ӨЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕР
Коккозова А.К.
4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент А.З. Қазанбаева
Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекттік университеті, Қарағанды қаласы
Сӛздерге салынатын тыйымның діни наным-сенімдер мен әдет- ғұрыптардан басқа да әлеуметтік себептерінің бар екені бұдан бұрын да атап ӛтілген. Адам баласы үшін табиғи құбылыстардың ішіндегі ең қорқыныштысы да, сескендіретін суығы да – ӛлім. Сондықтан да кез келген халықтың тілінде «ӛлім», «ӛлді» деген сӛздердің орнына сол ұғымдарды білдіретін, бірақ алдыңғылардан әлдеқайда тігісі жатық эвфемистік синонимдер қолданылады. Мысалы, орыс тілінде «ӛлу» деген ұғымды білдіретін «умереть» деген сӛзден гӛрі оның скончаться (біту), угаснуть (ӛшу), почить (тыныштану, ұйықтап кету), уйти от нас (бізден кету), уйти из жизни (ӛмірден кету), лечь в землю (жерге жату), уснуть вечным сном (мәңгілік ұйқыға кету),испустить последний вздох (соңғы демін шығару), отправиться на тот свет (о дүниеге аттану), приказать долго жить (кӛп ӛмір сүруге әмір етті) т.с.с. эвфемистік баламалары ауызға бірінші ілінеді [1;113].
Кісінің қайтыс болуымен байланысты табу мен эвфемизмдер басқа халықтар сияқты түркі халықтарының да тілдерінен кездеседі. Қазақтың
«Ӛлім жайлы кӛп айтса, тірінің берекесі кетеді» деген мақалы да сол айтылғанның айғағы секілді. Оны былай қойғанда, түркі тектес халықтардың салт-дәстүрінде ӛлім туралы суық хабарды туыс-жақындарға астарлап естіртіп, кӛңіл айту әлмисақтан белгілі әрі ол дәстүр күні бүгінге дейін ӛзгере қойған жоқ десек, шындықтан алыс кетпейміз.
Түркия түріктері суық хабарды естіртіп, кӛңіл айтқанда «ӛлді» деген сӛздің ӛзін де, оның баламаларын да қолданбайды. Оның орнына Алла сизлере ӛмүр версин! деген эвфемистік мағыналы тілекпен ғана шектеледі.
Әзербайжандар да әлгі суық сӛздің орнына чыраг кими сӛндү секілді метафоралық эвфемизмдерді қолданады. Тувалықтар да «ӛлді» деген суық сӛздің орнына астарлы мағыналы аъдының бажы чалданыр (атының басы бұрылды) деген эвфсмистік тіркесті қолданады. Олар сонымен қатар ӛлүрүп чиир (ӛлтіріп жер), яғни ұсақ малды сойып жеу деген үғымды білдіретін сӛз тіркесінің орнына да дӛгӛрер (сою) деген эвфемизмді қолданады. «Ӛлім»
деген сӛзді де ашық қолданбай оның орнына : мӛчүүр қайтыс болу бурган болур (құдай болу) сияқты эвфемизмдерді пайдаланады. Ал суға батып ӛлген адам жайында сугга дүжіп ӛлген деудің орнына сугга эндэн (суда қателесіп кетті) деп астарлайды. Найзағай түсіп қаза болған адам жӛнінде чаңнык соккан деудің орнына чаңнык эндээн (найзағай қателесіп кетті) немесе кудай ойнаан (құдай ойнады) сияқты эвфемистік тіркестерді қолданады [2;115].
Қазақ арасында қалыптасқан салт бойынша да қайтыс болған адамның жақындарына қазаны бірден естірте салмаған. Суық хабарды мүмкіндігінше астарлап, тұспалдап немесе жұмбақтап сездіруге тырысқан. Әдетте ауырқайғыны эвфемистік мағыналы сӛздерден басталып кӛңіл айту, жұбату сӛздермен аяқталып отырған.
Қазақ ауыз эдебиетінде сақталған ӛлімді естірту және кӛңіл айту үшін қолданылатын эвфемизмдерге негізделген ескі нұсқалардың кейбір үлгілері тӛмендегідей:
Аққу ұшып кӛлге кетті, Сұңқар ұшып шӛлге кетті, Ол адасып кеткен жоқ, Әркім барар жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы Тасты басса кетілер, Сазды басса жетілер!
Жетпесті қума, Келмеске жылама!..
немесе
...Ақсұңқар ұшты ұядан, Қол жетпейтін қиядан…
Қанаты бүтін сұңқар жоқ, Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Тозбасты ұста соқпайды, Ӛлместі тәңір жаратпайды.
Топырағы торқа болсын!
Қалғанға ӛмір берсін.
«Қозы Кӛрпеш - Баян Сұлудағы» Сары байдың ӛлімін оның әйеліне Тазшаның естіртуі де эвезфемизмдерге толы. Тазша:
Жаратқан бәрімізді тәңір күшті,
Бұл дүние ойлап тұрсам, енді екі-ұшты.
