• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақстан және Түркия Республикаларының саяси қарым-қатынастары (1991-2001)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақстан және Түркия Республикаларының саяси қарым-қатынастары (1991-2001)"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

2046

выявлено два вида образования деепричастия –е/-е, -ып/-ып, -п/-п, -ÿп/-іп, где –е/-е образуют деепричастия указывающие на одновременность действия с действием основного глагола, - ып/-ып, -п/-п, -ÿп/-іп образуют деепричастия, обозначающие законченность действия.

Таким образом, в данной работе нами были исследованы морфологические категории на основании кириллического памятника XIX века и современного казахского языка. В работе мы попытались исследовать развитие грамматических форм (морфологических категорий), влияние фонетических закономерностей на морфологические процессы, дифференциировали словообразовательные, словоизменительные и формообразуюшие аффиксы, а также показали агглютинативный характер тюркских языков и важность закона сингармонизма на основании сравнительного анализа текста кириллического памятника XIX века «Книги премудростей Иисуса, сына Сирахова» XXII и XXIII глав и современного тюркского языка.

Вследствие этого нами были выделены следующие отличительные и схожие моменты. В целом в работе наблюдается схожесть основных грамматических категорий имени и глагола, а также правильное присоединение аффиксов к корню согласно закону сингармонизма, но безусловно имеются и исключения. Главной отличительной чертой является не совпадение фонетико - фонологического состава в корневых и аффиксальных морфемах, что обусловлено наличием в казахском языке специфических фонем. Помимо этого, в кириллическом тексте некоторые аффиксальные морфемы указаны как отдельные части от слова, а иногда глагольная основа, например, деп, указана в составе данного слова. Также, не указывались, как аффиксальные морфемы словообразовательные аффиксы. Кроме того, еще одним интересным моментом в исследуемом памятнике было наличие аффиксов историзмов, которые упоминались в притяжательной форме имени существительного третьего лица единственного числа, так как использование данного словоизменительного аффикса наблюдается в кыпчакском языке.

Список использованных источников

1. Шаймердинова Н.Г. Средства выражения времени в русском и казахском языках.

Функциональный аспект. – Астана, ЕНУ, 2002. – 17 с.

2. Виноградов В.В. Русский язык. Грамматическое учение о слове. – М.: Учпедгиз, 1947. – 785 с.

3. Балакаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казахском языке. – И.: АН КазССР, 1957. – 122 с.

4. Севортян Э.В. Аффиксальное глаголообразование в азербайджанском языке. Автореф. докт.

дисс. – М., 1957. – 71 с.

5. Харитонов Л.Н. Залоговые формы глагола в якутском языке. — М. - Л., 1963. – 123 с.

6. Қазіргі қазақ тілі. – Б.: КазССР, 1954. – 451 с.

7. Н. А, Баскаков, А. К. Есенов, В. А, Исенгалиева, Т. Р. Кордабаев Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. — И.: Наука, Алма-Ата, 1966. — 459 с.

УДК 32.001(574)

ҚАЗАҚСТАН ЖƏНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНЫҢ САЯСИ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСТАРЫ (1991-2001)

Дүйсенова Назерке Есеевна

[email protected]

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықарлық қатынастар факультетінің 4-курс студенті, Нұр- Сұлтан, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – А.Б. Шалдарбекова

Қазақстан мен Түркия – ежелден еншісі бір, тамырлас туыс елдер. Арғы тарихта бастауларымыздың, діліміздің бен дініміздің ортақтығы бізді одан əрі жақындастыра түседі.

(2)

2047

Қазақстанның тəуелсіз ел атанғанына 20 жыл болды. Сонымен бірге Түркиямен арадағы ынтымақтастық байланыстарымызға да 20 жыл толып отыр. Біздің тəуелсіздігімізді ең алғашқы болып таныған Түркияға деген құрметіміз ерекше. Сол кезден бері екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың желісі үзілген емес. Еліміз егемендігіне ие болған күннен бастап Қазақстан мен Түркия арасында ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің негізі берік қаланды.

Қазақстанның Түркиямен қарым-қатынасының негізінде өзара құрмет пен екі халықтың ортақ мүдделері жатыр. Алайда Қазақстан мен Түркиясияқты бір атадан тараған ұлттардығ мемлекеті туралы сөз қозғалғанда, екі елдің байланыстарында айрықша рухани мəн- мағынаның бар екені хақ. Осы рухани мəн-мағына халықтарымыз арасындағы ерекше достық байланыстан нəр алады. Ортақ тарих пен ортақ құндылыққа ие туыстас екі халықтың келешектен күтетін үміттерінің де ұқсас болуы заңды құбылыс.

