• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ АШУ МЕН ТЕРГЕУ ПРОЦЕСІН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ АШУ МЕН ТЕРГЕУ ПРОЦЕСІН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Отарбаева А.Б., Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Академиясының 2 курс магистранты

ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ АШУ МЕН ТЕРГЕУ ПРОЦЕСІН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

В данной статье рассматриваются вопросы оперативно-розыскного и криминалистического обеспечения расскрытия и расследования преступлений, совершаемых организованными преступными группами.

Ключевые слова: оперативно-розыскная деятельность, преступление, организованная группа, следствие

This article examines the operational-search and forensic securing of detection and investigation of crimes committed by organized criminal groups.

Keynotes:

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыс заңды және заңсыз бизнестің ең кірісі мол саласына еніп, экономиканың негізгі бөлігін бақылауға алып, мемлекетіміздің қалыпты дамуының тұрақсыздануын көздеп отыр.

Қорқытып алушылық, қарақшылық, есірткі мен психотропты заттардың заңсыз айналымы, экономикалық және тағы басқа, яғни көбінесе ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстар мемлекетке едәуір зардап келтіруде.

Бүгінгі таңда ұйымдасқан қылмыстылық тек заңды экономикаға ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдар құрылымына енуге ұмтылып, атқарушы және сот билігін сыбайлас жемқорлыққа тартуда1.

Жасаған қылмыстары үшін жауапкершіліктен жүйелі түрде бой тасалап жүрген ұйымдасқан қылмыскерлер өздерінің заңсыз ақшаларын жасырын және заңды экономика инфраструктурасына аудару арқылы оларды сәтті түрде заңдастырады. Аталган топтар жоғары мобильді, қазіргі таңдағы жаңа көлік және техникалық байланыс құралдарына, үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен қатар олар өздерінің заңсыз әрекеттерінде жедел-іздестіру қызметінің әдістерін қолданып, өз қатарларына құқық қорғау органдар қызметкерлерінің арасынан өздеріне жақ болатын және физикалық жағынан дайындығы мықты тұлғаларды тартып отыруда.

Ұйымдасқан қылмыстылық жалпы қылмыстылықтың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан да оны «әдеттегі» қылмыстылықтан бөлектеп қарастыруға болмайды, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық қызметтің жедел-криминалистикалық сипаттама элементтерін анықтауда қылмыстардың жалпы құрылымын негізге алу қажет делінген2. Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстарды тергеудің өз ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер мынадан байқалады, қылмысты квлификациялау мәселелері, қылмыскерлердің тарапынан балсенді және тұрақты қарсылық көрсетілуі, қылмыстардың көп эпизодтылығы, объективті дәлелдемелерді табу мен бекітудің қиындығы болып табылады.

Тергеудің алдында қойылған алғашқы сұрақ, ол қылмыстық қоғамдастықты құру фактісін немесе оны құруға дайындалу фактісін анықтау болып табылады. Сонымен қатар тергеудің алғашқы сатыларында «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 11- бабында көзделген жедел-іздестіру шараларын жүргізудің маңызы өте зор. Бұл шараларға сұрастыру, бақылау, жедел еңгізу, телефон сөйлесулерін тыңдау, т.б. жатады. Оларды жүргізу арқылы қылмыскерлердің қылмыстық қызметтерінің конспирациясына, олардың

1 Еркенов С.Е. Организованная преступность в Казахстане // Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Часть 1:

(Материалы международной конференции). – Алматы, 1996.

2 Организованная преступность. Проблемы, дискуссии, предложения. Москва.: Юридическая литература, 1989.

(2)

ұйымдастырылуына, құрылымның иерархиясы мен құрылым ішіндегі тәртібіне әсер етіп, қарсылық көрсетуге болады.

