• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақ балалар фольклорының жанрлық жіктелімі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақ балалар фольклорының жанрлық жіктелімі"

Copied!
24
0
0

Teks penuh

(1)

ISSN (Print) 2616-678X ISSN (Online) 2663-1288

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ BULLETIN

of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

ФИЛОЛОГИЯ сериясы PHILOLOGY Series Серия ФИЛОЛОГИЯ

№1(130)/2020

1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Нұр-Сұлтан, 2020

Nur-Sultan, 2020

Нур-Султан, 2020

(2)

Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы

филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан)

Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова филология ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан)

Редакция алқасы

Аскер оғлы Рамиз ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Аймұхамбет Жанат ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Бахтикереева Улданай ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила ф.ғ.д., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл ф.ғ.к., доцент (Қазақстан) Біжкенова Айгүл ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)

Ескеева Мағрипа ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, проф. (Түркия)

Қасқабасов Сейіт ф.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі(Қазақстан) Негимов Серік ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Нұрғали Қадиша ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан)

Райхл Карл ф.ғ.д. проф. (Германия)

Рахманов Носимхан ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сатенова Серіккүл ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Тәжібаева Сәуле ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Тұрысбек Рахымжан ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Хисамитдинова Фирдаус ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұрстан) Чернявская Валерия ф.ғ.д., проф. (Ресей)

Шәріп Амантай ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шәріпова Гүлбану ф.ғ.к., доцент (Қазақстан)

Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)

Янковски Хенрих PhD, проф. (Польша)

Жауапты хатшы, компьютерде беттеген: Гүлсім Базылхан

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 402 каб.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31413) E-mail: vest_ [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27. 03. 2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 25 дана.

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі ,13/1, тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31413)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Editor-in-Chief Dikhan Kamzabekuly Doktor of philology, Academician NAS RK (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief Zharkunbekova Sholpan Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan)

Editorial board

Asker ogly Ramiz Doktor of philology, Prof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Abdildajan Doktor of philology, Prof. (Kyrgyzstan) Aimukhambet Zhanat Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Bakhtikireeva Uldanai Doktor of philology, Prof. (Russia) Beisembayeva Zhanargul Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Can. of philology, Prof. (Romania) Bizhkenova Aigul Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doktor of philology, Prof. (Russia) Erzhiasun Guljanat Doktor of philology, Prof. (Turkey) Yeskeyeva Magripa Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Henruk Jankowski Doktor of philology, Prof. (Poland)

Kaskabassov Seit Doktor of philology, Academician NAS RK, (Kazakhstan)

Khisamitdinova Firdaus Doktor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)

Metin Ekiji PhD, Prof. (Turkey)

Negimov Serik Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Nurgali Kadisha Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Nurieva Fanuza Doktor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doktor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doktor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick Doktor of philology, Prof. (USA) Satenova Serikkul Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharip Amantai Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Turysbek Rakymzhan Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakykov Zhantas Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)

Zhuravleva Yergeniya Doktor of philology, Prof. (Kazakhstan) Executive Secretary, Сomputer layout: Gulsim Bazylkhan Editorial address: 2, К.Satpayev str., of.402, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008

Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31413) E-mail: vest_ [email protected] Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity off economic conduct «L.N. Gumilyov Eurasian National University», Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.

Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan.

Registration certificate No 16996-Ж from 27.03. 2018.

Periodicity: 4 times a year Circulation: 25 copies

Address of printing house: 13/1, Kazhimukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31413)

© L.N. Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор: Дихан Камзабекулы

доктор филологических наук, академик НАН РК (Казахстан) Зам. главного редактора: Шолпан Жаркынбекова

доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Редакционная коллегия

Аскер оглы Рамиз д.ф.н., проф. (Азербайджан) Ақматалиев Абдылдажан д.ф.н, проф. (Киргизстан) Аймухамбет Жанат д.ф.н., проф. (Казахстан) Бахтикереева Улданай д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль к.ф.н., доцент (Казахстан) Бижкенова Айгүл д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас д.ф.н., проф. (Казахстан) Журавлева Евгения д.ф.н., проф. (Казахстан)

Жан Динжин PhD, проф. (Китай)

Ескеева Магрипа д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, проф. (Турция)

Каскабасов Сеит д.ф.н., академик НАН РК(Казахстан) Негимов Серік д.ф.н., проф. (Казахстан)

Нургали Кадиша д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан)

Райхл Карл д.ф.н. проф. (Германия)

Рахманов Носимхан д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)

Сатенова Сериккуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Тажибаева Сауле д.ф.н., проф. (Казахстан) Турысбек Рахымжан д.ф.н., проф. (Казахстан) Хисамитдинова Фирдаус д.ф.н., проф. (РФ, Башкортстан) Чернявская Валерия д.ф.н., проф. (Россия)

Шарип Амантай д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану к.ф.н., доцент (Казахстан)

Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)

Янковски Хенрих PhD, проф. (Польша)

Ответственный секретарь, компьютерная верстка: Гульсим Базылхан Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 402

Тел.: (7172) 709-500 (вн. 31413) E-mail: vest_ [email protected]

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ

Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК.

Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27. 03. 2018 г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 25 экземпляров.

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: (7172) 709-500 (вн.31413) © Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

Мазмұны

ФОЛЬКЛОР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ

Балтымова М.Р. Қазақ балалар фольклорының жанрлық жіктелімі ... 8-14 Ғалымжанов Б.Ғ. Мәшһүр Жүсіп мұрасы – Ұлы дала елінің құндылықтары ... 15-20 Жүнісова М.Қ. Әңгіме жанры мәтінінің бастапқы және соңғы сөйлемдеріндегі көркемдік тәсілдер ... 21-28 Жұмағұл С.Б., Қайралапов Н.М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің жанры және Құлмат Өмірәлиев зерттеулері ... 29-36 Карипжанова Г.Т., Абикенова Г. Т., Саликжанова Ш.Б. Қазақ поэзиясындағы

«Ауыл» бейнесі ... 37-44 Личман Е. Ю. Ұлттық дүниетаным контекстіндегі қазақстандық әдебиетшілер мен кескіндемешілер шығармаларының көркем кеңістігі ... 45-53 Нурманова Ж.К., Жапанова М.Е. Салыстырмалы әдебиеттану аспектісіндегі экрандау мәселесі туралы ... 54-61 Өтеш Ж.Ә., Мырзахметұлы М. Деректі әскери прозаның жасалу ерекшелік-

тері (А.Бектің «Арпалыс» романының негізінде) ... 62-68 ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

Аймолдина Ә., Ақынова Д. Қазақ тілді іскери дискурс: мәні және лингвисти-

калық ерекшеліктері ... 69-76 Гируцкий А.А., Амалбекова М.Б. Қазіргі қазақ прозасының дискурстық кеңісті-

гіндегі ландшафттық лексика: лингвостилистикалық аспект («Қазіргі қазақ

прозасының антологиясы» материалына негізделген) ... 77-89 Жақыпов Ж.А. Қазақ көне эпосындағы аŋ тілдік таңбасы ... 90-98 Жарқынбекова Ш.Қ., Сейтханова А.Н. Нұр-Сұлтан қаласының лингвистика-

лық ландшафтындағы тілдік өзгерулер ... 99-111 Mұсағалиева Б.Е., Ахапов Е.А. Машиналық аударма жүйелерінің нәтижелілі-

гін бағалау әдістері ... 112-124 Сүлейменова З.Е., Уматова Ж.М. «Қуан, freuen(sich), ызалан, entruesten(sich)»

лексика-семантикалық өрістерінің ядросы мен перифериясы ... 125-130

(6)

Contents

FOLKLORE AND LITERARY STUDIES

Baltymova М.R. Genre classifications of Kazakh children’s folklore ... 8-14 Galymzhanov B.G. The legacy of the famous Mashkur Zhussup is a value of the Great Steppe ... 15-20 Zhunusova M. К. Artistic techniques in the beginning and last sentences of the text of the story genre ... 21-28 Zhumagul S.B., Kairalapov N.M. Ancient Turkic written monuments genre and Kulmat Omiraliev’s research ... 29-36 Karipzhanova G.T., Abikenova G.T., Salikzhanova Sh.B. The image of «Village» in Kazakh poetry ... 37-44 Lichman E. Yu. The artistic space of Kazakh writers and painters works in the context of national worldview ... 45-53 Nurmanova Zh.K., Zhapanova M.Е. The problem of screening in the aspect of comparative literature ... 54-61 Otesh Zh.A., Myrzakhmetuly M. Features of creation of documentary and military prose (based on the novel by A. Beck «Volokolamsk highway») ... 62-68

LINGUISTICS AND METHODICS

Aimoldina А., Akynova D. Kazakh-Language Business Discourse: Nature and Linguistic Features ... 69-76 Hirutski А.А., Аmalbekova М.B. Landscape vocabulary in the discursive space of modern Kazakh prose: The lingual-stylistic aspect (based on the material

«Anthology of modern Kazakh prose») ... 77-89 Zhakupov Zh.A. The language sign aŋ in the Kazakh Ancient Epos ... 90-98 Zharkynbekova Sh.K., Seitkhanova A.N. Linguistic transformations in the

linguistic landscape of Nur-Sultan ... 99-111 Mussagaliyeva B.Y., Akhapov E.A. Methods for evaluating the effectiveness of

machine translation systems ... 112-124 Suleimenova Z., Umatova Zh. The core and periphery of the lexical-semantic

fields ‘қуан, freuen (sich)– ызалан, entrüsten (sich ) in the Kazakh and German

languages ... 125-130

(7)

Содержание

ФОЛЬКЛОР И ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ

Балтымова М.Р. Жанровые классификации казахского детского фольклора .... 8-14 Галымжанов Б.Г. Наследие Машхура Жусупа – ценности страны Великой степи ... 15-20 Жунусова М.К. Художественные приемы в начальном и конечном предложени-

ях текста жанра рассказа ... 21-28 Жумагул С.Б., Кайралапов Н.М. Жанр древнетюркских письменных памятни-

ков и исследование Кулмата Омиралиева ... 29-36 Карипжанова Г.Т., Абикенова Г.Т., Саликжанова Ш.Б. Образ «Аула» в казахской поэзии ... 37-44 Личман Е.Ю. Художественное пространство произведений казахстанских лите-

раторов и живописцев в контексте национального мировоззрения ... 45-53 Нурманова Ж.К., Жапанова М.Е. К вопросу об экранизациях в аспекте сравни-

тельного литературоведения ... 54-61 Отеш Ж.А., Мырзахметулы М. Особенности создания документально-воен-

ной прозы (на основе романа А. Бека «Волоколамское шоссе») ... 62-68 ЛИНГВИСТИКА И МЕТОДИКА

Аймолдина А., Акынова Д. Казахоязычный деловой дискурс: сущность и линг-

вистические особенности ... 69-76 Гируцкий А.А., Амалбекова М.Б. Ландшафтная лексика в дискурсивном пространстве современной казахской прозы: лингвостилистический аспект (на материале «Антологии современной казахской прозы») ... 77-89 Жакупов Ж.А. Языковой знак аŋ в жанре древнего эпоса ... 90-98 Жаркынбекова Ш.К., Сейтханова А.Н. Языковые трансформации в лингви-

стическом ландшафте г. Нур-Султан ... 99-111 Mусагалиева Б.Е., Ахапов Е.А. Методы оценки эффективности систем машин-

ного перевода ... 112-124 Сулейменова З.Е., Уматова Ж.М. Ядро и периферия лексико-семантических

полей ‘қуан, freuen(sich), ызалан, entruesten(sich)’ в казахском и немецком

языках ... 125-130

(8)

ФОЛЬКЛОР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ

/

FOLKLORE AND LITERARY STUDIES / ФОЛЬКЛОР И ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ

ХҒТАР 17.71.07

М.Р. Балтымова

Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе, Қазақстан (E-mail: [email protected])

