• Tidak ada hasil yang ditemukan

Ұлттық мереке - Республика күні құтты болсын!

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Ұлттық мереке - Республика күні құтты болсын!"

Copied!
12
0
0

Teks penuh

(1)

(326) № 10 қазан 2022 жыл

[email protected] Республика аумағына тарайды

Газет

2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Көк тудың желбірегені Көк тудың желбірегені

Көк тудың желбірегені - Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп, Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені - Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту Жан емес,

Маған керегі-

Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені- Елдіктің асқақ өлеңі,

Әр жаққа тартпай, қазағым, Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені - Бақыттың елжірегені, Қиырда қалған қазақтың Азат отанға жете алмай Көзінің мөлдірегені.

Алмас Ахметбекұлы 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.

Сол кезден бастап Қазақстан тәуелсіз елге айналудың алғы шарттарын бастап кетті. Осы декларацияның арқасында біз кеңестік заңдарды қолданудан бас тартып, Ата заңымызды құруға қадам бастадық. Еліміздің жеке териториясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастағы дербестік, мемлекет рәміздері белгіленді. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алуының басты мерекесін қайтарудың қажеттілігін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында мәлімдеді. Осыған сәйкес ҚР Парламерті 5 қазанды ұлттық мереке - Республика күні, 16 желтоқсанды - Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітті. Бұның өзі еліміздің азаттығын алу жолында күрескен басты оқиғаларды, тарихымыздағы ең бір қастерлейтін, құрмет тұтатын айтулы мерекелер күні екендігін белгілеген оң шешім болды.

Республика күні мерекесіне еліміздегі жоғары білімі мен ғылым саласын дамытуға, сапалы мамандар дайындауға қажырлы қызметтерін арнап жүрген унирситетіміздің еңбек ұжымы да толағай табыстармен жетіп отыр. Республикалық, халықаралық ғылыми байқаулар мен рейтінгілерде жоғары жетістіктерге қол жеткізген оқу ордамыздың беделі мен абыройы жыл өткен сайын артуда. Осының бәрі профес- сор- оқытушыларымыз бен ректорат қызметкерлерінің, студент- жастарымыздың ғылымға, мамандықтарына байланысты қолға алынып отырған жаңа бағ- дарларламалар мен халықаралық стандарттарға байланысты оқу-өндірістік ба- замызды нығайтудың арқасында қол жеткізіліп отыр. Барлықтарыңызды Респу- блика күні мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!!!

Ректор Ерлан СЫДЫҚОВ

Ұлттық мереке - Республика күні құтты болсын!

(2)

Студент II курса Евразийского национального университета им. Л.

Н. Гумилева разработал формулу вычисления больших чисел без калькулятора. Сегодня в копилке молодого ученого 33 различные формулы. Талантливый студент мечтает в дальнейшем запатенто- вать свой труд и в будущем воспитать учеников.

Мұндай мүмкіндік оларға Еуразия ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы екіжақты шартты орындау аясында ұсынылды. Л.Н.

атындағы Еуразия ұлттық университеті және Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті, екі жоғары оқу орнының бірлескен білім беру және ғылыми кеңістігін құруға бағытталған.

Тағылымдаманың мақсаты - ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ экономикалық теория және әлемдік экономика саласында пәндерді оқыту үшін кәсіби біліктілікті, әдіснамалық және теориялық дайындық деңгейін арттыруға; ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық қызмет дағдыларын кеңейтуге толық көлемде қол жеткізілді.

Тағылымдама бағдарламасы түрлі деңгейдегі кәсіби байланыстарды жандандыруды қоса алғанда, көптеген іс- шараларға толы болды.

Тағылымдама экономика және кәсіпкерлік кафедрасының меңгерушісі, профессор Майданова Айгүл Болатқызының жетекшілігімен өтті. Тыңдаушылар экономика және кәсіпкерлік кафедрасының жұмысын ұйымдастырудың және оны оқу- әдістемелік қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап өтті.

Тағылымдама авторы профессор А.Б. Майдыровадан кеңес алу жолдары тағылымдамадан өтушілерге ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың, диссертациялық зерттеулер шеңберінде эксперименттік деректерді өңдеу мен түсіндірудің практикалық дағдыларын алуға және бекітуге, олардың нәтижелері бойынша бірқатар бірлескен жарияланымдарды жоспарлауға мүмкіндік берді.

Тағылымдаманың маңызды сәт- терінің бірі Гумилев атындағы ЕҰУ Кітапханасына бару және оның қорларымен танысу болды. Кітапхана қызметкерлері ақпаратты іздеу бойынша барлық мүмкіндіктерді, соның ішінде

«Эпиграф», «Ақнұр пресс» электронды кітапханасы, «Smart Kitap», ЭКЗ

«Знаниум.сом», East View Information Services Corporation электронды оқулықтары, «Гребенникон», Academic Search Complete EBSCO, Euromonitor International Passport, Oxford Academic Journals электронды кітапханалары сияқты қолжетімді мәліметтер базасымен жұмыс істеу мүмкіндіктері ұсыгылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет Министрлігінің Scopus, Science direct, Web of Science, Springer ұлттық жазылымы бойынша аналитикалық платформаларға қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры Гүлмира Бекмановамен кездесу экономикалық зерттеулер әдіснамасын оқытуда бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру үшін жаңа аспектілерді анықтауға мүмкіндік берді және қазіргі заманғы университеттің цифрлық даму векторларын анықтады.

