• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ Ә. БӨКЕЙХАНОВ ТҰЛҒАСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ Ә. БӨКЕЙХАНОВ ТҰЛҒАСЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ Ә. БӚКЕЙХАНОВ ТҰЛҒАСЫ Бажикеев Қ.

3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д.,профессор Ж. Смағұлов

Е. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қаласы

Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай, Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай.

Үйілген ӛлексені ӛрге сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай!

Бұл Ахмет Байтұрсыновтың Алаштың ардақты ұлы Әлихан Бӛкейхановқа арнаған «Досыма» атты ӛлеңінен үзінді.Саналы ғұмырын ұлтына арнаған, қара басының қамынан қара халқының келешегін артық кӛрген әрі сол жолда бәйгеге басын тіккен аяулы тұлғаға деген әділ де нақты бағасы. «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»

деген еді Ә.Бӛкейханов [1;102]. Және сол сӛзінде тұра білді. Оған Әлиханның ұлт үшін атқарған талай істері мен ерен еңбегі дәлел. Ә.Бӛкейханов – ӛзінің ұстанған ісіне ӛмірінің соңына дейін шын берілген және сол жолдан ауытқымаған, қазақ мүддесіне бүкіл ӛмірін сарп еткен ұлы қайраткер, халық кӛшбасшысы. Кешегі жаугершілік заманда хан-батырларымыз айқас алаңында талай ерлік кӛрсеткен болса, Әлихан Бӛкейхан сол ұлыларымыздың жалғасы,заңды мұрагері іспетті. Қолына қару алмаса да, жаңа заманда қазақ халқын жаңа сапаға кӛтеріп, азат ел ету үшін, ел қатарына қосу үшін мүлдем жаңа күрес құралдары керек екендігін ерте түсінген де Ә.Бӛкейханов болды. Щербина бастаған экспедицияның жұмысына қатысуынан бастап, Ресейдің Мемлекеттік Думасына депутат болып сайлануы, кадеттер партиясына мүше болуы, «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпыұлттық деңгейге кӛтерілуіне еңбек сіңіруі,

«Алаш» атты дербес партия құрып, Алашорда Үкіметінің тӛрағасы болуы- бәрі-бәрі сайып келгенде қалай халықты оятып, ағартамын, қараңғы халықты қайтіп дұрыс жолға саламын деген асыл мұратынан туындаған істер еді.

Алаш пен Әлихан расында егіз ұғым. М.Қойгелдиевтің: «Қазақ ұлтшылдығы десек Әлихан еске түседі, қазақ ұлтшылдығының негізін қалыптастырған да – Әлихан, тіпті шын мәніндегі еуропалық дәрежедегі ағартушылықты алып келген Әлихан бастаған топ еді» деген [2] пікірінің маңызы зор. Демек, Бӛкейханов дегенде сұңғыла саясаткер, кӛсемсӛздің хас шебері, мықты экономист, қазақ ұлтының атасы деген ұғымдардың еске түсері шындық.

Қандай да бір тұлға жӛнінде ой қозғамастан бұрын сол тұлға тӛңірегінде айтылған ойға, дерек кӛздеріне, жазылған шығарма, айтылған естеліктерге назар аударарымыз даусыз. Қазақ әдебиетінде Бӛкейханов тұлғасының сомдалуы дегенде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Әлиханың Семейге келуі»

атты мақаласы ерекше еске түседі. Бұл мақала алғаш Семейден шығатын

(2)

«Сарыарқа» газетінде 1917 жылы басылып шыққан болатын. Сұлтанмахмұт мақаласы Бӛкейханов тұлғасын тануда таптырмас құрал болып табылады.

Халқының Әлихандай асыл ерін қарсы алғанын автор «сегіздегі бала, сексендегі шал да қалмай дегендей, тойға бара жатқандай бәрінің де мерейлері үстем, еңселері кӛтеріңкі, жүздері жарық, кӛздерінен, қозғалыстарынан қуанғандықтары кӛрініп тұрды» деп тебірене суреттейді.

