• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақ спорт журналистикасының түбі әріде жатыр

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақ спорт журналистикасының түбі әріде жатыр"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

4

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ТҤБІ ӘРІДЕ ЖАТЫР Дҥйсебай дҥрәлі

Журналистика және саясаттану факультеті

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы

Біз журналистика туралы әңгіме еткенде сонау ата жазбаларымыздан – Орхон-Енисейден бастағымыз келіп тҧрады. Ӛйткені онда әдебиет те, публицистика да, тіпті, азаматтық журналистика элементтерінің де кӛріністері бар /«Азаматтық журналистика дегеніміз не?», М.Жәпек, https://articlekz.com/kk/article/16500/.

Бҥгінгі жҧрт комментарий, комментатор тарихын ежелгі Эллада елінің қаһармандары Юлий Цезарь мен Аристотельден алып жатады. Ол бекер емес, ӛз кәсбін олардан артық білетін ешкім жоқ, әрине. Цезарь – соғыс ӛнерін, Аристотель философияны тҧстастарынан артық білді.

Аристотельді бҥгінгілердің ҧлы ҧстаз санайтыны сол. Әлемдегі екінші ҧстаз – біздің даңқты бабамыз әл-Фараби. Біз алып бабамызды кӛп ғылым бойынша алға тартып отыратынымыз сондықтан шығар.

Осы ҥлгілерді ҧстана отырып, қазақ спорт журналистикасын біз кҥні кешеден емес, сонау Алпамыс, Қобыланды, Ер Тӛстік заманынан да іздегеніміз жӛн.

«...Қазақ пен қалмақ қараған, Қҧйындай шауып Шҧбар ат, Ӛте шықты арадан.

Кҥлмеген адам қалмады, Жеңілген соң баладан.

Гҥлбаршынның алдына Кӛкпар әкеп тастады,

Ӛңгеріп серке даладан...» /«Батырлар жыры», 179-б, І том, Алматы – 2000/.

«... Керней, сырнай тарттырды, Даңғара, дабыл қақтырды...

Неше дәулер, неше ерлер, Қызметіне тақ тҧрды,

Кҥніге кӛкпар шаптырды...» /«Батырлар жыры», 218-б, І том, Алматы – 2000/ немесе

«...Жаяу сҥйреп кӛкпарды,

Не қылғаның, қарағым?..» / «Батырлар жыры», 237-б, І том, Алматы – 2000/ деп бҥгінде ҧлттық спортымыздың басы болып, елін сҥйсіндіріп жҥрген кӛкпарды алға тарта береді.

«... Ҧлтан хан бір дарақтың басына жамбы қойып, кім атып тҥсірсе, Қарлығашты беретін болып, бәйге тігіп жатыр дейді...» /«Батырлар

(2)

5

жыры», 243-б, І том, Алматы – 2000/, бҥгінде «нысана кӛздеу», «садақ тарту» деген спорттық терминдер сол тҧстан бастау алатынын білсек етті.

Жалпы спорт журналистикасы ептеп дами бастаған кезде термин іздеп шапқылағанымыз рас (әлі де іздеумен жҥрміз). Сол сәтте бізге осы батырлар жыры, ертегілер, қысқасы, қазақ ауыз әдебиеті кӛмекке келгенін бҥгін біріміз білсек, біріміз білмейміз. «Копье» дегенді – «найза», «лук»

дегенді «садақ» деп алдық. Алысқа барған жоқпыз, сӛз ойлап бас қатырған жоқпыз. Әлі де 200-ден астам спорт тҥрінің терминдеріне балама іздесек фольклорды қарайық дейтініміз сол.

Алпамыс батырдың тарихта болған адам екендігін ғалымдар жоққа шығармайды. Ол – шамамен б.з.б. 110-50 жылдары ӛмір сҥрген қолбасшы, батыр /3.296/ /«Қазақстан» ҧлттық энциклопедия I том. – Алматы,1998/. Бҧдан шығатын қорытынды, бҥгінде екі ғасырға жуық тарихы бар бҧл дастан қазақ спорт журналистикасын тым алысқа әкетеді.

Аталған жырларда, ертегілерде тек кӛкпар, садақ тарту, жамбы ату ғана емес, спорттың басқа тҥрлері де әңгіме арқауына айналған. Мысалы, ат жарыстыру, аударыспақ, белдесу және басқа ҧлттық ойындар, қазіргіше айтсақ, спорт тҥрлері кӛп сипатталады. Кең сӛз болады.

