• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ МИГРАЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ МИГРАЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 314.74(574+510)

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ МИГРАЦИЯСЫ:

НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ Искакова Мадина Серикболсыновна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті 4 курс студенті. Астана қ.

Ғылыми жетекші – т.ғ.к., доцент Б.М. Нарбекова

Бҧрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер қҧрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың тҥбегейлі ӛзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар бҥкіл елдегі және оның аймақтарындағы миграция ҥдерістердің тҥрі мен бағытына едәуір маңызды ӛзгертулер енгізді. Ҧзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі ӛндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің қҧрылысына жоғары білікті жҧмысшылардың іссапарлары тҥрінде жҥзеге асты.

Елдің «ашық болу» саясаты, эмиграцияға байланысты кӛзқарастардың либералдануы халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударуларын кҥшейтіп жіберді, мҧның ӛзі еңбек әлеуетін азайтты. Қазақстан ҥшін жоғары білікті кадрлардың ғылым саласынан басқа салаларға ауысып кетуі кӛкейкесті мәселеге айналып отыр. Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың кӛп кӛлемде кӛшіп келуі тән. Бҧл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ҧлтаралық қатынастардың тҧрақтылығына, сондай-ақ миграция жӛніндегі заңдардың жетіспегендігіне, әрі миграция ҥдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тҧрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жҧмысшы кҥші ҥшін тартымды етіп отыр. Мҧның ӛзі Қазақстандағы халық санының ӛзгерулеріне әсер етуде. Елге қоныс аударушыларға байланысты жаңа мәселелер туындауда.

Мигранттардың шамадан тыс кӛптiгi кез келген елдiң iшкi еңбек нарығындағы бәсекелестiкке тӛнген қауiп және оның отандық экономикаға керi әсер ететiнi белгілі. Бiр жағынан алғанда, жаһанданудың табиғи ҥрдісі ретiнде қабылданатын заңсыз миграция мәселесi – бҥгiнде Қазақстанда кҥн тәртiбiнде тҧрған мәселе . КСРО ыдырағаннан кейiн экономикалық тҧрғыда белгiлi бiр жетiстiктерге қол жеткiзе бiлген Қазақстанға сырттан

65

(2)

ағылатын заңды және заңсыз мигранттар кӛп. Мәселен, миграциялық деңгейi жағынан алғанда, қазiр Қазақстан алпауыт АҚШ-тың ӛзiн басып озды. Бiрiккен Ҧлттар ҧйымының соңғы мәлiметтеріне сҥйенсек, елiмiздегi мигранттар саны американдық кӛрсеткiштерден 7 пайызға артып отыр.

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастығы жылдан жылға тереңдеп келе жатқаны мәлім. Осы тҧста екі ел арасындағы миграциялық алмасудың ҧлғаюын байқауға болады. Қытайдан кӛшіп келу ҥрдісінің ӛсуіне байланысты екі ел азаматтарының қарым- қатынасында жаңа қҧрылымдар орын алып отыр.

Қытайдың кӛршілес елдерге, сондай-ақ алыс жатқан мемлекеттерге қоныс аудару тәжірибесі бар. Соңғы жиырма жыл ішінде Қытай экономикасының жылдам қарқынмен дамуы, басқа елдермен тығыз экономикалық, саяси және басқа да қатынастардың жҥргізілуі мемлекет аралық миграцияның жандануына негіз болды. Оның себебі: кӛп санды халқы бар елде халықты жҧмыспен қамту ӛте қиын. Елде жҧмысшылардың алатын еңбекақысы мардымсыз. Сондықтан халықтың кӛпшілігі басқа мемлекеттерге кеткісі келіп тҧрады. ҚХР- да демографиялық мәселе кҥрделі мәселелер қатарында болғандықтан ҚХР жаңа кӛрші мемлекеттердің еңбек саласына енуді кӛздейді. Осындай қалыптасқан жағдайда кӛршілес мемлекеттерде болып жатқан саяси трансформациялар, жаңа егемен мемлекеттердің пайда болуы Қытайдың осы кӛздеген мақсатына жетуіне алғы шарт негізінде қалыптасты.

1992 жылы Қазақстанның сол кездегі ҥкімет басшысы С.Терещенко Пекинге барған сапары аясында Қазақстан мен Қытай арасында визасыз барыс-келіс жӛніндегі келісім- шартқа қол қойған. Сонымен қолында шетелге шығуға арналған паспорты бар қытай азаматтары Қазақстанға ағыла бастаған. Бҧл мәселе сол кездегі Қазақстан Жоғары кеңесі депутаттарының назарын аударды, зиялы қауым да бҧл келеңсіздікті тез байқады.