[3;151] Осыдан-ақ Әлиханның халқына қаншалықты қадірлі, құрметті болғанын аңдаймыз. Одан әрі « бұл қазақтар елге еңбегін сіңірген ерін тосып жиылғандар. Ол ері кім еді?» дей келе, «Ол ері, елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген, кӛрдей сасық ауа, темірлі үйде, алаш үшін зарығып, бейнет еткен, болса да қалың тұман, қараңғы түн, туатын

«бақ жұлдызына» кӛзі жеткен, түймеге жарқылдаған алданбаған, қайткенде алаш кӛркейер деген ойдан, басқа ойға ӛмірінде малданбаған. Әлихан Нұрмұхаметұлы Бӛкейханов еді» деп жалғастырады [3;151].

Ә.Бӛкейхановтың кесек тұлғасы, бар болмыс-бітімі, еліне мен жеріне деген сүйіспеншілігі және сол жолда еткен ерен еңбегі-бәрі осы жолдардан айқын танылып-ақ тұр.

Әлихан Бӛкейханов тек саяси лидер, ұлт кӛшбасшысы ғана болған жоқ.

Ол соңынан ерген халқының, нақтырақ айтсақ іні-бауырларының, қазақтың бар оқыған-тоқыған кӛзі-ашық, кӛкірегі ояуының үлгі тұтар ұстазы, алға жетелеуші ағасы, бағыт-бағдар беруші ақылшысы бола білді. Соңынан ерген қазақ зиялыларының Әлиханға деген ыстық ықыласы осыдан болса керек.

Мақалада айтылатын Әлиханды қарсы алушылардың ішіндегі Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараңғыда қан жылап қаңғырған күнде басыңды Алаш жолына құрбан қылған ағамыз, асқар тауымыз... Ӛмірің, жүрген жолың біз- інілеріңе жағып қойған шамшырақ! Жасасын сүйреген Алашың! Жаса сабазым!» [3;153] дегені сӛзімізді нақтылый түсетіндей.

С.Торайғыров мақаласының тағы бір құндылығы Ә. Бӛкейхановтың кісілік келбетін, адами болмысын ашып бере білуінде. «Автомобиль түсіп сәлем кӛрсеткен соң Әлихан доклад оқитын үйдің алыстығына қарамай халықпен бірге жаяу жүрді. Мұнымен Әлиханның қайда болса да халықпен бірге екендігі, бұрын мың қайтара болса, енді бірнеше мың қайтара болып ойлантады.» дейді [3;154] Сондай-ақ халық ықыласын қабыл алып айтқан Әлиханның: « Халық! Бұлай құрмет кӛрсетулеріңе лайық еңбегім сіңді деп мақтана алмаймын. Бұрын мұндай құрметпен қарсы алынып кӛргенім жоқ, сондықтан құрметтеріңе лайық жауап беруге тосырқап тұрмын» [3;154]

дегенін айта кеткен де орынды. Талай үлкен мінбелерде, жоғарғы орталарда қазақтың мұңын жоқтауда һәм басқасында болсын тайсалмайтын ердің, ӛр кеуделі кесек тұлғалы, тӛре Әлиханның халқының алдында қашанда қарапайым, қаншалықты кішіпейіл әрі екендігін осы бір сӛздері анық байқатады. Бір елдің білдей басшысы бола тұра осындай қарапайымдылығы – оның атқарып-істеп жатқан ісінің бәрі ӛзінің не болмаса соңынан ергендердің емес, қара халықтың мүддесі үшін екендігін, басын бәйгеге тіккен жол халқының жолы екендігін түсінеміз. Бӛкейханов – ел ертеңін

(3)

аңдауда, халық тағдырына үкім айтуда кӛреген басшы, білгір саясатшы.

Халыққа қандай жолмен жүру керектігін дұрыс түсіне білген тұлға. «Қазақ жері біргелік автономия қабылдап Сібірге қосылғаны пайдалы. Бӛлек автономия боламыз десек, надандықтан басқа түгіміз жоқ. Ал бізден қараңғылығы 10 есе кем Түркістанмен бірге автономия алу, қойны- қонышыңа тас толтырып, Ертіске сүңгумен бір есеп» [3;155] деген пікірі бүгіндері ӛз бағасын алуда. Мақала соңын Сұлтанмахмұт :

«Алаш туының астында, Куә болсын арымыз.

Кӛркейтуге алашты,

Құрбандық біздің жанымыз.

Аялмасын барымыз,

Жасасын, алаш, жасасын!» [3;156] деп кӛздеріне жас алып тарасқан кӛпшілік сӛзімен аяқтайды. Демек, Ә.Бӛкейхан «кӛтереліген туым бар, кӛтеретін елім бар» дегендей, халқын топ бастаған серкедей соңына ерте білген, бір тудың астына жинай білген ерен ер һәм кӛшбасшы.

Қазақ әдебиетіндегі Әлихан тұлғасы кӛрінетін тағы бір шығарма С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы. Тарих алдында және бүгінгі күні шығарма лайықты ӛз бағасын алуда. «Тар жол, тайғақ кешу» - ХХ ғасыр басындағы тарихымыздың кӛркем шежіресі. Еңбектің құндылығы сол, Сәкеннің ӛзі жазған оқиғалардың басы-қасында болуы, және сол оқиғаларды нақты дәлел, деректермен, куәгерлер сӛздерімен бере біліп, оны оқырманға кӛркем тілмен жеткізе білуінде. Ал шығармадағы Әлихан бейнесіне келер болсақ, расы сол, Әлихан жағымсыз бейнеде, яғни басқа қырынан кӛрінеді. Бұл тұрғыда біз Сәкенді қаралаудан аулақпыз.

Әлихан мен Сәкен жеке бас араздығы, пендешілік қарым-қатынас негізінде бір-біріне қарсы болған емес. Оны ғалым К.Садыққызы да растайды. [4;129] Екеуін ӛмірдің екі жағына лақтырған олардың саяси ұстанымы, сол қиын шақта болып жатқан оқиғаларға деген алуан кӛзқарасы болса керек. Ойлағандары-бір елдің жағдайы, кӛксегендері-бір елдің мүддесі болса да, қос алыптың сол мұратқа жетуде екі бӛлек жолды таңдағанын білеміз. Сәкен құрылғанынан бастап басы-қасында болған большевиктік Кеңес үкіметіне адал болса, Әлихан «Алаш» идеясын ӛмірінің соңына дейін ту қылып ӛтті. Екеуінің арасындағы саяси екі ұдай пікір Ақпан тӛңкерісінен кейін басталған еді. Әлиханның жаңа үкімет құрлысы турасында «Россияның үкіметі Англия үкіметіндей патшасы бар парламентті болу керек» деген ұсынысына Сәкен бастаған топ « федеративтік республика дұрыс» деп қарсы уәж айтқан болатын. Ақмоланың уездік қазақ комитетін басқарған Сәкеннің елде жүрген әлсіздерге зорлық кӛрсеткен тӛре, шенеуіктердің іс-әркетіне ӛшігуі осы тұстан бастала керек «Совет үшін күресте» тарауында

«Бӛкейханұлы бастаған съездің қарары бойынша күллі Қазақстанда «Алаш»

партиясы құрылды. Біздің «Тіршілік» газетінен басқа газеттерде «Алаштың»

жобасы жарияланды. Бірақ «Алаш» ӛзінің бұл құрғақ жобасын іс жүзінде қолданған жоқ, Колчак ағасының тәртіптерін қолданды.» - деп ашығын

(4)

айтады.[5;77] Одан әрі « Барлық «Алаш» «ағасы» Әлихан Бӛкейханұлын, ұлтшыл оқығандар «кӛкке кӛтерді». Дон-Кихотша Бӛкейхан Сібір съезіне келді» [5;78] деп суреттейді. Иә, Сәкен Әлихан бастаған Алаш зиялыларының ел басқаруда, яки басқа істе де қате-кемшілігін кӛрсетуде әділін айта білген, және ешкімнен жасқанып, тайсақтамаған да. Солай десек те, шығарманың ӛн бойында «Әлихан бастаған кӛкжалдар, «Алаштың қулары» тәрізді сӛздер кӛп кездеседі. Яғни Сәкен Алаштықтарды сынауда, уытты, ащы сӛздері мен қызыл тілінінің қарымын аямағанында байқаймыз.

Бұл турасында Т.Кәкішев пен К.Садыққызының «Тар жол, тайғақ кешудің тағдыры» атты кітабында жан-жақты айтылады [4]. Ӛзі атаман Колчак, атаман Анненковтың азап вагонында талай қиямет-қайымды басынан ӛткізген Сәкеннің сол Ақтармен ниеттес болған «Алашорда» , оның басшысы Бӛкейхан жайлы жылы сӛз айтпауының себебі де түсінікті. Күләш Ахметова бұл жайында «обьективтік жағдайларға субьективтік түсіндірмелер қосылмай тұрмайды. Сәкеннің Бӛкейхановты «Алашорда» үкіметінің жиынтығы деп түсінуі, «Алашорда» үшін, әсіресе Ә.Бӛкейханов жауап беруге тиісті деп ұғуы қаламды қатты ұстауға, әжуа-мысқылды қолдануына тура келген сәті де жоқ емес. Шамадан асып кеткен тұсында Сәкенді жақтай қою қиын, дегенмен жазушы ретінде әсірелеп жеткізуге правосы барлығын тағы жоққа шығара алмаймыз» орынды тұжырым жасайды [4;147]. Мұнан Сәкеннің Әлиханға кӛп ретте тисе сӛйлеуі таптық кӛзқарастың салқындығы деп түсінеміз. Дегенмен біз жоғарыда сӛз еткен «Әлиханның Семейге келуі» атты мақаланың Сәкеннің осы шығармасына енуінің ӛзі кӛп нәрсені аңғартады.

Күләш Садыққызы бұл турасында «Тар жол, тайғақ кешудің 1927 жылғы басылымында Әлиханға деген құрмет пен кӛңіл күй 1936 жылғы түзету кезінде алынып қалыпты. Әлихан-Сәкен қарым-қатынасын ашатын мәнді тарихи дерек соңғы басылымдарда кездеспей Сәкеннің сӛзі қатқыл болып кӛрінеді.» дегені шындық. [4;149] Әлиханын қарсы алған халықтың жай- күйін ӛз шығармасында толық беруі Сәкеннің Әлиханға, оның жеке басына деген сый-құрметін, халық алдындағы Ә.Бӛкейхановтың абырой- беделін мойындап басын игендігін аңғартса керек. Демек, Сәкеннің субьективтік кӛзқарасына құрметпен қарай отырып Бӛкейханов тұлғасын танытуда, оны мақтауынан, даттауы кӛп болғанымен, «Тар жол, тайғақ кешу» Әлихан тұлғасын келешек ұрпаққа жеткізуде құнды шығарма болғандығы сӛзсіз.

Идеология қысымында болған Сәкеннің Әлихан және қазақ зиялыларының кӛзі тірісінде олар жайлы тайсалмай ой айтуын ерлік десек, шығармадағы Әлихан тұлғасына қатысты бүгінгі зерттеулер ӛз шешімін айта жатары анық.

Бӛкейханов тұлғасының қазақ әдебиетіндегі орны жӛнінде бүгінгі күндері айтылып жүрген бір жайт Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Роман-эпопеяның тӛртінші кітабінда Әзімқан Жабайханов есімінің кездесетіні мәлім. Бүгіндері аталған кейіпкердің прототипі Ә.Бӛкейханов екендігі деген сӛз де айтылып жүр. Әрине бұл нақты дәлелдеуді қажет ететін болжам ғана. Бірақ негізсіз де емес. Ғылым тек дәлдікті, нақтылықты қажет ететін ескерсек те, «жел тұрмаса шӛптің басы қимылдамайтынын да»

(5)

ұмытпағанымыз жӛн. Мұндай күрделі зерттеуді қажет ететін мәселені шағын мақалада қамту мүмкін емес. Дегенмен кейбір жайттарға тоқтала кетсек. Біз білетін Әлихан Бӛкейханов Санк-Петербургтегі Орман Шаруашылығы институтында экономика факультетінде оқыған. Ӛзі – тӛренің тұқымы.

