• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КЕЛІСУ/КЕЛІСПЕУДІ БІЛДІРЕТІН БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КЕЛІСУ/КЕЛІСПЕУДІ БІЛДІРЕТІН БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КЕЛІСУ/КЕЛІСПЕУДІ БІЛДІРЕТІН БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР Қойшығұлова Динара

Мейрамқызы Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ [email protected]

Абстракт

Тілдік ортада қарым-қатынасты іске асыру үшін сөйленіс кезінде ойды жеткізу мақсатымен түрлі- түрлі тілдік жəне тілдік емес, тіл айналасындағы құралдарды пайдалану дағдысын қалыптастырған.

Осы тіл айналасындағы құралдарға ольфакторлық, тактильдік, козбен көретін, құлақпен естейтін тілдік жəне тілдік емес құралдар жатады. Тілдік құралдарды ғылым тілінде вербалды элементтер деп атасақ, тілдік емес құралдар бейвербалды элементтер деп аталады.

Лингвистикадағы бейвербалды амалдарға арналған алғашқы арнайы зерттеу еңбегі Ч . Дарвиннің «Адамдар мен жануарлар эмоцияларының көрінісі» деп аталады. Ол қазіргі «қимыл тіліне» байланысты зерттеулерге əсерін тигізді. Енді бір атауға тиісті еңбек А. Пиздің ағылышн тілінен аударылған «Язык теледвижении: Как читать мысли других людей по жестам» [1] кітабы.

А. Пиздің айтуы бойынша, А. Мейерабин хабардың берілуі вербалдық амалдар (тек сөздер) арқылы 7%-ға, дыбыстық амалдар арқылы (дауыстың үнін, ырғағын қосқанда) 38%-ға, ал бейвербалды амалдар арқылы 55%-ға іске асатынын белгілеген.

Мұндағы бейвербалды сөзі -бей префиксінің (сөзалды жұрнақ) түбірге жалғануының нəтижесінде жасалған. Қазақ тіліндегі төл тілдік қосымшалардың қатарына префикстер жатқызылмайды, табиғатында ондай қосымша түрі жоқ. Бұл қосымшалар кірме элементтер болып саналады. Осы секілді кірме сөзалды қосымшалардың қатарына -бей, -авто, -агро, -аван, т.б. префикстерін жатқызуға болады.

Ал -бей сөзалды жұрнағы арқылы жасалған сөздер қазақ тілінде көп емес, санаулы ғана, солардың бірі – бейвербалды сөзі, білдіретін мағынасына қарай вербалдыққа қатысы жоқ, вербалдыққа жатпайды, вербалдық емес дегенді білдіреді.

Орыс тіліндегі «невербальные элементы» деген терминнің «бейвербалды элементтер» деген терминдік атауды филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Д. Сүлейменованың басшылығымен жарыққа шыққан сөздікте ұсынылады [2]. Ал кейбір еңбектерде, бейвербалды амалдар, қатынастың бейвербалды құралдары деп түрліше аталып жүр, яғни олардың аталуында бірізділік жоқ, толық тұрақталу сатысына жете қоймаған. Тілдік қатынастың осындай элементтерін дене тілі, тəн тілі деп те атап жүргенін [3] еске сала кетеміз. Бұл атаулардың ішінде қатынастың бевербалды элементтері табиғатына сай, олар туралы толық түсінік бере алатын атау деп санаймыз.

Лингвистика саласында соңғы жылдары карым-қатынастағы бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру қолға алынып келеді. Карым-қатынас кезінде ауызша жəне жазбаша колданыстармен бірге паратілдік құралдарды пайдаланудың маңызы өте зор.

Паралингвистикалық терминдердің ішінде ең жиі қолданылатындары əрі оларды толық сипаттайтындары ым жəне ишарат сөздері болып табылады. Осы сөздерге тоқталып өтсек.

Бейвербалды амалдар мимика ым, жест ишара, поза дене қалыбы терминдеріне тікелей тəуелді. Осы терминдердің ұғымына байланысты көптеген ғалымдар түрлі пікір, түрлі балама беріп жүр. Сол себепті қазақ тіл білімінде аталған терминдердің қалай қалыптасып келе жатқанына көңіл аударып көрсек.

