• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

УДК 004.853

Ж.М. АБИШЕВА, А.А. АДАМОВ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ

Қашықтықтан оқыту–білім алушыларды оқылатын материалдың негізгі көлемімен қамтамасыз ететін технология жиынтығы, оқу барысында білім алушы мен оқытушы арасындағы өзара интерактивті қарым-қатынас орнату, оқылатын материалды өздігінен меңгеру мүмкіндігін беретін технология. Қазіргі заманғы қашықтықтан оқыту келесідей басты элементтерден тұрады:

 Қашықтықтан оқыту курсы

 Веб-беттер және сайттар

 Электронды почта

 Форумдар және блогтар

 Чат және ICQ

 Теле және видеоконференциялар және т.б.

Қашықтықтан оқыту – оқытудың ерекше формасына негізделген (күндізгі, сырттай, кешкі).«Қашықтықтан оқыту» термині – студенттің өзіндік білім алуына негізделген оқу бағдарламасын құратын ұйымдастырылған оқу процесін білдіреді. Мұндай оқыту ортасында білім алушы оқытушыдан толығымен кеңістік және уақыт бойынша алшақтатылған, сол уақытта, студент және оқытушы телекоммуникация құралы көмегімен өзара диалог құра алады.

Қашықтықтан оқыту кезінде интерактивті өзара қарым-қатынаста оқытушы және студент субъект ретінде болады, ал сәйкесті өзара қарым-қатынасты іске асыратын құрал ретінде – электронды почта, телеконференция, тура уақыт жүйесіндегі диалогтар және т.б.[2]

Қашықтықтан оқыту технологиясының мақсаты:

 Қашықтықтан оқытудың мақсаты: жаңа технология және тәжірибелі мамандар арқылы білім берудің сапалы деңгейін көтеру;

 Адамның тұрғылықты жеріне тәуелсіз, бірақ Интернет желісіне қосылу арқылы барлық адамның білім алу мүмкіндігі;

 Негізгі біліктілкке қарамастан қосымша білім алу;

 Білім беру ортасында оқыту әдістері мен тәсілдерінің кеңеюі;

 Оқу бағдарламаларына тұрақты қол жетімділік;

 Оқу мақсатында ыңғайлы уақыт таңдау мүмкіндігі.

Қашықтықтан оқытудың ауқымдылығы

Мамандар білім берудің стратегиялық мәселелері бойынша қашықтықтан оқыту формасын XXI ғасырдың білім беру жүйесі деп атайды. Қашықтықтан оқыту тақырыбының ауқымдылығы – бұрынғы технология аясына орталықтандырылған қоғамдық процесс нәтижесі бүгінгі таңда ақпараттың аясына орталықтандырылған деп ойлаймын. Информатика дәуірі келді деген осы.

Қазіргі таңда оның даму деңгейлерін телекоммуникация сияқты сипаттауға болады. Меніңше, бұл қарым-қатынас, ақпарат және білім аясы болып табылады. Осыдан қорыта келе, кәсіби білім өте жылдам ескіреді, яғни оны күнде жаңалап отыру қажет. Қашықтықтан оқыту формасы бүгінгі таңда үзіліссіз өздігінен білім алу жүйесін құруға, уақыттық және кеңістіктік белдеуге қарамастан, жалпы ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді. Одан басқа, қашықтықтан білім беру жүйесі барлық адамдардың, әлеуметтік жағдайына қарамастан (оқушы, студент, жұмыссыз тұлға), еліміздің кез келген аудандарында және шетелде білім және ақпарат алуға деген құқығын іске асырады.

Меніңше, дәл осы жүйе талаптарға сай болып табылады және қоғамдық қажеттіліктерге жауап бере отырып, еліміздің әрбір азаматының білім алуға деген конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді. Жоғарыда келтірілген факторларға сүйене отырып, қашықтықтан оқыту – жоғары санаттағы мамандарды даярлау және қолдаудың тиімді жүйесі екенін айта кеткен жөн. Қашықтықтан оқытудың да өзіндік артықшылығы және кемшілігі бар. [1]

Қашықтықтан білім берудің артықшылығы:

 Базалық дайындық және білім алушының қабілеттілік деңгейіне, оның материалдық жағдайына, денсаулығына, тұрғылықты жеріне ыңғайлылық;

(2)

 Білім алу процесін жылдамдату мүмкіндігі;

 Материалдардың мазмұны мен оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жаңалау, өзгерту мүмкіндігі;

 Тұрғылықты жерді өзгертпестен, жоғары білім беру стандартын үйрену және кәсіби білім алу;

 Оқытуды және аттестациялауды жылдам өту немесе аттестациялауды кейінге қалдыру;

 Әртүрлі оқу орындарындағы бірнеше мамандық бойынша бір уақытта айналысу;

 Өзіндік ұйым арқылы білім алушының шығармашылық және ойлау қабілетін жоғарылату;

 Білімге деген ұмтылыс, компьютерлік техниканы үйрену және өздігінен жауапты шешім қабылдау;

 Ауылдық жерлерден және қалалық ЖОО-нан алыстатылған елді-мекен үшін оқытудың жеңілділігі;

 Оқыту іс-әрекеттілігінің нақты айқындылығы.

Қашықтықтан оқытудың кемшілігі

 «Жанды» байланыстың болмауы. Яғни, тәрбиелеу, жеке тәжірибемен алмасудың жоқтығы.

 Нәтиже студенттің өзіндік пәніне байланысты болады. Қашықтықтан білім беру үшін білім алушының белгілі бір өзіндік танымдық деңгейі болу қажет. Тұрақты бақылаудың жоқтығынан, білім алу кезінде көптеген адамдар еркінсіген күйде болады.

 Білім сапасы әрқашан да орнатылған стандарт талаптарын қанағаттандыра бермейді.

 Техникалық қанықтылық. Интернет және компьютер сияқты заттарға барлық адамның қолы жете бермейді.

 Практикалық білімнің аздығы. Егер күндізгі бөлім студенттері оқытушының бақылауымен алынған білімді практика жүзінде пайдаланса, ал қашықтықтан оқыту формасында бұл мүмкін емес.

Қорыта келе, қашықтықтан оқыту студенттерге дәстүрлі емес ақпарат көзіне қол жетімділік береді, өздік жұмысының эффективтілігін жоғарылатады, әртүрлі кәсіби шығармашылық дағдыларды тауып, оларды орнықтыруға жаңа мүмкіндіктер береді, ал оқытушыларға құбылыс пен процестердің концептуалды және математикалық моделдеуін қолдану арқылы, оқытудың принципиалды жаңа формасы мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытудың өзіндік оң және теріс жақтары бар, оның эффективтілігін көрсеткіштің сапасы бойынша анықтауға болады.

Әдебиеттер

1. Домрачев В.Г. Дистанционное обучение: возможности и перспективы// Высшее образование в России. – 1994.

2. Можаева Г.В. Учебный процесс в системе дистанционного образования// Открытое и дистанционное образование. -2000.

Referensi

Dokumen terkait

Распределение концентрации карьерных предпочтений среди казахстанских подростков, обучающихся в сельской местности % № Код ISCO-08 Специальности 2022 Апробация 1 2211 Врачи

Ағылшын тілінде ауызша қарым-қатынас формасы ретінде сөйлеу – бұл шет тілін үйренудің алғашқы күнінен бастап қалыптасатын және оны оқыту барысында ғана емес, нақты өмірде тіл қолдану