• Tidak ada hasil yang ditemukan

Жол ережесін сақтаймыз

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Жол ережесін сақтаймыз"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Пірімбетова Гүлжайна Талғатқызы Пән: Қазақ тілі (Т1)

Сынып: 5-сынып

Бөлім: Көлік және жол белгілері Тақырып: Жол ережесін сақтаймыз

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

1.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

2.Тиісті деректерден ақпарат ала алу;

3.Сын есімді зат есім орнына қолдана білу.  

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тиісті дереккөздерден ақпарат ала алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім орнына қолданады.  

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Қажетті ақпаратты анықтап, өмірмен байланыстыра алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Жол белгілері, сақтану, көлік түрлері, көліктің түрлері, экология т.б. Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «ПОПС» формуласы • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »  

Күтілетін нәтиже: Көше мәдениеті мен жол жүру ережелерін сақтауды үйренеді, адам өмірінің ең басты құндылық екендігін ұғынады.

Бағалау критерийлері: Көліктің қызметі:

Суреттерді орнымен құрастыру;    

Құндылықтарды дарыту:

- Ынтамақтастық - Өмір бойы оқу   АКТ-ны қолдану

дағдылары:

Әдебиет, бейнелеу өнері

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері Бастапқы білім: Көліктің түрлері

Сын есімнің шырайлары  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

(2)

Сабақтың басы Қызығушылықты ояту

 

Image not found or type unknown

Image not found or type unknown

Балалар, бұл жол белгілері нені білдіреді? -Біз жол белгілері болмаса, жолдан қалай өтуіміз керек? -Өмірде жол белгілерінің қаншалықты маңызы бар?

Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру;  

Сабақтың ортасы Оқулықтағы тапсырмамен жұмыс Айтылым 1-тапсырма 1.Көлік адамға не үшін қажет болды? Адамзат көлікті қай кезден бастап қолданған?

2.Көліктің қандай түрлері бар? 3.Машина, трактор, ұшақ, кеме – көлік.

Жылқы мен түйе ше? Қайсысы мықты? Қайсысының қандай артықшылықтары бар деп ойлайсыңдар? 2-тапсырма Жағдаяттық тапсырма Сен сабақты жақсы оқисың, мектептегі тәртібің де жақсы. Ата- анаң риза. Сондықтан жаңадан сатып алатын көлікті таңдауда өзіңмен ақылдасып отыр. Не айтасың? Көліктің қандай түрін таңдар едің? Неге?

Таңдайтын көліктің түрін сипатта. Қандай сөздерді жиі қолдандың? 3- тапсырма Жағдаяттық тапсырма Ініңмен жолдан өтіп, мектепке баруларың керек. Інің асығып, ешқандай белгі салынбаған жерден кесіп өткісі келді.

Жол ережесін түсіндір. Бағалау «Бас бармақ» Кластер жасау Оқушылар көлік туралы суреттерді пайдаланып, кластер жасауы тиіс. Тапсырма Суреттегі көліктерді құрастырып, жазу.  Анализ Көліктерді жарнамалау үшін қандай тәсілді қолдануға болады? Бағалау критерийі: Көліктің қызметі: -суреттерді орнымен құрастыру; Мысалы: Сын есімнің заттануы Сын есімге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанса, сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуы сын есімнің заттануы деп аталады. Мысалы: Ақылды (кім) байқап сөйлейді, ақымақ (кім) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Септік жалғауы жалғанғанда: Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес

септіктердің жалғауын жалғап, заттанады. Мысалы: Жақсы+мен (кіммен?) жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Білімді+ден (кімнен?) үйрен. Үлкен+ге (кімге?) құрмет, кішіге (кімге?) ізет. Биік+тің (ненің?) өлшемі еді. Көптік жалғауы жалғанғанда: Жарыста ақ+тар (кімдер?) жағы басым түсті.

Қызыл +дар (кімдер) құрамасы жеңіске жетті. Тәуелдік жалғауы

жалғанғанда: Жердің көг + і көтеріліп қалыпты. Ол менің көзімнің ағ + ы мен қарасындай болып кеткен. 7-тапсырма Жұмбақтарды шеш 1.Дүниеде бір нәрсе бар бек қуатты, Бойына жиып алған салтанатты. Төбеде екі түрлі айдары бар, Жүреді су сабалап құс қанаты. (Тікұшақ) 2.Бір керуен

қатарында өңшең түйе, Аузынан жалын шығар қара күйе, Жүрмейді ұрса- дағы басқалары, Бәріне жалғыз бура болған ие. (Пойыз) 3.Пырылдап көкте инелік, Инелік емес, үй делік. (Кеме) Сергіту сәті «Жолың болсын» Бұл жол қарапайым емес. Егер анықтап қарасаң, онда жол және жол ережесіне қатысты 10-ға жуық сөз таба аласың.

БАҒДАРШАМАШИНАСФАЛЬТРОЛЛЕЙБУСОЛҒАВТОБУСИГНАЛҒАРТҚАЖҮРОЛ Кері байланыс «Бағдаршам»

Қызыл түс - түсінген жоқпын Сары түс- әлі де сұрақтар бар Жасыл түс – барлығы түсінікті  

(3)

Сабақтың соңы Бағалау критерийімен бағалау, оқушыларға өзін-өзі критерийге қарай бағалату.

Үйге тапсырма: Оқулықтағы 7-тапсырма, ереже жаттау.  

Рефлексия Кері байланыс «Бағдаршам»

Қызыл түс - түсінген жоқпын Сары түс- әлі де сұрақтар бар Жасыл түс – барлығы түсінікті  

Referensi

Dokumen terkait

Автор: ҚОҢЫРОВА МАРИНА САБЫРЖАНҚЫЗЫ Пән: Физика Сынып: 7-сынып Бөлім: Механикалық қозғалыс Тақырып: Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу Оқу мақсаттары: 7.2.1.4 - Қозғалыстағы

Автор: Кадрбекова Айжан Ержанқызы Пән: Математика Сынып: 3-сынып Бөлім: Есепті шешу жолдары Тақырып: Бірнеше есе арттыруға, кемітуге есептер шығару Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Автор: Баймуратова Шолпан Жумабаевна Пән: Математика Сынып: 5-сынып Бөлім: Натурал сандар және нөл Тақырып: Натурал сандар және нөл саны.Координаталық сәуле Оқу мақсаттары оқу

Автор: АЛИМОВА АЛИЯ ТУРМЫСОВНА Пән: Математика Сынып: 4-сынып Бөлім: Жылдамдық, уақыт, арақашықтық Тақырып: Логикалық есептер Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 4.4.2.2

Автор: Хамитова Кымбат Нургалиевна Пән: Әдебиеттік оқу Сынып: 3-сынып Бөлім: Жанды табиғат Тақырып: Табиғат тағлымы Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 3.2.4.1 - өлең, мысал,

Автор: Палашова Алия Пән: Сауат ашу Сынып: 1-сынып Бөлім: Менің отбасым және достарым Тақырып: Менің отбасым Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме

Автор: Назаров Ержан Аскарович Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 4-сынып Бөлім: Презентациялар Тақырып: Презентациядағы дыбыстар Оқу мақсаттары оқу

Автор: Сайранова Ақмарал Сайранқызы Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 6-сынып Бөлім: Ақпаратты ұсыну Тақырып: Екілік кодтау Оқу мақсаттары оқу