• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ КІНӘНІ МОЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘМЛЕНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ КІНӘНІ МОЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘМЛЕНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

214

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы заңы // www.e.gov.kz

2. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы.//

www.e.gov.kz

3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі. Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат.

4. Марфенин Н.Н. Устойчивое развитие человечества. Учебник. –М.: Изд. МГУ, 2006.- С.624

5. Прохоров Б.Б. Безопасность в экологии человека // Б.Б. Прохоров Экология человека: терминологический словарь. -М.: Феникс, 1999. -С.181.

6. Тимошенко А.С. Глобальная экологическая безопасность – международно-правовой аспект // Сов. гос-во и право. 1989. -№ 1.- C. 84

7. Бринчук М.М. Экологическое право: Учебник для вузов. -М., 1998.- С.11.

8. Лагунова А.И. Структура экологической безопасности России. Красноярск, 2003.- С.65.

9. Реймерс Н.Ф. Концептуальная экология. Надежды на выживание человечества. -М., 1992.-С.123.

10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 Ко- дексi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат.

11. Назарбаев Н. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. -Алматы, 1997.

Редакцияға 25.10.2012 қабылданды.

А.О. БАЛГЫНТАЕВ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ КІНӘНІ МОЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘМЛЕНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

The article discusses the role of the main issues in crime prevention institute of plea bargaining in criminal procedure.

Author examines sheltered crime police as a way of delinquency and indicates a plea deal as a way to deal with such crimes.

The author offers his view of the use of plea bargaining in the fight against crime nestled.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының құқықтық саясатыда, сондай-ақ оның құрамына кіретін қылмыстық іс жүргізу саясатында біршама өзгерістер байқалып келеді. Бұл өзгерістер сот жүйесі мен қылмыстық іс жүргізу заңнамасының модернизациялауының құрамдас бөлігі болып табы- лады. Жаңа қылмыстық іс жүргізушілік бағыттарды айқындау бойынша 2009 жылдың 24 тамызындағы Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын атап өтуге болады [1].

Бұл құжатта Америка Құрама Штатының сот өндірісінде 100 жылдан астам уақыт аралығында кеңінен қолданылып келе жатқан кінәні мойындау туралы мәмле институтын (Қылмыстық іс жүргізу құқығы оқулықтарында берілгендей) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізу мәселесі қарастырылған.

Американдық ғалым Д. Фишер айтуы бойынша Америка Құрама Штаттарында кінәні мойын- дау туралы мәмле арқылы қаралған қылмыстық істердің ең жоғарғы деңгейі қылмыстылықтың күрт өсуі кезеңінде болған екен, оның өсуіне келесідей күшті криминологиялық факторлар ықпал еткен:

экономикалық қатынастар саласында ұйымдасқан қылмыстылықтың пайда болуына әсер еткен XIX ғасырдың ортасында болған өндірістік және көліктік революция; Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі еуропа елдерінің халқының АҚШ-қа жаппай иммиграцияның болуы салдарынан ірі этникалық қылмыстық топтардың, оның ішінде италия мафиясының американдық нұсқасы – cosanostra-ның пайда болуы; Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі болған «беби-бум» салдарынан кәмелетік жасқа толмағандармен жасалған қылмыстардың деңгейінің өсуі, XX ғасырдың екінші жартысында есірткінің заңсыз айналымының деңгейінің өсуі.

Бұл аталған мән-жайлар АҚШ-тың құқық қорғау жүйесін қылмыстық істерді қарау барысында процессуалдық үнемдеуге және сот-тергеу органдарының жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін кінәні мойындау туралы мәмле түріндегі оңтайлы процессуалдық институтты құруға әкеп соқтырды.

(2)

№ 1 (92) 2013

215

Өзінің көзқарастарын Д. Фишер АҚШ-тағы қылмыстылықтың динамикасы мен деңгейінің статистикалық мәлеметтерін кінәні мойындау туралы мәмле жасау арқылы соттармен қаралған қылмыстық істердің үлесін салыстыру арқылы негіздейді. Аталған мәлеметтер арасында өзара байланыстылық байқалады.