Үлкен атасы – Бӛкей атақты кӛкжал Барақ сұлтанның ұлы. Қазақ АССР Халық Комиссарлар кеңесінің тӛрағасы В.А. Радус-Зенковичтың «Егер әйгілі Бӛкейхановқа келетін болсақ, ол – қазақ даласының асқан білгірі, қазақ тұрмысының нағыз әмбебап энциклопедиясы, ӛлке тарихының оқымыстысы.

Ешқандай кітап оны ауыстыра алмайды» [5] дейтін пікірі бар. Ал «Абай жолын да» халық санағын жүргізуге келген Әзімхан Жабайханов жайлы:

«келген кісі айтуларынша Петербургта оқу бітірген. Бұл жүрген қазақ баласының бәрінен білімді...Ӛзі де тек тұқым емес. Орта жүз қазағын бір заманда «тырп еткізбей» билеген Жабай ханның немересі» [6; 186] деген жолдар бар. Біз білетін Әлихан Щербина бастаған ғылыми экспедицияға қатысып, халықтың шаруашылығын, мәдениетін, экономикасын зерттеуге кӛп еңбек сіңіргенін білеміз. Демек, роман-эпопеядағы Әзімқан бейнесінің ӛмірдегі Әлихан ӛмірімен ұқсастығын жай ғана ұқсастық, кездейсоқтық деп айта алмасымыз анық. Йә, романдағы Әзімқан бейнесі эпизодтық кейіпкер бола тұра ӛзінен басқаны мойындамайтын менмен, оқыс мінезді, ӛнердің қадірін түсінбес топастау жан ретінде, тіпті Оразбайдың Абайдың басына әңгір таяқ орнатуының негізгі себепшісі ретінде кӛрсетіледі [6]. Кеңестік цензура талай жазушыларымыздың тіліне тұсау салып, талай кӛркем дүниелеріміз кеңестік идеологияның құрбанына айналғаны белгілі. Мұнан ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтың бұл классикалық туындысының да аман шықпағанын білеміз. Ендеше, Әлихандай асыл ағасының тарих алдындағы еңбегін ескере отырып, оның асыл да ардақты тұлғасын келешек ұрпақ жадында сақтап қалу үшін, аман алып қалу үшін осындай жолмен болса да Әуезовтың «тәуекелге» барғанын түсінуімізге болады.

«Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жӛнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде кӛзі бар адам кӛп ойланарлық жұмыс!»[1; 106] дейді Алаш арысы. Әлихан Бӛкейханов ӛткен тарих үшін ғана емес, бүгінгі күніміз үшін қымбат, қастерлі тұлға. Әлихантану, қазақ әдебиетіндегі Бӛкейханов тұлғасын саралау әлі де жалғасын таба берері сӛзсіз!

Пайдаланылған әдебиет

1. Ә.Бӛкейханов. Шығармалар. – Алматы: «Қазақстан», 1994.

2. Алашорда кӛсемі Ә.Бӛкейханов. «Аңыз адам» журналы. №20(32).

Қазан, 2011.

3. Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 2-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – 200.

4. Кәкішұлы Т., Ахмет Сыздыққызы К. «Тар жол, тайғақ кешудің»

тағдыры: кӛмекші оқу құралы. – Алматы: «Санат», 1997. – 224.

(6)

5. Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-т.– Алматы:

Жазушы, 1988. 448.

6. Жұртбай Т. «Ұраным-Алаш!...» – Алматы: «Ел-шежіре», 2008.

7. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопия. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. 4- кітап: Абай жолы. – 336.

8. Байтұрсынов А. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1989.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақ халқының тарихындағы ең бір шешуші тарихи кезеңді тақырып етіп, оқиғаны тудырған заман талқысы мен талабын кейіпкерлер тағдыры арқылы көркем кестелеген «Өмірзая» романы қазақ