• Tidak ada hasil yang ditemukan

№21

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "№21"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)

Q AZAQ

UNIVERSITETI

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті

Апталық 1948 жылдың

20 сәуiрiнен шыға бастады

1948-2023

ЖЫЛ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АПТАЛЫҚ ГАЗЕТ №21 (1889) 5 МАУСЫМ 2023 ЖЫЛ WWW.KAZNU.KZ

facebook.com/KazakhNationalUniversity vk.com/kazuniversity i n s t a g r a m . c o m / K A Z NU _ FA R A BI

3-бет

4-бет 2-бет

ҰҒА президенті бастамаларға қолдау

білдірді

Тарихшыға тағзым Ұлт зиялысына ескерткіш тақта

ашылды

Times Higher Education University Impact Rankings (THEIR) рейтингінде әлемнің 1591 уни вер ситеті ран жир- ленді. Бір қатар мақсаттар бойынша Әл-Фараби атын- дағы ҚазҰУ Топ 400-ге енді:

ТДМ 1 «Кедейлікті жою», ТДМ 5 «Гендерлік тең дік», ТДМ 6

«Таза су және са ни тария», ТДМ 10 «Теңсіздікті қыс қар- ту», ТДМ 14 «Теңіз экожүйе- ле рін сақтау», ТДМ 15 «Құр- лық экожүйелерін сақтау».

Ағымдағы жылы ҚазҰУ ТДМ 5 «Гендерлік теңдік» бо- йынша 401-600 пози ция- сынан 301-400-ге, сондай-ақ ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» бойынша 801- 1000-нан 601-800-ге дейін көтеріліп, пози ция ларын жақ сартты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымын жаңа лайық- ты жеңі сі мен құттықтаймыз!

Алмат ИСАДІЛ

Әлемдік рейтингте

ҚазҰУ

көрсеткіштері жоғарылады

Директорлар кеңесінің мүшесі.

Халықаралық ұйым әлемнің 28 еліндегі (Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, АҚШ) 81 университет пен институтты біріктіріп, Жібек жолын зерттеу мәселелерімен айналысуда. Жыл сайын ха лық- аралық конференциялар өткізіп, түрлі мәдени бағдарламаларды жүзеге асырады.

«Біз ұйымның бастамасымен жүзеге асырылатын барлық жобаларға белсенді қатысуға, Әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Жібек жолы университеттері желісінің (SUN) бас хатшысы Хван Сундонмен кездесті.

SUN желісімен байланыс нығаяды

сондай-ақ ҚазҰУ-да ауқымды шаралар өткізуге дайынбыз.

Ортақ ғылыми және білім беру жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін SUN мүшелерінің бірлесіп жұмыс атқарғанын қолдаймыз», – деді ректор Жансейіт Түй ме- баев.

Жібек жолы университеттері желісінің бас хатшысы Хван Сундон ҚазҰУ-да университеттің 90 жылдығын мерекелеу ая сын- да 2024 жылы халықаралық, экономикалық конференция өт-

кізу ұсынысын ортаға салды.

Сондай-ақ ҚазҰУ студенттерін SUN тарапынан өткізетін фо то- графия, жазу және спикерлер номинациялары бойынша өтетін байқауларға тартқысы келетінін айтты.

«Биылғы спикерлер байқауы Ру мыния астанасы Бухарест қа- ласында өтеді. Біз ҚазҰУ сту- денттерін осы байқауға қатысуға шақырамыз», – деді ол.

Гүл ҚҰТТЫБЕКҚЫЗЫ Құрметті Әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-

профессорлары, білім алушы жастары!

Сіздерді 4 маусым – Мем- ле кеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміздің басты нышаны – Елтаңба, Ту, Әнұра- ны мыз әрбір Қазақстан аза- маты ерекше мақтан тұтатын ұлттық құндылығымыз.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев өз құттық- тауын да:

«Еліміз үшін Көк байра ғы- мыз дың, Елтаңбамыз бен

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылығымыз

Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бо- йымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұяла та- ды. Мемлекеттік рәміздерді қа- дірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы», – деп атап өтті.

Мемлекеттік рәміздер қа- зақ стандықтарды біріктіруде, жас ұрпақты отаншылдыққа тәр биелеуде ерекше маңызға ие. Елтаңбамызды төрімізге іліп, Туымызды биікте жел бі- ретіп, Әнұранымызды жүрекпен айту – бабалар арманының орын далғанының айқын кө- рінісі. Тәуелсіздігіміздің қасиет- ті тұмарына айналған мемле-

кет тік рәміздеріміз жаңа, әді летті Қазақстан құру жо лын- да біртұтас халық ретінде мем- ле кеттігімізді нығайтуға үн дей- ді.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, елдігіміз баянды болсын!

Шаңырақтарыңызға құт- береке, еңбектеріңізге табыс, жақындарыңызға амандық тілеймін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ Әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық университеті тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты (ТДМ) бойынша Times Higher Education University Іmpact Rankings 2023 рейтингіне енген қазақстандық ЖОО- лар арасында көшбасшы универ си- тет тердің бірі.