Д. Фишердің айтуы бойынша сот төрелігімен мәмле жасау қылмыстарды тергеу процессін жеңілдету мен соттардың істерді қарау жүктемесін азайту жағынан ғана пайдалы емес, сондай-ақ қаржы жағынан да пайдалы болушы еді дейді. Өйткені АҚШ-тың Конституциясы барлық сотталғандарға істерін алқа билер соты арқылы қарау құқығын қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде арзан процедура емес (қазіргі кезде алқа билерге барлық төлемдер мен төлемақыларды ескере отырып сот отырысының бір күні 10000 АҚШ долларына дейін барады) [2].

Қазақстанда бұл институтты жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырып жатқандығы мәлім, ол уақыттың еншісінде және ол туралы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тұжырымдамасында атап өткен болатын (жаңа кодекс жобасының редакциясында процессуалдық келісім деп берілген).

Бұл институтты зерттеу барысында криминологиялық аспектілерге көңіл бөлуді жөн көріп отыр- мыз. Яғни, қылмыстық процесс пен криминология, қылмыстарды алдын алу барысында бұл ұғымның қылмыстарды алдын алудағы, онымен күрес жүргізудегі рөлі туралы сөз болмақ. Себебі, кез келген қылмыстық құқықтық циклдегі пәндердің жалпы ортақ міндеттерінің бірі болып «қылмыстармен күрес», «қылмыстардың алдын алу» болып табылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеушінің қылмыстық істерді тергеу барысында жаңа қылмыстарды алдын алу бойынша, яғни қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жоюға қатысты ұйғарым шығару құқығын бекітетін нор- маны айқындаған [3].

Криминологиялық мәселелерді қарастыру барысында ерекше феномен болып табылатын латенттік қылмыстылық туралы айтпай кетуге болмайды.

Латенттік қылмыстылық – криминологиялық зерттеудің күрделі обьектілердің бірі болып табыла- ды. Кейбір ғалымдар осы уақытқа дейін бұл феноменді продуктивті зерттеу мүмкіндігіне күмәнмен қарауда. Әдетте криминологияда латенттік қылмыстылықты «қара сандар» деп те атайды. Жекелеген жағдайларда бұл түсінікке анықталмаған қылмыскерлер, қылмыстың құрбандары, қылмыспен кел- тірілген тіркелмеген зардаптарының масштабтары жатқызылады. Шынында да бұлардың барлығын қара сандар қатарына, қылмыстылықтың беймәлім жағына жатқызуға болады. Сонымен, латенттік қылмыстылық ретінде іс жүзінде болған қылмыстардың тіркелмеген бөлігін айтуға болады [4, 21].

Осы ерекше феноменмен күресу, оның нақты сандық көрсеткіштерін анықтау үшін ғылыми зерт- теулерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан кешенді шараларды қолдануды қажет етеді.

Солардың бірі ретінде қазіргі компьютерлік ақпараттарды пайдалану арқылы қылмыстар туралы ары- здар мен хабарламаларды интернет желісі арқылы электронды тіркеу жүзеге асуда. Бірақ оны қолдану және сондай-ақ оның тіпті бар екендігін қарапайым азаматтар қажетті дәрежеде ақпаратты иеленбеген және бұл жүйенің толық түрде жұмыс істеуі әлі бірталай.

Қазіргі кезде қылмыстық ізге түсу органдарының азаматтардың арызын тіркемеу немесе жасалған қылмыстарды жасыру сияқты әрекеттер тәжірибеде әлі де кездесуде. Егер төменде көрсетілген 1-су- ретке [5] көз жүгіртсек ішкі істер органдарының 2006 жылдан 2011 жылға дейін 9 ай аралығында ішкі істер органдарының жасырған қылмыстар санының жылдан-жылға өсіп келе жатқанын байқауға болады.

Сондай-ақ, егер де статистикаға қарайтын болсақ 2011 жылдың 9 айында ішкі істер органдарымен жасырған қылмыстар келесідей тәсілдер арқылы жүзеге асады екен:

– 4732 қылмысы - қылмыстық істі қозғаудан бас тарту арқылы;

– 2 қылмыс – әкімшілік өндірісті қозғау жолымен жалтарған;

– 6 қылмыс – жеке айыптау тәртібінде сотқа жіберу;

– 1055 қылмыс – арызды тіркемеу жолымен жасалады.

Осындай күрделі қылмыстылықпен күрес жүргізуде прокурорлық тексерістер жүргізіліп тұратыны белгілі. Бірақта латенттік қылмыстықпен күрес жүргізуде жоғарыда аталған шаралар жеткіліксіз.

Сондықтан латенттік қылмыстылық, оның ішінде ішкі істер органдарымен жасырылған қылмыстармен күрес жүргізуде процессуалдық механизмдердің потенциалын неге қолданбасқа?

Оның бірі ретінде кылмыстық процесстегі кінәні мойындау туралы мәмле институты процессуалдық механизмінің алдын алушылық рөлі қандай артықшылықтарға ие болатыны туралы атап өтсек.

Мүмкін криминолог мамандар бұл ұсынылған гипотезамен келіспейтінде шығар, бұл біздің мәселені шешуге бағытталған ұстанып отырған жекеше көзқарасымыз.

(3)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

216 1-сурет.

Ішкі істер органдарымен жасырған қылмыстардың анықталғандығы туралы мәлеметтер Біріншіден, біздің ойымызша, тергеушінің қылмыстарды жасыруға қатысты түрлі ниетті (пара алу, айыпталушының кінәсін дәлелдеуге жеткілікті дәлелдемелердің болмауы, істің сотта перспективасының болмауы және т.б.) басшылыққа алу нәтижесінде қылмыстық істі қысқартуға не- месе өзге де жолмен (жоғарыда көрсетілген статистикаға сәйкес) жасыруға барады. Кінәні мойындау туралы мәмле институты қылмыстық процеске енгізген жағдайда тергеуші немесе өзге де қылмыстық ізге түсу органының лауазымды тұлғасының қылмысты жасыруға қатысты ниетінің психологиялық алғы шартты жойылуы мүмкін. Яғни ертең іс аяқталмай қалуы мүмкін, сотта перспективасы жоқ де- ген сияқты көзқарасқа шектеу қойылады.

Себебі, кінәні мойындау туралы мәмле институты тергеушіге қылмыстық істі аяғына дейін жет- кізуге мүмкіндік беретін барлық жағдай жасайды (әрине тұлға шың жүзінде іс бойынша кінәлі болған жағдайда; бұл мәселенің жағымсыз жақтары ретінде айыпталушының өзін өзі жала жабуы мүмкін сияқты жағдайларды ескеру қажет; сондай-ақ айыптау айыпталушының берген айғақтарына ғана не- гізделмеуі тиіс, дәлелдемелердің жиынтығы негізін басшылыққа алу қажет). Айыпталушы өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектесіп, өзге де қылмысқа қатысушыларды әшкерлеуге, дәлелдемелік ба- заны нығайтуға өзі көмек жасайды, оның орнына айыптау тарабы оған жазасының мөлшерін және қылмысты жеңілірек қылмыс санатына саралауы мүмкін немесе жасалған қылмыстардың жекеле- ген эпизодтарына қатысты қылмыстық істі қысқартады. Мысалы, АҚШ-та айыптау тарабы келесі- дей жеңілдіктер жасай алады екен: ол айыптаудың көлемін өзгерту туралы, айыптауды жеңілірек жауаптылық көздейтін қылмыстық заң нормасына саралау (бірінші дәрежедегі адам өлтіруді үшінші дәрежедегі адам өлтіруге), қылмыстық әрекеттің бір немесе бірнеше эпизодын алып тастау, жазаның нақты мөлшері мен түрін анықтауға, сынақ мерзімін анықтауға [6, 284].

Бұл айтылғандар тергеушіні қылмысты жасыруға қатысты әрекеттерді жасауға тосқауыл болады.

