Әбілезов Е.Т., Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы ЖІҚжАТҚ кафедрасы бастығының орынбасары з.ғ.к., полиция подполковнигі
ШЫН ӨКІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДАҒЫ КОЛЛИЗИЯ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУДАҒЫ
МӘСЕЛЕЛЕР
Статья посвящена актуальным как в практическом, так и в теоретическом плане проблемам освобождения от уголовной ответственности в связи с деятельным раскаянием. Формулируется конкретные рекомендации по преодолению пробелов рассматриваемого вопроса и вносятся предложения по его изменению.
Ключевые слова:
This article is devoted to the practical relevance as well as in theoretical terms the problems of immunity from criminal liability in connection with the active repentance. Specific recommendations for overcoming the gaps of the issue and make suggestions for changing it.
Keynotes:
Латын тіліндегі «collisio» шет ел сөздігінде ұмтылыс пен қызығушылықтың қарама қаршы күштерінің қақтығысы деп түсіндіріледі1. Заңды мағынасы бойынша айтатын босақ, белгі бір заң нормалары арасындағы қайшылық немесе олардың бірі-біріне қарама қарсы болған екі жақты ұштаспаушылық. Демек біз айтылған түсінікке орай, Қылмыстық заңдағы шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудағы коллизия және олардың орнын толтырудағы мәселелер бойынша сөз қозғаймыз.
Көп уақыт бойы қылмыс пен жаза дәстүрлі түрде қылмыстық құқықтың негізгі санаты ретінде көріне білді. Осы мәселенің кейінгі жылдарғы қарқынды зерттелгеніне қарамастан, «қылмыстық жауаптылықтан босату» ұғымы қылмыстық құқық теориясында бұрынғысынша әр түрлі түсіндірілуде. Бұл сөз жоқ, қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық-құқықтық қатынастың арақатынасы, қылмыстық жауаптылық оның пайда болуы мен тоқтатылуы туралы, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың негіздемелері туралы теріс пікірлер де туындаған.
Біз білетіндей, көптеген жағдайда кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай- ақ немесе кінәліні соттау кезінде жаза өтеуден толығымен немесе ішінара босату арқылы да жалпы және арнайы ескерту мақсатына қол жеткізуге болады.
Қылмыстық құқық осының жолдарының бірі қылмыстық жауаптылық пен жазалаудан босату институты деп біледі. Қылмыстық жауаптылық ұғымының ауқымы жазалау ұғымына қарағанда кең. Кейбір жағдайларда қылмыстық жауаптылықтың жаза қолданбай-ақ немесе оны атқармай-ақ немесе толығымен атқармай-ақ қолданылатын кездері де болады2. Сонымен бірге қылмыстық жаза тағайындау мен оны атқару қылмыстық жазаны жүзеге асыру тәртібімен ғана жүргізіледі.
Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық іс қозғауден бас тарту немесе оны тоқтату жолымен де көрінуі мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтың мәнін түсіне білу қылмыстық жауаптылықтан кез келген босатудың өзі жазалаудан да босату деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді, қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде субъект айыптау үкіміндегі іс-әрекетіне (жүрісіне) берілген ресми бағалаудан да арылады.
Басқаша айтқанда, қылмыстық жауаптылықтан босату жазалаудан да босату деп танылады, сол сияқты жазадан босату да қылмыстық жауаптылықтан ішінара ғана босату
1Тихомиров Ю.А. Коллизионное право: Учебное и научно-практическое пособие. – М., 2000. – С. 394.
2Сабабнин С.Н., Тупица А.Я. Понятие и виды освобождения от уголовной ответственности или наказания. – Свердловск, 1987. – С. 4- 5.
деп танылады, өйткені бұл жерде адам сотталған деп танылып, қылмыскер деп жарияланған болып шығады.
