ҚАЗАҚ БАСПАСӚЗІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ҥйренішбекқызы Арай Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі - Шындалиева М.Б.ф.ғ.д., профессоры
Жанр французша «genre» – ерекше қасиеттерге ие пішін мен мазмҧннан біріккен шығарма тҥрі. Жҥйе «система» грек тілінде «systëma» – бӛлшектерден қҧралған бҥтін, яғни
«біріккен» деген мағына береді, жалпы бір бҥтіндікті қҧрайтын, ӛзара байланыстағы кӛптеген элементтердің жинынтығы. Автордың мақсат қоюы, қҧжаттарды толтыруы, публицистикалық сӛз саптаушының мазмҧны мен сипаты оның пішінін, яғни жанрын анықтайды. Жанрды дҧрыс таңдау материалдармен жҧмыс, фактілерді жинау, қҧбылыстарды тҥсіндіру кезінде кӛмек береді. Журналистика жанрлары аудиторияға әсер ету мақсатында, шынайылықты беруде, кӛркемдік қҧралдарды қолдануда және сараптама жасау тереңдігі мен топтастырылуы арқылы ӛзара жіктеледі. Осыған байланысты, олар ҥшке бӛлінеді: ақпараттық, сараптамалық және кӛркем – публицистикалық.
Жанр тҥсінігі әдеби шығармашылықтың, сонымен қатар журналистиканың негізгі тҥсінігі болып саналады. Журналистикадағы жанр тҥрлерінің әдебиеттанудан біршама айырмашылығы бар. Бҧл ерекшелік журналистиканың әдебиеттанудан айрықша міндеті мен мақсатымен тҥсіндіріледі. Журналистика әдеби шығармашылықтың негізінде қҧрылып, одан туып отыратынын ҧмытпағанымыз жӛн. Бірақ журналистика беллетристика мен сыннан жоғары тҧрып, кей уақытта олармен шекараласа отырып бӛлек қҧбылыс ретінде дамығанын ескеруіміз керек.
Қазақ баспасӛзіндегі эпистолярлық публицистиканың қалыптасуы мен дамуы тікелей баспасӛздің ӛркен жаюымен байланысты. Егерде әлемдік деңгейдегі осы жанрдың қалайша баспасӛз беттерінде кӛрініс тапқаны мен әлемдік әдебиетке белсене аралас-қҧралас болғанына аздап тоқталатын болсақ онда ең алдымен эпистолярлық публицистика немесе эпистолярлық әдебиет деген терминдерге айрықша назар аударуымыз керек.
40
«Эпистолография» термині грек тілінің «epistole» деген сӛзінен алынған. Яғни жолдау, хат деген мағынаны білдіреді» [1,320]. Бір сӛзбен айтқанда хат тҥрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық публицистикаға ірі қоғам қайраткерлерінің ӛзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мҧраға айналған хаттар жатады. Эпистолярлық публицистика жанр ретінде кӛне дәуірден басталады. Цицеронның, Горацийдің, Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады. Эпистолярлық жанр тҥрінде жазылған шығармаларлдың қатарында эпистолярлық романдар да кӛптеп кездеседі. Эпистолярлық романдар кӛбінесе жауынгерлік пен махаббат сезімінің жеткізілу сипатында жиі жазылады. Себебі, эпистолярлық жанрдың ӛзге жанрларға қарағанда ҥлен ерекшелігі, ол – шығарма кейіпкерлер эмоцияларының қажетті деңгейде жеткізілуі. Дҥниежҥзі әдебиетіндегі, соның ішінде Еуропа әдебиетінде эпистолярлық жанрдың алғаш рет пайда болуы «Португалиялық хаттар» шығармасымен тығыз байланысты екен. Алғаш рет эпистолярлық жанрға қалам тартқан еуропалық жазушы Габриэля Жозефа Гийерага болды. Ол ӛзінің алғашқы хат тҥріндегі еңбегін 1669 жылы бҧқараға таныстырған болатын. Бҧл еңбегінде Мариана Алькофорадо есімді португалиялық монах әйелінің махаббат сезімін хат тҥрінде ӛзінің ғашығына жеткізілгені жайында жазылады. Эпистолярлық роман тҥріндегі екінші шығарма XVII ғасырда, яғни 1684 жылы «Дворян мен оның әпкесі арасындағы махаббат хаттары»
атты Афра Беннің еңбегі болған.