Соңғы жылдары бейвербалды амалдарға лингвистикалық зерттеулер жүргізіле бастағаннан бері орыс тілі арқылы енген мимика терминін аударып айту үрдісі іске асырыла бастады.

Мəселен, «Қазақша-орысша, орысша- қазақша терминологиялық сөздікте»: мимика – мимика, жест – ым, жестикулировать ымдау, поза кескін, қалып, кейіп деп берілген [4].

Ал Бектаевтың «Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздікте»: Ым – жест, мимика, знак, сигнал. Ым-ишарат жесты. Ым тілі жестов. Ымдасу мимика, дать занк, подмигнуть, жестикуляция түрінде келтірілген [5].

(2)

Жалпы мимика мен жест терминдері қазақ тіліне аударылғанда əр түрлі аударылып келгенімен, түсініктері бір арнаға келіп тіреледі екен. Десек те, психология ғылымына арнап алғаш жазылған Ж. Аймауытовтың «Психология» атты оқулығында: мимиканы беттің ымы, келбет ілімі [6] деп қазақшалап, сол кездің өзінде баламасын тауып аударған. Соған орай, ым – бет-əлпетке қатысты қимыл, ал ишарат – бет-əлпет арқылы, дене қимылдары арқылы жасалатын бейвербалды амалдар деп баса айтуымызға əбден болады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста хабар мен айтылатын ойдың көбі бейвербалды амалдармен беріледі. Бейвербалды амалдардың қажеттігіне қарамастан, қазіргі кезге дейін тіл білімі саласында осы мəселе төңірегінде қалыптасқан түрлі көзқарастар, пікірлер болды, дегенмен де оны ары қарай зерттеуді талап ететін мəселелер баршылық.

Мəселен, қарым-қатынас барысындағы сөйленістерде кездесетін жауап ретіндегі келісу vs келіспеудің бейвербалды амалдар арқылы көрінісі. Қазақ тіл білімінде бұл тақырыпқа əлі де болса аз көңіл бөлініп келеді.

Тақырыптық тірек сөздер: сөйлеу актісі, вербалды, бейвербалды, ым, ишарат, мимика, эмблематикалық ишараттар, эмоция.

Зерттеу əдістері: Мақалада бақылау, конверсациондық анализ, ауыз екі сөйленістің индуктивті анализі, талдау, кешенді талдау, саралау, сипаттау əдістері, интерпретация əдісі, контекстуалдық, компоненттік- семантикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық талдау əдіс-тəсілдері қолданылды.

Нəтижелері: Конферцациондық талдау жасау үшін тікелей эфирдегі «Сонымен, солай дейік...»

жəне «Кеш жарық» ток-шоу материалдары пайдаланылды.

Түсіндірме сөздіктердегі келісу vs келіспеу ұғымының анықтамаларына тоқталып өтетін болсақ.

Қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігінде келісу төмендегідей мағыналарды береді:

1) Өзара пікірлесіп бір тоқтамға келу;

2) Пəтуаласу, сөз байласу, уəделесу;

3) Келісімге келу, бітім жасау;

4) Жарасу, үйлесу, ұнау, сай келу [7].

Келіспеу:

1) Бір тоқтамға келмеу, əр түрлі пікірде болу;

2) Бітім жасаспау; бас тарту;

3) Ымыраға келмеу, келіспеушілік; алауыздық;

4) Ұнамау, сай келмеу, үйлесімсіздік [7].

Міне осы келісу vs келіспеудің бейвербалды амалдары арқылы сөйленісте кездесуін қарастырайық.

