ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДА ҤШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Байжанова Қ.Ӛ.
Орталық Азия Университетінің Заң факультетінің магистранты Ғылыми жетекшісі:з.ғ.д., профессор Нурбаев Д.А.
Біздің қоғамымызда мемлекет пен жеке тҧлғаның ара қатынасында болған ӛзгерістер:
адамның қҧқықтарының конституциялық тәртіпте мемлекет мҥлдесінен жоғары тҧруы, халықаралық қағидалардың заңи тҥрде отандық заңнамадан жоғары тҧруы қҧқықтық
жауаптылықтың субъектілерінің аясын бір шама кеңейтуге мҥмкіндік береді. Қҧқықтық жауаптылық дегеніміз қоғамдық ӛмірдің және адам қызметі әр тҥрлі салаларында айқындалатын әлеуметтік жауаптылықтың бір тҥрі.
Біздің пікірімізше, қҧқықтық жауаптылыққа дҧрыс анықтаманы, «мемлекет пен қҧқықтың басқа субъектілерінің арасында олардың ӛзара қҧқық нормаларын бҧзған ҥшін жайсыз салдарын атқару міндеттерінің негізінде туындайтын қҧқықтық қатынас».
Экономикалық контрабанданы жасағаны ҥшін қҧқықтық жауаптылықтың мынандай тҥрлері туындауы мҥмкін:
- қылмыстық жауаптылық;
- әкімшілік жауаптылық;
- азаматтық-қҧқықтық жауаптылық;
- тәртіптік жауаптылық.
Әрине экономикалық контрабанданы жасаған ҥшін қҧқықтық жауаптылықтың негізгі тҥрі болып қылмыстық жауаптылық табылады.
Ол ҥшін сәйкесінше қылмыстық сипаттағы қылмыс қҧрамы орын алу керек. Ӛйткені әділсот органдары қылмыскер тҧлғасына қатаң шараларды айқындай қажет.
Қылмыстық қҧқық теориясында қылмыстық жауаптылық тҥсінігі пікірталасты болып табылады. Заң әдебиеттерінде барлық қылмыстық қҧқықтық жауаптылыққа байланысты кӛзқарастарды тӛрт топқа топтастыруға болады.
Бірінші топ авторлары қылмыстық жауаптылықты қылмыс жасаған адамның ӛзінің жасаған әрекеті ҥшін қылмыстық заңға сәйкес жауап беру міндеті. Екінші топ ғалымдары қылмыстық жауаптылықты қылмыс жасаған адамға қатысты қолданылатын қылмыстық қҧқықтық шаралар деп таниды.
Келесі топ ӛкілдері қылмыстық жауаптылық деп жалпы қылмыстық қҧқықтық қатынасты, яғни қылмыскер мен мемлекет арасында туындайтын қатынас деп таниды.
Тӛртінші топ авторлары қылмыстық жауаптылықтың позитивті және ретроспективті (жағымсыз) сияқты екі аспектісін белгілейді. Бірінші аспект жасалынған қылмыс ҥшін жауаптылықты таныса, екінші аспект индивидпен қылмыстық заңмен тиым салынған әрекетті жасамау міндетін сезінуімен белгіленетін қҧқыққа сәйкес мінез қҧлық негізінде жатқан жауаптылық деп таниды. Менің қарауымша тӛртінші топ авторларының кӛзқарасы қылмыстық жауаптылық табиғаты тҥсінігіне толығымен жауап береді және оның Қазақстан Республикасының қҧқықтық заңнамасымен қудаланатын мақсаттарынан туындайды.
Сонымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 2 бабына сәйкес қылмыстық заңнаманың мақсаттары болып келесілер танылады:
- адамның, азаматтың, ҧйымның және мемлекеттің қҧқығын, бостандығын, заңды мҥддесін, меншігін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны Қазақстан Республикасы конституциялық қҧрылымы және территориялық бҥтіндігін қылмыстық қол сҧғҧшылықтан қорғау, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғау (ретроспективті аспект). Сондай-ақ қылмыстың алдын алу (позитивті аспект).
