• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕСІ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Қарауылбекова Б.Қ., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің 1 курс магистранты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ

ШАРУАШЫЛЫҚ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕСІ

В данной статье рассматривается вопрос о предоставление гражданам и юридическим лицам на праве временного возмездного землепользования аренды земель сельскохозяйственного назначения.

Ключевые слова: земля, земельный кодекс, земли сельскохозяйственного назначения

In given article the question on representation to citizens and legal bodies on the right of transitional refundable land tenure of rent of agricultural land.

Keynotes: land (ground), land code, agricultural land

Ауыл шаруашылық жер телімдерін тауар ретінде белгілейтін құқықтық негіз жерді тұрақты пайдалану институты болды, ал ол өз кезегінде жерге жеке меншік институтының сипатына жақын болды. Тұрақты жер пайдалану құқығындағы жерлер азаматтық-құқықтық мәмілелердің объектісі болып танылды. Олардың құқықтық режимдерінің ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, олардың нарықтағы айналымдарының ережелері бекітілді [1. 73 б.].

Бұл нормалар өздерінің әрекет етуі тұсында ауыл шаруашылық жерлерін қайта бөлісу процесінде өте маңызды рөлді атқарды десек те болады және осылардың арқасында аграрлық секторда шаруашылықтың жаңа түрлері белең алды. Дегенменен, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншіктен жеке меншікке айналдыру процесінде кемшіл тұстар да баршылық болды: барлық субъектілердің өздерінің жер үлестерін және басқа да жылжымайтын мүліктерін алуға мүмкіншіліктері бола бермеді.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу негіздері мен жолдарын айта отырып, олардың берілуі мүмкін көлемін атап айту мүмкін емес. Қазіргі уақытта қолданыстағы күші бар Қазақстан Республикасының Жер кодексін талқылау кезінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің пайдаланылуға берілуі мүмкін көлемі туралы сауал көптеген талқылауға ұшырады. Ол бойынша заңда келесідей көрініс пайда болды:

(2)

o ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің максималды бөлшегі сол жер орналасқан әкімшілік аумақтың жалпы көлемінің 10%-нан аспауы тиіс;

o фермер шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жеке меншікке берілуі мүмкін жер учаскелерінің көлемі әкімішілік аумақтың жалпы көлемінің 1 %-нан аспауы тиіс;

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді рационалды түрде пайдалануды күшейту мақсатында жергілікті атқарушы және өкілді биліктің бірлескен шешімімен суармалы жерлерге, олардың өздерінің ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеленудің максималды мөлшері бекітілуі мүмкін [2. 154 б.]. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру және де оның қызмет етуінің артықшылықтары туралы Ж.К. Косанов және А.Х. Хаджиев [3.119-124 б. ] өз еңбектерінде қозғайды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жерлердің санаттарына, олардың әрқайсысын жеке меншікке алудың немесе пайдалану үшін алудың өзіндік ерекшеліктері бекітілген.

Жерге деген меншік құқығы азаматтар мен ұйымдардың маңызды әлеуметтік-экономикалық құқықтарының қатарына жатады. Бұл жердің адамның өмір сүру ортасы болуымен және оның экономикалық тұрғыдан мүмкіншілігінің кең ауқымдылығымен түсіндіріледі. Бұл тұрғыда ерекше маңызды болып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер келеді. Қазақстан Республикасы өте кең ауыл шаруашылығы жерлерінің ресурсына ие.

Жер заңнамасының әлеуметтік бағыты, тәжірибе көрсетіп беріп отырғандай, жер қатынастары субъектілеріне жер беру арқылы көрініс табуы керек. Дегенменен заң жер қатынастары субъектілерінің қатарын негізсіз көбейте бермейді, яғни ол негізсіз жер қатынастары субъектілерінің шоғырланып қалуына жол ашпайды.

Егер де жер заңнамасын осы көзқарас тұрғысынан алып қарастыратын болсақ, онда біз келесіні көреміз. Субъектілерге жер құқығын беру: а) меншік құқығын жеке меншікке немесе пайдалану құқығынан табыстау; б) жер учаскесін беру жеке меншікке немесе пайдалану құқығына беру. Қазақстан Республикасы жерге деген мемлекеттік меншіктің жалғыз ғана субъектісі бола отырып, өзінің құқығын жүзеге асыру мақсатында мына әрекеттердің кез келгенін жасауға құқылы болып табылады:

мемлекеттік меншікте бар жер учаскелерін сату немесе жеке меншікке ақысыз түрде беру;

ақылы немесе ақысыз нысанда жер учаскелерін тұракты немесе уақытша жер пайдалануға беру.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығының пайда болуының үшінші түрі меншік құқығының әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысады.

(3)

Күшін жойған «Жер туралы» Заңға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (саябақ құрылысына арналған жерлерден басқасы) жеке меншікке берілмейтін еді. Сонымен қатар тұрақты жер пайдалану құқығына ие мемлекеттік жер пайдаланушыларға қарағанда, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар – субъектілерге жер тек уақытша пайдаланылуға берілетін болған.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу негіздері мен жолдары туралы ойды қозғай отырып, олар үшін төленетін төлемдерді айтпай кету мүмкін емес. Жер қатынастарын реформалау кезінде, ең бастапқы этапта жер құқықтарын бөліп берудің ақылылығы принципі бекітілген болатын. Бір уақытта жер пайдаланушы субъектілердің бірқатарына жер учаскелерін ақысыз беру көзделді. Сонымен қатар, негізінен жер учаскелерін шаруа қожалықтарына тегін беретін принцип те қарастырылған болатын.

Қазіргі кезде қолданысқа енген Жер кодексі шаруалардың жағдайын барынша қорғайды деп айтуға болмайды, өйткені ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығын сатып алу мүмкіндігі көпшілік шаруаларда болмайтындығы рас.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жеке меншікке берілген уақытында бір адамның қолында шоғырланып қалуына жол бермейтін норма сөзсіз әлеуметтік маңызға ие. Дегенменен, оның толық орындалуының және қамтамасыз етілуінің механизмдері осы күнге дейін өз дәрежесінде емес екендігін айтуымыз керек.

Жер кодексі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шаруашылық айналымдағы ерекше орнын ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы деген арнайы бап нормасын қарастырған. Оның мазмұнына сәйкес мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi белгiленген тәртiпте және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн деп көрсетілген.

Аталған Заңның жер учаскелерін алуға байланысты шектеу қоятындығын біз Жер кодексінің 50-бабы 4-тармағының мазмұнынан көре аламыз. Оған сәйкес: Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының бiрлескен ұсынысы негiзiнде ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiнiң бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың) аумағындағы шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлейдi, олар:

жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оған аффилиирленген тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн;

уақытша жер пайдалану құқығымен шетелдiктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдiк заңды тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн.

(4)

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ұтымды пайдалану мақсатында жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмдерiмен суармалы жерлердi пайдалану ерекшелiктерi ескерiле отырып, суармалы жерлердегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерi белгiленуi мүмкiн.

Сонымен, біз анықтағандай, Жер кодексі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздерін айқындап берген. Оған сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын ескереріле отырып, жер учаскесіне меншік құқығы: табыстау, меншік құқығын беру; әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысу арқылы туындайды екен.

Жер учаскесiнiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.

Шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе Жер кодексінің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге тиiс.

Қазіргі Қазақстан Республикасының жағдайында ауыл шаруашылығының дамуына өзінің орасан үлесін қосып жатқандар – бұлар заңды тұлғалар болып табылады. Заңды тұлғалар да заңнамада көзделген шекте және көлемде ауыл шаруашылығындағы жерлерге жеке меншік құқығын иелене алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.

Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, жоғарыда аталған мақсаттарға арналған жер учаскелерi шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және

(5)

шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу және орман өсiру үшiн берiледi.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi.

Шаруа қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың:

1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң Жер кодексiнің 10 және 11-баптарына сәйкес анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына;

2) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады.

Бұл ретте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер бойынша жер учаскелерiне жеңiлдiктi бағаның нақты мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы алған тұлғаларға учаскенiң бағасын толық төленгенге дейiн мәмiле (сату, жалға немесе өтеусiз пайдалануға беру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жарғылық капиталына салым немесе жарна ретiнде бepу) жасасуға тыйым салынады.

Жеңiлдiктi бағамен төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiмен мәмiле жасасуға, оның сатып алу бағасы толық төленгеннен кейiн он жыл өткен соң құқық берiледi.

Аталған тұлғалардың жер учаскесiн кепiлге беруiне оның сатып алу бағасының кемiнде елу процентiн төлеген жағдайда рұқсат етiледi. Бұл ретте жер учаскесiнiң сатып алу бағасы төленген бөлiгi ғана кепiл нысанасы бола алады.

Заң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің тек Қазақстан Республикасы азаматтарына тиесілі болуын көздейді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылуға тиiс не жер учаскесiне құқық 10 жылға дейiн жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына бiр жыл iшiнде қайта ресiмделуге тиiс деп заңнама белгілеген.

Жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылған кезде, жер учаскесiнiң сатып алу бағасы меншiк иесiне осы учаскенi мемлекеттен сатып алған баға бойынша, жер учаскелерiн сатудан түсетiн қаражат есебiнен төленедi.

Жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн сатып алудан бас тартқан жағдайда, ол учаске оның рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматына сатылуы мүмкiн.

(6)

Мемлекет өзінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне меншік құқығын өзінің мемлекеттік органдары арқылы (мысалы, ауыл шаруашылығы министрлігі) жүзеге асырады.

Жер кодексі заңға сәйкес мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi жеке меншiкте бола алатын жағдайда, оларды азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беруден бас тартуға жол берілмейдi деген норманы бекітіп берген.

Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыруды біз келесіден көре аламыз.

Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:

1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;

2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;

3) кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн.

Қазіргі қолданыстағы 2003 жылғы Жер кодексінің тағы бір сөзсіз артықшылығы ретінде онда жерді пайдаланудың екі нысаны көрсетілгендігін айтуға болады. Олар: жеке меншік құқығында және жер пайдалану құқығында. Жер қатынастары субъектілеріне осы екі нысанның кез келгенін таңдау құқығы берілген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған жер учаскелері жеке меншікке немесе пайдалануға алынатын болса, оған ақы төлеу қажеттілігі көрсетілген. Осыны қорытып айтар болсақ, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді иелену, пайдалану және билік етудің негізгі нысаны жерге жеке меншік құқығы мен уақытша пайдалану құқығы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Поддольский И.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория. Алматы, 2000. С.73.

2. Стамқұлов Ә.С., Г.Ә. Стамқұлова. Жер құқығы. Оқу құралы, А., Заң әдебиеті, 2004 жыл.С.146.

Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы: Данекер, 2001. – 372с.

Referensi

Dokumen terkait

2010 жылда 40-49 және 50-59 жас аралығындағы тұрғындар саны ӛскенімен, олардың ӛкпе рагымен ауруы 2001 жылдық бұл уақытта 70+ жастағы топтар кӛрсеткіші жоғары болған 189,3%ooo