«Ат жарыстыру» демекші, ат спортына бҥкіл тҥркі халқының, оның ішінде дҥйім қазақтың тікелей қатысы бар.

Бҧл жӛнінде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың таяуда ғана жарияланған «Ҧлы даланың жеті қыры» атты мақаласында мынадай мысалдар келтіріледі: «Еліміздің солтҥстік ӛңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жҥргізілген қазба жҧмыстары жылқының тҧңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға ҥйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға ҥйрету арқылы біздің бабаларымыз ӛз дәуірінде адам айтқысыз ҥстемдікке ие болды.

... Бабаларымыз шапқан аттың ҥстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың қҧрылымы да ӛзгеріп, кҥрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола тҥсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ҧшталған жебе берен сауытты тесіп ӛтетін кӛбебҧзарға айналды.

... Қазақстан аумағында ӛмір сҥрген тҥркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай тҥзу немесе иілген жҥзі – ерекше белгісі. Бҧл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс қҧралына айналды /Н.Назарбаев «Ҧлы даланың жеті қыры, «ЕҚ», №.../.

Бҧдан шығатын қорытынды, осыдан алты мыңдай жыл бҧрын атты ауыздықтап мініп, қолға ҥйреткен тҥркі халқы – бҥгінде спорттың асай- мҥсейіне айналған садақты да, қылышты да, найзаны да алғаш ойлап тапқан ел.

Осы бір-екі жыл кӛлемінде Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, кезінде белгілі спорт функционері болған Ӛтепқали Қҧралов ағамыз

«Олимпиада ойындарын алғаш рет гректер емес, тҥркілердің ата- бабалары ӛткізген» деген тҧжырым айтып жҥр.

(3)

6

«Ғасырлар бойы ат ҥстінен тҥспеген бабаларымыздың талай ҧлттық спорт тҥрлерінің дҥниеге келіп, дамуына ықпал еткенін бҥгінде қуана еске аламыз. Кезінде ел спортының қалыптасуы жолында еңбек еткен Ӛтепқали Қҧралов ағамыздың, тҥркі халқы атқа қатысты спорттың 39 тҥрін дҥниеге әкелген екен. Ӛйткені тҥркі халқы, оның ішінде қазақ елі осыдан алты мың жыл бҧрын ат жалын тартып, мініп, оның қҧлағында ойнаса бҥгінгі таңдағы аламан бәйге, тай жарыс, қҧнан жарыс ат спорты тҥрлерімен бірге, найза лақтыру, жамбы ату, қылыштасу, аударыспақ, қыз қуу, қазақ кҥресі сияқты бәсекелер біздің жерде пайда болмады дегенге кім сенеді» дейді спорт журналистикасының ардагері Рабат Жәнібеков ағамыз.

Кім білсін, бізге ол дәуірден жазба тарих жоқ. Әр жерден іліп алған логикалық ойлар, мысалдар, пайымдар, елдің, ӛзгенің айтқаны болмаса.

Бірақ бір анық, ол – ат спортының отаны Қазақстан, ежелгі тҥркі мекені.

Ендеше Ӛтепқали ағамыздың тҧжырымы шындыққа жақындау. Ат спортының ежелгі Эллада, бҥгінгі грек еліне біздің ҧлы даладан барғаны рас болуы тиіс деп болжам жасауға болады.

Бҧл енді бізден әлдеқашан озған заманға қатысты. Ол кезгі спорт журналистикасының тарихы тереңде жатыр, әлі жеке зерттелер деген ойдамыз. Біздің мақсат ол кезең емес.

Осы заманға ойыссақ.

Он тоғызыншы ғасырдың аяғында қазақ жерінде газет-журналдар пайда бола бастағанда да қазақтың ҧлттық ойындары туралы хабар-ошар, шағын мақалалардың жарияланып тҧрған.

Бҧл жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін созылды.

