ӘОЖӘОЖ338.45:622.33(574)(091)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӚМІР АЛАПТАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Байтасова А.Қ.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана қаласы Ғылыми жетекшісі – г.ғ.к. Ауэзоа З.Т.
Cуда және жер бетінде ӛсетін ӛсімдіктердің, әсіресе ағаштардың жер қыртысында кӛміліп қалған қалдықтарынан физикалық, химиялық және биохимиялық ӛзгерістердің нәтижесінде пайда болған қатты заттар лигнит, қоңыр кӛмір, тас кӛмір және антрациттер болып бӛлінеді. Себебі олардың қҧрамы сол топтарға сәйкес органикалық заттардан тҧрады. Жер қыртысында болатын метоморфизмдік процестердің әрбір сатыларына сәйкес тас кӛмір бірнеше топқа бӛлінеді, олар: ҧзын жалынды, газды, газды-майлы, майлы, майлы- коксты, қҧнарсыз, жартылай антрациттер, антрациттер. Жалпы тас кӛмірдің химиялық қҧрамында 75-97% кӛміртегі, 1,5-6 % cутегі, 4-14% оттегі, 4% шамасында кҥкірт, 5 % азот, 4-14 % дымқылдық болады.
Қазақ даласында кӛмір кендері девон, карбон, пермь, триас, юра, бор және палеоген дәуірлерінде пайда болған шӛгінді жыныстар арасында кездеседі. Солардың палеозой заманына жататыны – тас кӛмір , ал кайнозой заманына жататыны (триас, юра, бор) - лигнит деп аталады. Тас кӛмірдің молырақ кездесетін (65 пайыздай) тҥрлері карбон немесе тас кӛмір дәуіріне жатады.
Кезінде Қарағанды тас кӛмір бассейні одақ бойынша ҥшінші кӛмір ошағы деп аталды. 1833 жылы ашылған бҧл кен орынның тарихы қойшы Апақтың есімімен тығыз байланысты. Ол қаратастарды қапқа толтырып, ҥйіне әкеліп отын ретінде пайдаланады. Бҧл хабар елден елге тарай келіп тау-кен ӛнеркәсібінің кӛпесі Н.А.Ушаковқа жеткен. Сӛйтіп ол бҧл орынға келіп, 1847 жылы кӛмір кенін ашқаны жайлы мәлімдеме жасаған. 1848 жылы ол он шаршы шақырымдай жерді арендаға (уақытша пайдалануға) алған. 1856 жылы Рязанов дген кӛпес екеуі жергілікті байлардан Қарағандының 114 шаршы км жерін 250 сомға сатып алған. Осылайша сатып алынған жерлерден екі кӛпес кӛмір ӛндіруге кіріскен [1,2].
Кӛмірді ӛндіру мәселесі 1856 жылдан басталған, ал 1870 жылы не бары тӛрт кішкене шахтадағы 7 штольнядан (кӛмірді не руданы қуалай кӛлденең қазылған ҥңгір) кӛмір алынған.
1908 жылға дейін Қарағанды кӛмірін қапқа салып тҥйеге теңдеп және арбамен Спасск заводына,Ӛспен мыс руднигіне және Сарысу байыту фабрикаларына жеткізіп отырған.
103
Қашықтығы 40 километрден астам жерге кӛмірді бҧлай тасу кӛпестерге қымбатқа тҥсіп тиімсіз болған. Сондықтан да Рязанов ӛз ҥлесін Спасскідегі мыс қорытатын заводтың иелері - ағылшындарға сатқан. Тас кӛмірдің жаңа қожалары – ағылшындар бҧл маңда темір жол салған. Оларда мҧнда жарытып кӛмір ӛндіре алмапты.
Белгілі геолог А.А.Гапеев басқарған зерттеушілер 1920 жылы Қарағандыға барып, бҧл тӛңіректе байлық қоры мол екенін анықтайды және қосымша ондаған ірі шахта ашу керек деген тҧжырымға келеді. Орал-Кузнецк комбинатының салынуына байланысты және оған Магнитогорскіден гӛрі Қарағандының жақын екені ескеріліп ,1930 жылы кӛмір қорын барлайтын алғашқы скважиналар бҧрғыланған. 1931 жылы бҧрғыланған скважиналардың ізімен Қарағандыда ірі-ірі шахталар салу жӛнінде Совет ҥкіметінің қаулысы шықты,осыған байланысты Қарағанды-Ақмола-Петропавл темір жолын салу жҧмыстарыда қолға алынған.
Қарағандыдағы алғашқы 20 шахтаның орындары белгіленіп ,оларды салу жҧмыстары басталған. Сол жылдары Қарағандыда тҧрақты геология мекемесі ҧйымдастырылған. Бҧл мекеменің басты міндеті – салынған шахталар ҥшін кӛмір кені алаңын барлау,оның қорын есептеу және су іздеу, қҧрылыс материалдарын (кірпіш қҧятын саз,ірі және қиыршық тастар, әктас, отқа тӛзімді заттар т.б.) іздестіру және барлау жҧмыстары болатын.
