• Tidak ada hasil yang ditemukan

Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

Г.Ж.Асылханова Н.О.Байғабылов

Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. Ломов кӛшесі, 64 Тел.: (7182) 45-11-96, e-mail: [email protected]

«Диаспора» сӛзі – грек тілінен шыққан, «шашырау» деген мағынаны білдіреді, жаңа ортада этникалық аз топ боп ӛмір сүріп жатқан басқа діни және этникалық топтарға қолданыла бастады. Қазіргі саяси ғылымда

«диаспора» ұғымы этникалық саясаттың алты санатының біріне жатады және «кӛшіп барған, қарсы алған елінде тұратын және әрекет ететін, бірақ шыққан елімен күшті сентименталдық және материалдық байланысы бар этникалық азшылық топты» сипаттайды [1, 6 б.]. Қазақ диаспорасы алысқа, сыртқы шекараларды кесіп ӛтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ресейге, Орта Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, сосын бүкіл дүние жүзіне кӛшіп-қонған, алдымен уақытша кӛшкенімен, соңынан тұрақты қалып қойған. Қазіргі кезде әртүрлі ақпарат кӛздерінің мәліметтері бойынша қазақ диаспорасы ӛкілдерінің саны 5 млн.-ға дейін жетеді. Қазақ халқы ӛзіне тән кӛшпенділік ӛмірге бейімділігімен дүниежүзінің тӛрт бұрышына тараған, қай жерде болмасын бейімделуге икемді халық. Қазақ диаспорасы ӛз тарихында саяси, экономикалық және діни себептердің салдарынан күштеген немесе мәжбүрлеген сипаттағы кӛші-қонды бастан кешірді, бүгінде қоныстанып отырған екінші отандарына келуде итермелеуші себеп түбіде осында жатыр.

Қазіргі шетелдік саяси ғылымда “ирредента немесе қайта қосылмаған ұлттар” деген термин қолданыста, отандастары басым тұратын мемлекетпен шектес аумақтарда қоныстанған этникалық аз топтар ретінде қазақтар атамекенмен шекетес мемлекеттерде топтасып ӛмір сүріп жатыр.

Шекараларының жақындығы, мәдениетінің ортақтығы, ата қоныста ӛмір сүруі ирреденталарды, яғни қазақтарды ӛз ата жерінде тұрып жатуы алыс шетелдерде тұратындарына қарағанда анағұрлым «ашық» болуына жағдай туғызып отыр. Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму кӛкжиектері туралы сӛз қозғағанда Қазақстанмен шектес елдерді біріншіден тілге тиек болады. Олардың басым кӛпшілігі Ресей Федерациясында қоныстанған.

Ресейдегі қазақтар Федерацияның 21 субъектісіне шашырап кеткен. Ең кӛп қазақ мәдени орталықтарыда – Ресейде деп саналады. Ресейдегі қазақтар Алтайдан бастап Астраханьға дейінгі аумақта орналасқан. Яғни шекаралас ӛңірлердің бәрінен қазақ ауылын кездестіру қиын емес. Себебі басым кӛпшілігі ӛзінің байырғы ата қонысында тұрақтап отыр, “ирредента”

ұғымыда орынды қолданылып отыр деп айтуға болады. Ресей жерінде ӛзге жұрттың арасында қазақтар алғашқы ондықтың қатарына енген. Бірақ

(2)

санақ барысындағы статистикалық мәліметтерде алшақтықтар кездеседі деген пікірлер бар.

Сондай-ақ қазақтар толық басым тұратын аудандарда болсын ана тіліндегі білім ордалары мәселе тудырып отыр. Тілі жоқ ұлттың - болашағы бұлыңғыр екені түсінікті. Ал бізде Қазақстанда әрбір диаспораның жеке жексенбілік бағдарламалы мектептері бар екені белгілі.

Отандастарымыз үшін білім беру саласындағы басты проблема мектептерде ана тіліндегі оқу және кӛркем әдебиеттің тапшылығы және мерзімді баспасӛздің таратылуы орынды шешілсе оңтайлы болар еді, бұл пікір Ресейлік қазақтар тарапынан іссапар барысындағы сұхбатта қанық болдым және қазақ жастары арасындағы ассимиляция үрдісіде оларда қауіп тудырып отыр.

Ресеймен қатар кӛршілес Қытайда да Ресей Федерациясына ұқсас статистикалық алшақтықтар кездеседі, халықтың кӛп бӛлігі тіркелмеген деген мәліметтер бар. Күнасты еліндегі қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең кӛбі болып табылады. Іргелес орналасқан Ӛзбекстанда латын графикасына кӛшуі, Кырғыз Республикасында ана тілінде теле және радио бағдарламар мәселесіде қазақтар үшіндік ӛзіндік жағымсыз әсерді тудырып отырғаны түсінікті.

Кӛршi Ресей, Қытай, Моңғолия, Ӛзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерiнiң шекаралас аумақтарындағы отандастарымыз тұратын аудандарда Қазақ радиосының, атап айтқанда "Шалқар"

мамандандырылған радиобағдарламасының мемлекеттiк тілдегі бағдарламаларының таралуы, қазақ диаспорасы жинақы орналасқан жерлерде “Қазақ елi” газетiн, “Алтын бесiк” журналын тұрақты шығару мен тарату бұл саладағы проблемалы мәселелер күйiнде қалып отыр [2].

Шетелдегi қазақ диаспорасы ӛкiлдерi үшiн қазақстандық баспасӛздiң қол жетiмділігi мәселесiн iшiнара шешуге “Caspionet” спутниктiк телеарнасының мүмкiндiктерi ықпал етедi. Қазiргi уақытта телеарна Еуропа, Орта Азия, Орта Шығыс және Солтүстiк Африка елдерiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде хабар таратуды жүзеге асырып келедi.

Ал, қазақ диаспораларына қатысты Батыс Европа елдерi, әсiресе АҚШ-тың ықпалындағы елдерде қазақ тiлi мәселесi кӛтерiле бастады.

Олардың алдыңғы қатарында Франция, Германия, Англия тұр. Бүгіндегі жаһандану заманында «евроцентристiк» кӛзқарас әлсiрей бастауымен шетелдерде қазақ тілі жақсы жолға қойылып шет тілі ретінде оқытылуда АҚШ және Еуропа елдерінде жоғарғы оқу орындарда оқытылуда. Европа құрылығында қазақ тiлiне қызығушылықтың ӛзiндiк тарихы бар.

Дүниежүзінің 30-дан астам елдерінде қазақ диаспорасының 5 миллионға жуық ӛкілдері тұрады. Ал атажұрттан тысқары кеткен қазақтар әлемнің қай түпкірінде жүрсе де, ӛзінің қолтаңбасын қалдыруға тырысып бақты. Мысалы, Стамбұлда «Қазақкентін», Ауғанстанда «Қазақ сарайын», Үндістанда «Қазақабадты» салдырғаны тарихтан белгілі.

Жалпы әлемдегі қазақ қауымдастығының даму кӛкжиектері бұлыңғыр болмауы үшін жоғарыда атап кеткен мәселелерді шешуін тауып

(3)

жастса “нұр үстіне нұр” болар еді. Осы бағытта еліміздің тарапынан атқарылып жатқан оң істерде қуантады. Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші Құрылтайы биылғы жылы алтыншы рет Норвегия елінің Осло қаласында ӛтіп, «Еуропа елдерінде тұратын қазақ диаспорасы жастарының ассимиляцияға ұшырау мәселелері және оны шешу жолдары» атты халықаралық дӛңгелек үстелдің ұйымдастырылуы кӛптеген кӛңілді күпті қылған сауалдарға жауап бергізді.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен күрделі мәселелердің бірі қандастарды отанға қайтару мәселесі болды. Кӛтерілген проблеманы шешу елдегі демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында болғаны аян. 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанға 14 млн адама ӛмір сүрсе 1989 санақ нәтижесі 16 млн. адамды (ал оның 6 496 858- ы қазақ яғни 40,1%.) кӛрсеткен болатын, яғни 10 жыл ішінде 7,7% кеміп кеткен [3, 6 б.]. Осы орайда мемлкет тарапынан репатрация мәселесі кӛтеріліп Елбасы Н.Назарбаев оң істің бастауында болып, ӛз еңбегінде қандастардың атамекеніне оралуын суверенитетті мемлекет тұрғысынан атап кӛрсетті.

1990 жылдардан басталған кӛш жағдайына келер болсақ, ең алғашқы кӛшке әлемдегі қазақ қауымдастығы тарапынан мұрындық болғандар студент жастар мен зиялы қауым ӛкілдері болды. 1991-1992 жылдан басталған кӛш қазірге дейін жалғасып келе жатыр, десек те соңғы жылдардағы аяқ алысымыздың баяулығы жасырын емес. “Нұрлы кӛш”

бағдарламасыда, атамекеніне келіп білім нәрімен сусындап жатқан қаракӛз қандастарымызда кейбіреуінің ертең ӛздерінің екінші отандарына кәсіби маман ретінде оралып жатуыда әлемдегі қазақ қауымдастығының даму кӛкжиегін кеңейте түсері хақ.

Әдебиеттер

1. Диаспора // http://ru.wikipedia.org/wiki /

2. Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы http://www.sana.gov.kz/

3. Итоги переписи населения 1999 года в РК. Национальный состав населения РК. - Алматы, 2000. - Т. 1. - 241 с

(4)

Форма заявки на участие

Фамилия, Имя, Отчество: Байгабылов Нурлан Оралбаевич

Название статьи: Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму кӛкжиектері Место учебы, работы: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Магистратура: специальность “Социология”

Ученная степень, ученое звание, должность: магистрант.

Домашний адрес: РК г.Павлодар М.Горького 55-189, дом.тел.: 679314 Адрес организаций: РК г.Павлодар, ул. Ломова 64 ПГУ им . С.

Торайгырова

Телефон (факс): 451196

Планируемая форма участия: очное Форма выступления : устный доклад

Содокладчик: Гульнар Жанабековна Асылханова, кандидат социологических наук, профессор ПГУ им.С.Торайгырова

Referensi

Dokumen terkait

Біз қазіргі заман қытай тілін үйренгенде міндетті түрде тіл дыбыстарын, қытай иероглифтерін қытай тілінің жазу таңбалары, сөздік қорды игеруден тыс, оның грамматикалық ерекшелік- терін