• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Ақбаева Тоғжан Берікқызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ҧлттық университетінің студенті

Ғылыми жетекші – э.ғ.к., аға оқытушы Бакирбекова Айгҥл Макулбекқызы

Қазіргі жаһандану мәселесі әлемдік экономикада терең ӛзгерістердің орын алуын талап етіп отыр. Заман талабына сай ғылымның жаңа мҥмкіндіктерінің, технологиялық және инновациялық жетістіктердің белсенді тҥрде ӛ суі арқасында әлем мемлекеттері барған сайын бір – бірімен бәсекелестігі арта тҥсуде. Әлемде технологияның қарқынды тҥрде дамуы, нарықтардың жаһандандырылуы, техникалық және ғылыми экспертизаның аймақтандырылуы, стратегиялық альянстардың қҧрылуы инновациялық теорияны әрі қарай жетілдіруді талап етуде.

Егемендік алғаннан бері еліміздің экономикасы нарықтық экономикаға ӛтіп, ӛзінің стратегиялық жоспарлары негізінде қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда мемлекетіміз әлемдiк экономикада ӛзiндiк орны бар мемлекетке айналып отыр. Бҧған дәлел әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуы. Алайда кез – келген елдер сияқты біздің мемлекет те назар аударуды қажет ететін мәселелерге ие. Соның ішіндегі ең басты проблеманың бірі, белгілі бір табыстарға қарамастан, әлемнің дамыған экономикасы бҥгінгі таңда қызметтер мен технологияларды тҧрақты тҥрде жетілдіру себебінен болып отырған кезеңде, Қазақстан экономикасының бәрібір басым тҥрде шикізаттық негізде болуының жалғасуында. Дамыған елдерде ЖІӚ ӛсімінің жартысынан кӛпшілігі жаңа технологиялық шешімдермен қамтамасыз етіледі. Мҧндай экономика неғҧрлым орнықты, ӛйткені олар ҧзақ мерзімді бәсекелес басымдықтарға, инновациялық жетістіктерге ие. Олар әртараптандырылған, демек – перспективалы және тҧрақты. Олай болса елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу ҥшiн және экономикамыз шикiзаттық

208

(2)

ӛндiрiске тiкелей байланысты емес тҧ рақты экономикалық ӛсу ҥшiн бҥгiнде индустриалды - инновациялық саясатты тиiмдi жҥргiзуіміз қажет. Елбасы айтып ӛ ткендей, біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында кӛш басына шығуына жол ашты. Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың «ӛңірлік локомотивіне» әрі оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойыншысына»

айналдыра алатындай кҥш бар. Экономиканың ӛсуін басқаруды біз халықаралық нарықтың осы заманғы талаптарына сай келетін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз.

Еліміз осы мәселелерді шешіп, тҧ рақты экономикалық ӛсуді қамтамасыз ету мақсатында 2003 жылдың 17 мамырында ҚР Президентінің №1096 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ҧзақ мерзімді стратегиясы қабылданды. Ол екі ӛ зекті міндетті – экономиканы индустрияландыруды және индустрияландыруды инновациялық арнаға бағыттауды кӛздейді.

Сонымен қатар, алдағы кезде оң трендтің ӛ суімен ЖІӚ-дегі ӛ ңдеуші ӛнеркәсіп ҥлесінің қысқаруы ҥрдісін еңсеру және экономика мен ӛ неркәсіп ӛ ндірісінің қҧрылымын одан әрі ӛзгерту, корпоративтік кӛ шбасшыларды қалыптастыру мақсатында Қазақстаннның нақты жаһандық артықшылықтарын дамыту, елдің экспорттық әлеуетін жоғары шикізаттық емес экспорттық жеткізулердің географиясын әртараптандыру және шикізаттық емес тауарлар ҥлесін ҧ лғайта отырып оны қайта қҧрылымдау, индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз ету және білім беру жҥйесін жетілдіру сияқты мәселелерді қамтиды [1].

Стратегияны жҥ зеге асыру ҥш кезеңнен тҧрады. Бірінші кезеңде (2003-2005 жылдар) технологиялық дамудың жҥйелік мәселелері шешілді. Заңнамалық және нормативтік қҧқықтық базаны әзірлеуге, салаларды дамытудың негізгі бағдарламаларын қалыптастыруға қол жеткізілді. Екінші кезеңде (2006-2010 жылдар) ӛнеркәсіпті жаңарту жӛніндегі жобалар жҥзеге асырылып, экономика әртараптандырылды.

Осы жылдары еліміздің индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру Қазақстан экономикасының негізгі тәуекелдерінің стратегиялық дҧ рыс екенін кӛ рсетті:

экономиканы әртараптандырудың және шикізатқа тәуелділіктен кетудің баламасыз бағыты таңдалдалғанына кӛзіміз жетіп отыр. Бҧл кезеңдерде индустрияландырудың базалық институционалдық негіздері: экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететін Ҧлттық қор;

серпінді бағыттарды іске асыруға мемлекеттің әлеуетін шоғырландыратын «Самҧ рық- Қазына» ҦӘҚ» АҚ; әртараптандыру процесін қамтамасыз ететін даму институттары;

мемлекет пен бизнестің ӛзара іс-қимылы мен әрекеттерін ҥйлестіру ҥ шін келіссӛз алаңдары қҧ рылды. Инвестициялық саясат шеңберінде инвестицияларды ынталандырудың қҧқықтық және экономикалық негіздерін анықтайтын заңнамалық база жетілдірілді.

Стратегияның іске асыру арқасында жеткен жетістіктеріне елде индустриялық- инновациялық инфрақҧрылымның бірқатар мамандандырылған объектілері қҧрылуын, олардың жҧмысы бірінші кезекте кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және жаңа ӛндірістер қҧруға бағытталғандығын жатқызуымызға болады. Ҧлттық инновациялық қор Стратегияны іске асырудың бірінші кезеңі уақыты ішінде 116,9 млн. АҚШ доллары сомасының жобаларын қаржыландырды, олардың 1,7 млн. АҚШ доллары инновациялық гранттар нысанында берілді. Сонымен қатар, стратегия шеңберінде іске асырылған барынша қызықты жобалардың ішінен 2007 жылғы желтоқсанда Павлодар қаласында Қазақстан электролиз зауытының, сондай-ақ жіксіз қҧбырлар шығару зауытының іске қосылуын атауға болады. Автомобиль ӛнеркәсібі кәсіпорындары пайда бола бастады, мысалы, Ӛ скеменде

«Шкода» жеңіл автомобилдерін шығару жӛ ніндегі автоқҧрастыру зауыты іске қосылды, Кӛкшетау қаласында «Камаз» жҥк автомобилдерін шығару ҧйымдастырылды, Семейде автобустар қҧрастыру жӛніндегі жоба іске асырылды.

Әлемдік экономиканың тҧтас алғандағы ахуалына қарамастан, ӛнеркәсіптің ӛсу қарқыны сақталды. «30 корпоративтік кӛшбасшы» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік шарттарымен ірі «қарқынды жобаларды» жҥ зеге асырудың механизмі енгізілді. Экономиканы одан әрі әртараптандыру және оның бәсекеге

(3)

қабілеттігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді ӛсуін қамтамасыз ету ҥшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19наурыздағы № 958 Жарлығымен

«Қазақстан Республикасының ҥдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бҧл мемлекеттік бағдарлама ӛз дәрежесінде іске асуы ҥшін жанждандыруы керек ҥш басым бағытты айтуымызға болады. Біріншіден, индустриалдандыру, яғни жаңа ӛндірістік қуаттылықтарды, ӛнеркәсіп пен агроӛнеркәсіпте қосылған қҧны жоғары ӛнімдерді жасау. Екіншіден, бҧл ҥдемелі индустриалдандыру. Дағдарыстан кейінгі даму және Кеден одағына мҥшелікпен байланысты жаңа перспективалар жағдайында біз ӛзіміздің бәсекелік артықшылықтарымызды барынша тиімді пайдалануға тиіспіз. Яғни қысқа мерзімнің ішінде дамыған елдердің деңгейіне жету ҥшін озық жҥ ре жҧмыс істеуіміз қажет. Және соңғы, ҥшінші міндет – инновациялық индустриалдандыру. Бҧл оның қорытындысы еңбек ӛнімділігінің жоғарылуы, озық технологияларды барынша пайдалану, ҧлттық инновациялық жҥйені дамыту болуы тиіс екендігін білдіреді. Қазір инновацияларға, ғылымға, шетелдік технологиялы компаниялармен ынтымақтастыққа ерекше кӛңіл бӛлу басым болады.

Бҥгінде бҧл орайда қолымызда нақты нәтижелер де бар: 2010 жылы жҥргізілген жҧмыстың қорытындысы ӛнеркәсіптегі кӛзге кӛрініп тҧрған ӛсу болды – ол 11,5% қҧрады.

Мысалы, ӛңдеуші кәсіпорындар 742,1 млрд. теңгенің ӛнімдерін ӛндірді. Физикалық кӛлем индексінде бҧл ӛткен кезеңдегі осындай кӛрсеткіштен 18,7%-ға кӛп. Мҧны салалар бойынша нақты мысалдармен сипаттайтын болсақ, тоқыма ӛнеркәсібінде мақта-матадан иірілген жіп ӛндірісінің 4,2 мың тоннаға дейін ӛсті, ол 284,3% қҧрады. 974,1 мың данаға, яғни 260,3%-ға тоқыма бҧйымдарын (киімнен басқа) шығару ҧлғайды; химия ӛнеркәсібінде хром тотығын шығарудың 6,9 мың тоннаға, яғни ҥш есе дерлік ҧлғайғаны тіркеліп отыр. Натрий бихроматы ӛндірісінің алты еседен асты – 15,9 мың тоннаға ӛсті. 136%-дан астамға (12,1 мың тоннаға) фосфорлық, минералдық және химиялық тыңайтқыштарды шығару ҧлғайды. Металлургтер ферроқорытпаларды шығаруды 426,9 мың тоннаға дейін (158,5%), әртҥрлі диаметрдегі қҧбырларды, прокат бҧйымдарын ӛндіруді –37,9 мың тоннаға (ӛсім 288,3%) дейін ӛсіріп отыр.

Отандық фармацияда да ӛрлеу жҥріп жатыр. Дәрі-дәрмектер ӛндірісі 3,6 млрд. теңгеге

– 192%-ға ӛсті. Ӛзге фармацевтикалық препараттар – негізінен кейіннен дәрілік қҧ ралдарға қайта ӛңделетін шикізаттар – 548,5 млн. теңгеге, яғни 155,6%-ға ҧлғайды. [2].

Белгілі бір нәтижелерге қарамастан, әртараптандыру және инновациялық даму саясаты дамушы нарығы бар елдердің объективті ресурстық экономикаларына тән бірқатар жҥйелі әсерлердің бар болуына байланысты толық тҥрде іске асырылған жоқ, яғни ресурстарды (инвестициялық, еңбек) шикізат секторларына қайта бӛлу әсерін жаңғыртуға ықпал ете отырып, экономиканың «голланд ауруы» белгілерінің кӛ рінуі; әртараптандыру саясаты оны ілгерілету ҥшін қажетті шекті кӛлемнің болмауына кезікті. Әртараптандыруға бӛлінген мемлекеттік инвестициялардың кӛ лемі жеткіліксіз әрі шашыраңқы болды, ол қандай да бір маңызды қҧ рылымдық ілгерілеушілікке әкелмеді.

Біздің ойымызша, стратегияны іске асырудың нәтижесінде қазіргі уақытта ӛнеркәсіптің қҧрылымында елеулі ӛзгерістің болмай отырғандығы мынадай факторлармен байланысты: біріншіден, шикізаттық емес сектордағы ӛнеркәсіптің тауарларға деген қажеттілігі кӛбінесе импорттың есебінен қанағаттандырылды; екіншіден, ӛңірлік және жаһандық нарықтар шеңберіндегі неғҧрлым кең сауда, қаржылық және фирмааралық ықпалдасу қазақстандық компаниялардың ӛнімділігін, ішкі және халықаралық нарықта олардың табысты бәсекелесу қабілетін арттыруға бағытталған неғҧрлым белсенді саясаттың жеткіліксіздігі; ҥшіншіден, стратегияны одан әрі іске асыру, ол болжаған басымдықтарға жету оны іске асырудың қазіргі қҧ ралдарының жеткіліксіздігі.

Елдегі индустриалды инновациялық даму ахуалының бірнеше жолдарын атап ӛткім келеді. Олар:

Ғылым мен ғылыми – техникалық қызметтерге жеткілікті қаржы бӛлу арқылы инновациялық жобаларды дамыту. Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi кӛ рсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi

(4)

модернизациялауды қамтамасыз етедi. Елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бӛлу ӛте аз, оның кӛ лемi қазіргі таңда 1,1% қҧрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жҥзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның ҥ лесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бҧл стратегияны жҥзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӚ-нен бӛлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн ӛ судi жоспарлап отыр. Егер мҧны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бӛ лiнетiн қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20%

қҧрап отыр.

Осы орайда шетелдік тәжірибеге кӛз жҥгіртсек, бҥкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда қҧ рылған дҥние жҥзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы ―Силикон аңғарының‖ пайда болуына негіз болды. Ӛткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да қҧрыла бастады. Жапондықтар жаңа ӛнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны ӛндіріске енгізумен 1950 ж. қҧрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/

айналысады.Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және ӛндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр тҥ рлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың қҧрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жҥргізуге кӛмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды, бір сӛзбен айтқанда , кәсіпорынға «қолайлы орта» жасайды. Қытай экономикасына ҥ лкен ҥлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП қҧрамына кіретін кәсіпорын санының ӛсуінен байқауымызға болады.

Ал бҧл жағдай біздің елімізде ауыз толтырып айтуға келмейді. Қазіргі таңда елімізде 57- ге жуық бизнес инкубаторлар мен инновациялық орталықтар қызмет етуде. Алайда бҧлардың ішінде санына сәйкес сапалы жҧмыс жасап жатқандары аз. Бҧған әсер ететін кӛптеген факторларды атап айтуымызға болады: ғылым мен ӛндірістің әлі де болса бірікпеуі; адами капиталдың жаңа ҥрдісті тҥсінбеуі, ӛңдеуші салаға отандық және шетелдік инвесторлардың назар аудармауы. Осы мәселелерді шешуде келесідей ҧ сыныстарды айтқымыз келеді: шетелдік бизнес-инкубаторлар мен кәсіби салада тәжірибе алмасу мҥмкіндігін арттыру; жоғары тәуекелдерге бел буатын отандық венчурлық фирмалардың кӛбеюіне жағдай жасау немесе сапалы, болашағы бар жобаларды қаржыландыруды мемлекет ӛз қолына алуы.

Әлемдік деңгейдегі интеллектуалды новаторлық кадрлар дайындау. Қазіргі уақытта әртҥрлі салада жҧмысшы тобын басқаратын және олардың алдында барлық мәселелердің шешімін табатын менеджмерлер елімізде кемде – кем. Сол себепті де кадр мәселесі ҥдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламаның бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып отыр. Қазіргі әлемдік технологиялық даму тенденциясы ақпараттық қауіпсіздік технологиясы, бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникация, жаңа материалдар және нанотехнология сияқты басты бағыттарды дамытуға қол жеткізуде маңызды рол атқаратын менеджмерлер тәрбиелеу экономикалық дамуымызға қажетті болып табылады. Ол ҥшін Қазақстандағы менеджерлерді, оның ішінде инновациялық тәуекелге бара алатын менеджерлерді дайындау жҥйесін жетілдіру; технопарктер орналасқан жоғарғы оқу орындарында студенттерді оқу – танысу тәжірибелерінен ӛткізіп, сол жерде жҧмысқа орналасуына жағдай жасау қажет.

Инновациялық процестерді жҥзеге асыруда кластерлік жҥйені дамыту.

Инновациялық процестi дамыту сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту ҥшiн осы сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ ӛнеркәсiп саласын дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология бойынша соңғы ӛнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде кластер

(5)

(ағыл.-cluster) — жалпы кластерді қосқанда бӛлек компаниялардың бәсекеге басымдықтарын жоғарылататын және бір-бірін ӛ зара толықтыратын ЖОО және басқа да ҧйымдардың; ғылыми-зерттемелік институттардың; инфрақҧрылымдардың; маманданған және жиынтықтаушы қызмет қҧ ралдарымен жабдықтаушы бір-бірімен байланысты компаниялардың кейбір тӛңіректе шоғырланған тобы [3]. Кластерлік стратегия ел экономикасын шикізатқа тәуелділіктен қҧтқару ҥшін ереше маңызды болып табылады.

Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларын кӛтеру, олардың халықаралық нарық бәсекесінде жеңіп шығу қабілетін арттыруды қолға алу бҥгінгі ӛмірдің ӛз талабы.

Кластерлерді дамыту ҥшін таңдалып алынған жеті салада алғашқы шаралар қолға алынып та жатыр. Ғалымдардың талдауы нәтижесінде Қазақстан ҥшін келешегі бар делінген 7 кластер анықталып жҥзеге асырылуда. Бҧл бойынша азық-тҥ лік ӛнеркәсібінің қарқынды дамығандығын айтуымызға болады. Оның барлық салаларында ӛндірістің ӛсуі, тҥрлерінің кӛбеюі мен шығарылған тауар саны артуда. Шығыс-Қазақстан облысындағы «Азық-тҥ лік ӛнеркәсібі» кластері тӛ рт ірі бәсекеге қабілетті бағыттан тҧрады: май, сҥт, ет және астық.

Ауылшаруашылық тауарларын ӛндірушілерді тікелей және жанама мемлекеттік қолдау Солтҥстік аймақтарда аймақтық астық ӛндіру, сҥт ӛнімдері кластерлерін қҧруға әсер етсе, жеміс-жидек, сҥт кластерлерін Оңтҥстік аймақта ашу осы бағыттарды дәйекті және жоспарлы тҥ рде дамытуға мҥмкіндік береді. Солтҥстік-Қазақстан облысындағы кластерлік даму астықты ӛңдеумен байланысты. Алматы облысында жеміс-жидек және сҥ т кластерлері қалыптасып, дамып келеді. Мҧнда жеміс-жидек ӛнімдерін ӛңдейтін 19 кәсіпорын бар. Қҧрамына «Райымбек Агро» ЖШС мен «ФудМастер» АҚ сияқты екі ірі сҥт зауыттары кіретін сҥт кластерінің басты қатысушылары анықталды. Қостанай облысындағы сҥт кластерлерінің қатысушылары бҥгінгі кҥні 14 сҥ тӛңдеу кәсіпорындары, 42 сҥт-тауар фермалары, ғылыми-оқыту мекемелері мен ҧйымдар, зертханалар, дистрибъютер орталығы,

«Мал ӛнімдері корпорациясы» ЖАҚ, даму институттары, несиелік мекемелер мен ҧйымдар, қоғамдық ақпараттық-кеңес беруші орталықтар мен бірлестіктер, қаттамалар мен ыдыстар ӛндіретін компаниялары болып табылады.

Жҧмыстың қорытындысында Қазақстан республикасының индустриалды – инновациялық дамуын басқаруда тӛмендегідей мәселелерді атап ӛтуге болады:

Біріншіден - нарықтың қосымша сегменттерін жаулап алу, экономиканың барлық салаларында инновациялық технологияларды қолдану, инновацияларды жабдықтаушылар мен тҧтынушылардың алдында технологиялық желілер арқылы ынталандыру арқасында инновацияларды коммерциализациялау мҥмкіндіктері кеңейуі мҥмкін.

Екіншіден – ҧлттық кҥ ш – жігерді мемлекет әлемдік нарықта кӛ шбасшы дәрежесіне жете алатын ғылым мен техниканың басты салаларына шоғырландыру қажеттілігі.

Ҥшіншіден – Қазақстанның әлемдік нарықта ӛзіндік сипатқа ие болуына мҥмкіндік беретін технология мен техниканы жасауды ескеретін инновациялық дамудың ҧлттық моделін қҧру қажеттілігі.

Тӛртіншіден – инновацияны жасау мен енгізудің негізгі проблемаларының бірі инновацияларды кешенді басқару болуы керек.

Сонымен қорытындылай келе, әрине, кемшіліктеріміз жоқ емес, дегенмен, еселі еңбекпен, тӛккен термен қол жеткізген жетістіктеріміз де барын ҧмытпауымыз керек.

Жарқын болашаққа жасалған басым бағыттар, нақты бағдарламалар бар. Осы бағдарламаларды жҥзеге асыруда жоғарыда айтылған ҧсыныстарды қолдану арылы ендігі жерде, кемел келекшекте Қазақстанның индустриалды – инновациялық дамуын басқаруда сапалы жҧмыс жасалса дегіміз келеді.

Әдебиеттер:

1. 2003 жылдың 17 мамырында ҚР Президентінің №1096 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ҧзақ мерзімді стратегиясы.

2. Бесбоғда Алтай «Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы не береді?»//Айқын- 2010, 21 желтоқсан.

(6)

3. Ахтаева С. М. Теоретические аспекты формирования конкурентоспособных кластеров регионов // Вестник Семипалатинского Государственного университета – 2006, № 2.

Referensi

Dokumen terkait

Жалпы фермент препаратының ет өндіруде артықшылығы: —жылулық өңдеу кезіндегі өнім массасының азаюын төмендету арқылы шикізат ресурстарын рационалды қолдану; — дайын өнім шығымын

2000 жылғы қазанның 10-ында Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғызстан және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты ЕурАзЭҚ құрды, ол бүгінгі таңда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең