ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ
М.Д. Гумарова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: [email protected]
Еліміздің экономикалық жағдайы күн санап кӛтерілу үстінде. Соның ішінде инновацияның атқаратын рӛлі, қосатын үлесі зор деп айтуға болады.
Ең алдымен инновация деген терминге тоқталып кететін болсақ, бұл – жаңа немесе жетілдірілген ӛнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми техникалық нәтиже [1].
Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа қатысты барлық кӛзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және нарықтың орнын басуға ұштастырылуы мүмкiн екендiгін кӛрсеттi. Қазақстанның экономикалық ӛсудің және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы ретіндегі айтарлықтай ғылыми және білім беру әлеуеті бар.
Қазақстанда инновацияны қалай дамытамыз? Ол үшін ӛндіріске жаңа технологияларды ойлап тауып, енгізу керек. Шын мәнінде ӛнеркәсіп орындарында сапалы, инновациялық ӛнім шығарып, Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жатқан кәсіпорындар кемде-кем болып табылады. Сондықтан жаңа технологиялар еңбек ӛнімділігін арттырып, ел экономикасының гүлденуіне кӛмектесу үшін әлі де керекті жаңа білім мен мемлекет тарапынан қолдау кӛрсетілуі керек. Ондай шаралардың біріне 2010 жылғы Қазақстанның 1 млрд. 725 млн. теңге кӛлемінде бӛлінген инновациялық грантын атауға болады [2].
Әр ел ӛз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаһандық инновациялық экономикада ӛз орнын табады.
Қазақстанның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі болып отыр. Осы артықшылықтарды біздің еліміздің инновациялық экономикаға кӛшуінің алғышарттары ретінде санайды.
«Инновациялы Қазақстан-2020» форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев инновациялық дамудың ұзақ мерзімді және бүтін стратегиясы қажет екендігін атап ӛткен болатын.
Мемлекеттің реттеуші рӛлі маңыздырақ болып келе жатыр, ол, бір жағынан, инновациялық қызметтің ұзақ мерзімді даму стратегиясын әлеуметтік- экономикалық даму тұжырымдамасымен бірге қалыптастыра отырып, екінші жағынан, инновациялық қызметті қолдау және ынталандыру бойынша нақты шараларды жүзеге асырады.
Ғылымды қаржыландыру мәселелері шығындардың абсолютті кӛлемінің ӛсуімен шешілмейді. Қаржыландыру механизмдерінің ӛздерін ӛзгерту қажет. Қаржыландырудың ұлғаюымен бірге, іске жарамды ұйымдардың шектеулі тобын қолдау үшін ресурстарды жинақтау мақсатында тура бюджетті алушылар санын шектеу қажет. Сондықтан, «Ғылым туралы»
жаңа заңға сәйкес ғылымды қаржыландыруды ұлғайтумен бірге ғылымды қаржыландыру тәсілдері ӛзгертілді. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың үш тәсілі енгізілді: гранттық – елдің ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; бағдарламалық-мақсаттық – стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру; базалық – мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдар үшін қаржыландыру.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi [4].
Ӛңдеушi ӛнеркәсiпте және қызмет кӛрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер ӛндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып саналады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және аймақаралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), ӛндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен ӛндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-құрастырымдық
жұмыстарға қаржының аз бӛлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық ӛтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жӛнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру кӛзделiп отыр [4].
Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі міндеттеріне кіретін бірнеше тармақшалар кӛрсетілген, атап айтсақ:
- ӛңдеушi ӛнеркәсiпте орташа жылдық ӛсу қарқының 8-8,4 % мӛлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек ӛнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӚ энергия сыйымдылығын 2 есе тӛмендету;
- ӛңдеушi ӛнеркәсiптiң негiзгi қорларының ӛнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты ӛндiрiстерде қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi игеру;
- ғылымды кӛп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген ӛндiрiстер құруды ынталандыру;
- елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру;
сапаның әлемдiк стандарттарына кӛшу;
- дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, ӛңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту. Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де кӛрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты [4].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономиканы құруды жалпыұлттық ӛрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл жоба - Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Негізінде жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық ӛрлеу - ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елі ӛз ӛндірісін қарқынды
жаңғырту жолына шықты. Осы орайда ел басшылығының тапсырмасымен, еліміздегі зауыттар мен фабрикалар, ӛндірістер мен кәсіпорындар тек жаңа технологиялармен және заманауи жабдықтармен жарақтандырылып қана қоймай, сондай-ақ «жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылатын» болады.
Осыған қол жеткізу үшін мемлекет инновациялық ӛнімдерді шығару бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ендігі қызу кірісті. Бұл мақсатта былтырдан бастап, Үкімет Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арқылы озық ойлар мен жасампаз жобаларға грант түрінде қайтарымсыз қаржы бӛлуді бастады. Президент Н.Назарбаев «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты индустриялық-инновациялық форумда
«Қазақстан үшін инновациялық дамудың жаңа жолын ашатын» отандық экономиканың бес оң бағытының біріншісі ретінде «энергиялық тиімділік пен энергия сақтауды» атаған болатын. «Ал оны тек қана жаңа технологиялар бере алады, - деп шарт түйді Мемлекет басшысы, - егер Қазақстандағы қандай да бір кәсіпорын әлемдегі әріптестеріне қарағанда электр қуатын кӛп тұтынатын болса, оны артта қалған кәсіпорын деп санау керек!» [5].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты мақаласында «Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды кӛп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен қаныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық-экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды кӛп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа кӛшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», – деген сӛздері еліміздің бүгінгі күнінің даму бағытын сипаттайды. Сол себепті Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк- технологиялық экономикаға ӛту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастады [3].
Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі ӛнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемде жаһандану процесінің ӛріс алуы, Қазақстанның ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты ӛнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету [6].
Әлемдік тәжірибенің ӛткізген талдамасы осыған қатысты біздің мүмкіндіктеріміз жӛнінде ойландырады. Бұл үшін инновациялық қызметтің
белсенді дамуы негізінде ӛндірістің озық тәсілдеріне сапалы ауысуды жүзеге асыру талап етіліп отыр. Бұл ауысу АҚШ-та орын алғандай, ӛндірістің үнемі сапалы жетілдірілуімен эволюция түрінде ӛткізілуі мүмкін. Онда ӛндірістің қазіргі заманғы даму деңгейіне жету үшін бірнеше онжылдықтар қажет болған екен. Мемлекетіміздің қабылдаған аса маңызды индустриалды- инновациялық даму стратегиясы мен елді индустрияландырудың егжей- тегжейлі картасын қамтитын үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы мен басқа да бағдарламаларында айқындалған ұстанымдары, атап айтсақ тиімді нормативтік-құқықтық база құру, ұлттық инновациялық жүйені құру, интелектуалды меншікті қорғау, ғылым, білімді және әлеуметтік саланы қолдау, ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету Қазақстанның инновациялық дамуын ынталандыру механизмі болып табылады. Қазақстандық отандық инновациялық тауарларды тұтынуға тырысуымыз қажет. Сол кезде ғана әрбір қазақстандық мемлекетіміздің дамуын бір қадам болса да алға жылжытады. Жаһандану заманында ең басты құндылық ақпарат болып табылатындықтан, әлемде болып жатқан ӛзгерістерден тыс қалмай кӛбірек ізденіп, оқып білуге талпыну жӛн. Қазақстанда жаңа инновациялық жобалардың жүзеге асып, экономикасының дамуына барлығының атсалысуы қажет.
Әдебиет:
1. Алдашов Б.А., Ткач Е.В. Инновационная инфраструктура:
понятие, основные элементы и направления развития //2009
2. Арыстанов А.К. Экономика будущего – это инновационная экономика //Альпари. - 2010. - №4
3. «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы. Астана. 2003 жыл //Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты //http:www.akorda.kz
4. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы
5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
"Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!" атты форум-кӛрме, Астана 04.07.2011ж.
6. ҚР Yкiметiнiң 2005 жылғы 25 сәуірдегі №387 қаулысымен бекiтiлген ҚР ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жӛнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама. Астана. 2005 жыл.