Екіншіден, бұл процедураға міндетті түрде алдын ала тергеудің заңдылығынан қадағалайтын прокурордың қатысуы мәмленің заң талаптарына сәйкес келісімде көрсетілген міндеттемелердің орын- далуын сақтайды. Сондықтан тергеуші қылмыстарды кінәні мойындау туралы мәмле жасау жолымен қылмыстық істі сотқа жіберуге тырысады. Бұл өз кезегінде тергеушінің немесе өзге де қылмыстық ізге түсу органының лауазымды тұлғаларының қылмыстық істердің ашылуы көрсеткіштеріне ықпал етеді. Мысалы, 2011 жылдың көрсеткіштері бойынша жалпы қылмыстардың ашылу деңгейі төмендегі 2-суретке [5] сәйкес 48,1%, бұл 2010 жылға қарағанда 20% кем (68,1%) екен. Болашақта бұл институт қылмыстардың ашылу динамикасына жағымды әсер етеді деуге болады. АҚШ-та қылмыстық істердің 90% осы институт арқылы өз шешімін табатынын еске сала кетейік.

(4)

№ 1 (92) 2013

217

2-сурет. ҚР қылмыстарды ашылу динамикасы.

Сонымен, кінәні мойындау туралы мәмле институты бұрынғы кеңестік көзқараста қалыптасқан қылмыстық процесстің стериотиптерін бұзып, демократиялық, сайысушылық принциптеріне не- гізделген жеңілдетілген жаңа қылмыстық процесті қалыптастырады. Ол тергеушілерге қылмыстық ізге түсу органдарының лаузымды тұлғаларына қылмысты тергеу барысында жаңа қылмыстарды жасауға байланысты жолын кесудің алғы шарты болса екен деген ойдамыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы № 858 Жарлығымен бекітілген. ИС «ПА- РАГРАФ». - 2012.

2. George Fisher. Plea bargaining’s triumph: a history of plea bargaining in America». Stanford, CA: Stanford University Press, 2003. -С. 53.

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 2010 ж. Юрист

4. Иншаков С.М. Теоретические основы исследования и анализа латентной преступности: монография. – М.:

ЮНИТИ-ДАНА: Закон и право, 2011. – 839 с.

5. http://www.pravstat.prokuror.kz

6. Иванов А.А. Правовое регулирование института сделок о признании вины в США // Вестник Нижегород- ского университета им. Н.И. Лобачевского.- 2012. -№ 2 (1). -С. 282–286.

Редакцияға 09.11.2012 қабылданды.

Б. БЕГАЛИЕВ, С. АЙСИН, Е. ЕГЕМБЕРДИЕВ

НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ ЗАКОНОДАТЕЛЬНО-ПРАВОВОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДО- ВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ГРАЖДАНАМИ БЕЛАРУСИ, КАЗАХСТАНА И РОССИИ

НА ТЕРРИТОРИИ СТРАН ЕЭП

The article deals with the regulation of freedom of movement for workers, and employment of nationals of non-Member States within the framework of the common market of the European Economic Area.

2012 год ознаменовался сразу несколькими крупными событиями по линии интеграции на постсо- ветской территории. В частности, заработало Единое экономическое пространство (далее ЕЭП), клю- чевые принципы которого к свободе движения товаров добавляют также свободу торговли услугами, передвижения капитала и рабочей силы.

Начала функционировать Евразийская экономическая комиссия (ЕЭК) – постоянно действующий наднациональный регулирующий орган Таможенного союза (ТС) и ЕЭП. Ее главной задачей является обеспечение условий функционирования и развития этих объединений, а также выработка предложе- ний в сфере дальнейшей интеграции.

Единое экономическое пространство (ЕЭП) России, Беларуси и Казахстана начало свою работу 1 января 2012 года. Декларация о евразийской экономической интеграции, провозглашающая переход к

Referensi

Dokumen terkait

Бұл жағдайда блок, чат, порталдарға «БАҚ туралы» ҚР Заңында және бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да актілерінде белгіленген талаптар мен