Шалбаев Е., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ің Азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы
ҚАЗАҚСТАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУАНДА ЖАСТАРДЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУДЫҢ РӚЛІ
В данной статье рассмотрены некоторые вопросы правового регулирования занятости молодежи и усовершенствования законодательной базы молодежной политики.
Ключевые слова: занятость населения, безработица, молодежь, дорожная карта, трудоустройство
Abstract: The article deals with some issues of youth employment and improvement of legislative base of state youth policy
Key words: employment of population, unemployment, youth, the road map, job fairs
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Кӛшбасшысы Н.Ә.
Назарбаев: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында: « Әлемнің әміршісі - еңбек.Тек еңбекпен ғана жеміс ӛнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек»[1], дей келе, барлық қазақстандықтарды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырды, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырды, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағдайын-дағы шешуші ұлттық факторы ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, индустриялық-инновациялық бағдарламаны орындауда - алдыңғы кезекке ілгерілетуді ұсынды. Әрине, Елбасының бұл стратегиялық тапсырмасын орындауда ел жастарының рӛлі зор.
Президент ӛз еңбектерінде жастар реформалардың алғы сапында болуға тиіс және ХХІ ғасырда Қазақстанды құратын да, дамытатын да нақ осы жастар екенін ерекше атап кӛрсетті. Бұл орайда, Н.Ә.Назарбаевтың жас ұрпаққа арнау түрінде жазған «Қазақстандық жол» кітабының қағидасы ерекше кӛкейкесті болып кӛрінеді [2]. ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, жастар еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды [3].
Қазақстандағы басты ұлттық идея болып отырған - халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында, ел болашағы үшін халықты еңбекпен қамтамасыз ету - нӛмірі бірінші мәселеге айналып, үнемі Елбасының назарында болып келді.
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» ХДП XIV съезінде, халыққа арнаған Жолдауларындаында қазақстандыктарды жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыруға ерекше кӛңіл бӛлінген. Еңбек нарығын дамытудың бір бағыты ретінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұлғайту және жастар
практикасын ұйымдастыру белгіленген. Үкіметтің 2009 жылға арналған іс- қимыл жоспары болып табылатын және негізгі мақсаты халықты жұмыспен қамтамасыз етуді кӛздейтін "Жол картасында" да бұл мәселелерге тиісінше орын алған болатын.
2009 жылдың бірінші жарты жылдығында елдің әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары бойынша 2009 жылғы шілдеде Президентте Үкімет мүшелерімен болған кеңесте жүзеге асырылып жатқан тұрақтандыру шараларының оң барысы ретінде экономиканың үшпайыздық, ӛсімі, инфляцияның баяулағаны және жұмыссыздықтың, әсіресе, жастар арасында айтарлықтай азайғаны (6,5%-ға дейін) атап кӛрсетілді [4; 198].
Президент 2010 Жолдауында «Болашақтың экономикасы» секторының нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйесін іске асыру жолдарын белгілеп берді. Бұл жолда жастарға кең мүмкіншілік берілген.
2011 жылғы Жолдауында «Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық»,- кӛрсетілген [5].
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт Кӛшбасшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы міндеттер кешенінің қатарында: « 2020 жылға қарасты біз осы¬лайша 1,5 миллион адам¬ды сапалы жұмыстарға еңбекке орналас¬тыруы¬мыз қажет»,- деп кӛрсетілген [6].
Бәріміз білетіндей, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстанның барлық аймағында Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы басталған. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 56 мың қазақстандық аталмыш бағдарламаның қатысушысы болды. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – адамдарды жұмыспен қамтып, қайта оқытумен қатар, ӛз ісін ашу үшін азаматтарға шағын несие ұсынады. Ұзақ мерзімді Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының маңыздылығы ерекше. Бұл бағдарлама еңбек нарығының тиімділігін арттыруға, күнкӛрісі тӛмен, жұмыссыз және ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтыған халықты ӛнімді жұмыспен қамту бағдарламаларына тартуға; индустриялды- инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін кадрлық әлеуетті дамытуға;
атаулы әлеуметтік кӛмек жүйесін жетілдіруге бағытталған. 2016 жылға қарай 1,5 млн. адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын, ал ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтыған халық 33,3 %-дан 20 %-ға дейін тӛмендейтін болады. Сонымен қатар, еңбек ӛнімділігінің қосымша ӛсімі 20 % құрайтын болады[7].
