• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҒҰН МЕМЛЕКЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҒҰН МЕМЛЕКЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

WWW.ENU.KZ

А.Ә. Жұмабеков Астана қ., Қазақстан ҒҰН МЕМЛЕКЕТІ ТАРИХЫНЫҢ

ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

Қазіргі Қазақстан тарихында мемлекеттілік мәселесі ӛзекті. Ӛйткені осыған дейін қазақ даласында ӛмір сүрген мемлекеттердің тарихын зерделеу біз үшін маңызды болып табылады.

Мемлекеттілік мәселесін зерттегенде тәуелсіз сана мен еркін ой, сол халықтың ӛзі жазған тарихи деректері маңызды. Қазақ даласында кем дегенде мемлекеттіліктің 2,5 мың жылдық тарихы бар.

Бізге тәуелсіздік ӛзінен-ӛзі келген жоқ, оның бастауы мен сабақтастығы ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Еуразия даласының ұлы кӛшпелі мемлекеттері ӛз кезегінде тіршілігін тоқтатқанмен, артына ӛшпестей мұра қалдырып отырған. Бұл дала мемлекеттерінің заңы еді. Сақтар, ғұндар, түрктер, қыпшақтар, кейінгі қазақ хандығы осы жүйемен ӛмір сүрген.

Тарихта дала заңы бойынша алғашқы кӛшпелілер мемлекетін құрған ғұндар болатын. Олар негізін қалаған кӛшпелі мемлекеттердің құрылымы мен қоғамдық жүйесі, әскери-соғыс ӛнері кейінгі дала мемлекеттеріне ӛнеге болып қалды. Ғұндардың мемлекеттілігі жӛнінде осы мәселелер қазіргі таңда ӛз маңыздылығын жойған емес.

Ғұндардың мемлекеті жӛнінде осы уақытқа дейін зерттелген еңбектер аз емес. Олар құрған мемлекеттің территориясы үлкен, оған әртүрлі ру-тайпалар кірді. Бірақта, осы уақытқа дейін зерттеушілердің арасында ғұндардың мемлекеті туралы бір тоқтамға келген пікір жоқ. Бұл тақырыптағы негізгі зерттеулерді батыс, орыс ғалымдары біршама зерттеген. Осы тақырыпқа байланысты қазақ ғалымдарының зерттеулері аз, әрі жүйелі қарастырылмаған, нақты ұстанымдар жоқ. Олардың құрған мемлекеттің құрылымы мен қоғамдық жүйесі, әскери-соғыс ӛнері тақырыбында зерттелінген отандық еңбектер кӛп емес.

Ресейлік шығыстанушылар Н.Аристов, В.Радлов кӛшпенділер мемлекетінің құрылуын кӛбінесе тайпа кӛсемдерінің рӛлімен тікелей байланыстырады [1, 15].

Ғұн мемлекеті туралы алғаш жазылған еңбектің бірі Рене Груссенің «Империя Степей»

кітабы. Мұнда ғұндардың мемлекеті жӛнінде жалпы шолу жасаған [2].

В.Бартольд, В.Владимирцов және Л.Гумилев бастаған әйгілі ғалымдар кӛшпенділер мемлекетінің қалыптасуының шынайы кӛзін далалықтар ӛмірінің ішкі себептерінен іздестіре бастайды. Нәтижесінде, олар: «Кӛшпенділер мемлекеттілікті ешкімнен тартып алған жоқ.

Кӛшпенділер үшін мемлекеттілік қоғам дамуының ішкі сұраныстарынан туды. Кӛшпенділердің отырықшы кӛршілерімен терезесі тең қатынаста болып, ӛзін сақтап қалу жолындағы күресі мен қоғамның ішкі қатынастарын реттеу қажеттілігі олардың мемлекетін тудырды», - деген қорытындыға келді [1, 15].

Кеңестік кезеңде ғұндар жӛнінде терең зерттеген белгілі ғалым-түрктанушы Л. Гумилев еді.

Ғалымның «Хұндар», «Хұндар Қытайда» атты ғылыми еңбектері ғұн тақырыбы бойынша терең зерттелген, кӛлемді алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Мұнда хұндардың тарих сахнасына шығуы, кӛрші мемлекеттермен қарым-қатынастары, қоғамдық құрылысы, қытай империяларымен байланысы жан-жақты қарастырылған.

