Хамзина М.Ғ.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Қазақстан Республикасының Конституциясы -мемлекеттің негізгі
заңдық құжаты
Конституция – мемлекетіміздің нышаны және басты құжаты, онда аса маңызды құндылықтар, конституциялық құрылыстың институттары мен нормалары бекітілген. Конституция елді тұрақты және қарқынды дамыту үшін негіз құрды, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың басты қағидаттарын бекітті, маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың құқықтық іргетасын қалады. Ата Заңда жалпы адамдық идеалдар іске асырылды, іргелі демократиялық қағидаттар, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілдері бекітілді, адам, оның ӛмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына болып танылды.
Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуы елдің ӛңірегі және халықаралық сахнадағы беделін күшейтуге, егемендік алудан бастап халықаралық тануға және ЕЫҚҰ-да тӛрағалық етуге дейінгі қиын жолды енсеруге мүмкіндік берді.
Биыл біздің Ата заңымыздың қабылданғанына 15 жыл толады.
Конституцияның мерейтойы жетістіктерімізді саралап түсіну, оларды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық дамудың қарқының сақтап қана емес, оны нығайту және Қазақстан халқы ӛмірінің сапасын аса биік деңгейге жеткізетін мүмкіндік беретін жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілеу үшін себеп болады.
Тәуелсіз Қазақстанды құру және оның мемлекеттік-құқықтық дамуының қазіргі заманғы жай-күйі барлық жақтан: қол жеткізілген саяси, құқықтық, әлеуемттік-экономикалық нәтижелер бойынша, сондай-ақ мемлекет алдында жаһандану процестеріне байланысты тұрған қиындықтарды ойдағыдай еңсеру жағынан да 1995 жылғы Конституцияның ӛзінің мазмұны бойынша оңтайлы базалық құқықтық акт болғанын кӛрсетті.
Реттелетін қатынастардың кең ауқымы, нормаларының құрылымы мен нақты мазмұны бойынша Конституцияның қазақстандық моделі қазіргі уақытта қоғам мен мемлекеттің ӛзекті қажеттіліктеріне жауап беретін қисынды аяқталған түрге ие болды. Сонымен қатар, құқық қорғау практикасы Қазақстан халқының мүддесі мен қажеттілігі, жалпы мемлекеттік ӛрлеу игілігі үшін қолданылып жүрген Конституцияда одан әрі іске асыруды талап ететін едәуір құқықтық әлеуеттін болуын растады.
Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы әуел бастан күрделі саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық қатынастарды біртіндеп және сонымен қатар жүйелі түрде реформалау арқылы жүргізілгенін айта келе, Қазақстанның ішкі мемлекеттік дамуда қол
жеткізген нәтижелері, жоғары сыртқы саяси деңгейі – бұл оның тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кӛпқырлы қызметінің жемісі екендігін атаған жӛн.
Елбасының арқасында Қазақстан егемендікті алу және халықаралық мойындау қажеттілігі мәселелерінен бастап ЕҚЫҰ-да тӛрағалық етуге дейінгі қиындықтарға мол жолды ӛтті. Мемлекет Басшысының күш- жігерінің, оның негізді және батыл әрекеттерінің арқасында егемендікті сақтап қалып, оны нығайтып қана емес, сонымен қатар мемлекеттік дамудың кӛптеген бағыттары мен кӛрсеткіштері бойынша Қазақстанның позицияларын күшейте алды.Табысты мемлекеттік құрылыс жүзеге асырылды, билік органдарының оңтайлы жүйесі мен құрылымы жасалды, басқарудың жатыққан механизмі әзірленіп, қарқынды қызмет етеді, мемлекеттің құқықтық базасы құрылды және стратегиялық міндеттер мен практикалық қажеттіліктерге сәйкес реформалар жалғасуда. Мемлекетте әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін ғана емес, сондай-ақ идеологиялық және саяси әралауандықты іске асыруға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді және қазақстандық қоғамда тӛзімділікті қолдауға мүмкіндік беретін Қазақстанның саяси жүйесінің элементтері құрылып, табысты жұмыс істейді.
Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесі құрылды, ол әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында аяғында тік тұрып қана қалған жоқ, сонымен бірге қоғамдық және мемлекеттік әл-ауқат мүддесінде экономикалық реформаларды ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Әлемдік қауымдастықта Қазақстан биік сыртқы саяси беделге қол жеткізді, халықаралық-құқықтық қатынастарға белсенді кірісу және халықаралық құқық қағидаттары тұрғысынан аса маңызды сыртқы саяси бастамаларды кӛтеру арқылы біздің мемлекет кең халықаралық мойындауға ие болды және әлемдік саяси сахнаға шықты.
Мемлекеттің табысты қызмет етуінің қажетті құқықтық жағдайларын, сондай-ақ заңдылық қағидатын іс жүзінде іске асыруды кепілдендіруді қамтамасыз етуде прокуратура органдарына ерекше рӛл берілгендіктен, олар Қазақстанның дамуына белгілі бір үлесін қосады.
Прокуратура мемлекет атынан заңдардың, Президент Жарлықтарының және ӛзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыруға, кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жӛнiнде шаралар қолдануға, сондай-ақ Конституция мен заңдарға қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық келтіруге тиіс.
Конституциялық нормаларды іске асыру механизміне прокуратура органдарының қатысуы туралы айтқанда, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыты болып табылатындығын атап ӛткен жӛн.
Тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын біз Қазақстан мемлекетінің ең биік әлеуметтік құндылықтары ретінде
қарастырамыз. Осыған орай, Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен ӛзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады деп кӛрсетілген. Адам құқықтарының табиғи-құқықтық доктринасы және қолданыстағы (ұлттық) құқықты қалыптастырудың аталған факторы, әрине, прокуратура органдарында ескеріледі.
Әлемдік қаржы дағдарысының қолайсыз жағдайларында халықтың материалдық жағдайын қамтамасыз ету мәселелері, нәтижесінде, қоғамда әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау міндеттері аса маңызды болып табылатындықтан, прокуратура органдары азаматтардың әлеуметтік- экономикалық құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар бӛледі.
Айтқанымызды дәлелдеу үшін бір ғана 2009 жылдың ішінде әлеуметтік- экономкиалық саладағы прокурорлық қадағалау актілері бойынша 450 мыңнан астам азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалғанын атап ӛткен жӛн.
Дағдарысты еңсеру жағдайында прокуратура органдарының азаматтардың еңбекақысын алуға құқықтарын қамтамасыз ету жӛніндегі қызметі аса ӛзекті болып отыр. Ӛткен жылы прокуратура органдары 190 мың жұмыскерлердің пайдасына жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асатын жалақы бойынша берешекті ӛндіріп алуды қамтамасыз етті, анықталған заң бұзушылықтардың қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық істер қозғалды. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындай келе, прокуратура елдің ірі және орта кәсіпорындарында азаматтардың еңбек құқықтарына байланысты жағдайға күнделікті қадағалауды жүргізіп келеді.
Әлемдік экономикада дағдарыс құбылыстарының сақталуы әлеуметтік процестерге мемлекеттік мониторингті жүргізу қажеттілігін ғана емес, сондай-ақ жұмыстан негізсіз және заңсыз шығаруға, жалақыны тӛлемеуге, еңбек ету үшін тиісті жағдайлардың болмауына және т.с. байланысты заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының еңбек қатынастарын ұдайы қадағалауын талап етеді.
Жеке (заңды) тұлғалар мен мемлекеттің мүдделеріне бірдей ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық саладағы құқық бұзушылықтардың ерекшелігі істердің белгілі бір санаттары бойынша азаматтық сот ісін жүргізуге прокурордың міндетті түрде қатысуын кӛздейді. Сонымен бірге, құқық қолдану практикасы кӛрсетіп отырғандай, материалдық жағдайды қоса алғанда қандай-да бір себептерге байланысты, сот қорғауына жүгіну құқығын пайдаланбаған адамдар да пәрменді заң кӛмегін қажет етеді.
