1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
195 реабилитационной работы. – 2009. – № 4.
2. Мещеряков Б.Г. Зинченко Петр Иванович // Большой психологический словарь. Под ред.
Б.Г.Мещерякова, В.П.Зинченко. СПб., «прайм-ЕВРОЗНАК»; М., «ОЛМА-ПРЕСС», 2003г.
3. Адлер А. Практика и теория индивидуальной психоло- гии. М., 1995. 2. Белинская Е.П., Тихомандрицкая О.А. Социальная пси- хология личности. М.: Аспект Пресс, 2001.
4. Маклаков А.Г. Общая психология. СПб.: Питер, 2001.
5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб.: Питер, 1999.
6.Брушлинский А.В. Проблема субъекта в психологической науке. //Психологический журнал. 1993, Т. 14, №6.
ҚАЗІРГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТТІ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІ.
Тоқсанбаева Әлия Қорғаджанқызы
Алматы обл. Панфилов ауданы Ж.Бусақов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығының информатика пәнінің мұғалімі
Аддиктивті іс - әрекеттің мәні, шынайы өмірдегі жағдайлардан қашуға талпынып, адамдар қауіпсіздік, тепе-теңдікті қалпына келтіру иллюзиясын беретін жағдайға өзінің психикалық жағдайын жасанды түрде өзгертуге тырысады. Аддиктивті іс-әрекеттің фармокологиялық және фармокологиялық емес сипаттағы түрлері бар. Олардың аддиктердің ғана емес, сонымен қатар олардың айналасындағылардың да денсаулығына (физикалық және психикалық) қауіпі зор. Олар тұлға аралық қатынастарға айтарлықтай зиян келтіреді.
Аддиктивті іс - әрекет– интенсивті эмоциялардың дамуымен сүйемелденетін, өзінің психикалық жағдайын кейбір заттарды қабылдап немесе өз зейінін тұрақты түрде белгілі бір заттарға немесе белсенділіктерге (қызмет түрлеріне) шоғырландыру арқылы өзгерту жолымен шынайы өмірден қашуға тырысудан көрінетін деструктивті іс-әрекет формаларының бірі. Бұл үрдістің адамды өзіне тартып алатындығы соншалық, ол оның өмірінің өзін де басқара бастайды .
Аддиктивті тұлға өз ұмтылыстарында мәселеден құтылудың – жан сақтаудағы өзінің әмбебап, бірақ біржақты тәсілін іздейді. Аддиктің табиғи бейімделушілік мүмкіндіктері психофизиологиялық деңгейде бұзылған. Бұл бұзылыстардың бірінші белгісі психологиялық ыңғайсыздық (дискомфортты) сезімі. Психологиялық комфорт әртүрлі, ішкі және сыртқы себептерден бұзылуы мүмкін. Өмірде әрқашан көңіл - күй бір түсіп, бір көтеріліп отырады, бірақ, бұл жағдайларды индивидтер әртүрлі қабылдап оларға әртүрлі жауап береді. Біреулері тағдыр тәлкегіне қасқая қарсы тұрып, болып жатқан істер үшін өзіне жауапкершілік алып, шешім қабылдаса, басқалары көңіл-күйі мен психофизикалық тонусының қысқа уақыттық және болар болмас өзгеруін басынан әрең өткізеді. Мұндай адамдардың фрустрацияны бастан өткізуі төмен болады. Шындықпен күресудің мұндай тәсілі адамның іс-әрекетінде бекіп шындықпен қарым-қатынас жасаудың тұрақты стратегиясына айналады.
Тәуелділік психологиясының (немесе аддиктологияның) тәуелділіктердің (аддикцияның) іс - әрекеттік формаларын бөліп алуға тырысумен байланысты қазіргі заманғы проблемалары қарастырылады. Талдау қазіргі кезде белсенді түрде талқыланып жүрген және проблемалық Интернетке - тәуелділік мәселесіне жүргізіледі. Осы проблема бойынша әртүрлі көзқарастар берілген: Интернетке - тәуелділікті іс - әрекеттік феноменнің тәуелділіктерінің клиникасымен ортақтығы аз іс - әрекеттік аддикция ретінде квалификациялау, бұл феноменді тәуелділіктердің өзінше бір формасы ретінде қате түсінетін психологтардың адасуы.
Психологтардың зерттеу және терапевтикалық практикасындағы ең көрнекі салаларының бірін тәуелділік психологиясы алады. Тәуелділіктер туралы ілім немесе
196
аддиктология психология мен медицинаның түйісінде қалыптасты, айтарлықтай үлесін педагогика мен әлеуметтануда қосуда. Эпидемиялық модел бойынша дамып отырған тәуелділіктің дәстүрлі түрлері наркотиктік (токсикоманияны қоса), алкоголдік немесе темекі тәуелділіктерімен күрес құралдарын іздеу мен жетілдірумен қатар, тәуелділік туралы кеңірек түсінік қалыптастыруға деген айқын тенденция байқалады. Шынайы өмірден сананың жағдайын өзгерту жолымен «кету» әдістерінің алуан түрлілігі жайлы мәселе қойылады. Сананың өзгертілген жағдайлары проблематикасы психологияда кеңінен танымал.
Аддикция және тәуелділік терминдері отандық ғылым үшін айтарлықтай жаңа терминдердің бірі – бұл терминдер осыдан он жылдай бұрын А.Е. Личко мен Н.Я. Иванов құрастырған «қазіргі заманғы американдық психотерапевтикалық терминологиясы сөздігінде Ресейде қабылданған өзгешеліктерімен» қолданылды дейді. Шет елдерде олар айтарлықтай кең қолданылады. Терминологиялық келіспеушілік жағдайында бір автолар аддикцияны ауыру ретінде ал тәуелділікті іс - әрекеттің ілеспелі формасы ретінде түсінеді, басқалары қарама - қарсы ойды ұстанса, үшіншілері бұл терминдерді айырмайды немесе оны ретімен жасамайды.
Физикалық тәуелділікті сүйемелдемейтін тәуелділіктің психологиялық формалары, негізгі көзқарастар мен парадигмаларды қайта қарау керектігі туралы мәселені қоюға негіз береді: аддикцияны квалификациялау үшін адамның іс - әрекеттің аддиктивті формаларын ұстануы сыйлайтын сезімдерге эмоционалдық бауыр басуы жеткілікті болуы мүмкін.
Ресей мамандарының арасында тәуелділіктің психологиялық формаларының өзіндік жеткіліктілігін (аддикцияны) Ц.П. Короленко біртіндеп жақтап жүр. Ол Н.В.
Дмитриевамен бірге былай дейді – «Аддиктивті іс - әрекеттің элементтері – шындықтан, өзінің психикалық жағдайын өзгерту жолымен кететін кез - келген адамға тән. Аддикция проблемасы психикалық жағдайының өзгеруіне байланысты шындықтан қашуға ұмтылу өмірге басып кіретін басты идеяға айналып шындықтан кетуге апаратындай санада басымдық пайда бола бастайды. Олар химиялық емес аддикциялардың келесі түрлерін талдаған: құмар ойындарға (басқаша айтқанда гемблинг), жұмысбастылық аддикция, ақша жұмсағыштық аддикция, басқа адамдармен қарым - қатынастағы аддикция, ургенттік (үнемі уақыт жетіспеушілік) аддикция [1].
Аддикцияның тартымдылығы - оның ең аз қарсыласу жолынан тұратындығы.
Аддиктивті жүзеге асырулардың әртүрлі нұсқаларын қолданып қандай да бір заттарға немесе әрекеттерге қадала қарау арқылы өз проблемалары жайлы ойламай, үрейлерін ұмытып, қиын жағдайлардан құтылуға болады деген субъективті әсер пайда болады.
Көңіл - күйді аддиктивті механизм бойынша өзгерту ойы, әртүрлі аддиктивті агенттер көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай агенттерге психикалық жағдайды өзгертетін заттар: алкоголь, наркотиктер, дәрілік препараттар, улы заттар жатады. Көңіл - күйді жасанды өзгертуге сондай-ақ, қандай да бір белсенділіктер түріне: құмар ойындар, компьютер, тәттіге құмарлық, тоя тамақтану немесе ашығу, жұмысқа құмарлық, ритмикалық әуендерді ұзақ уақыт тыңдауға құмарлық септігін тигізеді[2].
Аддикцияның күйретушілік сипаты, аддиктивті жүзеге асыру тәсілі, құралдан біртіндеп мақсатқа айналады. Қиын жағдайларда күмән мен уайымды анда - санда ұмытып, сейілу адам баласының бәріне қажет нәрсе, бірақ, аддиктивтілік жағдайында ол өмір сүру стиліне айналып, осы процесте адам нағыз шындықтан тұрақты қашу қармағына түседі [3].
Аддиктивті іс - әрекеттің жүзеге асуы достықты, махабатты, белсенділіктің басқа түрлерін ауыстырады. Ол аддикттің өмірдегі тепе -теңділікті сүйемелдеуге қабілетсіз болатындай, белсенділіктердің басқа формаларына кірісе алмайтындай, адамдардан қарым - қатынас жасағаннан ляззат ала алмайтындай, бірдеңемен айналыса алмайтындай, босаңсый алмайтындай, тұлғаның басқа жақтарын дамыта алмайтындай, біреудің мейіріміне, қайғысына ортақтасу және эмоционалды қолдауын жақын адамдарына да білдіре алмайтындай дәрежеде уақытын, күшін, энергиясын және эмоциясын жұтады.
197
Басқа адамдармен қарым - қатынас жасау арқылы жалпы адамзат тәжірибесі, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, білім мен қызмет тәсілдері игеріледі және тұлға қалыптасады. Аддикт өзін бұл процесстерден бөліп, өзінің өмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым -қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады.
Аддиктің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде өзара қиындықтар туындайды.
Аддиктивті ерекшеліктері бар адам өзін - өзі тану, өзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым - қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар өзінің тіршілігінде және өзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды. Қарым - қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, өзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, өзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады.
Қолданылған әдебиет
1. Бабаева Ю.Д., Войскунский А.Е., Смыслова О.В. Интернет: воздействие на личность //
Гуманитарные исследования в Интернете / Под ред. А.Е. Войскунского. – М.,
“Можайс
Терра”, 2000, с. 11-40
2.Бабаева ЮМ., Войскунский А.Е. Одаренный ребенок за компьютером.М.,2003
3. Войскунский А.Е. Психологические исследования феномена Интернет-аддикции //
Тезисы докладов 2-й Российской конференции по экологической психологии. М.:
Экопсицентр РОСС. 2000 С. 251-253.
ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҰЖЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК СТАТУСТЫҢ ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тусупова Дидар Тлеутайқызы
2 курса магистранты, 6М050300 «Психология» мамандығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Казахстан.
Ғылыми жетекші - Г. Карибаева
Адам өзінің өмірінің жартысынан көбін жұмыс орнында, ұжымда өткізеді. Сондықтан адамның өмірлік іс-әрекетінде ұжымдағы психологиялық ахуал мен әлеуметтік статустың алатын орны маңызды. Психологиялық ахуал – бұл адамның ұжымға психологиялық икемделу және осы ұжымның әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың тұлғаға әсер ету ерекшеліктері. Психологиялық ахуал – бұл топтағы тұлғаның жан-жақты дамуы мен психологиялық жағдайының ерекшеліктерінен және біріккен жемісті іс-әрекеттің қолайлы немесе қолайсыз жақтарынан көрінеді. Жағымды психологиялық ахуалдың негізгі белгілері: топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімділігі мен жоғары талаптылығы, тілектестік және іскерлік сын; ұжымға қатысты сұрақтарды талқылау барысында өз ойларын еркін айту, топта басшылар өз қоластында жұмыс істейтіндерге қысым көрсетпей, олар үшін маңызды шешімдерді қабылдау құқығы, ұжым мүшелерінің өз жұмыстары мен міндеттері жөнінде толық мәліметтенуі, ұжым мүшелерінің біреуінде фрустрациялық пен жоғары деңгейдегі эмоцияналды күй жағдайында өзара көмек көрсету, әр топ мүшелерінің жұмыс жағдайына жауапкершілігі.
Сондықтан, психологиялық ахуал жалпы алғанда топтың даму деңгейіне байланысты болады. Даму ұжымының арасында психологиялық ахуал мен біріккен нәтижелі іс-әрекет орнатылса, оның әр мүшесінің арасында жағымды байланыс болады. Ұжым оңтайлы басқару іс-әрекетінде психологиялық ахуалда басшылықтан арнайы білім мен іскерлікті