ҚазҰУ осы ұйымның негізін қалаушылардың бірі және SUN (Silk Road Universities Network)

(2)

WWW.KAZNU.KZ

2 Q

AZAQ UNIVERSITETI№21 (1889), 5 МАУСЫМ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

AqpArAt

Жүздесуде университет рек- торы Жансейіт Түймебаев ака де- мия басшысы Күнсұлу Даль тон- қызына ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріп, оқу ордасының ғылыми инфрақұрылымымен та- ныстырды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу мәртебесін алғаннан кейін ғылымға басымдық беру ба ғыттарын күшейтуде. Бүгінде уни верситет ғалымдары 100 инновациялық жоба әзірлеп шықты. Қазіргі таңда ғылыми жо- баларды ілгерілету және ком мер- цияландыру бағытында жұмыстар

жүргізілуде. Сонымен қатар сту- дент тер дайындаған стартаптар бар. Университетте 16 факультет, 8 ғылыми-зерттеу институты, 29 ғылыми орталық пен Ғылыми-тех- нологиялық паркі жұмыс істейді.

Ал дағы уақытта ҚазҰУ мен Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ынтымақтастықты жандандырып, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру қажет», – деді ректор.

Өз кезегінде ҚР ҰҒА президенті Күнсұлу Закарья серіктестікті да- мытуға бағытталған барлық бас- та маларды қолдайтынын жеткізді.

Нұрсұлтан БАЗАРБАЙҰЛЫ

ҰҒА президенті бастамаларға қолдау білдірді

Студенттеріміз Цукуба университетіне оқуға барады

GOOGLE өкілімен кездесу

Ректор ОШ университеті делегациясын қабылдады

жарыстарына қатыстыру мәсе ле- сі талқыланды.

Ректор Google өкіліне ҚазҰУ- дың ғылыми инфрақұрылымын дамыту барысы туралы айтып,

ҚазҰУ-дың Орталық Азия жо- ғары оқу орындарымен ынты мақ- тастық аясы жыл сайын кеңейіп келеді және бүгінгі күні 30-дан астам келісімге қол қойылған.

Әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық универси те тінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Орталық Азия мен

Моңғолиядағы Google for Developers және Google for Startups үйлестірушісі Асқар Айтуовты қабылдады.

Әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық университетіне ректор Құдайберді Ғапаралы- ұлы Қожабеков бас- таған Ош мемлекеттік университетінің делегациясы келді.

Бұл құжат университетте ком- мер цияландырудан өткен ғы- лыми жобаларды дамытуға және Қазақстанның шикізаттық емес экспортын ұлғайтуға бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға ықпал етеді.

Университет ректоры Жан- сейіт Түймебаев вице-министрге ҚазҰУ-дың ғылыми инфра құ ры- лымын таныстырып, білім ор да- сындағы ғылыми жобалар туралы ақпарат берді.

«Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев елдің ішкі сұра- ны сын өтеу үшін ең алдымен ішкі на рыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттігін тапсырды. Бұл саланы инновация

Инновациялық жобалар бірлесіп іске асырылады

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым және технология жағынан еліміздегі көшбасшы универ си- тет тің бірі. Алдағы уақытта уни- вер ситеттегі инновациялық жо- ба ларды бірлесіп ілгерілету, ши кізаттық емес экспортты да- мытуға қатысты ақпарат, ста тис- тикалық деректер туралы ақпарат ал масу, QazTrade Academy-мен экспортқа шығару жөнінде шағын және орта бизнесті оқыту бо йын- ша ынтымақтастық және т.б.

бағыттарда нақты жұмыстарды атқаратын боламыз», – деді вице-министр.

Нұрсұлтан ЖЕКСЕНБАЕВ мен жоғары технология ғана же-

дел дамыта алады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғалымдар әзір леген 100-ден астам инно ва- циялық жоба бар. Қазіргі таңда аталған ғылыми жобаларды ком- мер цияландыру бойынша жұ- мыстар атқарылуда. Бүгінгі бас- тама университет ғалымдарының әзірлемелерін әрі қарай дамы ту- ға сеп болады деп есептеймін», – деді ректор.

Өз кезегінде ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қай- рат Төребаев ҚазҰУ жетістігін жо ғары бағалап, еліміздің сауда экс портын дамытуда ғалым дар- дың үлесін арттыру қажет екенін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни-

верситетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстан

Республикасының сауда және интеграция вице- министрі Қайрат Төребаевпен кездесу өткізді. Жүздесу барысында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚазҰУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

уни верситет базасында сту дент- тер әзірлеген нәтижелі инно ва- циялық стартаптарға тоқталды.

Әйгерім ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Қырғыз Республикасының жо ға- ры оқу орындарымен 12 келісім жа салған.

Гүл БАЯНДИНА Университет басшысы өз

сөзінде 2022 жылы Campus on Campus Директорлар кеңесінің 8-ші отырысы аясында Гренобль- Альпы университетінің (Гренобль, Франция) базасында Цукуба университетінің президенті, про- фес сор Нагата Киосукемен ма- ңызды кездесу өткенін және онда екі университет арасындағы серіктестіктің өзекті бағыттары айқындалғанын атап өтті.

Университет студенттері мен оқытушыларының академиялық ұтқырлығын арттыруға бағыттал- ған Campus on Campus жобасы аясында 2022/23 оқу жылында ҚазҰУ-дың әртүрлі факуль тет- терінен бакалавр, магистр және

докторантурадан 25 студент Цу- куба университетіне оқуға жі- берілді. Сонымен қатар Цукуба уни верситетінің 19 студенті қыс- қы мектепке ҚазҰУ-дың шы ғыс- тану факультетіне келген.

«Университетте шығыстану фа- куль теті мен Қиыр Шығыс елдері кафедрасы табысты жұмыс істеп келеді. Жапон тілі мен әдебиеті бөлімінің 30 жылдық қызметі ба- рысында 200-ден астам студент жапон тілін меңгерген. Про фес- сор Ниномия Такаши факультетте 10 жылдан бері жапон тілінен са бақ береді», – деп атап өтті ректор.

Света ӨМІРҒАЛИЕВА Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьямен кездесу өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Цукуба университетінің вице-президенті, профессор Онеда Осамамен кездесіп, өзара тиімді ынты мақ тас- тықтың келешегін талқылады.

Әңгіме барысында универ си- теттегі Google студенттік клубы жұ мысын жетілдіру және жас тар- дың интеллектуалдық қабі лет- терін арттыру үшін оларды Google

Қырғыз делегациясы ҚазҰУ де партаменттерінің басшыла ры- мен жұмыс кездесуіне қатысып, онда университеттің IT инфра құ- рылымын дамыту және білім беру бағдарламаларын қам та- масыз ету мәселелері бойынша ақпа рат пен танысты. Содан кейін Ош мем лекеттік уни вер- ситетінің де ле гациясын ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қабылдады.

(3)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №21 (1889), 5 МАУСЫМ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

3

Ашылу салтанатына Әл-Фа ра- би атындағы ҚазҰУ-дың Бас қар- ма Төрағасы – Ректоры Жансейіт

Ұлт зиялысына ескерткіш тақта ашылды

шәкірттері, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қа тыс- ты.

«Көпжасар Нәрібайұлы ғы- лым мен қатар, мемлекет ісіне ара ласып, экономикалық рефор- ма ларға атсалысты. Қазақ ССР жоғары және арнайы орта білім министрінің орынбасары, ми- нистр болды. Ғылым акаде мия- сының Экономика институтында жұмыс істеді. ҚР Премьер-ми нис- трінің білім және ғылым саласы бойынша кеңесшісі болды. Көп- жасар Нәрібайұлының ғы лы ми- пе дагогикалық еңбек ж о лының елеу лі кезеңі – Әл-Фараби атын- дағы Қазақ ұлттық уни вер си- тетінің ректоры қыз метін ат қар- ған кезеңі. Осы жылдар ішін де универ си те ті міздің халық аралық беделін кө теруге, ғылымды да мы- туға күш салды. Университетімізге ұлы ой шыл әл-Фараби есімін беруде үлкен еңбек сіңірді», – деді Жан сейіт Түймебаев.

Нұрсұлтан БАЗАРБАЙҰЛЫ Түймебаев, академик Көпжасар

Нә рібаевтың отбасы мүшелері мен туыстары, әріптес-достары, Алматыда

Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қай- рат кері, эконо мика ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Көпжасар Нәрібаевтың құрме ті- не орнатылған мемо- риал дық тақта ашылды.

Шараның ашылуында Мем ле- кет басшысы Қасым-Жомарт То- қаев тың мерейтой иесіне ар- налған құттықтау хаты оқылды.

«Уәлихан Қалижанұлы қара шаңырақ ҚазҰУ-да білім алып, еліміздің ақпарат саласында абы ройлы қызметтер атқарды.

«Ұлан», «Жас Алаш» газеттерін бас қарып, қазақ баспасөзін жаңа белеске көтеріп, жас жур- на листерді шыңдауға тер төкті.

Жо ғарғы Кеңестің депутаты бо-

Қаламгердің мерейтойы атап өтілді

көркем шығармалары мен пуб ли- цистикалық еңбектері оқыр- манның жоғары бағасын алды», – деп атап өтті ректор.

Сондай-ақ жиында мерейтой иесіне ҚР Премьер-министрі Әли- хан Смайыловтың, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, ҚР Парламенті Мә- жі лісінің төрағасы Ерлан Қо- шановтың құттықтау хаттары табысталды.

Света ӘБІЛҒАЗЫҚЫЗЫ лып, Баспасөз және бұқаралық

ақ парат құралдары минист рлі гін- де, Президент Әкiмшiлiгiнде жауап ты қызметтер атқарды.

Еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстан» басылымына басшы- лық жасап, өзіндік журналистика мектебін қалыптастырды. Пар ла- мент Мәжілісінің үш шақыры лы- мында депутат болып, елдік мәсе- лелерге атсалысты. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын басқарып, рухани жобаларды іске асырды. Әдеби Әл-Фараби атын-

дағы Қазақ ұлт тық универси те тінде мем лекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым акаде мия сы- ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Уәлихан Қалижанның 75 жылдық мерей- тойы на арналған

«Қаламгер, қайрат- кер, саясаткер» атты салтанатты жиын өтті.

«Бүгінгі жинақ жастар үшін үлкен жәдігер. Фотоқұжаттар жас ұрпақты өткен кезеңмен та ныс- тыруда, тарихи сананы жаң ғыр- туда ерекше рөл атқарады.

Ерекше фотожинақты құрас ты- руда мемлекет және қоғам қайраткері Жанай Омаровтың еңбегі зор. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде

Фотошежіре альбомы – тарихи шежіре

рым-қатынаста ынтымақ тасты- ғын жалғастыра береді», – деді ректор.

«Қазақ әдебиеті: фотошежіре»

фотоальбомы 1920-1970 жылдар аралығын қамтиды. Құрастырушы – белгілі публицист Жанай Омаров.

