ОӘК 528.48:69.05
ҚҦРЫЛЫС КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ОРНАТУ КЕЗІНДЕ ЖҤРГІЗІЛЕТІН ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІН ҚАРАСТЫРУ
Боргекова Қ.Б.
Л.Н. Гумилев атындағы Е Ҧ У магистранты Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент А.А. Игильманов
Ғимараттар қҧрылысының негізгі кезеңінің бірі – қҧрылыс қҧрылымдарының монтажы.
Ғимараттың беріктігі, қҧрылысты пайдалану ҥрдісінде тҥрлі жабдықтардың қалыпты жҧмысы қҧрама қҧрылыс қҧрылымдарын орнату дәлдігіне байланысты. Сондықтан қҧрылыс салу ҥрдісінде қҧрылыс қҧрылымдарының жобаға сәйкес орнату дҧрыстығына жасалатын геодезиялық бақылауға ерекше кӛңіл аударған жӛн. Қҧрылыстық-монтаждық жҧмыстардың жекелеген кезеңдерінің орындалу дәлдігін бақылау бойынша геодезиялық ӛлшеулерді жҥргізу кезінде бекітілген қҧрылыс нормалары мен ережелерімен жетекшілік ету қажет.
Қҧрылыс қҧрылымдарын жобаға сәйкес орнату міндетті тҥрде геодезиялық бақылаумен бірге жасалуы керек. Қҧрылыс конструкцияларын, мысалға, тірек, баған және т.б. орнату кезінде қҧрылымдық ерекшеліктеріне байланысты 3 параметрін – жоспарлық жағдайы, биіктік жағдайы және вертикальдығын бақылау қажет. Бақылауларды бірнеше әдістермен жҥргізеді. Іргетасқа бағанды орнатудың алдында оның шеттеріне болат миллиметрлік сызғышпен немесе арнайы шаблон кӛмегімен осьтік рискалар, сонымен қатар таңбаланған белгі, яғни баған консолиінен біршама метрге алыстатылған штрих тҥсіріледі (1-сурет).
86
Сурет 1 – Баған консолилерінің белгілерін геодезиялық бақылау
Темірбетонды баған табанын іргетастарда алдын ала дайындалған стакан деп аталатын тереңдетулерге орнатады. Стакан тҥбіне цементтік ерітіндіні қҧю кӛмегімен жобалық
деңгейге жеткізгеннен кейін, бағанды осьтік рискалары мен стакан рискалары дәл келетіндей етіп тҥсіреді. Биіктігі 5 м-ге дейінгі бағандардың вертикальдығын дҧрыстауды екі
тіктеуіштің немесе баған қабырғасына орнатылған деңгейлері бар рейкалармен жҥргізеді (2- сурет) [1].
Сурет 2 – Қҧрылыс қҧрылымдарының монтажын бақылауға арналған рейкалар Биіктігі 5 м-ден жоғары бағандарды монтаждау кезінде вертикальдығын бақылау ғимараттың кӛлденең және бойлық осьтерінің жазықтықтарында орнатылатын екі
теодолитпен жҥзеге асады. Тордың тік жіптерін тӛменгі осьтік рискаларымен біріктіргеннен кейін дҥрбіні бағанның жоғарғы жағына кӛздейді. Бақылаушының кӛр-сетулері бойынша 2 және 3 осьтік рискалары тордың вертикаль жіптерімен сәйкес келгенге
дейін бағананы бҧрады және қисайтады. Ҧқсас дҧрыстауларды екінші теодолитпен орындайды. Бағаналарды мықтап бекіткеннен кейін және олардың консольдарында ригельдерді және плиталарды салғаннан кейін бағаналардың жағдайы ӛзгеруі мҥмкін.
Сондықтан оларды дҧрыстауды тағы да екі рет бағаналардың плиталары мен тҥйіскен жерлерін дәнекерлегенге дейін қайталайды (3-сурет) [2].
87
Сурет 3 – Бағананы дҧрыстау
Жоғарыда айтылған оптико-механикалық аспаптарды (теодолит, нивелир) және қҧрылғыларды (тіктеуіш, рейка) қолдануға негізделген геодезиялық бақылаулар барлық параметрлерді бір уақытта бақылай алмайды. Бҧның барлығы геодезистер мен қҧрылысшылардың еңбек ӛндірісін тӛмендетеді.
Соңғы уақытта геодезиялық бӛлшектеу жҧмыстарында және қҧрылымдар монтажын бақылауда электронды тахеометрлер, тік проектілеу аспаптары қолданылады. Бірақ бҧл аспаптар барлық жағдайларда жарамды емес, әсіресе биік ғимараттар қҧрылысы кезінде және ауыр жағдайларда – бос кеңістіктің аз болғанда ыңғайсыз. Егер де тахеометрді алыс қашықтықта орналастырса, онда оның қателігі жоғарылайды.
Сурет 4 – Бағаналар монтажын бақылауға арналған қҧрылғы
Осыған байланысты ең жарамды әдіс ретінде, қҧрылыс қҧрылымдарының барлық геометриялық параметрлеріне геодезиялық бақылауды біріктіретін А.А. Игильманов, Т.А.
Игильманов, Ж.А. Игильмановтардың жасаған лазерлік нивелирге арналған қҧрылғысын (4- сурет) қолданған тиімді [3]. Бағаналардың тӛменгі жағына бір-біріне 900 орналасқан екі экраны бар визирлік марка орнатылады. 2 – лазер сәулесін шағылыстыратын айна; 3 – палетка салынған кҥңгірт экран; 4 – шағылған сәуле қҧрылымның жоғарғы жағында орналасқан экранға тҥседі; 5 – қҧрылыс осінде орналасқан лазерлі нивелир немесе визир.
Қҧрылымның кӛлденең және тік жазықтықтарында орын ауысуы тҥрлі қҧрылғылардың – кондуктор, домкраттардың кӛмегімен жҥзеге асады. Қҧрылымды жобалық орынға орнатуды бақылау лазер сәулесінің экрандардың тӛменгі және жоғарғы центрлерінен ӛтуі болып
табылды. Бҧл бақылау әдісінің басымды-лығы – бҧл қҧрылғы серпінді қышқыш кӛмегімен қҧрылымға оңай бекітіледі, екінші
жағынан лазерлі нивелир монтаждалу қҧрылымынан ғимарат осі бойынша кез келген қашықтықта орналасуы мҥмкін.
Монтажды бақылаудың бҧл тәсілін қолдануды дәлдік жағынан қарастыралық.
Қҧрылымның жоғары бӛлігіндегі белгілеулердің бӛлу осьтеріндегі рискалардан ауытқуы бағаналардың ҧзындығына байланысты:
- 4 м-ге дейін – 12 мм;
- 8 м-ге дейін – 15 мм;
- 16 м-ге дейін – 20 мм.
Ең қатаң талаптар биіктігі 25 м-ге дейінгі бағаналарды орнатқанға қойылады.
Сондықтан бҧндай бағаналар ҥшін 1,5 м биіктікте вертикальдан ауытқудың шекті шамасы
∆0 = 1,5 мм.
Бҧндай биіктікте бағана монтажын бақылау ҥшін қҧрылғы бекітіледі. Бҧл шектеуді орташа квадраттық қателіктің шекті қателігі ретінде, яғни ∆0 = 3m қарастыруға болады.
m1 шамасының mr – геодезиялық ӛлшеулер қателіктеріне, mc – қҧрылыс-монтаждық жҧмыс қателіктеріне, mT – жобаның технологиялық есептеулер қателіктеріне байланысты.
m12 = mr2 + mc2 + mT 2 (1)
Қҧраушы қателіктердің бірдей әсер ету m1 = mr = mc = mT принципін қолданып:
mr = ∆0 / 3√ 3 = 0,2 ∆0 (2) аламыз.
Біздің жағдайда:
mr = 0,2 × 1,5 = 0,3 мм
Бағаналардың орнату дәлдігін анықтау ҥшін эксперимент жҥргізілген. Ҧзындығы 50 м.
базис ҧзындығы 10 м. учаскелерге бӛлінген. Әр нҥктеде биіктігі 1,5 м қҧрылғы бекітілген нивелирлік рейка орнатылған және осы қҧрылғы мен лазерлік визир кӛмегімен бағана тік қойылған. Вертикальдан ауытқу сағат типті индикатор немесе жіптік тіктеуіш кӛмегімен бақыланған.
Бессель формуласы бойынша анықталған орташа квадраттық қателіктері m10 = 0,03 мм, m20 = 0,04 мм, m30 = 0,06 мм, m40 = 0,07 мм, m50 = 0,09 мм қҧрады.
Егер 15 м биіктікте бағаналар ауытқуының қателіктерін есептесек, 50 м қашықтықта m
= 1,35 мм, ал ∆0 = 3 ×1,35 = 4,05 мм.
Табылған орташа квадраттық қателіктер мәндерін нормативпен салыстырғанда, оның нормативтіден тӛмен екендігі анықталды. Осылайша, лазерлік нивелирді қҧрылғымен бірге қолданғандағы дәлдік сипаттамалары бағана монтаждарының талаптарын қанағаттандырады.
Демек, осы әдіс жоғарыда айтылған әдістермен салыстырғанда, қҧрылыс алаңдарындағы ауыр жағдайларда ең тиімді және дәлдігі бойынша барлық талаптарды қанағаттандырады.
Әдебиеттер:
1. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилевич Б.Б. и др. Инженерная геодезия. – Москва:
Недра, 1984. – 344 б.
2. Кулешов Д.А., Стрельников Г.Е. Инженерная геодезия для строителей. – Москва:
Недра, 1990. – 256 б.
3. А.А. Игильманов, Т.А. Игильманов, Ж.А. Игильманов. «Бағаналар монтажын бақылауға арналған қҧрылғыcы». – 08.02.1992 ж. №4840536 тапсырысы бойынша берілген
№1738963 авторлық куәлігі.
89