Жедел-іздестіру қызметінің қорытындылары сот жұмысы процесіне енгізіледі, яғни ресмилендіріледі. Жедел жолмен алынған мәліметтерді ресмилендіру процесінде ұсынылған заттарға (мысалы, видеотаспалар, фотосуреттер, т.б.) қарау жүргізу, куә ретінде жедел уәкілдерден жауап алу, сараптамаларды тағайындау және т.б. тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Осындай қылмыстық істер бойынша кейбір тергеу әрекеттердің тактикалық ерекшеліктері көбінесе дәлелдемелерді алу мен бекітудің қиындығымен; ұйымдасқан қылмыстық топтар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа салынған көмекшілері тергеуге кедергі жасап отырған жағдайда дәлелдеме заттарды табу мен оларды икемді түрде пайдалану қиындығымен ерекшеленеді. Бұл жағдай куәлар мен жәбірленушілерден мұқият түрде жауап алу әдістерін ғана емес, сондай-ақ оларды қылмыстық әрекеттерден қорғау әдістерін, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барынша техникалық құралдарды (бейне және дыбыс жазу құралдарды, т.б.) қолдануды, сонымен қатар табылған іздер мен дәлелдеме заттарды зерттеу үшін әр түрлі бағыттағы арнайы білімдердің болуын талап етеді.

Жедел-іздестіру материалдары тергеу поцесінде кең қолдануының мүмкіндігі мен қажеттілігіне байланысты оның қылмыстық іс-жүргізу заңының талаптарына сай етудің спецификалық тактикалық ерекшеліктері бар. Тәжірибе көрсеткендей, ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне байланысты жедел-іздестіру материалдарын жүзеге асыру процесінде қабылданатын тактикалық шешімдер өз күрделілігімен ерекшеленеді, яғни осы жағдайда тергеу ахуалының түрлі компоненттерін, жедел материалдарды жүзеге асырудың қиындығын, тергеуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде сұрақтарды ескеру қажет.

Осындай қылмыстық істерді тергеу барысында кейбір тергеу әрекеттерді жүргізудің маңызы зор болып табылады. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыс адамдар тобымен жасалғанын анықтауға болады, яғни табылған іздер, қылмысты жасау әдісі мен қылмыс құралдары оған негіз бола алады.

Қылмыс және қылмыскерлердің іздерін бағалау келесі мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді:

- іздердің пайда болу себесін анықтау;

- іздердің пайда болу әдістерін, олардың пайда болу уақыты мен жағдайларын анықтауға, яғни қылмыстың мән-жайларын ойда қалыптастыру;

- табылған іздерді жасалған қылмыспен байланысын анықтау, іске қатысы жоқ іздерді жою және өзге де іздерді табуға байланысты мәліметтер алу;

- із қалдырушы объектілерді анықтау;

- қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтерді анықтау, қылмысқа қатысы жоқ тұлғаларды алып тастау;

- табылған іздердің өзге қылмыстар материалдарымен, яғни қылмыс жасау әдісінің ұқсастығы, т.б. байланысын анықтау;

- болжамдарды шығару, тергеуді жоспарлау үшін мәліметтерді алу3.

Қылмыстық істі қозғау кезеңінде оқиға болған жерді қарау нәтижелерімен қатар жасырын қызметкерлердің жұмысы, пәтерлерді және аулаларды аралау, жәбірленушілер мен өзге де тұлғалардан сұрау жүргізу, іздеу-қызмет иттерін пайдалану, т.б. сияқты жүргізілетін жедел-іздестіру шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтер қолданылады.

Оқиға болған жерді қарау барысында алынған ақпарат әрдайым толық бола бермейді. Ол қылмыстың адамдар тобымен жасалғанын көрсетіп, бірақ осы топтың ұйымдастырушылық дәрежесі туралы мәлімет бере алмайды. Ал жедел материалдары,

3 Уканов К.Ш. Актуальные проблемы совершенствования борьбы с организованной преступностью и коррупцией // Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Часть 1: (Материалы международной конференции). – Алматы, 1996.

(3)

қылмыскердің өз кінәсін мойындап келуі немесе қылмыскерлердің саны мен белгілерін, ал кейбір кезде қылмыстық топтың ұйымдастырушылық дәрежесін анықтауға, олардың қызметтері туралы бағалы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін жәбірленушілердің түсініктемелері алғашқы ақпарат ретінде негіз болса, онда қылмыстар ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалғаны туралы сөзсіз айтуға болады.

Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған қылмыстар туралы мәліметтерді алудың тәсілдері ішінен жауап алудың орны ерекше. Оның тактикалық қамтамасыз етілуі оны жүзеге асырудың тәсілдері мен, керек жағдайда, жауап алу жоспарын құрумен ерекшеленеді. Осындай жоспар келесі тұлғалардан жауап алуға дайындалу барысында құрылу қажет:

- егер жедел ақпарат қолданылса, онда барлық жауап беруші тұлғалардан. Бұл жерде жоспарлаудың негізгі мақсаты – бұл ақпарат алудың қайнар көзінің ашылуынан сақтау болып табылады;

- қылмыстық қоғамдастықтағы рөлі мен жағдайына қарамастан осы қоғамдастық мүшелерінен жауап алу. Осы категориядағы тұлғалардан жауап алу барысында жауап алудың тактикалық тәсілдерін мұқият ойластыру мен таңдауды, оның қатаң тәртібін орнату, тұжырымның нақтылығын, жауап алынатын тұлғаға бар дәлелдемелерді ұсынудың нәтижесін болжамдауды қажет етеді4.

Күдіктілер мен айыпталушылардан жауап алудың тактикалық ерекшеліктері.

Аталған категориядағы тұлғалардан жауап алудың тактикасы келесі жағдайларға тәуелді болады:

- қылмыстық топ әрекеттерінің сипаттамасы: күш қолдану арқылы; пайдакүнемдік - зорлықпен жасалынатын қылмыстар (қарақшылық, тонау); зорлықсыз жасалатын мүліктік қылмыстар (ұрлық, алаяқтық, т.б.); экономика саласындағы қылмыстар;

- қылмыстық қоғамдастық мүшесінің жағдайы мен рөлі;

- қоғамдастық мүшесінің бұрынғы «қылмыстық қызметке» дейінгі қызметі, мамандығы, білімі, отбасы жағдайы, сондай-ақ бұрынғы соттылығы, қылмысты ашу мен тергеу тәсілдерін білуі;

Жауап алу затының ерекшелігі қылмыстық ортадағы жағдайы мен рөлімен анықталады5.

Осыған байланысты қылмыстық топтың ұйымдастырушыларынан (басшылары), қылмыстық әрекеттерді тікелей орындаушылардан, топтың өзге де мүшелерінен жауап алудың ерекшелігін қарастырайық.

Қылмыстық қоғамдастық ұйымдастырушысынан жауап алу барысында келесі мән- жайларды анықтау қажет:

 қылмыстық қоғамдастықты құру туралы ойдың кімде және қандай жағдайда пайда болғанын, оған қандай себеп болғанын;

 қандай қылмыстық әрекеттер ұйғарылды, қылмыс эпизодтары, олардың нақты қатысушылары, ұйымдастырушының қылмысқа тікелей қатысуын;

 қылмыстар қандай тәсілдермен жасалды, ол тәсілдің қалай таңдалғанын, ол туралы мәліметтер қандай қайнар көзден алынғанын, қоғамдастық мүшелерінің қайсысында бұл тәсілді қолдануға тәжірибесі болғанын;

 қоғамдастықтың құрылымын, конспирация шараларын, байланыс құралдары мен тәсілдерін;

 қоғамдастықтың материалды-техникалық жабдықталуы, қорғанысы, трансферттік құралдары;

 топқа жаңа мүшелерді тарту тәсілдерін, мемлекеттік және өзге органдардағы жемқорлыққа бет бұрған элементтермен байланысы, топ құрылымы, қорғаныс тобының құрамы, оның қызметі, барлау және өзге ақпараттарды алудың қайнар көздері;

4 Криминалистика: Учебник для вузов / А.Ф. Волынский, Т.В. Аверьянов, И.Л. Александрова и др.: под. ред. А.Ф. Валынского. – М.:

Закон и право, Юнити-Дана, 2002.

5 Яблоков Н.П., Самыгин Л.Д. Информационные основы расследования и криминалистическая характеристика преступлений //

Криминалистика. М.: БЕК, 1995.

