• Tidak ada hasil yang ditemukan

Этносинтаксистік зерттеулердің ғылыми - əдістемелік негіздері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Этносинтаксистік зерттеулердің ғылыми - əдістемелік негіздері"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Этносинтаксистік зерттеулердің ғылыми - əдістемелік негіздері

Ерназарова Зəуреш ҚМЭБИ

Қазақ тілі бағдарламасы [email protected]

Абстракт

Линвомəдениеттану бойынша ғылыми зерттеулерге жасалған шолу мен талдау олардың қай - қайсысында да ұлттық таныммен байланысты этникалық ойлау ерекшелігін бейнелейтін тілдік бірліктер мен құрылымдарды анықтау мақсатын айқын көрсетеді. Бұны жиі қолданылатын термин сөздерденанық байқауға болады: ―ұлттық ойлау‖, ―тілдік тұлға‖, ―əлемнің тілдік бейнесі‖,―адам тезаурусы‖, ―ассоциация‖, ―тілдік тұлғаның сөздік қоры‖, ―ұлттық таным‖, ‖тілдік білім‖,―аялық білім‖. Аталған терминдер жиі қолданылғанымен, ғылыми еңбектерде олармен байланысты үдерістер, ұғымның ішкі құрылымы, терминдермен аталған ұғым, түсініктердің қалай жүзеге асатындығы нақты ашыла бермейді Кез келген ерекшелік (лексикалық, мағыналық, құрылымдық) ұлттық ерекшелік деген бір атаумен аталады. Сонымен қатар жоғарыда аталған бірқатар терминдер лингвистикалық емес, олар психологиямен, физиологиямен, тарихпен, биология, философиямен ұштасатын ұғымдарды атайды. Бірақ терминдерді біріктіретін бір ортақ мəселе бар. Ол тіл білімінде бағзыдан келе жатқан, нақты біржақты шешімін таппаған тіл мен ойлаудың арақатынасы мəселесі.

Дегенмен тіл бірліктерінің адам санасында берілуі мен қызмет ету механизмін нақты анықтамай тіл туралы, оның ұлттық ерекшелігі туралы тұжырымдалған пікірді айту қиын. Тіл тілдік тұлға санасында өмір сүреді. Оның қалай өмір сүретіндігін анықталмағандықтан , бірқатар тұжырымдар жалаң сипатта қалып отыр. Ұлттық ойлаудың тілдегі бейнесін жекелеген сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің қатарымен шектеуге болмайтыныдығы түсінікті. Жəне ұлттық ойлау немесе этникалық ойлаудың мұрагерлікпен оп - оңай берілмейтіндігі де айқын. Этникалық ойлаудың тілдегі бейнесін анықтаудың күрделілігі осы жүйенің көп қабаттылығымен, жүйелі сипатымен байланысты.

Тіл мен ойлаудың арақатынасын зерттеген белгілі ғалымдар пікірлерінде ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Ең басты мəселе, адамның ойлау үдерісіндегі тілдің орнына қатысты. Бір ғалымдар оның орнын жоққа шығарса, бір ғалымдар ойлау тілсіз жүзеге аса алмайды деп есептейді. Келесі бір қайшылықты пікір туғызатын таным үдерісіндегі категоризация мен концептуализацияның универсалды сипаты мəселесі.

Бір құбылысты, жағдайды əр адамның əртүрлі атайтыны сияқты əлемнің тілдік бейнесінің ұлттық сипаты да шынай өмірді əр ұлттың бағалау, тану бұрышымен байланысты /Колшанский Г.В./ Тілдің семантикалық бай жүйесі мен оны жеткізуші тілдік құрылымдар жүйесі кез келген құбылысты барлық жағынан сипаттауға, тануға мүмкіндік береді. Бұл жерде тілдің барлық деңгейі - фонетикалық, грамматикалық, лексика - фразеологиялық жүйесі туралы айтылып отыр. Тілдік құралдар ұғымы барлық тілдік бірлік деңгейлерін қамтиды. Өйткені жекелеген тілдік бірлік əлемнің тілдік бейнесін қалыптастыра алмайды. Ол оның тек бір белгісін жеткізуі мүмкін. Ал тұтас жеткізетін тілдік жүйе болады. Сондықтан этникалық ойлау, сана жəне тіл өзара байланысты құбылыстар,осы біртұтас байланыс олардың ерекшелігін анықтайды.

Этникалық ойлау – тілдік тұлғаның өзі өмір сүретін ортаны ( табиғи орта, ел, қоғам) танып білуінің нəтижесінде қалыптасқан белгілі топ мүшелеріне ортақ таным модельдерінің құрылымдары болып табылады. Тілдік тұлға этникалық ойлау модельдерін өмір сүру барысында меңгереді. Өз ұлттық мəдениетіне, өмір сүру ортасына сай ойлау, тұжырымдар жасау үлгілерін ол саналы жəне санасыз түрде меңгереді. Ұлттық ойлау модельдерін қалыптастыруда тілдің ықпалы зор екенін ғалымдар əлдеқашан айтқан. Барлық қоғам мүшесі қарым-қатынас барысында тілді меңгере отырып, шынайы орта туралы ақпаратты жинақтайды. Ақпараттар жиынтығы адам санасында білім қорын құрайды. Сондықтан тіл əр ұлттың дүниені тану, түсіну модельдерін, дүниеге көзқарасын сақтайтын жəне меңгертетін құрал ретінде танылады.

Лингвистикалық салыстырмалы теориясы болжамын ұсынған Э.Сепир мен Б. Уорф қабылдау жəне ойлау үдерістері тілдің этникалық құрылымдық ерекшеліктеріне тəуелді екенін айтады. Тілдік құрылымдар мен сөз байланыстары саналы емес деңгейде ықпал ете отырып, белгілі бір ұлт тілі иелеріне тəн əлемнің ортақ типтік бейнесін қалыптастырады жəне ол өз тарапынан жеке адамның

117

(2)

дүниені қабылдау, жіктеудің тірегі болып табылады. Э. Сепир мен Б. Уорфтың гипотезасы бойынша адам санасында бар ұғымдар жүйесін тіл анықтайды. Адамның шынайы дүниені қабылдауы оның менталды немесе санасында бар ұғым жүйесімен анықталады, ал менталды жүйе тілдің жəне мəдениеттің ықпалымен өзгеруі мүмкін. Əр ұлттың өз тарихы, ешкімге ұқсамайтын өз тəжірибесі болатындықтан, барлық ұлттың менталды дүниесі бір - бірімен сəйкес келмейді.

Менталды дүниені ақпараттың жиынтығы деп есептеуге болады. Адам жадында сақталатын этникалық тұрғыдан негізделген образдар шынайы алынған жаңа ақпаратты өзімен салыстырып, талдау жасайды, сəйкес /сəйкес еместігін анықтап, бағалайды. Бұл образдар дискурсивті емес, олар тұрақталған сипатқа ие болады. Этникалық ойлаудың, əр ұлттың дүниені тану моделін əр ұлтқа тəн типтенген жадылық бейнелер мен тілдік құрылымдар анықтайды. Осы концептілер мен тілдік құрылымдар жиынтығы тіл білімінде ментальды - линвалды жиынтық негіздері деп атайды / Р.В. Лопухина/

Этникалық ойлау мен эмоцияның негізі болып табылатын менталды - лингвалды негіздер адамның белгілі бір мəдениетке қатысын сезінуден , символдардан, концептілерден , тілдік тұлға санасында этникалық ойлау үдерісін жүзеге асыратын этникалық лингвамəдени универсалиий мен туған мəдениет туралы жинақталған этникалық білімнен тұрады. Адам танымымен байланысты ойлау үдерістері логика ─ синтаксистік құрылымда көрінеді. Бұл құрылымдар тілдік бірліктердің жиынтығы ғана емес, ол адамның сөйлем құрылымында толық беріле бермейтін сезімінің, этникалық ойлау ерекшелігінің, обьективті дүниені қабылдаудағы көру образдарының нəтижесі. Тілдік тұлғаның этникалық ойлау

ерекшелігін жеке жағдаяттарда бір адамның жеке ассоциациясы, ретсіз образдар мен символдардың жиынтығы деп бағаламау керек. Бұндай ассоциацияларды жалпы ұлтқа тəн менталды─ лингвалды жүйенің жеке көрінісі деп бағалау керек. Мысалы, Аман болсақ, əлі талай қуанармыз- сөйлем құрылымында дайын күйінде қолданылатын клишені алсақ, олардың сөйлем семантикасына үстейтін мағынасы болашақты айтқанда үзілді -кесілді емес, бір сыртқы күштің ықпалын ескере отырып, жамандықтың алдын алу сияқты этникалық ойлаумен байланысты ақпаратты жеткізеді. Белгілі бір шешімді айтуда оқиғаның алдын тұспалдай отырып жəне жамандықтан алдын ала отырып жеткізудің құралдары синтаксистік құрылымдарда да кездеседі: Жақсы көрсем, өліп қалатын сияқты болады да тұрады. (Б.Сарыбай. Мейірімділік). Яғни тілдік тұлға санасында қалыптасқан болашақ бейнесі–атын болады да тұрады аналитикалақ форманты арқылы беріліп тұр. Тілдік құралдарға тəн мағыналық ортақтық таным үдерісіне тəн концептуалды бағыттың барын байқатады.

Тақырыптық тірек сөздер: этникалық ойлау, əлемнің тілдік бейнесі, концептуализация, менталды-линвальды негіздер

Зерттеу əдістері: тілдік материалдарға эмпирикалық талдау, құрылымдық – функционалдық сөйлем модельдерін құру

Нəтижелері: Этникалық ойлаудың сөйлемдегі берілуін анықтау көпдеңгейлі жəне күрделі ғылыми негіздерді басшылыққа алады. Бұл функционалды грамматиканың зерттеу қағидалары(

функционалды-семанткиалық өріс,категориалды ситуация), когнитивтік линвистиканың мен линвомəдениеттанудың ұстанымдары болып табылады.

Бір этностың əртүрлі өкілдері санасындағы əлем бейнесі бір-біріне сəйкес келеді. Өйткені тіл арқылы адамға берілетін білім басқа ақпарат көздерінен алынатын білімнің барлық жиынтығынан асып түседі. Тілдік тұлғада қалыптасқан əлем бейнесінде этникалық бағдар айқын байқалады.

Қорытынды: Адам таным үдерісінің нəтижесінде құбылыстарға тəн белгілерді таниды, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табады. Таным актісі предикаттық құрылым - сөйлемде ғана белгілі бір деңгейде қорытындыға жетеді. Предикаттық құрылым шынайы дүниені өзара байланысты тұтастық ретінде таныған адамның таным актісін бейнелей алады. Предиаттық құрылым арқылы логикалық ойлаудың құрылымы беріледі. Сөйлем семантикасы мен құрылымындағы этникалық ойлау модельдерінің көрінісін ашу əлемнің тілдік бейнесіндегі ұлттық ерекшіліктерді толық тануға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған əдебиеттер

Аймағамбетова О.Х. Из опыта эмпирического исследования взаимосвязи культуры и языка//

Этнопсихология и этнопедагогика. 8 выпуск. Алматы, 2009, 38-40 стр.

118

(3)

Архипов И. К. Концептуализация, категоризация, текст, дискурс. Основные теоретические понятия //

Филология и культура. Материалы III международной научной конференции. - Часть 1. - Тамбов, 2001. - С. 13-15.

Болдырев Н. Н. Концептуальные структуры и языковые значения // Филология и культура.

Материалы международной конференции 12-14 мая 1999 г. - Тамбов, 1999. - С. 62-69.

Караулов Ю.Н. Ассоциативная граммтика русского языка. М.,1993, 330 с.

Колшанский. Г.В. Обьективная картина мира в познании и языке. М.: 2005, 128 с.

Лопухина Р.В. Логико-синтаксические парадигмы русского языкового мышления. Автореферат дис.

д-ра филол. наук : Тула, 2005, 52 стр.

Правдин М.Н. Логика и грамматика.М., 1973,19-37 стр.

Садирова К.Қ. Қазақ тіліндегі көп пропозиялы дискурстың құрылымдық негіздері. АДД. Алматы, 2008, 48 б.

Уорф Б. Л. Отношение норм поведения и мышления к языку. — В сб.: Новое в лингвистике, вып. 1, М., 1960,135-168 стр.

Referensi

Dokumen terkait

Егер газет немесе басылым иллюстрациясы фотосуреттер мен суреттер жетіспеушілігінен зардап шексе, жағдайды бұқаралық жұмыстың тағы да бір түрімен жақсартуға болады.. Ең жақсы