Демек, қылмыстық жауаптылықтан босатуды айыптау үкімі нысанында көрінген және соттылық сияқты құқықтық зардаптан құтыла алмайтындай қылмыс жасаған адамның қылығын заңмен қарастырылған жағдайда құзырлы орган адамдарының мемлекет атынан ресми түрде айыптаудан бас тартуы деп анықтауға болады. Қылмыстық жауаптылықтан босатуды бұлайша түсіну қылмыстық жауаптылықтың өзінің тиісті ұғымына сәйкес негізделуі керек, деп айтылған3.
Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық заңдарға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық- құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтан босату институтында әділеттілік, ізгілік, жеке кінәлі жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидаттары міндетті түрде бірге жүзеге асырылып отырады. Кейбір жағдайларда кінәлі болып қалған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы көзделген міндеттерді орындап тиісті мақсатқа жетуге болады.
Құқық қолдану органдары қызметкерлері осы мәселелерді шешу барысында қылмыстың жасалуының қоғамға қауіптілігін ескеруі, кінәлінің жеке басына оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі әрекеттеріне мән беруі керек (шын өкінуі, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға жәрдемдесуі т.б.).
Шын өкіну - тұлғаның қоғамдық бағыттағы әлеуметтік пайдалы посткриминалдық допенитенциарлық белсенді жүрісі4.
Адамның әрекетінің қоғамға қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуі мүмкін болған жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босату қолданылады. Осыған орай қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан босату институтын орнықтырған.
Бірақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөліміндегі реттелуге жататын шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолдану нормаларының ұқсастығына қатысты бірқатар пікірталастар бар. Оған қарамастан, қылмыстық жауаптылық пен жаза тағайындау төңірегіндегі мәселелер бойынша пікірталастар да жеткілікті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігі, шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың жалпы негіздерін қарастырған. Екінші бөлігі жалпы негіздерге сүйене отырып, шын өкінген адамның ұйымдасқан қылмыстарды немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігін қарастырған. Осы норманың құрылымдық сипаты тиімді құрастырылған деп айтуымызға болады.
ҚК-тің 65-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылу ҚК-тің Жалпы бөлімі нормаларында ғана емес, сонымен қатар Ерекше бөлімінің нормаларында да қамтылған. ҚК-тің 125, 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358, 372, 373, 375-379, 381-баптарының ескертулері жауаптылықтан босатуды көздейді. ҚК-тің Ерекше бөлімі жүйелері қылмыстық жауаптылықтан босатудың ерекшеліктеріне ие, соған байланысты олар арнайы ҚК-тің 165, 233 және 236-баптарының ескертулеріне сәйкес, шын өкінуі я болмаса, дер кезінде басқа жолмен қылмысты болдырмауға жәрдемдесуі,
3Каиржанов Е. Уголовное право РК (Общая часть). – Алматы, 1998. – С. 177.
4Жилкубаев А.Ж. Деятельное раскаяние по уголовному праву Республики Казахстан. Автореф. дис...канд. юрид. наук. Алматы, 2001. – С. 27.
зардаптың орнын толтыруы, қаруды өз еркімен тапсыруы, заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатуы белгілерінің болуы қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарты болып табылады.
ҚК-тің 125-бабының ескертуіне сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босату, ұрланған адамды өз еркімен босатудың белгілерін талап етеді, ал 251 және 252-баптар бойынша – ерікті түрде қаруды, жарылғыш, қопарғыш заттарды, оның қосалқы бөлшектерін тапсырудың белгілерінің болуын қажет етеді. ҚК-тің 259-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарты болып өз еркімен есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тапсыруы, медициналық мекемеге өз еркімен баруы, қылмысты ашуға көмектесуі табылады. ҚК-тің 231 және 232-баптары бойынша хабарлауға тиісті жайтты өз еркімен хабарласа, қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы айтса, мәлімдесе, ҚК-тің 352-бабына сәйкес, куәгер, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы алдын ала анықтау, тергеу немесе сот талқылауы барысында істің жалғандығы туралы өз еркімен мәлімдеген болса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚК-тің Ерекше бөлімінің кейбір баптарында қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттарының бірі ретінде, ескертулерде көрсетілгендей шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды белгілеген. ҚК-тің 326, 358, 372, 373-баптарында көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері айыбын мойындап келумен ұқсас болып келеді. Бірақ көрсетілген нормалар бойынша айыбын мойындап келу шарттарының шегінен шығып кету белгілері бар. Әсіресе, ҚК-тің 372 және 373-баптары бойынша әскери қызметші, егер оның бөлімді өз бетімен тастап кетуі ауыр жағдаяттардың себептерінен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерінің айыбын мойындап келуден айырмашылығы мынада, яғни, біріншісінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар болса, екіншісі қылмыстық жауаптылықтан босатуды толық қамтымайды.
Арнайы жауаптылықтан босату институты қоғамға қауіпті зардаптардың болуын ескерту және қылмысы үшін кінәлі адамдардың қылмыстық жауаптылықтан босатылу шарттарын немесе қылмыстың жасалуы үшін дайындалып жатқан жағдайларды болдырмауды көздейді.
ҚК-тің 234-бабының ескертуіне сәйкес кепілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлік оқиғасы болған жерден кеткен адам ҚК-тің 297-бабының ескертуі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚК-тің 375-379 және 381-баптары әскери қызметтегі адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатудың екі шартын талап етеді:
1) қылмыс бірінші рет жасалуы керек;
2) қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуы қажет.
ҚК-тің Ерекше бөлімінің қылмыстық жауаптылықтан босатылу нормасының негізі қолдануы және мақсаты бойынша әр түрлі болып келеді. Мысалы, өз еркімен қаруды өткізсе, болашақтағы қаруды қолдану арқылы жасалынатын қылмыстың алды алынады немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өз еркімен өткізген жағдайда, әрі қарай көрсетілген заттың таралуы төмендейді.
ҚК-тің 125, 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358-баптары қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттарын ескертуде көрсете отырып, міндетті болады, яғни көрсетілген нормалардың негізін ескере отырып белгіленген орган қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. ҚК-тің 372, 375-379 және 381-баптары бойынша жауаптылықтан босатуда олар міндетті болып табылмайды. Бұл мәселелер анықтау, алдын-ала тергеу органы немесе соттың шешімімен қолданылады.
Бірақ, осы мәселемен тікелей байланысқан Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөліміндегі нормаларды талдау барысында бірқатар сұрақтар туындайды: 1) қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарты болып кінәлінің посткриминалдық жүрісінен кейінгі үш мән-жайлардың орын алуы қажет (кінәсін мойындап келуі, қылмысты ашуға жәрдемдесу, онымен келтірілген зардаптың орнын толтыру); 2) жасаған қылмысынан кейін кінәлінің әрекетінде аталған белгілер орын алған жағдайларда құқық қолданушы кінәліні жауаптылықтан босатуға міндетті ме немесе босатуға құқығы бар ма;
3) шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату үшін кінәлінің әрекетінде посткриминалдық мән-жайлардың (жүрістердің) болуы қажет пе; 4) қылмысты бірінші рет емес жасауы, шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға кедергі келтіреді ме?
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігін грамматикалық талқылауға салып көрсек, ондағы үш босатушы мән-жайлар бірінен кейін екіншісі немесе үшіншісінің орын алуы арқылы көрсетілген. Демек, осы норманы қолдану үшін аталған мән-жайлардың бірі ғана жеткілікті ме, жоқ әлде барлық белгілері орын алуы қажет пе? Ал, тәжірибе қызметкерлері болса, ҚК-тің Ерекше бөліміндегі осы норманы қамтитын баптары бойынша бір ғана мән-жайлардың белгілерінің болуы жауаптылықтан босатуға жеткілікті деп таныған.
Біздің көзқарасымызша, қылмыс жасаған адамның посткриминалдық жүрісі Қазақстан Республикасының ҚК 65-бабында көзделген әрекеттердің барлығын қамтыса, міндетті түрде оның шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы туралы сұрақ қозғалуы тиіс.
Арнайы әдебиеттерде екінші және үшінші сұрақтар бойынша талас тудыратын пікірлер қалыптасқан. Белгілі уақытқа дейін түсініктеменің авторлары қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін Ерекше бөлімнің баптары мазмұнына шын өкінудің арнайы белгілері тән деп түсіндірген. Мұндай түсіндірме беру Ерекше бөлімде көзделген мән-жайларға байланысты ҚК 65-бабы 1-бөлігінің мазмұнына қарамастан, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады деген қорытындыға әкеп соқтырады.
Аталған қорытындыны негіздеу салдарынан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімі арасындағы шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан бостату нормасында коллизияның болу мүмкіндігі ескеріледі.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды реттейтін ҚК-тің Жалпы және Ерекше бөлімі нормалары арасында қарастырылатын позициялар да бар. Осы кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген баптардың ескертулерін қолдануда ҚК-тің 65-бабы 2-ші бөлігінде көзделген мән-жайларға назар аударуымыз қажет.
«Жауаптылықтан босатылуы мүмкін» деген сөз, қылмыстық жауаптылықтан босатуға құқық бере алмайды, керісінше Ерекше бөлімде көзделген баптарға тиісті ұйғарымдар сілтейді. Осыған байланысты құқыққолданушының құзіреті ҚК-тің Ерекше бөлімнің көрсетпелері арқылы бекітіледі. Демек, КК-тің 65-бабы 1-бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың талаптары түсініксіз күйде қала бермек.
Осыған байланысты ҚК-тің Жалпы бөліміндегі ұйғарымдардың қолданылуындағы
«орнына» емес керісінше «бірге» деп айтылуы алаңдатушылықты тудырады. Сонымен қатар шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуда, кішігірім ауырлықтағы қылмыстар үшін айтылған талаптар қойылмаған болса, ал ауыр қылмыстар үшін міндетті сипатты алып жүреді.
КК-тің 65-бабы 3 - бөлігінде, осы баптың бірінші және екінші бөлігінде көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкіндігі көзделген. Аталған ұйғарымның формальді-логикалық құрылымы мыналарды сипаттайды: 1) орташа немесе ауыр қылмыстарды жасаған кінәлі адамның сотпен қылмыстық жауаптылықтан босатылу құқығы; 2) бұл құқықтар тек қана ҚК-тің 65- бабы 1-бөлігінде көзделген шарттардың болғандығы жағдайларында ғана орындалуы; 3)
бұл құқықтар осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы көзделген реттерде ғана пайда болуы.
КК-тің 65-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмысты бірінші рет жасау шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың міндетті сілтемесі болып табылады.
Ал аталған баптың үшінші бөлігімен көзделген норма, яғни осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы міндетті түрде шешім қабылдау шарттарынан тыс тұрғандықтан қайшылықтарды туыдырады. Мұндай қорытындыға келуіміздің себебі болып, ҚК-тің Ерекше бөліміндегі баптардың ескертулерін талдауда, яғни қылмысты бірінші рет жасалуына қатысты тікелей талап қойылмағандығы табылады. Аталған қайшылықтар кінәлінің пайдасына шешілмеген. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудағы қылмысты бірінші рет жасауды қажетті шарт деп тануымыз үшін, арнайы нормаларда кішігірім ауырлықтағы қылмыстар көзделмеген жағдайларда ғана орын алуы тиіс. Басқа барлық жағдайларда, сотталғандығы өшірілмесе, бұрын жасаған қылмысы үшін сотталмаған болса, шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол беріледі.
Сонымен қатар, «бірінші рет кішігірім ауырлықтағы қылмысты жасау» деген ұғымның өзі нақтылықты таныта алмаған. Мысалы, В. Сверчков жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың критерилерін қарастыра отырып, кінәліні қылмыстық жауаптылықтан босатуды жүзеге асыруда, бұрын жасаған ауыр қылмыстары үшін жағдайдың өзгеруін ескеруде заңмен жеңілдіктер беріледі, деген болатын5. «Қылмысты бірінші рет жасау» деген ұғымның өзі, тек қана соттылығы бар дегенді емес, сонымен қатар қылмыстарды бірнеше мәрте жасалуы немесе қылмыстың жиынтығы белгілерін қамтиды.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуда «өз еркімен келу»
белгілерін анықтаудың да маңыздылығы бар.
ҚК-тің 125-бабының ескертуіне сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босату, ұрланған адамды өз еркімен босатудың белгілерін талап етеді. Ұрланған адамды өз еркімен босату бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатуда үш шарттың болуы қажет: 1) кінәлі адам ұрланған адамды босатады; 2) ұрланған адамды босату өз еркімен жүзеге асырылады; 3) жасалған әрекетте басқа да қылмыс құрамының белгілері болмауы. Бірінші талап ешқандай пікірталастықты тудыра алмайды.
Қазақстан Республикасы ҚК 26-бабында қылмыс істеуден өз еркімен бас тартудың түсінігі берілген. Адамның дайындалу іс-әрекеттерін немесе қылмыс істеуге тікелей бағытталған дайындалу іс-әрекетін тоқтатуы не іс-әрекетті (әрекетсіздікті) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынған болса, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылады. Егер адам бір қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен және біржола бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс (1-бөлігі). Осы баптың 2-бөлігінде «Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» - делінген.
Қылмыстан өз еркімен бас тартудың себебі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, өкініш, жәбірленушіні аяу, жазалану алдындағы қорқыныш және т.б. Бірақ бұл себептер ешқандай мәнге ие емес, ең бастысы бұл жерде қылмысты аяғына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғына отырып өз еркімен түпкілікті бас тартуы болып табылады.
Жеке тұлғаның қылмысты аяғына дейін жеткізуге кедергілердің болуы және әшкереленіп қалудан қашып құтыла алмайтындықты білдіретін нақты мән-жайларда пайда болған қорқыныш қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту емес, еріксіз бас тарту деп танылады.
5 Сверчков В. Критерии и условия освобождения от уголовной ответственности в связи с изменением обстановки // Российская юстиция. 1999. №9. – С. 45.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту жағдайында қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай шарттары болады:1) бастаған қылмысты аяғына дейін жеткізбеу; 2) қылмысты аяғына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғыну; 3) жасалған әрекетке өзге қылмыс құрамының болмауы; 4) бас тартудың еріктілігі; 5) бас тартудың түпкіліктігі.
Өз еркімен бас тартудан шын өкіну ұғымын ажырата білу керек. Біріншісі қылмыс жасаудың алдыңғы сатыларында болады, ал екінші қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап келуімен, қылмысты ашуға жәрдемдесуімен немесе, қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірумен ұштасады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы белгілерінің құрылымын өзгерту қажет деп санаймыз. Біріншіден - тұлға қылмыс жасаудан нақты босатылады немесе босатылмайды. Босату туралы келісім бұрынғы жасаған қылмыстарына таралмауы тиіс. Екіншіден – құқыққолданушымен «басқа да қылмыс құрамы» деген сөйлемді нақтылайтын анықтама жасалуы қажет. Кінәлінің жасаған әрекетінде «басқа да қылмыс құрамының» болуы туралы мәліметтер оның қылмыстық жауаптылықтан босатылмау шарты ретінде танылама. Демек, бүгінгі таңда қылмыстық заңдағы шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату институтының әлі де болса жетілдірілуі қажет етіледі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Тихомиров Ю.А. Коллизионное право: Учебное и научно-практическое пособие.
– М., 2000. – С. 394.
2. Сабабнин С.Н., Тупица А.Я. Понятие и виды освобождения от уголовной ответственности или наказания. – Свердловск, 1987. – С. 4-5.
3. Каиржанов Е. Уголовное право РК (Общая часть). – Алматы, 1998. – С. 177.
4. Жилкубаев А.Ж. Деятельное раскаяние по уголовному праву Республики Казахстан. Автореф. дис...канд. юрид. наук. Алматы, 2001. – С. 27.
5. Сверчков В. Критерии и условия освобождения от уголовной ответственности в связи с изменением обстановки // Российская юстиция. 1999. №9. – С. 45.