Рас, арасында телекомментаторларға байланысты фактілердің болғанынан хабарымыз бар. Белгілі спорт журналисі, бҥгінде марқҧм Ӛмірзақ Жолымбетов «алғашқы спорт комментаторы кім?» деген сҧраққа қатысты Айтбай Хангелдиннің есімін ҧлықтауға тырысады. Ол сол кездегі Тҥркомолдың тҧңғыш және соңғы жетекшісі Ғани Мҧратбаев 1928-1929 жылдары Ташкенде «Қазақ» футбол командасын қҧрып, Айтбай сол командада ойнағанын, ара-тҧра радиоға жҥгіріп келіп, репортаж жҥргізіп кететінін айтады. Бҧл – қазақ спорт комментаторлығының да жасын ҧзартатын фактілердің бірі.

Ал қазақ спорт журналистикасының маңдайы жарқыраған тҧс – 1959 жылы қаңтарда Қазақстанда тҧңғыш спорттық кәсіби басылым – екі тілде шығатын «Спорт» газетінің дҥниеге келуі. Алғашқы жылдары бас редакторсыз шықса да бҧл ҥлкен қҧбылыс, қазақ спорт журналистикасы кеңістігіндегі жарқ еткен жҧлдызға тең оқиға еді.

Аталған басылым әлі кҥнге дейін «қазақ спорт басылымдарының қарашаңырағы» деп бекер аталмайды. Рас, қазақ спорт әдебиетінің, қазақ спорт журналистикасының атасы болған Сейдахмет Бердіқҧлов 1970-1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы болған тҧсқа дейінгі аралықта «Спорт» газеті осы басылымның

(4)

7

кӛлеңкесінде қалып кеткендей әсер қалдырды. «Лениншіл жастың» бір ғана «Сейсенбілік спорт беті» «Спорт» газетін ел есінен шығарып жібергендей еді. Оған себеп, бірінші, «Лениншіл жастың» жастар арасындағы, тек жастар ғана емес, қазақ зиялылар арасындағы беделі, екінші, жастар газетінде талдамалық мақалалар, еркін жазылатын, әдемі тілмен әсерлі берілетін «тірі», «жанды» мақалалар кӛп еді. Әбден зерттеуден ӛткен дҥниелер жарияланатын. Сол кезде аталған газеттің спорт бӛлімінде «жҧлдызды» журналистер шоғыры жҧмыс істеді.

Қалдарбек Найманбаев, Орысбай Әбілдаев, Жарылқап Бейсенбаев, Несіп Жҥнісбаев, Қыдырбек Рысбеков секілді талантты журналистер жалындай жарқырады. Алайда «Спорт» газетінің ӛзіндік кӛзірі – жеке газет болғандығы, онда да ӛз ісіне берілген, іскер, білікті спорт журналистерінің жҧмыс істегендігі. Сматбек Тӛребеков, Сайын Тҧрсынов, Жҥсіп Хисымов, Дендербай Егізов, Ғалым Сҥлейменов, Амангелді Сейітханов, Бейсен Қҧранбеков... секілді талантты журналистер осы газетте қызмет еткен еді.

«Спорт» газетінің кемелденген, шарықтау кезеңі – нағыз кәсіби журналист, жазушы-публицист, Сейдахмет Бердіқҧловтың тӛл шәкірті Несіп Жҥнісбаевтың бас редактор болып келуімен байланысты.

Әлгінде С.Бердіқҧловты қазақ спорт әдебиеті мен журналистикасының атасы деп қалдық. Сейдахметке дейін спорт тақырыбы кӛтерілмеп пе, спортшылар туралы кітап жазылмап па дерсіз.

Кӛтерілді, жазылды. Сәбит Мҧхановтың «Балуан Шолақ» повесі, Сәкен Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» әңгімесі, Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымҧқан» хикаяты – керемет дҥниелер. Осы ҥш шығарманың арқасында Қазақстанда қаншама спортшылар тәрбиеленіп шыққанын есептемей-ақ қоялық. Бірақ сол кездері қазақтың талай жастары Балуан Шолақ, Хамит, Қажымҧқан болғысы келмеді дейсің.

Әдебиет пен журналистиканың басты мақсаты осы – тәрбиелік, ҧйымдастырушылық, ағартушылық қызметі екендігін біз білеміз. Алайда олар емес С.Бердіқҧловтың осындай атаққа ие болуы, қазақ спорт әдебиеті мен журналистикасының негізін қалау қҧрметіне ие болу қҧпиясы неде, ендеше?!

