• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақстан Республикасының мәдени саясатының дамуының негізгі бағыттары мен жетістіктері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақстан Республикасының мәдени саясатының дамуының негізгі бағыттары мен жетістіктері"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Қ.С. ЕРМАҒАНБЕТОВА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

Such issues as essence,significance and the main processes of developing cultural policy of Independent Kazakhstan are considered in this article.

The aim is to open up the essence of the main programs and directions in improving of cultural of Kazakhstan’s society.

Make an analysis of the following measures as policy of Kazakhstan in a cultural sphere of saving and developing national cultural inheritance and values.

Міне, Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Қазақстан басынан қиыншылықтарды да, жетістіктерді өткізді. Елдің ел ретінде, ұлт ретінде жетілуінің басты ерекшелігі:

ұлттық тілді, ділді, дінді, өзіндік сананы дамыту, яғни бір сөзбен айтқанда ұлттық мәдениетін дамыту және жетілдіру болып саналады.

Қоғамның қандай да бір саласын дамыту немесе жетілдіру үшін ескі дәстүрге талдау жасау керек, оның кемшіліктері мен жетістіктерін ескеру керек және жақсы саясат жасау керек.

1991 жылдан бастап қазақстандық қоғамда этномәдени, конфессиялық (діни) және идеологиялық плюрализм идеялары ерекше қарқын ала бастады. КСРО-ның құлауынан кейін посткеңестік кеңестік мәдени құндылықтар мен нормалардың дәстүрлі жүйесінің тоқырауға ұшырауы, «кеңестік»

типтегі субмәдениеттің жойылуы барысындағы коммунистік идеологияның кейінге ығыстырылуы нәтижесінде әлеуметтік және мәдени бытыраңқы күйдегі бұқара бос қалған социомәдени кеңестікті толтыру алуан түрлі мәдени формаларды жаппай қабылдай бастады.

Бұл туралы қазақ мәдениеттанушылары Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т., Ибекеева С.Е. «Мәдениеттану» оқулығында былай дейді: «Большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. Этнобірігу және мәдени эволюцияның бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика бұрынғы Ресей империясы топырағындағы халықтардың ғасырлар бойы жинақталған мәдени құндылықтарын талан-таражға салды.

Қорыта айтқанда, большевиктік «мәдени революция» жер шарының алтыдан бір бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын соңды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды.

1991 жылдан бастап Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Ата-заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қыли заман бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды» [1, 279-280].

Бұрынғы КСРО-ның титулдық этностарының мәдениеттері арасында қазақ мәдениеті ең орыстандырылған, орыс-кеңес мәдениетімен неғұрлым көп ассимиляцияланған мәдениеттің бірі болды. Қазақтың кеңестік мәдениеттің көшірмесі болмауы мүмкін емес еді, өйткені ол Мәскеуде өндірілген мәдениет үлгілерін қазақтың ұлттық топырағында көшіру түрінде дамыды. Бұл әдебиетті, киноны, балетті, музыканы, театрды, теледидарды, қоғамдық ғылымдарды, білім беруді және т.б.

қамтиды. Бірақ мұндай идеологиялық тәсілмен айқындалатын мәдени дамудың қазақтың ұлттық

ФИЛОСОФИЯ

ФИЛОСОФИЯ

(2)

мәдени дәстүрі мен халықтың рухымен ешқандай органикалық байланысы болмады және сондықтан ол халықтың қызығушылығын тудырмады. Қанша дегенмен, қазақтар орыстық кеңестік мәдениеттің жетекшілігіне бейімделе алғанымен, қазақ тілі мен мәдениеттің бейшара қалпы, олардың жадаулығы мен төмен дәрежесі түбірлі этностың қалыптасып келе жатқан этникалық элитаның қалыптасқан жағдайға қарсы ішкі наразылығын тудырмай қоймады.

Тәуелсіз қазақстандық мемлекеттің жаңа мәдениетін қалыптастыру процесінде Қазақстанда берік саяси тұрақтылықтың негізін қалаған ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау ісіндегі Қазақстан халықтарының жинақталған потенциалын жоғалтып алмау аса маңызды.

Ұлтаралық келісімның саяси маңызы зор. Себебі ұлтаралық жанжалдың астарында дәстүрлер мен құндылықтар қақтығысы да болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстандық қоғамның сақталуы мен дамуы мақсатында Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатының негізіне мәдени плюрализм принципінің қаланғаны дұрыс шығар.

Болашақ Қазақстанның мәдени болмысы әртүрлі ұлттық мәдениеттерінің техникалық жиынтығы емес, тұтастай жалпы қазақстандық мәдениетті құрайтын өзара байланысты, өзара бағынышты мәдени этникалық кешендердің органикалық қосындысы болуы тиіс.

Мұның алдында айтып өткендей, Қазақстанның мемлекеттік билігінің тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап, оның қалыптасып келе жатқан жаңа мәдени саясатында рухани-мәдени төлтумалықты қайта түлеу мен дамыту, оның ішінде, ең алдымен, қазақ этносының ұлттық мәдениетін, дәстүрі мен тілін қайта өркендету курсы қабылданған болатын. Алайда қазақ мәдениетінің этникалық, құндылықтық, эстетикалық ерекшеліктерін қайта өркендету кезеңі өзінің потенциалды тамырын тереңге жіберіп үлгерген мәдени интеграция үрдісінің объективті уақыты мен тұспа-тұс келіп отыр.

Жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың және дамуы және олардың құлаштап қарқын алуының нәтижесінде әлемнің планетарлық «тарылуы» іске асуы Спутникте теледидар, интернет, компьютерлік мәдениеттің кәдімгі картинаға айналып кеткені сондай жер шарының кез- келген нүктесіндегі көптеген адамдар өздерінің күнделікті өмірін оларсыз көзге елестете алмайды.

Халықаралық трансұлттық және ғаламдық бастаулардың бір-бірімен өзара тығыз байланыстылығы және осыдан туындайтын мәдениеттің ғаламдастырылуы әлемдік қауымдастықтың мәндік сипаттамасына айналды.

Мәдени мүмкіндіктер, тарихи дәстүрлер, экономикалық ахуалдар, ресурстық негіздер, сонымен бірге конструтивті негізге көне бермейтін төл немесе ұлттық дүние түйсінулер мен дүниетанымдар дегеннің бәрі демесек те осы сияқты көптеген жағдайлар мен кейде аңғарып болмас факторлар өзгелермен санасуды қажет етеді.

Қазіргі әлемнің нақты болмысы бұл қайшылықтағы жетекшілік ғаламдастыру үрдісі жағында екендігін көрсетеді. Ол ұлттық мемлекеттер тарихи аренада жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына қарай санының өсуіне қарамастан, бірте-бірте кейінге ығыстырылуда. Бұл қайшылықпен барлық елдер бетпе-бет келіп отыр, ал посткоммунистік елдер үшін бұл қақтығыс өте маңызды және принципиалды мәнге ие.

Ғаламдастырудың мақсаты әртүрлі мәдениеттердің ғаламдық мәдениетке қосатын үлестеріне сәйкес олардың өздерін көрсету мүмкіндіктерін ашуға бағытталғандықтан бұл интеграциялық процестің объективті логикасына орай мәдени әралуандылықтың редукциясына және ұлттық, мәдени, діни өзге де тұлғалық типтердің оңталайландыруына әкеледі.

Оның үстіне, даму деңгейі төмен және дамушы елдерде бұқаралық мәдениеттің ықпалы дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда қайшылықты екенін ескеру қажет.

Ол бөтен индивид үшін жеңіл өмір сүрудің елесін қалыптастырып, оның санасында батыстық өмір сүру тәртіптерінің артықшылықтарын идеалдандырып, өз мәдениетіне деген жадау көзқарас сезімін тудырады.

Сондай-ақ, жеңіл мазмұндағы телебағдарламалар мен кинофильмдерді қызықтырушы әдебиеттерді кеңінен насихаттап тарататын бұқаралық мәдениет бұрынғы қалыптасқан көзқарастар мен бағдарларды, осыған дейін болған жүріс-тұрыс нормаларымен тұтынушылықты бұзып, олардың орнын сол рыноктың тәуелді мифтермен және фетиштермен алмастырады. Ал көбіне осы жергілікті тұрғындардың бұл нарыққа шығарып сататын түгі жоқ. Этникалық мәдениеттермен және әдет- ғұрыптармен тығыз байланыстығы бұрынғы тұтынушылықтардың бұзылуы бүкіл жүйедегі үйреншікті бағдарлар мен ұмтылыстардың күйретілу салдарына әкеледі.

Біз қаласақ та, қаламасақ та ғаламдастырудың тұрақты серігі батыстық бұқаралық мәдениет жетекші ықпалы болып отыр. Бұл халықаралық байланыстар процесінде ағылшын тілінің стихиялық

(3)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

түрде қалыптасып келе жатқан үстемдігінің материалдық игіліктерімен бекітілген латентті еуропоцентризммен, Европа мен АҚШ-ң ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда табысты түрде дамуынан көрінеді. Және бұл кездейсоқ емес, өйткені жер бетіндегі көпшіліктің көзінше Батыс интеллектуалдық және көркем ағымдардың байлығының, шынайы ғылым мен жоғары мәдениеттің «жерұйығы» болды және солай қалады да.

Батыстың мәдени экспанциясы халықаралық құжаттарда мәдени империализм ретінде жиі анықталды. Әдетте «мәдени империализм» ұғымы шетелдік мәдениеттің құндылықтары мен ғұрыптарын өзге ұлттың мәдениеттері есебінен тарату мен көтеру үшін саяси және экономикалық билікті қолдану деп түсіндіріледі. Ал мәдениет саласының өз ішінде мәдени имперализмнің негізгі белгілеріне төмендегілер жатады:

1. Батыстық қоғамға тән өмір тәртібі мен тұтынушылық бағдарларды көшіру;

2. Өзге мәдениеттердің үлесін ескермей, әмбебап сипатталатын батыстық мәдениетті енгізу;

3. Мәдени байланыстар арқылы саяси мақсаттарға жетуге ұмтылу;

4. Ақпараттың біржақты ағымы-«орталықтан» «шеткеріге», яғни коммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары және көңіл көтеру индустриясы саласындағы ірі батыстық компаниялардан өзге елдердің сан мыңдаған аудиториясына қарай ағуы;

5. Батыстық бағдарды бекітуге жағдай жасайтын және буржуазиялық Батыс ықпалының сүйеніші болатын жергілікті әлеуметтік-мәдени элитаны қалыптастыру [2, 245].

Бұл айтылғандардан Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің бүкіл қуатын көрсетіп үлгерген қазақтың ұлттық мәдениетін қайта түлету мен дамыту процесі үшін ғаламдастыру үрдісінің қандай қатер әкелетінін толық пайымдауға болады.