Эпистолярлық жанр XVIII ғасырда әдебиеттегі ең кӛп қолданатын, әрі ең әйгілі жанр болып шыға келді. Бҧл жанрды әсіресе сентименталистік жазушылар, яғни мінез-қҧлық туралы нақыл сӛздерді жазатын жазушылар кӛп пайдаланған екен. Уақыт ӛте келе хат тҥріндегі жазылған романдар кҥллі әлемге тарай бастады. Әр елдің белгілі жазушылары осы жанрда кӛптеп шығармалар жазуға кіріскен болатын. Мысалы орыс жазушысы Н.М.
Карамзиннің 1789 жыл мен 1792 жылдар аралығында жазып шыққан «Орыс саяхатшысының хаттары» [2,20]. атты еңбегі эпистолярлық әдебиеттің тамаша ҥлгісі.
Қазақ әдебиетінде Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннің орыс достарына, Абайдың ӛз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат мҧра болып табылады.
Эпистолярлық әдебиет 1916 жылғы ҧлт-азаттық кӛтеріліске байланысты халық поэзиясынан кең кӛрініс тапты. Мәселен, Қҧбаша ақынның Әбдірахман Иманқҧлҧлына жазған хатын қарауға болады. Бҧл жыр-хаттар ақ патшаның бҧйрығына наразылық, ыза-кек білдіріп, тікелей кӛтеріліске шығуға, Амангелді Иманов бастаған топқа қосылуға ҥндейді. Майданнан жазылған хаттарда жауыздық пен әділетсіздікке қарсылық білдірсе, майданға жазылған хаттарда ел-жҧрттың сағыныш сезімі, амандық-саулық баяндалады. Эпистолярлық әдебиет кеңестік дәуірде кең кӛрініс алып, айырықша дамыды. Қазақ қоғамының барлық марқасқа жазушылары мен ғалымдары осы жанрда кӛп қалам тарқаны олардың ӛз шығармаларынан белгілі. 1916 жылғы сәлем хат жырлары екінші дҥниежҥзі соғысы жылдарында туған эпистолярлық әдебиетке келіп ҧласты. Бҧл кезде жазылған хаттар патриотизм, отанды қанқҧйлы жаудан қорғап қалу, дҧшпанға деген ӛшпенділік сезімі басым болды. Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансҥгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мҧқанов, Ғабит Мҥсірепов, Қасым Аманжолов, Мҧхтар Әуезов жазысқан хаттар эпистолярлық әдебиеттің кӛрнекі ҥлгілері болып табылады.
Қазақ зиялыларының публицистикасын, соның ішінде эпистолярлық жанрдың кең етек жаю «Қазақ» атты қоғамдық-саяси, әдеби газеттің дҥниеге келуімен тығыз байланысты қараймыз. Газет ХХ ғасыр басындағы қазақ жҧртының саяси-әлеуметтік ӛмірінің ең тҥйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселелеріне, басқа елдермен қарым- қатынасына, оқу-ағару, тәрбие, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғҧрып, салт-санаға, тарих пен шеіреге ҥн қосты. Онда Әлихан Бӛкейхановтың, Шәкәрім Қҧдайбердиевтің, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жҧмабаевтың, Сәбит Дӛнентаевтың, Бейімбет Майлиннің ғылыми, әдеби шығармаларына арқау болатын хаттары жиі жарияланып жатты.
Қазақ жазба әдебиетіне орасан зор ҥлес қосқан Абай мҧрасында да эпистолярлық жанрдың кең кӛлемде пайдаланылғаны ерекше білінеді. Ол туралы профессор Шериаздан Елеукенов ӛз зерттеулерінде нақты айта кетеді. Абайдың эпистолярлық туындысын жалпы
41
қазақ романы тарихының кӛшбасшысы етінде қарастырады. Ғалымның зерттеуі бойынша Абай мен Пушкин оқырманынан ӛз тҧсындағы қазақ оқырманының ҧғымына неғҧрлым етбауыр жақын жағын іздеген. Абайға бәрінен де кҥші әсер еткені Татьянаның Онегинге жазған хаты еді. Қыз елден ерек әрекетке барып, сҥйген жігітіне асықтығын бірінші боп білдіреді. Дәл осы хат эпистолярлық формаға жҥгінуге тҥрткі болды деп топшаласа керек.
Қазақ бҧрынғы ӛмір салтында хатқа тҥскен жазуға айрықша мән берген.