Нәтижесінде 1994 жылы Елбасы жарлығымен С.Терещенконың келісім-шарты кҥшін жойды. [2] Ал екі ел арасындағы қарым-қатынас визалы тәртіпке кӛшкеннен бері он бес жылдай уақыттың ішінде қытай азаматтарының келіп-кетуі шамалы реттеліп қалды.

Дегенменен іскерлік, оқу, жеке сапар, туристік т.б. жолдармен келіп, қалып қойып жатқан қытай азаматтарының қатары әлі де азаймай отыр.

Қазіргі таңда Қытайдағы халық ӛз ернеуінен асып тҧр. «Демографиялық имперализм»

тезисінің ӛкілдері Гогуан және Ван Чжаоцзюань ӛздерінің «Дэн Сяопиннен кейінгі 10 проблема» деген еңбектерінде былай деп жазады: «егер де 10% қытайлық ӛз елінен басқа бір жаққа кетер болса, дҥниежҥзінің кез келген мемлекетіне дағдарыс тӛнеді». [1]

Қазақстанмен бiрге әлемдi де алаңдатып отырған осы мәселе. Бҧл жерде Қазақстан ҥшiн ҥлкен қауiп-қатерлердің бар екендігін атап кетуге болады. Қытайдың территориясымен шектесiп жатқан аудандарға назар аударып қарасақ, халықтың тығыз орналасуын байқауға болады. Қуатты елдердің қатарындағы Ресейдi есептемегенде, қытай азаматтары ОА аймағын қоныс аударудың және ӛзінің экономикалық мҥдделерін жҥзеге асыратын бірден бір ықпалды және тиімді аймақ ретінде қарастырады. Осы орайда ҚХР тарапынан жҥргізіліп отырған саясат тӛмендегі шараларға сҥйенеді. Мәселен, 2002 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Қытай ҥкіметі басқа елдерге кететін азаматтарының қҧжат рәсімдерін барынша жеңілдеткенін және қаржыландырып отырғанын байқаймыз. Бҧдан Қытай ҥкіметі ӛз азаматтарының шетелге кетуіне мҥдделі екендігін кӛріге болады. Оған қоса 2004 жылдан бастап қытай азаматтарының Қазақстанда бір кҥн визасыз болуына және жиырма адамнан тҧратын туристік топтарға виза беруге ҥкіметіміз келісті. Осы сәттен бастап Қазақстанға қарай қытай азаматтарының легі артып келеді. [3]

Ресейлік зерттеушілердің айғақтарына қарағанда, қытайлықтарды шетелге шығарып отырумен жҥйелі айналысатын биресми жасырын ҧйымдар бар екен. Әр елге шығарудың ӛзіндік мӛлшері бар. Еуропа елдеріне 8-10 мың доллар, Ресейге 2,5 мың доллар кӛлемінде әр адамға шығын жҧмсайтын кӛрінеді. Қазақстан ең арзандарының қатарына кіреді. Сондай-ақ, Қытайдағы ерлер мен әйелдер арасындағы табиғи тепе-теңдiктiң бҧзылу ҥрдісін айтып кеткен жӛн. «Бiр отбасыға – бiр бала» саясатына 25 жылдай уақыт болды. Ендi қазiр сол кездегi реформа перзенттерi отбасы қҧратын жасқа жетті. Сондықтан қытай азаматтары әйел

66

(3)

затын сырттан іздеуге мәжбҥр. Қазіргі кезде Қытайда кейбір шарттар негізінде екі балалы болуға рҧқсат етілді. Бҧл енді елдегі демографиялық тасқынның басталуына негіз болады.

Шетелдік зерттеушілер Қазақстанды жақын уақыттары қытай мигранттары жаулап алуы мҥмкін екендігін айтады. Шетелдік зерттеушілердің пікірі бойынша, 20 жылдан кейін Қазақстанда 20 миллион қытай азаматтары ӛмір сҥреді дейді. Қазіргі кҥні 500 мыңға жуықтаған қытайлар 20 жылдан кейін 20 миллион болуы еш кҥмән тудырмайды. Сонымен қатар Батысты игеру саясаты шеңберінде Шыңжаңға ішкі Қытайдан 20 жылда 250 миллион адамды кӛшіру жоспарын бастап кеткенін ескерсек, Қазақстанда 20 миллион қытай азаматтарының пайда болуы шындыққа жанасады. [3]

Әлемдік тәжірибе дәлелдеп отырғанындай мигранттар ешқашан қабылдаушы мемлекетке пайда әкелмейді. Қазақстанда қытай мигранттарының кӛп болуы еліміздің ішкі еңбек нарығына, отандық экономикаға, демографиялық жағдайға кері әсерін тигізеді. Ал елдегі заңсыз мигранттардың болуы ҧлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізіп, қоғамда қылмыстық қауіптің жоғарылауына әкеледі.