Мен түсімнен шошимын бүгінгі түн, Менің сәлдем басымнан жерге түсті.
...Мен түсімнен шошимын бүгін тағы, Қолымнан жібек баулы сұңқар қашты!..
... Қай адам Сарекеңдей ниетке жеткен, Кӛп адам бізден бұрын ӛтіп кеткен.
Айырылдым қапияда сұңқарымнан, Қолымнан абайсызда ұшып кеткен...
деп,байдың қайтыс болғанын әйеліне астарлап сездіреді де, сӛзінің аяғын тӛмендегідей кӛңіл айтып, жұбатумен бітіреді:
Алла ісіне шара жоқ-ау, Жетпесті қуып алқынба!
Қайырлы ғұмыр бере кӛр-ау, Қозы жанға артында!
Қазақ ауыз әдебиетінде Шыңғыстың Жошы деген ұлының ӛліміне байланысты кӛпшілікке белгілі және бір аңыз бар. Ол аңыз бойынша Жошының ӛлімін былайша астарлап естірткен деседі:
Теңіз бастан былғанды, Кім тұндырар, ей ханым?
Терек түптен жығылды, Кім тұрғызар ей, ханым?
Осы үзіндіде де қайғылы хабар бүркемеленіп, эвфемистік мағыналы сӛз тіркестерімен беріліп тұр.
Қазақ тілінде «ӛлді» деген ұғымның басқа да эвфемистік баламалары жеткілікті. Бұған тӛменгі мысалдар айқын дәлел бола алады.
...Келмей түр ауызым айтуға Батырың өтті Бӛгембай.
...Жалғызыма сәлем де, Алладан бұйрық жеткен соң Асқар тауы құлады,
Ағар бұлақ суалды.
...Бақшадағы қызыл гүлдерге Бұлбыұлым ұшып кеткен соң, Жарықтан шығып тап болды, Қараңғы тұман түндерге...
...Досың опат болган соң Орнын ұстай тұруға Атында тұяқ қалмаған.
...Елімнің ақын кӛсемі Батыр Шеген дер едім, Олай-бұлай боп кетсем, Сансызбайға басшы боп Еліңізге келеді
... Не күшті, дүниеде - адам күшті.
Кӛрдіңіз бір ғасырда талай істі.
Миуалы Отанның дарағы едің,
Жел соғып бір бұтағың жерге түсті
Соңғы мысалда Кенен ақын халықтың қалыптасқан кӛңіл айту дәстүрін бұлжытпай сақтай отырып, астарлы сӛздің құдіретімен Жамбылдың қайғысын бӛлісіп, оның соғыста қаза тапқан ұлын жел соғып, жерге сынып
түскен бұтаққа балап кӛңіл айтып тұр. Мұны жоғарыда аталған халық дәстүрінің табиғи жалғасының тамаша үлгісі деу лайық [3;117].
Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде де «ӛлу» деген ұғымды қайтпас сапарға кету, үзілу, кӛз жұму, қайту, кету, шетін болу, кӛз жазып қалу, айырылу, адасу, мәңгі ұйқыға кету, аттану, дүние салу, дүниеден кӛшу, демі тоқтау, жан тәсілім қылу сияқты астарлы мағыналы эвфемизмдер алмастырып тұрады. «Тіл сүйексіз, ой түпсіз» демекші, мұндай эвфемизмдерді жасауға кез келген зиялы, шешен адам мен тілдің мүмкіншіліктері ұшан теңіз. Осының айқын дәлелі ретінде Мұхтар
Әуезовтың ұлы Абайды ӛлді деуге қимай: «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден кӛшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқтады. Шӛл даланы жарып аққан дариядай жалтыр биік басына жалғыз шыққан алып шынар құлады. Ӛмірден Абай кетті»
Мысалы эвфемистік мағынаның мәнін айқындайтын басқа себептеріне де тоқталады. Басына пұшпақ бӛрік киіп, қолына таяқ ұстаған шоқша сақалдысы - жетпісті мол аралап кеткен адам. Шоқша сақалдының құлағы ауыр ести ме, қалай үшеуі гүлзарды басына кӛтеріп, әлденеге келісе алмай дауласып отыр. О дүниеге аттану кезегі кімге келіп тұр? дегенді жай бір күнделікті шаруадай-ақ сӛз етіп отыр.
Ӛліммен байланысты немесе сонымен ұштасып тасып жататын тағы біраз ұғымдар бар. Әңгіме өлік, мола, көр, көму, бейіт, сүйек, дене, жерлеу, зират, қабір сияқты сӛздер жайында. Бұл сӛздердің бояулары мен адамға етер әсері бірдей емес. Әсіресе алдыңғы тӛрт сӛздің мағыналары ӛте суық. Сондықтан да олардан гӛрі тігісі бір шама жатықтау дене, сүйек, зират, қабір, жерлеу, қою сияқты эвфемистік баламалар жиірек қолданылады. Ал кейде мола, көр деген суық сӛздердің орнын орын, жай деген эвфемизмдер басып отырады.
Сӛз орайы келген соң айта кету керек, Түркіменстан қазақтарының тілінде бейіт, мола деген сӛздердің орнын ертеректе діни нанымдардың негізінде қалыптасқан әулие деген эвфемистік синоним алмастырады.
Қорыта келгенде қате қолданыстан бұл термин екі түрлі лексикалық мағынаға ие болады: 1) тыйым салынған сӛздердің орнына жүретін жасанды сӛздер, 2) сӛздің ұғымы дӛрекілеу, қолайсыздау, кӛңілге тиетіндей болып келген жағдайда оны жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сӛздер. Егер белгілі бір термин кӛп мағыналы болса, одан кейде қате түсінік те тууы мүмкін. Екіншіден, табу мен эвфемизмдерді бір бірінен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан. Эвфемизм табу сияқты қорқыныштан, үрейленуден туған сенімге емес, сыпайылық пен әдептілікке негізделеді.
Сӛз бен тілдің қуатына шексіз сенудің салдарынан ертеректе түркі халықтарында сӛз арқылы бәлені айдау, сӛз арқылы жақсылық шақыру әдеттері туған. Қазақ ауыз әдебиетінде кездесетін бәдік, бұлт шақыру, күн жайлату ӛлеңдері, бүйі, жылан, қарақұрт шаққанда айтылатын арбау, байлау ӛлеңдері сӛз құдіретіне сенудің ең мықты айғақтары. Демек, тілдегі
синонимдік қатардың ӛсуіне, сӛздік құрамның ұлғаюына сӛз магиясынан туындайтын тілдік табулардың үлесі үлкен.
Басқа халықтар секілді қазақ халқы да тіл сӛз мәдениетін ӛте қастерлеп, бұған әлимсақтан –ақ зор мән беріп келген.Бұған ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұра, халық кемеңгерлігінің тобықтай түйіндері-мақал-мәтелдер бұлтартпас дәлел. Мәселен, әрбір сӛзді орынды жұмсай немесе дұрыс сӛз саптай білудің үлкен ӛнер,күшті құрал екенін бағалап, халық «Ӛнер алды қызыл тіл», «Қаһарлы сӛз қамал бұзар» десе, адамның кӛңіл-күйіне, сезіміне қаншалықты әсер ететінін дӛп басып айтқан. Бұл сияқты халықтың асыл қазынасы тіл мәдениетінің қалыптасуына, ӛсуіне үнемі ӛз себін тигізе бермек. Олар адам кӛңілін жығатын немесе жігерін құм ететін зәрлі, суық, кесапатты, дӛрекі немесе былапыт сӛздерден бойды аулақ ұстауға, сол сияқты ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда, кез келген тіл лексикасының ерекше тобын құрайтын эвфемизмдердің атқаратын қызметі ұшан-теңіз.
Діни ұғымдар,дәстүрлі наным-сенімдер, салт-сана, әдет-ғұрыптардың, моральдық-этикалық нормалардың немесе басқа да әлеуметтік себептердің негізінде қалыптасатын табу мен эвфемизмдер қай мәдениетте, қай тілде болмасын сӛздік құрамның дамуына, сӛз мағынасының кеңеюіне және соның салдарынан кейде күтпеген жерден кез келген сӛздің басқа бір ұғымның соны атауына айналып кетуіне тікелей себепші болады.Ӛйткені белгілі себептермен бұрынғы атауларына тыйым салынған ұғымдардың жаңа атаулары, яғни эвфемизмдер ойдан жасанды түрден шығара салған немесе тілдің сӛздік қорында бұрын-соңды кездеспеген сӛздер емес. Бӛтен тілден енгендері болмаса олардың басым кӛпшілігі-тілден бұрыннан бар сӛздер.
Демек, табудың салдарынан туындап отыратын эвфемизмдер-семантикалық аясы кеңейген, яғни соны немесе үстеме мағынаға ие болған, бірақ айналымда бұрыннан жүрген қатардағы сӛздер.
Табу мен звфемизмдердің сӛз мағынасы мен тілдің сӛздік құрамын байытудағы қызметі туралы әңгімені осымен аяқтай келе, академик І.Кеңесбаевтың: «Сӛз мағынасы ӛзгереді, дамиды мағына аясы бірде кеңейе түсіп, бірде тарылады; түрлі бейнелі мағыналар үстемелеп, бірде сӛз қолдану тәсілі молығып бірде соны мағына туады,заман ағымына қарай, кей реттерде сӛз мағынасы да мүлде жаңарады; сӛйтіп сӛздің семантикасы үздіксіз екшеліп отырады», - деген пікірінің ӛте орынды және біз сӛз етіп отырған тақырыпқа да тікелей қатысы бар екенін айтпақпыз.
Пайдаланылған әдебиет
1. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. – Алматы:
Ғылым, 1995. – 176 б.
2. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 101 б.
3. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – Алматы, 1988. 49 б.
4. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – Алматы: Ғылым, 1970. – 232 б.