«...Ғалымның хаты ӛлмейді» деген мәтелді еске алсақ та жеткілікті. Ауыл жігіттері сҥйіспеншілік сезімін хат арқылы жеткізуге ҧмтылған. Абайда «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сӛзі» деген бӛлімдерде хат тҥрінде беріледі. Петербург салонында Татьянамен жҥздескендегі Онегиннің әр жауабы «Онегиннің Татьянаға жазған хаты»,
«Татьяна сӛзі» боп тағы да хат формасына тҥсіріледі. Хатқа жатпайтын «Онегиннің сипаты»,
«Ленский сӛзінен» және «Онегиннің ӛлердегі сӛзі» атты ҥзінді бӛлімдер шығарманың эпистолярлық ӛрнегін біржолата анықтады.
Қазақ туындысының орыс тҥпнҧсқасынан жанрлық айырмашылығын алғаш аңсаған кісі – Мҧхтар Әуезов. «Абай Қҧнанбайҧлы» атты монографиясында: «Кӛбінше, Абайдың аударуында хаттармен баян етілген роман, эпистолярлық роман қалыптасқан тәрізді» [3,120].
-деп жазады.
Жалпы жанр деген сӛздің ӛзі айтып тҧрғанындай, жанр дегеніміз шығарманың белгілі бір тегі, тҥрі. Тҥрі ӛзгерсе туындының бҥкіл кӛркемдік болмысы ӛзгермек. Абайдың эпистолярлық романының тҥпнҧсқадан ауытқу себебі, Мҧхтар Әуезов пікірінше, Абайдың аударма жӛніндегі тҥсінігіне байланысты. Эпистолярлық әдебиеттің ішінде романнан бӛлек ӛлеңмен жазылған эпистолярлық роман Шығыс поэмаларымен жең ҧшынан жалғасқан.
Соның анық дәлелі Абай шығармаларынан анық аңғаруға болады. Абайдың жан жҥрегі туғызып ӛрнектеген лирика. Абай қазақ романның эпистолярлық тҥрінен ӛрнектеді.
Абайдың эпистолярлық туындысының қазақ романы тарихындағы орны кҥні бҥгінге дейін анықталмай келгені адамның қарнын аштыратын жайт. Жанрлық тектіліктің әдеби дамуға тіке қатыстылығына жӛнді мән берілмей, қазақ прозасының жетекші жанрының ӛсіп- ӛркендеуіне Абай туындысының тигізген шарапаты тиісті дәрежеде сӛз етілмей жҥр.
Абайдың эпистолярлық деңгейде жазылған еңбегінің кӛпшігі кезінде «Қазақ» газеті беттерінде де белсене кӛрінді.
Эпистолярлық жанр – еркін жанр. Мҧнда нақтылық та, еркіндік те кездеседі. Бір ерекшелігі хатта сезім, кӛңіл-кҥй бар.
Эпистолярлық жанр - публицистиканың негізгі жанрларының бірі. Ертеден бері хат біреудің біреуге деген жолдауы деген мағынаға ие. Алайда, хаттың авторы мен адресат атақты адам болған жағдайда және мәтін әлеуметтік меселеге байланысты болса, хаттар қоғамдық мағызы бар мәнге ие бола отырып, саяси талдаудың қҧралына айналады.
(Отандық тарихтан – Шоқан Уәлихановтың орыс достарына жолдаған хаттары, қазіргі хат жанрының ҥлгісіне К.Смайылов пен Ш.Мҧртазаның бір-біріне жазған хаттары). Осындай хаттар мерзімді баспасӛз пайда болғанға дейін де болғаны белгілі.
Эпистолярлық шығармалардың баспаға басылуы арқылы ғана публицистиканың жанрына айналатындығы белгілі. Эпистолярлық публицистика – бҧл белгілі бір автордың адресатқа ҥндеу ретінде жазылған саяси-әлеуметтік, мәдени, экономикалық, тҧрмыстық мәнге ие публицистика жанрларының бір тҥрі. Хаттардың авторлары жеке азаматтар, топтар, кәсіпорындардың ҧжымдары мен олардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері бола алады.
Әдебиеттер 1 Әдебиеттану терминдерінің сӛздігі. – Алматы: Ғылым, 1985.
2 Карамзин Н.М. Полн.собр.соч. 4 том. М.: 1968.
3 Әуезов М. Абай Қҧнанбайҧлы.Монография. – Алматы: Мектеп. 1985