Жалпы, келісу vs келіспеу туа біткеннен қалыптасқан амалдар. Мəселен, бас изеу қазақ халқында болсын сонымен қатар көптеген өзге елдерде «иə» дегенді немесе келісуді білдіреді. Келіспеуді немесе жоққа шығаруды көрсететін бас шайқау да универсалды болып табылады. Ол – балалық шақтан қалыптасқан, игерілген дене қимылдарының бірі. Бала ана сүтіне тойған кезде ана омырауынан бас тарта, басын біресе ары, біресе бері шайқайды. Кішкентай бала тойған кезде ата- анасы тамақтандырып отырған қасықтан басын алып қашып ары-бері шайқайды. Осылайша ол өзінің келіспеушілігін білдіру үшін бас шайқауды тез үйреніп алады.

Сондықтан да, түрлі эмоциямен, əрқилы сезіммен жеткізу кезінде аузымыздан шығатын келісу vs келіспеумен бірге түрлі қимылдар, бет-пішін өзгерісі қызметке кіріседі. Айталық:

Ашулану;

қатты қуану;

ренжу;

өкпелеу;

құптау;

қарсыласу;

жаратпау;

ұнату;

кею; т.б. эмоцияны жасалуына бейвербалды амалдар еркін қатыса береді. Осы аталған сезім күйлері сияқты түрлі ақпарат жеткізудің, қарым-қатынастық хабарлама жеткізудің тілдік емес амалдары болып табылады, олар тілімізде көптеп кездеседі. Мəселен, қарсылықты, келіспеушілікті бірнеше

124

(3)

бейвербалды элементпен жеткізуге болады. Мысалы қарсылық: қол сермеу; бас шайқау;

қабағын түйіп, бас шайқау; орнынан үнсіз тұрып жалт бұрылып кету; қырын қарап отырып алу;

екі қолының алақанын сыртқа қарата айқастыра ұстау, жерді теуіп-теуіп жіберу, т.б.

Келіспеу:

Қырын қарап отырып алу;

үндемей, жай бас шайқау;

төмен қарап көзімен жер шұқу; кісіге тура қарамау;

қол сермеу;

екі қолының алақанын төмен қарата ұстап, қол сермеу; басын көтермей аяғымен жерді шұқу, т.б. мағыналары көптеп кездеседі.

Адам мимикасы ашуланған кезде, қуанған кезде, шаттанғанда, толқығанда т.б.

жағдайларда сөйлеу актісіне кірігіп, қабаттасып отырады. Соған орай əрбір соматикалық дене мүшелерінің қатысына қарай бас, қабақ, көз, ауыз, ерін, қас, тіс, бет, иек, т.б. арқылы жасалатын келісу vs келіспеуді білдіретін параамалдарды жіктеуге болады. Келісу vs келіспеуді білдіретін соматизмдерге жеке-жеке тоқталатын болсақ.

Бас:

Бас изеу келісу, мақұлдау кінəсін мойындау, жақтау, ұнату, жарату, т.б.

мағыналарында жұмсалатын ишарат. Яғни адамның басын жоғары-төмен көтеріп, түсіріп жасайтын ишараты: «Мынау орындаған əні маған өте ұнады / айтқан сөздері де (басын иезеу) ы-ы... қимылы да / (басын изеді) / кəдімгідей микрофон ұстасы да ы-ы... жалпы /маған өте қатты ұнады (басын изеді)». [«Кеш жарық» думанды жоба. Тікелей эфир 24.02.2012 жыл].

Бас шайқау басты екі жаққа кезек-кезек бұрып, тез-тез қимыл жасаудан тұратын ишарат түрі.

Келісім бермеу, келіспеу, қарсылық білдіру, сенімсіздік білдіру: «Адамның бір табиғаты деген нəрсесі бар / сол табиғатқа қарсы шығуға болмайды (басын оңды солды шайқайды)

<...> » [«Кеш жарық» думанды жоба. Тікелей эфир 24.02.2012 жыл].

Кейбір бейвербалды амалдар дербес, лексикалық мағынасы бар, толық мағынаны жеке-дара тұрып білдіре алатын атауыш сөздер секілді қызмет атқарады. Сондай бір мəтіннен тəуелсіз, мəтінге байлаулы болмай келіп, өмір сүре алатын бейвербалды элементтердің түрін эмблематикалық ишараттар немесе эмблемалар дейді [8]. Яғни жоғарыда тоқталып өткен келісу vs келіспеуді білдіретін бас изеу мен бас шайқау бейвербалды амалдары сөзсіз эмблематикалық ишараттарға жатады.

Қол. Қол арқылы жасалатын ишараттардың түрі өте көп. Қол көтеру, оң қолын көтеру, сол қолын көтеру, қос қолын төбесіне көтеру, қол бұлғау, қол сілтеу, оң қолын сілтеу, қолымен итеріп жіберу, қолын сермеу, қолынан тарту, қолын алу, екі қолының алақанын төмен қарата ұстап, қол сермеу, қол шапалақтау, т.б.

Мəселен, қолынан алу келісу, мақұлдау кінəсін мойындау, жақтау, сенімділік арту, т.б.:

- Ерболат / дəстүрі əн қанша ғасырлар бойы ауызша тараса да / халықпен бірге жасалып келе жатыр //

- И-е... сонымен

- Ал эстрадағы əндер флешкамен / кассетамен / интернетпен / СД дисклармен / клиптармен тараса да / бəрі уақыт еншісіндегі дүниелер /бүгін бар / ертең жоқ //

- Иə Ерғанат/ мен / берілдім / жеңілдім / сенікі дұрыс! (Ерболат күлімсіреп Ерғанаттың қолын алады) (05.21 сек) [«Кеш жарық» думанды жоба. Тікелей эфир 24.02.2012 жыл].

Қол шапалақтау, қол соғу оң алақанымен сол алақанды бір біріне əкеліп соғу. Мағынасы: келісу, сенімділік білдіру, жақтау, ұнату, қошемет білдіру, қолпаштау т.б.

« <...> жəне айтып кетейін / жаңа Гүлмира айтып кетті күйеуімнің авторитеті, беделі түссе бітті деп / (Гүлмираға қарай, сұқ саусағын жоғары қарай ноқып ) Бір нəрсе айта кетейін / Гүлмира / ақылды əйел / күйеуінің беделін ешқашан түсірткізбейді (Даусын көтеріңкі қылып)»!

- О.: «Дұрыс айтты» Көрермендер қол соқты [«Сонымен, солай дейік...» Ток – шоу.Тікелей эфир. 27.02.2012 жыл].

Сұқ саусақты жоғары көтеріп оңды солды шайқау - Келісім бермеу, келіспеу, қарсылық білдіру, т.б. мағынада жұмсалады. Мысалға назар берейік: « Жоқ / (сұқ саусағын иығынан жоғары көтеріп,

(4)

оңды солды шайқайды) тең дегенге мен қосылмаймын / еркек иегесі / ал əйел оның шегесі / еркек үйдің тірегі / ал əйел жүрегі / міне осылай айту керек (сұқ саусағымен ноқып, ноқып сөйлейді)» ! Екі қолының алақанын төмен қарата ұстап, қол сермеу – Қарсылықты, келіспеушілікті, жақтамауды, ренішті, т.б. мағынаны білдіреді. Мысалы: « <...> Мынау қазіргі гендірлік саясат деген жақсы бір өріс алды / бірақ сол гендірлік саясатты берген əдемі жемісі ма деймін / мына сізге қарасам /

Сіз / тең болғыңыз келеді / ( екі қолының алақанын төмен қарата ұстап, қол сермеукеу) бірақ еркек пен əйел тең емес негізінде / Əу баста / құрылымында алла тағала жаратқанда / тең емес бұл екі дүние ( сол қолын оңды солды шайқайды)» [«Сонымен, солай дейік...» Ток шоу. Тікелей эфир. 27.02.2012 жыл].

Көз. Адамдар көзімен түрлі-түрлі сигналдар жеткізіледі, əңгімелесушіге сигналдар арқылы белгілі бір дəрежеде хабар беріледі. Адамның көзі арқылы жіберілетін сигналдарды қызығушылықтан бастап толығымен жек көруге дейін əр түрлі реңктері (оттенктері) бар сигналдар болып табылады.

Көзбен көрсетуге, əлдекімді нұсқауға жəне көп нəрені байқауға болады. Көзбен білдіретін ишараттар үнемі сөйленіс коммуникациясымен қатарласа жүріп отырады. Мəселен, көз қадау, көзін бағжиту, жан-жағына қарау, жоғары-төмен қарау, оңға-солға қара, көзін жұмып-ашып тақтылау кинесиканың құрылым бөлшектері ретінде қарым-қатынастың бірнеше қызметін атқарады;

вербалды өзара байланысты қолдайды; əріптес үшін естіген хабарының қаншалықты маңызды екендігін жеткізеді; қарама-қарсы, келіспеушілік байланыс орнатады; белгілі сөйлеуші адамдардың қай мəдениетке жататындығын атықтайтын көрсеткіш бола алады.

Мысалы:

- Алдыңғы бағдарламада / сіз / Қайрат Нұртастың /əнін орындадыңыз / ауырмайды жүректі // Тіпті кейбір сарапшылар айтып жатты / Эльмираны көрсем / «Эльмира тоқта / қоя ғой деп айтар едім» деп // Ол кісілерге не дер едіңіз?

- Мен / қоя ғой деген сөзге / мысалға (ойланып тұрып) ммм... (көзімен жүргізушіге қадала қарап) келіспес едім.

- Келіспес едіңіз? (жымия)

- Иə / келіспес едім / өйткені / менің бір тыңдаушыларым болды / осы өлеңді бұрында / бұл өлеңнің мəн мағынасын тыңдағанда түсінбейтін едік / енді міне түсіндік деп айтушылар болды

(айту барысында көзін жоғары қаратып, бірсе журналистке, біресі жоғары қараумен

болып, көзімен жүгіріп отырды) [«Кеш жарық» думанды жоба. Тікелей эфир 24.02.2012 жыл].

Айта кететін бір жайт, жоғарыда көрсетіп өткен бас шайқау мен бас изеу фатикалық ишараттар қатарына көзді ашып-жұму ишараты жатады. Себебі, ешқандай да бір сөздің немес контекстің көмегінсіз- ақ түсінілетін көзді ашып-жұму фатикалық ишараты, келісуді, əлдене туралы айтылған ойды сөйлеммен тепе-тең дəрежеде білдіріп, ойды нақты жетізіп береді. Яки сұрауға көзді ашып-жұмып жаауап беруге болады. Мысалға көз жүгіртсек:

- Міне / Шəбə ханымның да орындауындағы əнді де тыңдадық / енді осындағы / жалпы əн мен əншінің /қойылымы үйлесті ме?

- Өте жақсы (Бас изеп, көзімен нақтылап ашып-жұмып отырды) / көңілімнен шықты / орындағаны// [«Кеш жарық» думанды жоба. Тікелей эфир 24.02.2012 жыл].

Бас изеу мен белгілі бір ырғақпен көзді ашып-жұму бір-бірінің орнына жұмсала береді. Екеуінің де білдіретін мағынасы – құптау, келісу, мақұлдау.

Адамның мəнерлі қимылдары жөнінде көптеген зерттеуер бар. Эмоция арқылы бүкіл дененің игеретін периферийлік өзгерістер кеңінен дамыған. Олар беттің, бұлшық еттер жүйесін игере отырып, мимика (беттің мəнерлі қимылы), пантомима (дененің мəнерлі қимылы) жəне вокалды мимика (дауыстың екпін мен ырғағындағы эмоцияның көрінісін бейнелейтін) мəнерлі қимылдардан тұрады. Солардың ішіндегі келісу vs келіспеуді білдіретін беттің мəнерлі қимылдарына тоқталатын болсақ.

Бет:

Бет соматизміне қатысты ишараттар: Бетін ұру (шапалақпен салып қалу) – араздықты, келіспеушілікті, т.б. мағынаны білдіреді.

Бетін басу (екі қолымен, алақанымен бетін жауып алу). Ым мен ишараттың түсіндірме сөздігінде оның бірнеше мағынасына түсінік берген [3] қарсылық, келіспеушілік, реніш.

126

(5)

Күлу адам эмоциясын жеткізетін просодикалық амалдардың ішіндегі универсалды амалдар қатарына жатады. Қ. Жұбанов бұл жайлы: «Жылау мен күлуді сол тілмен сөйлейтіндер болмай-ақ, кім болса сол түсінуге болады. Жылап отырған не күліп отырған қазақ болса, мұны көріп, естіп тұрған, өзі қазақша білмейтін орыс, неміс, қытай əлгі қазақтың жылап отырғанын не күліп отырғанын біле алады. Олай болса, жылау мен күлу – адам болған жердің бəрінде де түсінікті», - дейді [9].

Қарым-қатынас барысында күлкі, жымиыс маңызды рөл атқарып отырады. Себебі адамның көңіл- күйіне қарай маңызды əңгіме өрбуі мүмкін. Мысалға назар аударатын болсақ:

Т. Сəкен аға / Ақботаның əні / Эльмира ханымның орындауында / қалай шықты?

С. Əрине / бұл əн Ақботаның орындауында жетер жеріне жетіп / жастардың жүрегінен орын алып қойған əн / десек те е-е / Елмұраның бұған дейінгі ы-ы / əн қоржынындағы осы бағдарламадағы енген əн қоржынына қарағанда / бұл əннің орындалуы маған ерекше ұнады // (бес саусағын тізесіне алақанымен тигізіп отырды) Өйткені бұл əн ол кісінің табиғатына жақындау əн.

Т. (жымия) Сіздің айтайын дегеніңіз / Ауырмайды жүректен гөрі мынау (екі қолын кеудесінен жоғары көтере сермей, басын изеп, жымыиды) жақсы дейсіз ғой

С. Иə / (күледі, басын изейді) бұл əн / өте жарасып тұр / менің пікірімше.

М. (күледі)

С. Ы-ы ішкі пульс дейміз / ритмикаға сəл жетіңкіремей тұр / өйткені ы-ы / Елмұраның м-м / ритмикасына қарап <...>

Б. Эльмираның айтқанына қарап / бұл əн / м-м шыбынды зеңбірікпен айтқандай көрінді маған.

- Т. (күлді) [«Кеш жарық» думанды жоба. Тікелей эфир 24.02.2012 жыл].

Қорытынды: Адамдар қарым-қатынастың тілдік формаларымен қатар қолданылатын коммуникацияның бейвербалды компоненттері қоғамдық-мəдени нормаар мен шарттылықтарды белгілі жүйеде келтіруге көмектесетін, аса қажет құбылыстар қатарын құрайды. Олар əр халықтың ұлттық-мəдени ерекшеліктерін танытатын этникалық сипатта халықтың рухани салт-дəстүрді сақтауға үлес қоса отырып. Бүкіл дүниежүзінде мəдениаралық қарым-қатынастарды дамытуға адамдардың бір-бірін дұрыс түсініп, қабылдауына ықпалын тигізері даусыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, адамның əрбір қозғалысы, дене қимылдары ым арқылы беріледі деген ғұлама Цицеронның пікірімен тəмамдаймыз.

Əдебиетттер тізімі

1. Пиз А. Язык теледвижении (как читать мысли других людей по жестам). Новгород, 1992. – 262 с.

2. «Тіл білімі сөздігі» // Жалпы ред. басқ. проф. Э.Д. Сүлейменова. – Алматы: Ғылым, 1998. – 541б.

3. Момынова Б.Қ., Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 133 б.

4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Мəдениет жəне өнер: 34 томдық. – Алматы: Рауан, 2000. – 248 б.

5. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік – Алматы: Қазына, 1999. – 491 б.

6. Аймауытов Ж. – Алматы: Ғылым, 1998. – 447 б.

7. Қазақ тілінің 4 томдық түсіндірме сөздігі 380-381 б.

8. Мағжан С. Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы. филол. ғыл. канд. – Алматы, 2007.

9. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.

Referensi

Dokumen terkait

Осымен бірге аталған Бағдарлама келесі нақты принциптерді басшылыққа алды: халыққа медицина- лық қызмет көрсетудің қол жеткізілген деңгейін сақтауға және ұстап тұруға әрі денсаулық