Өзімен бірге бағдарларды жоғалту, ыдырау элементтерін алып жүретін мұндай сыртқы мәдени орта жаңа өмірлік талаптарға лайықты жауап беретіндей өзінің жеткілікті берік және дамыған мәдениеті жоқ және сыртқы жойқын ықпалды бастан кешіріп отырған, әлі қалыптаса қоймаған ұлттық мәдениеттер үшін ерекше қауіп-қатер туғызады.

Батыстық емес елдердің, оның ішінде Қазақстанның да дамуының түпкі заңдылығы бұл елдердегі заманға бейімделу, ең алдымен сырттан, динамикалық Батыс тарапынан ішкі, өзіндік заңдылықтар мен құрылымға үстеме ретіндегі «екінші» процесс ретінде жүзеге асады. Алайда, бұл процестің екінші қыры ұзаққа созылған тарихи уақыт бойында қалыптасқан нақты қоғамның төлтумалылығын, оның сипаттамаларының өзіндік ерекшеліктерін бойына сіңірген социомәдени жүйе болып табылады.

Сонымен, біз оны қаласақ та, қаламасақ та мәдениеттер арасындағы шекараларды үнемі өшіріп отыру процесіне тартылдық. Сонымен қатар бұл үрдіске ғаламдастырудың барлық көріністеріне әрқалай қарсы тұратын және ұлттық мәдениеттердің дифференциациясына бағытталған, біріншісінен де кем түспейтін екінші үрдіс қарсы тұрады. Бұл екінші үрдіс ұлттық және аймақтық мәдениеттердің кемелді екендігін абсолюттендіруге тырысады.

Алайда, мұның екеуінің де жүзеге асуы мүмкін емес, өйткені әлемдік өзара қатынастар мен қазақстандық полиэтникалық қоғамды социомәдени реттеудің нақты принциптеріне сәйкес келмейді.

Белгілі қазақстандық философ және саясаттанушы Ә.Н. Нысанбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін оның одан әрі тарихи дамуының бірнеше мүмкін нұсқасы бар. Оның ең алғашқысы, бүгінгі транзиттік (өтпелі) жағдайдан шығудың біздің қоғам үшін табиғи жолы біздің қазақ халқының тоталитарлық мемлекет пен коммунистік эксперименттің құрбаны болғанға дейінгі кезеңге, яғни революцияға дейінгі кезеңге қайта оралу болып көрінер еді. Мыңдаған жылдар бойы қазақ халқын органикалық түрде оның мекен ету ортасымен, ұлы даламен және оның төбесіндегі жұлдызды аспанмен біріктірген бұл ностальгия (сағыныш) әрине, түсінікті.

Отандық мәдениет трансформациясының келесі бір табиғи жолы бізді ұлттық түбірдің, тілдің, дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың көпғасырлық ортақтығымен байланыстыратын түркі-ислам әлеміне органикалық түрде ену болуы мүмкін. Бірақ, бізде өзіміздің оңтүстіктегі көршілерімізбен салыстырғанда, таза мұсылмандық мәдениеттің формалары жетекшілікке ие болуы қиын. Қазақ даласында ғасырлар бойы әр түрлі діндер қатар өмір сүріп, уағыздалды, оның ішінде ертедегі христиандық та, буддизм де бар. Тәңірлік дәстүрге келер болсақ, ол өзінің мәні жағынан қарапайым халық үшін исламнан бірде кем түспейді. Сонымен бір мезгілде жалпыславяндық тұтастық және соборшылық идеялары сияқты пантүркизм және панисламизм идеяларының да өмір сүруге толық құқылары бар.

Және, ақырында, ХХІ ғасырдағы біздің мәдениет үшін ең қызықты және сонымен бірге, келешегі бар жолдың бірі-біз шартты түрде «евразиялық мәдени кеңістік» деп атап жүрген жол болуы мүмкін.

(4)

Тағдырдың еркімен Қазақстан географиялық жағынан болмаса да, демографиялық және мәдени жағынан Европа мен Азияның аралығында орналасты. Біз бұл тарихи айғақты ескермей, біздің ұлттық мәдениеттің одан әрі дамуына оның әсерін теріске шығара алмаймыз.

Біз бірінші рет қайталағандай, мәдениеттің мәні құндылықтық-мағыналық және әлеуметтік- нормативтік мазмұнымен сипат алады. Модернизация процестерінде қоғамда қалыптасқан рухани құндылықтар, еңбек бағдарлары, рәсімдік құрылымдар, менталитеттің ерекше рөл ойнауы кездейсоқ емес. Мұны, әсіресе, Қазақстан халқының құндылықтық бағдарлары мен мәдени қажеттіліктерінің рухани басымдылықтарының құрылымын трансформацияға алып келетін елді әлеуметтік- экономикалық реформалау процесінде ескеру өте маңызды. Дәл осы мәдениет саласы қоғамдық өмірдің жаңа мақсаттарын, құндылықтары мен нормаларын анағұрлым терең айқындайды және болып жатқан өзгерістерді жаңа құндылықтық тұрғыдан қабылдаудың қалыптасуына жағдай жасайды. Жаңа мәдени саясат, өзінің тура мағынасында қоғамның және соцомәдени санасының қалыптасуына, оның ментальдығын (ділін), аксеологиясын, бірегейлік образдарын, әлеуметтік ұмтылыстарының сипаты мен әлеуметтік образдардың танымалдылық формаларын өзгертуге бағытталған деп айтуға болады.