Осы достық пен бірлікке бастаған тарихи қадам біздің тұрақты қатынастарымыздың берік негізін қалады. Жас тəуелсіз Қазақстанның бойын тіктеп, ел болып қалыптасуына түрік бауырларымыздың қолдауы, ықыласы мен тілеулестігінің жəрдемдескені де даусыз [1, 6-7 б.].

Қазіргі таңда Қазақ жəне түрік халықтары арасындағы терең тарихи жəне мəдени байланыстарға сүйеніп құрылған қатынастарымыз өзара түсіністік пен мүдде негізінде даму үстінде. Халықтарымыз арасындағы мызғымас достық Қазақстан-Түркия арасындағы тығыз саяси диалог, тиімді экономикалық жəне мəдени байланыстардың өзара тиімді стратегиялық серіктестікке айналуына мүмкіндік берді.

Сонау 1992 жылғы 2 наурыздан бастау алған Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар осы жылдар ішінде екі бауырлас ел арасындағы достық пен бірлікке негізделген байланыстарға айналып, тұрақтылық сипатындағы стратегиялық əріптестік деңгейіне көтерілді. Сондықтан осы 20 жылдық мерзім ішінде Қазақстанның еңсесін көтеріп, егемен ел болып қалыптасуына тамыры тереңде жатқан туысқан түрік бауырларымыздың қолдауы мен тілеулестігінің ықпал еткені даусыз [3, 45 б.].

Қазіргі таңдағы саясаттануда «Саяси қарым-қатынас» түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды,билік қағидаттары мен əр түрлі институттарды қарастырады. Саяси жүйе қоғамның саяси тыныс- тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.

Саяси қарым-қатынас- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара əрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дəрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тəртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.

Саясат - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым [2, 11 б.].

Негізінде, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі саяси байланыстар Қазақстан тəуелсіздігін жарияламас бұрын басталған болатын. Сол кездегі Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озалдың Қазақстанға тұңғыш сапары 1991 жылғы 14- 15 наурызда ұйымдастырылды. Сапар барысында Қазақ Советтік Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасы арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Содан соң Түркия Президенті Тұрғын Өзалдың шақыруымен 1991 жылғы 25-29 қыркүйекте Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде түркітілдес мемлекеттер тарихында президент деңгейіндегі Түркияға алғашқы рет жасалған ресми сапар болды.

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хикмет Четиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға Алматы қаласында қол қойылды.

Түркияның Елшілігі 1992 жылы 18 сəуірде Алматыда ашылды. Қазақстанның Түркиядағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі Қанат Саудабаев қызметін 20 мамырда бастады.

Powered by TCPDF (www.tcpdf.org)

(3)

2048

1992 жылдың 29 сəуір – 1 мамыр аралығында Түркия Республикасының Премьер-министрі Сүлейман Демирелдің Қазақстан Республиасына ресми сапары өтті. Сапар барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мəселелерінің кең ауқымы талқыланып, экономика, инвестиция, көлік, білім жəне мəдениет салаларындағы келісімдерге қол қойылды.

1992 жылы 28-31 қазанда өткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына сапары Түркітілдес мемлекеттер басшыларының кездесуімен ұштастырылды.

Сапар барысында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ашылу рəсімі өтті. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы келісімге қол қойылды.

1993 жылы 9-11 сəуірде Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Өзалдың Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті. Сапар барысында Т.Өзал Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінде жəне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде сөз сөйледі.

1993 жылдың 21-22 сəуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Тұрғыт Өзалдың қайтыс болуына байланысты азалы рəсіміне қатысты. 6- 7 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты.

1-4 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің Түркия Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы Консулдық конвенцияға жəне Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құру туралы хаттамаға қол қойылды.

1994 жылы 30 тамыз-2 қыркүйек аралығында Түркия Ұлы Ұлттық Мəжілісінің төрағасы Хусаметтин Жиндоруктің Қазақстан Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды.

Осы жылдың 16-19 қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық шартына қол қойылды. Сондай-ақ екі жақты саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сонымен қатар Н.Назарбаев түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кездесуіне қатысты.

1995 жылы 12-14 маусымда Түркия Республикасының Президенті Сүлейман Демирелдің Қазақстан Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қалашығының іргетасы қаланды, Халықаралық ынтымақтастық жəне даму жөніндегі түрік агенттігінің өкілдігі ашылды.

1995 жылдың 14-16 тамызда Түркия Республикасының Премьер- министрі Тансу Чиллердің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті. Сапар барысында екі жақты сауда- экономикалық қатынастарға назар аударылып, осы салаларда бірқатар келісімдерге қол қойылды.

1996 жылы 12-18 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Өмірбек Байгелдінің Түркия Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды.

Сапар барысында екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

1996 жылдың 15-17 желтоқсанда Түркия Республикасының Президенті Сүлейман Демирел Қазақстан тəуелсіздігіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға қатысты.

1997 жылдың 3-7 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының премьер министрі Əкежан Қажыгелдиннің Түркия Республикасына сапары өтті.

Осы жылы 13-15 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Өмірбек Байгелдіннің шақыруымен Түркия Ұлы Ұлттық Мəжілісінің төрағасы Мұстафа Калемлінің Қазақстан Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды. Ал, 9-11 қыркүйекте Түркия Республикасының Премьер-министрі Месут Йылмаздың Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті. Сапар барысында екіжақты сауда-экономикалық

Powered by TCPDF (www.tcpdf.org)

(4)

2049

қатынастарға назар аударылып, «Қазақстан мен Түркия:ынтымақтастықтың келешегі» атты конференция ұйымдастырылды.

1998 жылы 11 мамырда Түркия Республикасының Президенті Сүлейман Демирель Қазақстанда өткен экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты. 9 маусымда Түркия Республикасының президенті Сүлейман Демирел Қазақстанда өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының кездесуіне қатысты.

1998 жылы 14-19 маусымда қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында екіжақты жəне копжақты ынтымақтастық кеңінен талқыланды. Президент Н.Назарбаев Билкент университетінде сөз сойледі жəне университеттің құрметті профессор атағына ие болды. 28-30 қазанда Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Түркия Республикасының құрылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерейтойлық салтанатқа қатысты.

1999 жыл, 19-21 қаңтарда Түркия Ұлы ұлттық мəжілісінің төрағасы Хикмет Четин Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевты ұлықтау рəсіміне қатысты. 6-шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Анталияда өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының кездесуіне қатысты. 1999 жылдың 18-19 қарашада Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Ыстамбұлда өткен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық саммитіне қатысты.

2000 жылдың 11-12 маусымда Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Исмаил Жемнің Қазақстан Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды. 19-20 қазанда Түркия Республикасының президенті Ахмет неждет Сезердің Қазақстан Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды.

Сапар барысында екі ел арасындағы тығыз байланыстарды одан əрі дамытуға көңіл бөлінді. А.Сезер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сөз сөйлеп, Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған мерейтойға қатысты.

2001 жылы 28-1 сəуір аралығында Түркия ұлы ұлттық мəжілісінің төрағасы Өмер Езгиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары ұйымдастырылды. 26-27 сəуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Түркияда өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының кездесуіне қатысты. 4-ші қазанда Қазақстан Республикасының президенті Н.- ші қазанда Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Түркияға жұмыс сапары ұйымдастырылды.Сапар барысында екі жақты ынтымақтастықты одан əрі дамытудың жолдары талқыланды[1, 38-45 б.].

Қорыта келе, түркілік өркениет əлемде тек озық мəдениетімен ғана емес, экономикалық қуатымен де ерекшеленген. Тарихтың терең қойнауынан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан мəңгілік бауырластық байланыстардың осындай жарқын үлгілері мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің дамуына игі ықпал етеді.

Қолданылған əдебиеттер тізімі

1. Қазақстан – Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы. – Анкара: Елма Басым, 2012, 413 б.

2. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998, 240 б.

3. Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. – Алматы, 1994, 489 б.

4. Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1997, 624 б.

5. Омаров М.М. Интересы Турции в Центральной Азии // Вестник КазГУ. Серия:

Современные международные отношения и международная политика. №2, 2007. С.46-49.

Powered by TCPDF (www.tcpdf.org)

Referensi

Dokumen terkait

«Агенттік «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы

Сонымен қатар ресми емес әңгімелесуге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Рухани жаңғыру департаментінің және Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті