1
Б.А.Прмантаева,
физика-математика ғылымдарының
кандидаты,доцент
ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ПӘНІНІҢ КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН КЕЙБІР ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕР
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030» Жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен.
Бүгінгі таңда әрбір оқытушының мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдіру, студенттердің пәнге қызығушылығын және логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Осығай орай, жоғары оқу орындары өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – сабақтың жаңа түрлерін дамыту болып табылады.
Жоғары білімнің үш сатылы жүйесіне көшу, оқу үрдісіне кредиттік оқыту технологиясын енгізу, білім сапасын жақсарту қазіргі экономикаға сай әлемнің кез-келген елінде бәсекеге түсе алатын жоғары білікті маман дайындау, оқытудың өзіндік жүйесін қалыптастыру, студенттердің өзіндік оқу жұмысын жақсарту, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының және де оқу үрдісіне қатысып отырған барлық субъектілердің жауапкершілігін күшейту біздің мемлекетіміз үшін де өте қажет.
Қазіргі кезде біздің еліміздің барлық мемлекеттік жоғары оқу орындары кредиттік оқыту технологиясына көшкен. Осыған сәйкес мамандықтардың бағыттары айқындалып, жаңа мамандықтардың тізбесі (классификатор), мемлекеттік білім стандарттары, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламалары қайта қабылданды.
Ғылым мен техниканың дамуы қазіргі таңда оқытудың эффектілігін жоғарылату мен мазмұнының құндылығының үздіксіз белсенділігін талап етеді Сапалы білім беру (алу), жоғары білікті мамандар дайындау, дүние жүзіндегі барлық елге белгілі болғандай, тек оқытудың кредиттік оқыту технологиясымен ғана жүзеге асады. Университет бойынша екі халықаралық кафедра ашылса, соның бірі осы «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар»
Ресейдің Біріккен ядролық физика институтымен (Дубна қаласы) және Ядролық физика институтымен (Алматы қаласы) біріккен халықаралық кафедрасы. Осы орталықтардың ғылыми атақтары бар белгілі ғылыми қызметкерлерімен бірге, ядролық физика мамандығы бойынша, қазіргі уақытта ядролық физика саласының білім беру бағдарламасының мазмұндық құрылымы білім дәрежесін анықтайтын, олардың ара қатынасын, өлшемін және есепке алуды бейнелейтін
2
оқу жұмысының түрлерін қалыптастыруға үлкен істер атқарылуда. Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдардың көлемімен, кредитпен есептеліп, жинақтау кредит жүйесі іске асады. Оқу жұмысының көлемі оқыған пәндерінің тізімімен анықталады.
Сөз жоқ, кредиттік оқыту технологиясы, сонымен қатар жоғары білім жүйесінде өзіндік тарихы бар. Бұл технология студенттеріміз бен профессор-оқытушылар құрамының әлемдік білім жүйесінде бейімділігі мен бәсекелестігін арттырады.
Әлемдік деңгейде, Америка Құрама Штатының ядролық реакцияларды зерттеуде зор еңбек етіп келе жатқан, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор З.Гольдбергпен, Польша профессоры К.Русекпен, Өзбекістан Ұлттық Ядролық институтының ядролық физика зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Р.Ярьмухамедовпен кредиттік жүйеде қалыптасып жатқан оқу үрдісі туралы сұхбат жүргіздім.
Және Біріккен Ядролық физика зерттеу институтының (Дубна қаласындағы) жанындағы Дубна университетінің оқу үрдісімен, типтік бағдарламасымен таныстым. Осы сұхбаттасу барысында өзіме түйген ойларым көп болды. Әрине, біз жас Республика, жас Астана, жас университет, соның ішінде ядролық физика халықаралық кафедрасы мүлдем жас. Соған қарамастан, біздің осындай алға қарай ұмтылысымызға бүкіл әлем таңқаларлығына еш күмәнім жоқ. Бірақ өтпелі кезеңде Ядролық физика пәні бойынша кредиттік жүйеде оқытуда кездесетін өзекті мәселелер (проблемалар) жоқ емес. Енді оларды саралап көрелік.
Біріншіден, ядролық физика құбылыстар мен процестердің қазіргі тәжірибелік, теориялық және сандық зерттеу әдістерін және көкейтесті мәселелерін жоғары оқу орындарында ядролық физиканы оқыту теориясы мен әдістемесін, ғылыми мәліметтің үлкен сілемдерімен іс жүргізуді, өздігінен әр түрлі мәліметтер мен жұмысты, қажетті зерттеу әдістерін таңдауды, жаңа әдістерді дайындау мен белгілісін жағдайға сәйкес өзгертуді нақтылы зерттеу мәселелеріне байланысты болады.
Екіншіден, оқулықтар базасының жалпы құрылысы мынадай бөліктерден тұрады:
Орталық жүйе. Қызметі – жалпы Интернет жүйесін басқару, сонымен қатар оқулықтар базасының тұтынушыларын басқару.
Студент орны. Қызметі – студенттердің жұмыс орнын ұйымдастыру.
Оқытушы орны. Қызметі - оқытушының жұмыс орнын ұйымдастыру.
Оқулықтар – мәліметтер базасы. Қызметі – оқулықтар, оқу материалдары туралы ақпараттық базасын басқарады.
Оқулықтар базасы мынадай бөліктерден тұрады: темалық база, тестік база, анықтамалық база, басқа да пәндермен байланыс базасы.
Оқулықтар бөлімі – электронды оқулықтардың жиынтығынан тұрады. Бұл құрылым университет компьютерлер желісінің бір бөлігі ретінде тұтынушыларды барлық керекті ресурстармен қамтамасыз етеді.
Интернет технологиясын қолданып, оқулықтар базасын жасауға мүмкіндік болған жағдайда ғана ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне жетуге болады.
3
Осы айтылған мәселелердің уақытылы, күнделікті студенттермен кездесу кезінде өз орнын табатынына көз жеткізу, біз үшін - яғни қарапайым оқытушылар үшін үлкен жүк болып тұр.
Егер кредиттік оқыту технологиясының барлық шарттарын орындай отырып, шын мәнісінде, жүзеге асыратын болсақ, білім беру саласында жетістіктерге жететін күн алыс емес.