Мысалы, жұмыстан заңсыз шығару және жалақыны тӛлемеу, қаражатын үлестік құрылысқа салған меншік иелерінің құқықтарын бұзу, мемлекет қамқорлығындағы жетім балалардың, қарттардың, мүгедектердің құқықтарын белден басу және т.с.с. заңдылықты жаппай бұзушылықтардың болуына қарамастан, осы мәселелер бойынша сотқа жүгіну фактілері бірлі- жарым ғана болып отыр.
Аталған мән-жайлар прокуратура органдарына заңмен қорғалатын мемлекеттік мүдделерді сотта білдіруге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік беретін, қызметінің процессуалдық-құқықтық базасын одан әрі дамытудың маңыздылығын дәлелдеп отыр.
Халықтың аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік қауқарсыз топтарының құқықтары мен мүдделеріне прокуратура органдары ерекше назар аударатынын атай отрып, 2010 жылы мүгедектер мен қарттардың медициналық-әлеуметтік мекемелеріне прокурорлық тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 4 мыңнан астам азаматтардың денсаулық сақтауға, әлеуметтік жәрдемақы алуға, меншікке конституциялық құқықтары қорғалғанын айтқан жӛн болады.
Халықтың, сондай-ақ жеке адамның денсаулығы мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын қалыптастыруда белгілеуші фактор болып табылатындықтан, азаматтардың денсаулық сақтауға, мемлекет кепілдік берген тегін медициналық кӛмек кӛлемін алуға конституциялық құқықтарын қорғау мәселелеріне прокуратура ерекше мән береді.
Прокурорлық қадағалау қорытындылары бойынша бұрын енгізілген дең қою актілерінің орындалуын бақылау тәртібінде 2009 жылы азаматтардың тегін емдеу-диагностикалық қызмет алуға құқықтарын бұзудың 239 оқиғасы және жаңа туған нәрестелерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеудің 1752 фактісі анықталған.Аталған жағдайлар прокурорлық қадағалаудың осы саласына назар қадау қажеттілігін, сондай-ақ осы салада қаржыны теріс пайдалануға жол бермеу мақсатында денсаулық сақтау жүйесі қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық жағдайларын одан әрі оңтайландырудың орындылығын растайды.
Прокурорлық қадағалаудың ӛзекті мәселелерінің бірі кәсіпкерлік қызмет бостандығына конституциялық құқықты қорғау болып табылады.
Жалпы алғанда, 2009 жылғы және үстіміздегі жылдың тӛрт айындағы прокуратура қызметінің нәтижелері бойынша 4,5 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, қалпына келтірілген.
Осы міндетті орындай отырып, прокуратура бақылау органдарының кәсіпкерлік субъектілерін тексерулердің заңдылығы мен негізділігіне қадағалауды жүзеге асырады, оның ішінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бӛлімшелерінде оларды тіркеу рәсімі арқылы да қадағалайды. Заң бұзушылықтары анықталған жағдайда аталған органдардың тексеруді тіркеуден бас тартуға ӛкілеттілігі бар. Осы ӛкілеттікті пайдалану арқылы олар азаматтардың кәсіпкерлік бостандығы мен жеке меншікке конституциялық құқықтарына нұқсан келтіруге іс жүзінде жол бермейді.
Прокуратура органдарының әлеуметтік маңыздылығы кӛп жағдайда оның қылмысқа қарсы күрес саласындағы қадағалау ӛкілеттіктеріне байланысты болады. Прокуратура органдарының адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметінің басты бағыттарының бірі тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау болып табылады. Осы қадағалаудың практикалық
кӛріністері әралуан, атап айтқанда прокуратура келіп түсетін арыздар мен ӛтініштерге құқық қорғау органдарының уақтылы және барабар дең қоюын, қылмыстық қудалаудың белгіленген процессуалдық тәртібінің сақталуын қадағалайды. Осы саладағы қадағалау тергеу мен анықтау органдарының әрекеттері мен актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру, оның ішінде қылмыстық істерді қозғау мен олардың қозғалысының статистикалық есебін және басқа да арнайы есепке алуларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Осы ӛкілеттіктерді іске асыра отырып, прокуратура, атап айтқанда жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштерін тіркеуден негізсіз бас тартуды қоса алғанда, қудалау органдарының қылмыстарды жасыру фактілерін анықтайды. Осылай, 2009 жылдың деректері бойынша тексеру нәтижелерінде 4 мыңнан астам жасырылған қылмыстар анықталып, есепке алынды. Сонымен қатар, прокуратура кӛп жағдайда негізсіз қозғалған, тоқтатылған және қысқартылған қылмыстық істердің күшін жойды. Бұл прокуратурада заңдылықты қалпына келтірудің және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға барабар дең қою мүмкіндігінің пәрменді құралдарының бар екендігін кӛрсетеді.
Егеменді Қазақстанда қоғам мен нақты адамның мүддесі құқық қолданудың ӛзекті мәселелерін, нақты елдің ұлттық-мемлекеттік және саяси құрылысының спецификасы мен ӛзгешелігін, оның құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін ескермейтін прокуратура органдарын құрудың және қызмет етуінің «әмбебап» теориялық схемаларына сәйкес болу міндеттерінен жоғары болады.
Прокурорлық қызметкерлердің қатысуымен ӛтетін қылмыстық істерді тергеуді жүзеге асыруға қатысты заңнамалық жаңалықтар жалпы мемлекеттік және жеке әлеуметтік қажеттіліктерден туындайды.
Қазіргі уақытта қылмыстық-іс жүргізу заңнамасы ерекше жағдайларда прокурорға алдын ала тергеу органының ӛтініші немесе ӛзінің бастамасы бойынша тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында істі алдын ала тергеудің бір органынан басқасына беруге және заңда белгіленген соттылықтан тыс тергеуге мүмкіндік береді.
Қылмыстық істерді тергеуге алу құқығын прокурорлар белсенді іске асырады. Осылай, 2009 жылдың қорытындылары бойынша арнайы прокурорлар 164 күрделі қылмыстық істерді тергеді, олардың 77 сыбайлас жемқорлық сипатында болды. Прокуратура органдары тергеген істердің ішінде елдің бірқатар банкілерінің басшылары мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында кең қоғамдық резонанс тудырған басқа да істер.
Прокурорлық тергеу институтын дамыту келешегі туралы айтатын болсақ, Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында сотқа дейінгі іс жүргізуде прокурордың рӛлі мен жауапкершілігін одан әрі арттыру, оның ішінде прокуратура органдарының қоғамға елеулі қауіп пен қиындық тудыратын қылмыстар туралы қылмыстық істерді тексеру арқылы арттыру қарастырылған.
Қылмыстық қудалауды прокуратураның тікелей қамтамасыз етуі саласында орын алған аталған беталыстар оның практикалық қажеттілігін және прокуратураның конституциялық-құқықтық мәртебесі осы функцияларды бейтарап және қажетті кӛлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін кӛрсетеді. Осыған орай, ерекше ӛкілеттіктер берілген прокуратура мемлекеттік билік тармақтарынан бірдей қашықтықтағы Президентке есеп береді, ал бұл оның тәуелсіз қызметінің сенімді кепілі болып табылады.
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды прокурордың сот процесіне тікелей қатысуы қамтамасыз етеді.
