• Tidak ada hasil yang ditemukan

өсімдіктер әлемі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "өсімдіктер әлемі"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Ізбасар Жасұлан Елеубайұлы Пән: Қазақ тілі (Т1)

Сынып: 5-сынып

Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Тақырып: өсімдіктер әлемі

өсімдіктер әдемі О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды

анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады ӘТН3 Лексикалық норма Омоним, синоним сөздерді орынды қолданады 

Барлық оқушылар: 1) мәтін мазмұнын түсінеді; 2) сөздердің омоним, синоним табады; Көптеген оқушылар: 1) нақты ақпараттарды анықтайды; 2) омоним, синоним сөздерді қолданады; Кейбір оқушылар: 1) нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады; 2) омоним, синоним сөздерді орынды қолданады.   

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

(2)
(3)

өсімдіктер әлемі (40 мин)

Қызығушылықты ояту Сәлемдесу, сабаққа дайындық. Бейнематериал тамашалау. Сұхбат: - Ал сіздер пайдалы өсімдіктерді білесіздер ме? Олар несімен пайдалы? Сабақтың тақырыбымен, мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу. Мағынаны тану Оқылым алдындағы тапсырма.  Берілген өсімдіктерді мұқият қарап, иісі, түр-түсі бойынша атын анықтай аласыздар ма?  Оқитын мәтініміз не туралы болатынына болжам

жасаңыздар.  Бұл өсімдіктерді халқымыз қандай мақсатта пайдаланғанын білесіздер ме? (Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктердің

(адыраспан, сексеуіл т.б) гербарийін немесе суретін беру. Ол өсімдіктердің қасиетін халқымыз қалай пайдаланғанын сұрай, оқушының бар біліміне сүйену.) Оқылым тапсырмасы. «Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?» тақырыбындағы мәтінді оқыңыздар. Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі? Қазақстан шөлдерінде аты айтып тұрғандай ыстыққа, құрғақшылыққа өте төзімді өсімдіктер өседі. Солардың кейбіреуімен таныстырамыз. Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді.

Сексеуілдің ағашы өте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға батып кетеді.

Бұл таскөмір беретіндей жылу бөле алатын бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі діңі бес метрден асады. Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік болып табылады. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. Адыраспан өзіне тән өте күшті иісі бар көпжылдық өсімдік ақшыл сары немесе ақшыл түсті гүл атады.

Оның түтіні адамды тыныштандырады, денені босаңсытып,

дезинфекциялайды. Мөлшеріне қарай адыраспан емдеп, уландыра алады.

Уы сабы мен гүлінде. Өсімдік талай рет адам баласын обадан, жұқпалы аурулардан сақтап қалған. Мың жыл бұрын Ибн Сина өзінің Ережелерінде адыраспанның масайтатын қасиеті бар екенін жазған. Адыраспанның есірткіге, тәуелділікке қарсы тұра алатын қабілеті бар. Сондықтан бұл өсімдік алкоголь мен никотинге тәуелділіктен емдеу үшін қолданылады.

Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышымасын емдейді.

Тіс ауырғанда, ұмытшақтыққа шалдыққанда, тері бөрткенде т.б.

аурулардан емдеу үшін адыраспанды пайдаланған. Қисық қанатты шырыш Қарақұм, Қызылқұм, Балқаш маңы және Іле маңы шөлдерінде ылғалды, тығыздалған, кейде сусымалы құмда өседі. Құмды шөлде орналасқан қалаларды көгалдандыруға ыңғайлы. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді.

Түрін қараңызшы?! Өте әдемі емес пе? "Шөл даланың ханшайымы" деп атауға болатындай. Баттауықтың көпжылдық бұтасының өркендері сәуірдің ортасында немесе аяғында өсе бастайды. Баттауық Қазақстанда, Түркменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанның кейбір ауданында, Солтүстік Кавказдың шығыс аудандары мен Әзірбайжанда кездеседі. Ол шөл және шөлейт жазықтар мен аласа беткейлерде, тығыз, саздақты немесе құмды жыныстарда өседі. Тауға қарай теңіз деңгейінен 400 метр биіктікке көтерілмейді. Жусан көп жылдық, кейде бір-екі жыл өсетін шөптесін өсімдік. Қазақстан жерінде 100-ден аса түрі бар. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жусанды мал жейді, тұрмыста дәрілік өсімдік ретінде қолданады. Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова Мәтін мазмұнын түсінгенін байқау: (Мұғалім бірнеше қарапайым, жеңіл, жауабы мәтіннен табылатын сұрақ береді. Оқушы берілген сұрақтардың қайсысы мәтінде жауабы бар сұрақ екенін табу керек.) Бірнеше қарапайым, тағы бірнешеанықтауыштық сұрақ құрастырыңыз. (Тақтадан сұрақ түрлері туралыслайд көрсетіледі). 1.