Сол кездің ӛзінде Л. Гумилев алғашқылардың бірі болып кӛшпелілердің теңдессіз ӛркениетін ӛз зерттеулерінде атап ӛтеді. Ол былай дейді: «б.з.дейінгі І-ші мыңжылдықта хұндардың кӛшпелі шаруашылығы, олардың отырықшы кӛршілерінің шаруашылығына қарағанда, әлдеқайда жоғары дәрежеде ұйымдастырылған еді» деп жазады. Ғалымның пассионарлық теориясы бойынша ол ғұндарда Мӛде шаньюйдің кезінде серпіліс болғанын айтады.

Л. Гумилев ғұн мемлекетінің ішкі құрылымы туралы былай деп пайымдайды «Әдетте кӛшпелі мемлекеттерді тайпалар одағы немесе әскери тәртіпке бағынатын орда-адамдар нӛпірі ретінде қарайды. Хұндар жәйіне келсек, бұл екі түсінік те дұрыс емес. Хұндар руларға бӛлінетін бірден- бір тайпа болған. Тайпалар одағынан оның айырмашылығы осы [3, 85]. Бірақта ғалымның пікірінше шаньюйдің қолында толық билік болмаған, оны ірі рулардың ақсүйектері шектеп отырға деп санайды.

(2)

WWW.ENU.KZ А.Хазанов ӛзінің «Кочевники и внешний мир» атты еңбегінде кӛшпелілер мемлекетінің пайда болуы біріншіден кӛрші отырықшы халықтарды жаулап, бағындыру арқылы болатынын жазады.

Ол кӛшпелілер мемлекетін бірнеше сатыға бӛліп кӛрсетеді [4, 25].

Батыс және орыс ғалымдарының еңбектерін оқып отырып байқағанымыз, олардың кӛбісі кӛшпелі мемлекеттің пайда болуын сыртқы факторлардан іздейді. А.Хазанов сияқты ғалымдар кӛшпелі мемлекеттің ішкі ӛзіндік ерекшеліктері, құндылықтары, қарым-қатынастары туралы түсінбеген болуы керек.

Н.Крадин «Империя Хунну» атты еңбегінде кӛшпелі империяны былай сипаттайды, әскери-сатылы принцип бойынша ұйымдастырылған кӛшпелі қоғам ретінде үлкен кеңістікте орналасқан және сыртқы әлемді иелену арқылы қажетті малшаруашылығы емес шикізатты алып отырған. Бұл еңбекте ғұн мемлекетінің құрылуы, экономикалық жағдайы, қоғамдық құрылысы, сыртқы қарым-қатынастары жазылған [5, 3].

Аталған еңбекте ғұндардың қоғамдық құрылысын талдап жазады. Олардың ішінде шаньюйді, жоғарғы ақсүйектерді, тайпа кӛсемдері мен үлкендерін (старейшины), қызметтік ақсүйектер, тәуелді тайпалардың кӛсемдері, қарапайым кӛшпелілер және т.б. бӛліп кӛрсетеді.

Е.Кычанов ӛзінің «Кочевые государства от гуннов до маньчжуров» деген монографиясында Қытаймен кӛрші бола отырып, кӛшпелі мемлекеттер іштей даму нәтижесінде ӛзінің басқару механизмін, алғашқы мемлекеттіліктің түрі дамығандығын кӛрсетуге тырысады.

Әсіресе, мұндай кӛшпелі мемлекет түрлерінде жүзжылдықтар бойы сабақтастық болады.

Басқарудың әскери-әкімшілік түріндегі органдардың билікті орталықтандырудың қажеттігі, мемлекеттік культтің нысанасы ретіндегі Аспанмен байланысын кӛрсетуге болатынын айтады [6, 3].

Қазақ тарихшыларының ішінде осы уақытқа дейін ғұн тарихын кең кӛлемде зерттеген кәсіби тарихшылар болған емес. Қытай жылнамаларын аударған батыс және орыс ғалымдарының, қытайдағы қазақ ғалымдарының аудармасы қолданылып келген.

Қазақ ғалымдарының ішінде ғұн тарихын жан-жақты қарастырған ғалым-тарихшы Қ.