Сонымен қатар, нақты әлеуметтік процесс пен бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамның қызметі арқылы жас буын не ерікті, не еріксіз түрде болсын материалдық игіліктің мүлдем жаңа құндылықтарымен, әлемді қабылдаудың жаңа құндылықтық-мағыналық мазмұнымен сипатталатын күнделікті жүрістің белгілі бір жаңа біліми жиынтығын игереді.

Қазақстандағы мәдени саясатты зерттеу бұл саладағы қоғамның мәдени өмірі мен мемлекеттік саясаттың өзара әсерінің басты ерекшеліктерін бірі мәдени саясаттың жарияланған принциптерімен мақсаттары мен социомәдени процестер бағыттының негізгі векторлары арасында түбірлі алшақтық болып қалып отыр. Басқаша айтқанда, социомәдени процестердің нақты дамуының негізгі векторлары мемлекеттің жүріп отырған ресми мәдени саясаттың бағдарларымен сәйкес келмейді.

«Қазіргі заман бұқаралық мәдениеттің, шала мәдениеттердің, мәдениет индустриясының қарқын алған заманы. Бұқаралық мәдениеттің дауылы мен боранынан, самалы мен жұпарынан қазақтың ұлттық мәдениетінің контексті өзгеруі мүмкін. Бұқаралық мәдениеттің культтері өте мобильді, ол бізге кока кола, сағыз, Мадонна болып келді. Өйткені, қазіргі глобальды мәдениетте америкалық бұқаралық мәдениет пен еуропалық тұтынушылық қоғам мәдениеті үстем болып тұр. Сондықтан мемлекеттің мәдениет саласы телевизия, киноиндустрия, ақпараттық майдан, клипқа дейін кірпияз қадағаламаса, Қазақстанның бұқаралық мәдениетті шымкенттік жүздеген сарыжағал басылымдар арқылы жасалмауы тиіс.

Мәдениетті жәдігерге айналдырып, оны жүйелеумен айналысатын саясат жүйелі саясат емес. Жүйелі саясаттың бағыттарын плюралистік негізде, қоғамдық институт негізінде құрылған шығармашылық ұйымдар ұсынсын.

Қазақстанның саяси жүйесіндегі идеяның айналымы дұрыс жолға қойылмаған сияқты. Осы күнге дейін плюралистік қоғамға сай, «жазушылар одағы», тарих институты, ұлттық телеарналар сияқты қоғамдық институттар ұлттық мәдениеттің мүддесін билікке ашық талап етіп қойып, жалпыұлттық бір мәселені түпкілікті шешуге ықпал ете алмай келе жатыр» [3, 23].

Дамудың жаңа даңғылына түскен тәуелсіз Қазақстан үшін мәдениет саласындағы мемлекеттік дамуың мынадай 3 бағытынан тұрды:

1.Кеңестік замандағы мәдени саясаттың бағытын одан әрі жалғастыру:

2.Мәдени дамудың қазақстандық жаңа үлгісін қалыптастыру:

3.Мәдени дамудың батыстық үлгісін қабылдау

Бастапқыда Қазақстанда осы 3 бағыт қатар жүрді. Тәуелсіздік тұсындағы алғашқы 5 жыл, жалпы алғанда, ұлттың өткен тарихымен дәстүрлі рухани дүиетанымдық тұғырлары жаппай қалпына келтіруге тырысушылық үрдісімен қатар қазіргі заманға сай озық батыстық өркениеттік құндылықтар мен жаңашылдықтарды жаппай жөн-жосықсыз қабылдаумен де сиппаталады. Саясатта осы уақытқа дейін қысым көріп келген республикадағы титулдық ұлттың мүддесін көздейтін ұлтжанды радикал, ура патриот топтардың жанайқайымен бірге батыстық бағдар ұстап демократиялық және ашық қоғам құруға шақырып, либерал демократттардың үні де басым шығып жатты. Экономика саласын мемлекеттік халықтық мүлікті талан-таражға салумен қатар жүрген жаппай жекешелендіру барахолкалар, комок лавкалар кейпіндегі «өркениеттік нарыққа» өтудің бастапқы қадамы болды. Кейін осы үшеуінің ортақ белгілері бар будандасқан үлгісі қалыптаса бастады. Оған Қазақстандағы көпұлттылық өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Алғашқысы қазақ тілді мәдениет, дәстүрлі дүниетанымға және архаизацияға яғни бұрынғы жетістіктерге сүйенеді. Ал орыс тілді мәдениет ұлттық тамырынан айырылған, сөйтіп негізгі бағдарын жоғалтқан, негізінен барынша батыстық құндылықтарға назар аударады.

(5)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

«Қазақстандық қоғамның қазіргі қалыптасқан ахуалы мен оның болашақ дамуының рухани бағдарын анықтаудағы бәрін жаңадан бастап «Батыстық жолға түсу» стратегиясы өзін-өзі ақтамайды.

Батыс өзінің дәстүрлі еуроорталық көзқарасынан бас тартып, шығыстық рухани құндылықтарға иек тартып жатқан тұста өзінен-өзі жеріген халықтардың ұлттық апатқа ұшырауы сөзсіз.

Сондықтан да бүгінгі күннің басты міндеті ұлттық дәстүрді заман талабына сай өзгерте отырып, модеринизацияны жүзеге асыру болып отыр. Өтпелі кезеңнің қазіргі жүргізіліп отырған реформалары мен өзгерістерінің табысты нәтижеге жетіп, экономикалық серпін жасауы үшін қоғамның барлық құрылымдарын қамтитын және бірліктерін жалпы ұлттық идеяның қажеттілігі туындап отыр. Кейбір зерттеушілер Батыс пен Шығыстың дүниетанымдық формаларының синтезі ретінде еуразияшылдықты қарастырып жүр.