Қазақ балалар фольклорының жанрлық жіктелімі

Аңдатпа. Бұл мақалада қазақ балалар фольклор жанрының халық ауыз әдебиетіндегі ерек- шеліктері мен аңызға айналған әдеби туындылар туралы баяндалады. Тарихи деректердегі келтіріл- ген зерттеулердің қазіргі күнгі әдебиет ғылымындағы өзекті мәселелердің шешімін табуға арқау болатындығы туралы айтылады. Фольклор туындыларын жинақтап, халықтың ұрпағына қалды- рған рухани азығын игеріп,оның шығу тарихын игеру, ғылыми тұрғыда талдаулар жасау, тәжірибе жүзінде жүргізілген елеулі еңбектің нәтижесін көрсетеді. XIX ғасырдағы халық ауыз әдебиетінің дамуынан бастау алған қазақ балалар фольклорының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларындағы әдебиет пен қазақ балалар фолькло- рының туындыларын құрудағы ерекшеліктер қарастырылған. Халық ауыз әдебиетіндегі әдіснама- лық-ғылыми зерттеулердің, фольклорлық туындылар жайындағы теориялық талдаулардың нәти- жесінде айқындалған фольклор туындыларының халық арасында пайда болып, қазіргі күнге келіп жеткендігі, балаларға арналған фольклорлық шығармалардың халық ауыз әдебиеті ғылымындағы маңызы мен құндылықтары, болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі орны баяндалады.

Түйін сөздер: фольклор, жанр, жанрлық ерекшелік, фольклорлық туындылар, фольклорлық мотивтер, фольклорлық ерекшеліктер, фольклорлық шығармалар.

DOI : https://doi org/10.32523/2616-678X-2020-130-1-8-14 Түсті: 29.01.20 / Қайта түзетілді: 02.03.20 / Жарияланымға рұқсат етілді: 30.03.20

Әдебиеттану ғылымы халық шығармаларының тарихын зерделеп, әдебиеттің ғылым саласындағы орнын айқындап, болашақ ұрпақ тәрбиесінің мәні мен мазмұнын құруда, оны жасауда жаңғырып, өзгеріп келеді. Әдебиеттің дамуындағы жаңғырулар мен жаңа заман дамуына сай ғылымның да өзгеруі қазіргі заман адамының талабын шыңдап, талғамын қанағаттандыруда қажеттілігін көрсетіп отыр. Олай дейтініміз, қазіргі жаңа заман тынысы қоғамдық дамудың өзіндік ерекшелігін көрсетіп, қоғамның алдына жаңа мәселелер, әде- биет ғылымының алдына жаңа міндеттер мен талаптар қояды. Қазақ балалар фольклорын зерттеудегі қорытындылар фольклоры үлгілерінің алғашқыларын жалпы түрде халық ау- зынан тараған жалпы әдеби шығармалар түрінде қабылдағанын, фольклордың жанрлық ерекшеліктерін ашуға мән бермегендігін көрсетеді. Бұл жерде фольклор жанрының жал- пылығы, біртұтастығы негізге алынып, бірте-бірте ғылыми талдаулар негізінде, жалпы ру- хани-дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуына байланысты барлық ғылым салалары өз алдына дамуға қабілеттілігі мен өз алдына зерттелу деңгейіне жеткендігін көрсететін XIX ғасырдан басталғандығы белгілі.

(9)

Әдебиеттегі шындықты, тарихты бейнелеуде әлемдік мәдениет пен тарихтың даму сатысында орын алған құбылыстар, даму мен өзгерістер туралы айтсақ, түрлі жанрдағы айтылатын әдеби шығармалар, әңгімелер мен тарихи деректер, повестер мен романдар ха- лықтың рухани даму жолын көрсетіп, қазіргі мен бүгінгі күннің алтын көпірі бола алады.

Болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі фольклор шығармаларының алатын орнын көрсету, қазіргі технократия заманындағы баланың ауызша сөйлеу тілі мен өз ана тілінде ойлау қабілетін дамытуда фольклор туындылары мен халық аузынан тараған фольклорлық шығармалар- дың шығу тарихын зерттеп, оларды қайта жаңғырту бүгінгі күнгі өзекті мәселеге айна- лып отыр. XIX ғасырда бастау алған халық ауыз әдебиетін зерттеудегі елеулі еңбектер мен ғылыми-әдіснамалық тұжырымдар, зерттеулер нәтижесі қазақ балалар фольклорының да- муы мен қалыптасу тарихы өте ерте заманнан басталып, халық аузынан тараған аңыз, әң- гімелерді жинақтаудан басталғандығын көрсетеді. Қазақ балалар фольклоры туралы зерт- теулерде фольклорлық шығармалар мен туындылардың әдебиеттен ерекшелігін анықтап, фольклордың өзіне тән белгілерін ашып көрсетудің қажеттілігі бар екендігі белгілі. Бұл жерде балалар фольклоры әдебиеттану ғылымынан бөлек дамыған, қалыптасқан деуден ау- лақпыз. Дегенмен де, фольклоры туындыларын әдеби шығармалар, көркем әдебиет туын- дыларымен бірге қарастырамыз. Фольклорлық шығармаларды, фольклор туындыларын ғылыми атау ретінде қарастырсақ, оның өзіндік мазмұны мен зерттелу аймағы шығатыны белгілі. Бірақ ғылыми зерттеулерге зер салсақ, «оны ғылымда «халық педагогикасы», «эт- нопедагогика», «дәстүрлі тәрбие», «балалар этнографиясы», «балалар фольклоры», «бала- лар әлемі» деп түрлі-түрлі атап жүргенмен де ғылыми сараның сарқатын арнасы біреу» [1, 8] деп беріледі. Осы пікірдің мазмұнынан қарастырып отырған мәселемізге байланысты халықтың саналы ғұмырынан бастап жинақтаған тәжірибесінің ұрпағына асыл мұра бо- лып қалған дәстүрлі тәрбиенің қағидалары екендігін ашып көрсетуімізге болады. Сонымен қатар, фольклордың әр халықтың туған ата-бабалары айтып қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған – рухани баға жетпес құндылық екендігі оның жан-жақтылығын көрсетеді. Со- ның ішінде, ұрпақ тәрбиесіндегі балаларға арналған шығармалардың халықтық тәрбие мен дәстүрлі тәрбиенің жан-жақты қалыптасуына септігін тигізетіні сөзсіз. Әдеби шығармалар- дың мазмұнын өткен дәуір мен қазіргі заманғы әдеби көзқарастар тұрғысынан салыстырып қарайтын болса, кез келген әдеби туындының жанрлық мағынасы, жанрлық ерекшелігі бо- латыны белгілі.

