УДК 004.7
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫҢ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ ДАҒДЫЛАНУЫ
Меделханова Н.М.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Меслекеттік Техникалық Университеті, Өскемен
Ғылыми жетекші – Гарифуллина Жадыра Рифхатовна
Зерттеу жұмысының мақсаты:Қашықтан оқыту жүйесінің қазіргі кезде әлеуметтік ортада алған орнын анықтау және саралау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Қашықтан оқыту түсінігіне анықтама беру;
2. Әлеуметтік ортаның қашықтан оқыту туралы көзқарасын саралау;
3. Әлеуметтік ортаның қашықтан оқыту жүйесі туралы қалыптасқан секемшіл көзқарасының факторларын анықтау;
4. Шет елдегі, ТМД елдеріндегі, Қазақстандағы қашықтан оқыту жүйесінің қолдану аумағы;
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында атап өткендей:Білім жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы индустрияландыру мен инновациялық дамудың негізі болуы керек!» сол сияқты ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім бағдарлымысында қашықтықтан электронды оқыту жүйесінің жан-жақты қарастырылуының өзі бүгінгі бәсекелес ғылым мен техниканың дамыған жаңа заман ғасыр ағымындағы негізгі мәселенің бірі болып табылады.
Олай болса, Қашықтан оқыту технологиясы-оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.Қашықтан оқыту кез- келген білім саласында ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуына ықпал етеді.Қашықтан оқыту ақпараттық технологияларды,яғни компьютер,интернет желісі мен телекоммуникация құралдарын тікелей пайдалануға негізделген білім алудың индивидуалды түрі.Қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын техникалық құралдары мен технологияларына байланысты қазіргі уақытта төрт моделге бөлуге болатынын анықтады.
Олар: кейс технологиялық моделі, корреспонденттік оқыту, радиотелевизиялық модель, желілік оқыту.Қашықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қоғам арасында қашықтан оқыту жүйесіне байланысты әртүрлі пікірлер қалыптасқан.
Көпшілік халықтың пікірінше, қашықтан оқыту жүйесі бойынша алған білімнің дәстүрлі жүйеде оқи отырып меңгерген білімнен сапа жағынан төмен болатындығын алға тартады.Классикалық жүйеде студент оқытушымен жүзбе-жүз кездесе отырып, жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін оқытушымен тәжірибе бөлісуге толықтай мүмкіндігі бар.Студенттің классикалық оқу жүйесінде зертханалық аудиторияларда химия, физика сияқты пәндерден жасалатын зертханалық жұмыстардан қашықтан оқу жүйесінде оқитын студенттің тыс қалатыны да белгілі. Классикалық оқу жүйесі,әрине қолданылу аясы кең алдыңғы басымдылықтағы оқыту жүйесі.Алайда, қашықтан оқыту жүйесі де қазіргі ақпараттандыру мен автоматтандыру кезеңінде заман ағынына сай жүйе болып табылады.
ТМД білім нарығында дәстүрлі түрде күндізгі, сырттай және кешкі білім алу формасын негіздеді.Алайда, соңғы жылдары бұл білім формаларын қашықтықтан оқыту жүйесі қыспаққа алып келеді. Қашықтықтан оқыту барлық классикалық білім беру
нұсқаларында технологиялар көмегімен оқыту түрінде енгізіліп жүр. Қашықтан білім беру жүйесіне өтуде бірінші жағдайда білім алушы мен оқытушының аумақтық орналасуына байланысты «өркениеттің ауысуы» деп атауға болады.Әлемде білім алушылардың қашықтан оқыту жүйесін таңдауда көбіне қақтығысатын негізгі себептер:аралас мамандықтырды меңгеру, еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестік, кәсіптік өсудің үзіліссіздігі және еңбектің әсерлілігін арттыру қажетттілігі.
Егер Европа және АҚШ еліндегі қашықтан оқыту жағдайына қарайтын болсақ, бұл мәселеге Knowledge Anywhere компаниясының жүргізген зерттеуі негізіндегі қорытынды дәлел болады.
Сурет 1 -Knowledge Anywhere компаниясының 2010жылы жүргізген сауалнамасы
ТМД елдерінде қашықтықтан оқытудың өзіне тәнболашағы бар - қазіргі дәстүрлі білім беру жүйесін көбінде консервативтілік, инерциялық қабілет, жергіліктілік, шектілік пен аумақтық факторлартежейді.
Сурет 2 - SloanConsortium – ның 2005 жылы жүргізген сауалнама қортындысы
Суретке сүйене, келесідей тұжырымдама жасауға болады: алғашқы уақытта қашықтан оқыту жүйесін барлық пәндер бойынша жаппай енгізукерегі жоқ, тек кейбір пәндер бойынша, кейбір салаға енгізу керек деп ойлаймын. Мысалы, экономика және ақпараттық технологиялар, гуманитарлық салаларда қашықтан оқыту жүйесін енгізсе дұрыс болады деген ойдамын. Өйткені медицина, химия сияқты пәндерде зертханалық сынауларсыз білім алу мүмкін емес. Бұл салаларға жартылай қашықтан оқыту деген жүйені енгізсе де жетерлік.
Әлемдік білім беру жүйесінің орташа есебі бойынша қашықтықтан оқыту дәстүрлі білім беру түрлеріне қарағанда 50% төмен екені анықталды.
Қашықтан оқыту жүйесінде алдыңғы қатардағы әлемдік қашықтан оқыту жүйесінің орталығы қатарына кіретіндер:
Францияның қашықтан оқыту ұлттық орталығы, құрылғын жылы 1993, білім алушылар саны 400 мың адам;
Испания Ұлттық Университеті,1972,124 мың адам;
Анадолу Университеті(Түркия),1982,300 мың адам;
Калифорниялық виртуалды Университет (АҚШ),1977,28 мың адам;
Оңтүстік Африка Университеті,1973,120 мың адам;т.б
Қазіргі уақытта қашықтан оқыту жүйесінің қолданылу аясы елімізде әлі де болса кең етек ала қойған жоқ.ҚО жүйесінің қарқынды дамуы үшін:
оқу орнында компьютерлік сыныптардың болуы және сол сыныптардың соңғы үлгідегі интерактивті-инновациялық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс;
ЖОО-да қашықтан оқыту курстары мен бағдарламалары жасалынған болуы тиіс;
интернет желісіне қосылу төлемінің төмендетілуі.
алыс-жақын шет елдердегі қашықтан оқытудың іс-тәжірибелерін үйрену және тиімді тұстарын пайдалануды іске асыру;
қашықтан оқытудың арнаулы орталықтарын ашу;
қашықтан оқыту әдістемелік құралдары, оқулықтарының, материалдардың тиімді болуы.
Ақпараттық технологияны меңгеру компьютерлік сауаттылықты талап етеді. Қоғамда қалыптасқан сонау КСРО кезіндегі кеңестік ой-пікір ғылыми технологияны меңгеруде артта қалушылыққа әкеледі, яғни адамдардың көпшілігінде ғылымда пайда болған инновациялық, телекоммуникациялық құралдарды игеруде қорқыныш, үрей, сенімсіздік сезімі байқалады. Қорытындылай келе, ХХI ғасыр ғылыми технологияның ғасыры болғандықтан компьютерлік сауаттылық заман талабы болып табылады. Қазақстандық жоғарғы оқу орындарында қашықтан оқыту енді ғана күшіне енуде деп айтса да болады.
Елімізде аталған оқу жүйесінің қолданысқа енгізілгеніне небары 9 жылдың көлемі болды.
Астана қаласында тікелей қашықтан оқыту жүйесіне арналған жоғарғы оқу орнының ашылатындығы Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесінің дамуынаүлкен әсер ететіндігі сөзсіз. Президентіміз өзінің халыққа жолдауында айтқан сөздері және ҚР 2011-2020 жылдарға арналған жаңа білім бағдарлымысында қашықтықтан электронды оқыту жүйесінің жан-жақты қарастырылуы елімізде бүгінгі күні білім жүйесінде атқарылып жатқан жаңа бағыттағы жұмыстардың барлығын модернизациялаудағы индустрияландыру мен инновациялық дамыту негізі болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің заманауи қашықтан оқыту жүйесіне қадам басып, игеруде жоғары деңгейге жететініне сенімдімін. Қазақстанның болашағы жастар, біздер өмір бойы ізденіс арқылы өз өзімізді дамыта отырып, сапалы білім алып, қашықтан оқыту жүйесі арқылы әлеуметтік ортада әр салада өз орнын алады және біз өз үлесімізді қосамыз!
Қолданылған әдебиеттер
1. Дистанционное обучение (опыт реализации в ВКГТУ); научное издание/ Г.М.
Мутанов [и др.] ; Мин-во образования и науки РК, Восточно-Каз. гос. техн. ун-т им. Д.
Серикбаева. - Усть-Каменогорск : ВКГТУ, 2006.
\\8б;
2. Баюк.О.В. Математические и программное обеспечение системы дистанционного обучения и контроля:автореф. дис на соиск.учен.степ.канд. техн. наук \\- Рудный : [б. и.]
2010, 36 бет;144 б;
3. Оқытушылардың жыл сайынғы ғылыми әдістемелік конференция материалдары.2- 4 сәуір \ 2008 ж, 166