• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСІМДІКТЕРДІҢ ТҤР КАТЕГОРИССЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ-САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСІМДІКТЕРДІҢ ТҤР КАТЕГОРИССЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ-САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚ АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСІМДІКТЕРДІҢ ТҤР КАТЕГОРИССЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ-САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Тоқтарбек Қания Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті

Ғылыми жетекшісі - шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы С. Ә. Сҧлтанбекова ф.ғ.д., ЕҦУ профессоры, Қытай тілі кафедрасының меңгерушісі - Мәсімханҧлы Д.

Біздің қоғамымызда халықаралық қатынастардың кеңеюі және алыс-жақын шет елдермен ынтымақтастықтың барлық деңгейде дамуы, жалпы-еуропалық кеңістік аясында ықпалдасу саясаты шет тілі мамандығы студенттерінің алдына плюролингвизм (кӛптілділік), яғни оқу ҥдерісі барысында студенттер бір ғана шетел тілінің орнына екі немесе одан да кӛп шет тілдерін меңгеруді мақсат етіп қояды. Осы мақсатқа орай шет тілдері мамандығы студенті ретінде қоғам талабына сай мультилингвалды білім алу барысында алтай тілдері тобынан таралатын қазақ тілі, герман тілдері тобынан таралатын ағылшын тілі және қытай- тибет тілдерінен таралатын қытай тіліндегі есімдіктердің тҥр категориясын салыстырмалы және салғастырмалы талдауға талпындық.

Осы ҥш тілдегі есімдіктердің тҥр категориясын салыстырмалы-салғастырмалы талдау нәтижесінде біз қазақ, ағылшын және қытай тіліне тән ортақ есімдіктер тек ҥш есімдік тҥрі ғана екенін анықтадық. Олар: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі және сұрау есімдігі.

Сондықтан да, осы мақалада ҥш тілде сәйкес келетін есімдіктердің жоғарыда кӛрсетілген ҥш тҥрін талдауға тырыстық. Қазақ тіліндегі есімдік тҥрлерінің дені ағылшын тіліндегі есімдіктерімен сәйкес келсе, ал ағылшын және қытай тілдерінде қазақ тіліндегі есімдіктердің тҥрлерімен сәйкес келмейтін тек осы тілдердің ӛздеріне тән есімдіктері бар екенін анықтадық. Ағылшын тіліндегі ӛзара, жалғаулық және қатыстық есімдіктер қазақ және қытай тілдеріндегі есімдіктердің тҥрлеріне сәйкес келмейді.

Қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде бір-бірімен сәйкес келетін жіктеу есімдіктерін алып қарағандағы нәтижесін тӛмендегі кестеден кӛре аламыз.

(кесте 1)

Ағылшын Қазақ Қытай

I жақ I we мен біз 我 我们, 咱

II жақ you you сен сендер, 你 你们

сіздер

Сіз 您

III жақ he they ол олар 他 他们

she 她

it 它

Қазақ, ағылшын және қытай тіліндегі жіктеу есімдіктері белгілі бір жақтық ҧғымда немесе жақ тҥрінде қолданылады. Қазақ және ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктері

149

(2)

жіктеледі, кӛпше тҥрде қолданылады және тәуелденеді, ал қытай тіліндегі жіктеу есімдіктері септік жалғауларымен қолданылмайды, кӛптелмейді, әрі тәуелденбейді. Қазақ тілінде жанды және жансыз зат есімдерге ортақ бір есімдік, яғни ол жіктік есімдігі қолданылады. Род категориясында тҥрленбейді. Ал ағылшын және қытай тіліндегі жіктеу есімдіктері III жақ жекеше тҥрінде род категориясына орай тҥрленеді. Мыс.: ағылшын тілінде (ер адамдарға) he, (әйел адамдарға) she, (жансыз зат есімдерге және жануарларға) it есімдіктері қолданылса, қытай тілінде (ер адамдарға) 他, (әйел адамдарға) 她 және (жансыз зат есімдерге және жануарларға) 它есімдіктері қолданылады. Ағылшын және қытай тіліндегі жіктеу есімдіктерінің ӛзіндік кӛпше тҥрі болады.

