Қазақстандағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесіне арналған өлшеу құралдарының ерекшеліктері және оларды жетілдіру жолдары
Әбдіхалықов А.Т.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (Қазақстан)
В статье рассматривается особенности измерительных материалов предназначенных для оценки уровня владения казахским языком в Республике Казахстан и их развитие. Также в работе приводятся обоснования формирования фонда тестовых заданий учитывая результаты апробации и экспертизы тестовых заданий КАЗТЕСТ.
In article is considered features of measuring materials intended for an estimation of a level of possession of the state language in Republic of Kazakhstan and their development. Also in job the substantiations of formation of fund of the test tasks taking into account results of approbation and examination of the test tasks KAZTEST are resulted.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін иеленгеніне де бірнеше жыл болды. Алайды тілдің ӛзекті мәселелері оның мемлекеттік тіл мәртебесін иеленуімен шешілмейді. Қазіргі таңдағы елдегі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы қоғамдағы нақты қолданылуының кӛрінісі айтып береді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі ретінде дамуы мен баюына байланысты мәселелер жеке адамнан бастап мемлекетке дейінгі деңгейде ойлануын қажет ететін мәселе екендігін шын мәнінде түсіну болып отыр [1].
Қазақстан Республикасы Үкіметі, мемлекеттік, жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілді дамытуға, беделін нығайтуға іс-шаралар атқарып отыр. Білім берудің барлық дерлік сатыларында қазақ тілі оқытылады, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыстар атқаруда, қазақ тілін меңгеру бағытталған әртүрлі әдістемелік құралдар мен кешендер даярлануда. Мемлекеттік тілді іс жүргізуде пайдалануда мемлекеттік органдар біртіндеп қазақ тіліне жартылай болса да ӛтіп отыр. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы құрылды, ал мақсаты мен міндеттері тек тапсырма ретінде шартты орындалуда. Сондықтан қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін де толық іске асыра алмай отырғаны да баршаға мәлім. Мұның негізгі себебі тіл мәртебесі тек ресми тұрғыдан жарияланғанымен, оның жер-жерде үйретілуі мен қолданылуын жүзеге асырар тетіктер күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде іске қосылмай келеді.
Қазақ тілін меңгеру – қазақстандық патриотизмнің құрамдас бӛлігі десек, онда мемлекеттік тілдің мәртебесі ол тілді барлық азаматтардың заңда белгіленген кӛлемде білуі үшін жағдай туғызуды кӛздеуі керек. Алайда қазіргі жағдай бұлай болмай отыр. Қазақ тілін белгілі бір кӛлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі әлі күнге заңдастырылған жоқ. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23 бабында келтірілген [2]. Енді осы бапқа ӛзгерістер мен толықтырулар енгізуде, мемлекеттік органдар тарапынан тек талқылау, дӛңгелек үстел басында пікір алмасумен шектеліп келеді. Сондықтан мемлекеттік тіл саясатының басты бағытында айтылғандай, мемлекеттік тілді барлық азаматтардың арнайы белгіленген кӛлемде меңгеруі үшін жағдай туғызу қажеттігі орын алып отыр. Осы айтылып отырған мемлекеттік тілді меңгеру жӛніндегі тиісті талаптарды белгілеу керек.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік тілді дамытуда атқарылған шаралар да аз емес. Бұл тұрғыда, осы іс шараларды заңдастыру, ұйымдастыру бағытында жүйелеу мәселелері туындап отыр. Айталық, мемлекеттік қызметке қабылдау, әдетте, міндетті түрде мемлекеттік тілді қажетті мӛлшерде білгенде ғана жүзеге асырылады десек, онда мемлекеттік қызметке қабылдау барысында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері анықталмаған, сәйкесінше қазақ тілінен тест тапсырмалары тек жалпы меңгерумен шектеледі, және қызметкердің қай деңгейде меңгергендігі аса талап етілмейді.
