• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУЫ"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУЫ.

Асылбек Айгерим

Қазақ технология және бизнес университетінің колледжы,Астана қаласы [email protected]

Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру үшін жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да байланысты.

Мұны Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағадарламасындағы мынадай «... білім берді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері технологияларын әзірлеу мен енгізу» талап етіп отыр[1].

Қазақстандағы білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалық - несиелік оқу жүйесіне көшу. Несиелік оқу жүйесі – білімнің қоғамдағы және жеке адам қалыптасуындағы рөлін қайта қараудың әлеуметтік үрдісінің көрінісі.

Жаңа экономиканың дамуы жаңа қоғамдық құрлысқа сай маманды талап етеді. Оған тән ерекшеліктер: әлеуметтік белсенділік, жаңалықтарды жылдам қабылдау, шығармашылық жолмен өз бетімен білім алуға дайын болу, сондай-ақ, игілігі үшін жоғары жауапкершілік сезімінің болуы. Жаңа жүйемен оқытуда болашақ маманның тұлғалық қалыптасу барысында өзін- өзі іске толық жұмылдыра білу қабілетін дамыту. «Силлабус» [2] терминіне анықтама бере кетелік. Ағылшын тіліндегі «Sullavus» -оқу бағдарламасы деген ұғымды береді.Несиелік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік құжаттардың бірі ретінде сипатталады. Оның құрамды элементтері ретінде:

жалпы мәліметтер, пәннің сипаттамасы, оны оқуға арналған міндеті және қосалқы материалдар, дәріс және семинар сабақтарының кестесі, білімді бағалау жөніндегі ақпаратты атауға болады.

Студенттерге арналған силлабус қазіргі психологиялық- педагогикалық зерттеулерде негізделген оқу-әдістемелік құжат. Силлабустың құрылымы, мазмұны, айрықша түйінделген мақсаттары, студенттердің өздік іс- әрекеттерін басқаруына, , пәнді үйренудің өзіндік бағытын анықтауына, оқу үрдісінің тең дәрежелі әріптестері - оқытушы мен оқушы қарым-қатынасын белгілеуге мүмкіндік береді

Силлабустың бағыттаушы қызметі студенттің оқу үрдісін өз бетімен саналы түрде қатысуына мүмкіндік берумен анықталады. Бұл ең алдымен, студенттің химияны оқыту мақсаттарын түсіндіру арқылы жүзеге асады.

Пәнді оқытудың мақсаттары айқын болғанда жоспарланған нәрсе нақты нәтижеге жетеді. Студенттерге арналған бағдарламаның мақсаттарын көрсету барысында И. Блумның «мұғалім мен оқушыларды екі түрлі көз қарас пен және әр деңгейдегі тұтастықта көреді. Оқушы көзге көрніп тұрған мақсаттар мен міндеттерді көреді және толық емес өзінің жеке басына жақын немесе оқытушы мейілінше анық тұстарды ғана көреді» деген ескертпесін

(2)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

есте ұстаған жөн. Сондықтан мақсаттар студенттерге нақты және анық көрсетілуді талап етеді. Студент сабақтың, модульдің, несиенің мақсаттарын білуі керек. Студентке осындай бағдар берудің нәтижесінде пәннің дербес бағытын таңдап алады, Ағымдағы, аралықтағы, және қорытынды мақсаттарын көреді. Бағдарламаның реттеуші қызметі студенттің әрекетін реттейді, оқу пәннен белгіленген нәтижелеріне жетудің жолдарын көрсетеді.

Бұл өзіндік жұмыстарды орындауға байланысты талап үлгілері мен нұсқауларды, бақылау тапсырмаларын үлгілерін беру арқылы жүзеге асады.

Кредиттік жүйе қазыр тек жоғарғы оқу орнында ғана емес орта білім

орындарында да қолданылады. Сол дұрыс па бұрыс па кім сараптайды.

Менім ойымша жоғарғы болсын орта білім беретін орын болсын жалпы Қазақстанның білім беру саласына,кредиттік жүйе артықшылықтан көрі кемшілігі көп жүйе.Айта кететін болсақ мектеп қабырғасынан келген бала жаңа оқу орнына келеді кредиттік жүйе түсіндіріледі.Содан оқуға кіріскен студент қолына Силлабус беріледі жыл бойы не оқыйтынын біледі,қандай тапсырма болатынын біледі. Шолып ана тақырыпты бір қарап мына тақырыпты бір қарап соңында, ешқандай тақырыпты толық түсінбейді. Ол тек қызығушылығы бар яғни оқуға ынтасы жоғары, үйінде интернеті бар студент қана қарайды.Ал қалған бір топтың 90 проценті, ашып та қарамайды.Себебі кейбір студент мамандығына тек ата-анасының қалауымен ғана түссе, кейбір мемелекеттік грант үшін ғана түседі. Кредиттік жүйе негізі студенттің өзіндік ізденуіне негізделген жүйе. Егер студент барлығын өзі ізденіп тауып оқыйтын болса онда ұстаздың қажеттілігі қанша.50 минуттық лекция бұндай аз уақыт ішіде бәрін қамту мүмкін емес.Тек маңызды маңызды жерлерін айтып өтеді, қалғанын өздерің оқып алыңдар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз[3].Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Б. Абдыгаппарова., Г.К. Ахметова С.Р. Ибатули Основы кредитной системы обучения

2.И. Блум. Кредитная технология Москва 2000г

Referensi

Dokumen terkait

Сол себепті де қазақ авторларының талдамалы эсселеріне, оның тілі мен стилистикасына ғана емес, ұғымдық жҽне дҽлелдеу аппаратына талдау жасау оқу үдерісінің дидактикалық құндылығын