Сейдахмет Бердіқҧлов спорт тақырыбын әдебиетте де, журналистикада да кәсіби деңгейде жазып, биік дәрежеге жеткізді. Бір Бердіқҧлов бешпетінен шыққан журналистер тек спорт саласында ғана емес, жалпы журналистикада мыңдап саналады. Сондықтан болар, спорт тақырыбын жазатын ҥздік журналистерге тағайындалған жҥлде де С.Бердіқҧлов атында. «Жҧмыр жерде теңбіл доп» (А., «Жазушы» (1968),

«Аспаннан шҧға жауған кҥн» (А., «Жазушы» (1975), «Арбаған мәні бір сиқыр» (А., «Жалын», 1987) тағы басқа кітаптарының атауларының ӛзі бҥгінде газеттерде, телерадио арналарында айдарға айналып, жҧрт аузында мысал болып қалыптасып кетті.

(5)

8

Сол Сейдағаңның тӛл шәкірті Несіп Жҥнісбаев қазақ спорт журналистикасының кӛшін басқарып келеді...

Мҧндай адамдарды тарихта шежіреші дейді. Біздің сӛз саптауымызда бҧл «қазақ спортының шежіршісі». Әу баста қазақ спорт кӛсемсӛзінің қаранары әрі дара нары Сейдахмет Бердіқҧловтан қалған жҥкті жалғыз емес, бҥгінде қазақ спорт журналистикасының тарихшысы атанып жҥрген Қыдырбек інісімен бірге кӛтерісіп келеді. Бірі шежіресін шетінен жіліктеп, бірі тарихын қопарып, тҥгендеп жҥр. Оннан астам спорт тақырыбына жазылған кітаптың авторы. «Ауылдан шыққан алыптар» (1986), «Мексикадағы футбол тойы» (1988), «Футболмен тыныстаған Испания» (1989), «Олимпийский маршрут» (1999, 2002) атты еңбектері кітапсҥйер қауымның ҥй-ішін кӛріктендіріп тҧр.

Бірі олардың маңайында, бірі жеке-дара шауып жҥрген қаншама таланттарымыз бар. Сонау бір советтік кезеңде «Қайсар» атты тҧңғыш А- 4 пішімді футбол газетін шығарған Серік Пірназарды біреу біліп, біреу білмес.

Қазір қазаққа қатысты халықаралық жарыстардың бірінен қалмайтын «Егемен Қазақстанның» бәйгеторысы Бақтияр Тайжанды кім білмейді?! Қазақтың қара сӛзіне сҧлу бейнелі ӛлең қҧдіретін байлап жіберген ҧлы ақындарымыз секілді спорттың ресми тілін ойнатып жҥрген қара, дара баланың бірі осы Бақтияр. Осында отырған Нҧрғазы Сасаев, Бекен Қайратҧлының әрқайсысы бір тарих. Ат арылтып Тараздан келген Марат Ахметов те, қазақ қыздарынан спорт журналистикасын серік етіп қана қоймай, бҥгінгіше, жаңаша жазуға бет бҧрған Динара Ысқақ та, Назерке Сҧлтанбек те елге танылған тҧлғалар.

Енді аз-кем осы конференцияның ӛтуіне тікелей себеп болған

«Қазақ спорты» газеті туралы.

Бастапқыда басылым жауапты хатшының бақылауымен Бас редакторсыз жҧмыс істеп жҥрді. Араға ҥш жыл салып, яғни 1962 жылы газет тізгінін танымал спорт журналисі Саматбек Тӛребеков қолына алып, басылымның жаңа тынысы ашылғандай болды. Тӛребеков «Спортқа»

1982 жылға дейін басшылық етті. Сол жылы ол кісінің қазасынан соң тҧңғыш спорт басылымына бҧған дейін ҚазТАГ-та абыройлы қызмет етіп келген Амангелді Жақсыбеков бас редактор болып тағайындалды.

Газеттің сҧранысқа ие болғандығын оның таралымы Орталық комитеттің органы болып табылатын «Правда» газетінің таралымынан әлдеқайда жоғары болғандығынан да аңғару қиын емес. Мҧны спорт комментаторы әрі газетке тҧрақты мақала жазып тҧрған Рабат Жәнібеков растайды.

«Оқырман санын арттыру ҥшін «Правда» спортқа кӛңіл бӛліп, бет арнады» дейді Р.Жәнібеков.

