524
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
тері дайындамалар етік, мәсі, кебіс тігуге қолданылады.
Үйек – таспа алу үшін ертерек кезде ірі қараны үйектеп сойып, бөлек тіліп алынған бауыр терісі (бір қарыс шамасындағы бауыр терісі). Бауырлық - өрім өруге қолайлы мал бауырының терісі. Көксауыр – жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) көкпен кейде қызыл, сары, жасыл түстермен боялған тері. Әміркен деп жергілікті тілде сырлы былғарыны айтқан. Ұлтан - өгіз терілерінің сауырынан иленген, шымыр да қатты былғары, сірі – етіктің өкшесіне қағылатын қатты көн, жарғақ – жүнін тақырлап қырып тастаған, иленген, өңделген тері; құлынның жүнін түсірмей өңделген терісі (бұл теріден жүнін сыртына қаратып тіккен сырт киім құлын жарғақ деп аталады). Жондық - өңделген сауыр терісі, тамақтық - өңделген терінің тамақ бөлігін кесіп алған қиындысы (тамақ ішік), пұшпақ – малдың, аңның өңделген сирақ терісі (пұшпақ ішік, пұшпақ бөрік).
Терінің сапасы оның мықтылығымен, беріктігімен, жылылығымен ерекшеленеді. Бұлар – терінің ең маңызды да мәнді қасиеттері болып саналады. оның құндылығы да осы қасиеттерінде.
Жоғарғы сортты (асыл тұқымды), күтімді малдың терісі майлы, берік, қалың болып келеді.
мұндай теріден істелген бұйымдар сапалы болады.
зерттеу барысында жоғарыда көрсетілген сөздер тері лексемасының аясына топтаса келіп, олар бір концепт жасай алатынына көз жеткіздік. Бұл аз десеңіз, осы он сөздің әрқайсысынан туындаған тұрақты тіркестер, ондап-жүздеп саналатын идеома-фразалар мен мақал-мәтелдер және тілдік теңеулер көптеп кездеседі. Төрт түліктің терісіне қатысты тілдік бірліктердің бәрін бір мақаланың көлемінде қамту мүмкін емес. сондықтан бұл жерде біз тек төрт түліктің тері сөзінің кейбір тақырыптық топтары ғана сөз етілді.
паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР 1. Жанәбілов Ш. Қазақша мал атаулары. – Алматы: 1982. – 142 б.
2. Қасиманов с. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 240 б.
3. манкеева Ж.А. мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 272 б.
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1980.
5. Шоқпарұлы Д. Дәркембай Д. – Алматы: кітап, 2007. – 272 б.
редакцияға 20.01.2010 қабылданды.
г.о. ҚҰРманҒоЖина
ҚазаҚстан тРанзиттІк – көлІк ӘлеуетІн Дамыту ЖолынДа
The article is focused on the system of transport communications. In the article there were used the standard and legislative deeds of the Republic of Kazakhstan, the analytical and statistical materials of ministries and government departments, the regulations of the Transport strategy of RK till 2015. Today this idea already is embodied in frameworks of scale government programs, in particular Transport strategy of Kazakhstan till 2015. The Strategy implementation is expected to ensure bringing of the national transport system to a higher level, and forming of an optimum transport network. Financing of the infrastructure on the self-sufficiency principles will allow accommodating resources for its further sustainable development and maintenance at a high technical level.
The author of the article shows a Western Europe – western China international transit corridor is of great importance not only for Kazakhstan, but in global scale as well.
2010 жылы Қазақстан республикасы бұрынғы ксро елдерінің ішінен бірінші болып еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығын қабылдады.
елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқанындай, Қазақстан республикасының еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығын жай стратегиялық ұлттық жоба және елдің халықаралық беделі өскендігінің дәлелі ғана емес, сонымен бірге ұйымға жаңа тыныс, жаңа серпін берудің мүмкіндігі [1].
