• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘШЕКЕЙ БҦЙЫМДАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘШЕКЕЙ БҦЙЫМДАРЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘШЕКЕЙ БҦЙЫМДАРЫ

Актанова Азиза Ермековна Статус: студент Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧ лттық университеті

Ғылыми жетекші: Бикенов А.Х.

(2)

Қазақтың зергерлік ӛнері ӛзінің дәстҥрлік белгілерін сақтаумен қатар, бҧл ӛнердің дамуын кӛ рсететін ішкі кҥштермен бірге сыртқы ықпалдардың есебінен жаңа идеялармен жаңғыртылды. Кӛркемдік металл ӛңдеу тәсілдері, металл бҧйымдарды жасау технологиясы ӛзінің этникалық ерекшелігімен әр кезеңде ӛзгеріске ҧшырап отырған. Металл бҧйымдардың кеңістіктік таралуы (олардың жасау ретінде енуі, сауда заттыры, сыйлықтар ретінде қолданылуы) қолӛнерлік дәстҥрлердің белсенді ӛзара алмасуына ықпал етті. Басқа да тҥркітілдес халықтарымен ҧзақ жылдар бойы мәдени байланыс жасау, сол халықтардың мәдени жетістіктерін қабылдау қазақ халқы ҧ сталарының кӛркемдік ойларының кеңеюіне септігін тигізді. Осылай, ішкі және сыртқы шығармашылық кҥштердің ықпалымен дамыған қазақ металлопластикасы зергерлік ӛнердің кӛркемдік және ерекшелік деңгейін ғана кӛ рсетіп қоймай, сондай-ақ ішкіэтникалық сияқты қазақтардың басқа халықтармен ӛзара қатынастарының тарихын дәлелдейтін этникааралық ҥрдістерді де кӛрсетеді.

Қыз-келіншектерге әшекей жасау – зергерлердің негізгі жҧмысы. Ҧста зергерлік ьҧйымдарды асықпай, жетесіне жеткізіп, тапсырыс берушінің қалауын, ӛзінің жанын тебіренткен дҥниелерді және сол тҧста нақты адамдарға қажет ақпаратты едәуір мӛлшерде сол бір алақандай бҧйымдарға сыйғызуға жанын салған. Дәстҥрлі зергерлік бҧйымдардың таңдаулы нҧ сқаларының ерекше тартымдылығының сыры осында жатыр. [1,19] Негізінен, қазақ зергерлерінің ісі әйел әшекейлерін жасауға байланысты болса, сол әшекейлердің ең бастыларына жеке-жеке тоқталып ӛтейік.

Әйел әшекейінің ең қымбаты ҧзатылатын қыздың ҥйінен киіп шығатын бас киімі- сәукеле. Оның негізін ақ киізден биік конус тәріздендіріп жасайды. Сыртын қызыл шҧға немесе қамқамен тыстап, алтыннан, кҥ містен, әр тҥрлі асыл тастардан, тҥсті шынылардан әшекейлер тағып, қҧндызбен жиектеледі. Сәукеленің жалпы кескінінің, жасалу принциптерінің біркелкілігін қолда бар деректер дәлелдейді. Негізгі айырмашылығы-олардың әшекейленуінде.

Мойынға және кӛкірекке тағатын әшекейлер тобы екі топшаға бӛлінеді: мойынға арналған және кӛкірекше бҧйымдар. Әшекейлердің ішіндегі кӛлемділігімен де, бедер байлығымен де ерекше кӛзге тҥсетіні – мойынға тағатын әшекейлік бҧйымдар. Мойынға арналған әшекейлердің ӛзі екі топқа бӛлінеді: металл бҧйымдар және маталық негіздегі заттар. Металл бҧйымдарға тамақалқа және тамақша жатқызылады. Тамақалқа – мойынды жауып тҧратын, артқы жағы тесьмамен байланатын, тастардан қҧралған әшекей. Тамақша-аты айтып тҧрғандай, қыздардың мойын әшекейлерінің бірі, бҧйымның артқы жағы тесьмамен байланатын, тікбҧрышты тҥрдегі топсалы ілгектен қҧралды. Әшекейдің шеттеріне әр тҥрлі салпыншақтар тағылды. Бҧйым нақыштау техникасының кең таралуымен Батыс, Солтҥстік Қазақстанда қолданыста болды. [2,167]

Кейде шынжырлы салпыншағы бар біртҧтас қҧйма кҥмістен де жасалуы мҥмкін. Бҧл кӛбіне жағасыз не алды ашық киім кигенде тағылады, ол мойынға әрі сән беріп, әрі сыртқы әсерлерден (желден, шаңнан) қорғайды. Мойынға арналған маталық негізден жасалған әшекейлер тікжаға және тамақша деп бӛлінеді. Тікжаға – кҥміс әшекейлермен, тиындармен нақышталған кесте тігетін жіппен тігілген, ҧзын бархат жаға, Батыс Қазақстанда қолданылды. [3] Тамақша – кҥміс торы бар және шетіне маржан тастар тағылған, моншақтармен, тиындармен қапталған матадан жасалған әшекей. [4] Кӛкірекке тағылатын әшекейлер екі топқа бӛлінеді: мойын арқылы тағылатын және киімнің кеуде жағына тағылатын шағын бҧйымдар. Мойын арқылы тағылатын кӛкірекше әшекейлерінің ӛзі ҥш категорияға бӛлінеді: маталық негіздегі кӛкірекшелер, алқалар, тҧмарлар.

Маталық негіздеге кӛкірекшелерге ӛңірше мен тамақтыалқа жатқызылады. Ӛңірше (алқа) – ірімасштабты айылбастармен (ақық тасы қойылған, геометриялық қарапайым пішіндегі) нақышталған немесе жібек жіппен, кесте жібімен тігілген тікбҧрышты тҥріндегі кӛкірекше. Жарта айшық тҥріндегі кӛкірекшелерді маржан тастармен немесе таңбаланған, қара ала жҥргізілген металл айылбастармен, жҧқа ӛрнектермен, кҥміс жалатылған тастармен, моншақтармен, тҥймелермен, тиындармен нақыштады. Кӛкірекшелердің ҧшы шашақтармен немесе аяқ салпыншақтармен не ҧзын қазығы

(3)

бар тҥймелермен (сабақ) аяқталды. Батыс Қазақстанда кӛкірекшелер негізінен, тікбҧрышты пішінде болды. Бҧйымның артқы жағы тесьмамен байланды. Ҧлттық киімдердің ӛңіріне сән беретін бҧл әшекей ӛңіржиекке қарағанда шағын, омырауға, кеудеге тағылатын әсемдік бҧйым болып табылады. Тамақтыалқа - ӛңірше сияқты нақышталған, бірақ меруерт, перезе, маржан моншақтарымен тҧтасқан тік жағамен толықтырылған, жарты айшық пішіндегі кӛкірекше әшекейі.

Респонденттердің мәліметтері бойынша, бҧл әшекей Солтҥстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда қолданыста болған. [235,213] Алқалар да металдық және тастардан жасалған бҧйымдар деп екіге бӛлінді. Металдық алқаларға ӛңіржиек пен алқалардың ҥш тҥрі жатқызылады. [] Ӛзіндік қҧрылымымен, әшекейлеу тәсілдерімен ерекше назар аударатын бҧйым - ӛңіржиек. Ол кӛбіне геометриялық пішіні біркелкі, бір-бірімен тіркескен жалпақша бӛлшектерден жасалады. Бҧйым тікбҧрышты, бесбҧрышты, жҧмыр, тік тӛртбҧрышты, жапырақша пішіндегі тақта, алақан сияқты ірімасштабты пластиналардан қҧралып, шынжырмен немесе ілгекті-жҥзіктәрізді әдіспен байланысады. Бҧл пластиналар ақық, шыны тастар қойылған кӛлемді медальондармен нақышталып, ӛрнекті ленталармен әсемделеді. [] Тӛрт қатар етіп тіркелген шығыршықтар, ірілі- уақты табақшалар, тҥрліше салпыншақтар композициялық біртҧтас жҥйе жасап, әсем ҥйлесіп тҧрады. [11,46] Бҧйымды қолдану ареалы Батыс Қазақстан, Шығыс Арал маңы болды. Алқа - әр тҥрлі салпыншақтармен кҥрделендірілген және ӛрнекті тҧрпатымен кӛлденең созылған бір пластинадан тҧратын әшекей. Бҧйым Атырау облысында кең қолданылды. Алқаның екінші тҥрі бір немесе екі ӛрімді шынжырдан және әр тҥрлі (шар, тиындар, жалатылған тастар, жапырақша, жҧмыр, ромб пішініндегі таңбаланған фигуралар) салпыншақтардан қҧралған кӛлденең композицияда жасалды. Мойынға тағылатын бҧл бҧйым кеуде тҧсында жарты дӛңгелек бейнесін жасайды. Кейде оның ортасына ірі медальон немесе ҥлкен монета орналасады. Екі қатар шынжырдан тҧратын алқа қос алқа деп аталады. Шынжырлар қатарының арасында ромб, жартысфералық, кейде ақық тасы, жалатылған тастар қойылған медальондар орналасады. Осындай бҧйымдар Солтҥстікте басым, ал Орталық, Шығыс Қазақстан мен оңтҥстік бӛлікте аз мӛлшерде қолданылған, сондай-ақ Ӛзбекстандағы Сухадарья аймағының қазақтарында да болған екен.

Алқалардың ҥшінші тҥрі ілгекті-жҥзіктәріздес әдіспен байланысқан жеке элементтерден қҧралады. Бҧл элементтер – жҧқа немесе пластиналы медальондар (кейде тастар орнатылған), жалатылған тастар. Жасалу техникасына, материалына және медальондардың қҧрамды сипатына байланысты оларға атаулар қосылады: алтын алқа (ділдә алқа), кҥміс алқа, қола алқа, тасты алқа (кӛзді алқа, қас алқа, жақҧт алқа), селдір ширатпалы алқа. Бҧл әшекейлердің әр қҧрамды бӛлігіне монеталар, жалатылған тастар, маржан тастар, таңбаланған фигуралар, ӛрнекті айылбастар тағылады.Тастардан және моншақтардан жасалған алқалар да екі тҥрге бӛлінеді: моншақты алқа және алқа. Моншақты алқа – янтарь, меруерт, маржан, інжу, шыны моншақтар қатарынан тҧратын алқаның жалпы атауы. Моншақ тастарының пішіндері шартәріздес, эллипсоидты, кӛпжақты, цилиндр тҥрінде, сондай-ақ алтыжақты, тор тҥрінде де жасалды. Жасалған материалына байланысты алқа сӛзіне атаулар қосылып та айтылған: маржан алқа (коралловое), меруерт алқа (перламутровое), інжу алқа (жемчужное), ақық алқа (сердоликовое) және тағы басқалары. Сонымен қатар, әр тҥрлі моншақ тастарынан тҧратын ала моншақ алқа, таңба салынған моншақ тастардан тҧратын кӛзді моншақ алқа, моншақ тастардың ӛзінен тҧратын су моншақ алқа тҥрлері де бар.

Осындай моншақтар кҥміс медальондармен кезектесіп орналасты, немесе моншақтар қатарының ҥш жерінен кҥміс медальондар орнатылды, не моншақтарға әр тҥрлі пішіндегі кҥміс салпыншақтар ілінді. Алқалардың бҧл тҥрі Оңтҥстікте басым болды, сондай-ақ Солтҥстік, Орталық, Шығыста да қолданыста болды, Батыс Қазақстаннан да кездескен екен. Алқа – маржан, меруерт, монеталар мен кҥміс айылбастар тағылған моншақ тастардан қҧралған, інжу тастан жасалған ӛрілген тор тҥріндегі әшекей, ол Жамбыл аймағында кӛп қолданылды. [21,140]

Тҧмарлар екі тҥрге бӛлінеді: конструктивті негізі ҥшбҧрыш болып келетін бҧйымдар, конструктивті негізі қҧбырлы фигура болып келетін бҧйымдар. Ӛз кезегінде, қосымша қҧрамды

(4)

бӛлшектермен кҥрделендірілген бҧл тҥ рлер де тҥ ршелерге бӛлінеді: тҧмарша, ҥ ш мҥ ше тҧмарша және бойтҧмар.Осындай мойынға тағып жҥретін әшекейдің бірі – тҧмарша. Оны шебер зергерлер кҥмістен не бҧ рыштап, не жҧ мыр тҥ тікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жҥретін әсем шынжыр бау тағады. Бҧйым Оңтҥстік Қазақстан аймағында басым болды, Орталық, Шығыс Қазақстаннан да кездескен.Олар тек сән ҥшін ғана емес, пәле-жаладан сақтау ҥ шін де қажет деп есептелінген. Олардың ішкі жағы тегіс болады да, оған әдетте қағазға жазылған дҧға, теңіз немесе ӛзен ҧлулары, ҥкі қауырсыны, киесі бар деп есептелетін қой мен тҥйе жҥні салынады.Ҥш мҥше тҧмарша – екі ҥ шбҧрышты пластиналары бар шынжыр арқылы байланысқан ҥшбҧрышты тҧмар. Ҥ ш мҥ ше тҧ маршаға алтын жалатылады да, шет- шетіне кӛгілдір перезе тастары тізіледі. Ортасына қарайтылып, ою-ӛрнек салынады.

Жалтыраған алтын, аспан тҥстес кӛгілдір асыл тастар, салынған ою-ӛ рнек бҧйымға ӛзгеше кӛрік береді. Бҥйірлі ҥ шбҧ рышты пластиналар (кӛлемі бойынша кішкентай) киімнің йық жағына тағылды. Барлық бӛ лігі әр тҥ рлі салпыншақтармен кҥрделендірілді. Осындай бҧйымдар алқа атауымен Оңтҥ стік Қазақстан аймағында болған. Бҧған қоса тҧмаршаның сылдырауық салпыншақтары бар ҧзын шынжырлы бойтҧмар да біршама сәнді. Бҧл да зергердің шеберлігіне қарай, кҥмістен жасалып, тҥрлі ою-ӛ рнектер бедерленіп, алтын да жалатылады. Кӛ зтана қылып асыл тастар да салынады. Заттың ҥстіңгі беті, жиегі айнала ӛрнектелген, мәнерлі әшекейлер нәзік етіп жасалынған.[5] Бойтҧмар екі немесе ҥш бӛліктен яғни, шынжырмен не монолитпен байланысқан қҧ бырлы және ҥшбҧрышты пішіндерден тҧрады. Бҧйым батыс, оңтҥстік аймақтарда басым болды.

Қолға арналған әшекейлер тобы ҥш категорияға бӛлінеді: білезіктер, жҥзіктер мен сақиналар.Әйелдерге арналған әшекейдің ең кӛбі – білезік. Білезік кӛбінесе кҥмістен, кейде таза алтыннан да жасалды. Тек кҥмістен соғылған білезіктердің ӛзі

Қазақ зергерлерінің ӛте кӛп жасайтын әшекейлерінің бірі - әйелдерге арналатын әр тҥрлі сақина мен жҥзіктер.Саусаққа киетін әшекейлерді екі категорияға бӛлуге болады: кеңейтілген жҥзіктер мен жалпақтығы мен кӛлемдігінің әр тҥрлілігімен ерекшеленетін сақиналар. Жҥзіктер де кӛлемді және жалпақ тҥрлерге бӛлінеді екен.Сақина мен балдақты жҥзік деп те атаған. Сақинаны, кӛбінесе, кҥмістен, кейде алтыннан жасатады. Сақинаның жасалуы жҥзікке қарағанда оңай.

Ӛйткені, оның сыртына шапқымен щеку, бізбен безеу тәсілдерімен орындалатын қарапайым ою- ӛрнектерден басқа ештеңе жҥргізілмейді, кейде тіпті, ешбір ою-ӛрнексіз жасалатындары да аз емес. Жҥзік – жалпы халықтар ҥшін махаббат символы саналатын киелі дҥние. Бҥгінгі отау тіккен екі жастың бір-біріне жҥзік сыйлауы да сол ата дәстҥрден келе жатқан рәсім. Қҧс тҧмсық жҥзікті қыздар ғана тағады. Ол қанатты қҧстай еркін, басы бос дегеннің белгісі.Ҥнемі тағып жҥретін әшекейдің бірі сырға болып табылады. Сырғаның әр тҥрлі ҥлгідегі тҥрлері мен нҧсқалары ӛте кӛп. Сырғаның, әсіресе, ӛрнекті жалпақ тҥрлері кең тараған. Сырғалар да жалпақ және кӛлемді болып бӛлінеді. Ӛз кезегінде, жалпақ сырғалар да тҥршелерге жіктеледі: дӛңгелек тҧрпатты (пластиналы және жҥзікті нҧсқалары) сырғалар, жасалу сипаты бойынша селдір, сымды және пластиналы нҧсқаларына бӛлінетін кҥрделі тҧрпатты сырғалар. Бірінші тҥршеге сабақты (салпыншақты, сирақты, аяқты, тамшылы, шашақты сырға) сырға, ҥш аяқты сырға, жеті аяқты сырға, қырық буынды сырға жатады. Бҧл нҧсқадағы сырғаға кейде іш жағы ойық болып келетін ай сырғалар жатады. Салпыншақты сырға, сабақты сырға, шашақты сырғалар тҥрлі пішіндегі, кейде екі қатар болып келетін сәндік қозаларымен ерекшеленеді.Шашқа арналған әшекейлердің ҥш тҥрге жіктеледі: шаштың ҧшына тағылатын, шаштың тҥбіріне тағылатын және матамен тысталған шаш бҧйымдары. Біріншісіне шаштеңге (сӛлкебай), меруерт шолпы, шолпыширатпа шолпылар жатқызылады. Шолпы мен шаш теңге бҧрымның ҧшына ілінеді. Бҧлар кӛбіне қос тоғыз теңгенің тізбегінен қҧралады. Теңгелер бір-біріне жоғарыдан тӛмен қарай жалғанады. Шолпы - әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі кҥрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның тҥрлері ӛте кӛп.Ҥзбелі шашбау – жібектен, жҥннен жасалған баулардан, маржан моншақтардан немесе кҥміс шынжырдан тҧратын әшекей. Әдемі

(5)

ӛрнекті етіп жасалып, шҥйдеге бекітілетін желкелік пен шаш керме қыздар тағуға арналған әшекейдің арнайы тҥріне жатады.

Салтанатты жағдайларда ҧ шы бас киімнің бауына немесе самай шашқа бекітілетін шекелік, суыртпа болған. Шекеліктер мен суыртпалар бірнеше бӛліктерден тҧрады, әрі оларға тағылатын әшекейлер ҥзбелі болып келеді. Суыртпа кейде иектің астынан ӛтетін ортан белінде әсем тақпасы бар сәнді ҥзбемен де жалғасады. Әр қилы әсемделетін суыртпалардың ҥ ш бҧрышты гҥл жапырақшасы тҧрқындағы және басқа қалыпта да кездесетін тҥ рлері ӛте жинақы жасалады екен. Сонымен қатар, селдір суыртпалардың кҥрделі ҥлгідегі жасалған әсем салпыншақшалары да ӛте тартымды кӛ рінеді. Басты ерекшелігі кҥнді бейнелейтін, бір-бірімен арасы сым желі арқылы ҧласатын қос шеңберлі, жалпақ суыртпақтар да барынша сәнді.

Пластикалық және композициялық тҧ рғыдан белгілі бір жҥйеге тҥскен суыртпаққа бір-біріне тізбектеле орналасқан тербелмелі, сыңғырлауық салпыншақтар қыз-келіншектердің ӛңіне кӛрік қосқандай, ажар бергендей әсер тудырады.

Шекелік аты айтып тҧ рғандай, сәукеленің немесе ҥкілі қасабаның тӛменгі жиегінен екі жақ шеке тҧсқа тағылатын сәндік бҧйым. Ол кӛбінесе сән-салтанаттар мен той-томалақтарға тағылады. Негізі кҥмістен жасалып, маржан, ақық, кӛзтана сынды әшекейлермен безендірілген шекеліктің ҧлттық киім киген аруларымызға ерекше сән-салтанат пен кӛрік берері даусыз.

Қазақстанның Оңтҥ стігі мен Батысында басқа киетін шекелік кең тараған. Шекеліктің қҧрылысы ӛ те кҥ рделі. Ол жапырақ тҥ сті дӛңгелек, ромб тәрізді бӛлшектері бір-бірімен сыммен қосылып, тік сабаққа мәнерлей оралып жасалады.

Шашқа тағу, кигізу, қосып ӛ ру ҥ шін жасалатын әсемдігімен қатар қыз-келіншектің шашының ҧзындығы мен қоюлығын ашып кӛрсететін әсемдік бҧйымдар әйелдің сәнділігінің бірден-бір қажетті мҥлкі болып табылады. Шаш қыздың сҧлулығын білдіріп, тіпті оның тартымдылығы мен сымбаттылығының басты белгісі ретінде қабылданған. Мақпалдан жасалып, екі жақ басы алтын, кҥміспен зерленетін немесе кестеленетін шашқап әйелдердің ҧ станатын сәндік мҥлкі болып табылады. [15] Қазақтың ескі салтында бойжеткен қыздар мен жас келіншектер шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жҥн сабау, киіз басу, ши тарту, жҥк арту, ҥй тігу, мал сауу жҧмыстарына араласқан кезде киген.

Әйелдер ҥшін зергерлердің кӛп жасайтын әшекейлерінің бірі – ҥлкенді-кішілі тҥймелер.

Тҥймелер материалына байланысты екі тҥрге бӛлінеді: металдан жасалған және жасанды тастан жасалған тҥймелер. Метал тҥймелер пішіндеріне байланысты тамшы, ширатпа, бақа, кӛзді, торсылдақ, ҥзбелі, шытырма, алтын, жалпақ, миналы, кавказ (қаралы), сабақты кҥміс тҥймелер деп аталады. Ал тастан жасалған тҥймелер тасты және бҥлдірген тҥймелер деп аталған екен. Тҥймені, кӛбінесе, ішін қуыстап, әр тҥрлі, кескін беретін кҥмістен жасайды, сыртына зер салады. Мҧндай тҥймені торсылдақ тҥйме деп атайды. Шағын тҥймелерді, асыл тастарды тесіп, оған кҥміс ӛткізу арқылы кейде тҥсті жҧмыр тастарды қоршауларға орнатып та жасай береді.

Зергерлердің әйелдерге лайықты дӛңгелек кҥміс тана, кҥміс оймақ, тіс шҧқығыш, қҧлақ тазалауыш, қолтықша сияқты әшекейлерін кӛптеп кездестіруге болады. Ендігі бір зергерлік ӛнер туындылары – белбеулік әшекейлер. Жалпы, белбеулік әшекейлер екі категорияға бӛлінеді:

белбеулер және қамзолға арналған қапсырмалар. Белбеулерді де ширатпа, белбеу, кҥміс белбеу, датқалық белбеу, кемер (шытыралы), кісе белбеуле деп атауларға бӛлген. Ширатпалы белбеу ілгекті-сақиналы немесе топсалы әдістермен байланысқан тастар орнатылған, кҥрделі пішіндегі селдір тҥйіннен жасалған белбеу. Кҥміс белбеу топсалы әдіспен байланысқан тік тӛртбҧрышты, тік бҧрышты, айылбастардан тҧратын белбеу болып табылды. Датқалық белбеу – ескі ҥлгіні кӛрсететін, кҥміс, алтын сымдардан ӛрілген белбеу. Кісе жасы келген еркектерге арналып жасалады. Оны әдетте сырт киімнің сыртынан буынады. Сондықтан олардың ҧзындығы 1,5-1,8 метр, ені 4-5 сантиметр шамасында болады. Мҧндай кіселердің негізі қалың былғарыдан екі қабатталып жасалады да, сыртына кҥмістен, алтыннан және асыл тастардан сан алуан әшекейлер орнатылады. Кісеге былғарыдан жасаған ҥлкен қалта, пышақтың қыны және бірнеше

(6)

жалған қалталар, яғни шағын салпыншақтар ілінеді. Орта жастағы не жігіт ағасы болған сал-серілер кезінде қамзол сыртынан кемер белбеу буынған. Кемер белбеу белге бір ғана орайтындай қысқа болады, екі басына темірден қапсырма орнатылады, сырт жағының ӛн бойы кҥміс, асыл тас әшекейлерімен безендіріледі. Мҧндай белдіктерді әйелдер де пайдаланды. [13] Кҥміс белдік, кемер белбеу кербез жігіттер мен қыз-келіншектерге тән болса, кҥміс кісе, әдемі дәндәкулер салихалы қарттарға, сапар кезгіш батырларға тән.

Әдебиеттер

1. Ниязова Н. Н. Әсемдікке қҧштарлық академиясы. – Алматы: ЖАҚ «Рост», 2001, - 168б.

2. Жауымбаев С. У. Древние медные рудники Центрального Казахстана //

Бронзовый век Урало-Иртышского междуречья. Межвузовский сборник. Челябинск, 1984.

с. 113-121.

3. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы. Том 4. Т 1. Алматы, 1996.

4. Кузнецова Э. Ф. Древняя металлургия и металлообработка в Центральном Казахстане

// Тезисы докладов советско-французского симпозиума по археологии Центральной Азии и соседних регионов «Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизации». А.-А., 1987. с.

43-46

5. Итина М. А., Яблонский Л. Т. Мавзолеи Северного Тагискена. Поздний бронзовый век Нижней Сырдарьи. М., 2001.

Referensi

Dokumen terkait

Қорғауға негізінентөмендегі мәселелер шығарылды: - түйенің ет өнімділігі, еттің хнм ш ты қ кұрамы мен биологиялық қасяеттері; - түйе етінІң және майының саоасына эсер ететін

Қорытынды: Тізе үсті сүйегі сынықтары кезінде сүйек арқылы остеосинтезді қолданса, ашық ішке енгізуші оперативтік еммен салыстырғанда жалпы асқынулар жиілігі.. Сүйек арқылы