Ал батыстық жолды таңдаудың немесе белгілі ғалым А. Қасымжановтың сөзімен айтқанда

“маймылша елпеңдеп еліктеудің” нәтижесінде қоғамымыз көптеген өзгерістер мен жаңалықтарды басынан өткізді. Экономикада нарықтық қатынастарға көшсек, саяси салада демократиялық ашық қоғам құруға ұмтылудамыз. Ал батыстың бұқаралық мәдениетінің үлгілері қазақы болмысты жан – жақты ығыстыра отырып, әсіресе жастардың санасынан орын ала бастады.

Нарықтық экономиканы таңдаған қоғамда мәдениет туындысы белгілі дәрежеде алып-сатудың затына айналуы және суреткердің немесе ойшылдың өмір сүруінің өзі коммерциялық факторларға байланысты болады. Нарыққа деген өндіріс өнердің бұйымының тауарға айналуын білдіреді және ол оның түпнұсқа екеніне де, көптеген көшірмелер түрінде болуына да қарамайды. Капитализмге нарық мәдени қызметті материалды қамтамасыз етудің негізгі формасына айналады. Әрине тұрғылықты халықтың ауқатты бөлігі өнер туындысына тапсырыс беріп және оны сатып ала отырып, суреткердің өз күні үшін тіршілік етуіне коммерциялық қысым жасай алады. Мұндай жағдайларда суреткердің коммерциялық табысқа тәуелділігі мен шығармашылықтың еркіндігі арасында күрделі дилемма туындайды. Суреткерді мемлекеттің диктатурасынан азат ете отырып нарық оны сонымен бір мезгілде коммерциялық сұраныстың тербелісіне тәуелді етіп қойды.

Осының нәтижесінде тәжірибеде мынадай сәйкессіздік орын алады: Мемлекеттік күш-жігер ең алдымен тарихи–мәдени мұраны сақтауға, мәдени дәстүрлерді қайта қалпына келтіруге, жоғарғы кәсіби шығармашылықты, білім жүйесін қайта қалпына келтіруге бағытталса, ал мәдени өмірдің барған сайын коммерциялануы, керісінше, шетелдік, ең алдымен американдық өндірістің мәдени кең тұтынушылығын жаппай таратуға, қала халқының өмір тәртібі мен салттарын, әдет-ғұрыптарды шетелдік үлгілер бойынша унификациялауға әкеледі. Осыған қарамастан кішкентай қалалар мен ауылдық елдімекендердің өмір тәртібі сол дәстүрлі күйінде қалып қойса, ал олардың тұрғындары енгізіліп жатқан жаңашылдықтарға үрке қарайды. Кез–келген мәдениеттің негізін құрап, оған нәр беретін мәдени дәстүрлерді қайта өндіруге бағытталған мемлекеттік саясат пен бұқаралық мәдениеттің қарапайым формаларының экспанциясын әлсіз ғана ұстап тұратын, стандартталған, сыбайластық жайлаған және рухани азғын жалған мәдениет арасындағы қайшылық шегіне жете шиеленісті.

Осылайша, мәдениеттің барған сайын коммерциялануы мәдениеттің бір жағынан адамдар бұқарасының талғамы мен қажеттілігіне және екінші халықтың неғұрлым ауқатты бөлігінің талғамына бейімделуді білдіреді. Экономикалық тұрғыдан алғанда барлық жерде пайданың максимизациясы заңдылығы, бір жағынан бұқаралық мәдениетті, екінші жағынан жаңа элитаның рөлін анықтайтын заңдылығы үстемдік етеді.

Қазақстан Республикасының дербес дамуының аралығында халықаралық мәдени байланыс саласындағы мемлекеттік мәдени саясаттың мынадай бағыттары айқындалады:

1. Қазақстандық мәдениет пен өнерді шетелдерде танытудың және соған сәйкес шетелдік мәдениет пен өнерді Қазақстанға таныстырудың тұтастай концепциясын қалыптастыру. Оның ішінде, қазақстандық мәдениет және өнер қайраткерлерінің шетелдік әріптестерімен байланысқа түсу мүмкіндігін кеңейту және оларды әлемдік деңгейдегі қазіргі көркемдік даму процестеріне тарату қажет;

2. Қазақстанның мәдени байланыс пен айырбас саласына қатысты міндеткерліктерді мүлтіксіз сақтауы;

3. Мәдениет саласына қатысты барлық үкіметтік және үкіметтік емес халықаралық ұйымдарында, оның ішінде қазақстанның геосаяси мүддесіне жауап беретін аймақтық ұйымдарында Қазақстанның да рөлін арттыру. 4.Мәдени байланыстың халықаралық көп жақты бағдарламаларына қатысу;

5. ТМД елдерінің мәдениет бойынша Кеңесін, Достастық елдеріндегі мәдени кеңістіктің тұтастығын сақтау үшін екі жақты келісімді пайдалану;

(6)

6. Қазақстандық мәдениеттің құндылықтарын шетелдерде, ең алдымен ТМД елдерінде ғылымның, мәдениет пен білімнің қазақстандық орталықтарының қалың торабы арқылы насихаттау;

7. Қазақтың ұлттық мәдениетін өзара байыту мен тұтастығын сақтап қалу факторының бірі ретінде шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени байланысты дамыту.

Сонымен, өтпелі дәуірдегі жалпы мемлекеттік саясаттың ажырамас органикалық бөлігін құрайтын социомәдени дамудың коцептуалды бағдарламасының басты мазмұны мен түпкі мақсаты қазақ халқы мен егеменді, тәуелсіз Қазақстанның барлық ұлттары өкілдерінің төлтума мәдениетін барған сайын дамытуға қажетті жағдайлар қалыптастыру, сондай–ақ адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға мүмкіндік беретін аймақтық және халықаралық мәдени байланысқа қол жеткізуші болып табылады. Мемлекеттік мәдени саясат және мәдени процестер ағымының нақты практикасы арасындағы өткір қайшылықтар, егер қоғамның мәдени өмірі тұрақталса, ол анықтаушы өлшемі моральдық, рухани немесе эстетикалық пайымдаулар емес, коммерциялық тиімділік пен практикалық пайда болып табылатын тек коммерциялық өзіндік реттеу негізінде ғана тұрақталады.

Тағы бір басты үрдістердің бірі - мәдени саясатты промоушен ретінде пайдалану. Бұл мәдени саясатқа деген айтарлықтай утилитарлы көзқарас. Дегенмен, мәдени саясатты кәсіби пайдалану промоушеннің мықты құралы болып табылады. Ал ұзақ мерзімді жобалар мен бар мәдени нормаларға қарай бағдарлану РR компанияларының ұтылмайтын түрі болып табылады. Көбінесе басқа бір тапсырма ұмыт қалады, ол-тұрақты мәдени даму болашағын құру, сонымен қатар, коммерциялық сектор да, басқа қоғамдық ұйымдар да ыңғайлы өмір сүретін қоғам түрін қалыптастыру. Коммерциялық сектордағы мәдени саясаттың басты мәселелерінің бірі-кәсіби сараптаманың жоқтығы. Экономика саласында жұмыс істеп келе жатқан коммерциялық ұйымдарға мәдениет саласындағы жобаны сапалы бағалау қиындық туғызады. Осының салдарынан төмен сапалы өнер жобалары мен тиімсіз әріптестерді қолдауға душар болады. Мұндай жағдайда мәдениет саласындағы білікті сарапшыларды тарту қажет. Сондықтан да коммерциялық фирмаларға әріптестік жобаларды жүзеге асыру үшін мәдениет саласының сарапшыларын белсенді түрде тарту керек. Жалпы, әрбір ұлттық мәдениет өзінің мағынасына, ішкі логикасына ие құнды ойлар мен идеалдар жүйесі болып табылады деп айтуымызға болады, сондықтан да кез-келген этнос алдымен өзінің дағдыларына, тарихи тәжірбиесіне, құндылықтарына, ойлау мен стилі мен дәстүріне жауап беретін тәртіптер мен стереотиптеріне сай бағытталады [4].

Мақсатқа бағытталған мемлекеттік саясат үшін оның мақсаттары мен міндеттерін анықтау үлкен орынға ие. Соңғысы өмір сүріп отырған нақты қоғамның тарихи тәжірбиесін жалпылау, оның өзіндік ерекшелігін көрсетумен түсіндіріледі. Бұл ұстанымның мағынасы сол немесе басқа нақты өркениетті жүйеде қызмет ететін кез-келген мәдениет сияқты өзінің ерекше құнды ядросымен бекіген отандық мәдениеттің ерекшелігін терең түсінумен анықталады. Бұған қосымша ретінде әрбір халықтың символикалық мәдениетінен тыс оның күнделікті өмірінен, фольклор, этика, тағамның сипаты, құндылықтары мен ғұрыптарынан, әдеттері мен дәстүрінен, үйді көркемдеу, киім, мимикасынан және т.с.с. мәдениеттің анық белгілерінен көруімізге болатынын айтып кеткен жөн. Яғни, мәдени саясаттың басты ұстанымы, ол халықтың тарихымен қарама-қайшылыққа келмеу, жалпы кез-келген ұлттық (этнографиялық) мәдениеттің бағалы мазмұнын терең түсіну, оның күнделікті-шаруашылық, әдет-ғұрыптық, мифті-аңыздық және әдеби-фольклорлық өмірінің компоненттерінің әртүрлілігін анықтау. Мәдени саясаттың мазмұнды мағынасы, бағыты, мақсаттары, міндеттері мен құралдары, біздің ойымызша, көп ретте қоғамның жалпы жүйесі ретінде мәдениеттің орны мен қызметі арқылы анықталады. Мәдени саясат қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайындағы трансформациясы кезінде әлеуметтік тануға үлкен қызығушылық танытады. Яғни, бұрынғы қалыптасқан құндылықтар жүйесі бұзылып, өмірлік ұстанымдар түбегейлі өзгереді. Мәдени саясат мұндай қоғамдық жағдайда қоғамның жан-жақты әлеуметтік-мәдени модернизациясы бойынша ғылыми негізделген концепциялар жасаушы мен іс-шаралар жүргізуші ретінде қызмет атқарады. Жалпы жаңа мемлекеттік саясаттың рухани-құндылықтық және адамгершілікті-нормативтік қырын бейнелей отырып, мәдени саясат қоғамды жан-жақты социомәдени модернизациялауға бағытталған идеологиялық көзқарастар мен соған сәйкес шаралардың жиынтығы ретінде көрінеді. Мәдениеттанушы ғалымдардың орынды пікірінде айтылғандай, “мәдени саясаттың мақсаты - мәдениетті жан-жақты дамыту емес (ол даму мемлекеттің араласуынсыз өздігінен стихиялық түрде жүреді), адамзат тұлғасын әлеуметтендіру мен мәдениеттендірудің жүйелену мен реттелуі. Мәдени саясаттың объектісі - адамдар, ал мәдениет олардың санасы мен қоғамдағы әрекетінің әлеуметтік шынайлығын қамтамасыз етудің құралы (дәлірек айтқанда негізгі құралдарының бірі). Бұл пікір бойынша, мәдени саясаттың объектісі тек мәдениет өндіруші және мәдениет сақтаушы ұйымдар ғана емес, тұтастай алғандағы бүкіл қоғам

