Есімбаева Д.Т.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ізденуші
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҚ-ДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
«БАҚ сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына 2009 жылы 6 ақпанда мемлекет Басшысы қол қойды.
БАҚ заңнамасының өзгеруіне мемлекет Басшысы ықпал етті.
Заңның негізгі ұстанымдары:
Біріншіден, баспасөз және электронды БАҚ үшін артық әкімшілік қиыншылықтар жойылады. Телерадиобағдарламалық ұйымдарда қойылуларды есепке алуды жою «БАҚ туралы» Заңының жаңа редакциясындағы 10 бабында ұсынылады. «Лицензия туралы» Заңына сәйкес радио және телеканал иелеріне лицензия алудан басқа «БАҚ туралы»
заңына сай қойылуларды есепке алу үшін міндетті түрде процедуралардан өту қазіргі уақыт талабына байланысты. [1]
Редакция мен редактордың мекен жайы ауысқан жағдайда, «БАҚ туралы» Заңының 6 пунктіндегі 10 бабында және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінде ақпараттық агенттіктер мен баспасөз БАҚ үшін қайта есепке алудың күші жойылуы қарастырылған.
Берілген түзету қайта құрылған баспасөз бен ақпараттық агенттіктер қызметіне жеңілдік береді. [2]
Екіншіден, тілшілер мен журналистердің құқықтары мен кәсіптік қызығушылықтары заңмен кеңейтілген.
«БАҚ туралы» 4-1 пункттің 21 Заңында журналистер интервью өткізу барысында аудио немесе видеожазба қолдануға рұқсат алу міндеттері жойылады.
Қазіргі заңнамамен бекітілген рұқсатты әрқашан алу қажеттілігі тілшілердің жұмысын айтарлықтай қиындатады.
«БАҚ туралы» Заңның 19 бабының 1 пункті мен Азаматтық Кодекстің 143 бабына енгізілген өзгертулер сотта даттау туралы істерін қарастыру кезінде екі жақтың тең бәсекелестігін қамтамасыз етеді. Бұл тілшілерге толыққанды заңи қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде соттағы мәліметтерді даттау істерін қарастыру кезінде оларддың шындыққа сәйкестігін тек журналист ғана дәлелдеу міндетті. Осы талап журналистті кінәлінің жағдайына алдын ала қояды. [3]
Үшіншіден, заңмен заңды-лингвистикалық фактор қаралмайды.
Мысалы, 18 баптың 1 пунктіне сәйкес БАҚ өкілдері алдымен жоғары кәсіби тұлғаға, одан кейін ғана сотқа мемлекеттік органдар мен қызметтік тұлғалардың талап етілетін мағлұматпен қамтамасыз етуден бас тартуы жайында шағымдану мүмкін. Алайда, жоғары органдарға алдын ала шағымдану сотқа өтініш жасаудың және сотпен осы өтінішті қарастыруға қабылдаудың міндетті шатры болып табылмайды. Осыған байланысты заңмен осы коллизия өзгертіледі.
Төртіншіден, заңмен баспа тиражын тәркілеу жазаның баламалы түрі ретінде анықтау ұсынылады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 350 бабындағы қазіргі редакциясы периодикалық баспаның алдыңғы мағлұматсыз шығуын міндетті әдістемелік айып пен баспа тиражының міндетті тәркілеуін бекітеді. Осы бапқа енгізілген өзгертулер әділеттілік ұстанымы мен жасалған құқықбұзушылықтың сипаты мен шартарымен әдістемелік жаза шараларын сақтауға бағытталған.
Бесіншіден, заңмен «БАҚ туралы» Заңның нормалары мемлекеттік тілде теледидар және радио бағдарламаларының шығуы нақтыланады.
Берілген норма бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолдануы мен даму саласының кеңеюіне бағыттауға қажетті.
Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы тәуелсізденуіне бағытталған.
Әдебиеттер:
1 «БАҚ туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1999 ж. 23 шілде № 451- 1 (10.07.2009 –өзгертулермен, толықтырулармен)
2 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 2006ж.
20 қаңтар
3 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 ж. 27 желтоқсан