Қазіргі кезде қазақ тілін меңгерудің 6 деңгейлік оқу кешендері дайындалғанымен, қоғам тарапынан мемлекеттік тілді үйренуге деген талпыныс аса байқалып отырған жоқ. Сондықтан әртүрлі деңгейдегі тілді оқыту орындарының жұмыстары да кӛңіл қуантарлықтай деп айту қиындау. Мұнымен қоса оқу орталықтары тіл үйренушілердің тілді меңгеру деңгейін бағалаумен айналыса бастады. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі
№835 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ жүйесін қолданысқа енгізу мен дамыту тұжырымдамасы мақұлданған. Аталған ҚАЗТЕСТ жүйесі әлемдік тәжірибеде танымал тілдік білімді бағалаудың TOEFL, DALF/DELF, IELTS, DSH, TOMER, CELI, DELE, ТРКИ және т.б. сол сияқты халықаралық стандарттарға сүйене жасалған. ҚАЗТЕСТ жүйесінің аталған халықаралық жүйелерден айырмашылығы жүйе шет ел азаматтарымен қоса Қазақстан азаматтарының да қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған жүйе болып табылады. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 2006 жылдан бері тіл меңгерудің деңгейлері сәйкес тест тапсырмаларын қалыптастырылуда, түрлі мақсатты топтарда байқау сынақтары ӛткізілді.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің негізгі мақсаты – қазақ тілі бойынша тілдік білімді бағалау. Бағалау – күрделі педагогикалық категория, ол бірнеше деңгейді қамтиды: деңгейлік бағалау, жалпы бағалау және қатынас құралы ретіндегі тілдік меңгерімді кәсіби біліктілік талабы бойынша бағалау [3].
Жоғарыда айтылған бағалау түрлерінің арасында тығыз байланыс бар.
Деңгейлік бағалау негізінен оқыту процесінде пайдаланылады. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тілдік білімді бағалау азаматтардың тұрғылықты жеріне, бағалау уақытына, тілді үйренудің обьектісі мен нысанына тәуелсіз қазақ тілінен коммуникативтік қабілеті мен біліктілік дәрежесін айқындайтын обьективті бақылау болып табылады. Тілді білу деңгейін бағалауға арналған тестілеу – тәуелсіз бағалау тәсілі ретінде әлдеқашан танылған және жоғарыда айтылғандай, әлемнің кӛптеген елдерінде кеңінен қолданылады.
Қазақ тілі бойынша тілдік білімді обьективті түрде бағалауды қамтамасыз ету ӛте күрделі және шешімін таппаған проблемалардың бірі болып табылады.
Ӛлшеу – бұл белгілі ережелерге сәйкес қандайда бір нысандар мен сандық шкала нүктелері жиыны арасындағы байланысты белгілейтін процесс. Педагогикалық ӛлшеулер – тестіленушілердің ағымдық және қорытынды даярлығының объективті мәнін алуды кӛздейтін, білім сапасын санмен бейнелеу процесі [3]. Тұлғаның тікелей ӛлшеуге келмейтін оң және теріс қасиеттерін анықтауға болатындай латентті қасиеттерді ескеру қажет [4]. Тұлғаның латентті қасиеттерін ғылыми-педагогикалық ӛлшеу процесінің жай қарапайым бағалау немесе кәдімгі физикалық ӛлшеулерден айырмашылығы ғылыми негіздемелерді қажет етеді. Бұл теория жетекші түсінікті анықтау, қасиетін ӛлшеу, тілді білу деңгейін, эмпирикалық және түсіну индикаторлары жүйесін ӛлшеу рәсімін тексеру сияқты процестерді зерттейді.
ҚАЗТЕСТ тӛрт бӛліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық блок, оқылым, жазылым. Осы бӛліктер бойынша тест тапсырмаларының қорын қалыптастыру үшін құрамына республиканың жетекші жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, тіл білімі ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, тестолог-мамандар кірген тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшылар топтары қалыптастырылды.
Бӛліктер бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымын қарайық.
Бірінші бӛлік – тыңдалым. Оқылған мәтінді түсіну деңгейі тӛрт деңгей бойынша бағаланады:
1) фрагментарлық түсіну;
2) жалпы түсіну;
3) толық түсіну;
4) терең, сыни түсіну.
Екінші бӛлік – лексика-грамматикалық. Тілді түсіну, түсініп айту, қарым-қатынаста қолдана алу, жазуда пайдалана алу, лексика-грамматикалық материалды меңгеру деңгейі функционалдық және коммуникативтік тұрғыда бағаланады.