Гүл ҚҰТТЫБЕКҚЫЗЫ

«Архивтану және деректану» білім беру бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Уни вер- ситет архившілер мен құжат та- нушы мамандарды даярлауда жетекші орында. Өткен жылы ҚазҰУ-да халықаралық архив ші- лер конгресін өткіздік. Біздің университет алдағы уақытта да архив орталығымен тығыз қа- Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Орталық мемлекеттік кино-

фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің 80 жылдығына арналған «Қазақ әдебиеті: фотошежіре 1920-1970 жылдар» атты фотоальбомның тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Университет басшысы ҚазҰУ құрама командасы жазғы уни вер- сиадада тоғыз жылдан бері ко- ман далық есепте жеңім паз бо лып келе жатқанын тілге тиек етіп, же ңімпаз дар мен жаттық тыру- шы ларды ХІІ жазғы уни вер сиа- дада үздік өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетсек, үстел теннисінен ҚазҰУ-дың ерлер коман да сы: Сан- жар Жұбанов, Ерасыл Ға ни денов, Есенгелді Рама за нов 2-орын жә- не жеке есепте бір алтын медальді

«Университет тарихында алғаш рет кең көлемде ұйымдас ты рыл- ған соңғы қоңырау салтанатына 70 мектеп бітіруші, 56 колледж бітіруші, 800 тыңдаушы қатысты.

Дайындық курсын тың дау шы лар- дың арасында қан дас тарымыз, шет елдік студенттер, колледж сту- денттері бар.

Жоғары оқу орнына дейінгі бі- лім беру факультетінде Қазақ- стан мен қатар, Иран, Моңғолия,

жеңіп алды. Ал жүзуден қыздар құ рама коман да сы: Еңлік Ұлт- арақова, Анастасия Графинина, Әсем Мелисова, Ан ге лина Тол ма- чева, Людмила Яков лева 1-орын- ды иеленсе, ал ерлер командасы:

Нұр дәулет Жұмағали, Ален Охо- тин ский, Ел дар Шекер бек, Темір- лан Әб ді раимов 2-орын ға табан тіреді. Же ке есепте жүзушілер 12 алтын, 10 күміс және 2 қола ме- даль ие ленді.

Айнұр АҚЫНБАЕВА

Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан, Жа- пония, Қытай, Түркия, Өзбек стан елдерінен келген балалар оқи ды.

Болашақта сіздерді ҚазҰУ сту- дент тері қатарынан көргіміз ке- леді», – деді Әл-Фараби атын дағы ҚазҰУ-дың Басқарма Тө ра ғасы – Ректоры Жансейіт Түй ме баев.

Кеш соңы концерттік шараға ұласты.

Света ӨМІРҒАЛИЕВА

«Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ах мет Байтұрсынұлы өткен ға сыр дың алғашқы ширегінде Қазақ универ- си тетінде оқытушы бо лып, дәріс берген. Ғылымды ака де мия лық жолмен ұйым дастыру мақ сатында ака де мия лық орта лық құрып, кейін нен оның база сын да Қазақ ғылым акаде мия сының негізі қа- ланды. Сол уа қыттан бері жоғары оқу орын дары мен ғылыми-зерт- теу инс ти туттары арасындағы та-

ри хи сабақтастық орнап, бүгінге де йін жалғасын тауып келеді. Сө- зі міз дің жарқын мысалы ретінде ҚазҰУ мен Ахмет Бай тұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының өзара ынты мақ тастығын айтуға болады», – деді ректор.

Сонымен қатар шара ба ры- сында тоғыз ғылыми кітаптың тұ- сау кесер рәсімі өтті.

Әйгерім ӘЛІМБЕК

Тіл білімі институтымен тарихи сабақтастық бар

ХІІ жазғы универсиада жеңімпаздары марапатталды

Бейіндік мектеп түлектеріне сәттілік тіледі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйым- дас тырған «Заманауи тілтанымдық зерттеулер» та қы- рыбындағы стенд-конференциясына қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақтау қаласында өткен ХІІ жазғы универсиада жеңімпаздарын ма рапаттады. ҚазҰУ-дың үстел теннисінен құрама ко- ман дасы жарысты сәтті бастап, жүлделі орындарды жеңіп алды.

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті бейіндік мектебі түлектерінің соңғы қоңырау кеші өтті.

AlmA mаter

(4)

WWW.KAZNU.KZ

4 Q

AZAQ UNIVERSITETI№21 (1889), 5 МАУСЫМ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

мет ті академигі, «Құрмет», «Па ра- сат» ордендерінің иегері Талас Омар бековтің өмірі мен шығар- ма шылық мұрасына арналды.

Ең бекте ғалымның өмірі мен қыз- меті, әріптестері мен шәкірт те рі- нің естеліктері, сүбелі жаз ба ла ры, соңғы сұхбаттары жа рия лан ған.

Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымының докторы, про- фес сор Досбол Байғонақов өз ке зегінде білім ордасының бас- шысы Ж.Түймебаевтың құт тық тау сөзін, іс-шараға қатысушыларға де ген ықыласын жеткізді. Сон- дай-ақ факультетте қуғын-сүргін құрбандарын зерттеудің бағыт та- ры жайлы сөз қозғады.

Тұсаукесердің модераторы,

лым ның өмірі мен қызметі, ғы- лыми мұрасы туралы кеңінен баяндап берді.

Тұсаукесер рәсіміне Ш.Уә ли- ха нов атындағы Тарих және этно- ло гия институтының директоры, т.ғ.д., ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Қабулдинов, ҚР Орталық мем- ле кеттік мұрағаттың директоры С.Шілдебай, академик М.Қой гел- диев, С.Елубай, профессор М.Аб- ди ров, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Х.Әбжанов, профессор Ж.Дәдебаев, профессор Қ.Әб дез- ұлы, профессор Н.Мұхаметханұлы және көптеген тарихшылар қа ты-

сып, ғалымның зерттеушілік шеберлігін, ғылыми мұрасы мен адам гершілік болмысын баяндап, мағыналы естеліктерімен бөлісті.

Бас қосу барысында Талас Омар- бек ұлының замандастары, шә- кірт тері, туыстарының естелік әң гі мелері айтылып, жары мен ба ласына сөз берілді.

Іс-шарада Талас Омар бек ов- тің ғылыми ұстанымдары мен тұжырымдары туралы видео- ролик көрсетілді.

Жиынға қатысқан көрнекті ғалымдар жылы лебізімен қоса, болашақта зерттеушінің артында қалған мұрасын насихаттау қа- жеттігін айтты. Талас Омар бек ов- тің ғылыми мұрасы мен шығар- ма шылық жолын насихаттау және сақтау бойынша ұсыныстарды қорытындылады.

Тағы бір айтарымыз, шара ба- рысында ғалымның кітаптары және Талас Омарбеков жайында бұ қаралық ақпарат құрал дарын- да жарық көрген естеліктер көр- месі ұйымдастырылды.

Жұмахан АРЫНОВ, тарих ғылымының кандидаты, доцент

Тарихшыға тағзым

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тарихшы-ғалым, профессор Талас Омарбековтің 75 жылдығына және қуғын-сүргін құрбан- дарын еске алуға арналған «Тарихпен өрілген тағдыр» атты конференция өтті.

Шара «Ғибратты ғұмыр: Талас Омарбеков» атты кітаптың тұсаукесе- рімен басталды. Кітап ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев- тың бастамасымен жарыққа шықты.

Тәжірибе барысында «Қазги- дро мет» РМК филиалының жалпы жұмыс режимі, ондағы атқа ры ла- тын жұмыс түрлері және қыз мет- керлер туралы танысу жұмыстары жүргізілді.

Синоптик маман қысқа мер- зімді болжау бөлімінде жер кар- та сымен қатар, биіктік карта ла- рын да өңдеп, талдау жасайды.

Арнайы әдістемелерді қолдану арқылы ауа райына болжау жүр- гізеді. Ауа ластануының мәлі мет- тері бойынша айлық бюлле- теньдер жасалады.

Алматы қаласындағы филиал Алматы қаласы, Алматы облысы және жалпы ҚР террито рия сын- дағы таулы өңірлерге ауа райы болжамын жасайды. Ол метео ро- логиялық болжам ғана емес, сонымен қатар қар көшкіні, сел қаупі, су тасқыны болу қауіптері және т.б. ауа райының қауіпті құбылыстары жөніндегі мәлімет- тер мен төтенше жағдайлар ме ке- месін қамтамасыз етеді.

Синоптиктер филиалда тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс іс тей- ді (таңғы 08:00-ден 08:00-ге де-

йін). Таңғы 06:00-де бақылау жа- салатын күн туралы мәліметтерді жіберіп, бақыланған тәулікте байқалған ерекше құбылыстарды, синоптикалық жағдайлар туралы және қауіпті метеорологиялық құбылыстар байқалған уақытта келесі келетін кезекші синоп тик- ке баяндап береді.

Синоптик өзінің жұмыс күнін сол тәулікке арналған жер кар та- сын, абсолюттік топография (850, 700, 500 гПа) және салыс тыр- малы топография (ОТ 500/1000)

карталарын өңдеуден бастайды.

Синоптикалық карталарды өңдеу барысында жалпы болжам жа- салып, арнайы бланк қағаз жүзінде толтырылады және бұл әрекеттерді орындау барысында Алматы қаласының бланкісін толтыру Өзбекстан Гидромет ор- та лығының бланкісімен салыс- тыру арқылы жүзеге асады. Дәл осы лай Батыс Қазақстан аудан- да ры Түркия елінің Гидромет ор- та лығы мәліметтерімен қарас ты- ры лады. Себебі Түркияда

Қа зақ станның батыс террито- рия ларына қажет мәліметтердің өң делу және толтыру уақыттары сәй кес келеді.

Болжам жасалатын күнге жа- салатын бланк қолайсыз метео- ро логиялық жағдай жоспарында электронды түрде де толтырылып, бір күндік дайын болжам алы- нады. Яғни синоптик өзінің жұ- мыс күнін ауа райы болжамдарын толықтыру және қауіпті штормдық жағдайлар байқалуы мүмкін болса, сол жайында ақпаратты

Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарлаумен бастайды. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар байқалуы мүмкін болған жағдай- да сол аудан тұрғындарына 112- ден хабарламалар жолданады.

Гидрометеорологиялық бол- жам дардан басқа, ауаның лас- тану деңгейі анықталады, яғни Р па раметрінің мөлшері анық та- лады және ауаның ластануына, оның таралуына әсер ететін метео параметрлерді толтырады (3-сурет). Оларға жер беті мен 850 мб деңгейіндегі ауа тем пе- ратурасы (12-48 сағат), жел жыл- дамдығы мен бағыты, минималды және максималды ауа темпе ра- турасы, жауын-шашын көрсеткіш- те рі жатады. Сонымен қатар ауаның ластануына әсер ететін элементтер туралы мәліметтер де қарастырылады. Бұл мәліметтерді арнайы химик мамандары сағат 12:00-де жібереді. Алынған барлық мәліметтер біріктіріліп,

«Қазгидромет» РМК сайтына жүк- теледі. Тәжірибеден өту күндері төрт күн қатарынан Алматы қа ла- сы қызыл аймақта болған жағ- дай лар да кездесті.

Метеорология маманды ғы ның 4-курс студенттеріне «Қазги дро- мет» РМК республика бо йын ша филиалдарында өткен өн дірістік тәжірибе болашақ жұмыс ба ры- сын игеруге, олардың өз ма ман- ды ғына деген қызығу шы лығын арттыруға түрткі болды. Со нымен қатар жұмыстың реттілі гі мен, зерт теу түрлерімен таны су да зор тәжірибе жинақтады.

Гүлнұр МУСРАЛИНОВА, Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы

Метеоролог студенттер өндірістік тәжірибеден өтті

Өндірістік тәжірибе – студенттің дайындық кезеңіндегі ең маңызды кездің бірі. Бұл өндіріс процесін іштей танып білетін, оқу барысында алған білімді тиянақтайтын және қолданатын уақыт. Сондай-ақ студенттер өндірістік тә- жі рибе кезінде кәсіпорынның қызмет ету ерек шелік- терін көреді әрі бұл теориялық білімнен жан-жақты ерек шеленетін тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалып- тас тыруға мүмкіндік береді. Студенттер оқуды аяқ- тағаннан кейін жұмысқа орналасатыны анық. Ал бұл кез келген кәсіпорын үшін өз қатарын жас, дарынды, білімді, білікті мамандармен толықтыру мүмкіндігі екені айдан анық. Осы орайда, география және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедра- сы ның 4-курс студенттері де жаңа білім алуға және өздерінің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтыла отырып, «Қазгидромет» РМК-ның республика бойынша филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті.

Бұл кітап қазақ ғылымының тарихынан ойып тұрып орын ал- ған зерделі ғалым, ҚР ҰҒА құр-

тарих ғылымының докторы, про- фессор, ҰҒА академигі Берекет Кәрібаев жиналған қауымға ға-

tūlğA

(5)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №21 (1889), 5 МАУСЫМ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

5

Қазір компанияда бірде-бір маңызды шешім қаржыгердің қатысуынсыз қабылданбайды.

Өйткені ол компанияға сандарға негізделген ақылды және саналы шешімдер қабылдауға көмек те- сетін толыққанды серіктес.

Қаржыгерлер түрлі салаларда жұмыс істей алады: банк ісі мен аудиттен – FMCG-ге және IT-ға дейін. Айта кету керек, бұл ма- ман дық әрқашан сұранысқа ие болады, себебі ол әлемде болып жатқан әртүрлі жағдайға байла- ныс ты өзгереді. Қаржы маман да- ры компанияларға тәуекелді есеп теуге, шығындарды азайтуға не месе өнімнің ROI-ін арттыруға көмектеседі, ROI = (Кіріс/Шы ғын- дар/Шығындар) x 100%. Ең бас- тысы, олар қаржылық шығын дар- ды азайта алады немесе тіпті алдын алады.

Сонымен қатар мамандық FMCG, IT, ғылым, консалтинг, фар мацевтика, телеком муника- ция, ретейл, өнеркәсіп – кез кел- ген жерде жұмыс істей ала сыз.

Өйткені қаржы – кез келген бизнесті жетілдірудің ажырамас бөлігі.

ҚАРЖЫГЕР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?

Hard skills:

• Бухгалтерлік есеп туралы түсінік. Маман қаржылық есеп беруді дайындап, оқи білуі тиіс.

• Қаржылық модельдеу дағ­

ды лары. Қаржылық модель – биз нестің дамуын болжауға, әр- түрлі көрсеткіштерді есептеуге және мүмкін болатын тәуе кел- дердің алдын алуға көмектесетін құрал.

• Офистік бағдарламаларды білу. Ең болмағанда базалық дең- гейде бағдарламалай білу тіпті жақсы. Мамандық өзгеруде және таныс Excel енді жеткіліксіз. Бағ- дар ламалау тілдері деректерді визуализациялауға мүмкіндік береді. Мысалы, бақылау тақта- ла рын жасаңыз және оларды динамика мен трендтерді зерттеу үшін пайдаланыңыз.

• Экономика саласындағы

жал пы эрудиция. Бұл әрбір қар- жы гер үшін негіз, өйткені бизнес пен нарықтың қалай жұмыс істейтіні туралы түсінік береді.

Soft skills:

• Кәсіби шеберлік. Қаржы- гер бизнеспен байланысты болуы мүм кін көптеген тәуекелдерді азай туға және болдырмауға жауапты. Сондықтан болашақ оқи ғаларды болжай білу – негізгі дағдылардың бірі.

• Жан-жақтылық. Бұл ма- ман компанияның әртүрлі бөлім- де рі мен және сыртқы мүдделі та рап тар мен жиі байланыста бо- лады. Сондықтан қарым-қатынас жасау қабілеті өте маңызды.

• Бастамашылдық. Қаржы- гер дің белсенді ұстанымы болуы керек. Өйткені ол бизнестің алға жылжуына көмек береді.

Қаржы саласындағы мансап- қа үміткер адам қандай болуы тиіс? Оның қаржылық немесе эко- номикалық арнайы білімі болу керек. Ол математикалық мо- дельдеу әдістеріне, ақпаратты жинауға және талдауға шынайы қы зығушылық танытады. Ең бас- тысы, қаржы секторындағы эру ди- цияның жоғары деңгейінің бо луы.

ҚАРЖЫГЕР МАМАНДЫҒЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН

КЕМШІЛІГІ Артықшылығы:

• Жақсы перспективалар.

Мамандық кез келген бизнесте сұранысқа ие, яғни сіз әртүрлі компанияларда жұмыс істей аласыз және жаңа мүмкіндіктер ашатын түрлі тәжірибе жинайсыз.

• Тұрақты өсу. Қаржы әлем- де гі өзгерістерге бірден жауап бе реді. Бұл мамандық өкілдерін тың қалыпта ұстайды: жаңа сы- нақ тарға дайындалу үшін адам өзін-өзі дамытумен айналысу керек.

Кемшілігі:

• Жоғары жүктеме. Көпте- ген мамандар қайта өңдеумен

ай налысады. Олар күніне 10 сағат тан астам жұмыс істейді. Со- нымен қатар нарықтағы қазіргі жағдайды үнемі бақылап отыруға тиіс. Мұндай қарқынды ырғақ со- зыл малы шаршауға әкелуі мүм- кін.

• Үлкен жауапкершілік. Қар- жы гердің кішкене қате есеп теуі компанияға үлкен шығын әкелуі мүмкін.

Мансап болашағы Қаржыгердің стажерден ди- рек торға – қаржы саласындағы негізгі тұлғаға дейінгі жолында бір неше кезең бар. Ол тренинг менеджермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Маман лауазы- мын да уақыттың көп бөлігі тех ни- калық тапсырмалар мен өзін-өзі дамытуға жұмсалады. Келесі қадам – менеджер. Осы сынып- тан бастап қызметкер басқару тәжірибесін ала бастайды, ал келесі лауазымда ол компания бизнесіндегі жаһандық өзгеріс- тер ді басқаруы керек.

Мансаптық өсуді жеделдету үшін сарапшылар өзіңіздің қа бі- летіңізді көрсетуге және көбірек жауапкершілік алуға кеңес бе- реді. Интерн лауазымында болса да, сіз ілгерілетуді ұсына аласыз.

Ал менеджер сіздің өсуге ұмты- луы ңызды міндетті түрде атап өтеді және бағалайды. Және, әрине, танымды дамыту туралы ұмытпаңыз. Қаржы-экономи ка- лық сала өте жылдам өзгереді, сондықтан мұнда үнемі білім алу маңызды.

Шығармашылықпен айна лы- судан қорықпаңыз. Ештеңе жаса- май тындар ғана қателеспейді.

Бәлкім, бұл ойдан шығарылған сөз, бірақ ол шындықты толық көрсетеді. Тәсілдермен тәжірибе жасаңыз, жаңа нәрсе жасауға тырысыңыз. Тек осылайша сіз тәжірибе жинап, қалай әрекет ету керектігін түсінесіз.

Оңайхан ЖӘДІГЕРОВА, экономика ғылымының

кандидаты

Заманауи қаржыгер қандай мамандық?

Жастардың есірткіге елігуі – қоғамдық мәселе

Мемлекеттердің пайда болуымен қазынаны басқаратын адамдар – алғашқы қаржыгерлер пайда болды. «Қаржы»

термині тамплиарлар тұсында, XIII-XV ғасырларда Италия- ның сауда қалала- рын да қолданыла бастады. Бүгінде инновациялық бизнесті дамытуда және оны цифрлан- дыруда қаржыгер мамандығының танымалдылығы артты. Олар компа- ния ларға өзгерістер дәуірінде де нық тұруға көмектеседі.

Мефедрон – психикалық бел- сен ді препарат, ол психикалық функ цияны, физикалық функ ция- ны немесе екеуін де уақытша күшейтеді. Бұл – синтетикалық стимулятор. Мефедронды қолдан- ған да ынталандыру сезімін ту ды- рады және мынадай функ ция- ларды күшейтеді: байқампаздық, ма засыздық, эйфория, толқу, сөй лесуге деген ұмтылыс, ашық- тық, жыныстық қатынас. Кейбір жастар мұндай сезім өз-өзін сенімді, еркін және сергек се- зінуге мәжбүр етеді деп ойлайды.

Мефедронды қолданатын адам- дар оның әсері шамамен бір са- ғатқа созылатынын айтады. Не- гізінен, бұл экстази мен кокаинді тұтынудағы сезімдерге ұқсас.

Мефедронды қолданушыларға жүргізілген сауалнама нәтиже- сін де: 1) пайдаланушылардың 67 пайызы шамадан тыс тершең дік- ке ұшыраған; 2) 51 пайызының басы ауырған; 3) 43 пайызында жүрек соғысының жоғарылауы байқалған; 4) 27 пайызы жүрек ай нуын сезінген; 5) 15 пайы зы- ның саусақтары көгерген немесе суық болған.

Мефедрон пайдаланатын на- ша қорлар 11 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер, көбіне лауазымдық тұлғалардың бала- лары арасынан табылды. Бұл өте өкінішті жағдай. Жасөспірімнің жастайынан есірткіге елігуі – қо- ғамдық мәселе. Алматы қала сын- да есірткі түйткілі күннен-күнге ушығуда. Соңғы жаңалықтарда кәмелет жасына толмаған бар- мен дердің, аспаздардың ара сын- да «мүлік салушылардың» табы- лып жатқаны айтылады. Жыл басынан бері есірткінің заңсыз сауда айналымынан 60 келіден астам есірткілік заттар мен 7,5 келі синтетикалық есірткі тәркі- лен ді.