Қазақстанның еҚЫҰ-ға төрағалығының басты басымдықтарының бірі – ұйым мүше- мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дамыту. 2010 жылы еҚЫҰ-ға төраға лық ету жағдайында Қазақстанға осы ұйым қызметінің әлемнің экономикалық дамуын қалыптас тыру және жаһандық теңсіздікті асып өтуге әсер ететін үш өлшем дегі жауапты жұмысты атқару күтіліп отыр, ол – гуманитарлық, эко номикалық-экологиялық, әскери саясат. Қазақстан еҚЫҰ қызметін тек үш өлшем бойынша атқарып қана қоймай, сонымен қатар, олардың дамуына өз әсерін тигізе алатын ұсыныстарды алға қояды. Бұлар – осы ұйымдар аясында демократиялық институттардың
525
№ 3 (76) 2010 дамуына жағдай жасау жобалары. Бұл – еҚЫҰ елдерінің транзиттік-көліктік мүмкіндіктерін және еуразиялық транс континенталдық дәлізін дамыту. Бұл – экология мәселелерін шешу, Қазақстанның бейбітшілікті сақтау және ядролық қарусыздандыруға қосқан үлесін ескере отырып, сенімдік пен аймақтық қауіпсіздік шараларын күшейту.
Бұл саланың маңызды тақырыбы – еуразиялық трансконтиненталдық дәліздерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. орталық Азияда транзиттік әлеуетті жүзеге асыру еҚЫҰ үшін стратегиялық маңызға ие. еҚЫҰ-на төрағасы ретінде Қазақстан республикасы болашақта вена мен Прагада өткізілетін еҚЫҰ-ң 18-ші экономикалық-экологиялық форумда бірқатар «транзиттік»
мәселелерді қарастыруға ұсынды. Қазіргі таңда халықаралық тасымалдаулар дамуының деңгейі Қазақстанның халықаралық ауқымдағы рөлі мен орнына әсер етеді.
сондықтан алдымен ТмД-ның, соңынан бүкіл еуропа елдерінің ортақ көлік желісін құрып және дамыту арқылы жалпы еуропалық кеңістікке интеграцияланудың маңызы өте зор. осыған байланысты Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті 50 елдің жолдары» атты тұжырымдаманы бекітті. Қазақстан республикасының транзиттік әлеуетіне байланысты аталған бағдарламалық құжат халықаралық көлік дәліздері құрылысындағы негізгі бағытарды айқындайды. Бірінші кезекте ол ресей, еуропа және Балтық елдері. екіншісі - Қытай, Жапония, оңтүстік-Шығыс Азия елдері, ал үшінші жол орталық Азия, закавказья, Парсы шығанағы және Түркия бағыты.
республикада еуропа мемлекеттері мен Шығыс Азия елдерін байланыстыратын транзиттік дәліздерін дамыту идеясы бәріне белгілі. Бүгінгі күні бұл идея кең ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асырылып жатыр, атап айтқанда 2015 жылға дейінгі Қазақстанның көлік стратегиясы жүзеге асырылуда. стратегияның мақсаты – қазақстандық өнімнің бәсекелестікке қабілетін, оның экспортының артуына септігін тигізетін тиімді көлік инфрақұрылымын жасау, сонымен қатар еліміздің транзиттік әлеуетін барынша жүзеге асыру болып табылады. Транзиттік тасымалды дамытудың алғышарты ретінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, экономикалық ынтымақтастық ұйымы және басқа халықаралық ұйымдар аясындағы өңірлік ынтымақтастықтың маңызы арта түсуде. Қазақстанның экономикасының қай секторында болмасын басымдықтары жеткілікті, бұл жерде әсіресе, жол- транспорт инфрақұрылымы, транзиттік мүмкіндіктерді тиімді пайдалану салалары экономиканың басым бағыттарының бірі болатын кезі жетті. еліміздегі транспорт инфрақұрылымы, транзиттік мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалану мәселелеріне келсек, тәуелсіздік алған жылдардан бастап, аталған салаларға тек ағымдық түрде ғана назар аударылып келді. Бүгінгі таңда транспорттық инфрақұрылым, транзиттік мүмкіндердімізді пайдалану, дамыту мәселелеріне мән бермей, байқамай, оны дамытпай отыру уақыт пен мүмкіндіктерімізді жіберіп алумен тең. «Транспорттық әлеует», «транзиттік әлеует» деген кезде, қайсібір мемлекеттің территориясының транзиттік мүмкіндігі бар ма, сонымен қатар транзит үшін территориясы қолайлы ма, аталған мемлекет териториясының басқа баламалы транзиттік тораптарға қарағанда тиімділігі қандай, жүк тасымалы бойынша уақытпен ресурсты үнемдеу жағынан тиімді тұстары бар ма, секілді бірнеше факторлармен сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді [2].