(2- кесте)

Қазақ тілінде Ағылшын тілінде Қытай тілінде

І жақ мен біз І we 我 我们

II жақ сен,сіз сендер, you you 你, 您 你们 сіздер

III жақ ол олар he, she, it they 他 她它 他们

Аталған ҥш тілдегі сілтеу есімдіктерінің ҧқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра келгендегі нәтижесі тӛмендегі кестеде беріледі.

(3-кесте)

Ағылшын Қазақ Қытай

Қазақ, ағылшын және This these That мынау анау 这 那 қытай тілдеріндегі those мыналар аналар

есімдіктердің сәйкес 这些 那些

тҥрлері

Сәйкес келмейтін such, the same 每, 某

тҥрлері

Қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері жіктеледі, септік және кӛптік жалғауларымен қолданылады. Ал ағылшын және қытай тіліндегі жіктеу есімдіктері тек кӛптік жалғауларымен ғана қолданылады. Бірақ, жіктелмейді және септік жалғауымен қолданылмайды.

Қытай тіліндегі сілтеу есімдіктері сан-мӛлшерлік мағынасын білдіретін сӛздермен бірігіп келіп, сілтеу-мӛлшерлік сӛз тіркесін жасайды. Ал мҧндай тіркестер қазақ және

ағылшын тілдерінде кездеспейді. Қытай тіліндегі这支钢笔 сілтеу мӛлшерлік тіркесін қазақ және ағылшын тілдеріне аударғанда, қытай тіліндегі мӛлшерлік мағынасын білдіретін 支сӛзі аударылмай қалады да, жоғарыда берілген тіркес бұл қалам, this pen болып қана аударылады.

Қытай тіліндегі这位老师сілтеу мӛлшерлік тіркесін қазақ және ағылшын тілдеріне

аударғанда, қытай тіліндегі мӛлшерлік мағынасын білдіретін位сӛзі аударылмай қалады да, жоғарыда берілген тіркес мына мұғалім, this teacher болып қана аударылады. Қытай тіліндегі”, “ сілтеу есімдіктерінің мағынасы қазақ тіліндегі «әр» немесе «кейбір»

белгісіздік есімдіктеріне сәйкес келеді. Мыс.: Сенің айтқан әрбір сӛзіңді түгелдей ұқтым.

你说的每一句话我都听懂了.[2, 65]

Қазақ, ағылшын және қытай тіліндегі сҧрау есімдіктері жауап алу мақсатымен сҧрау мағынасында қолданылады. Ағылшын және қытай тіліндегі сҧрау есімдіктерінің қазақ тілінде ӛз теңеулері табады. Мыс.: Бұл кімнің дәптері? Whose is this notebook?

这是谁的书?[2, 66]

150

(3)

Ағылшын тіліндегі сҧрау есімдігі who септеледі. Атау септікте who болса, табыс септікте whom болады. Қазақ тіліндегі сҧрау есімдіктері жіктеледі, септеледі, кӛптеледі және тәуелденеді. Ал қытай тіліндегі сҧрау есімдіктерінде ондай қасиеттер жоқ.

Ағылшын тіліндегі which сҧрау есімдігі екі заттың бірін таңдау ҥшін жауап алу мақсатында қолданылып, қазақ тіліндегі қайсыбір белгісіздік есімдігінің мағынасына сәйкес келіп, ағылшын тілінде жанды және жансыз зат есімдермен қолданылады. Мыс.: which of us does he mean?‖ gasped they. Ол біздің қайсы бірімізді меңзеп тұр?- деп күбірлесті олар.[3, 56]

Қазақ тіліндегі ӛздік есімдігінің басқа есімдіктерден ӛзгешелігі-“өз” деген бір ғана сӛз жатады. Қазақ тіліндегі ӛздік есімдігі тәуелденеді және септеледі. Мыс.: менің ӛзім, сенің ӛзің, біз ӛзіміз т.б [7, 53].

Ағылшын тіліндегі ӛздік есімдіктері жіктеледі, кӛптеледі және III жақ жекеше тҥрде род категориясында қолданылады.

