№ 3 (88) 2012
477
Н. Ғ. ШӘЙМЕРДИНОВА
ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, ҚАЙРАТКЕР – МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ
Үстіміздегі жылдың мамырындағы Мырзатай Жолдасбекұлының 75 жылдық мерейтойына арналған кеште академик Серік Қирабаев баяндама жасап, ғалыммен бірге жұмыс жасаған уақытын ең бір маңызды, айтулы сәті деп еске алды. Осы кеште мерейтой иесінің халыққа сіңірген еңбегі жан-жақты кеңінен айтылды, өйткені Мырзатай Жолдасбеков мемлекеттік деңгейде еңбек сіңіріп қана қоймады, мысалға, Молықбайдың қобызын, Бақтыбайдың домбырасын, Мұқан Төлебаевтың роялін ел ішінен тапқанының өзі рухани мұра жанашыры екендігін айғақтаса керек.
Өйткені бұл музыкалық аспаптар – халқымыздың тарихы мен құнды қазынасы еді, ал мұны Мырзатай Жолдасбекұлы басқалардан гөрі тереңірек түсінгені анық. Бұл оның талантының бір қыры – зерттеуші, ізденімпаз қорықшының, рухани жанашырдың ғана қолынан келетін қабілеті еді. Оған Кененнің төл баласындай 10 жыл қасында бірге жүргені де, Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев сынды ұстаздарының тәлімін алып, өнегесін бойына сіңіргені де зор ықпал еткен еді.
Мырзатай Жолдасбекұлының қазақ халқының руханиятына қосқан өлшеусіз жемісті еңбегі еліміз Тәуелсіздік алған жылдары айрықша жарқырап көрінді. Көне түрк ескерткіштерін зерттеп, зерделеп, жас ұрпаққа жеткізуден басталған ғылыми жолында талай биік асуларды бағындырды. Нәтижесінде 40 жыл толғатқан «Орхон ескерткіштерінің толық Атласы» еңбегі жарыққа шыққанын ерекше айтуға болады.
Ұзақ жылғы ұстаздық қызметінде қоғамға еңбегін сіңіріп жүрген көптеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Кезінде өзінен бата алған жас дарындар бүгінде елімізге ғана емес, әлемге де танылып үлгерді, олардың арасында шет елдіктерді де тәнті еткен хас таланттар бар екенін мақтанышпен айтамыз.
Халықтың бірлігіне үлес қосып, Елбасыға тіреу болуда көрсеткен өнегесі өз алдына бір төбе. Бабалар рухын тірілтіп, даналар мұратын жас буынның санасына сіңіруде де аянбай қызмет етіп, арыстарымызды ақтау, Дүниежүзі Қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізу, Наурыз мерекесін қалпына келтіру, айтыс өнерін жандандыру, Иранда тұңғыш елші болу сынды жауапты шаруаларды атқарды. Мемлекеттік қызметте жүріп те, шығармашылығы мен ғылыми зерттеу еңбектерін өзінің қос қанатындай қатар алып жүрді. Бір ғана «Жамбылдың жастық шағы» кинофильмінің сценарийін жазып, қиын-қыстау уақытта экранға шығуына ат салысса, бір ғана «Тоты құс» әні Отанға деген сағыныштан туған, елшілердің әнұранындай болған туынды еді.
90 жылдардың басында Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов сынды арыстарымыздың халқына оралып, еңбектері рухани қазынамызды толықтырғаны, шет елдегі қандастарымыздың басын қосудағы еңбектері де тұлғалық, мемлекетшілдік тұлғасын биіктете түскен еді.
Ал Президенттік мәдениет орталығын басқарған жылдары Абылай ханның алтын зерлі қамқа тоны, Қаз дауысты Қазыбек бидің шапанын халықтың қазынасына, мемлекеттің игілігіне айналдырудағы жасаған шаруалары ата тарихымызды насихаттаудың жаңа серпіні, өзгеше үлгісі болды.
Әрдайым осындай қайраткерлік шаруалардың басы-қасында жүру арқылы қазақ халқын жақынырақ таныса, өзі де еліне жанашыр, абзал азамат ретінде кеңінен танылды. Қазақтың абыз ақсақалына айналып, елдің ыстық махаббатына ие болды. Бұл ешбір байлықпен өлшенбейтін, кез келгенге бұйыра бермейтін құрмет еді. Соның жарқын айғағы ретінде соңғы жылдары, әсіресе, Түрктілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің Ақсақалдар кеңесіне Қазақстанның атынан мүше болуы еді. Осы Ақсақалдар кеңесінің тұңғыш жиынын
Split by PDF Splitter
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
478
Қазақстанда өткізуге ат салысып, 2010 жылдың желтоқсанында биік деңгейде ұйымдастыру да Мырзатай Жолдасбекұлының нағыз түркшіл адам екенін көрсетті. Нағыз көк түрктің ұрпағы қандай болу керектігін және бір рет дәлелдеді.
Өткен ғасырлардағы алыптардың мәдени мұрасын бойына сіңіре білген Мырзатай Жолдасбеков баға жетпес құнды, рухани асыл қазынаны шашау шығармай, қиыншылығы мол XIX ғасырда сақтай отырып, күрделі де тынымыз, мәдениеттер алмасуы жүріп жатқан осынау XXІ ғасырда халықтың дәстүрін насихаттап жас ұрпаққа жеткізіп отыр. Дәуірлерді жалғастырған уақыттың алтын арқауы дегеніміз де осы болса керек.
Г.А. ШАРИПОВА
ХРОНИКА НАУЧНОЙ ЖИЗНИ ФИЛОЛОГОВ
С 10 по 12 мая сего года в университете имени Масарика на педагогическом факультете проходила Международная научная конференция «Актуальные проблемы обучения русскому языку – Х». Юбилейную часть пленарного заседания открыл декан педагогического факультета, физик Й. Трна, произнесший вступительное слово на русском языке. Он пожелал участникам конференции продуктивной работы, приятных впечатлений от пребывания в Брно.
Начало научного форума было построено так, чтобы ввести участников конференции, среди которых присутствовала группа казахстанских филологов, в ту культурно-историческую общность, что называется Masarykiana Brunensis universitas.
Особую роль в его возникновении сыграл Томаш Гаригг Масарик (1850-1937), профессор Карлова университета, позже первый президент Чехословакии. В рамках своей научной и политической деятельности он уделял особое внимание развитию чехословацких высших учебных заведений, подчеркивая необходимость широкой конкуренции в научной работе.
Учреждение второго чешского университета долгие годы было одним из политических приоритетов Масарика, в чем его поддерживали множество профессоров, студентов, а также широкая общественность.
Самой большой проблемой оказался выбор места для нового университета. Хотя и преобладало мнение, что он должен быть основан в Брно, но против были настроены населявшие город немцы, которые полностью контролировали его политическую жизнь и боялись ослабления своего влияния. В конце концов это стало причиной конфликтов на национальной почве, вылившихся в уличные столкновения в 1905 году. Конец Первой мировой войны и распад Австро-Венгерской империи создали благоприятные условия для основания нового университета, учрежденного 28-го января 1919 года и состоявшего из четырёх факультетов: юридического, лечебного, природоведческого и философского.
Нацистская оккупация нанесла университету невосполнимые потери: была казнена или замучена четверть профессорского состава природоведческого факультета. Негативные вмешательства последовали и со стороны коммунистической власти после 1948 года. Самые масштабные чистки произошли на юридическом факультете, который вынуждены были покинуть 46 % студентов, а в 1950 году факультет был полностью упразднен. Педагогический факультет был основан в 1946 году, однако, в 1953-1964 годах он был вне состава университета.
После «бархатной» революции в ноябре 1989 года университет мог развиваться вновь.
Здесь были основаны новые факультеты (экономики, информатики, социальных наук и физкультуры и спорта), на стадии завершения находится строительство университетского кампуса. За разработанную информационную систему университет получил европейскую награду EUNIS Elite Award (2005). В настоящее время университет имени Масарика включает девять факультетов. По количеству студентов и уровню аккредитованных образовательных программ занимает второе место в Чешской Республике и входит в ассоциацию университетов Европы (Утрехтская сеть).
Split by PDF Splitter