Ал фольклордың да әдеби туынды екендігін есепке алсақ, оның әдеби туындыдан айырмашылығын жанрлық мағынасында аша аламыз. Жанрдың ерекшелігін, жанр жайын- дағы зерттеулерге тоқталмайынша, фольклорлық жанрды сипаттай алмаймыз. Фольклор туындыларының қайсысын алып қарасақ та, ертегі, әңгіме болмасын өткен әдебиеттегі туындылардың ғылыми тұрғыдағы жинақталу, саралану түріндегі көрінісін көреміз. Ал жаңа заманғы әдеби туындыларда сол жинақталған фольклор туындыларын болашақ ұр- пақтың санасына қалайша сіңіреміз деген өзекті мәселелердің алға шыққандығын көреміз.

Оның көрінісі ғылыми зерттеулерге жасалған талдауларда фольклорлық шығармалардың жанрлық ерекшелігіне зер сала отырып, көшудің мүмкіндіктерін көрсетеді. Қазақ әдеби- еттану ғылымында «жанр» ұғымына жасалған зерттеушілердің қатарында Б.Уахатов жанр ұғымына былайша анықтама береді: «Жанр – белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын және соған лайықты мазмұны бар, әбден қалыптасқан көркемдік форма» [2, 14]. Бұл анықта- ма әлдеқайда нақтырақ, түсінікті берілген. Өйткені, жанрдың басты қағидасы оның бел- гілі бір қызмет атқаратындығында. Ал қандай да бір әдеби шығарманы алық қарасақ, ол өлең, не әңгіме болмасын оны жіктеуде берілген шығарманың атқаратын қызметіне мән беруіміз керек. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қарқынды түрде даму бета- лысын көрсеткен әдебиет ғылымындағы тың зерттеулер әр елдің, әр халықтың жинақтаған аңыз-ертегілерінің көбейе келе, уақыт өткен сайын олардың мазмұны мен сюжеті, мотивтік

(10)

сарыны арасындағы ұқсастықтардың пайда болғандығын көрсетеді. Фольклор туындыла- рының кейіпкерлері мен сюжеттерінің мотивтік сарыны өзгергенімен олардың негізгі мақ- саты мен міндеттері бір екендігі, яғни түптеп келгендегі бәрінің көздегені ұрпақ тәрбиесі, ұрпағының болашақ санасын қалыптастыру екендігін айта аламыз. Мұнда фольклордың кез келген халықтың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінен хабар беріп, халықтық өркениет пен халықтық тәрбиені насихаттайтыны көрініп тұр. Фольклордың өзіне тән атқаратын қы- зметіне байланысты оның жанрлық қызметі, халықтың жаңарған тұрмыс-тіршілігіне бай- ланысты өзгерістерге жауап беруі, әдебиеттану ғылымындағы жаңашылдықтарды айқын- дайтындығы фольклордың көпфункциялылығын көрсетеді.

Қазақ балалар фольклорының жанрлық жіктелімін ашу үшін фольклордың әдебиет сияқты сөз өнері, сөйлеу мәдениеті, сөз саптау ережесін қарастыратындығын ескереміз. Ал сөз өнері, сөйлеу мәдениеті әдемі, таза сөйлеу, ойды тұтас жеткізу, ертеден қалыптасқан санаға сүйену арқылы бойымызға сіңеді. Фольклор туындыларының жанрлық ерекшелі- гін шығарманың сюжеті, мотиві, көркемделуі, стильдік жағынан рәсімделуі, суреттермен көркемделуі халықтық менталитет пен халықтық сана түсінігіне шоғырланып, әдеби туын- ды мен фольклорлық туындының ара-жігін ажыратуға мүмкіндік береді. Олай дегеніміз, фольклорлық шығармалар әр елдің ғұмырнамалық тарихы шежірелік сипатына негізделіп, халықтық санасына сай етіп жазылса, әдеби шығармаларда аталған қағидалар сақталмай, проза, поэма, роман жанрында жазылып өз алдына бөлек туынды ретінде қарастырыла- ды. Мысалы, орыс халқы мен қазақ халқының менталитеті мен санасына сәйкес жазылған орыс халқының «Три богатыря» ертегісі мен қазақ халқындағы «Таусоғар» ертегілерін алып қарайық. «Три богатыря» ертегісінің кейіпкерлері Алеша Попович, Илья Муромец және Добрынин мен «Таусоғар» ертегісіндегі Желаяқ, Көлтауысар, Таусоғарлардың негізгі кейіпкерлер ретіндегі іс-әрекеттері, мінез-құлықтарындағы сюжеттік сарынның әр елдің сана-сезімі, қабылдауы, психологиясына сәйкестеніп жазылғанын байқауымызға болады.

Ал ұқсастықты екі елдің ертегісінде де философиялық көзқарас, яғни рухтандыру, жігер- лендірудің ағынынан байқаймыз. Сонымен бірге, тәрбиелік сипаттағы адамгершілік қа- сиеттерге тәрбиелеудегі көмек көрсету, қолдау жасауға баулу, батырлыққа баулу түріндегі көркемдік желілер баланы жағымды кейіпкерлерге ұқсауға, батыр болуға шақырады.