Осы кӛрсеткіштермен қатар, жастар еңбегі туралы мәліметтерді де келтіре кетсек: «Бүгінгі таңда жастардың еңбекпен қамтамасыз етілуі 93%
жуықтап (60% жуығы ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтушылар), жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады»,- деп кӛрсетеді зерттеушілер[3].
Біздің ойымызша, аталған жетістіктер еліміздегі жастарға жасалған қамқорлықтың нәтижесі. Мысалы, «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының 8-бабында жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласында жәрдемдесу жағдайлары мен кепілдіктері кӛрсетілген [8].
Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды жаңарту қажет. Жас мамандарды еңбекке орналас¬тырудың кепілдіктері мен әлеуметтік пакет тура-лы, жастар тәжірибесін ұйымдастырудың тәртібі туралы құқықтық нормалар қажет.
«Біздің жастар елеспен ӛмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес. Туған Қазақстанда еңбек етіп, ӛз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет.
Ол үшін мемлекет барлық жағдайлар жасауда және одан әрі де жасай беретін болады»,- деп санайды Президент[1].
Жоғарыда айтылған ойларға Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының тӛрағасы Қ.Мәми де қосылады: «Перспективы социальной модернизации в немалой степени зависят от ее поддержки молодым поколением казахстанцев. Между тем, если в структуре безработицы доля молодежи до 24 лет составляет лишь 10,4%, то в возрасте 25–34 лет – уже 37,5%, что не может не вызывать тревогу. Усовершенствование законодательной базы государственной молодежной политики позволит приступить к разработке новых программ поддержки молодежи в различных сегментах общественно-экономической жизни» [9].
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында тӛмендегідей бағыттарда жүзеге асырылады:
жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту;
жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық жағынан қолдау; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бiрлестiктерiн құру және қызметiн ұйымдастыру, соның iшiнде оқу орындарының базасында құру және қызметiн ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жастарына мынадай кепілдіктер беріледі:
жұмысқа орналасуға, кәсiби даярлануға, бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге;
мемлекеттiк ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;
мүгедек жас адамдар үшiн жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан ӛту бағдарламаларына, соның iшiнде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткiзуiн қамтамасыз етуде жәрдемдесуге.
Елімізде жастарды еңбекке орналастыру жӛніндегі әлеуметтік құрылымдар жасау қолға алынған, мысалы, олардың арасында бастапқыда жастар істері жӛніндегі облыстық комитеттер жанынан жұмыс істей бастаған жастар еңбек биржалары бар. Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңына сәйкес нысаналы топтарға қатысты тұлғалардың тізбесі аныңталған, оларға жасы жиырма бірге дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған жастары 23-ке дейінгі балалар. Бұларға еңбекке
орналасуда қиыншылыққа тап болатын, сондықтан әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалар ретінде жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қамтамасыз етіледі [10]. Қандай да бір мамандық алу, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында жас адамдарды курстарда оқыту жүргізіледі.
Жұмысшы вакансияларының жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Республика қалаларында жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры студенттерге арналған маусымдық вакансиялар жәрмеңкелерін ӛткізеді.
Алғаш рет мұндай жәрмеңке 2001 жылы ұйымдастырылды. Оның танымалдығы артуда. 2003 жылы 49 кәсіпорын әртүрлі ва¬кансиялар, соның ішінде біліктілікті талап етпейтін жұмыстарды қоса ұсынды. Мұндай ұсыныстар да сұранымға ие болды. Біріншіден, қандай еңбек болса да пайдалы және табыс табуға мүмкіндік береді, ал екіншіден, кӛптеген оқушылар қосымша жұмыстан үміттенеді, ал біліктілікті керек етпейтін жұмыс осындай мүмкіндік береді де. Егер алғашқы жылдары қор жас адамдарға жұмыс туралы қандай ұсынысқа да риза болған болса, қазір кәсіпорындармен және жастармен ынтымақтастығын неғұрлым нысаналы түрде құруға, сӛйтіп үміткерлердің ендігі меңгерген немесе меңгеруге ұмтылатын мамандықтарына сәйкес жұмыс іздеуіне мүмкіндік бар.
Жәрмеңкені ұйымдастырушылар жұмысқа орналасқан сту¬дент оларға жұмыс берушімен ӛзінің келісімінің кӛшірмесін әкелгенде ғана ӛз жұмысын аяқталды деп есептейді. Егер жас маманды оны алған жұмыс беруші алдап кететін болса, қор оның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін істі сотқа дейін жеткізуге септеспек [11]. Жәрмеңкелерге қатысушы кәсіпорындар саны жылдан-жылға кӛбеюде.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің респуб¬ликалық бірлестіктері — Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының федерациясы, Қазақстан ерікті кәсіподақтары конфедерациясы, Қазақстан еңбек конфедерациясы мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері — Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер конфедерациясы, Еуразия ӛнеркәсіптік қауымдастығы, Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресі, Қазақстан тауар ӛндірушілері мен экспортшыларының одағы арасындағы 2009—2011 жылдарға арналған Бас келісім туралы айту керек.
Халықты жұмыспен қамтудың түрлі республикалық бағдарлалары шеңберінде жастарға еңбекке орналасуда жәрдем беріліп отырды. Жұмыспен қамтылу деңгейін кӛтеру үшін және басқа да мәселелерді шешу үшін республика үкіметі жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008—2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдап, оны мемлекеттік, аймақтық және салалық бағдарламаларды дайындау кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға қолдануды ұсынды. 2008 жылы қаңтарда Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жӛніндегі республикалық форум болып, оның қорытыңдылары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған бизнес құрылымдары арасында БҰҰ-ның әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы Жаһандық шартының принциптерін іске асыру жӛніндегі келісімге қол қойылды. Аталған құжатқа сәйкес жұмысқа штаттық
құрамның кемінде бес пайызы мӛлшерінде жастарды алу квотасы белгіленді [11].
Жастарды, жалпы Қазақстан халқын жұмысқа тартуда шешілетін мәселелер әлі де кӛп. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа жұмыс орындары құрылуда. Бірақ біз жұмыссыздардың барлығы бірдей жұмыс істеуге ұмтылмайтындығын да кӛріп отырмыз. Ӛкінішке қарай, адамдар арасында жаңа біліктілікті меңгеруден гӛрі базарда «такси» қызметін атқаруды қалайтын психология сақталып отыр.
Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл психологиядан арылу қажет! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, ӛндіріске бару керек. Жас та және ересек те бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, нәпақа табатын жерге қарай ұмтылулары керек!»
[1], - деді.
Елбасының 2012ж. 3 шілде күні Астанада ӛткен Индустрияландыру күніне арналған телекӛпір барысында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
бағдарламасында Қазақстанды жаңғыртудың ауқымды міндеттерін шешу және әлеуметтік жаңғыртуды, ашып,халықты еңбекке тартудың нақты шешу жолдарын белгілеп берді. Бағдарлама мемлекеттік жастар саясатын реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдары жастардың инновациялық әлеуетін неғұрлым тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіруге жақсы мүмкіндік береді. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»
ҚР Заңына жас маманның мәртебесін құқықтық айқындау, оның ең тӛменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер бойынша ӛзгерістер енгізу туралы заңды қарастырады.
«Нур Отан» всегда ставил во главу угла работу с молодежью. И сегодня Президент страны, Лидер нашей партии Нурсултан Абишевич Назарбаев, выдвигая идею построения общества всеобщего труда, особо подчеркивает именно роль молодежи в социальной модернизации страны.
Что касается механизмов построения инновационного Казахстана, то они у нас есть. А правовые нормы - о гарантиях трудоустройства, о социальном пакете для молодых специалистов - будут внесены в закон о молодежной политике», -деген Н.Ниғматулиннің айтқан сӛздері кӛңілге сенім ұялатады[12].
Ендігі жерде жастар, бүкіл халық Бағдарламада Президент кӛрсеткен әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін құрып, тапсырмаларды орындауға жұмылуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам// inform.kz/kaz/section/10458/
2.Назарбаев Н. Казахстанский путь.- Қарағанды, 2006. 372 с.
3. shalkar_nurseitov.yvision.kz/post/2...
4.Зайниева Л.Ю. Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан әлемдік тәжірибе тұрғысында. –Алматы: Дайк-Пресс, 2009. -284б.
5. news.nur.kz/174712.html
6.Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты.Қазақстан халқына Жолдауы. - 2012 жылғы 27 қаңтар // youtube.com/watch?v=ytOeK7bJDYI
7.Егемен Қазақстан, 27 сәуір, 2012
8. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы». – Алматы: Юрист, 2008. -12б.
9.Мәми Қ. Социальная модернизация – веление времени / Казахстанская правда.- 3 октября, 2012
10.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» //ҚР-ң еңбек заңнамасының нормативтік актілері: Нормативтік құқықтық актілер жиынтығы. –Алматы: Юрист, 2008. - 60б.
11. Шалбаев Е.Ж. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы және жастарды жұмыспен қамту// «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл:
қалыптасудан-гүлденуге» Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –Астана. -2012, 67-70 бб.
12. Нигматулин Н. - Сұбхат.- Zakon KZ.- 15 августа, 2012