Қарағандының жаңа тарихы міне осылай басталды. Зерттеу жҧмыстарының нәтижесінде жҥзден астам кӛмір қабаттары бар екені анықталды. Кейбір кӛмір қабаттарының қалыңдығы 20 метрден асады, демек бҧл оның ірі кӛмір қоймасының бірі екенін дәлелдесе керек.
Қазіргі Қарағанды кӛмір бассейні ендік бойымен ҧзындығы 100 км,ені 30 км-ге созылып жатыр. Кӛмір қабаттары алғашқы және орта карбон дәуірінде пайда болған шӛгінді жыныстардың аралығында қалыптасқан. Карбон дәуірінде пайда болған кӛмір қабаттарының саны 80-ге жуық, оның 54-інде жҧмыс істелуде,олардың қалыңдығы 1-8 метр аралығында,тас кӛмірлері кокстелінеді және энергетикалық болып келеді [2,4].
Кӛмір қызулығы жағынан Кузбасс және Донбасс кӛмірлерінен қалыспайды. Оның қҧрамында кҥкірт пен фосфор аз, сондықтан бҧл кӛмір жоғары сапалы қҧрыш қорытуға ӛте тиімді. Кҥлі 23-27 %, ал ҧшпа заттарының мӛлшері 36%, сондықтан ол химия ӛнеркәсібінде кең тҥрде пайдаланылады. Әсіресе юра дәуірінде жаралған кӛмір ӛте пайдалы, оның қҧрамындағы ҧшпалы заттар 40 % асады .
Бҧл кҥнде Қарағанды кӛмір бассейнінде 40-тан астам ірі шахта жҧмыс істейді.
Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді.
Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бҥгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбҧғы, Ӛспен және басқа жерлерде тҥсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған кӛмір және тҥсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды кӛмір бассейні игерілді.
Еліміздің экономикасында Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Бҥгінде біздің аймақта 67 бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жҧмыс істейді. Облыс экономикасына "Испат-Кармет", "Қазақмыс", "Қарағанды-Пауэр",
"Накоста" сияқты кәсіпорындар елеулі ҥлес қосты. Қарағандыда экономиканың нақты секторы дамып келеді. Облыстың 137 ӛнеркәсіп кәсіпорны "Миттал Стил Теміртау" АҚ-мен және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-мен импортты алмастырушы ӛнімдерді жеткізіп берудің 17 миллиард теңгелік келісім-шарттарын жасасты.
Қарағанды облыстарының кәсіпорындары: «Миттал Стил Темиртау» ААҚ Кӛмір департаменті (12,3%) және «Қазақмыс» корпорациясының «Борлы» Кӛмір департаменті (8,7%). Оларға республикадағы кӛмір ӛндірілімінің 87,7% келеді.
Қазақстандағы 2-ші ірі кӛмір кен орнының бірі Екібастҧз кӛмір кен орнының ашылу тарихы 1876 жылы Қосым Пішембаев, елден кетіп кӛпес орыстарға жалданып жҧмыс істеген. Оның міндеті–даладан кен іздеп, табылған кеннің орнына сол орыс кӛпестерінің аттары жазылған қағазды кӛмеді. Осындай бір сапарында ол Керекудегі (Павлодардағы)
104
Деров деген кӛпестен шығып келе жатып жолда кездескен сортаң тҧзды кӛлдің тҥстік батысында шығып жатқан кӛмі рге кӛзі тҥседі. Ол кезде бірталай кен тҥрлерін ажырата білетін Қосым оның тас кӛмір екенін анықтаған, одан соң кӛпестен алған белгіні сол жерге кӛміп, ҥстіне ӛз белгісін қойған. Павлодардағы алғашқы шахта Қосым шахтасы деп аталған.
1913 жылдан бастап Екібастҧз ағылшындардың «Қырғыздағы тау-кен акционерлік қоғамы» атты компаниясына қарайды. Олар жылына 150 тонна кӛмір ӛндіреді, темір жолмен Ертіске жеткізіп отырады. Бҧл кӛмірді пароход иелері сатып алған.