(4)

 орындаушылар, олардың сипаттамасы, орындаушылардың эксцесс фактілері және оларға елеулері; қоғамдастықпен байланысты үзген тұлғалар, олардың сипаттамасы, қалған топ мүшелерінің «бас тартушылыққа» деген көз қарастары;

 қылмыстық жолмен табылған мүліктер, ақшалар, құнды заттар, оларды топ мүшелерінің арасында бөлу, ұйымдастырушының үлесі, ортақ мүліктің , ақшалардың болуы, олардың жұмсалуы;

 қоғамдастықтағы жеке қарым-қатынастар, жан-жалдар, оларды шешудің тәсілдері мен жауапқа тарту жүйесі; бәсекелес «көсемнің» болуы, онық басшымен қарым-қатынасы.

Тікелей орындаушылардан жауап барысында анықталатын мән-жайлар:

 жауап берушінің нақты қай қылмысты жасағаны;

 қылмыстардың бастамашысының кім болғанын, оларды кім жоспарлағаны, алғашқы жоспардан бас тартушылық болды ма;

 қылмысты жоспарлау үшін қандай шаралар жоспарланды, түрлі жағдайларға байланысты қылмыстық ойдың жүзеге аспауы немесе сәттілігі келмеген жағдайда өз-өзін қалай ұстауы қажет, қылмыс үстінде үсталғанда қандай аңыз (легенда) пайдаланғанын;

 ұрланған заттарды сату орындарын, конспиративті пәтерлердің бар – жоғын;

 қылмысты жасау нәтижесінде алынған мүлік пен бағалы заттардың үлесі қандай;

 қылмыстық қоғамдастық мүшелерімен қарым-қатынасы қандай;

 қоғамдастықтың қылмыстық қызметіне қалай қатыстырылды, оның себептері.

Қорғау тобы мүшелерінен жауап алу кезінде мыналар анықталады:

 қылмыстық қоғамдастыққа қалай тартылды, оның қандай қасиеттері оған негіз болды;

 оның атқаратын міндеттері қандай, оларды кім бекітті;

 топ кімдерден құрылды, олардың міндеттері;

 қару-жарақтардың болуын, ола қандай жолмен алынғанын, оларды қолдану кездері болды ма, қашан, қайда, не үшін, нәтижесі қандай болғанын анықтау;

 топ мүшелер арасындағы байланыс құралдары, конспирация әдістері, т.б.

Қарастырылып отырған категориядағы қылмыстарды тергеуді жүзеге асыруда жедел-іздестіру щараларды анализдеу және жоспарлаудың керектігі туады.

Жоспарлаудың эффективтілігі қылмыстық әрекеттердің, қылмыскерлердің жеке басының және олардың қылмысты жасау механизмдер сипаттамасын терең зерттеуге тәуелді болады6.

Жедел-іздестіру шараларын жоспарлау барыснда осы және басқа да факторларды есепке алу кезінде бар күштер мен құралдарды үйлестіруге, сондай-ақ жедел-іздестіру шараларын кешенді және білікті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Еркенов С.Е. Организованная преступность в Казахстане //Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Часть 1: (Материалы международной конференции). – Алматы, 1996 г.

2. Организованная преступность. Проблемы, дискуссии, предложения. Москва.:

Юридическая литература, 1989 г.

3. Уканов К.Ш. Актуальные проблемы совершенствования борьбы с организованной преступностью и коррупцией // Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Часть 1: (Материалы международной конференции). – Алматы, 1996 г.

4. Криминалистика: Учебник для вузов / А.Ф. Волынский, Т.В. Аверьянов, И.Л.

Александрова и др.: под. ред. А.Ф. Валынского. – М.: Закон и право, Юнити-Дана, 2002 г.

5. Яблоков Н.П., Самыгин Л.Д. Информационные основы расследования и криминалистическая характеристика преступлений // Криминалистика. М.: БЕК, 1995 г.

6 Аверьянова Т.В., Белкин Р. С., Корухов Ю.Г., Россинская Е.Р. Криминалистика / Под ред. Р.С. Белкина. М.: 2000.

(5)

6. Аверьянова Т.В., Белкин Р. С., Корухов Ю.Г., Россинская Е.Р. Криминалистика / Под ред. Р.С. Белкина. М.: 2000 г.

Referensi

Dokumen terkait

Шығармашылық- ізденіс технологиясының мәні – ізденісті және білімді қолдануды ҧйымдастыру, ғылыми танымның әдістерін іздеу барысында оларды меңгеруді қамтамасыз ету, шығармашылық