ӘОЖ 339.5(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Әбдікерім Айзада Болатәліқызы, Таттыбаева Дамира Бақтиярқызы, Уажанова Раушан Ұланғазықызы, Аманова Шолпан Сапарқызы
АТУ.Алматы.Қазақстан.
Қазақстан Республикасының Заңы Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II заңы Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Техникалық реттеу туралы Заңы мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкілетті орган немесе ол уәкілеттік берген ведомстволық қарасты кәсіпорын жүзеге асырады.[1]
1- Кесте. Нормативтік құжаттардың айырмашылығы НҚ түрі Әзірлеу
мерзімі
Келістіру кезеңі Қолданыл уы
Бекіті- луі
Авторлық құқық ISO 3-5 жыл Ұлттық ISO ТК-
мен келістіру
Халықара- лық сауда шеңберінд е
ISO-мен бекітіледі
Кең
қолданысқ а ие
ГОСТ 2 жыл ТМД қатысушы мемлекеттер деңгейінде келістіру
ТМД сауда шеңберінд е
Дауыс беру арқылы бекітіледі
Кең
қолданысқ а ие
ҚР СТ 1 жыл Ұлттық ҚР сауда ТРМ Кең
деңгейде келістіру
шеңберінд е
комитеті- нің
бұйрығым ен
бекітіледі
қолданысқ а ие
ЖШС СТ 2-6 ай Болмайды Кәсіпорын
да және еркінді сертифика ттау
Кәсіпо- рын жетекші- сінің бұйрығы- мен
бекітіледі
Авторлық құқығы бар
Алдын ала стандарт
2-6 ай Біліктілігі бойынша мемлекеттік органдармен келістіру
ҚР
шеңберінд е. 3 жыл мерзімінде күші бар
Стандартт ау
бойынша техникалы қ
комитеттің бұйрығым ен
бекітіледі
Кең
қолданысқ а ие
Үкіметтік емес стандарт
2 жыл 6 ай
Сала деңгейінде келістіру
ҚР
шеңберінд е
Коммерци я-
лық емес ұйымның бұйрығым ен
бекітіледі.
Авторлық құқығы бар
Консорци- ум
стандарты
Консор- циум- мен бекіті- леді
Консорциум ішінде
Консорциу м ішінде
Консорциу м-мен бекітіледі
Авторлық құқығы бар
Кедендік саясат--Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын,біріңғай,мақсаттарға бағытталға кедендік төлемдер жүйесі және оларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолдану жолымен жүзеге асырылатын,сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласы.[2]
Экономиканың негізгі тірегі сауда айналымын жақсарту мақсатында құрылған Кедендік Одақтың қызметі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Бе ларусь Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді.[2]
Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қара-
мастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық да- мудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.[3]
1- Сурет. Кедендік Одақ картасы
Кедендік Одақта қолданылатын Өнімнің сәйкестік сертификатты/Кедендік одақтың Техникалық регламентіне (КО ТР) сәйкестігі туралы декларация — бұл Кедендік одақ елдерінің – Қазақстан, Белоруссия және Ресейдің аумағында, 2014 жылғы қазан айынан бастап – Арменияның, ал 2015 жылғы мамырдан бастап – Қырғызстан аумағында сәйкестікті растаудың міндетті құжаты болып табылады.[2]
Өнім айналымының біріңғай белгісінің сипаты ЕАС үш стилдендірілген әріптердің «Е», « А» және «С» қосындысынан тұрады,ЕАС Еуразиялық сәйкестілік ретінде оқылады( Eurasian Conformity).
Айналымының біріңғай белгісі айналымға шығарылған өнімнің Кедендік Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарынын өткендігі және Кедендік одақтың нақты өнімге белгіленген талаптарына сәйкестігі туралы хабарландыратын біріңғай белгілеу болып табылады.[5]
Қорыта айтқанда,Қазақстан Республикасындағы Ккдкндік одақта қаралатын әрбір нормативті және техникалық құжаттардың дамуы байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Заңы “Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II заңы”
2.Р.А.Қамшыбаев “Кедендік бақылау техникалық құралдары”
3.Жақашев Д.С “Кедендік саясат”
4.http://www.m-astana.kz
5. Таможенное право(сборник документов)- Алматы,Данекер,2011