Ҧлы Отан соғысынан кейін бҧл жерлердің ірі кӛмір бассейні екені бҧрынғыдан да айқындала тҥсті.1954 жылы 24 желтоқсанда Мемлекеттік комиссия жылына ҥш миллион тонна кӛмір ӛндіретін бірінші кӛмір разрезін бірінші пайдалануға беру беру жайлы актіге қол қойды, Оралдың, Сібірдің,Қазақстанның ірі ірі ГРЭС тері Екібастҧздың арзан кӛмірімен жҧмыс істеді. Бҧл кҥнде «Екібастузуголь» бірлестігінің қарамағында бірнеше ірі ӛндіріс орындары бар. Солардың ішінде «Богатырь», «Центральный», «Западный», «Северный»
және «Южный» сықылды разрездерді ерекше атап ӛткен жӛн. Бҧлардағы карьер террасы (ашық карьерлердегі кӛмірді, не руданы ӛндіру ҥшін жасалған сатылы алаңдар) кертпештерінен ӛтетін темір жолдың ҧзындығы 700 км ден асады. Сол жолмен ҥлкен думпкарлар (аудармалы вагондар) арқылы минут сайын жер бетіне 60 тонна кӛмір, 50 текше метр тау жыныстары шығарылып отырады[3,5].
Екібастҧз кӛмірінің кӛп жылдар бойы толық қуатында пайдаланылмай келуінің басты себебі су мәселесі еді.
Қазіргі кезедегі кӛмір бассейнінің жоғарыдан қарағандағы қӛрінісі ассиметриялы мульда (ортасы тең емес астау) тәрізді. Оның ҧзындығы солтҥстік батысқа қарай 13 км,ені 5 км ,тереңдігі 2 км. Кӛмір қабаттары алғашқы және орта карбон ғасырларында жасалған қҧмтастар (аргилиттер) сияқты шӛгінді жыныстар аралығында кездеседі. Ӛндірістік маңызы бар жақын жатқан ҥш қабаттың қалыңдығы 160-180 м.
Қазір Қазақстан әлемдік рыноктағы ірі кӛмір ӛндірушілердің ондығына кіреді, ТМД елдері арасында кӛмір қоры және оны ӛндіру жӛнінде ҥшінші және жан басына шаққанда кӛмір ӛндіру бойынша – бірінші орын алады. Қазақстандағы ірі кӛмір ӛндірушілер, Павлодар облысының кәсіпорындары: ТОО «Богатырь Аксес Кӛмір» (жалпы республикалық ӛндірілімнің 42,8%), «Евразиялық энергетикалық корпорациясы» ААҚ Восточный» қиығы (20,7%), «Майкубен-Вест» ЖАҚ (3,3%, соның ішінде 96,6% жалпы республикалық тас кӛмір ӛндірілімі). Богатырь Аксес Кӛмір - Қазақстан кӛмір ӛнеркәсібінің жетекшісі. Бҧл кӛмір ӛндіретін рентабельді кәсіпорын. Ӛз қызметін бастағаннан бері компания 200 млн. тоннадан астам кӛмір ӛндірді.
Майкҥбі кен орны Екібастҧздан оңтҥстікке қарай 40 км қашықтықта орналасқан.
Оның кӛмірін тҧрғын халықтар ерте кезден пайдаланып келген. Майқайың ӛндірісін токпен қамтамасыз ету ҧшін салынған ЖЭО та осы Майкҥбі кӛмірін пайдалануда. Кейінгі жылдары Майкҥбіде бірнеше тонна кӛмір қоры бар екендігі анықталды. Бҧл кӛмірдің кҥлі аз, тас кӛмірге толық айналмаған қоңыр кӛмір болып табылады.
Кӛмір бассейні астау тәріздес синклинальді қҧрылым тҥзетін шӛгінді жыныстар аралығында орналасқан. Ендік бойымен оның ҧзындығы 70 км,кӛлденеңі 16 км. Бассейндегі кӛмірлі қабаттың жалпы қалыңдығы 1000 метр.Бҧл шӛгінді жыныстар соңғы триас пен юра аралығындағы мерзімде пайда болған. Оның дені малта тастар мен қҧм тастар. Кӛмір қабаттарының жалпы қалыңдығы 110 м, олар жеті қабаттан тҧрады.
Майкҥбі кӛмір қоры 10 миллиард тоннадан асады деп есептелуде. Зертеу нәтижесінде бҧл кӛмірдің жоғары мӛлшерде жылу (7000-7400 калория) беретіні анықталды. Сонымен Майкҥбі кӛмірі жартылай кокс алуға және энергогазхимиялық шикізат ҥшін ӛте қолайлы.
Қӛмір қабаттарының қалыңдығы,кҥлінің аздығы, және оны ашық карьер арқылы ӛндіруге болатындығы бҧл тӛңіректегі кӛмірдің ӛзіндік қҧны арзанға тҥсетіндігін дәлелдейді[4,5].
Тас кӛмір мен қоңыр кӛмір кендері Торғай ойпатында, Зайсан тӛңірегінде, Арал маңайында, Маңғышлақта, Оңтҥстік және Орталық Қазақстан жерлерінде де кездеседі.