(7)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

болып табылады. Мұндай саясаттың ықпалы социомәдени өзіндік ұйымды мемлекеттің мәдени- құндылықтық формада көпшіліктің қолдауына ие болған шынайы стратегиялық мақсаттарының аясында адамның өзін көрсетуі мен өзіндік дамуына бағыттайтын және серпін беретін жалпыұлттық (жалпымемлекеттік) процестер ретінде жобалануы тиіс.

Біздің елдегі мәдени саясаттың алдына қойылар мақсаттарын зерттеуші Б.М.Сатершинов былай анықтайды:

1. Қазақ мәдениетіндегі ауылдық және қалалық айырмашылықты азайтып, біртұтас ұлттық мәдениетті қалыптастыру;

2. Ұлттық бірлік пен ынтымақтастықтың маңызды факторы ретінде елдің мәдени төлтумалығын қалыптастыру.

3. Мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамудың келісімі;

4. Мәдениет жетістіктерін қазіргі заманмен байланыстыру;

5. Мәдени мұраны есепке алу және қорғау, оның салдары мәдени мұра элементтерін қазіргі өмірде қолдану мен таратуды, оны зерттеуді талап етеді;

6. Мәдениетті демократияландыру, тұрғындардың барлық бөліктерін қоғамдық мәдени өмірге қатысуын қамтамасыз ету;

7. Зиялы қауымның тұрғылықты халықпен сұхбатын қамтамасыз ету;

8. Шығармашылық белсенділікті арттыру мен жоғарылату;

9. Әртүрлі мәдени қызмет түрлерінде мамандар дайындау және жетілдіру;

10. Ғылым ықпалдасуының ұлттық мәдениетке әсерін бақылау;

11. Сауатсыздықты жою бағдарламарын жүзеге асыру;

12. Мәдени өмірдегі қалыптарды тарату мақсатында мәдениет мекемелері мен олардың қызметін кеңейту, ұлттық мәдениет жетістіктерін шет елдерге таныту [5, 55].

Яғни, мемлекеттік мәдени саясаттың осы түсінігіне сүйене отырып, енді ең алдымен, қазіргі қазақстандық қоғамдағы мәдени ахуалдың сипаттамалық ерекшеліктеріне тоқталайық. Қазақстандық қоғам бастан кешіріп отырған социомәдени трансформация жағдайы көне мәдени қондырғылардың ендігі жерде өзінің интегративті маңызын жоғалтқан, ал жаңалары мұндай маңызға әлі ене қоймаған ахуалын білдіреді. Қазіргі Қазақстанның мәдени кеңістігінде кеңестік типтегі мәдениетті ығыстыру процесі жүруде, бірақ қазақтың ұлттық мәдениеті бұқаралық сипатта болған жоқ, ал батыстық үлгідегі индустриалдық және постиндустриалдық мәдениеттің дағдылары қазақстандық қоғамның бұқаралық санасына әлі сіңірілмеген. Социометрия ахуалдың тағы бір қайшылығы қазақстандық қоғамның кейбір элементтері алға озып кетіп, әлемдік деңгеймен теңессе, ал басым көпшілігі өз бойына архаикалық белгілерді жинақтаған. Ғарыштық немесе ақпараттық технология жайылымдық мал шаруашылығы мен тұрпайы қолөнердің бұрынғы заманғы формаларымен қатар өмір сүруде.

Қазіргі заманғы университеттік білім және ғылыми орталықтармен қатар еліміздегі тұрғындардың едәуір бөлігі сауатсыздықта қалып, дәстүрлі мифологиялық көзқарастарды ұстанды. Қазақстандық қоғамда, бір жағынан, масс-медианың кеңеюін және саяси қызметтің белсенділігін, жаңа кәсіптерді игеруді, білімнің кеңейтілуін, урбанизацияның жоғары деңгейін білдіретін қалалық орта топтарының өмір тәртібінің бірте-бірте модернизациялану процесі жүріп жатыр. Алайда, екінші жағынан қала халқының басым бөлігі мен ауылдар үнемі төменгі деңгейдегі технологияларды қайта өндіре отырып, ресурстардың жадаулығымен және демографиялық өсіммен сипатталатын дәстүрлі өмірді бастан кешіріп отыр. Мәселе бұрынғы материалистік өндірістің құнсыздануына ғана емес, бүкіл қоғамды құрылымды желімдей жабыстырып тұрған ынмақтастық қатынастар да деформацияға ұшырады. Қоғамның тауар-ақша қатынастарының принциптеріне бағындырылуы, этикадан бизнеске көшу, капиталды шексіз өсіруге бағытталған әрекет қалың көпшілік үшін моральдық нормаларға бағынбайтын, адами мазмұннан утилитаризм (пайдакүнемдік) түрінде көрінеді.

Қорыта айтқанда, мәдениет - тек сала емес, бүіл қоғамдық организмді, оның экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси және рухани қозғалыстарының энергиясын жетілдіру мен дамытудың келешегін анықтайтын әлеуметтік болмыстың фундаменталды негізі де болып табылады.

Мұндай жағдайларда мәдени саясаттың стратегиялық мақсаттарына мыналарды жатқыуға болады:

– елдің мәдени потенциалын сақтау, қазақ мәдениетінің дамуының мәдени жаңашылдықтар мен мәдени өмірдің полиэтникалық алуан түрлілігін мемлекеттік қолдаумен қатар сабақтастығын қамтамасыз ету;

– біртұтас мәдени кеңістікті қалыптастыру, көпұлтты мемлекетте субмәдениеттердің сұхбаты үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

(8)

– біртұтас мемлекеттің азаматтары ретіндегі әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың мәдени интеграциясын қамтамасыз ететін құндылықтарды құру.

Мемлекеттік мәдени саясаттың бүгінгі және таяу келешектегі негізгі мақсаты ретінде елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңаруы үшін қажетті алғышарттар дайындай алатындай қоғамның мәдени жағдайын ұстап тұру қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ғабитов Т.Қ., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т., Ибекеева С.Е. Мәдениеттану. -Алматы: Рариет, 2007. 416 б.

2. Ерасов Б.С. Социальная культурология. Пособие для студентов вузов. - Москва: «Аспект-пресс», 1996. - 340 с.

3. Мүрсәлім Б. Енді «мәдени даму» бағдарламасын әзірлеу қажет //Айқын.- №102.-2007.-Б. 23.

4. Балтабаев М.Х. Научное обоснование стратегических направлений культурной политики Казахстана //

Культура Казахстана: традиции, реальности, поиски. - Алматы, -1998.- С. 20-25.

5. Сатершинов Б.М. Казақстан мәдениетінің тарихы мен теориясының кейбір мәселелері - Алматы, 2002.-160 б.

Редакцияға 10.11.2011 қабылданды.

Б.Н. КАРИПОВ

АНАЛИЗ ИДЕАЛЬНОГО И РЕАЛЬНОГО АСПЕКТОВ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ СВОБОДЫ В УЧЕНИЯХ РОССИЙСКИХ ЛИБЕРАЛЬНЫХ МЫСЛИТЕЛЕЙ ВТОРОЙ ПОЛОВИНЫ

XIX – НАЧАЛО XX ВЕКА

The article deals with the philosophical and theoretical approaches of the Russian liberals to address the problem of the relationship between state and society to discover the source, the base value of legal and ethical standards in their philosophical and theoretical concepts, traces the evolution of their views.

Armed with a legal and philosophical method to study social phenomena, the Liberals sought to emphasize its independent status in society to determine the social mechanisms and foundations of human freedom.

To those mechanisms are primarily attributed power and right. Study on the relationship between man and society was carried on systematically reasoned philosophical and theoretical basis. This methodological approach allowed us to consider human activity as woven into the complex fabric of social relations, which largely determine the nature, scope and focus of the implementation of the historic people›s freedom.

В основании либерализма, как известно, лежит идея индивидуальной свободы – атомарной или социализированной личности. Идея индивидуальной свободы, является системообразующей для либеральной доктрины.

Теоретико-методологические основания модели политических изменений русский мыслитель, идеолог Б.Н. Чичерин выстраивал на рационалистических, логико-метафизических началах и считал, что данная интеллектуальная концепция открыла диалектический закон развития мирового бытия посредством выделения противоположностей из первоначального единства и последующего сведения этих противоположностей к высшему единству. То, что связывает два мира и представляет собой сочетание противоположностей, представляет собой дух, который на низшей ступени выступает как целесообразно действующая органическая сила, а на высшей – как мир связанных с органической жизнью субъектов. Эти субъекты, осуществляя идеальные цели в материальном мире, приводят противоположности к высшему соглашению. Конечная цель процесса заключается в абсолютном духе, который руководит всем поступательным движением и окончательно приводит мировое бытие к идеальному совершенству [1,c.196-197].

Для русского мыслителя определяющим началом в познании трансцендентного является разум:

«Ни смысла, ни связи явлений опыт нам не раскрывает: связующее начало, не подлежащее внешним чувствам, постигается только разумом» [2,c.8]. Он квалифицирует его, как «отвлеченно-общее начало Вселенной, сознание чистого закона» [2,c.77]. Только априорная чистота определения обуславливает все последующие характеристики разума. Одна из первых его характеристик – формализм, свидетельствующий о выходе разума за границу только практического опыта и позволяющий двигаться посредством умозрительных размышлений к высшему началу, следуя рационалистическому императиву, Б.Н. Чичерин так определяет содержание понятия: «разум есть верховное определяющее начало, как в субъективном, так и в объективном мире, как в бессознательном. Разум есть закон всякого бытия» [3,c.362].

Верховность как всеобщность указывает не только на доминирование рационального начала

Referensi

Dokumen terkait

Археологиялық қазба барысында анықталған жерлеу орнының сыртқы құрылысы мен жерлеу дәстүрі бойынша салыстырмалы зерттеу әдістері арқылы мәдени атрибуциясы айқындалды.. Табылған монета

Әлеуметтік педагогтің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру салаларының бірі – педагогикалық анимация, яғни әлеуметтік-мәдени сала мен білім беру мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушылардың