ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Г.Д. Берікболова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: [email protected]
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері жоғары жылдамдықпен қарқынды даму үстінде. Мысалы, экономикамыз бен сыртқы сауда байланысымызда оң ӛзгерістер болып, экспорт-импорт қатынастары мен кӛлемі қазіргі кезде сонау 1991 жылдардан 50 есеге ӛскені байқалады.
2001жылы Қазақстан экспорты 111 мемлекетке бағытталса, қазіргі таңда олардың саны 135-тен асып жығылады. Сауда саясатын жетілдіріп әрдайым дамытуға мемлекет тарапынан реттеу басты міндеттердің бірі болып кӛмек беріліп, қолдау кӛрсетілуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен ӛңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту»-деп кӛрсетілген. Жолдаудың осы бӛлімінің екінші тармағында экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту туралы міндет қойылған [1]. Яғни біртұтас экономикалық прагматизм құру арқылы экономикалық саясатымызды жаңғырту, жаңадан пайда мен табыс кӛздерін іздестіру, нәтижелі инвестициялар тарту және еліміздің бәкеге қабілеттілігін арттыру сияқты мәселелерді шеше аламыз. Жаңа бағыттың арқасында еліміз сыртқы сауда саясатын әлемдік аренада жоғарғы рейтингтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Еліміздің сыртқы саудасын дамытуға негіз болатын артықшылықтар мен факторлар:
Табиғи-географиялық (шекараның ландшафтық сипатттамасы, табиғи- климаттық жағдайы, табиғи ресурстар мен ауыл шаруашылығы бағыттағы жерлердің болуы);
Экономикалық (тұрғындардың ӛмір сүру деңгейі, тығыздығы, экономиканың салалық құрылымы, әлеуметтік жағдайы, мамандандырылуы,
инвестициялық ахуалы.);
Институционалдық (шекара тосқауылдарының болуы,сауданы дамыту үшін нормативті-құқықтық базаның болуы, сауда орталықтарын құру );
Әлеуметтік-мәдени (мәдениеттің,тілдің жақын болуы немесе болмау, сонымен қатар, конфессионалдық тосқауылдардың орын алуы);
Саяси (мемлекет аралық қарым-қатынастардың даму деңгейі).
Қазақстанда оның сыртқы экономикалық байланыстары табысты дамуы үшін қолайлы алғышарттар тудыратын жағдайлар бар. Оларға:
сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы үшін шешуші фактор болып табылатын саяси тұрақтылық, кӛптеген табиғи байлықтар, дамыған ӛнеркәсіп, жеткілікті білікті жұмысшы күші, салыстырмалы түрде қолайлы геосаяси жағдай, ТМД кӛптеген елдерімен тармақты шаруашылық байланыстары жатады.
Республикада сыртқы сауданы тұрақтандыру мақсатында бірнеше шаралар кешені жүзеге асырылды:
• тауарларды экспортқа шығаруда квоталау жойылды;
• лицензияланатын ӛнімнің тізбесі қысқартылды;
• бидайдан, мұнайдан, газдан және түсті металдардан басқа барлық тауарларға экспортқа шығару баждары жойылды;
• арнайы экспорттаушылар институты құрылды;
• бірқатар бос экономикалық аумақтар құрылды;
• нашар дамыған және дамитын елдер үшін, осы елдерден енгізілген ӛнімдерді
импорттық кедендік баждар тӛлемінен жартылай немесе толық босатудың преференция сызбасы әзірленді;
• республикаға сапасыз тауарларды енгізуді болдырмау үшін техникалық, санитарлық, фитосанитарлық және баска да бақылау жүйесі жүзеге асырылуда;
• импорттық келісім-шарттарды тиеп жіберу алдында тәуелсіз сараптама жүйесі енгізілдді;
• жаңа кедендік кодекс қабылданды [2].
Еліміздің экспорт пен импорттың 2010-2012 жылдардағы мӛлшерін салыстыра кетсек: 2010ж елімізде сыртқы сауданың кӛлемі 91397,5 млн АҚШ долларында болып: экспорт мӛлшері 60270,8 (65%) млн АҚШ
долларын,ал импорт 31126,7 (34%) млн АҚШ долларын кӛрсеткен. Еліміз 2012 жылы сыртқы тауар айналымы 13682,5 млн АҚШ долларын құраса, оның ішінде экспорт кӛлемі 92285 млн АҚШ долларын, ал импорт 44539 млн АҚШ долларын құрап отыр. 2011 жылы тауар айналымының шамасы 125019,7 млн АҚШ доллары құрап, сәйкесінше 87964 (70,36%) млн АҚШ доллар, импорт 37055,7 (29,64%) млн АҚШ долларрын құраған. Осыдан 2012 жылда 2011 жылдың тауар айналымынан 8,4%-дан асқанын кӛруге болады.