Прокурор азаматтық процеске ӛзінің бастамасы бойынша немесе соттың бастамасы бойынша ӛзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүддесін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүддені қорғау үшін іс бойынша қорытынды беру үшін кіріседі. Қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптаушы функциясын орындай отырып, прокуратура, сондай- ақ әлеуметтік мақсаттарды кӛздей отырып, объективті және әділетті сот ісін жүргізуге жағдай жасайды.Прокуратураның құқық қорғау функциялары туралы айтқанда, оны «жазалаушы» мемлекетік орган ретінде біржақты түсіну дұрыс емес. «Прокуратура туралы» Заңның прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттік билік ӛкілдері болып табылатындығы туралы нормасында кӛрсетілгендей, прокуратураның билік құрылымы қатарына кіруіне қарамастан, кез келген құқық қорғау органы үшін сияқты прокуратура органдары үшін де құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау басымдық болып табылады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алудың және оларды болдырмаудың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында прокурорлық дең қою актілерінің қатарына үндеулер мен алдын ала ескертулерді қосу есебінен олардың тізбесін кеңейту туралы мәселе кӛтерілді. Үндеу прокуратура органдарына қадағалау қызметінің қандай да бір салалары немесе мәселелері бойынша ӛз ұстанымын бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануды қоса алғанда, кӛпшілік алдында жария етуге, ал алдын ала ескерту дайындық үстіндегі құқыққа қарсы (заңға қарсы) әрекеттер туралы анық мәліметтер болғанда құқық бұзушылықты болдырмауға мүмкіндік береді.
Прокуратура Қазақстанның құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылық ету арқылы субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау жӛніндегі мемлекеттік органдардың күштерін біріктіруге арналған.
Құқық қорғау органдары қызметінің түпкілікті нәтижелері, яғни қоғамның құқықтық қорғалуының деңгейі, оның барлық буындары жұмысының үйлесімдігіне байланысты болғандықтан, прокуратураның үйлестіру функциясының тиімділігін арттыру оның қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы функциялар Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерінен туындайды, онда прокуратура құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы ретінде белгіленгенін атай отырып, Үйлестіру кеңесі қарайтын мәселелердің
ауқымы, ең алдымен, практикалық қажеттіліктерге байланысты екенін айтқан жӛн. Мазмұны бойынша ӛзекті әрі жанжақты болып отырған талқыланатын мәселелердің тақырыптары да соны дәлелдейді. Олардың ішінде: сыбайлас жемқорлық қылмыстарын уақтылы анықтауды және сапалы тергеуді қамтамасыз ету, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске бағытталған шаралардың тиімділігі, Ұлттық Қор қаражатының заңды және тиімді пайдаланылуын бақылау, кәмелетке толмағандардардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу, контрабандаға қарсы күрес бойынша күштерді біріктіру және т.б.
Үйлестіру кеңесі мәселелерді талқылау барысында құқық қорғау органдарының жоспарлы және қарқынды ӛзара іс-қимылын жасауға, қолданыстағы заңнама шеңберінде және құқық қорғау органдарының қызмет етуінің қазіргі заман міндеттеріне сәйкес олардың ынтымақтастығының әдістері мен нысандарын жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлейді.
Прокуратура осы қызметті Президент Жарлықтарын орындау мақсатында және солардың негізінде табысты жүзеге асырып отырғанын айта келе, орын алған құқық қорғау тәжірибесі «Прокуратура туралы» Заңда прокуратураның үйлестіруші ӛкілеттіктерінің барлық ауқымын заң тұрғысынан бекіту маңыздылығын дәлелдеп отыр деп есептейміз. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық ӛрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз құқық қорғау жүйесін реформалау келешегін нақтылай келе, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу арқылы құқық қорғау жүйесін оңтайландыру қажеттілігін ғана емес, сонымен қатар ішківедомстволық мүддеден азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстыру орындылығын белгіледі.
Конституциямен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен кепілдендірілген, мемлекет саясатының мазмұны мен нысаналы бағыттылығында кӛрінетін азаматтар құқықтарының басымдығы Қазақстан прокуратурасы органдарының әлеуметтік бағытталған құқық қорғау функцияларында толық мӛлшерде іске асырылған.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасы Конституциясы.-Конституция Республики Казахстан. –Алматы: Жеті жарғы, 1998.
2. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы., 1997
3. Современные демократические преобразования в Республике Казахстан/
Под. Ред. Б.К. Султанова.- Алматы; 2008.с 117