• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақстан республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақстан республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ БАҒАЛАУ МОДЕЛЬДЕРІ

Г.С. Искакова

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы E-mail: [email protected]

Қазіргі таңда нарыққа байланысты елеулі мәселелердің бірі- жұмыссыздық мәселесі. Жұмыссыздық - әлемдегі ортақ проблемалардың бірі болып табылады және осы еңбек нарығының тиімділігін арттыру, халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздықты азайту мәселелеріне байланысты елімізде маңызды шаралар жасалып, жоспарлар мен бағдарламалар қабылданып жатыр. Олардың бірі - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шiлдедегі "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты Қазақстан халқына Жолдауы. Аталған жолдауда Н.Ә. Назарбаевтабысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен ӛз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің міндеттерін атап кӛрсетті [1].

Бүгінгі күні, яғни қаржы дағдарысы басталғаннан бері соңғы бір жарым жыл ішінде мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін азайту мәселесіне байланысты қабылданған мемлекеттің саясаты -

«Жол картасы» бағдарламасының маңызы ӛте зор, себебі оның артықшылығы – Үкімет тарапынан жұмыссыз азаматтарды қолдау, жаңа мамандық алып, жұмысқа орналастыруға жол ашу болып табылады.

Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (алдымен еңбек қабілеті) тауар түрінде сатып сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі [2]. Жұмыссыздық – бұл елдегі жалданумен жұмыс істеуге ынтасы және қабілеті бар, бірақ ӛз мамандығы бойынша жұмыс табуға мүмкіндігі жоқ немесе жұмысқа орналаса алмайтын адамдар саны [3]. Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады.

(2)

Жұмыссыздықтың негізгі типтері

1. Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады.

𝑢𝑓𝑟𝑖𝑐𝑡𝑖𝑜𝑛 =𝑈𝑓𝑟𝑖𝑐𝑡𝑖𝑜𝑛

𝐿 (1)

2. Құрылымдық жұмыссыздық- Экономикадағы құрылымдық ӛзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болады. Олар: жаңа технологиялар, жаңа тауарлардың пайда болуы. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби- біліктілік құрылымында ӛзгерістер орын алып отырады.

𝑢𝑠𝑡𝑟𝑢𝑐𝑡𝑢𝑟𝑎𝑙 =𝑈𝑠𝑡𝑟𝑢𝑐𝑡𝑢𝑟𝑎𝑙

𝐿 (2)

3. Циклдық жұмыссыздық- Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Ол экономикалы коньюктураның ӛзгеруімен анықталады. Ол циклдық ӛрлеу кезінде азайып, дағдарыстар кезінде кӛбейіп отырады.

𝑢𝑐𝑦𝑐𝑙𝑒 =𝑈𝑐𝑦𝑐𝑙𝑒

𝐿 (3)[4].

Негізінен жұмыссыздықтың себептері туралы кӛзқарастарды келесідей топтастыруға болады:

Біріншіден, ұлттық ӛндірістің деңгейімен салыстырғанда салыстырмалы халықтың шектен кӛп болуы жұмыссыздықтың себебі болуы мүмкін.

Екіншіден, адамдардың ӛз қалаулары және жақсы еңбек шарттары мен жалақысы бойынша жұмыс іздеуі де жұмыссыздықтың уақытша ӛсуіне әсер етуі мүмкін.

Үшіншіден, экономика құрылымында, соның ішінде технологиядағы ӛзгерістер салдары жұмыссыздыққа әкеледі. Бұл жұмыссыздық уақытша болып табылады, себебі ескі салалар мен ӛндірістің орнына жаңалары келеді.

Тӛртіншіден, жұмыссыздық деңгейінің қатты тӛмендеуі экономикадағы циклдік құлдыраулар нәтижесі болуы мүмкін.

Бесіншіден, кейбір жағдайда мемлекет пен кәсіподақтардың жалдамалы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастарға араласуы

(3)

жұмыссыздықтың генераторы болып табылады. Ал бұл жалақының нарықтық икемсіздігіне алып келеді, сондықтан кәсіпкерлер максималды пайдаға жұмысшылар санын азайту арқылы қол жеткізуге міндетті болады [5].

Еліміздегі соңғы жылдардағы еңбек нарығы кӛрсеткіштеріне тоқталайық. Нарыққа ӛту кезеңінде еңбек нарығындағы жағдай республика бойынша еңбек ресурстарының тӛмендеуімен және жұмыссыздықтың кӛбеюімен байқалды. Дегенмен бұл жағдай қазір біртіндеп оңтайланып келеді. Оны толығырақ 1- суреттен кӛреміз.

Сурет-1. 2010-2012 жылдардағы Қазақстан Республикасының еңбек нарығы жағдайының кӛрсеткіштерінің динамикасы

*Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде автор құрастырған.

2010 жылдың IV тоқсанында экономикалық белсенді халық 8616,1 мың адамды құраса, 2012 жылдың IV тоқсанында бұл кӛрсеткіш 8974,7-ні құрап, 360,1 мың адамға артқан. Жұмыспен қамтылған халық 8141,4-тен 8499,9-ға артқан. Ал жұмыссыздың деңгейі 2010 жылдың I тоқсанында 526,2 болса, 2012 жылдың IV тоқсанында 474,8-е тең.

2012 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы 15-24 жастағы жастардың үлесі 10,0% немесе 47,6 мың адамды, 15-28 жастағы жастардың үлесі 28,0% немесе 132,9 мың адамды құрады. 15-24 жастағы

8555,5 8620,3 8652,8 8616,1 8610,4 8671,4 8915,6 8906,4 8941,0 8999,8 9013,1 8974,78029,3 8116,5 8171,1 8141,4 8134,5 8204,4 8443,3 8429,1 8462,5 8526,7 8540,3 8499,9

526,2 503,9 481,6 474,7 475,9 467,0 472,3 477,3 478,5 473,1 472,8 474,8 3544,1 3478,7 3447,4 3483,4 3487,8 3427,6 3488,4 3504,6 3580,5 3520,4 3506,7 3545,9 0

2000 4000 6000 8000 10000

1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан

2010 2011 2012

Экономикалық тұрғындар белсенді халық, мың адам Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

Жұмыссыздар, мың адам

Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық, мың адам

(4)

жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% (2011жылғы IV тоқсанда – 4,1%), 15-28 жастағылардікі – 5,0% (2011жылғы IV тоқсанда – 6,2%) болды.

Сурет-2. 2010-2012 жылдардағы Қазақстан Республикасының жұмыссыздық кӛрсеткіштерінің динамикасы

*Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде автор құрастырған.

Енді осы еңбекпен қамту және жұмыссыздық кӛрсеткіштерінің ҚР экономикасына әсерін талдау жасау үшін, келесідей белгілеулер қолданылған, олардың 2001- 2012 жылдардағы тоқсандық мәндері қарастырылды [6]:

GDP - Жалпы ішкі ӛнім, млрд. теңге

E - Жұмыспен қамтылған халық, мың адам P - ӛнімділік

N - экономикадағы белсенді халық, мың адам U - жұмыссыздық, мың адам

Кесте - 2. 2001 ж. мен 2012 ж. аралығындағы тоқсандық кӛрсеткіштер бойынша жұптық корреляция коэффициенттері

E P N U GDP

E 1 -0.331 0.9903 -0.959 0.783

P -0.331 1 -0.318 0.329 -0.215

6,2 5,8 5,6 5,5 5,5 5,4 5,3 5,4 5,4 5,3 5,2 5,3 6,1 5,2 4,7 4,7 5,0 4,5 4,7 4,1 4,2 3,8 3,8 3,9 7,2 6,6 6,3 6,5 6,3 6,1 6,4 6,2 6,2

5,3 5,2 5,0 2,3 2,2 2,1 2,1 2,0 2,0 2,1 2,1 2,6 2,5 2,5 2,5

0 2 4 6 8

1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан

2010 2011 2012

Жұмыссыздық деңгейі Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жас)1) Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-28 жас)2) Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, %

(5)

N 0.9903 -0.318 1 -0.917 0.779

U -0.959 0.329 -0.917 1 -0.777

GDP 0.783 -0.215 0.779 -0.777 1

*Дерек кӛзі: ҚР Статистика агенттігі негізінде автор құрастырған.

Бұл кестегі ЖІӚ мен басқа тәуелсіз айнымалылар арасындағы корреляция коффициенттерінің ӛте жоғары мәні қарастырылып отырған кӛрсеткіштері арасында тығыз байланыс бар екенін кӛрсетеді. 2001 ж. мен 2012 ж аралығындағы мерзімде тек ӛнімділіктің ЖІӚ-ге әсері аз, ал жұмыспен қамтылған халық, экономикадағы белсенді халық, жұмыссыздық пен ЖІӚ арасында тығыз оң байланыс бар. Ӛнімділік пен жұмыссыздықтың әсері теріс.

Еңбек нарығының кӛрсеткіштерінің Қазақстан экономикасына әсерін анықтау үшін кӛптеген модельдер құрылды. Соның ішінде ең жақсы модельдер ретінде келесілер алынды, олардың коэффициенттері мәнді, теңдеудің жалпы сапасы адекватты, автокорреляция мен гетероскедастикалық құбылыс жоқ:

Бірінші – аталған барлық кӛрсеткіштер арасында кӛптік регрессия моделі құрылды.

. 13.73

- 41.54U -

26.70779P 1444833N

12244,58 E t

GDP

(4)

(24670.26) ( 7.57) (60.69) (19.07) (8.76) DW=1,861879; R2=0,654310; F=19.874057.

Екінші - Жұмыспен қамтылған халық пен ЖІӚ арасында жұптық регрессиялық модель құрылды.

. 4,386115

28731,68

- E t

GDP   (5)

(3923,194) ( 0,519975)

DW=1,709679; R2=0,612581; F=71,15328.

Үшінші - экономикадағы белсенді халық халық пен ЖІӚ арасында жұптық регрессиялық модель құрылды.

. 5,274589

38644,89

- N t

GDP  (6)

(5163,152) (0,633601)

DW=1,679184; R2=0,606306; F=69,30202;

(6)

Сурет-3. Барлық кӛрсеткіштер арасында кӛптік регрессиялық модель (2001 ж I тоқсан-2012 IV ж тоқсан)

*Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде автор құрастырған.

Тӛртінші - жұмыссыздық пен ЖІӚ арасында жұптық регрессиялық модель құрылды.

. 27,29047

-

20748,57 U t

GDP  (7)

(2012,442) (3,291053)

DW=1,655217; R2=0,604439; F=68,76259.

Бесінші – аталған барлық факторлар арасында дәрежелік модель құрылды:

.

*

*

*

AN 1 P 2 U 3 E 4 t GDP  (8)

. ) log(

539 . 1 ) log(

83 . 3 ) log(

674 . 1 log(N) 239 . 4 925 . 15 )

log(GDP    PUE 

(32,847) (6,684) (1,195) (1,542) (6,931) DW=1,61712; R2=0,808340; F=44,28449.

Алтыншы - жұмыссыздық пен ЖІӚ арасында дәрежелік модель құрылды.

. 4,777917

- 38,58531 )

log(GDP U t (9)

(2,327208) (0,363978)

DW=1,537774; R2=0,792929;

F=172,3167.

Бұл мақалада жұмыссыздық және оған әсер ететін факторлар арасында регрессиялық модельдер тұрғызылып, мақаланың басты мақсаты орындалды.

Сонымен, жоғарыда келтірілген регрессиялық модельдерге сүйене отырып, жұмыспен қамтылған халық пен экономикадағы белсенді халық мың адамға ӛзгергенде, жалпы ішкі ӛнім сәйкесінше 4,34 және 5,27 млд. тенгеге артады,

0 4000 8000 12000 16000

01 02 03 04 05 06 07 08 09 10 11 12 GDP

E N

P U

(7)

ал жұмыссыздық мың адамға ӛзгергенде жалпы ішкі ӛнім 27,3 млд. тенгеге азаяды деп айтуға болады. Ӛткен кезеңдегі мәліметтерді салыстыра отырып, Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздардың үлесін тӛмендету, жұмыспен қамту кӛлемін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан қабылданған «Жол картасы» бағдарламасы әрі қарай болашақта жалғасын тауып, мемлекеттік бюджеттен қаражат ресурстары кӛптеп бӛлініп, алдағы уақытта жас мамандарға жұмыс орындары ашылса, халықтың әлеуметтік – экономикалық тұрмыс жағдайы кӛтеріледі, сондай-ақ экономикамыз алға басады.

Әдебиет:

1. Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шiлдедегі "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам"

атты жолдауы

2. А.В. Сидоровия, Ә.Ә. Әбішев. Ұлттық экономика. Алматы, 2011ж, 261 б.

3. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика, 79-80 б.

4. Мырзатаев Е.К. ҚР жұмыссыздық деңгейін модельдеу. Алматы, 2012ж., 117-118 б.

5. Никифорова А.А. Рынок труда, занятость и безработица –М., 2004.- 146 б.

6. http://www.stat.kz/digital/stat_trud/Pages/trud.aspx.

Referensi

Dokumen terkait

Ол бүкіл адам баласына ортақ, сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық өзінің төл шығармасындай қабылдай беретіні де бар.Тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымы, әдет-ғұрпы мен салт-