2011ж экспорт бойынша басты сауда серіктестері Ресей (8,4%), Украина (3%) , Италия (17,1%), Австрия (4,4%), Қытай (18,5%), Нидерланды (7,5%), Франция (6,2%), Швейцария (5,64%). Негізгі экспортқа шығаратын тауарлардың қатарын минералдық ӛнімдер (56,8%), металдар және одан жасалған бұйымдар (19,5%), мал және ӛсімдіктер ӛнімдері, дайын азық-түлік тауарлар (9,6%) құраған. Ал Қазақстанға импорт кӛлемі жоғары елдерге Ресей (41,4%), Қытай (13,6%), Германия (5,6%) Украина (4,7%), АҚШ (4,6%) жатады. Импорт тауарлардың басым кӛпшілігін машиналар, жабдық, кӛлік құралдары, аспаптар мен аппараттар (53,6%), химиялық ӛнім және олармен байланысты ӛнеркәсіп салалары (15,5%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (9,1%) алады. 2012 жылы да экпортта үлесі басым елдерге Ресей (7,3%), Италия (16,8%), Нидерланды (8,1%), Франция (6,1%), Корея (17,9%) жатады. Ал импорт бойынша Ресей (38,4%), Украина (6,6%), Германия (5,1%), Корея (16,8%), АҚШ (4,8%) алдыңғы қатарда тұр. Қазақстан үшін дәстүрлі алдыңғы қатарлы экспорттаушы нарығы бар елдер Еуропа елдері (Италия, Франция, Нидерланды), Қытай, Ресей, Канада болып табылады.
2010 жылы Еуропалық Одаққа мүше елдерге 50 млрд.АҚШ. долларынан астам тауар экспортталған. Кедендік одаққа мүше болғаннан бері біздің тауарларымыз Африка және Латын Америка елдеріне шығарылуда. Осы кӛрсеткіштер арқылы еліміздің сыртқы саудасы жылдан-жылға ӛсіп отырғанын кӛруге болады.
2011 жылы ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Қазақстан экспорты: Мұнай және мұнай ӛнімдері — 35%; түсті метал — 17%; қара металы — 16%; мыс — 12%; дәнді дақылдар — 9%; басқалар — 11% құрады. Статистикалық агенттіктің хабарлауы бойынша, 2010 жылдан бастап Қазақстан экономикасы жоғары ӛсу қарқынын кӛрсетіп отыр. Оралымды деректер бойынша ЖІӚ-нің 2011 жылғы нақты ӛсуі 7,5% құрады [3]. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, сауда, байланыс сияқты салалардың нақты кӛлемінің ӛсуі кӛлемдер ӛсімінің қарқындары бойынша 2011 жылы кӛш бастады.
Қазақстанға әкелінетін импорт тауарлар мен шығарылатын экспорт тауарлар мынадай сараптамалары міндетті түрде (гуманитарлық ұйымдардың қоятын негiзгi талаптарымен сәйкес келуі) болуы тиіс:
• жабдықтаушының құзыреттiлiгiн растаушы құжат, ӛндiрiстік және экспорттық мәселелерді бiлуi;
• сапаның бүкiләлемдiк танылған стандарттарына тауарларының сәйкестiгi;
• сатып алулардағы қажетті тәжiрибесі жетіспесе, тапсырыстардың үлгiлерiн беруі;
• iскерлiк атағының тазалығы;
• тауар сапасы;
• ортақ санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестік;
• дайын ӛнiмнiң жабдықтауларының қамтамасыз етілуі;
• ӛнiмнiң тасымалға жарайтындығы;
• мерзiмi ӛткен немесе қолданыстан шыққан ӛнімдерден тазару [4].
Сыртқы сауда саясатын дамытуда айқын мысал ретінде Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіру деп біледі. ДСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылықтарды келесі жолмен жүйелеуге болады:
- серіктестерге қысым керсетілген жағдайда, ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ететін ДСҰ-ның дауларды шешу механизмін пайдалану және осылай дискриминацияны жою;
- халықаралық сауданың жаңа ережелерін жасау кезінде әлемдік сауда жүйесіне тиімді катысу арқылы ӛздерінің ағымдағы және стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігі.
Сонымен қоса, сыртқы сауданы дамыту мақсатында әсіресе шекаралас мемлекеттермен сауданы оңтайландыру үшін одақ, қауымдастықтар құрған.
Мысалы: Ресей, Қырғызстан елдерімен Еуразия экономикалық қауымдастық ұйымы реттейді. Қырғызстан мен Ӛзбекстан елдерімен шекаралық қарым- қатынастарды Орталық Азия Ынтымақтастық ұйымы арқылы реттесе, Қытай, Қырғызстан,Ресей, Ӛзбекстанмен сауда қатынастарын Шанхай ынтымақтастық ұйымы реттейді.
Қазіргі таңда дүние жүзінде 12 кеден одағы Дүниежүзілік сауда ұйымының ықпалымен жұмыс істеуде. Солардың бірі Ресей, Белорусь елдерімен шекаралық сауданы 2008-2010 жылдар аралығында қалыптасқан Кедендік одақ реттейді. Кеден одағы деп үшінші бір елдерден әкелінетін тауарларға қатысты бірыңғай кеден тарифі, ал жалпы мағынада бірыңғай сауда саясатын қолданылатын екі немесе одан кӛп елдің ортақ кеден аумағы.
Қазақстанның, Белорусьтің, Ресейдің ұлттық нарықтарын біріктірудің есебінен қазіргіден әлдеқайда жинақы ішкі нарықты қалыптастыру осы елдердің жаңа ӛндірістерін дамытуға, инновациялық-индустриялдық қатынастар бойынша тәжірибе алмасуға, тауардың сапасын жақсартып, тауар санының кӛбеюіне ықпал жасайды. Кеден одағы бізге кедергі келтірмейді, керісінше жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ол мүмкіндіктерді қалай пайдаланатындығы ӛзімізге байланысты.
Еліміз ӛзінің 16 миллион адамдық нарығын 168 миллион адамдық нарыққа ұлғайтады. Ең басты артықшылыта осы болып табылады. кеден одағының берер пайдасы экономикалық инвестициялар тартуда қолайлы орта туғызады, әр ел аумағындағы шикізат кӛлеміне байланысты бірлескен ӛндіріс тораптарын құруға жағдай жасайды.
Кеден одағының қалыптасу нәтижесінде ЖІӚ мӛлшері 1,6 трлн АҚШ долларды құрайтын және ішкі нарық кӛлемі 168 млн адамға жететін бірыңғай аумақ құрылды. Қазақстанның экспорттық тауарларын Еуропа елдеріне шығару үшін Ресей транспорт инфрақұрылымын тиімді шарттармен қолдануға болады. Бұл отандық ӛндірушілер үшін кӛлік шығынын азайтуға және отандық тауарымызды ӛзге елдердің нарығында санын арттырып, бәкеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан тауарларының Ресей, Белорусь нарығына енуі үшін техникалық талаптар мен стандарттардың үш мемлекет тарапынан бір деғгейде қолдану ӛте тиімді [5].
Кедендік одақ қазақстандық тауар ӛндірушілерін ынталандырып, тауарларын сату нарығын кеңейтілу процесі орын алады және де экономикалық инвестициялардың тартымдылығы артады, бұл ӛз кезегінде жаңа ӛндірістердің дамиуына себепші болады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Кеден одағына мүше елдер арасындағы тауар айналымының кӛлемі 24625,4 млн АҚШ долларын құрады, бұл жалпы тауар айналымның 18 пайызын құрайды екен. Оның ішінде экспорт мӛлшері 6837,7 млн АҚШ долларын (жалпы экспорттың 7.4%), ал импорт кӛлемі 177877,1 млн АҚШ долларын (39,9%) құраған екен. Бірақ осы бастапқы жылдардағы пайданың кӛп бӛлігін Ресей және Белорусь елдерінің үлесіне тиген. Болашақта еліміздің табар пайдасы кӛбейе түсетініне кәмiл сенімдімін.
Менің ойымша еліміз сауда саясатын жетілдірудің жаңа жолдарын енгізу қажет. Сыртқы сауда саясатын дамытудыдың мынадай жолдарын ұсынғым келеді:
– Қарқынды экспорт диверсификациясы және экспорт кӛлеміне кіретін жоғары бағадағы тауарлардың үлесін арттыру;
– Әлемдік нарықтың конъюктурасын ӛзгерте алатын икемді кедендік- тарифтік саясатты жүргізу;
– Жоғары бағадағы экспорт-импорт тауарларын сақтандыру және несиелеу механизмін жетілдіру;
– Сауда қызметін реттейтін құқықтық базаны реттеу;
– Елімізде сыртқы экономикалық қызметті ары қарай либерализациялау;
– Республикада отандық ӛндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әсіресе әлемдік нарыққа ӛнімдері шығарылған ауылшаруашылық ӛнеркәсіп жүйесіндегі отандық кәсіпорындарды шет елдермен серіктестік құру (кӛбінесе ТМД елдері);
– Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ену және пайда алу, экспорт-
импорт тауарларына қолайлы жағдай орнату.
Қай ел болмасада экономикасының дамуының басты кӛрсеткіші сыртқы сауда айналымына байланысты. Келешекте дамушы 30 елдің қатарына енуі үшін сауда айналымызды тұрақтандыру қажет. Ӛйткені, дұрыс әрі сауатты сауда саясаты-экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолдау болып табылады.
Әдебиет:
1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2. Егемен Қазақстан 2011 ж.-30 наурыз №194-195, Б. Балғарина:
«Кедендік одақ - кемелдену кепілі»
3. www.stat.kz
4. Exporter специальный журнал №04 (18)ноябрь 2012 – С.
Нарбаев: «Халықаралық гуманитарлық сатып алулар нарығына шығу жолы»- 28б
5. Е.А. Бердібайұлы «Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті экономиканың қалыптасуындағы сауданың дамуын басқару (шекара маңындағы сауда мысалында)» Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты-Астана, 2010жыл-16б.