Қарапайым сұрақтар. Жадының жұмыс істеуіне,нақты фактілерді білуді талап ететін сұрақтар. Кім? Не? Қашан? Қайда?деген сұрақтарға жауап беруді сұрайды. 2. Анықтауыш сұрақтарОқушыларға алған ақпаратты дәл мәтіндегідей емес, оқығанын түсініп,обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтау тапсырылады. «Меніңтүсінгенімше», «Сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сияқты сұрақтар.Дескриптор  Қарапайым сұрақтар

құрастырады;  Анықтауыш сұрақтарқұрастырады; Оқушылар сұрақтарды қаншалықты дұрысқұрастырғандарын жұпта бағалайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма: 3-тапсырма. Үш түсіндірме беріңіз. Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз. Сізнеге ... ойлайсыз? Сіз неге ... деп есептейсіз? Үлгі : Не себепті сексеуілағашы суға батып кетеді? Оқушының аты-жөні: Қарапайым сұрақАнықтуыштық сұрақ + - + + - + 4-тапсырма. Омоним, синонимсөздерді еске түсіру. (Слайд бойынша сөйлеу) Мәтіндегі сөздермен жұмыс.Мәтіннен іріктелген сөздерге омоним сөздер бере отырып, омонимсөздердің мағынасын түсіндіру. 5-тапсырма. (жеке орындалады) 1.Мәтіннен алынған сөздердің омонимін тауып түсіндір, әрқайсысына сөйлемқұрап көр: ат, ақ, бас, ауыр, бөл, от, жас, қыс, тән, мал, қанат, қала, т.б. 2.Мәтіннен алынған сөздердің синонимін тауып жаз: төзімді, ұшар басы,бағалы, жер бетіндегі, сусымалы, өзіне тән т.б. Жаттығу жұпта бағалаупарағы (кілт) арқылы бағаланады. Дескриптор  Омонимдерді түсіндіреді; Синонимдерді табады;

Бағалау парағы /кілт/ омонимдер «+» «-»синонимдер «+» «-» Ат – жануар, етістік. + Төзімді - шыдамды + Ақ – түс,сүт, етістік. + ұшар басы - ұшы + Рефлекторлық экран Менде бәрі сәттішықты ... Мен үйрендім ... Сабақта мен орындай алдым ... Бәрінен мағанұнағаны ... Бәрінен маған қиын болғаны ...  

Referensi

Dokumen terkait

Автор: Бакажанова Нурия Орынбасаровна Пән: Ағылшын тілі Сынып: 5-сынып Бөлім: The world of work Тақырып: Jobs / Professions Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 5.1.2.1- use

Автор: Елжан Аккумис Елжановна Пән: Қазақ тілі Т1 Сынып: 2-сынып Бөлім: Менің отбасым және достарым Тақырып: Дауыссыз дыбыстардың түрлері Сабақ негізделген оқу мақсаты 2.1.1.1 -

Автор: Мырзағали Перизат Сәкенқызы Пән: Қазақ тілі Т1 Сынып: 5-сынып Бөлім: Көлік және жол белгілері Тақырып: көлік түрлері сын есімнің шырайлары Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Автор: Байзылова Лаура Тасқынбайқызы Пән: Ағылшын тілі Сынып: 4-сынып Бөлім: Professions and ways of Communication Тақырып: Transport Learning objectivess that this lesson is

Автор: Камиева Жамила Сергеевна Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 6-сынып Бөлім: Компьютерлік жүйелер мен желілер Тақырып: Есептеуіш техниканың даму

Автор: Калауова Гульзира Нурлукуловна Пән: Қазақ тілі Т1 Сынып: 5-сынып Бөлім: Тіл және қарым-қатынас Тақырып: Сөйлеу тілінің қажеттілігі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу

Автор: ЕРМАХАНОВ АЛТЫНБЕК ОҢҒАРБЕКҰЛЫ Пән: Қазақ тілі Т1 Сынып: 7-сынып Бөлім: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы Тақырып: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы Осы

Автор: Нысамбаева Самал Елеусінқызы Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 7-сынып Бөлім: Балалар мен үлкендер Тақырып: Тәмпіш қара Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: Т/Ж1.Көркем