Бұл бағыттағы тест тапсырмалары мемлекеттік стандартқа сәйкес белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешуі үшін қажетті тілдің құрылымы туралы түсінігі мен біліктілігінің деңгейін бағалауды кӛздейді.
Үшінші бӛлік – оқылым. Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.
Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау мынадай тӛрт нысандар бойынша тапсырманы орындау нәтижесімен анықталады:
1) танысып оқу;
2) зерттеу элементтерімен оқу;
3) жүгіртіп оқу;
4) зерттеп оқу.
Тӛртінші бӛлік – жазылым. Жазба жұмыстары мынадай кӛрсеткіштер бойынша бағаланады және тексеріледі:
1) жазба жұмыстарының грамматикалық сауаттылығы;
2) жазба жұмысының мазмұны;
3) жазба жұмысындағы тілдік құралдарды пайдалану сапасы;
4) жазбаша тапсырманы орындау кезінде ӛз бетінше тілді қолдана алу дәрежесі.
Педагогикалық ӛлшеулер теориясында білім сапасын бағалау құралдарының белгілі бір қасиеттерге ие болғанда ғана ол құралдардың бағалаушылық мүмкіндіктері болатындығы дәлелденген. Бұл – ықшамдылық, технологиялылық, тұжырымдаудың логикалық формасы, жауаптың орналасуының анықтылығы секілді тест тапсырмаларына қойылатын талаптар [4]. Осы тұрғыда ҚАЗТЕСТ жүйесінің сӛйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика- грамматикалық құрылым сияқты түрлері бойынша тест түріндегі тапсырмалары жоғарыда айтылған байқау сынақтары мен сараптамалар нәтижесінде осы талаптарға сәйкестендіріледі.
Атап айтқанда педагогикалық ӛлшеулер теориясындағы Item Response Theory, Rasch Measurement [5, 6] ұғымына сәйкес әрбір тест тапсырмасының бірнеше параметрлік Раш модельдері бойынша қасиеттері зерделенеді. Әрине мұндағы әдіс-тәсілдер тек білім сапасының қандайда бір қорын бағалауға арналған деген жаңылыс пікір туындауы мүмкін, алайда тұлғаның тіл меңгеру деңгейі де білім сапасын кӛрсетеді. Осы ретте ҚАЗТЕСТ жүйесінде қолданылып келе жатқан тест тапсырмаларының ерекшеліктерін ғылыми ретте негіздеу үшін жүйе тапсырмалары спецификациясын анықтау кезек күттірмейтін шаруа екендігін белгілі. Сондықтан, сараптамалар мен байқау сынақтары және педагогикалық ӛлшеулер мен тіл білімін бағалаудың ғылыми зерттеулері нәтижесінде тест тапсырмаларының спецификациясы әзірленді. Спецификация негізінде әзірленген тест түріндегі тапсырмалар бойынша құрастырылған әртүрлі тест нұсқаларында сынақ нәтижесі бойынша әрбір тапсырманың корреляция коэффициенттері есептелінеді [3]. Бұл коэффициенттер тест құрамына кіретін әрбір тапсырманың бағалаушылық қасиетін айқын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша спецификация бойынша анықталған әрбір деңгейдің тақырыптары мен жағдаяттарына арналаған тапсырмалардың дұрыс-бұрыстығына кӛз жеткізуге болады. Яғни тақырыпшаларды нақтылау, тапсырманың күрделілігі, жалпы тест құрамындағы орналасу реті (қиындық деңгейі) сияқты қасиеттерін анықтау қиындық туғызбайды.
Мұндай негіздемелер жоқ жерде тіл білімін тек деңгей тақырыптарына сай тапсырмалармен бағалау дәл нәтижесін бермейтіні анықталып отыр.
ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасына сәйкес жүйені жетілдіру мақсатында сӛйлеу әрекетінің түрлері бойынша азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест тапсырмаларының сапасын педагогикалық ӛлшеулер теориясы мен әдістемелері негізінде кӛтеру үшін ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмалары әзірлемешілері мен сараптамашыларына арналған ғылыми-практикалық семинарлар, авторлық курстары ӛткізіледі.
Мұндағы негізгі мақсат тіл білуді бағалаудағы ӛлшеу құралдарын мазмұны бойынша іріктеуді мен қалыптастырудың әдістерін ҚАЗТЕСТ жүйесіне тереңірек енгізіп, жүйені тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйелерінің талаптарына сәйкестендіру арқылы сертификаттауға әзірлеу. Ӛйткені тестілеу нәтижелерінің сапасын қадағалау тестілеу жүйесінің ажырамас бӛлігі болып табылады.
Тест құрамындағы тест тапсырмаларының бағалаушылық қасиеттерін зерттеу мақсатында математикалық-статистикалық талдаулардың STATISTICA, SPSS, WinSteps, RAM және тағы басқа электрондық пакеттерін пайдаланылады.
Жүйенің әрбір бӛліктері бойынша ұсынылатын тест сұрақтарына әрбір тест тапсырмасының талапқа сәйкестігі, әртүрлі корреляция коэффициенттері, бағалау мүмкіндігі секілді қасиеттері зерттеледі. Бұл тұрғыда педагогикалық ӛлшеулер теориясының классикалық әдістемелері мен тәсілдерін жүйе тест тапсырмаларын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Айта кетерлік маңызды мәселе, кез-келген тақырып бойынша тапсырма қалыптастырып оған бес түрлі жауап нұсқасын ұсынса тест тапсырмасы болады деген жаңылыс пікір екендігін аталған педагогикалық ӛлшеулер теориясы растайды. Сондықтан, жоғарыда айтып ӛткендей, тұлғаның латентті қасиеттерін бағалауда сапасыз тест тапсырмаларына жол берілмеуі керек. Ӛйткені мақсатқа негізделмеген сапасыз тест тапсырмалары қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша тестіленушілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін емес, ӛзге қасиеттерін қажетсіз бағалаумен қатар, қазақ тілінің дамуына теріс әсерін тигізеді. Сондықтан, халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, ғылыми негізсіз тіл білу деңгейін бағалаулардан алшақтап, жүйелі отандық тіл меңгеру деңгейі бағалау жүйесінің тест тапсырмаларын пайдалану қажет. Тек сонда ғана тестілеу нәтижесінің сенімділігі туралы мәселе кӛтеруге болады. Ӛйтпеген жағдайда, ӛз білермендікке салынған, ғылыми негізсіз, ешқандай сапа талаптарына сәйкес емес, мүлдем педагогикалық ӛлшеу теориясына жанаспайтын қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау үрдістері тілімізге деген үлкен
қиянат болатыны анық.
Жалпы айтқанда 2 жылдық тәжірибе кӛрсеткендей азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ң негізі қаланды, қолданысқа да дайын.
Қазақстан Республикасында қазақ тілін меңгеруде оқыту үдерістерін және ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларын жүйелеу мақсатында қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзіреттіліктерінің талаптарын анықтайтын тіл меңгерудің қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлері бойынша мемлекеттік стандарттар жобалары әзірленіп, сараптамадан ӛткізілді. Жобалар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында әзірленіп, тәуелсіз сараптамадан ӛтті. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және метрология жӛніндегі ғылыми- техникалық кеңестің 2009 жылғы 24 желтоқсанындағы кезекті отырысында мемлекеттік стандарттар жобалары № 39 хаттамалық шешіміне сәйкес мемлекеттік стандарттар ретінде мақұлданды және бекітілді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің 30 желтоқсанындағы
№ 647-ОД бұйрығына сәйкес аталған мемлекеттік стандарттар мемлекеттік стандарттар реестрінде келесі ретпен бекітілді:
ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;
ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері.
Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру»;
ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;
ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру»;
ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «БОЛАШАҚ» халықаралық бағдарламасы стипендиясына үміткерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы іске асырылуы туралы шешім қабылданып 2008 жылдан бастап үміткерлер жүйе бойынша емтихан тапсыруда.
Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалауға арналған мемлекеттік қызмет кӛрсетудің стандарт жобасы әзірленді.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін кӛтеру бойынша атқарылып отырған іс шараларды жүйелеу үшін қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында бірігіп атқарған дұрыс болатыны уақыт талабы болып отыр. Сондықтан мемлекеттік тілдің әлеуетін арттыруда тек мақсатқа сай жұмыс атқару мақсатында келесідей ұсыныстар қолдау табу керек:
1. Азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалаумен айналысатын жеке мекеме құрылуы керек.
2. Жаңа ақпараттық технологиялары жетістіктерін пайдаланып тіл үйренуші, тіл қолданушы азаматтарға әдістемелік, ақпараттық кӛмек ретінде қазақ тілін үйрету мен тіл меңгеру деңгейін бағалау мақсатына бағытталған толыққанды жұмыс атқаратын электрондық портал ұйымдастыру қажет. Қолданушы үшін Интернет желісі арқылы порталға ену арқылы әр деңгейге сай оқу курстарынан ӛтіп, курстар соңынан байқау сынақтарының әртүрлі сеанстарын қалыптастырып, түрлі компьютерлік бағдарламалар құру қажет.
3. Сапасы мен мазмұны жағынан мақсатқа лайық, бағасы да құптауға боларлық әдістемелік құралдар, оқулықтар, аудио-видео дисктер әзірлеу қажет.
Алайда атқарылатын іс шаралардың барлығына заңнамалық негіз боларлықтай қолданыстағы заңнамалық құжаттарға ӛзгерістер енгізбей орындалған жұмыстардан айтарлықтай нәтиже ӛнбейді.
Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасы Конституциясына Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін қажеттілігіне байланысты міндетті білуі туралы заңнамалық ӛзгерістер енгізілуі тиіс;
- азаматтардың қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі арқылы іске асырылатыны туралы Қазақстан Республикасы құқықтық және заңнамалық құжаттарына ӛзгерістер енгізілуін жүзеге асыруы тиіс;
- «Мемлекеттік қызмет істері жӛніндегі» Заңға ӛзгерістер енгізуі керек;
- Қазақстан Республикасына кӛшіп келуге байланысты заңдарға әрбір Қазақстан Республикасына кӛшіп келуші қазақ тілін белгілі бір деңгейде білуі тиістігі турасында және тіл
білім деңгейі бағаланып қызметке кірісуде ескерілетіні туралы ӛзгерістер енгізілуі тиіс.
Жүйені жетілдіру мақсатындағы басым міндеттер:
- тестілеу үдерісінің әрбір іс-шараларына халықаралық кешенді бағалаушы ұйымдар тарапынан берілетін сәйкестік құжатына ие болу;
- қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың автоматтандырылған ҚАЗТЕСТ жүйесін әзірлеу;
- жүйенің әрбір деңгейіне сәйкес ӛту сертификаттарын беру үдерісін ұйымдастыру;
- ҚАЗТЕСТ жұмысын ақпараттандыру мақсатында ресми сайт ашу;
- дистантты тестілеу технологиясының негіздемесін жасау және оны жүйеге енгізу.
Әдебиет
1. Омаров Б., Құрманбайұлы Ш., Алпысбаев Т., Күзекбай Е., Айтбозымов С., Әбілова Ғ., Қасенова Б.
Мемлекеттік тіл саясаты, -Алматы, 2005 жыл.
2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 5 тарау. Тілді құқықтық қорғау, 23-бап. Тілді мемлекеттік қорғау.
3. Аванесов В.С. Композиция тестовых заданий. -Москва, Центр тестирования, 2002 год.
4. Аванесов В.С. Форма тестовых заданий. -Москва, Центр тестирования, 2006 год.
5. Аванесов В.С. Item Response Theory: Основные понятия и положения, Педагогические измерения, Научно-методический журнал РФ. - Москва, 2007год. -№2.
6. Хои К. Суен, Пуи ВА Лей. Методологический анализ теории педагогических измерений.
Педагогические измерения, Научно-методический журнал РФ. -Москва, 2007год. -№1.
7. ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен мақұлданған.
8. Абдыхаликов А.Т. Система оценки уровня владения казахским языком – КАЗТЕСТ, Сборник материалов международного научно-методического семинара «Современные методы оценки уровня владения языками народов государств-членов ЕврАзЭС», -Алматы, Казахский университет международных отношений и мировых языков им. Абылай хана.