Спорт саласына жаңа басшылықтың келуімен 2011 жылы

«Спортқа» қайта «жан» бітіп, тамырына қан тарады. Газет бетінде тәжірибелі журналистер мен жастарға да қатар орын берілді. «Спорт»

жаңа деңгейге кӛтерілді. Лондон, Сочи олимпиадаларынан тҧщымды

(6)

9

ақпараттар таратылып тҧрды. 2014 жылы елімізде газеттер жекешелендіріле бастағанда «Sport» та ӛз қҧрылтайшысы – спорт ведомоствосынан кетуге мәжбҥр болды. Соңғы жылдарда ел спортының дамуына ҥлес қосып жҥрген «Қазақ спорты» басылымы қаржылық қиындыққа тап болып, 2016 жылы спорттың мҥддесі ҥшін жҧмыс істейтін екі басылым біріктірілді. Cӛйтіп қазақ спорт журналистикасының қарашаңырағы болған бҧрынғы «Sport» газеті «Қазақ спорты» деп аталды.

Жаңа қҧрылтайшының арқасында мемлекеттік қаржыландырудан алыстап, тағдырдың талайында қалған «Қазақ спорты» - «Спорт»

газеттері нарық заңына бейімделіп, жаңа белестерге беттеп келеді.

Бҥгінде қҧрамында Тӛлеубек Қадырмоллаев, Мәдина Асылбек, Бек Тӛлеуов, Арсен Нҧртазин, Оңдасын Елубай, Мәулетхан Ақсанов секілді тәжірибелі және Арайлым Темірханова, Бақытбек Қадырҧлы сынды талантты жастар еңбек ететін берік ҧжымға айналды.

«Қазақ спорты» ӛз оқырмандарымен әр аптаның сейсенбісінде қауышып келеді. Айтары жоқ, әзірге газеттің таралымы он мың данаға жете қоймаса да, бҧл басылымның қарышты қадамы кӛңіл қуантады.

Әсіресе, «Жаһан жаңалықтары», «Аймағы мықты ел – айбынды ел!»,

«Ӛмір – дода», «Таразы», «Ала доп айшықтары», «Алаштың ҧлы – намыстың қҧлы», «Жарыс кӛрігі – намыс», «Заманынан озып туған»,

«Топжарған» айдарларымен беріліп жҥрген мақалалар мен топтамалардың айтар ойы, кӛтеріп жҥрген жҥгі салмақты. Тҥрлі-тҥсті суреттерімен, ерекше безендіруілімен шығатын газеттен спортсҥйер қауым ӛз іздегенін оңай табады. Сондай-ақ спорт әлемінің бҥгінгі мен бҧрынғы спорт саңлақтарының ӛмір жолдары да ешкімді жалықтырмайды. Намыс отын маздататын әр мақала оқырманға ҥлкен ой салады, тҥрлі сезімге бӛлейді. Жаһанда болып жатқан спорт жарыстарының ішінде жҥргендей сезінесің ӛзіңді. Әр мақаланың тілі жеңіл, жатық оқылады. Міне, бҥгінгі «Қазақ спортының» аяқ алысы осындай» дейді газетіміздің тҧрақты оқырманы әрі белгілі журналист Орынтай Кӛмеков.

Бҥгін газет ҧжымының алдында қиын да кҥрделі мәселелер тҧр. Ол орындалмайтын, жҥзеге аспайтын мәселелер емес. Басылым қызметкерлері бҧл жағдайдан да жол тауып, қиналмай ӛтетініне сенімді.

Ең бастысы, спорт тақырыбына қалам тербейтін жастардың кӛбейіп келе жатқаны. Бҧл – қазақ спорт журналистикасының болашағы жарқын деген сӛз.

Referensi

Dokumen terkait

Константы скорости ацилирования диангидрида ц-ОДТКК и ДАДФО и БАФБ в присутствие 15 масс.% триметиламина ТМА при температуре 1400С Диамин К∙10 3 , л∙моль -1∙с-1 Без катализатора

Сыныпта соңғы технологияларды пайда- лану оқуға жақсы әсер етуі мүмкін және ұялы телефондар оқушылардың өзара әрекетін жеңілдетуі мүмкін болса да, бұл технология сөзсіз қоғам мен біздің