Сонымен айтылғаннан біріншіден қылмыстық жауаптылық мемлекеттік бҧлтартпау шараларымен байланысты яғни бір жақтың (кінәлі тҧлғаның) екінші жақ талабына (мемлекеттік органға) бағыну міндетін қарастырады. Мемлекеттік бҧлтартпау шарасы қылмыстық жауаптылықтың арнайы мемлекеттік органдар қызметі арқылы жҥзеге асатын мазмҧны болып табылады; екіншіден қылмыстық жауаптылық кінәлінің белгілі бостандықтарының айыруымен сипатталады; ҥшіншіден қылмыстық жауаптылық тек қылмыс жасаған ҥшін туындайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 3 бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтың басты негізі болып қылмыстың жасалуы әғни жасалған әрекеттің қылмыс заңымен қарастырылған қылмыс қҧрамның барлық белгілерін қҧрауы табылады. Қылмыстық қҧқықтық сипаттағы мәжбҥрлеу шаралары арасында негізгі орынды қылмыстық жаза алады. Қылмыстық қҧқықтық жауаптылық және қылмыстық жаза тҥсініктері бірегей емес. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 2 бабының 2 тармағына сәйкес қылмыстық заң алдында тҧрған міндеттерді шешу ҥшін Қылмыстық
62
Кодекс қылмыстық жауаптылық негіздерін бекітеді, адамға қоғамға мемлекетке қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатынын айқындайды, оларды жасаған ҥшін жаза мен басқа қылмыстық қҧқықтық әсер ету шараларын бекітеді. Қарастырылып отырған қылмыстық қҧқықтық норма қылмыстық жауаптылық тҥсінігі қылмыстық жаза тҥсінігінен кең екендігін кӛрсетеді. Яғни қылмыстық жаза қылмыстық жауаптылықтан туындайды.
Экономикалық контрабанда ҥшін қылмыстық жауаптылықты екі әр тҥрлі бірақ ӛзара байланысты екі тараптан, яғни біріншіден Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209 бабының санкциясында экономикалық контрабанда ҥшін қарастырылған қылмыстық жаза тҥрлерінің жиынтығы ретінде, және екіншіден мемлекеттің осы қылмыс әрекетіне әсер ету тәсілі немесе тауарлар мен басқада заттардың ірі мӛлшерде кедендік шекара арқылы заңсыз ӛтуімен сипатталған қылмыстық қҧқықтық қатынасты реттеу тәсілі ретінде тҥсінуге болады. Мемлекет ӛзіне маңызды болып табылатын қҧқықтық қатынастарды іреттейді. Контрабанда мемлекеттің экономикалық мҥддесіне нҧсқан келтіретін әрекетпен қоғамдық қатынас болып табылады. Мемлекет конрабанда ҥшін қылмыстық жауаптылықты қарастыру жолымен осы жағымсыз қоғамдық қатынасты реттейді және ӛз мҥддесін қорғайды. Кӛптеген елдердің ӛзінің экономикалық мҥддесін қатаң әсер ету қорғау тәжірибесі еш нәтиже бермеді. Керісінше, ҥкімет тауарларға салық салу жҥйесін қатаңдатып контрабандистердің тҧтынушылардың сҧранысын заңсыз қанағатандыруға бағытталған мҥмкіндігін асырады. Осы арқылы ҧйымдасқан қылмыстылық қызмет саласының кҥшейіп кеңейуін, ал мемлекеттің тауарға салық салудан жалтарған милиартарды алмауын кӛреміз.
Кеден және басқа да органдардың бақылауының жетіспеушілігінен елден еш тосқауылсыз шикізат, металл шығарылып, спирт, темекі бҧйымдары, сапасыз азық-тҥліктер заңсыз кіргізіліп жатыр, сонымен қатар мәдени және тарихи қҧндылығы бар заттар шығарылу фактілері де қарастырылады.
Экономикалық контрабанданың қоғамға аса қауіптілігі тауарлардың азықтардың шикізаттың аса ірі мӛлшерде ҧрлануымен, салық тӛлеуден жалтарумен, лауазымдық қылмыстармен тығыз байланыстылығымен тҥсіндіріледі. Қазіргі кҥні контрабандалық қызмет ҧйымшыл, аумақтық, техникамен жақсы жабдықталған сипатына ие. Сонымен қатар контрабандаға конспиративтік, қызмет етудің қалыптасқан мехнизмі, сипаттары тән.
Контрабандамен байланысты қылмыс ҧйымдастыру, даярлаудан бастап оны толығымен аяқтауға дейінгі қҧрылымы барлық деңгейде ӛзгеріске ҧшырады.
Контрабандалық тауарларды тасымалдау ҥлкен жҥкті автокӛліктермен, темір жол вагондарымен, жҥк ҧшақтарымен кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не қҧжаттарды немесе кедендік теңдестіру қҧралдарын алдап пайдалану жолдарымен жҥзеге асырылады.
Қылмыскерлер қызметі тәсілдері ӛркенделіп, олардың қатарлары бірігіп, заңсыз капитал айналымы ӛсуде. Елден заңсыз тауар шығарудың толығымен алдын алу қолдан келмей жатыр. Контрабандаға басқа факторлармен қоса кеден және басқа да қҧқыққорғау органдары лауазымды тҧлғаларының ӛз қҧзіреттерін теріс пайдалану кӛп септігін келтіруде.
Контрабандамен кҥрестің кҥрестің қҧқықтық шараларының қатаңдалуын біле тҧра, контрабандистер бҧған озбырлы қарсылық кӛрсетуде, ӛйткені контрабандадан алынатын заңсыз пайда, олардың шығындарын ақтайды. Осыған орай экономикалық контрабанда мәселесі әлемдік маңызға ие болды және қазіргі кҥні адамзатты кҥйзелтетін мәселелерінің бірі болып отыр.
Әлемнің кӛптеген елдерінде контрабанда қылмыстық кәсіптің қауіпті тҥрлерінің бірі болып танылуда. Жалпы қылмыстылық сияқты, контрабанда да мемлекеттік шекара ӛмір сҥргенше әрдайым қылмыс ретінде орын алатын болады. Тіпті АҚШ, Германия, Ҧлыбритания, Франция сияқты жоғары дамыған елдерде контрабанда орын алуда.
Бҧл мемлекеттерде осы қылмысты тҥбегейлі жою мақсаты қойылмайды, тек оның кӛлемін мемлекеттік бақылауға лайықты деңгейге дейін тҥсіру мақсаты қойылуда. Бҧл қылмыс кәсібі саласы айналымындағы ақша қаражат санасы елеулі мӛлшерде. Мысалы кеден
органдарының экспорт импорт операцияларын дҧрыс декларацияламау салдарына тек Қазақстан – Қытай шекарасында бір жарым жыл ішінде ҚР бюджетіне 40 млн. АҚШ долларынан астам табыс тҥспейді. Қазақстанда контрабанда деңгейінің ӛсуінің негізгі себебі болып: баж бен салықтың кейбір тҥрлерінің негізсіз жоғары ставкалары кеден және салық бақылауының тӛмен деңгейі; қҧқыққорғау және бақылаушы органдардың сыбайлас жемқорлықтығы; экономикалық жағдайдың және кеденмен салық ставкалары деңгейінің сәйкес келмеуі.
Контрабанда кӛлеңкелі бизнестің пайдалы және қиын ашылатын нысаны бола тҧра ӛз шиеленісіне кәдімгі қылмыскерлерден бастап әлемге әйгілі болған фирмалар қызметкерлері және мемлекеттік органдардың лауазымды тҧлғаларын қоса әлеуметтің әртҥрлі деңгейі ӛкілдерін тартады. Контрабанда дамуы тӛмен, дамушы сондай-ақ жоғары дамыған мемлекеттерді талдамай ӛз ӛзегіне тартуда.
Контрабанда кӛлеңке кәсіпкерлік саласында глобальды мыңжылдық қҧбылыс болып табылады. Кӛлемдері мен мӛлшерлері астрономиялық сандармен белгіленетін материалдық қҧндылықтардың, валютаның зор айналымы.
Қоғамның және қҧқықтық ғылымның дамуы кӛптеген қҧбылыстарға қатынастарды бірте-бірте ӛзгертті. Соның ішінде, қылмыстылықпен кҥрестің жалғыз әдісі жаза деген тҧжырымға кӛзқарас та ӛзгерді. Тек қана еріксіз кӛндірумен дҧрыстау және қайта тәрбиелеу мақсатына жету қиын.
Жаза дегеніміз соттың ҥкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбҥрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қҧқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодекспен кӛзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды тҥзеу және сотталған адамның да басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір- қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209 бабының санкциясына сәйкес экономикалық контрабанда ҥшін келесі қылмыстық жазалар кӛзделеді:
Айыппҧл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 40 бабына сәйкес Қылмыстық кодексте кӛзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жҥрген айлық есептік кӛрсеткіштің белгілі бір мӛлшеріне сәйкес келетін мӛлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі ӛзге де табысының мӛлшерінде тағайындалатын ақша ӛндіріп алу.
Айыппҧл жазалаудың қосымша және негізгі тҥрі ретінде де тағайындалады.
Экономикалық контрабанда ҥшін айыппҧл, негізгі жаза тҥрі ретінде айлық есептік кӛрсеткіштің екі жҥзден бес жҥзге дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі ӛзге де табысының мӛлшерінде, ал қосымша жаза тҥрі ретінде айлық есептік кӛрсеткіштің бір жҥзге дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының бір айға дейінгі кезеңдегі ӛзге де табысының мӛлшерінде тағайындалады.
Белгілі бір лауазымды атқаруды немесе белгілі бір қызметпен айналысу қҧқығынан айыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 41 бабына сәйкес мемлекеттік қызметте, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе ӛзге де қызметпен айналысуға тиым салудан тҧрады. Экономикалық контрабанда ҥшін белгілі бір лауазымды атқаруды немесе белгілі бір қызметпен айналысу қҧқығынан айыру қосымша жаза тҥрі ретінде ҥш жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Экономикалық контрабанда ҥшін тҥзеу жҧмыстары, негізгі жаза тҥрі ретінде бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жҧмыс орны бойынша ӛтеледі. Тҥзеу жҧмыстарына сотталған адамның табысынан соттың ҥкімімен белгіленген мӛлшерде бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ҧстап қалу жҥргізіледі.
64
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 43 бабының 3 тармағына сәйкес еңбекке жарамсыз деп танылған, тҧрақты жҧмысы жоқ немесе оқу орнында ӛндірістен қол ҥзіп оқитын адамдарға тҥзеу жҧмыстарын тағайындауға болмайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 46 бабына сәйкес қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бҥкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ҧстау болып табылады.
Экономикалық контрабанда ҥшін қамау тӛрт айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Қамау ҥкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жҥкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларды бар әйелдерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 48 бабына сәйкес бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі тҥзеу колониясына немесе тҥрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тҧрады.
Экономикалық контрабанда ҥшін бас бостандығынан айыру сегіз жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 51 бабына сәйкес мҥлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мҥліктің бәрін немесе бір бӛлігін мемлекеттің меншігіне мәжбҥрлеп ӛтеусіз алу.
Экономикалық контрабанда ҥшін мҥлікті тәркілеу жаза тҥрі ретінде
тағайындалады. Қылмыстық-атқарушы заңдарда кӛзделген тізбеге сәйкес сотталған немесе оның
асырауындағы адамдарға қажетті мҥлік тәркіленбеуге тиіс.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2010 ж.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі.
3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік қҧқықбҧзушылық туралы кодексі.
4. Қазақстан Республикасы Кеден кодексі.
5. «Қазақстан Республикасы ҧлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
7. Алиев М.М. Экономическая контрабанда: понятие, виды, ответственость. Астана, 2005.
8. Алибеков С.Т. Таможенное дело в Республике Казахстан. Алматы, Издательство
"Адилет Пресс", 1997. С. 12-13.
9. Каиржанов Е.И. Объект преступления. - // Уголовное право Казахстана. Общая часть. - Алматы, " Правовая инициатива", 1998. С. 48.
10. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. Москва, 1957. С. 124.