Осы бір айтылған екі ертегінің өзінен ата-бабалардың жүріп өткен жолы мен өмірі- нен сыр шертетін халықтық мәдениет пен сөз өнері фольклордың ерекшелігін байқауы- мызға мүмакіндік беріп, фольклордың жанрлық ерекшеліктері арқылы фольклорды әде- биеттен бөліп қарастыруымызға көмектеседі. Олай дегеніміз, фольклорлық туындыларды белгілі бір терминдердің көмегімен әдебиеттен бөліп алу, ғылыми тұрғыдағы атаулармен түсіндіру жұмыстары қажет. Осы пікіріміздің нақтылығын көрсету үшін фольклор жанры- ның теориясы жайындағы зерттеулерге тоқталсақ, «демек, фольклор жанрын зерттегенде, екі нәрсе қатар ескерілуі қажет. Ол: а) фольклордың сөз өнері ретіндегі әдебиетпен туы- стығы, жақындығы; ә) фольклорды әдебиетттен алшақтататын ерекшеліктер» [2, 17]. Бұл пікірде фольклордың әдебиетпен қатар дамуы фольклорды дәстүрлі мәдениетке сүйенбей жеке қарастыру мүмкін еместігі және фольклордың жанрлық ерекшелігі фольклорлық шығармалардың ерте замандағы сипатын сақтай отырып, ұрпақ тәрбиесін дұрыс жолға қо- юға болатындығын көрсетеді. Фольклордағы тарихты зерделеу, өткен күнге шолу жасау әдеби шығармаларды ғұмырнамалық, шежірелік тұрғыдан реттеу, топтастыру фольклор жанрының барлық түрін түсінуге мүмкіндік береді. Фольклортанушы С. Қасқабасов зерт- теулерінде қазақ фольклорының жанрлық ерекшеліктері қазақ фольклорындағы тұтаста- ну құбылысымен түсіндіріледі. Ғалым фольклордағы жанрлық ерекшеліктерді түсіндіруде оның басты әдісінің бірі көркем жинақталуға тоқталады. Көркем жинақталу арқылы тарихи оқиғалар, кейіпкерлердің өмір жолы мен іс-әрекеттері тұтас жинақталып, жүйеленеді деп түсіндіреді. Зерттеуші фольклордың жанрлық ерекшеліктерін анықтаудың тағы бір жолы

(11)

жанрдың тұрақтылығы мен өзгермелілігін анықтаудың қажеттілігін түсіндіреді. Мысалы:

«Тұрақты құбылыстарға құрылымдағы элементтердің өрілу тәсілдері, олардың ұйымдасуы жатады, ал өзгермелі құбылыстар болып шығарманың бейнелеу предметі, мазмұндық негізі саналады» [2, 20-21], - деген пікірі берілген. Осы қорытынды турасында шығармалардың қайсысы болмасын, мысалы ертегілерді алып қарасақ, ертегі жанрына тән ертегінің өзіне тән табиғатына қарай өзгеретінін байқаймыз, ал екінші жағынан ертегінің сюжетіне, ком- позициясына, көркемделу бейнесіне қарасақ ертегі жанрындағы тұрақтылық айқындала- ды. Осы ретте қазақ отбасындағы тәрбие мен халықтық тәрбиенің көріністерін қарасақ, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі өзге халықтарға ұқсамайтын өзгешеліктерін айтпай кетпеуге болмайды. Өйткені зерттеу тақырыбымыздың өзі фольклордың жанрлық ерек- шеліктерін ашуда қазақ халқындағы әдебиет ғылымына деген арнайы, ерекше көзқарастың бар екендігіне тоқталуды қажет етіп тұр. Халықтық тәрбие арқылы ұрпағымызды тәрбие- леуде балалар фольклорының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, ұрпағымызға ертеден келе жатқан халықтық, қазақи тәрбиені сіңіруге негіз болатын фольклордың жанрлық ерек- шеліктерінің қайсысы болмасын үлкен мәнге ие. Фольклордың жанрлық ерекшеліктерін сауатты түрде ажыратып, әдеби шығармалардан бөліп қарастыру арқылы халықтың бай мұрасын жинақтап теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан орынды қолдану оқыту мен тәрбиенің құралына айналатындығы анық көрініс беріп отыр. Өмір сүрген заманымы- здың қай кезеңі болмасын, фольклор туындыларын қолдануда әлеуметтік ортаға, ұрпағы- мызды әлеуметтендіруге негізделіп ұлы ұстаз – тарихқа сүйенгену қажет. Тарихты білмей, өткенді қайта жүріп өтпей, тәжірибелерді қорытпай, өзіміздің зерттеу болжамымызға жете алмаймыз. Сондықтан тарихты қайта қарап, оны бүгінгі күннің көрінісіне сәйкестендіру, ғылыми-әдіснамалық жетістіктерін зерделеу үшін алдымызға көп міндеттер қойылады. Ал тарихқа, әлеуметтену үрдісіне сүйеніп кез келген ұғымды ашу әлеуметтік-тұрмыстық қы- зметтің жүзеге асуын көрсетеді. Зерттеулер барысында осы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет арқылы фольклор жанрын анықтаудың тағы бір шарты бар екендігін анықтаған мына пікір- ге мән берсек, фольклордың тағы бір жанрлық ерекшелігі оның халық аузынан ауызша таралатындығы былайша түсіндірілген: «Ол – фольклордың әлеуметтік-тұрмыстық функ- циясы және осыдан туындайтын фольклордың өзіне ғана тән белгілері: ауызша туып, ауы- зша таралуы, варианттарының болуы; халық тұрмысымен тығыз байланысы; орындалуы;

әнмен сүйемелденуі» [2; 17]. Олай делінуі, фольклор жанрының әлеуметтік-тұрмыстық си- патын көрсетіп отыр.