Географиялық жағынан алғанда Қазақстанның территориясы тиімді транспорт кеңістігінде орналасқан. Қазіргі кездегі жаңадан қалыптасатын құрлықаралық бағыттардың көпшілігі біздің еліміздің аумағы арқылы өтеді. Бір жағынан Қазақстан, Азия-Тынық мұхиты аймағын еуропамен, ресейді орталық Азия елдерімен, Таяу Шығыс және Парсы шығанағы, Үнді мұхиты елдерімен байланыстыратын торапты алып отыр, екінші жағынан бұл торапта Қазақстан жалғыз емес екені белгілі. Қазақстан үшін аталған секторды дамыту барысында, тағы бір қиындық бұл-еліміздің континенталдық жағынан алғанда ішкері орналасып, ашық теңізден алыс орналасуы. Транзиттік мүмкіндіктерді дамытудың геоэкономикалық жағын алатын болсақ, біздің көршілеріміздің экономикалық жағынан даму деңгейі, саяси жағдайының қалпы қалай деген мәселелерге үлкен мән беруге тура келеді. егер, қандай да бір мемлекет тиімді транзит торабында орналасып және оны одан әрі дамытуға бағытты жұмыс жасаса, алайда осы елдің көрші мемлекеттерінің экономикалық, саяси жағдайлары тұрақсыз, қалыпсыз болса, сыртқы экономикалық қарым-қатынасты дамытумен қатар, транзиттік мүмкіндіктерді алға жалжыту өте қиын болады. Бұл мәселеге келгенде Қазақстан үшін тиімді және тиімсіз жақтары да жетерлік. Біріншіден, біз ТмД елдерін бір- бірімен байланыстыратын бірден-бір үлкен территориялы мемлекетпіз, біздің солтүстігімздегі ресей де, оңтүстігіміздегі елдер де дамушы мемлекеттер, қарым-қатынастары, сауда-саттықтары, алыс-берістері артып келе жатырған елдер, сонымен қатар, Қазақстан геоэкономикалық жағынан алғанда орталық Азия елдерімен басқа да рынокті, үлкен серпіммен дамып жатқан Қытаймен,
526
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
Қытайдың батыстағы белсенді дамып жатырған Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданымен байланыстырушы дәлізді иеленіп отыр. Алдағы уақытта ТмД аумағында, оның ішінде ТмД-ның еуропаға жақын орналасқан елдерімен орталық Азияны, ТмД-мен оңтүстік Шығыс Азия елдері, Қытаймен арадағы тауар тасымалы, ресеймен оңтүстік Азия елдері, Пәкістан, иран, Үндістан елдері арасындағы, жалпы еуропамен Азия арасындағы сауда-саттықтың, тауар айналымының, тауар тасымалының артуына байланысты Қазақстанның транзиттік жүк тасымалы мүмкіндігімен ролі тек арта бермек. Аймақтағы геосаяси жағдай және оның тұрақтылығы транзиттік жүк тасымалымен транзиттік инфрақұрылымды дамытуда шешуші орын алатын факторлардың бірі. Аталған территориядан жүктің қауіпсіз өтуіне тек геоэкономикалық қалыппен техникалық мүмкіндіктердің жағдайы ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар аймақтағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, жүргізіліп отырған сыртқы саясаты да үлкен әсер етеді. елдер арасындағы кикілжіңдер, қақтығыстар, әскери күштерді қолдану арқылы қақтығысу, мемлекеттің ішіндегі тұрақсыздық секілді жағдайлар транзиттік жүктердің тасымалдануына кері әсерін беретіні белігілі.
осы жағынан қарастырғанда, біздің аймақтағы басты экономикалық әріптесіміз Қытайдың, біздің елмен шекаралас және алыс берісіміз көп Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжідегі соңғы айлардағы толқулар транзиттік жүк тасымалына өзінің кері әсерін тигізуі мүмкін. Транзиттік жүк тасымалын дамытқысы келетін мемлекет үшін, географиялық орналасумен қатар, бұл мемлекетте осы үшін техникалық мүмкіндіктерінің дамуының да маңызы зор. Теміржол магистралдарының, көлік-автомобиль жолдарының, аэропорттардың, жалпы осы салаға байланысты инфрақұрылымның уақыт талабына сай болуы, техникалық мүмкіндіктерінің жетілдірілуі, дамуы мемлекеттің транзиттік жүк тасымалы мүмкіндіктерін қалыптастыруда басты орын алатыны айқын. Қазақстанда халықаралық транзиттік жүк тасымалы, ішкі жүк тасымалында жүкті, тауарды автокөлік жолдары арқылы немесе ұшақтар арқылы тасымалдаудан, теміржол арқылы тасыған тиімдірек және жүктің басым бөлігі теміржол арқылы тасымалданады да. Транзитті мүмкіндіктерімізді дамытып, халықаралық жүк тасымалы жүйесінің толық мүшесі болу үшін, осы саланы реттейтін халықаралық стандарттарға сай заңды-нормативті база болу қажет [3]. Қазақстанда осы кезге дейін «Қазақстан республикасының транспорттық саланы дамыту мемлекеттік концепциясы», «Қазақстан республикасында халықаралық транспорт дәліздерін дамыту стратегиясы» және бұл салаға тікелей және жанама қатысы бар 60-қа жуық заңнама қабылданды. Қазақстанның жүк тасымалы және сыртқыэкономикалық қарым-қатынас бойынша негізгі әріптестері ресей Федерациясы, Қытай, орталық Азия елдерімен еуроодақ елдері болып келеді, осыған байланысты еліміздің қазіргі кезде аймақтағы аймақаралық үлкен транзит орталығы болу мүмкіндігі мол.
елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Батыс еуропа - Батыс Қытай» автожолының маңызына ерекше тоқталды. Бұл тұста жиі айтылып, талқыланып жүрген «Батыс еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жобасының Қазақстан үшін берері пайдасы көп және ондаған елдердің мүдделеріне жауап береді. Аталған жоба бойынша, жобалық автодәліздің жалпы ұзындығы 8445 шақырым. Дәліздің Қытай территориясы бойынша ұзындығы 3425 шақырым, ресей территориясы бойынша 2233 шақырым болса, Қазақстан территориясында жоба ұзындығы 2787 шақырымды алып отыр. Болжам бойынша, жобаның іске асырылуы барысында 2012 жылға дейін елімізде 2,5 мың шақырым жол жаңартылып, жөнделінеді. егер де, жоба толығымен іске асырылатын болса, Қытайдың сыртқа шығаратын тауар экспорты көлемінің кейбір бөлігін теңіз арқылы емес, құрлық арқылы автокөлікпен тасымалдауға мүмкіндік береді. мысалға алатын болсақ, жүктің теңіз арқылы тасымалдануына 45 күн кететін болса, автожол арқылы тасымалдау бар жоғы 11 күндей уақытты алады дейді, сала мамандары. 2006-шы жылы ресей үкіметі, «Батыс еуропа - Батыс Қытай» жобасының негзігі жол торабын мәскеу-Қазан- Челябі- Қазақстан шекарасы, Қостанай қаласы арқылы шығаруды ұсынған болатын, алайда бұл ұсынысқа Қазақстан жағының келіспеуіне байланысты тараптар санкт-Петербург-мәскеу-Нижний- Новгород-орынбор-Ақтөбе-Қызылорда-Шымкент-Алматы-Қорғас арқылы жүргізілетін болып келісілді. Аталған транспорт дәлізі самара-Шымкент және Ташкент-Алматы-Қорғас-Термез халықаралық жол бағыттары арқылы өтетін болып отыр. Жобаның ресей территориясынан өтуіне байланысты, солтүстік көршіміздің аталған жобаға шығаратын шығыны 700 млрд. рубль, ал Қазақстан территориясында аталған жобаның жалпы құны 5,32 млрд. АҚШ долларын құрап отыр, оның 286 млрд. теңгесі (2,37 млрд. АҚШ доллары) сыртқы қарыз-займдар, инвестиция тарту арқылы жабылса, қалғаны мемлекетпен жеке кәсіпкерлік секторының бірігіп жұмыс жасауымен толықтырылады делінген жобада. Қазіргі кездің өзінде аталған үлкен жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан үкіметі еуропалық қайта құру және даму банкімен және Азия
527
№ 3 (76) 2010 даму банкімен келісімге келіп, Халықаралық қайта құру және даму банкі 14 млн. АҚШ долларын бөліп отыр, ал еҚҚДБ 180 млн. АҚШ долларын бөлсе, АҚҚДБ жобаға үш транш арқылы 700 млн. АҚШ долларын бөлетін болды, оның 340 млн. АҚШ доллары 2009-шы жылы бөлінетін болса, 210 млн. доллар алдағы жылы, ал 150 млн. АҚШ доллары кейінгі жылы бөлінетін болып отыр. Халықаралық маңызы бар жобаны Жапония халықаралық қарым-қатынас агенттігі де қолдап, ислам даму банкі жобаны қаржыландыруға 100 млн. АҚШ долларын бөлетін болды.
сонымен қатар, аталған жобаның Шымкент қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі, ұзындығы 1062 шақырым жол бөлігін жаңадан жөндеуді Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын болды. Дүниежүзілік Банк Қазақстандық жол бөлігін қаржыландыру үшін, біздің елге 25 жылға арналған займ беріп, ол осы 2009-шы жылдан басталып, 4 жылға жалғасатын болды. Жалпы, бұл үлкен жобаның аяқталуы 2013-ші жылға жоспарланып отыр және қаржы, инвестиция көптеп тартылып, жоба өзін-өзі он бес жылдың ішінде ақтауы тиіс [4]. Қазіргі кезде халықаралық автожол дәлізінің кейбір бөлігін ақылы қылуда қарастырылып жатыр, дейді Қазақстан транспорт министрлігінің өкілдері. Болжам бойынша жоба толығымен іске қосылса, жыл сайын мемлекет қазынасына жол жүк тасымалынан түсетін қаржы кірісі 55 млрд. теңге құрамақ.
Жоба межеленген уақытында іске қосылатын болса, бұл еліміздің транзиттік мүмкіндігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар жол өтетін оңтүстік облыстардың жол инфрақұрылымын, экономикасын дамытуға, сапалы деңгейге көтеруге ықпал етіп, жаңа импульс береді. сонымен бірге, «Батыс еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жобасы Қазақстанның басқа аймақтарындағы автожолдардың сапалы салынуына, қауіпсіз жол болуына үлгі болып қоймай, мемлекеттің экспорттық мүмкіндігінің өсуіне, жаһандық, еуразиялық транспорт жүйесіне қосылуға, оның бөлінбес бір бөлігіне айналуға, елдің геостратегиялық жағдайын арттыруға жақсы серпін береді деуге болады. Қазақстан экономикасын дамытуда шикізат экспорты, құрылыс, агроөнеркәсіп, қаржы салаларын дамытумен қатар, жол, транспорт инфрақұрылымы, еліміздің транзиттік потенциалын арттыруға үлкен мән беріп, осы тұғырда, Қазақстанның шығыспен батыс экономикасын байланыстыратын берік көпір болуы үшін жағдай жасауға талпыну керек.
Қазақстан өзінің аймақтағы қатынастары және қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жөніндегі тәжірибесімен бөлісе алатынына сенімдімін. сонымен, біздің ел еҚЫҰ-ға төрағалық қызметіне өзінің жаңа көзқарасымен кіріп, жаңа ұсы ныстар мен бастамалар енгізуге дайын десе де болады.
Қазақстан республикасы әлемдік көліктік-коммуникациялық жүйенің бір бөлігіне айналуға тиіс. ол үшін бізге солтүстік – оңтүстік және Шығыс – Батыс бағыттарындағы құрлықтық және трансқұрлықтық транзитті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы магистральдар желісін құру керек, деп атап көрсеткен болатын Президент он жылға арналған көлік стратегиясын талқылау кезінде. Аталған шаралардың барлығы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға және тиімді пайдалануға, сонымен қатар, отандық көлік – коммуникация кешенінің халықаралық беделін арттыруға, еліміздің еуразиялық кеңістіктегі көлік жүйесіне лайықты кірігуіне және сол арқылы мемлекетіміздің игілігіне қызмет ететін болады.
паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР
1. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «ЖАҢА оНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭкоНомикАЛЫҚ ӨрЛеу – ҚАзАҚсТАННЫҢ ЖАҢА мҮмкІНДІкТерІ».
-Астана, 29 қаңтар 2010 жыл. – Б.2
2. 2010 жылдағы Қр төрағалықтың Басымдылықтар және есептер. -Астана. -2010.-Б.5 www.osce2010.kz 3. Назарбаев Н.А. Транспортная стратегия республики казахстан до 2015 года. Проект «специальная экономическая зона «западные ворота казахстана». - 29 с.
4. ермаков в. казахстан в современном мире. издание 4-е.- Алматы: Жибек Жолы, 2007. - с.208.
редакцияға 14.01.2010 қабылданды.
о.в.мисник
анализ контРольноЙ Работы налогового упРавления по г.астана The major problem is assigned to fiscal organs of the Republic of Kazakhstan on maintenance of effective functioning of the independent uniform monitoring system behind correctness of calculation, completeness and the timeliness of tax payments in the state budget. Tax departments constantly carry out the actions providing revealing legal and physical persons, tax obligations evading from execution.
Result of realizations of the given actions becomes in addition arrived sums of tax payments of the state budget.