130 131
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011
Платонның «Игілік идеясын» Аристотель «Метафизика» атты еңбегінде «Таза ақыл» деп түсіндіреді.
Мұнда Аристотель Ақылды жаратушы деп түсіндіреді.
Платонның «заттар идеялардың көлеңкесі» мәселесі жөніндегі түсінігі Шәкәрімде «Жар – идеяны»
танымаған адамдардың алдамшы өмірі деп түсіндіріледі. Оған көптеп мысалдар келтіруге болады. Бұл өмір Платон айтқан «идеяның» әлсіз көшірмесі болғандықтан Шәкәрімнің түсінігінше «ақиқатты бас көзімен емес, ақыл көзімен» көруге болады. Абай да, Шәкәрім де осы мәселені көркемдік танымындарында басты ұстаным еткен десек артық айтқанымыз емес. Мысалы, Абай көзге көрінгеннің бәрін сол қалпында қабылдамай, ой көзімен бағамдауды «Менікі дегеніңнің бәрі онікі» деген жолдарда келтіріп отырады.
Тіпті Абай поэзиясының өзегі болып табылатын менменшілік пен өзімшілдік, дүниеқоңыздықтың барлығы дүниенің мәнін білмей, құбылысына алданудан екенін жазады. Абайдың көркемдік идеясында алданудың басы «Менікі дегеніңнің бәрі онікі» яки, адамның меншікті ештеңесі жоқ, бәрі де «Оныкі» яғни, Жаратушыныкі, тіпті адам тәні өзінікі болмағанда дүниені «менікі» деп алданудың түк қажеті жоқ екені айтылады.
Шәкәрімнің «таза ақыл» идеясы мен Платонның «таза идесы» бір-біріне ұқсас ұғым. Жоғарыдағы Шәкәрімнің «Үш анықта» Платонның еңбегінен келтірген мысалы осы үңгірдегі қараңғылықта жүрген адамдардың «күнді көрмей өмір сүруі» наданның өз жанындағы таза ақылды «ести алмау» себебінен.
Сол себептен Шәкәрім үшін де, Платон үшін де жоғарғы мораль жанның тазаруы болып табылады.
Жан тазарғанда адам «таза ақылды» тыңдай алады. Өйткені «таза ақыл» жан тазарғанда адамның шынайы ішкі дауысы бола алады деп ойымызды қорытамыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст. М.Жармұхамедов, С.Дәуiтов, (А.Құдайбердиев), –Алматы: Жазушы, 1988. -560 б.
2. Абай. 1994, №9.
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия. Часть первая. История философии. Алматы: Ғылым, 2007. -392 с. 4. Құдайбердiұлы Ш. Үш анық, –Алматы: Жазушы, 1991. - 80 б.
5. Нысанбаев Ә, Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. -Алматы: Қазақ университі, 1992. -160 б.
Редакцияға 29.11.2010 қабылданды.
Б.Н.СҮЛЕЙМЕНОВА
ӘДЕБИ ТІЛ – ТІЛ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ТҮРІ
In the article the connection of literary language to the general language norms, is examined and that literary language is a historical phenomenon.
Жалпы халықтық тілдердің болуы (әдеби тіл, аймақтық және әлеуметтік диалектизмдер, ауызекі, кәсіби сөйлесу т.б.) өз социумында (елде, этнографиялық қоғамда, әлеуметтік, әлеуметтік-жас ерекшелігіне байланысты топтарда) сол социумның тілдік нормасын құрайды. Тілдік норманың табиғаты - әдеби тілде, диалектіде, аргода бірдей болады [1], [2].
Әдеби тіл – бұл жалпы халықтық тілдік норманың біріне жатады. Бұл шынайы өмірде кең тарамауы ықтимал, себебі тұрғындардың көбі диалекті, ауызекі тілде сөйлейді. Дегенмен, әдеби тіл – таптық және диалектілік түрде біріктіретін жалпы халықтық тіл, сондықтан оның болашағы зор [3], [4]. Әдеби тілдік норма мен әдеби емес норма нұсқалары (варианттары) арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар: а).Әдеби тіл өзінің жергілікті диалекті қоры мен генетикалық байланысына қарамай, тілдің диалектісіз түріне жатады. Қазіргі кезде әдеби тілді қолдану саласы мен функциясы кеңейе түсті, ал норма – демократиялануда. ә)Қазір әдеби тіл нормасымен негізгі орта және жоғарғы оқу орындарын бітірген адамдар сөйлейді. Мектеп және жоғарқы оқу орындарының көбеюіне байланысты әдеби тілдік норма кеңейе түсуде.
Әдеби тілде үйлестіру шеңберінің екі түрі анықталады:
1.Нормативтік грамматика және сөздік түрінде жазылған, қатаңдау түрі. Бұл кодификацияланған әдеби тіл.
2.Кодификацияланбаған әдеби тіл – сөйлесу тілі (күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас тілі).
Әдеби тілдік норма әдеби емес тілдік нормамен салыстырғанда, өзінің алуан түрлігімен тұрақты. Диалектілер әдеби тілден енген кірме сөздерге бағынады, сол себепті әдеби тіл диалектінің әсерінен күштірек болады. Күн өткен сайын диалектіге қарсы әдеби тіл нормасынының өтімділігі арта түседі.
Аймақтық және әлеуметтік диалектілерге қарағанда әдеби тіл нормасы бойынша біршама жүйеленіп, анықталған.
Мысалы, ХІХ ғасырда ағылшын тілінен кірген клуб – клоб сөздерігің бірінші нұсқасы сақталып қалды, көбінесе дублет жұптарында бөліну болып, олар синонимге айналады. Синонимдер мен паралельді конструкциялар арасында семантикалық немесе стилистикалық өзгешеліктер арта түседі. Сондықтан, әдеби тіл – ортақ халықтық тіл ретінде қолайлы, сенімді, тұрақты, кең қамтылған, мазмұны терең және мүмкіндігінің әр алуандығымен сенімді.
Әдеби тіл, оның нормасы - ұлттық және тарихи құбылыс. Әдеби тілдердің ерекшеліктерін белгілейтін факторларға
– ұлттық тарихы мен оның мәдениетінің өзіндік ерекшелігі жатады. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетейік:
1.Әдеби тілдердің типологиялық айырмашылықтары. Лингвистикалық типология – тілдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Бірақ бұл мәселелерді ол тілдердің шығу тегі мен олардың бір-біріне әсер етуі тұрғысынан қарастырмайды. Түрлі тілдердің белгілі бір қабаттарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу мынадай типологиялық классификациялардың құрылуына жол ашты: тілдердің морфологиялық типологиясы, синтаксистік типологиясы, фонологиялық жүйелер мен дыбыстар тізбегінің типологиясы, лексикалық типология [3]. Әдеби тілдердің типологиясы функционалды типологияның (әлеуметтік лингвистиканың) бір бөлігі болып табылады.
Белгілі бір әдеби тілдердің арасында болатын айырмашылықтар олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен атқаратын қызметтеріне байланысты болуы мүмкін.
2. Әдеби тілдің әлеуметтік қызметтеріне тән айырмашылықтар. Қандай да бір әдеби тіл болмасын оның атқаратын қызметтерінің құрамы мен қолданылатын аясы болады. Бұл белгілер арқылы осы әдеби тілдің қоғам өмірінде алатын орны айқындалады. Әдеби тілдердің ішінде атқаратын қызметінің құрамы мен қолданылатын аясына қарай кең ауқымды болып келетіндері де болады: ауызекі сөйлеу тілінен бастап халықаралық, мемлекетаралық қатынастарға дейін қолданылады, мысалы: ағылшын, испан, француз, неміс әдеби тілдеріне оcындай ерекшеліктер тән. Сондай- ақ жазба тіл мен ресми іс-қағаздарының тілінде ғана қолданылатын әдеби тілдер де белгілі. Мысалы, араб әдеби тілі. Бұл тіл ауызекі сөйлеуде қолданылмайды, ал сөйлеушілердің күнделікті өмірде қолданылатын тілдері дұрыс емес болып есептеледі. Мұны диглосты тілдік ситуациялар деп атайlды.. Сонымен қатар ресми қарым-қатынаста қолданылмайтын әдеби тілдер де бар. Мысалы, Люксембургте әдеби тіл тек ауызекі сөйлеуде, мектептерде, бұқаралық қарым-қатынаста, көркем әдебиетте ғана қолданылады. Басқарушы органдардың ресми тілі-француз тілі болып табылады, ал шіркеулерде (құдайға құлшылық етуде, діни насихат жүргізуде) бірінші орынды неміс тілі иеленеді.
3. Әдеби және әдеби емес тілдер арасындағы дистанциялар. Әдеби тілдің рационалды-тарихи ерекшелігі - оның тілдің әдеби емес формаларымен (жергілікті және әлеуметтік диалектілер, қарапайым сөйлеу, сленг т.б) қарым- қатынасы арқылы айқындалады. Әдеби емес форма мен әдеби тілдің арасы алшақ емес тілдер де бар, сондай-ақ, екеуінің арасындағы қашықтық тым алыс болатын да тілдер бар. Мәселен, орыс тілінде әдеби тіл арасына қарапайым сөздерді қосып айтуға болады.
Сондықтан да тілшінің, халықаралық шолушының, спорт шолушысының, заңгердің бұқараға арналған сөздерінде қарапайым тілдің бояуларын кездестіруге болады. Сонымен қатар орыс тілінің ауызекі сөйлеу тілінде де кітаби стильде қолданылатын сөздер, канцеляризмдер, әдейі қолданылуы мүмкін.
Ал француз не чех тілдеріне қарайтын болсақ, мұнда әдеби сөйлеу тілі мен қарапайым тіл арасы тым алыс екенін және бұл қашықтықты жеңу оңай емес екенін байқаймыз.
Кейбір әдеби тілдерде (қазақ, қарақалпақ, белорус, украин, словен), керісінше, қарапайым әдеби тілде сөйлеу мен әдеби тілге географиялық жағынан жақын диалектіде сөйлеудің арасындағы тілдік алшақтық онша байқалмайды.
Мұндай сөйлеудің жеңіл диалектілік бояуының болуы «қате» есебінде қарастырылмайды. Бұл күнделікті - әдеби сөйлеуге тән «орынды ерекшелік» ретінде қарастырылады.
Әр түрлі тілдерді аударуда олардың әдеби және сөйлеу тіліндегі стильдік бояуларының арасында болатын айырмашылықтарын есепке алып отыру керек. Мәселен, орыстың бұқаралық тілінде қолдануға болатын куда Макар телят не гонял деген фразеологизмнің поляк тіліне сөзбе-сөз аударуға келмейді. Сондықтан да сөздің стильдік бояуын өзгертіп алмау үшін аудармада соған жақын болатындай баламасын тауып аударған жөн.
Белгілі бір бөлек әдеби тілдердің арасындағы өзгешеліктер – олардың тереңдігін және тілдегі көп мағыналық пен синонимдік қатарлардың ерекшеліктеріне қатысты болуы мүмкін. Мұндай тілдерге (француз, ағылшын, орыс) варианттарды қалай болса солай қолдана беру тән емес. Ал басқа (белорус, серб, словен) тілдерде варианттарды қолдана береді. Көп жағдайда бұл тілдерде варианттарды (параллельдерді немесе синонимдік қатарларды) алмастыра береді және олар бір-біріне мағыналық, стильдік жағынан аса көп ерекшеленбейді.
Мысалы, орыс тілінде сын есімнің қысқа не толық формалардың баяндауыш ретінде қолданылуы функционалдық жағынан ерекшеленіп тұрады. Қысқа формалар әдетте уақытша нәрселерді немесе басқа бір қатынасты білдіруге қызмет етсе, ал толық формалар – тұрақтылықты білдіру қызметін атқарады. (салыстырыңыз: мальчик болен – больной мальчик, рубашка коротка – рубашка короткая). Кейде қысқа формалар толық формалармен салыстырғанда кітаби тілге жақын..
Орыс тілінен гөрі белорус тілінде қысқа не толық формалы сын есімдерді қолдану сөзге мәндік не стильдік жағынан болсын өзгерістер әкелмейді. Мысалы: белорус тілінің дрэнні, кепскі, благі деген синонимдік қатарында семантикалық (мағыналық), стильдік жағынан ешбір өзгерістер байқалмайды. Ал, осы сөздердің аудармасы орыстың плохой, дурной, скверный, худой – сөздеріндегі дифференциация өте күшті байқалып тұр.[5]
Ескере кететін бір жайт: тілдерде параллельді немесе синонимді сөздерді қолдануда болатын өзіндік ерекшеліктердің қандай да бір субьективті факторлармен, яғни тілдік норманың, дәрежесі мен сипатына (ернекшеліктеріне)қатысты түсіндіру мүмкін емес. Бұл тілдің зерттелу дәрежесі мен қазіргі орнына байланысты емес, осы тілге қатысты обьективтік көзқарасқа байланысты. өйткені «жас» әдеби тілде параллельді немесе синонимдік қатардың қызметі әлі қалыптаса қоймауы мүмкін.
4. Әдеби тілдердің ұлттық – тарихи ерекшеліктері факторлары: Белгілі бір әдеби тілдердің арасында өзгешеліктер мәселесіне келетін болсақ, бұл өзгешеліктер олардың генеалогиялық жақындастық дәрежесіне байланысты еместігі айқын көрінеді. Мәселен, туыстас жақын тілдер бір – бірінен типологиялық ерекшеліктері мен стилистикалық жүйесі жағынан мүлде өзгеше болуы мүмкін (мысалы, орыс және белорус, чех және словак, моңгол және қазақ. Басқа
132 133
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011
жағынан, генеалогиялық жағынан алшақ болса да, әдеби типологиялық жағынан үйлесімді тілдер болады. (мысалы, орыс және неміс, неміс және француз тілдері.
Әдеби тіл нормасы – ұлттық және тарихи құбылыс. Жоғарыда көрсетілгендей, әдеби тілдердің ерекшеліктерін белгілейтін факторға – ұлттың тарихы мен оның мәдениетінің өзіндік ерекшелігі жатады. Бұл орайда, әсіресе, ұлттық әдеби тілдің қалыптасуы кезіндегі тарихи жағдайлар үлкен мәнге ие.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Балақаев М.Б. Қахақ тілі мәдениетінің мәселелері. –Алматы: Қазақстан баспасы, 1968. -7-52 б.
2. Реформатский А.А. Введение в языкознание. –М.: Аспект Пресс, 1996. -44-55 с.
3. Реформацкий А.А. Введение в языкознание. -М.,1967. -554 с.
4. XX ғасырдағы қазақ әдеби тілі. –Астана: Елорда, 2000. -343б.
5. Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. –М.: Аспект Пресс, 1996. – 206 с.
Редакцияға 15.03.2011 қабылданды.
Ғ.Қ. ХАСАНОВ
ЛЕКСИКАДАҒЫ ЖҮЙЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕСІ
Лексикадағы ішкі жүйелерден барып, кіші жүйелер дамып, көріне бастайды. Ой категориялары тілдің барлық салаларынан бұрын лексикада орын тебеді, өйткені адам танымы, логикалық, психологиялық ерекшелігі лексикалық жүйеден байқалады. Сондықтан тіл құрылымындағы әртүрлі жүйелер бір-бірімен қиылысып, ауысып өмір сүре береді. Бұл тілдің даму көрсеткіші, ал лексикадағы жүйелер сөздерді дамытады, мағыналарын түрлендіреді, ауыстырады және сол дамыған сөздер тілді дамытады, оның дамуының айғағы ретінде көрінеді. Лексикадағы жүйеліліктің ірге тасында басты категориялар: адам, әлем суреті, қоғам тұрады. Бұл үш бірліктің өзі макрожүйені құрайды. Бұлар жалпы тілдік салалардан гөрі сөздік құрамнан орын алады. Лексика құрамы жүйе құрағанда, оның ішінде әртүрлі лексикалық бірліктер ішкі жүйе құрайды. Лексикалық мағынада кез келген ұлттың қоршаған орта, әлем туралы түсінігі, білімі көрінеді. Сол себепті бұл мағыналардың дамуы әр тілдің өзіндік жүйесі бойынша жүреді. Қазақ тіліндегі лексикалық жүйелерден кішігірім байланыс, қатынастардың даму көрінісі жалпы сөз мағынасының дамып, өзгеріп отыруын көрсетеді.
Қазақ тілі лексикасының жүйелілік қатынастарының бөлінуі алғаш А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Н.Т.Сауранбаев еңбектерінде басталып, Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тілі лексикасы» еңбегінен бастап толық қарастырыла бастайды. Бұдан соң Ә.Қайдар, К.Аханов, Р.Сыздық, Н.Оралбаева, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, М.Серғалиев, Б.Қалиұлы, Б.Сағындықұлы, М.Оразов, Ж.А.Манкеева, Ф.Оразбаева, А.К.Жұмабекова т.т. тілшілердің зерттеулерінде тереңірек зерттелуге көшеді. Бастапқы еңбектерде орын алған осы жүйелік бөлу күні бүгінге дейін дәстүрлі атына ие болып қолданылып келеді:
а) Сөздіктер жүйесі (лексикографиялық аспект).
б) Сөз мағыналарының жүйелік қатынасы: антонимия, синонимия, омонимия, полисемия.
в) Актив, пассив лексика жүйесі немесе лексиканың жүйелік қатынасы сөздік құрамның тақырыптық топтар, ЛМТ-ға жіктелуінен анық байқалады. Мұнда негізінен, зат есімдер мол орын алады. Мысалы:
киім-кешек атаулары, жан-жануарлар атауы, табиғат құбылыстары атаулары т.т. Сонымен қатар, жүйелік қатынас әртүрлі сөз мағыналарынан, олар білдіретін ұғымдардың жүйелі түрде орналасуынан көрінеді.
Тақырыптық топтар, семантикалық өріс, концептілердің құрылымдық жүйелері лексикалық жүйенің күрделі түрлері болады, сонымен бірге, олар өз ішінде жүйелік жиынтықтардан тұрады. Бұлар жүйе ішінде кіші жүйешелерді құрап, сол бойынша мағыналары жалғасып немесе қарсы келеді. Мәселен: тілдегі оппозициялық қатынастар – синонимия, омонимия категорияларын көрсетсе, таза оппозициялық қатынас антонимиялық жүйені құрайды. Полисемантизм – белгілі-бір заңдылық бойынша дамитын тілдегі жүйелік қатынастың күрделі түрі. Ал үшінші жүйелік қатынастардың көлемінде орыс, қазақ тілшілері сөз кластары қабаттарын қарама-қарсы қойып қарастырады. Мәселен: кірме лексика – төл лексика; сөздік құрам – негізгі сөздік қор; актив – пассив лексика т.т. Ә.Т.Қайдаров қазақ тілі лексикасын этнолингвистика тұрғысынан
«Табиғат», «Адам» және «Қоғам», деген үш салаға бөліп: «ғылымдағы идеографикалық классификация бойынша анықталатын микросистемалық ұғымдардың бәрі осы үш саланың аясына толық сыяды екен» – деп жазады [1,36]. Ал Б.Қалиев жүйенің мынадай белгілерін көрсетеді:
а) «жүйедегі элементтердің көптігі...»;
б) «заттардың (ұғымдардың) бір-біріне ұқсас, жақын болуы...»;
в) «жүйе элементтерінің біртектес, бірыңғайлас болып келуі»;
г) «бір-бірімен мағыналық, ұғымдық жағынан байланысты болуы, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте және тұтастықта болуы...;
д) «әрбір жеке элементтің бір-біріне бағыныштылығы, тәуелділігі»;
е) «..бір-бірімен теңестіруге немесе салыстыруға болатын элементтердің ғана емес (яғни ұқсас жақтары ғана емес), сонымен бірге, жүйеде бір-біріне қарсы қоюға болатын біртектес элементтерінің де (яғни өзгешелік жақтарының да) ұшырасатындығы...»; [2,5-6]. Ал Б.Хасанов анықтамалық сөздік ретінде шыққан
«Қазақ тілі» энциклопедиясындағы «Тілдік жүйе» атты мақаласында жүйені «Тілдік жүйе – табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. ...Тіл – таңбалар жүйесінің ерекше түрі. Ол екі қалыпта жүйеленген.
Бірі – тілдік тұлғалар қатынасының «тік» қалыпта жүйеленген ережелері мен заңдары (парадигматика);
...Екіншісі – тілдік тұлғалар қатынасының «көлденең» байланысты қалыптасқан жүйесі (синтагматика)», – деп анықтайды [3,421]. Міне, осындай белгілерінен кейін, жүйеге «...тіліміздің лексикалық жүйесі деп – бір-біріне жақын, ұқсас, біріне-бірі тәуелді, байланысты, сондай-ақ, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтастықта болатын, бірінің құрамына бірі сатылап енетін біртектес бірнеше элементтердің тобын, жиынтығын айта- мыз» [3,421].
Орыс тіл білімінде лексиканың жүйелік қатынасын қарастыру неғұрлым күрделі түрде жүргендігі байқалады. Орыс тіл біліміндегі лексикалық жүйені сөздің екі жағдайда байланысқа түсетін қасиетіне орай парадигматикалық және синтагматикалық жүйелерге бөліп зерттейді. Сондай-ақ, кейбір зерттеушілер араласқан жүйе – эпидигматикалық жүйені олардың санына қосады. А.К.Жұмабекова орыс тіл білімінде лексиканың жүйелік мәселесін осы тұрғыда шешуді дәстүрлі түрде зерттеген жөн деп есептейді. Сонымен қатар, ол бұл дәстүрлі түрдегі зерттеуге логикалық және деңгейлік, өрістік зерттеулерді қосып, оларды төрт түрге жіктейді. Дәстүрлі жүйенің мәселесінде үлкен рөл атқаратын парадигматикалық қатынас және синтагматикалық қатынас, олар өз ішінен әртүрлі байланыстар құрайды. Парадигматикалық қатынасты Э.В.Кузнецова екіге бөледі: сөздік оппозициялар және сөз кластары [4,43]. Сөзбелік және сөздік оппозициялар – екі сөздің тұлғасы немесе мағыналық құрылымы жағынан ортақтық қасиетке ие болып қатынасқа түсуі. Сөзбелік оппозиция үш типке бөлінеді:
а) формалды оппозициялар;
б) семантикалық;
в) формалды-семантикалық.
Формалды оппозицияға ортақ морфемикасы болғанымен, мағынасы үйлеспейтін сөздер жатады.
Мысалы: салу – салыну; хат жазу – дастарханды жазу; семантикалық оппозицияға ортақ семалары бар, мағыналық жақындыққа ие, бірақ ортақ морфемалық құрылымы жоқ сөздер жатады. Мысалы: қой – «түлік түрі»; ешкі – «түлік түрі» немесе ер «туыстық атау»; әйел – «туыстық атау» т.т. Формалды-мағыналық оппозицияда форма да мағыналық компонентке ұқсас келеді, тек ішінара өзгерістер болады: төбешік – төбе; балақай – балақан; құлыншақ – құлын т.т. Парадигмалық байланыстың екінші ірі тобын сөз кластары құрайды. Орыс тілі лексикасындағы кластар парадигматикасы үш түрге жіктеледі:
а) формалды класс;
б) формалды-семантикалық класс;
в) семантикалық класс.
Формалды класқа ортақ мағыналық байланысы жоқ сөздер жатады, мәселен бір септеу жүйесіндегі зат есімдер; жіктеу парадигмасындағы етістіктер т.т.
Формалды-семантикалық класқа мағынасы мен формасы жағынан ұқсас сөздер жатады. Қазақ тілінде бұған бір түбірден шыққан сөздер немесе сөзжасамдық жұрнағы ортақ сөздерді жатқызамыз. Мәселен:
жазушы, сыншы, балташы немесе алу, салу, бару, қалу, талу етістіктерінің жіктелуін алуға болады.
Семантикалық класқа ортақ мағыналық құрылымға ие, алайда морфемдік тұлғалары әр түрлі сөздерді жатқызамыз. Мәселен: ұнату-жақсы көру; ғашық болу – сүю – ынтық болу; сыйлау – құрметтеу – қадірлеу – бағалау т.т. Сонымен қатар, тіл лексикасындағы жүйелік байланыс сыртқы факторлардың әсерінен құбылып, өзгеріп дамиды. Синхронды түрде бұл даму сатысындағы өзгерісті қарастырғанда сөздер бір үлкен мағыналық бірлестікте бірігіп қиылысады. Бұл бірігу тақырыптық топтарға ұқсас болғанмен, бұнда зат есімдерден басқа да сөз таптары кездеседі. Шетел лингвистикасынан келген «семантикалық өріс» те- ориясы бойынша бөлу жүйелік байланыстарды жоғарғы деңгейге көтерді. Орыс тіл білімінде С.Г.Щур тақырыптық топтарға қарағанда, өріс теориясының артықшылығын дәлелдеп, лексикадағы парадигмалық, синтагмалық қатынасты ортақтастыратын категория екендігін зерттеп жазды. Семантикалық өріс бойынша идеографиялық сөздіктер жасала бастады, мәселен, Ю.Н. Карауловтың 1976 жылы және В.В.Морковкиннің 1977 жылы шыққан сөздіктерін атауға болады. Бұл сөздіктер қиюласқан, парадигматикалық, синтагматикалық жүйелердің мағыналық байланысын қамтуға тырысады. Өз еңбегінде А.К.Жұмабекова тілдің лексикасын жүйесін зерттеудің моделді түрде зерттеу деп атап, Г.С.Щур, А.В.Бондарко, Ю.Н.Караулов, А.А.Уфимцева сияқты ғалымдарға сүйеніп, оны екіге бөледі:
«а) деңгейлі модель, мұнда жүйенің иерархиялық қатынастары байқалады;
б) өріс моделі» [5,23]. Семантикалық өріс моделі шет ел лингвистикасында парадигматикалық және синтагматикалық қатынас негізінде қалыптасқан. Бұның басты артықшылығы, әртүрлі сөз топтарындағы сөздер мағыналық ортақтық принципі бойынша бір үлкен өріске топтастырылады. Семантикалық өріске тақырыптық топтар, лексика-семантикалық топтар терең сыйып отырады, себебі өріс моделі өз ішінен қиюласып жатқан шеңбер түрінде көрінеді. Мысалы: жан-жануарлар, мал атаулары лексика-семантикалық