Қазақ балалар фольклорын зерттеу объектісі фольклордың даму тарихының баста- уы, оның өлшемі ретінде берілетін, тыңдаушыға жеткізілетін тілі ғылыми тұрғыдағы зерт- теуді қажет етеді. Оның біріншісі, фольклорды өз алдына қарастырмас бұрын жанр деген не, оның табиғаты, ерекшелігі қандай? – міне осы мәселені шешіп алуымыз керек. Жанр- дың өзіне тән ерекшелік – өзгермелілігі, тұрақтылығы анықталды. Фольклор айтушының еркіне қарай әсіреленіп, күшейтіліп, өзгеріп отырады. Фольклорды жазушы халық өзінің ұлты мен дінін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптей отырып, ұлтына, рухына қыз- мет етеді. Өйткені, фольклорлық шығармалар белгілі бір уақыттың жай-күйін, сол дәуірдің тұрмысы мен тіршілігін баяндайды. Фольклорлық туындыларға қойылатын талап немесе шарттың бірі – берілген оқиғаның, фактінің мазмұнын, сол кезеңнің әлеуметтік, мәдени мазмұнын ашуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін жетіп отырған сөз өнерінің ең көне үлгілерімен ұрпағымызды таныстырып, олардың сана-сезімдері мен қабылдау мүмкіндіктеріне шақтап фольклор туындыларын орынды қолдануда фольклордың жанрлық ерекшеліктері қолдау жасайды.

Қазақ фольклорының тарихын зерттеу барысында ХІХ ғасырдың «Зар заман» әде- биетінен басталып, қазақ әдебиетінің тарихын құратын Асан Қайғы, Бұқар жырау, Махам- бет, Шортанбай, Ыбырай, Абай, т.б. ұлт мүддесін қорғаған жыршылардың шығармалары

(12)

ұрпақ тәрбиесімен қатар қалыптасып келе жатқан кең ауқымды шығармалар ұрпағымыз- дың бойында патриоттық, өз еліне деген мақтанышын білдіру сезімдерін қалыптастырып, баланың ойлауы мен сөйлеу қабілетінің қатар дамып, жетілуіне септігін тигізері сөзсіз.

Қазақ балалар фольклоры – тілі орамды, тәрбиелік мәні жоғары, мазмұны бай, халық дана- лығымен толықтырылған шығармалар баланың талғамын кеңейтіп, мінез-құлқын қалып- тастыратын асыл мұра. Сонымен бірге, осы ойымыздың жалғасын қазақ балалар фолькло- рының дамуы мен қалыптасуы жайындағы көрегендікпен айтылған халық аузынан тараған фольклор туындылары қазақтың қазақылығы мен ұлттық сипатын сақтап қалар, өз тілімен қатар, ұлттық тәрбиесін жалғастыратынын білеміз. Өйткені ұлттық тәрбие берудің құралы ретінде қазақ баласының тұла бойына адамшершілік, тәрбиелік маңызы өте жоғары тұра- тын рухани құндылықтарды құятын фольклорлық шығармалар өткен мен бүгіннің арасын- дағы рухани байланыстың ажырамауына түрткі болады.

Қазақ халқы дамудың қай кезеңінде болмасын балалар шығармаларын дамыту, ар- насын кеңейту мен толықтыруда зерттеуден, ізденуден тынған емес. Оған дәлел, қазақ бала- лар фольклорын өз алдына баланың жас ерекшелік кезеңдеріне қарай бірнеше арнаға бөліп қарастырытынын айтуға болады. Қазақ балалар поэзиясында кең арнада өркендеп келе жатқан жанр оқиғалы өлеңдер екендігі анық. Олай болуы – заңдылық та. Өйткені дүние- танымы қалыптасу үстіндегі бала жаны құрғақ ақыл-кеңестен гөрі, қызықты оқиғаларға, тосынды әрекеттерге еліккіш келеді. Осы аталған бала психологиясындағы ерекшеліктер мен жас ерекшелігіне қарай баланың қабылдауы, ой-түйсігі, санасы мен қиялына қарай фольклор туындыларын жіктеудің де маңызы жоғары деп білеміз. Өйткені баланың жас ерекшелігіне сәйкес фольклор туындыларының жанрына қарай сұрыптау, ұғындыру қазақ балалар фольклорының негізгі ерекшелігін ашатынын толық айта аламыз. Осылайша сара- лану мен білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарды орындауда фольклордың жанр- лық жіктелімінің рөлін көре аламыз. Өйткені кез келген туынды болмасын, ертегі, әңгіме, аңыздар баланың физиологиялық, психологиялық дамуына сәйкес болуы шарт. Шығарма- ны оқу барысында бала оның мазмұны мен мәнін толық түсінбесе, қабылдамаса баланың бойындағы әдебиетке деген қызығушылық пен ынта-жігерді жоғарылататынымыз баршаға белгілі. Осы қарапайым тұжырымның өзі фольклорлық шығармаларды қазіргі заман тала- бына сай іріктеп, сұрыптап, баланың жас ерекшелік деңгейіне қарай сәйкестендіру жұмысы жаңа заман әдебиетінің алдына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Фольклордың жанрлық жіктелімін ашуда осы айтылған қағидаларды есепке алудың өзі фольклордағы мотивтің болуын көздейді, яғни аңыз-әңгімелерді түрлерге бөлу, мотивтерге бөледі.

Қазақ жазба балалар поэзиясында жиі қолданыстағы жанрлардың бір тобы халық ауыз әдебиетінен тамыр тартады. Олар – жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мазақтама, өтірік өлеңдер. Бұл жанрлардың қай-қайсы да халықтық фольклорда қалыптасқан дәстүрлі си- паттарды уақыт дамуына байланысты, әлеумет өміріндегі өзгерістермен орайласа, бала танымы мен талғамындағы жаңалықтарды ескере жаңғыртып келеді. Бұл жағдай ұлттық балалар поэзиясы өкілдерінің алдағы уақыттарда назар аударуын қажет ететін тұстарды да аңғартады. Яғни бүгінгі күнге дейінгі балалар поэзиясында жасөспірімдер мен ересек жастағыларға арналған шығармалардың жеткіліксіздігін көрсетеді.

Біріншісі, дүниеге келген сәбиді тыныштантыру, бағып-қағуда күнделікті тұрмыста қолданылатын әлпештеу, еркелету, мәпелеу, уату, алдарқату жырлары. Бұл жырды орын- даушылар ересектер, яғни әкесі мен анасы, атасы мен әжесі өзінің ұрпағына қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу, дүниеге келген сәбиге деген құрметті, сүйіспеншілікті көрсету мақсатында бесік жыры, әлпештеу жырларын орындайды. Екіншісі, балалардың ересектер- мен қатар орындайтын жырлары наурыз тойы жыры, жарапазан айту, сабантой, арнау жы- рлар, өтірік өлеңдер, мазақтамалармен ерекшеленетін жеткіншектер жыры. Жеткіншектер жырында да балалар фольклоры өзінің тәрбиелік мазмұнымен сипатталып, осы жастағы

(13)

балалардың бір-бірімен ұжымдасу, тілдік қарым-қатынасқа түсуге, ой бөлісу, т.б. сияқты қазақтың әдет-ғұрыптарын есте сақтауға тәрбиелейді. Үшіншісі, балаларды ойын арқылы ойнай отырып тәрбиелеу ұстанымы бойынша қаламақ, санамақ, балалар айтысы, жұм- бақтар, жаңылтпаштарды жаттау, оны ойын кезінде айтуға машықтану баланың ой-өрісін кеңейтіп, әдеби көркем тілді меңгеруге жетелейді. Ойындық фольклордың ерекшелігі бар- лық шығармада ойындық белгілер, драматизмнің басым болуымен сипатталады. Балалар бірін-бірі ойынға шақыру мақсатында «Ақ серек, көк серек» т.б. ойын өлеңдерін қолданып, бір-бірімен тәжікелесе отырып ойынды жалғастыруға дағдыланады. Өзара жұмбақ айты- старын жүргізу баланың ой-өрісі мен қиялын, ойлауын дамытып, жұмбақтар мен жаңылт- паштардағы сөздердің мағынасына қарай балалар халық ауыз әдебиетінің үлгілерін игереді.

Соңғысы, күнделікті ересектердің аузынан еститін, олардан естіген сөздерін сөздік қорын молайту мақсатында пайдаланатын фольклорлық туындылардың орны ерекше. Мысалы, ертегілер, тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, аңыз әңгімелер батырлық, қайсарлық, шыдамдылық пен ержүректілікке баулып, ұрпақ бойында ізгілік қасиеттерді қалыптасты- рады.

Балалар поэзиясында идеяны шығарманың тұтастай көркемдік болмыс-бітімінен өрістете ұсыну ғана аз, сонымен бірге оқырман баланың өзін шығармадағы эстетикалық көркемдік әлеміне баурай отырып, ойландыра отырып, жанына әсер ете отырып ұсыну қа- жет. Сонда ғана балалар поэзиясындағы көркем идея діттеген межеден табылмақ. Қазақ балалар поэзиясында бұл тұрғыда қалыптасқан дәстүрлі әдістер мен тәсілдер баршылық.

Нәтижесінде, фольклордың жанрлық ерекшелігін анықтаудағы зерттеу нәтижесі фоль- клор жанрының өзгермелілігін, тұрақтылығын, жаңарып отыратындығын, әлеуметтік-тұр- мыстық сипаттағы қызметін көрсетті. Балаларға арналған шығармалардың баланың жас ерекшелігіне байланысты, ойлау мен сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейіне қарай баланың психологиялық дамуын қалыптастыратындығы белгілі. Ал осы жерде баланың жан-жақты тұлғалық дамуын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде ұсынылатын балаларға ар- налған фольклор туындылары, фольклордың жоғарыда талдап кеткен жанрлық ерекшелік- тері ерекше орын алатындығын анықтадық. «Қазақ фольклоры – жанр жағынан да, түр жағынан да бай мұра. Оның ғасырлар бойғы тарихы бар. Ол сонау алғашқы қауымның ыдырау кезеңінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді» [3, 36], осы пікірден-ақ фоль- клор жанрының жан-жақтылығын көре аламыз. Халық өмір сүрген кезден бастап өзінің дамуын көрсеткен фольклор туындыларының ескісі болсын, жаңарған түрі болсын жанр- лық ерекшелігі жағынан рухани тәрбие беру құралына айналған тұрақты фактор. Ескі жан- рлардың тобын құрайтын ертегі, аңыз, шежірелердің қайсысы болмасын ұрпақ тәрбиесінде тарихи-ғұмырнамалық сипатта өз туған ата-баба дәстүрімен танысып, тарихын білуге үй- ретсе, жанрдың жаңарған түрлері эпостық жырлар, айтыс, мақал-мәтелдер қазіргі заман баласының жаңарған ұрпақ кейпіне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.

Әдебиеттер тізімі

1 Ісләмжанұлы (Матыжанов К.) Рухани уыз (Қазақ балалар фольклоры). – Астана: 2008.

- 228 б.

2 Қасқабасов С. Жаназық: Әр жылғы зерттеулер. – Астана: Аударма, 2002. – 584 б.

3 Қасқабасов С. Елзерде: Әр жылғы зерттеулер. – Алматы: «Жібек жолы». 2008. -504 б.

(14)

М.Р. Балтымова

Актюбинский региональный государственный университет им. К.Жубанова, Актобе, Казахстан

Жанровые классификации казахского детского фольклора

Аннотация. В данной статье рассказывается об особенностях фольклора казахского народа в устной народной литературе и о легендарных литературных произведениях. Речь идет о том, что исследования, приведенные в исторических источниках, являются основой для решения актуальных проблем современной литературной науки. Об особенностях создания произведений литературы и казахского детского фольклора в произведениях Ибрая Алтынсарина, Абая Кунанбаева, внесших боль- шой вклад в развитие и становление казахского детского фольклора, начавшегося с развития устной народной литературы XIX века. В результате методологических научных исследований в устной на- родной литературе, теоретического анализа о фольклорных произведениях, раскрывается история воз- никновения фольклорных произведений среди населения и значение и ценности детских фольклор- ных произведений в науке устной народной литературы, роль в воспитании будущих поколений.

Ключевые слова: фольклор, жанр, фольклорные произведения, фольклорные мотивы, фоль- клорные особенности, фольклорные произведения.

М.R. Baltymova

K. Zhubanov Aktobe Regional State University, Aktobe, Kazakhstan

Genre classifications of Kazakh children’s folklore

Abstract. This article describes the features of the folklore of the Kazakh people in oral folk literature and legendary literary works. We are talking about the fact that the research given in historical sources is the basis for solving actual problems of modern literary science. About the features of creating works of literature and Kazakh children’s folklore in the works of Ibray Altynsarin, Abay Kunanbayev, who made a great contribution to the development and formation of Kazakh children’s folklore, which began with the development of oral folk literature of the nineteenth century. As a result of methodological research in oral folk literature, theoretical analysis of folklore works, reveals the history of cultural works among the population and the value and values of children’s folklore in the science of oral folk literature, the role of educating future generations.

Keywords: folklore, genre, works of folklore, the folklore, the folklore especially folklore.

References

1 Islyamzhanov (Matyzhanov) K. Ruhani uyz [Spiritual spirit]. Kazah balalar folklory [Kazakh children’s folklore]. (Astana, 2008, 228 p.). [in Kazakh]

2 Kaskabasov S. Zhanazyk: arjilgyzertteuler [research in different years] (Audarma, Astana, 2002, 584p.). [in Kazakh]

3 Kaskabasov S. Elzerde: ar jilgy zertteuler [research in different years] (Zhibekjoly [Silk Road], Almaty, 2008, 504 p.). [in Kazakh]

Автор жайлы мәлімет:

Балтымова М.Р. – қазақ әдебиеті кафедрасының докторанты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ә. Молдағұлова даңғылы, 34, Ақтөбе, Қазақстан.

Baltymova M.R. -PhD Student of the Department of “Kazakh literature”, K. Zhubanov Aktobe Regional State University, A. Moldagulova str., 34, Aktobe, Kazakhstan.

(15)

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы.

Филология сериясы» журналында мақала жариялау ережесі

1. Журналдың мақсаты. Филология ғылымдарының өзекті мәселелері, тіл және әдебиетті оқыту әдістемелерін және де ғылыми конференциялардың ең маңызды матери- алдарын, библиографиялық шолу мен сын пікірлерді көрсететін әдебиеттану және тілтану саласындағы мұқият тексеруден өткен ғылыми жұмыстарды жариялау.

2. Журналда мақаланы жариялаушы автор Ғылыми басылымдар бөліміне (ме- кенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атын- дағы Еуразия ұлттық университеті, Бас ғимарат, 402 кабинет) қолжазбаның қол қойылған 1 дана қағаз нұсқасын тапсырады және Word форматындағы нұсқасын [email protected]

электрондық поштасына жіберу қажет. Қағазға басылған мақала мәтіні мен электронды нұсқасы бірдей болулары қажет. Мақаламен бірге автордың жұмыс орнынан Ілеспе хат та тапсырылуы қажет. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

3. Авторлардың редакцияға мақалаларды жіберуі «Л.Н. Гумилев атындағы Еу- разия ұлттық университетінің Хабаршысында» басуға және шет тіліне аударып, қайта ба- суға келісімін білдіреді. Автор мақаланы редакцияға жіберу арқылы өз туралы мәліметтің дұрыстығына, мақала көшірілмегендігіне (плагиаттың жоқтығына) және басқа да заңсыз көшірмелердің жоқтығына, барлық көшірмелердің, кестелердің, сұлбалардың, иллюстра- циялардың тиісті түрде рәсімдеуіне кепілдеме береді.

4. Ұсынылатын мақала көлемі (жекедеректер мен әдебиеттер тізімін қоса):

- мақалалар үшін - 8 ден 16 бетке дейін;

- сын пікірлер (монографияға, кітапқа) және конференция туралы пікір - 6 дан 12 бетке дейін болуы керек.

5. Мақала мәтінінің пішіні:

– Microsoft Word (docx) форматындағы файлда;

– Times New Roman шрифінде;

– жақтау жолағы 2х2х2х2;

– 1 жоларалық интервалы; 14 кегл;

– мәтінді жақтау көлеміне сәйкестендіру керек;

– Әрбір азатжол қызыл сызықтан басталуы қажет (1 см шегініс);

– транслитерация Library of Congress (LC) жүйесінде жасалуы керек.

Мақаланы құру сұлбасы:

ХҒТАР http://grnti.ru/ - бірінші жолдың сол жақтауында;

Автор(лар) туралы метамәліметтердің мазмұны (Рәсімдеу үлгісі / Образец оформления статьи / Template қараңыз)

Автор(лар)дың аты-жөні – жолдың ортасында қою әріппен жазылады;

Мекеменің толық атауы, қаласы, мемлекеті (егер авторлар әртүрлі мекемелерде жұмыс істесе, онда автордың тегі мен тиісті мекеменің қасында бірдей белгіше қойылады)

Автор(лар)дың Е-mail-ы – жақша ішінде (курсивпен);

Мақала атауы – жолдың ортасында (жартылай қоюмен)

Аңдатпа – (100-200 сөз) формуласыз, мақаланың атауын мейлінше қайталамауы қажет; әдебиеттерге сілтемелер болмауы қажет; мақаланың құрылысын (кіріспе, зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері, қорытынды) сақтай отырып, мақаланың қысқаша мазмұны берілуі қажет.

Түйін сөздер («Түйін сөздер» сөз тіркесі жартылай қоюмен белгіленеді) (5-8 сөз немесе сөз тіркестері) - Түйін сөздер зерттеу тақырыбын өте дәл бейнелеу керек, сонымен қатар, ақпараттық-іздестіру жүйелерінде мақаланы жеңіл табуға мүмкіндік беретін мақала мәтінің терминдерін және де басқа маңызды ұғымдарды қамтуы қажет.

Referensi

Dokumen terkait

Maple – широко распространенная система компьютерной математики, предназначенная для автоматического решения математических задач в различных областях науки, образования и техники..

Мысалы 1937 жылғы Конституцияда Казақ КСР-і КСРО-ның басқа да теңқұқылы республикаларымен ерікті түрде бірікті делінсе, Қазақ КСР-нің 1978 жылғы конституциясында Қазақ КСР-і КСРО