И.Федотов пен Л.Селиванова деген Ресей зерттеушілерінің пікірі бойынша «барлық имиграция тҥрлерінің ішінен Қытай ӛкілдерінің миграциясы, біздің ҧлттық қауіпсіздігіміз ҥшін ӛте қауіпті» -дейді. [4]

Қазақстан Республикасының ҧлттық қауіпсіздігіне Қытай миграциясы ықпал етуі мҥмкін. Бҧл ҥрей еш негізсіз емес. Қытай мигранттары ешқашан ассимиляцияға ҧшырамайды. Керісінше топтасып, қауымдасып жҥріп,ӛз ҧлтының саяси мҥддесін насихаттап жҥреді. Онымен шектеліп қалмай Қытайдың экономикасын дамыту ҥшін шетелде жҥргенде де барлық мҥмкіндіктерін жасайды. Қытайдың экономикасын кӛтерген, инвестиция әкелген де осы шетелдегі қытай азаматтары екен.Бҧған бірден бір мысал ретінде Алматы қаласындағы қытай азаматтарының белсенділігін айтуға болады. Бір Алматы қаласында қазіргі таңда жҥзге тарта қытай кафесі мен мейрамханалары, 270 бірлескен кәсіпорын, 2 банк, 48 жанармай қҧю бекеті, бір Мәдениет орталығы, Қазақ Ҧлттық университеті жанындағы Қытай тілі орталығы, Конфуций институты [3] бар.

Қазіргі таңда Қазақстанда демографиялық жағдай кҥрделі. Елдегі табиғи ӛсім баяу жҥруде. Бҧл ҥрдіс жалғаса берсе, Қазақстан Германия, Франция, т.б. елдер сияқты жҧмыс кҥшінің импортына кӛшуі мҥмкін. Бҧл ҥрдіс енбек нарығында ҥлкен бәсекелестіктің пайда болуына әкеледі. Негiзiнен Астана мен Алматыны бетке алатын ӛзге елдерден келетін жҧмысшылар саны соңғы 5 жылда едәуiр артып отыр. [3] Қазіргі кезде Қазақстандағы жҧмыссыздардың кӛпшілігі жоғары білімі мен белгілі бір мамандығы жоқ, қарапайым жҧмысшылар болып табылады. Яғни, ішкі еңбек нарығында сырттан келетін білікті мамандарға ғана сҧраныс бар, ал қарапайым жҧмысшылар кҥшін қажет етпейді. Солай бола тҧра, Қытайдан келетін заңсыз мигранттардың кӛпшілігі қара жҧмысқа орналасады.

Мҧның себебі, ӛзге елден келетін заңсыз мигранттар еңбекке жалдаушылар беретін мардымсыз жалақыны қанағат кӛреді. Бҧл қалыптасқан жағдайдан елімізде жҧмыс таба алмай жҥрген қарапайым азаматтар зиян шегеді.

Қытай азаматтарының елімізге кӛптеп келуі еліміздің ҧлттық қҧрамына да әсер етеді.

Мәселен, ресми деректерге сҥйенсек, 300 қытай азаматтары қазақ қыздарына ҥйленіп, Қазақстандық азаматтық алған. Бҧл қҧбылыс жалғаса берсе, Қазақстанда ӛзге ҧлт ӛкілдері басым болу қаупі бар. Мәселен, Сингапурдың тарихи жергілікті тҧрғындары малайлар екенін білеміз. Алайда соңғы жарты ғасырдай уақыт кӛлеміндегі қытайлардың келу есебінен, малайлар ӛз жерінде азшылыққа айналып қалды. Дәл қазір Сингапурда халық санының 77 пайызын қытайлықтар қҧрап отыр. [2] Қазақстанда мҧндай жағдай орын алмау ҥшін барлық шараларды жасау керек.

Қытай елімен қарым-қатынаста біздің ел секілді тәжірибесіз, жас мемлекеттерді былай қойып, әлемдегі алпауыт державалардың ӛзі ӛте байыпты саясат ҧстанады. Қарап отырсақ, АҚШ-тан бастап, Еуропадағы елдерге дейін Қытаймен қарым-қатынас барысында ӛзге елдерге ҧқсамайтын ерекше жолды таңдап алған. Мәселен, Германия бір жылдары қытай азаматтарының туристік және жеке сапармен қыдырып келуіне тыйым салатын заң

67

(4)

қабылдады. Ал қытай азаматтарынан инвестиция тартпау, жастарын оқуға қабылдамау, елге кіргендеріне ықтиярхат, азаматтық бермеу дҥниежҥзінің кӛптеген елдерінің заңдарында ашық жазылған. [2] Мҧндай саясат елдердің ӛз тағдырларын, ел болашағын ойлаудан туған сақтық шаралары. Себебі, қытай елінің демографиялық жағдайы бҥкіл жер жҥзіндегі елдердің бәріне ҥрей туғызып отырғаны белгілі. Мҧндай саясатты енгізуге қазақ қоғамы да мҥдделі. Ащы да болса ақиқатын айтсақ, егер біз, осы бастан заңымызды ретке келтірмесек, Сингапурдың кебін киеріміз анық.

Қазақстан Республикасы территориясындағы заңсыз миграциямен тиімді кҥресудің қҧралы ретінде бірыңғай иммиграциялық бақылау болуы шарт. Оның қалыптасуы ҥшін заңдылық негізде ТМД мемлекеттерінің 1998 жылдың 6 наурызындағы «Заңсыз миграциямен кҥресті» жҥзеге асыру шараларын жеделдету қажет. Мемлекеттік шекарадан ӛту пунктеріндегі иммиграциялық бақылауды кҥшейткеніміз дҧрыс. Қазіргі таңда дҥниежҥзіндегі саяси тҧрақсыздық жағдай террористік әрекеттердің ҧлғаюына байланысты, сондықтан бірқатар мемлекеттерден келетін мигранттарға жартылай шектеу енгізгеніміз жӛн. Еліміздің еңбек нарығына тек қажетті, сҧранысқа ие мамандарды ғана тартуымыз керек. Мысалға, Белгияда сырттан келетін мигранттар ӛзінің кәсіби біліктілігін кӛрсетіп, елдің дамуына ҥлес қоса алатынын дәлелдегеннен кейін ғана қабылдаушы елде тҧрақтауына рҧқсат етіледі. Біздің елде де осындай жҥйені қалыптастырғанымыз игі болар еді. Сонымен қатар келешекте ӛз территориямызда ӛзге ҧлттардың территориялық анклавының қалыптасуын болдырмау ҥшін ассимиляцияға тез ҧшырамайтын халықтарды (әсіресе қытай азаматтарын) бір жерге шоғырландырмағанымыз дҧрыс болады.

Кез-келген мемлекетте тіл,дін, дәстҥр елдің елдігін сақтап қалуда маңызды орын алады. Осы ҧлттық қҧндылықтарымызды Ту етіп ҧстасақ, кез келген мемлекетпен қарым-қатынаста ҥлкен жетістіктерге жетеміз. Қытай елімен, егер тату кӛрші бола отырып, ӛз мҥддемізді қорғай алсақ, біздің елдің дамуы мен гҥлденуіне оның пайдасы ӛте ҥлкен болады. Себебі біріншіден, ол біздің елдің экономикасы ҥшін қҧйылып тҧрған тҧрақты, алып инвестиция. Екіншіден,елімізідің кӛпвекторлы саясатында да таразыны баса алатын ірі держава.

Әдебиеттер

1. Асылбеков М., Козина В.Демографичесие процессы современного Казахстана.

Алматы. Атамҧра. 1995. 33-40 б.

2. Д.Мәсімханҧлы Қытайдың кең әлемге кеткісі тҧрады // www. Abai.kz -2010 ж.14 қыркҥйек.5-7 б.

3. П.Абсатарҧлы Қытайдың Қазақстанға қатысты саясаты //www.qazaquni.kz/2072.html, 11 мамыр. 5-9 б.

4. Садовская Е.Ю Миграция в Казахстане на рубеже ХХІ века: основные тенденции

и перспективы. –Алма- Ата, 2001.-260 б.

ӘОЖ 327.5 (529)

Referensi

Dokumen terkait

Өндірістік тәуекел сыртқы ортаның қолайсыз әсері, со- нымен қатар жаңа техника мен технологияны, негізгі және айналым құралдарын, шикізатты, жұмыс уақытын дұрыс қолданбау нәтижесінде

Қазақстан Республикасының Неке ерлі-зайыптылық және отбасы туралы кодексіне сайкес «Бала асырап алу – нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін