1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
205
Қолданылған әдебиет
1.Хачатурян С.Д. Психологические условия эффективности функционирования
«Телефонов Доверия». Учебно-методическое пособие. Владимир, 2000.
2.Базарбаева К.К. Қарым-қатынас психологиясы: оқу құралы.– Астана, 2011. – 172 б.
3.Айтышева А.М. Психологиялық кеңес беру іс-әрекетін жоғары мектептегі психологияны оқытумен байланыстыру мүмкіндіктері. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Хабаршысы. Ғылыми журнал. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. Астана,
№8. 2010ж. Б.- 71.
4.Қазақстан мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау, Астана, 2013ж. -162б.
5.Джонсон В. Азбука кризисной помощи //Телефон Доверия. Служба телефонной экстренной психологической помощи для подростков и молодежи / Институт молодежи. М., 2004.
6. Балалар қоғамдық кабылдауы және Сенім телефонына кезекшілік бойынша нұсқаулық.
Астана, 2102ж.
ӘСКЕРИ-ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР Хасанова А.С.
2 курса магистранты, 6М050300 «Психология» мамандығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Казахстан.
Ғылыми жетекші - Г. Айкинбаева
Әскери қызмет – кез-келген мемлекет азаматтарының Отанды қорғаудағы негізгі әрекет түрі. Мемлекет, әскери қызметтің мәні, өту тәртібі мен мазмұны, құқықтары мен міндеттері, әскери қызметкерлердің жауапкершіліктері туралы арнайы заңдар қабылдап, бекіткен. Әскери қызмет тек азаматтардың жоғары мәнге ие негізгі әрекет түрі ғана емес, сонымен қатар ерекше жағдайлармен байланысты қызмет түрі болып табылады. Бұл қызмет түрі, әскери қызметкерлерден үлкен физикалық қысым мен рухани күшті, моралді- жауынгерлік сапаны ұдайы жетілдіріп отыруды талап етеді. Әскери қызметке келген азаматтардан ереже бойынша олардың (жас жауынгерлердің) денсаулық жағдайына, кәсіби дайындық деңгейіне, моральдік-психологиялық ахуалдарына жоғары талаптар қояды. Әскери қызметтің негізгі ерекшелігі – әскери қызметке қабылданған әрбір азаматтың міндетті түрде жауынгерлік антты қабылдауы. Әскери қызметкер (жас жауынгер) ант қабылдай отырып, толық қызметтік құқыққа ие болады және оған қызметтік міндеттер жүктеледі. Жас жауынгерлердің және де басқа да әскери қызметкерлердің берген анттарын бұзудың салдары, дисциплинарлық және қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Әскери қызметтің басқа қызмет түрлерінен айырмашылығы, бұл қызметтің өткір міндеттемелік сипаты және әскери қызметкерлердің өздерінің қызметтік міндеттерін орындауының жоғары деңгейде болуы.
Жауынгерлік әрекеттің негізгі аймағы қарулы күрес және осы қарулы күреске әскери бөлімдердің құрамының дайындығы. Бұл қызмет түрі адам әрекетінің спецификалық сипатына ие. Әскери-жауынгерлік қызмет басқа барлық қызмет түрлерінен өзінің тапсырмаларымен, мақсатқа жету құралдарымен, тәсілдерімен және жағдайларымен ерекшеленеді. Жауынгер-лердің бейбіт кезеңдегі дайындығы, оларға кенеттен жүктелетін міндеттерді сәтті орындауы үшін, ұдайы жауынгерлік дайындықты ұстап тұру мен тұлғаның моральдік-психологиялық ахуалын сақтап тұруға негізделген.
М.В. Фрунзенің айтуы бойынша: «Әскери мекеме – өзінің мүшелерінен ерекше нақтылықты, орындаушылықты, шыдамдылықты, барлық өкімді орындаудағы жылдамдықты талап ететін спецификалық ұйым...» [1, 63б]. Барлық жауынгерлік әрекеттер Қарулы күштер тарапынан арнайы бұйрықтармен, нұсқаулармен реттеліп
206
отырады. Мұнда көптеген компоненттерді бөлуге болады: жауынгерлік жағдайдағы әрекет (жауынгерлік әрекет) және бейбіт кезеңдегі әрекет (бейбітшілік жағдайындағы әрекет).
Көрсетілген екінші әрекет түрін толығырақ қарастырып өтейік.
Әскери-кәсіби әрекет – бұл қарапайым, күнделікті бейбіт кезеңдегі әрекет түрі. Бір қарағанда бұл қызмет түрі әскерлер үшін бұл қызметке келгенге дейін айналысқан әрекет түрінен ешқандай айырмашылықсыз көрінеді. Бірақ бұл пікір қате. Әскери қызметке жаңа келген жас жауынгер ең алдымен өзінің әдеттегі үйреншікті жүріс-тұрыс стереотиптерінен бас тартуы керек. Бұл әскери қызметті өтеу ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, бір орталықтан басқару қағидасына сәйкес жас жауынгерлердің өз еріктері мен қалауларының саналы түрде өзге адамға – командирге тәуелді болуы, бұл жағдай әлеуметтік- психологиялық тұрғыда тұлғалық еркіндік пен таңдау белсенділігінің шектелуімен жалғасады. Тұлғалық тәуелсіздік пен еркіндік деңгейінің шектелуінің қажеттілігі, әскери ережелермен сәйкес орнатылған заңдылық (мұның ішіне күнтізбелік реттегі орындау міндеттерін кіргізуге болады және т.б.).
Қазіргі заманғы қоғамда әскери қызметті өтеу немесе әскери оқу орындарына түсу ережелеріне сәйкес, барлық талаптарға сай барлық азаматтар үшін (ауыл, қала және т.б.) бірдей. Олардың барлығы арнайы кәсіби психологиялық іріктеуден өтеді. Бұл іріктеу әскери қызметтің профессиограммасына сәйкес өткізіледі. Сонымен қатар, қызметке немесе оқу орындарына толығымен қажетті тұлғалық сапаларының даму деңгейі, білімі, әскери-кәсіби қабілеттілігі, денсаулық жағдайы барлық талаптарға жауап бере алғанда ғана қабылданады.
Әскери-білім беру орындарындағы оқыту-тәрбиелік үрдіс – бұл мақсатқа бағытталған, оқытушылар мен білім алушылардың бұйырылған әрекетті жоспарға сай орындауын талап ететін, жоғары квалификациялық, дисциплинарлық, жан-жақты дамыған, жауынгерлік қызметте бағыныштыларды, оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда жоғары дәрежеде тәжірибелік дағдылардан терең білімді офицерлерді дайындауға бағытталған жүйе. Әскери мекемелердегі оқыту-тәрбие жұмыстары, басқа да азаматтық білім ордаларының оқыту-тәрбие жұмыстарынан өзінің әскерлерді жауынгерлік және саяси дайындықтан өткізуімен және басқа да айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктердің ішінде ең маңыздысы біріншіден, жас жауынгерлер өздерінің тұлғасын жан-жақты дамытып қана қоймай, жоғары дәрежедегі профилде, әскери-кәсіби білім алып шығады.
Екіншіден, әскери-білім беру орындары тек әскери маманды ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушыларды, әскери педагог пен тәрбиешілерді дайындайды.
Үшіншіден, әскери-білім беру орындары үшін жауынгерлік (бөлім, взвод, рота, батарея т.б.) және жоғары оқу орындық (оқу бөлімдері – сынып, курс, факультет) мекемелердің сипаты тән. Оқыту-тәрбиелік жұмыстар қатаң жауынгерлік ережелермен, тәртіппен жүреді. Бұл жас жауынгерлердегі жоғары деңгейдегі тәртіптілікті, ұйымшылдықтың қылыптасуын қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, әскери-білім беру орындарындағы оқыту- тәрбиелік жұмыстарының көп бөлігі сыныптар мен лабораторияларда емес, ашық алаңдарда, ауада, суда, жауынгерлік жағдайда өткізіледі. Бұл жағдайларда оқыту-тәрбиелік жұмыстарын жүргізу жас жауынгерлерде басшы мен ұйымдастырушы тұлғасын қалыптастыруда, жауынгерлік қызметке, күрделі жауынгерлік жағдайларға дайындық деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік береді.
Бесіншіден, әскери-білім беру орындарындағы оқыту-тәрбиелік жұмыстарының орта мектептегіден айырмашылығы, жауынгерлерді дайындаудағы педагогикалық әрекеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады.
Жас жауынгерлермен оқыту-тәрбие жұмыстарында маңызды орынды, оларда әскери педагог пен ұйымдастырушының сапаларын қалыптастыру алады. Бұл қатысушыларды
207
оқыту мен тәрбиелей білуге байланысты, яғни офицерлерден талап етілетін маңызды қасиеттердің бірі, өзінің мазмұнында айқын көрінетін педагогикалық сипаттың болуы.
Жас жауынгерлердің толық массасы батальон, рота және взводтарға бөлінеді, яғни олар бөліне отырып белгілі бір ұжымдарды қалыптастырады. Жас жауынгерлік ұжымдарды әскери қатынаста жоғары дәрежеде дайындалған, көбінесе өмірлік және практикалық тәжірибесі бар командирлер басқарады. Олар ұжымдарды басқара отырып, тәртіп пен ережелерді нығайту үшін, оларды оқу-тәрбие міндеттерін үлгілі орындауға бағыттайды, осы жағдайларға байланысты сәтті оқу мен күшті әскери тәртіптің нәтижесі ретінде жас жауынгерлердің адаптациясының сәтті өтуі көрінеді.
Жас жауынгерлердің тұлғасының мазмұны олардың оқуының, ішкі және қадағалаушылық қызметті өтеуінде, техникамен жұмыс, тәрбиелік, спорттық іс- шаралар кезінде және әскери-жауынгерлік әрекеттерді орындау барысында көрініс табады және дами түседі [2].
Жас жауынгерлердің әрекетінің негізгі түрлері: оқу-теоретикалық, оқу- тәжірибелік, әскери-қызметтік, өзіне қызмет көрсету.
Әскери-қызметтік әрекет – жас жауынгерлердың тәуліктік наряд, қарауылдық және гарнизондық қызметті орындаумен, жас жауынгерлік бөлімдердің командирлік және ағалық міндеттерін орындауымен байланысты.
Әскери-кәсіби тәрбие, жас жауынгерлердегі жауыгерлік парыз сезімін, сенімділік, антқа беріктік, әскери қызметке, өз мамандығына деген махаббатты, әскери басқарушы мен ұйымдастырушылық сапаларды, күшті ерік пен дербестікті, жауапкершілік алуға әрқашанда дайын болуды, шешім қабылдай алу, тұрақтылық пен кез-келген жағдайда әскери-жауынгерлік міндетті соңына дейін орындай алу сияқты жауынгер үшін маңызды қасиеттерді қалыптастырады.
Құқықтық тәрбие, жас жауынгерлерде Конституцияға және өзге де заңдарға, әскери қызметте орнатылған тәртіпке деген жоғары құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Эстетикалық тәрбие, жас жауынгерлерда сұлулықты түсінуді, әскери және жалпы жүріс-тұрыс мәдениетін, қызметте сұлулықты жасай алу, өзінің жеке өмірінде де өз қызметітінің эстетикалық ерекшеліктерін сақтай алу және басшылар мен қол астындағы қызметкерлерге қатынас жасағанда әскери мәдениетті сақтауды қалыптастырады.
Физикалық тәрбие, жас жауынгерлердің денсаулығын нығайту мақсатын көздейді, сонымен қатар олардағы физикалық күшті, батылдықты, шешім қабылдау қасиеті, икемділік әрекеті, реакцияларының тездігін, төзімділікті, жоғары физикалық және психикалық қысым жағдайында жұмыс істей алу қабілетін, қол астындағыларына физикалық тәрбие жүргізе алу сапаларын дамытады.
Нәтижесінде жас жауынгерлердің негізгі тұлғалық қасиеттері қалыптасатын тәрбиелеудің бұл негізгі бөлімдері кешенді, біртұтас, бөлінбей жүзеге асырылады. Жас жауынгерлердің әскери-оқу орындарына түскенде, алғаш әскери қызметке келгенде, олар өздері үшін мүлдем таныс емес болған, өздерінің әдеттегі өмірлерінен ерекшеленетін жаңа ортаға келеді. Әскери оқу орындарындағы, әскери қызметтегі жас жауынгерлердің адаптациялық жағдайы басқа азаматтық жоғарғы оқу орындарына қарағанда өте күрделі және қиындығы мен талаптары жоғары. Бұл жас жауынгерлердың әскери қызметке немесе әскери оқу орындарына алғаш келген күндерінен бастап оларға оқумен қатар әскери қызметтің міндеттерін орындау жүктеледі.
Әскери-қызметтік әрекеттің көпқырлылығының шарттарына келесі жағдайларды жатқызуға болады:
-
қауіптілік – әскери қызметкерлер тарапынан жағдайдың оның денсаулығына, өміріне қаншалықты қауіпті екенін түсінуі;
- кенеттен болу – әскери міндетті орындау барысындағы жағдайдың кенеттен өзгеруінің әскери қызметкер үшін күтілмеуі;
208
- белгісіздік – әскери міндеттерді орындау жағдайындағы ақпараттың болмауы, жетіспеуі немесе қарама-қайшылығы;
- жаңашылдығы – әскери қызметті орындау барысында, қызметкерлер үшін таныс болмаған элементтердің кездесуі;
- әрекет ырғағының көтерілуі – әрекетті орындаудағы берілген уақыттың
қысқартылуы; -
уақыттың жетіспеушілігі – қысқа уақыт ішінде міндетті, сәтті орындау үшін әрекет ырғағын көтерудің жеткіліксіздігі, сондықтан әрекет құрылымы мен мазмұнына да өзгерістер енгізу қажеттілігі [3].
Қызмет жағдайына әскери қызметкерлердің адаптация үрдісінде негізгі қызығушылық, мемлекеттік қызығушылықтар мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоғары әлеуметтік мәнділігінен келіп шығады. Сондықтан бұл әрекет аймағы үнемі зерттеушілер мен ғалымдардың, түрлі ғылыми бағыттардың (медицина қызметкерлері, психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер, философтар және т.б.) назарын өзіне аудартуда.
Мұндай зерттеулердің негізгі бағыттары физиология, медицина және психология ғылымдарына тиесілі.
Әскери қызметке келудің бастапқы кезеңі жас жауынгердің алғаш қызметке қабылдану үшін тексерістен өтуімен басталады және танымдық сипатқа ие. Бұл кезеңде адам алдағы болатын жағдай туралы ақпараттар жинап, танысады [4].
Ары қарай әскери бөлімшеге немесе оқу орнына қабылданғаннан кейін жас жауынгерлердің эмоционалды уайымдары өсе түседі, бұл олардағы психикалық қысымдылықты қалыптастырады.
Әскери қыметтік іс-әрекеттің келесі кезеңі жас жауынгердің қызметке алғаш келген минутынан басталады, бұл кезеңде жас жауынгер алғаш рет өзгерген жағдайдың өзіне әсерін сезінеді. Бұл кезеңде әскери қызметкердің, яғни жас жауынгердің алдында жаңа ортаға, жаңа күн тәртібі мен әскери қызметтің талаптарына бейімделу міндеті тұрады. Бұл кезеңнің уақыттық диапазоны 4-6 айға созылады. Осы кезеңнің мазмұндық жағы адаптация көзқарасынан қарағанда жас жауынгерлерде өмірге деген жаңа көзқарас (қоғамдық-саяси адаптация); әскери-техникалық білімдер мен дағдыларды меңгеру, техникалық қызмет етуге үйрену (әскери-техникалық адаптация); құралдарды қарастыру, құралдарды қолдана білу, атыс және қарсылас тараппен қарулы күрес тәсілдерін үйрену (оқу-жауынгерлік адаптация); нақты жауынгерлік ұжымға қосылу, лауазымы бойынша теңдестері мен командирлермен қатынас орнату (әлеуметтік адаптация) [5, 6].
Сонымен, ақпараттардың молдығына қарамастан әскери өмірге жас жауынгерлердің, қызметкерлердің бейімделу үдерісі және қызметтік-жауынгерлік кезеңдеріндегі адаптациялық жағдайлары, қызметкерлердің психологиялық, фихиологиялық ерекшеліктер әлі күнге дейін толық зерттелмеген және нақты бір теория қалыптаспаған. Дегенмен әсер етуші экстремалды тітіркіндіргіштердің сипаттамаларын бере отырып, бір жағдайда адаптацияға, ал кейде дезадаптацияға алып келетін әскери қызметкерлердің психофизиологиялық жағдайын, ерекшеліктерін көрсетуге болады. Бұл қызметкерлерді кәсіби іріктеу, ағзаның қызметтік қорының белгілі бір дәрежесімен қамтамасыз ету, қызметтің жағымсыз қырларынан қорғану тәсілдерін қарастыру, қызметкерлерді арнай шынықтырып, жаттықтыру, емдік-профилактикалық және реабилитациялық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы болжау негізінде жүзеге асырылады.
Осы тақырыптағы әдебиеттердің талдай оытырып, біз бұл мәселе бойынша теоретикалық алғышарттар мен қолданбалы еңбектердің аз екенін көре аламыз.
Қолданылған әдебиет
1. Дьяченко, М.И., Военная психология и педагогика/ М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович.–
Минск.: Академиздат 1999.– 243 с.
209
2. Военная психология: Учебник для вузов / Под ред. А. Г. Маклакова. – СПб.: Питер, 2005. –
464 с.
3. Основы военной психологии и педагогики: Учеб. Пособие. - 2-е изд, перераб. – М.:
Воениздат 1981. – 366 с.,
4. Корчемный, П. А. Военная психология. – Москва : Изд-во ОВЛ, 2013. – 317 с.
МИГРАЦИЯ: ФАКТОРЫ, ХАРАКТЕРИСТИКА И КЛАССИФИКАЦИЯ Шалхарбекова Назерке Абдирахмановна
преподаватель кафедры «Социальная педагогика и самопознание», ЕНУ им.Л.Гумилева, Астана, Казахстан
Сегодня волна миграции буквально захлестнула весь мир, и обсуждение глобальных проблем, таких как безопасность, экология, энергетика, политика, экономика, стало невозможным без рассмотрения вопросов перемещения человеческих масс. Проблемы миграции в той или иной мере касаются каждой страны. Целью работы является рассмотреть миграцию как социальный процесс и изучит понятие «миграция», их факторы, социальные последствия и проблемы.
Миграция представляет собой процесс изменения постоянного места проживания индивидов или социальных групп, выражающийся в перемещении в другой регион, географический район или другую страну. К миграции относится также переезд на жительство из деревни в город и обратно.
Миграционный процесс тесно связан как с горизонтальной, так и с вертикальной мобильностью, поскольку каждый мигрирующий индивид, помимо перехода в другую социальную группу, стремится найти на новом месте лучшие экономические, политические или социальные условия существования. Социология рассматривает, как правило, массовые потоки миграции и их влияние на демографические и социальные процессы в том, или ином регионе.
Механизм миграции. Для того чтобы люди захотели изменить привычное для них место жительства, необходимы условия, заставляющие их переселиться в другие города, регионы, страны. Эти условия обычно делят на три основные группы: выталкивание, притяжение и пути миграции [1].
1. Выталкивание связано с неудовлетворительными или тяжелыми условиями существования индивида в его родных местах. Выталкивание крупных масс людей связано, прежде всего, с серьезными социальными потрясениями (межнациональными конфликтами, диктатурами, войнами), экономическими кризисами, стихийными бедствиями (землетрясениями, наводнениями и т.п.). При индивидуальной миграции выталкивающей силой может служить неудача в карьере, смерть родственников, одиночество и т.п. [2].
2. Притяжение - это совокупность привлекательных черт или условий для проживания в других местах, например в регионах, где существует более высокая оплата труда, где можно занять более высокий социальный статус или где существует большая политическая стабильность, что в конечном счете приводит к чувству большей уверенности в завтрашнем дне. Чем больше разница в социальных, экономических или политических условиях существования в двух регионах, тем вероятнее миграция под воздействием сил притяжения в районы с лучшими условиями. Разница в условиях жизни может создаваться искусственно, для управления потоками мигрантов и для притяжения рабочей силы и "умов" в определенные районы, где их не хватает.
3. Пути миграции - это характеристика непосредственного передвижения мигранта из одного географического места в другое. Пути миграции включают в себя доступность попадания мигранта, его багажа и семьи в другой регион, наличие или отсутствие