• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӚНІМДЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ СТАНДАРТТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӚНІМДЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ СТАНДАРТТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

4797

потока), определены области практического применения, преимущества и недостатки созданного теплотехнического прибора.

Список использованных источников

1. В.П. Исаченко, В.А. Осипова, А.С. Сукомел Теплопередача. - М.: Энергия, 1975, 7-17 с.

2. Д.В. Сивухин Общий курс физики. - М.: МФТИ, 2004. - Т. III. Электричество. 460-462 с.

3. Л.И. Анальчук Термоэлементы и термоэлектрические устройства, - Киев.: Наукова думка, 1975, 25-28 с.

ӚНІМДЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ СТАНДАРТТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ Турарова Айда Мергалиевна

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университінің студенті, Қарағанды, Қазақстан [email protected]

Каримова Бахытгуль Нурлановна

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университінің доценті, к.х.н., Қарағанды, Қазақстан

Жалпы, стандарттау тұтынушыға ең жақсы ӛнімді жеткілікті мӛлшерде әрі қолайлы бағамен ұсыну үшін ӛнімнің жоғары сапасы мен ӛндірістің ең жақсы тәсілінің үйлесуі болып табылады. Стандарттау ӛркениеттің экономикалық дамуының ажырағысыз бӛлігі болып табылады. Қазіргі кезде стандарттау Қазақстанның дамуында елеулі орын алады. Себебі бүгінгі таңда стандарттау адам қызметінің бүкіл түрін, басқару жүйесін де қамтиды.

Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болып қалыптасуын стандарттаусыз елестету мүмкін емес. Сапаны бағалау тұрғысында, сапаны басқару тұрғысында стандарттаудың алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларында отандық ӛндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап кӛрсетілген [1].

Қазіргі кезде дуниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге ӛз зиянын тигізуде. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық ӛндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты болып табылады. Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы барысында Қазақстан проблемаларға тап болып келеді. Мысалы:

әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі экономикалық босаңдығы, ішкі рынокта тауарларға деген сұраныстардың мардымсыздығы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы т.б. Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық ӛсуді және экологиялық тиімді ӛндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады [2]. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен ӛнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни, инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ. Қазіргі кезде экономикамыздың бәсекеге қабілетті болуы, Қазақстанның әлемдік аренадан кӛрінуі қатаң түрде стандартқа байлынысты болып келеді. Қазіргі кезде ӛнімнің үлкен икемділігі, сапасының стандарттқа сай болуы, ӛнім ассортиментінің тез ӛзгертуге және ӛнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Тұтынушылардың ӛнім сапасына деген талаптары бүгін тек, ӛсіп қана қойған жоқ, және де ӛзінің сипатын түбірімен ӛзгертті. Қазір жақсы ӛнімді

(5)

4798

шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі ӛзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді кӛрсету туралы ойлау керек. Ал қазіргі кезде ӛндірілген ӛнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі жаңа стандарттар мен техникалық шарттарға негізделіп келді. Сондықтан әлемдік рынок кеңінен ӛріс алған қазіргі жағдайында халықаралық жоғары деңгейде әзірленген стандарт талаптарын ұлттық стандарт, нормативтік-құқықтық актілермен үйлестіру, халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) стандарттарын оңтайлы пайдаланудың маңыздылығы аса жоғары болып отыр. Қазіргі заманғы рынок жағдайында тауар бәсекелестігін ұйымдыстырудың негізгі әдістерінің бірі – жан-жақты ойластырылған, тауардың рынокта алға жылжу тактикасын және бағытын айқындаушы, қалың қауымға әсер етуші тӛрт шешуші формалары: ӛз саудасы, үгіт-насихат немесе халықпен байланыс, жарнама, тауар ӛтімділігін реттеу. Кез келген ӛндіріс жоғарыда аталған әсер етуші факторлардың бәрін бірдей пайдалана алады немесе ең тиімдісі деп санайтын бір факторды ғана таңдайды. Қазір дамыған елдерде бәсекелестік негізі тауар бағасы емес оның сапасы, сервистік қызмет кӛрсетуі болып табылады. Соңғы кездері тауардың сенімділік, экологиялық тазалық, энергиялық жұмсалуы, ӛнімділікті арттыруы және әсемдік сияқты кӛрсеткіштері маңызды рӛлге ие. Ӛнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін сапалық және сандық сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы жоғары ӛнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы ӛзінің жеке мұқтаждығын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады.

Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара кӛрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды. Қазір дамыған елдерде бәсекелестік негізі тауар бағасы емес оның сапасы, сервистік қызмет кӛрсетуі болып табылады. Жаһандану нәтижесіндегі ел экономикасының бәсекеге жарамдылығы әлемдік табысты бӛлуге қатысу мүмкіндігінің міндетті шарты болып табылады, ал бәсекеге жарамдылықтың негізі сапа және тӛмен баға болып табылады.

Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы кезінде елдердің ашық экномикалық (айталық, Қытай, Америка Құрама Штатымен экономикалық байланысы) трансұлттануы жүзеге асырылады. Әлемдік шаруашылықта табыс кӛлемі Қазақстанда оның экономикалық бәсекеге жарамдылығына және де ӛнім сапасымен тӛмен бағаға әсер етеді. Әлемдік табыс елдердің ашық экономикасына, трансұлттануына ӛзінің үлкен үлесін қосады. Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар ӛндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және ӛздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін кӛтере алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл ӛз кезегінде ӛндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды. Менің ойымша, отандық ӛндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемаларды жою арқылы, яғни, ӛнімнің ӛмірлік белестеріндегі сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау, жоғары сапалы ӛнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ӛнімнің кӛлемін ұлғайту және оны сататын нарықты табу, жоғары бағада сататын ӛнімді кӛбейту мүмкінділігін қарастыру, ӛнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жӛніндегі проблемаларды шешу арқылы оңтайлы дәрежеге қол жеткіземіз [3].

Алдағы уақытта стандарттау жұмыстарын қарқынды дамыту үшін мына мәселелерді шешу қажет деп ойлаймын:

-балалар тағамдарын, аса қауіпті техника түрленін стандарттау қажет, -ресурстарды үнемдеу;

-тұтынушылардың құқығын қорғау және ӛнім сапасын нормативті құжаттармен қамтамасыз етуді жетілдіру;

-мүліктерді бағалау қызметін стандарттау;

- стандарттау саласында техникалық заңдылықтарды қалыптастыру;

(6)

4799

-нақтылы ӛнім топтарын, түрлерін стандарттау, метрологиялық жабдықтау және сертификация жұмыстарына қатысты нақтылы фактілер жасау;

-заңдылық актілеріне - заңдарды, ҚР Үкіметінің қаулыларын, т.б. яғни нақтылы нормативтерді енгізу.

Қазақстан Республикасын Дүниежүзілік сауда ұйымын мүше болуына қажетті жағдайлар:

- отандық стандарттарды халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу;

- Дүние жүзінің сауда ұйымына мүше елдермен тығыз ақпараттық байланыс орнату;

- мемлекеттік стандарттауды жетілдіру.

Қолданылған әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» //

Егемен Қазақстан, 2012. - №828-831. - 1,2-8 б.

2. Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жӛнiндегi 2010- 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама. ҚР Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы. "Егемен Қазақстан" 2010 жыл 31 наурыз № 115-116 (25962).

3. Рақымжанова М.Т Стандарттау, Сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы.

Кәсіптік бастауыш және орта білім беру / М.Т Рақымжанова. - [б. м.] : Фолиант баспасы, 2008. - 112 б.

Referensi

Dokumen terkait

Исаева ПЕДИАТРДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАТЕЛІКТЕРДІ БОЛДЫРМАУҒА ОҚЫТУ Қарағанды медицина университетінің педиатрия және неонатология кафедрасы Қарағанды, Қазақстан Бұл

Қуатова ЮВЕНИЛЬДІ ЖАТЫРДАН ҚАН КЕТУ ЕМІНІҢ ТИІМДІЛІГІ Қарағанды медицина университеті акушерия, гинекология және перинатология кафедрасы Қарағанды, Қазақстан Біз ювенильді