ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2017 жылы 17 қарашада өткізілетін «Географияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты идеялар және жаңа пікірлермен, ғылыми көзқарастармен алмасып, география мен геоэкология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру; зерттеу нәтижелерімен алмасу, әр түрлі ғылыми бағыттағы қорытындылар және ұсыныстармен, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі география ғылымының өзекті мәселелері мен даму келешегін талқылау.
Келесі бағыттар бойынша баяндамалар мен ақпараттар жоспарлануда:
• Физикалық география мен геоэкологияның өзекті мәселелері;
• Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның қазіргі мәселелері;
• Рекреация мен туризм мәселелері;
• Гидрология мен метеорология мәселелері;
• Геоақпараттық картографиялау мен үлгілеу: зерттелу жағдайы мен даму келешегі;
• Географиялық білім беру мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Баяндау ұзақтығы:
пленарлық отырыста – 15 минутқа дейін;
секциондық отырыстар – 10 минутқа дейін;
пікір алмасу – 5 минутқа дейін.
Белгіленген уақытта келіп түскен барлық өтініштер мен талаптарға сәйкес дайындалған материалдар конференцияның сараптама комиссиясының қарауына жатады.
Конференцияның сараптама комиссиясы ұсынылған материалдарды бағалау өлшемдеріне сәйкес тексереді және конференцияға қатысуды ұсынады. Жоғары қоғамдық сұранысқа ие болған еңбек авторларының, жарияланатын материалдарының көлемін ұлғайту ұсынылуы мүмкін.
Баяндаманың тезистері мен өтініштер (төмен.қарау) эллектронды нұсқада жеке құжат ретінде Word 2007 форматында конференцияның [email protected]электронды мекен- жайына 2017 жылдың «8» қарашасына дейін жолдануы тиіс.
Электронды хаттың тақырыбы – Астана 2017, файлдар бірінші автордың тегі мен аты- жөні латын тілінің әріптерімен аталуы тиіс, мысалы, Ivanov_AB_tezisy; Ivanov_AB_zayavka.
Егер хатты алу туралы растау үш күн ішінде сізге жолданбаса, құжаттарды қайта жіберуді сұраймыз.
Мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы 010008, Астана қ., Қажымұқан көшесі 13, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, № 3 оқу корпусы, бұрынғы ЦИСИ ғимараты, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, 335 аудитория.
Анықтама телефондары: Ұялы тел. 87079760863 Оспан Гауhар, 87785809764 Тұрсын Іңкәр, 87784380195 Тұтқабай Гүлназ, 87055808510 Озгелдинова Жанар, 87055403390 Ауезова Зауре.
Е-mail: [email protected].
Материалдарды дайындау талаптары
Баяндама мәтіні Word-2007 текстік редакторында 4 бетке дейін, шрифт Times New Roman, кегль 14, жоларалық интервал 1, барлық өрістері 2 мм, жоғарғы бөлігінде бас әріптермен баяндама атауы, одан төмен 2 интервалдан кейін – автордың тегі мен аты-жөні, одан төмен – ұйымның атауы мен қаласы, кейін 1 жолдан соң мәтін басылады. Баяндамалар электрондық және баспа түрінде көрсетілуі қажет. Қазақ тілінде орындалған баяндамалар,
Times/Kazakh, кегль 14 қазақша шрифтінің өлшемі бар жоғарыда көрсетілген барлық талаптармен бірге электронды нұсқамен бірге жіберілуі қажет.
Мәтінде қандай да бір тегі көрсетілсе, мәтін ішінде аты-жөні тегінің алдында, әдебиеттер тізімінде тегінен кейін жазылады. Библиография (әдебиет көздері және интернет- ресурстар) нөмірленген, толық шығу деректері көрсетіліп, мақаланың соңында жазылады.
Шығарылған орны мен баспа атауы, жарияланым беттері, монография болған жағдайда кітаптың жалпы беттерінің саны көрсетіледі.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинақ түрінде жарияланады.
Конференцияға қатысушылардың барлығына сертификат табысталады. Конференцияға қатысу ақысыз (ұйымдастыру төлемі қажет емес). Жол жүру және тұру шығындарын қатысушылардың өздері немесе оларды жіберген ұйым төлейді.
ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ
«Географияның өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы
Астана, Қазақстан, « 17 » қараша 2017 ж.
Тегі Аты Әкесінің аты
Елі Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағы Қызметі
Ұйым Телефон
Е-mail Баяндама атауы
Секция атауы Баяндаманың таңдаулы түрі
(ауызша/постер)
Қонақ үй бөлмесін брондау қажеттілігі
Құрметті әріптестер! Ұйымдастыру комитеті пошталық мекен-жайыңызды мұқият толтыруыңызды сұрайды. Бұл сіздің конференция материалдарын уақтылы алуыңызға себеп болады!
Ұйымдастыру комитеті әріптестеріңіздің конференция туралы ақпараттандыру үшін алғысын білдіреді
Құрметпен, конференция ұйымдастырушылары