесу, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, кісілікке, азаматтылыққа, жан-жактылыққа баулу, салауатты өмірге, имандылыққа тәрбиелеу, дене мәдениетін - жан тәрбиесімен бірлікте қарастыруды көздейді.
[1,45 б].
К.Қожахметова, Л.Сырымбетова, К.Адамова ұсынған «Қыздар әліппесі»
бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен ұштастыру арқылы ұлттық рух, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетті құрметтеу сезімін жетілдіру, өз халқымыздың мәдени мұрасын таныту арқылы әлемдік мәдениетке жетелеу адам, қоғам, табиғат жайындағы ұғымдарды игеру арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өз ойын жүзеге асыру қабілеттерін дамытуда маңызды болып табылады. [3, 33-35 б].
А.Құралұлының «Ұлттың дүниетаным» бағдарламасы, бүгінгі нарықтық заманның білім беру талаптарына сай бұл бағдарлама көп тілді жеке адамды түбегейлі қалыптастырудың жалпы-қазақстандық мүддесін көздейді. [4, 40 б].
М.Оразаева, М.Смаилова дайындаған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
бағдарламасы, орта мектептерде ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық тәлім-тәрбие та- рихынан арнайы сабақтарда мағлұмат беру арқылы жас жеткіншектердің мектеп қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік беріледі. [5, 222 б].
С.Қалиев пен С.Иманбаева ұсынған орта мектептің оныншы сыныбына арналған «Әдеп» пәнінің бағдарламасы, мәдениет, тәлім, әдеп, өнер ұғымдарын қалыптастыру; өнер мен мәдениеттің бірлігі туралы түсінік беру; тәлімдік (мейрімділік, кішпейілдік, еңбекқорлық т.б.) жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді (өзімшілдік, дүниеқорлық, көрсеқызарлық т.б.) ажырата білуге үйрету;
сонымен қатар ынтымақ, ұлтжандылық туралы түсініктерді қалыптастыру; от- басы мүшелерінің қарым-қатынасы, тәлімдік үлгі-өнегесі, бағалай білуге бау- лу тәрізді этнопедагогикалық икемділіктерін қалыптастыру арқылы жастарды әдептілікке, кісілікке баулу мақсатын көздейді. [6, 7-12 б].
Бұл бағдарламалар мазмұнындағы тәлімдік ойлар мен тағылымдық идея- лар жаһандану жағдайында студенттерге ұлттық тәрбие беруде болашақ ұрпаққа өз халқының төл мәдениетін, өнерін, мұрасын рухани қазына етіп қабылдату, са- налы түсініп, ой тұжырымдарын жасауға дағдыландыруда мәні зор.
Әдебиеттер
1. Қыраубаева А. «Сенім» бағдарламасы. - Алматы, 1991. – 45 б.
2. Ахметова 3. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. - Алматы: Кәусар бұлақ, 1994. - 32 б.
3. «Қыздар әліппесі» бағдарламасы К.Адамова, К.Қожахметова, Л.Сырымбетова.
- Алматы, 1999. - 33-35 б.
4. Құралұлы А., Парманқұлова П., Оразбаева Г. Ұлттық дүниетанымды оқыту әдістемесі. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. - Шымкент, 2000. - 40 б.
5. Қалиев С, Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт- дәстүрлері. - Алматы:
Рауан, 1994. - 222 б.
6. Қалиев С. Әдеп әліппесі. Бастауыш мектеп. 1994. - № 2. - 7-12 б.
БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ФИЛОСОФИЯҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАС
Омарова Л.
Астана қ., Қазақстан Жалпы адамға беймәлім нәрселер, сұрақтар көп.Сол сұрақтардың не- месе мәселенің бірі дүние қалай пайда болды және адам қалай дүниеге келді?