Тағылымгерлер университетімізбен, еліміздің мәдениетімен, дәстүрлері және құндылықтарымен танысты.

Тағылымдама қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты

Беларусь мемлекеттік университетінің

оқытушылары ЕҰУ-да тағылымдамадан өтті

Беларусь мемлекеттік эконо­

микалық университетінің Халық аралық экономикалық қатынастар факультетінің деканы Оксана Шкутько және осы университеттің әлемдік экономика кафедрасының доценті Елена Петрушкевич ЕҰУ экономика және кәсіпкерлік факультетінің Экономика және кәсіпкерлік кафедрасында тағылымдамадан өтті.

Студент ЕНУ нашел формулу вычисления больших чисел без калькулятора

Еуразия ұлттық университетінің ректоры, проректорлар және әкімшілік қызметкерлер оқу-зертханалық ғимараттағы асханаларды аралады.

ЖАҢА ДИЗАЙН ЖӘНЕ ОҢТАЙЛЫ БАҒА

САЯСАТЫ

Ерлан Сыдықов студенттер мен мұғалімдерге арналған асха налардағы жөндеу жұмыс тарымен, жаңартылған ас мәзірімен, баға саясатымен та- нысты, сонымен қатар студенттердің жаңашылдықтар ту ралы пікірін білді. Тамақтану орынында 600 теңге ге кешенді түскі ас енгізілген.

Университет асханаларындағы та- мақтың шекті бағасы – 900 теңгені құрайды.

«Фудбрендс» ЖШС директоры Елена Каженова өндірістік бөлім- шенің модернизациясы туралы егжей- тегжейлі айтып берді.

«Жабдықтар ауыстырылды, сауда- көрме бөлігі студенттер ағынының өсуіне байланысты 2 есеге ұлғайды.

Мәзір толығымен жаңартылды.

Бұл шешім студенттер арасындағы сұранысты маркетингтік зерттеу нәтижелері бойынша қабылданды.

Сондай-ақ, білім алушыларға қазақ, өзбек, орыс, қытай және жапон тағамдары ұсынылады.

Біз ЖОО-да бірнеше брендтерді іске қосамыз. Мысалы, мұнда

«Бауырсақ» және «Ла багет» сияқты брендтер ұсынылған. Сәулет- құрылыс ғимаратында тұтас фудкорт салынады», - деп атап өтті кәсіпкер.

Университеттің асханаларында дизайнға сәйкес жөндеу жүргізілді, сөрелер жаңартылып, жиһаз ауыстырылған, сондай-ақ қабырғалар мен едендер сырланды.

Студент Айым асхананың жаңа келбетіне таңданып, қол жетімді бағаларға қуанышты екенін жет кізді:

«Мұнда достармен уақыт өткізген

жақсы. Бұл жер жайлы да әдемі қалыпқа келді. Бағалар да қалтаға тимейді, мәзірдегі тағамдар сан алуан әрі дәмді. Студентке қажетті барлығы бар. Бұл жердегі қамқорлыққа көңілім толады», - деп бөлісті ол.

Аралау қорытындысы бойынша ректор білім алушылардың ұсыныстарын ескеруді, оларды тіркеп, одан әрі іске асыруға кірісуді тапсырды. Ерлан Сыдықов жаз бойы барлық асхана, оқу ғимараттары, жатақханалар жаңғыртылғанын атап өтті. Сондай-ақ білім алушыларға арналған коворкинг орталықтары құрылды. Алдағы уақытта ЖОО-дағы инфрақұрылымды және материалдық- техникалық базаны одан әрі дамыту жоспарда тұр.

Бек Мусабеков, студент факуль- тета информационных технологий, еще в школе увлекся математикой.

Формулы квадратичного и кубиче- ского методов он впервые придумал в 9-м классе. Решение задачи «при- ближение под корень» методами столбца и квадрата также является результатом его работы в школе.

Студент, интересующийся настоя- щей наукой, благодаря своей любоз- нательности создал формулу, кото-

рую можно рассчитать без помощи калькулятора.

«Везде, где нет возможности вос- пользоваться калькулятором, даже на экзамене, расчеты с моей фор- мулой выводятся свободно « Кро- ме того, это большая возможность сэкономить время. Теперь я хочу запатентовать эти формулы. Я ду- маю, что мою придуманную фор- мулу можно включить в учебную программу. У меня есть желание в

дальнейшем воспитывать учеников по математике и готовить своих уче- ников к олимпиадам», - поделился планами молодой ученый.

Сегодня в копилке молодого уче- ного ЕНУ 33 различные формулы расчета без калькулятора. Из них 29 создавались в школе,4 - в универси- тете. Студент намерен продолжить поиск еще более простых формул для вычисления больших чисел без калькулятора.

«Везде, где нет возможности вос- пользоваться калькулятором, даже на экзамене, расчеты с моей фор- мулой выводятся свободно. Кро- ме того, это большая возможность сэкономить время. Теперь я хочу запатентовать эти формулы. Я ду- маю, что мою придуманную фор- мулу можно включить в учебную программу. У меня есть желание в дальнейшем воспитывать учеников по математике и готовить своих уче- ников к олимпиадам», - поделился планами молодой ученый.

Свои способности Бек Мусабеков проявил в 2021 году на республи- канском конкурсе научных проектов

«Талантливый молодой ученый», где победил в номинации «Дарын».

Студент ЕНУ также награжден юби- лейным нагрудным знаком "30 лет Независимости РК".

(3)

Белгілі итальяндық шолушы, профессор Паоло Брикко Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясатта- ну факультетінің студенттері үшін экономикалық журна- листиканы жаңа медиа тіліне бейімдеу туралы дәріс оқыды.

Еуразия ұлттық уни вер- ситетінің талантты жаста- рынан құралған «Шаңырақ»

театры жаңа маусымның шымылдығын түрді. Биылғы оқу жылының алғашқы қ о й ы л ы м ы – Т а х а у и Ахтановтың «Күшік күйеу»

шығармасы болды.

QR-код қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ЕҰУ Басқарма төрағасы - ректо- ры Ерлан Сыдықовтың қатысуымен жаңа форматтағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылуы өтті. ЖОО ақпараттық ашықтық қағидатын ұстанады және жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін коммуникациялардың жаңа арналарын құруда.

Қоғамдық қабылдау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында студент- термен, ұжыммен, қоғаммен бай- ланыс орнату үшін құрылды. Зама- науи ақпараттық технологияларды қолдану – қарым-қатынастың жаңа форматы. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ерекшелігі – өтінішті оф- флайн режимде ғана емес, сонымен қатар университеттің барлық оқу ғимаратында, жатақханаларында орналасқан QR коды арқылы онлайн режимінде де беруге болады. Ар- найы QR кодын сканерлеп, сұраулар мен ұсыныстарды жіберу жеткілікті.

Сұрақ автоматты түрде қоғамдық қабылдау бөлмесіне түседі, жауап онлайн режимде келеді.

QR код университетте әзірленген Smart.ENU. қосымшасына бе- кітілген. Осылайша, ЕҰУ-да цифрлық экожүйе белсенді қалыптасуда.

Ашылу салтанатында ҚР Ғылым

және жоғары білім министрі Сая- сат Нұрбек атап өткендей, бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдаулар құрылуда.

Бұл-ректоратқа оқытушылардың, студенттердің, сондай-ақ бей-жай қарамайтын азаматтардың барлық сұраныс, мәселе, ұсыныс және иде- яларын бақылауға мүмкіндік береді.

«Университеттің миссияларының бірі жергілікті қоғаммен жұмыс жасау. Университеттің ғылыми, білім беру, тәрбиелік міндеттерінен басқа, зерттеу орталығы ретінде қызмет ету, аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосу үшін ерекше миссиясы бар. Жоғары оқу орындарының әкімшілігіне тиімді кері байланыс арналарын беру қажет. Барлық ұсыныс, мәселе уақтылы шешілуі үшін «Халыққа қызмет көрсету орталықтары»

тәрізді орындар қажет. Біз бұл проблемалардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қалмай, тапсырмаға

айналып, тиімді шешімін табудың алгоритмдерін пысықтап жатыр- мыз», - деп түйіндеді С.Нұрбек.

ЕҰУ басқарма төрағасы- ректоры Ерлан Сыдықов өз кезегінде қоғамдық қабылдау бөлмесінің негізгі міндеті - өзекті мәселелерді шешу, университет қызметін жақсартуға қатысты сту- денттерден, оқытушылардан және қызметкерлерден кері байланыс алу екенін атап өтті.

«Біздің басты мақсат - біздің білім алушыларды, қызметкерлерді, ата- аналарды алаңдататын мәселелерді жылдам шешу, университетті да- мытуда олардың пікірін, идеяла- рын және ұсыныстарын ескеру.

Мемлекет басшысы «тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясын- да қоғаммен «байланыс көпірін»

нығайтуға қажеттігіне баса на- зар аударды. Бұл бағытта біз жаңа форматтағы қоғамдық қабылдауды ашуды ұйғардық. Оның арқасында

қоғаммен өзара байланыстың тиімді және көпшілікке ыңғайлы жолдарын дамытуға тырысамыз» - деді ректор.

Қоғамдық қабылдау бөлмесіне студенттер де, университет қызметкерлері де Университеттің жұмысын жақсарту бойынша өз сұрақтарымен, идеяларымен және ұсыныстарымен жүгіне алады.

Бекітілген кесте бойынша оф- лайн қабылдауды ЖОО басшылығы жүргізеді.

ЕҰУ қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылуында Ғылым және жоғары білім министрі Са- ясат Нұрбек қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылған еліміздің жоғары оқу орындарымен бейнеконференц- байланыс өткізді.

ЕҰУ қоғамдық қабылдау бөлмесі Астана қаласы, Сәтбаев көшесі, 2-үйдегі (студенттік кіреберіс) ме- кен-жайында орналасқан.

Қонақты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі–ғылым, ком- мерцияландыру және интернационал- дандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева қарсы алды.

«Біз Генуя, Милано-Бикокка, Пауа және Болонья сияқты итальяндық университеттермен белсенді жұмыс істейміз. Ынтымақтастық академиялық ұтқырлық, профессорларды тарту, ғылыми тағылымдамалар, бірлескен ғылыми-білім беру жобалары арқылы жүзеге асырылуда.

2019 жылдан бастап ЕҰУ-да Энрико Маттей атындағы итальяндық мәдениет орталығы жұмыс істейді. Орталық ита- льян тілі курстарын, Мәдени іс-шараларды және итальян тілін шет тілі ретінде емти- хандарды өткізеді», - деді проректор.

Паоло Брикко ғаламтордың да- муынан туындаған газет дағдарысы туралы тақырыпты қозғады. Оның айтуынша, итальяндық газеттердің саты- лымы 1970 жылдан бері жартылай азайған.

Италиядағы газет оқырмандарының жасы 54-те.Ол сондай-ақ кәсіби журналист болу үшін белгілі бір салада тәжірибе жинау ке- рек екенін айтты.Профессор жақсы немесе жаман оқырман жоқ екенін, бірақ олар ту-

Итальяндық шолушы Паоло Бриккомен кездесу өтті

Жаңа маусымдағы алғашқы қойылым студенттер театрында тұңғыш рет сах- налануда. Оқиғаның желісі – студенттік өмірмен тығыз байланысты. Премьераға арнайы келген «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Ерлан Сыдықов басты рөлдегі қыз-жігіттерге естелік сыйлықтар табыс етті.

«Біздің «Шаңырақ» театрының ұжымын университет тарапынан үнемі қолдауға дайынбыз. Талант-

Шаңырақ театры жаңа маусым

шымылдығын ашты

ралы не жазатындарын білгісі келетін не- месе қызықпайтын оқырмандар бар екенін атап өтті.

«Мен сіздердің университеттегі студенттердің ынта-жігеріне таң қалдым.

Қазақстанда журналист болудың барлық алғышарты бар, өйткені бұл ел Еуропа мен Азияның орталығында. Сіздер тарихи оқиғалардың тоғысқан, топтасқан жерінде өмір сүріп жатырсыздар. Демек, сізден, дәл осы жерде журналист ретінде қажетті ақпараттарды жедел тарату бақытына ие болдыңыз», - деді тыңдаушыларға Паоло Брикко.

«Беделді итальяндық журналистің тәжрибелерімен бөлісіп, игеріп жатқан мамандығымызға байланысты жаңа бағдарламалары мен танысуға, білімімізді дамытуға байланысты мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын. Біз бұқаралық ақпарат құралдарыны саласындағы белгілі қазақстандық және шетелдік өкілдерінің дәрістерін жиі тыңдаймыз, Бұндай әріптестік біздің журналисттік шеберлігімізді шыңдауға, мамандығымыз туралы өз көзқарасымызды қалыптастыруға көмектеседі. Мен ең бастысы өз кәсібімнің мақсатын жете түсінуге, жазған ақпараттарымның оқырмандар үшін құнды болу керек екендігін түсіндім», - деп атап өтті Жур- налистика және саясаттану факультетінің 4 курс студенті Аружан Бақытова.

ты жастарымыздың республикалық, халықаралық сайыстарға қатысуына мүмкіндіктері бар. ЕҰУ актерлік құрамы кәсіби деңгейге жақындаған театры бар университеттің бірегейі. Әр қойылымы ерекше. Біз театрымызбен мақтанамыз, -деді университет ректоры.

«Шаңырақ» театрының жастары жас таланттары маусымашар қойылымына бір ай дайындалған.

«Күшік күйеу қойылымы – ой- нап жүріп ой саларлық туынды.

Т.Ахтановтың бұл шығармасы өткен ғасырдың 60-70 жылдары жазылса да, қазіргі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Бұл спектакльде бала тәрбиесі, тіл тазалығы, ата-анаға құрмет сын- ды құндылықтар көтеріледі, -деді

«Шаңырақ» театрының директоры Бек- зат Құлшар.

Ұжым бұдан бөлек Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қырық мысалға» негізделген қойылымды жоспарлау үстінде. Оған биылғы жылы театрға қабылданған бірінші курс студенттері де қатыспақ.

Сонымен қатар «Шаңырақ»студенттер театры қараша айында еліміздегі уни- верситетттер театрлары арасында фес- тиваль ұйымдастыруды көздеп отыр.

Әдеп алаңы

(4)

ОПЫТ МЕЖДУНАРОДНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА:

В августе в стенах нашего университета была проведена международная летняя школа «GEM SILKWAY-2022», где приняли участие более тридцати исследо- вателей из Казахстана, Кыргызстана, России, Италии, Турции и других стран.

Проректор по стратегическому развитию Думан Рамазанович Айтмагамбетов поделился особенностями организации и проведения мероприятия.

Традиции летней школы

Летняя школа проходит в нашем вузе уже не в первый раз: мы ее за- пустили во время EXPO-2017, тема была посвящена

«зеленой» энер- гетике. Получил- ся удачный опыт, когда приехали ученые из Испа- нии, Италии, Пор- тугалии, поэтому было принято ре- шение проводить подобную шко- лу ежегодно. В следующие годы школа прошла в Баку, Тель-Авиве, в год пандемии

встреча состоялась в онлайн-фор- мате, а в этом году мы выступили с инициативой вновь провести данное мероприятие в Астане.

По следам Шелкового пути

Международная летняя школа проходит в рамках большого про- екта «SILKWAY», который был за- пущен во время EXPO-Dubai, он объединяет университеты Испании, Италии, Португалии, Азербайджа- на и других стран. Вузы этих стран объединились и создали исследова- тельский консорциум, чтобы вести научные, образовательные, культур- ные проекты с целью стать объеди- няющим звеном, подобно идее Шел- кового пути, которая связала Восток и Запад. Проект направлен на сбли- жение научной, образовательной и культурной среды наших стран. У всех данных вузов есть стремление участвовать в совместных исследо- ваниях. Ведь сейчас выигрывают те университеты, которые умеют объ- единяться, потому что каждый вуз силен в своем направлении. В этом проекте собраны лучшие практики:

есть техническое, естественное, гу- манитарное направление.

Например, наш Евразийский на- циональный университет участвует в этом консорциуме, по большей части, в гуманитарном направлении.

Один из проектов – разработка филь- ма о визите Плано Карпини во время монгольского периода. Есть много источников, фильмов и книг о при- езде Марко Поло, но очень мало о Карпини. Естественно, итальянские коллеги с удовольствием поддержа- ли эту идею. Возможно, уже совсем скоро мы увидим этот фильм, кото- рый будет сделан Казахстаном со- вместно с Италией, также сценарий поддержан Министерством культу- ры.Проведение летней школы – это одно из этих направлений работы

нашего консорциума. Особенность в том, что она продолжает научные наработки: в этом году рассматри- вались новые, современные аспек- ты зеленой энергетики, участникам

процесса обучающихся. В течение полугода велась большая работа по отбору участников, освещению в СМИ, ведению сайта мероприятия.

В качестве ведущих выступили лекторы из университетов консор- циума, которые занимаются этой тематикой – зеленой энергией, управлением, специалисты в обла- сти менеджмента. От нашего вуза участвовали ведущие профессора:

Куляш Мейрамкулова – «Разработка энергоэффективной и экологически чистой интегрированной техноло- гии длительного хранения фруктов и овощей», Дулат Дауренбеков –

«Исследования в области альтерна- тивной энергии (солнца и водорода), ее использование и модификации», Динара Мусабалина – «Инновации и коммерциализация новых техноло- гий» и другие.

Практический результат – мультипликативный

эффект

Во-первых, результат школы – это опыт для участников исследова- тельской команды, опыт междуна- родной проектной работы. Большой плюс был в виде кооперации наших ученых – они две недели общались с

ведущими европейскими специали- стами в этой области. Я думаю, вы еще увидите но-

вые проекты, ко- торые родились в результате этого общения.

Мы уже на- блюдаем дости- жения, например, Михаил Григо- рьевич Жумагу- лов – был раньше участником, а теперь стал лек- тором, получил приглашение к сотрудничеству в международном

проекте от одного из итальянских вузов.

Во-вторых, это хороший опыт про- ведения мероприятий такого уровня для нашего вуза. Я хочу отметить, что университет, являясь соорга- низатором, не понес больших фи- нансовых нагрузок. Европейскими коллегами была проведена работа по поиску спонсоров, все расходы была дана возможность реализовать

свои проекты. Можно сделать вы- вод, что школа прошла удачно.

Конкурсный отбор

Условия от- бора были очень серьезные, не каждый жела- ющий был при- нят. Участники должны иметь п о д х о д я щ у ю специальность, определенный бэкграунд, пу- бликационную деятельность.

Также требова- лось написание эссе. Причем, участие было платным – это го-

ворит об уровне школы. Несмотря на платное обучение и серьезный конкурс, все равно, желающих было достаточно. В итоге школа получи- ла заинтересованных кандидатов, здесь не было случайных людей.

Круг был очень широкий: студенты, магистранты, докторанты, препода- ватели из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, России и европейских вузов. Было очень трудно из боль- шого количества претендентов ото- брать самых достойных. Мы как организаторы обеспечили нашим студентам бесплатное участие. В результате более тридцати человек получили приглашение приехать к нам, но желающих было гораздо больше.

В рамках летней школы

За две недели обучения было необходимо подготовить проект, свою новую концепцию. По итогам этой школы были засчитаны баллы и кредиты, то есть участие в летней школе – это часть образовательного

были покрыты благодаря привлече- нию третьей стороны. Это говорит о востребованности тематики, в пер- вую очередь.

Пользуясь случаем, хочу побла- годарить коллег, которые в летнее, отпускное время со стороны уни- верситета участвовали в подготовке и проведении, это все наши органи- зационные структуры, техническое и звуковое обеспечение, также ко- манда администрации студенческих домов – они показали высокий уро- вень.

В-третьих, стоит отметить опыт использования новой концепции.

В XIX веке была концепция «Win- Lose», когда в любой сделке кто-то выигрывал, а кто-то проигрывал.

Кооперация XX века «Win-win» – две стороны выигрывали. Теперь, в XXI веке, популярна концепция

«Win-win-win», когда и общество выигрывает от кооперации. Люди, которые приехали в Казахстан, по- лучили множество положительных впечатлений от нашего университе- та, от столицы, от государства – это хороший мультипликативный эф- фект.

Летняя школа глазами участников

Самое приятное, что наши го- сти говорят о том, что поездка пре- взошла все ожидания: их удивили и наша страна, и город, и наш вуз, наш кампус. Такие мероприятия – это своего рода лакмусовая бумажка, можно понять, в правильном ли на- правлении мы идем. Данная школа показала, что мы можем легко спра- виться с подобными задачами. Осо- бенность Евразийского националь- ного университета в том, что наш вуз проводит огромное количество мероприятий на самом разном уров- не, начиная от городского до наци- онального, международного уровня.

В университете уже сформировалась команда, которая может без особых

затруднений взять на себя такие за- дачи, мы привыкли к такому темпу.

Планы на будущее

Летняя школа – это ежегодное со- бытие. Уже начата подготовка про- ведения этой школы в следующем году в Турции. А наш университет продолжает работу в рамках между- народного консорциума.

ЛЕТНЯЯ ШКОЛА GEM SILKWAY-2022

(5)

Тұрсынхан Зәкенұлының 60 жылдық мерейтойы

Тұрсынхан Зәкенұлының тарих тақырыбына Алаштың тағасы тимеген тұстарын өзінің қалам қуаты жеткенше қаузап, жеткізіп жазып жүргені жалпақ жұрттың жадында. Ақылсүйер ағаның шығармашылық кеші болатынын естіп, етегінен ұстап, езуінен енші алған інісі ретінде қара қазан, сары баланың қамын қоя тұрып, бір ауыз жылы сөзімізді айтып, қуанышымен бөліскім келді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті рухани жағынан жер жүзіне мәшһүр болған баба- лар рухымен үндескен, киелі білім ордасы. Олай дейтініміз оның атауы Ұлы даланың ежелгі та- рихын бір кісідей терең зерттеген әлемге әйгілі ұлы түркологтың атымен байланысып жатса, бас корпусының кіреберісіндегі үлкен

атриумда XVIII ғасырдағы даңқты бабамыз Күлтегіннің алып ескерткіш ұстыны бой түзеп тұр. Ал сол ескерткіштің бүгінгі шырақшысындай болып, ол туралы өзінің «Мәңгітас»

атты тарихи романында кеңінен толғаған, әрі кесек-кесек монографи- яларын арнаған, арамызда жүрген, бүгінде асқаралы 60 жасқа толып отырған тарих ғылымдарының докто- ры, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы Қайыркен.

Түкеңнің қазақтың марқасқа тарландарының алдын көріп, тағылымын алып, өзінің ғылымдағы бағыт-бағдарын бағамдап, елінің ру- хын көтерер көркем шығармалар («Көк бөрілердің көз жасы»,

«Мәңгітас», «Балқан тауға барғандар») мен зерттеу еңбектері («Көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбалары»,

«Ойратнама: Жоңғар мемлекетінің

қалыптасуы мен дамуы, жойылуы», «Күлтегін ескерткіші: тарихи-деректанулық талдау») өз ал- дына бір төбе. Туындыларын ауыз толтырып айтқанмен, әрқайсысы бір атанның жүгіндей салмағы бар. Жанашыр жандармен, тәрбиесін алған аяулы шәкірттерінің құлағына алтын сырға, Т. Зәкенұлының кітаптарын тігісін жатқызып зерт- теу керек. Әр сала мамандары өздерінің кәсіби зәрулігіне қарай зерделеп, заманның талабына сай оқу құралдарын жасауына толық негіз бар.

Жоғарыда аталған еңбектеріне оқырман қауымның назарын аудару үшін қадаулап болса да қаузап кеткенді жөн көрдім.

«Көкбөрілердің көз жасы» бізде бұған дейін көп ешкім сүрлеу салмай келген Шыңғыс хан дәуірін көркемдік өреге көтеріп суреттеген бірегей шығарма. Сол үшін автор тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мемлекеттік жабық әдеби конкурстың бас жүлдесіне ие болды. Шерхан Мұртаза, Рымғали Нұрғали, Ақселеу Сейдімбек, Төлен Әбдіковтар құрамында болған комиссия бір ауыздан оның бұл шығармасына жоғары баға берді.

«Көк бөрілердің көз жасы» біздің рухани өмірімізде, әдеби ортада үлкен ренессанс тудырған шығарма болды. Осы шығарма жарияланған соң, қоғамда Шыңғыс хан туралы дискуссия басталды. Қазақ та- рихына жаңа көзқарас пайда болды. Қазақтар өзінің Шыңғысхан билеген ұлы империяның құрамдас бөлігі және оны жасушылардың өкілі болғанын сезе бастады. Мінеки, бұл біздің әдеби өміріміздегі үлкен құбылыс еді. Бүгінгі таңда бұл шығарманы аттай қалап, жер-әлемді шарлап іздеп жүрген оқырманның қарасы көп.

Ал, автордың «Мәңгітас» романына келсек, ол әлгінде айтқан Күлтегін дәуірінің көркем шежіресі.

Романда 2001 жылы Күлтегін ескерткішінің Жа- понияда жасалған ғылыми көшірмесінің Астана төріне, Еуразия университетіне әкелінуі бета- шар ретінде алынып, Ербұлан атты кейіпкердің толғанысы арқылы оқырманын тарих қойнауына сүңгітіп жібереді. Романды оқып шығып деміңізді ішке тартып отырып қаласыз. Сол сәт осынау киелі ескерткіштің қадір-қасиетіне шын жетесіз.

Ондағы әр сөздің астарына бойлаған сайын төбе

Қайқаңдағы қара нар

құйқаңыз шымырлайды. Иә, бұл Тұрсекеңнің кәсіби тарихшы бола жүріп, әдебиетте жеткен толағай табысы. Романда Күлтегін ескерткіші келген кездегі Еуразия университетінде қызмет еткен Ақселеу Сейдімбек, Қаржаубай Сартқожа, Хангелді Әбжанов, Тұрсын Жұртбай, Қойшығара

Салғара секілді ағаларымыздың да прототипі бар.

Олар тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елордамыз Астанаға көшіп, Күлтегіндей киелі рух қайта ора- лып жатқан кездегі қазақ интеллигенциясының жарқын образы ретінде тарихи кейіпкерлерге ай- налып қалды. Арада 50 жыл өтер, 100 жыл өтер...

уақыт ұзарған сайын тәуелсіз елдің рухани бол- мысын қалыптастыруға атсалысқан сол ағалардың жарқын образы да келер ұрпақ үшін биіктей бер- мек.

«Аттила-Балқан тауға барғандар» романы болса автордың тарихи тақырыптағы тағы бір сәтті туын- дысы. «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатында атап көрсеткендей бұл романдағы Аттила (Еділ батыр) автордың өз Аттиласы. Оның «еуропалық Аттилалардан» бір артықшылығы – автор оның азиялық тегін, көшпенділік қасиеттерін даралап алады. Романдағы Аттила Ругиланың кезінде Рим сарайында кепілде болады, кейін Римді ат тұяғында таптайды, бір күні Ругила оған: «Сен алдыңды білсең де, артыңды білмейсің. Қайдан келіп, қайда тұрғаныңды білмейсің!»-дейді. Сөйтіп, ол Азияға – ата-бабасының көне қонысы Ордосқа сапар шегеді... Иә, бұл шағын мақаламызда оның бәрін сарқа айтып, бас-аяғын жинап сарапқа салу мүмкін емес. Ең дұрысы, оның шығармаларын бір-бірден оқу керек. Сонда ғана оның тарихи ой әлеміне, көркемдік кеңістігіне терең бойлауға болады. Бұл шығармалар бүгінде автордың көзін көріп жүрген біздер үшін аса қажетті болмаса да, бірақ ертеңгі ұрпаққа керек рухани қазына.

Тұрсекең ғылым әлемінде де зор жетістікке жет- кен ғалым. Алғашқы кандидаттық диссертациясы

«Шынжаң қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысына»

арналса, кейінгі докторлық диссертациясы көне түркі ескерткіштеріндегі қытайша мәтіндерді зерттеуге арналды. Соңғысы тарих және дерек- тану ғылымында бұрын-соңды қолға алынбаған, машақаты мол тақырып болатын. Сондықтан, ол бұрын қарастырылмаған тың жазбаларды бір жер- ге топтастырып, текстологиялық сараптама жасап, олардың түркі тарихынан деректік әлеуетін ашып берді. Бұдан соң, автор Күлтегін ескерткішін тарихи- дерктанулық тұрғыдан арнайы зерттеді («Күлтегін ескерткіші: тарихи-деректанулық талдау»).Бұл

еңбегі бұған дейін елімізде және шетелдерде атал- мыш ескерткішті тек тіл ғылымы тұрғысынан ғана зерттеп келген жағдайды түбірінен өзгертті.

Сол арқылы, Күлтегін ескерткішін түркі тарихын зерттеудің бірден бір шынайы, еш өзгеріске түспей бүгінге жеткен қайталанбайтын дереккөзі ретінде паш етті және ондағы 68 жолға түгелдей сараптама жасады.

Ғалым ағамыздың «Ойратнама: Жоңғар мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, жойы- луы» атты монографиясы елімізде ойрат тарихын жүйелі, басынан аяғына дейін тиянақты зертте- ген бірегей еңбек. 2015 жылы Түркі академи- ясы тарапынан жарық көрген бұл еңбекте төрт ойраттың тарихы со- нау VIII ғасырдан бастап зерттеледі, сондай-ақ, ойрат этногенезі мен төңіректегі түркі этностарының байланысы, ойрат ақсүйектері мен Шыңғыс әулетінің саяси-әскери және құдандалық байланысы, ойраттардың Моңғол империясының қанатын кеңге жаюындағы рөлі және олардың қазақ хандығымен байланысы т.б. мәселелер қарастырылған.

Ұлы Мұхтар Әуезовтың Манасты зерттегені сияқты, Түкең де Қытайда тұратын қырғыздың әйгілі манас- шысы Жүсіп Мамайдан қазақтың

«Жеті қаған-Арсылан хан» атты фольклорлық мұрасын жазып алып, реттеп, түсініктерін бере отырып кітап етіп шығарды. Ал аудармаларына кел- сек, қытай тарихшысы Су Бэйхайдың

«Қазақ мәдениетінің тарихы» (–Алма- ты: Дәуір, 2001.) және «Қазақтың жалпы тарихы»

(– Алматы: Асыл кітап, І, ІІ, ІІІ, IV т. 2018-2020 жж.) сынды субелі туындыларын атауға болады.

Алып жатқан атақтары да («Күлтегін», «Алаш»

сыйлығы, «Құрмет» ордені) жарқұлағы жаттыққа тимей еңбектенген осы ащы терінің бодауы дер едім.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

дегендей, Тұрсынхан Зәкенұлының құрастырып жазған оқулықтарын да бір төбе. Оның «Қытай әдебиеті» (– Өскемен: С. Аманжол атындағы ШҚМУ баспасы, 2005.) және «Қытай тарихы:

ежелгі заман және ортағасырлар», «Қытай тари- хы: жаңа және қазіргі заман» (– Алматы: Эверо, 2019. 1-2-кітап) атты оқу құралдары еліміздің жоғары оқу орындарында оқытылып жатыр. Жа- сыратыны жоқ, бүгінде көбіне-көп қытайтануға қатысты оқулықтардың көбі орыс тілінде, одан қалды, Қытайдан шыққан оқулықтардың аударма- сы түрінде бізге жетуде. Мұндай өз ұлтымыздың мүддесі тұрғысынан жазылған оқу құралдары жоқтың қасы немесе саусақпен санарлықтай. Де- мек, осындай тілі жатық, білім компонненті бай отандық оқулықтардың қатары молыға берсе құба-құп. Сол арқылы өзіміздің жоғымызды өзіміз жоқтап, ақтаңдақтарымызды өзіміз толтырамыз.

«Қытай әдебиетінде» ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі әдебиеттер қысқа да нұсқа, тілі жаттық, оқуға жеңіл жазылған. Әр тараудың соңында үй жұмысына арналған сұрақтармен, оқуға арналған әдебиеттер қоса берілген. Ақын-жазушылардың, сондай-ақ олардың шығармаларының аттары анық болу мақсатында қытайша берілген. Осындай әдебиеттің атау-терминдері қытайтанушы сту- денттерге ауадай қажет, себебі, жалпыға арналған сөздіктерде ол жоқ. Қысқасы оқырман Тұрсекеңнің қазыналы кітаптарының қай-қайсысын оқымасын, рухани алтын кенішке кенелетіні хақ.

Сөзіміздің соңында шудаларын шаң басқан қара нардай 60 жасыңыз құтты болсын, болат ұшты қаламыңыз қаңтарылмасын, оқырмандарыңызды мазмұнды да мағыналы шығармаларыңызбен қуанта беріңіз деген тілек айтамыз.

Мерей Шәріпхан

Referensi

Dokumen terkait

Ғылыми-техникалық мәтіннің тілдік ерекшеліктері а лексикалық ерекшеліктер жалпы қолданыстағы сөздер, көпшілікке түсінікті жалпы ғылыми ұғымдар, кәсіби терминдер; ә сөзжасамдық