(4-кесте)

I жақ II жақ III жақ

Жекеше тҥрі myself yourself himself, herself, itself

Кӛпше тҥрі ourselves yourselves themselves

Қазақ және ағылшын тілдерінде ӛздік есімдігі сӛйлемде тҥбір тҧлғада зат есімді анықтап тҧрады. Мыс.: ағылшын тілінде When she came back, she was herself again. Ол қайтып келгенде тағы да бір өзі болды.[5, 56]

Қазақ және ағылшын тіліндегі жалпылау есімдіктері жалпылау, жинақтау мағынасында қолданылады. Қазақ тіліндегі барлық, бәрі, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел сияқты жалпылау есімдіктері ағылшын тіліндегі all, every, everybody, everyone, everything сияқты жалпылау есімдіктерімен сәйкес келеді.

Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі жалпылау есімдіктерінен ӛзгеше жалпылау есімдіктері бар. Олар: each, either, both, other, another. Ағылшын тіліндегі “both” жалпылау есімдігі екеуі де деген мағынаны білдіріп жанды және жансыз зат есімдермен қолданылады. Мыс.:

―But there is more to be said,‖ he continued, after a painful pause to both. [5, 57]. Ағылшын тіліндегі “each” және “every” жалпылау есімдіктері бір топтағы, алдында аталып кеткен барлық жанды және жансыз зат есімдерді бір-бірлеп жекелеп кӛрсетуде қолданылады. Мыс.:

The train coming in a minute later, the two brothers parted and entered their respective compartments. Each felt aggrieved that the other had not modified his habits to secure his society a little longer. [3, 63]

Ағылшын тіліндегі “everybody”, “everyone” жалпылау есімдіктері атау септікте және ілік септікте қолданылады. Мыс.: You walked into the waiting- room, into a great buzz of conversation, and there was everybody; you knew almost everybody. [3, 64]

Ағылшын тіліндегі “either” жалпылау есімдігі екеуі де және біріншісі немесе екіншісі мағынасында қолданылады, Мыс.: The trail wasn’t three feet wide on the crest, and on either side the ridge fell away in precipices hundreds of feet deep. Ағылшын тілінің “other, another”

есімдіктері сӛйлемде алдында айтылып кеткен деректі және дерексіз зат есімдерден басқаны атап кӛрсетуде қолданылады. Олар кӛптік және септік жалғауларымен қолданылады. Мыс.:

He walked at the other's heels with a swing to his shoulders and his legs spread unwittingly..[3, 64]

Қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі белгісіздік есімдіктері де бір-біріне сәйкес келеді және олардың да ӛзіне тән айырмашылықтары болады. Қазақ және ағылшын тіліндегі белгісіздік есімдіктері затты, сындық белгіні, сан-мӛлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тҧспалдап кӛрсетеді. Мыс.: Бұлдайды біреу күшін біреу түсін. [7, 56]

Қазақ тіліндегі белгісіздік есімдіктеріне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлде кім, әлдене, әркім, кімде- кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсы біреу, әр, әрбір, қай бір, неше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан т. б сӛздер жатады. Мыс.: Әрқашан сен кешігіп жүресің.[7, 57]

Ағылшын тіліндегі белгісіздік есімдіктері: some, any, somebody, anybody, someone, anyone, something, anything, one. Осылардың ішінде somebody, anybody, someone, anyone

(4)

атау септігінде және ілік септігінде қолданылады. Мыс.: If you have any new books, show them to me please.[6, 99]

Қазақ тіліндегі біреу, кейбіреу, қайсы біреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім сияқты белгісіздік есімдіктері зат есімнің орнына қолданылады. Олар кӛптік, тәуелдік және септік жалғауларымен қолданылады. Мыс.: Әсемпаз болма әрнеге. (Абай) [1, 219]

Ағылшын тіліндегі one есімдігі белгілі бір адам деген мағынада қолданылады. Мыс.: I know exactly what it feels like to be held down on one’s back.

Қазақ және ағылшын тіліндегі болымсыздық есімдіктері болымсыздық мағынаны білдіру мақсатында қолданылады. Қазақ тіліндегі болымсыздық есімдіктерге: ештеңе, ешкім,

ештеме, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе сӛздері жатады. Мыс.:

Бұл жерде ешкім сырымды білмейді, айтып не дейін. (Абай) [1, 220]. Ағылшын тіліндегі болымсыздық есімдіктерге: some- no, none; something- nothing, none; somebody, someone- nobody, no one, none сӛздері жатады. Мыс.: Nobody seemed to know him well. [6, 111]

Қазақ тіліндегі тәуелдеу есімдіктері зат есім, жіктеу есімдігі және сілтеу есімдіктеріне – нікі, -дікі, -тікі сияқты грамматикалық формалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бұл кітап сіздікі. Ағылшын тілінде тәуелдеу есімдігінің екі тҥрлі формасы болады. Ол тӛмендегі кестеде берілген.