Салғараұлы. Соның ішінде ғұн мемлекеті, жалпы кӛшпелілер мемлекеттілігі жӛнінде жаңа ӛзіндік кӛзқараспен, тың пікірлерді ғылыми ортаға салады. Бұрыннан қалыптасқан еуроорталықтық кереғар ұстанымдардың бет-пердесін ашып, оны ӛзіндік болмыспен зерттеуге тырысады.

Ғалымның «Ұлы Қағанат» деген кӛлемді еңбегінде ӛзекті мәселелерді кӛтереді. Олардың ішінде сиуңну империясының құрылуы, мемлекеттік билік тармақтары, шаньюй сӛзін жан-жақты қарастырып түсініктеме береді [7, 410].

Ғалым ғұндардың тарих сахнасына шыққанға дейінгі мемлекеті болған ба деген сұрақтарға жауап іздейді. Ол кісінің пайымдауынша Мӛде мен оның әкесі Түменге дейін бірде әлсіреп-бірде күшейген мемлекеті болған деп есептейді.

Қытайдың кӛне жазбаларына ілігіп, тарихқа белгілі болған кездің ӛзінде, сиуңнулар (ғұндар) ӛзара іштей туыстық-рулық ұйымдарға бӛлінген тұтас бір халықты құраған ӛз алдына жеке бір дербес мемлекет болатын. Оның сол кездегі билеушісінің есімін Тумән, ал билік лауазымын «чәнүй» деп атайтын. Осыдан шығарып, ресми тарих авторлары, кӛшпелі халықтардың ғұмырнамалық бастауын кӛне жазбаларда солар жайында кездесетін деректерден бастайтын баяғы үйреншікті әдетпен, сиуңну халықтарының тарихын осы Тумәннен бастап келеді, былайша айтқанда, алғашқы Сиуңну мемлекетін құрушы да, оның тұңғыш чәнүйі де – Тумән болып есептелінеді. Тумән чәнүй жӛніндегі деректі беріп отырған Сы-ма Чиән мен Бан Гудың ӛздері-ақ Сиуңну мемлекетінің Тумәннан басталмайтынын: «Шүн Війдің Тумәнге дейін аралықтағы мың жылдан астам уақыт ішінде сиуңнулар бірде дәуірлесе, бірде құлдырап, бірде біріксе, бірде тарыдай шашырай бӛлініп, түрлі замандарды басынан кешірді. Сондықтан мұрагерлік заңымен бұл арады қанша адамның билік құрғанын анықтау қиын. [8, 401].

Л.Гумилев ғұндардың күшейгенге дейінгі тарихта болғандығын, олардың қытаймен қарым-қатынаста болғандығын, соғысқанын жазады. Ол Мӛде хұндардың 24 руын біріктіріп, осылай деп аталатын мемлекетті құрады, оның күштілігі сондай, қытайлар оны Кіндік империясымен салыстырған деп жазады [3, 75].

Я.Бичуриннің аудармасында «Шунь-вэйден Туманьға дейінгі мыңжылдан астам уақыт ішінде бірде дәуірлеп, бірде құлаған, бірде бӛлінсе, бірде шашырап кеткен: олардың мұрагерлік сабақтастығын тізбектеу мүмкін емес. Моденің кезінде хундар аяқ астынан күшейіп, солтүстік пен оңтүстіктегі барлық тайпаларды бағындырып, Орталық Сараймен терезе теңестірген» [16, 48].

Қ.Салғараұлы былай деп жазады, мәселеге осы тұрғыдан келгенде, қытай жазбаларына ілінгенге дейін де Сиуңну мемлекетінің болғанын және оның осал мемлекет болмағанын айқын

(3)

WWW.ENU.KZ аңғаруға болады. Бірақ, ӛкінішке қарай, қазіргі тарихшылардың пікірі бұған керісінше. Олар қытай тарихының атасы Сы-ма Чиәннің «Тарихи жазбаларда» келтіретін: «Сиуңнудың билеушісі Тумән чәнүй Чин патшалығына қарсы тұра алмай, теріскейге жылжып, сонда қоныс тебуге мәжбүр болды» деген жалғыз дерегіне қарап, кейбіреулері жалпы сиуңнулардың мемлекеті болғанына күдік келтірсе, енді біреулері мемлекеті тым әлсіз болды деген пікірде [8, 402].