Расталған кӛмір қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орында тҧр және жер асты қойнауында
жалпы әлемдік қор кӛлемінің 4% бар. Ӛнеркәсіп ҥшін аса бағалы энергетикалық және кокстелген кӛмір 16 кен орындарында топталған.
Қазіргі уақытта республиканың кӛмір саласы Қазақстанда электроэнергияның 78 %, кокс-химиялық ӛндірістің 100%, коммуналды-тҧрмыстық сектор мен халықтың отынға қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Қазақстанның кӛмір ӛнеркәсібі, қиын уақыттан ӛтіп, бҥгін еліміздің экономика саласында маңызды ҧстанымында тҧр.
Болашақта кӛмір электр-энергетиканың дамуын қамтамасыз ететін, отын тҥрінің негізгі, аса сенімді стратегиялық тҥрі болып қалады. Оны ӛнеркәсіпте және экономиканың басқа салаларында тҧтыну артады.
Кӛмір экспорттаудың жалпы кӛлемі 22-27 млн. тонна деңгейінде тҧрақталды. Негізгі импортер Ресей Федерациясы болып табылады. Соңғы жылдары шет елдерге кӛмір ӛнімін жеткізу географиясы айтарлықтай кеңейді. Қазақстан кӛмірін тҧтынушылар қатарына Румыния, Чехия, Польша, Эстония, Турция, Украина кірді. Қазақстанның кӛмір саласының ӛндірістік қуатын ескере отырып, республиканың таяу жылдары кӛмірді шет елдерге 30- 35млн тоннаға жеткізу мҥмкіндігі бар.
Кӛмір саласының шикізат базасы мен қолданыстағы кӛмір шығаратын кәсіпорындардың ӛндірістік әлеуеті, кӛмірді тҧтынушылардың тӛлеуге қабілетті сҧранысын Қазақстан ішінде, сондай-ақ басқа елдерде толығымен қанағаттандыруға мҥмкіндік береді.
Сала дамуының одан әрі жоспарлануы Қазақстанның және шекаралас елдердің макроэкономикалық жағдайына, сондай-ақ, белгілі-бір деңгейде, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелесуге мҥмкіндік беретін жаңа технологияларды енгізумен байланысты болады [5,6]. Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) дамыту стратегиясына сәйкес электр энергетикасы және кӛмір ӛнеркәсібі бӛлігінде кӛмір ӛндіру 2003 жылғы 84,7 млн.тоннадан 2020 жылы 98-100 млн.тоннаға немесе 18,1% ӛседі деп болжануда.
Бҧл ретте 2020 жылға қарай ішкі тҧтынуды 10 млн.тоннаға дейін ӛсіру, энергетикалық және кокстелетін кӛмірді негізінен Урал мен Сібір электр станцияларына, Ресей Федерациясының металлургия комбинаттарына экспорттау 20-30 млн.тонна деңгейінде жоспарлануда. Жалпы энергетикалық кӛмір ресурстары жылу электр станцияларының қажеттіліктерін толық шамада қамтамасыз етуде, басқа салалар мен коммуналдық секторды отынмен тҧрақты қамтамасыз ету ҥшін Шҧбаркӛл және Майкҥбі кен орындарында, сондай-ақ Қаражыра кенішінде кҥлі аз кӛмір ӛндірісін 10,0 млн.тоннадан 15,0 млн.тоннаға дейін бір жарым есеге арттыру кӛзделіп отыр.Отын-энергетика кешенін дамыту стратегиясында, сондай-ақ Қарағанды алабында кӛмір ӛндіруді арттыру болжануда, оның едәуір бӛлігі кокс ӛндірісіне арналған ресурстарға тартылуы мҥмкін. Жалпы, жер асты әдісімен сапалы кӛмір ӛндіру 2005 жылы 10-12 млн.тонна болса, 2010 жылы – 12-14 млн.тонна және 2015 жылы – 14-16 млн.тонна деңгейінде болжануда. Кӛмір ӛндіретін кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларына сәйкес ӛндірісті жаңғыртуға және негізгі қҧралдарды жаңартуға арналған инвестициялардың жалпы кӛлемі 2005 жылға дейін шамамен 100 млрд.теңгені қҧраса, 2006- 2010 жылдары – 120 млрд.теңге деңгейінде және 2011-2015 жылдарда – 130 млрд.теңге болмақ деп болжануда.
Әдебиеттер
1. Э. Проскуряков «Реттелетін компаниялардың ӛмірі» 2007ж 2. С. Джаксыбаев «Природа и естественные ресурсы » 2003ж 3. С. Джаксыбаев Экибастуз Энциклопедия Екібастҧз қ.
4. «AES Қазақстанда » Журнал 2008 ж.
5. Богатырь Аксес Комир Журнал 2005 ж
6. Ж. Рахымбаева статья «Развитие промышленности Экибастузского региона в свете реализации стратегии Казахстан 2030» 2007г.«Голос Экибастуза»
106