(5-кесте)

Тәуелдік есімдіктері

I жақ II жақ III жақ

Жекеше тҥрі my your his, her, its

Кӛпше тҥрі our your their

(6-кесте)

Тәуелдік есімдіктерінің абсолютті формасы

I жақ II жақ III жақ

Жекеше тҥрі mine yours his, hers

Кӛпше тҥрі ours yours theirs

Ағылшын тіліндегі тәуелдеу есімдіктері зат есімдердің алдында қолданылады. Мыс.: The girl dropped her handkerchief and he picked it up.

Ағылшын тіліндегі жалғаулық есімдіктері (whom, whose, what, which, whoever, whatever, whichever), осы тілдегі сҧрау есімдіктерімен морфологиялық және синтаксистік сипаттары бойынша сәйкес келеді. Олар жанды және жансыз заттарды атап кӛрсетуде қолданылады.

Ағылшын тіліндегі ӛзара есімдіктеріне each other, one another есімдіктері жатады. Олар екі заттың ӛзара қарым- қатынасын білдіреді. Мыс.: ―I didn’t really know him‖ he thought,

―and he didn’t know me, but we loved each other[3, 67] each other есімідігі ҥнемі тек қана екі адамды білдіруге қолданылса, one another есімдігі екі немесе оданда кӛп адамдарды білдіруде қолданылады. Мыс.: He had never heard his father or his mother speak in an angry voice, either to each other, himself or anybody else. [3, 68] Еach other және one another атау септікте және ілік септікте қолданылады. Атау септікте each other, one another болса, ілік септікте each other's, one another's болады.

Бҧл ғылыми мақаланы қорытындылай келе атап кӛрсетер нәрсе- біз осы ҥш тілдегі есімдіктердің тҥр категориясын салыстыру барысында қазақ, ағылшын және қытай тілдері филология ғылымы саласындағы біршама кемелденген зерттеу еңбектерін мҥмкіндіктің барынша қолдандық. Сонымен қатар ғылымилығына, практикалығына және қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі есімдіктердің тҥр категориясын салыстыруға ерекше кӛңіл бӛліп, ағылшын немесе қазақ тілінде оқитын оқушылардың және студенттердің қытай тілі грамматикасын ҥйренуінде маңызды болып табылатын қиын тҥйіндерді ашып кӛрсетуге тырыстық.

Бҧл ғылыми жҧмыс қазақ, ағылшын және қытай тілі грамматикасын салыстыра отырып тез меңгеруге, оқушылардың немесе студенттердің тілдерді қолдану қабілетін және аударма қабілеті деңгейін жоғарылатуға кӛмегін тигізеді деп сенеміз.

Әдебиеттер 152

(5)

1. Ахмеди Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991 2. Ваң. Дж. Қытай тілінің ӛздік есімдіктері. Харбин. Қытай 2003

3. В. Л. Каушанская, Р. Л. Ковнер, О. Н. Кожевника, Е. В. Прокофева, З. М. Райенс, С.

Е. Сквирская, Ф. Я. Зерлина- Ағылшын тілі грамматикасы. Санкт- Петербург 2007 4. Ип. По- Чиң, Римминтон, Дон. Қытай тілінің салыстырмалы грамматикасы. Лондон

2004

5. Кане Даниел Қытай тілі: оның тарихы және қолданылуы. Солтҥстік Калекендон 2006

6. М. А. Ганшина, Н. М. Василевская. Ағылшын тілі грамматикасы. хайр скул публистик хаус 1964

7. С. М. Исабаев Қазақ тілі. Алматы «Қайнар» университеті 1993 8. 程工 生成语法对汉语―自己‖一词的研究 国外语言学 1994 9. 杨自检. 李瑞 英汉对比研究论文集 上海 1990

Referensi

Dokumen terkait

Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға табысты ықпалдасу тілі», – деп атап өтті Н.Назарбаев.. Үшбірлік