Ғұн мемлекетінің билік жүйесі мен шаньюйдің рӛлі жӛнінде Қ. Салғараұлының пікірінше Мӛде шаньюйдің бар билікті ӛз қолына алған. Сиуңну мемлекеті Маудун чәниүйдің тұсында басқыншылық бағытты ұстаған далалық күшті атты әскерлі империяға айналды. Оның жақсы ұйымдастырылған, қатаң әскери тәртіпке бағынған тұрақты әскері болған. Мемлекеттің ішкі- сыртқы күрделі мәселелерін шешуде чәниүй осы әскер күшіне сүйенеді.

Мұның сыртында, Маудунның реформасынан кейін мемлекетте әскери шен жүйесінің құрылуы (бас қолбасшы, қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы), сиуңну азаматтарының бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сӛзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін жүйелі әскери жаттығулардың жүргізіліп тұруы – бәрі-бәрі Сиуңну империясында тұрақты болғанын дәлелдейді [7, 411]. Осылайша ғалым жоғарыда келтірілген Л.Гумилевтың пікірімен салыстыра қарастырады.

Ғалым-тарихшы Н.Мұхаметханұлы қазақтың этнотерриториялық құндылық мәні ғұндардан басталады деп жазады. Оның негізін ғұн мемлекетін құрған Мӛде шаньюйдің дунхуларға жауабында жер мемлекеттің негізі дегенді келтіреді. Сонымен қатар ғалым ең алғашқы мемлекет аралық шекара ғұндар мен қытайлардың арасында болған деп санайды [8, 206].

Сонымен қатар Ғұн қоғамында шаньюйдің алдында беделді және халыққа аса танымал батырлардың болғаны рас. Әйтпесе, қаншама соғыстар мен қорғаныстарда батырлардың арқасында жеңіп шығатыны белгілі. Бірақ тарихи деректерде ғұн батырлары туралы мәлімет жоқ.

Батырлар кӛшпелі қоғамға тән әлеуметтік топтарға жатады. Олар ХХ ғасырдың басына дейін ӛзінің беделін титымдай тӛмендеткен емес.

Еуразия тарихындағы ғұн кезеңі қазақ мемлекеттілігі тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Қазақ мемлекеттілігінің негізі осы Б.з.д. ІІІ ғасырда құрылған ғұн империясынан бастау алады. Кӛшпелілер құрған мемлекет туралы осыған дейін бір тоқтамға келген пікір жоқ. Ӛйткені әр ғалым ӛз елінің мүддесі мен идеологиясы тұрғысынан қараған.

Алғашқы кӛшпелілер, оның ішінде ғұндар ӛз дәуіріне сай мемлекет құрып, сол кезге сай дала ӛркениетін қалыптастырған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы (ежелгі және ортағасырлық кезең). моног. зерттеу. – Алматы:

«Алдамжар», 2007. 432 б.

2. Рене Груссе. Империя степей. Астана, 2006. – 216 с.

3. Гумилев Л.Н. История народа хунну. – М.: АСТ: Астрель, 2010. – 700 с.

4. Хазанов А. Кочевники и внешний мир.

5. Крадин. Н.Н. Империя Хунну. Изд. 2-е, перераб. и до. – М.: Логос, 2002. – 312 с.

6. Кычанов Е.И. Кочевые государство от гуннов до маньчжуров. – М.: Изд.фирма «Восточная литература» РАН, 1997. – 319 с.

7. Қ.Салғараұлы. Ұлы Қағанат. Астана: «Фолиант» - 2008. 552 б.

8. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. – Науч.изд: ТОО «Жалын баспасы», 1998. – 390 с. Т.1.

9. Мұқаметханұлы Н. Қазақ тарихының ӛзекті мәселелері: Моног.зерттеу. – Павлодар: «Brand Print», 2010. – 311 б.

Referensi

Dokumen terkait

Романға кіріспе жазбаның авторы Лоис Арагон былай деп жазды: «Менің елімде оның романының көпшілікке танымал болуы мен үшін үлкен мəртебе деп санаймын:« Абай »эпикалық романы, менің

Сембинова, Астана 0 10005, Казахстан С целыо изучения влияния пыли хризотил-асбеста на организм рабочих асбестового производства в зависимости от стажа работы проведено биохимическое