Narkostop жобасының еріктісі, қоғам қайраткері Жанна Нұр сейі- то ваның өз тәжірибесінде көрген бірнеше фактілерге көз салсақ, қазір жастар қауымы синтети ка- лық есірткілерді ойын-сауық кеш- те рінде еркін қолданады. Яғни олардың басты мақсаты – көңіл көтеру. Егер есірткіге тәуелділік басталса, нашақор 12 жылдан кейін бауыр циррозынан қайтыс болады. Ал жүйке жүйесінің тұ- рақ сыздығы 4-5 жыл ішінде бас көтеріп кетеді және мұндай адам тіпті ертеңгі күніне жоспар құра алмайтын деңгейге жетеді. Жоба еріктілері кездестірген ең жас нашақор 11 жаста және ол трамадолға тәуелді болған. Ұзақ

уақыт бойы еркін сатылымда болған есірткілік зат бүгінгі таңда дәріхана сатылымынан алынып тасталды. Өткен жылы ЖОО және кол ледж студенттері арасында жүргі зілген зерттеу қорытын ды- ларына қарағанда, есірткіні қол- дану жиілігінің төменгі шегі 14-29 жас аралығы болғанын байқадық.

Жалпы, синтетикалық есірт кі- лер ге тәуелділік әлемдік пан де- мияның жылдам дамуына сәйкес өсіп жатыр. Мысалы, бір нашақор жылына бес адамды тәуелді етеді екен. Оның бір себебі, біріншіден, елімізде есірткі және тәуелділік туралы халықтың білімі мен сауат тылығының төмен деңгейде болуы; екіншіден, елімізде наша- қор ларды емдеу орталықтарының бол мауы. Жеке клиникалар ашыл ғанымен, олардың білігіне және емдік шаралардың тиім ді лі- гіне тексеріс жүргізілмейді.

Тәуел ділік – психикалық ауру.

Есірт кіге тәуелді болған адам ешқашан толық сауығып кет- пейді. Оның статистикасы қатерлі ісіктің соңғы кезеңімен бірдей, яғни сауығу деңгейі өте төмен.

Әрбір азамат қоғам тыныш ты- ғы, саулығы, өміршеңдігі үшін на- ша қорлыққа табанды түрде қарсы тұруға тиіс. Сөзімізді қо ры- тындылай келе, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпағанын тағы бір еске салғымыз келеді. Жақсыны кө- ріп, тыңдап, соған ұқсауға тырысу керек. Жаман әдетті көріп-біліп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білім- ді, жат қылықтан аулақ, елдің ер- теңгі азаматы болуға шақырамыз.

Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық.

Нұржанат АБЛАЙХАНОВА, Биофизика, биомедицина және

нейроғылым кафедрасының профессоры, б.ғ.к.

Нағима СЕЙДАЛИЕВА, оқытушы Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері син- тети калық катинондар мен «жаңа психоактивті зат- тардың» басқа түрлеріне (NPS) немесе «заңды дең- гей ле р ге» алаңдайды. NPS – бұл қолданыстағы дә рі-дәрмектерді имитациялайтын, реттелмейтін зат.

Олар көбіне заңсыз болып қалмауға көмек беретін өзгертілген химиялық құрылымдарға ие. Бұларды кейде «заңды деңгей» деп атайды, өйткені химиялық заттардың өзгеруі ол енді заңсыз емес. Кейбір елдер есірткіге қатысты заңдарын бейімдеп, химиялық құрамына қарамастан, мұндай дәрі-дәрмектерді заңсыз деп таныды.

Ulttyq jobA

(6)

WWW.KAZNU.KZ

6 Q

AZAQ UNIVERSITETI№21 (1889), 5 МАУСЫМ 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

menıñ unıversıtetım

книга «Дорога в Поднебесье», где я поделился своими наблюде ния- ми за жизнью и изменениями в Китае, часть статей даже вошла в мою бакалаврскую дипломную работу. Совсем недавно вышел ро ман «Ревность девятого солн ца». Это художественное произ ве дение, повествующее о поис ках себя, любви и са мо- реализации. Я поймал себя на мысли, что в современном об- щест ве достаточно хорошо зна- комы с западной мифологией, ли те ратурой и философской мыслью, а вот с наследием восто- ка, увы, люди не сталкиваются. И мне захотелось поделиться свои- ми знаниями китайских народных легенд и классических текстов, чтобы показать многогранность нашего мира, раскрыть другую точку зрения, чтобы посмотреть на мир широко раскрытыми гла- зами.

– И в конце, какие есть пожелания для наших студентов?

– Всегда задавайте вопросы, будьте, в хорошем смысле этого слова, наглыми и упертыми. Та- лант – это всегда лишь часть ус- пеха, достигнуть которого воз- мож но только приложив дос та точно усилий и стараний.

КазНУ даёт мощный импульс для развития, следуйте возмож- нос тям, которые предоставляет университет и бросайте вызов самим себе.

Беседовала Алина НУРЖАЕВА, PhD, ст.преподаватель кафедры китаеведения факультета востоковедения льготные условия по обучению,

поис ку работы, жилищные прог- рам мы и многие другие инстру- мен ты. Другой вопрос в том, что не всегда эта ин фор мация ши- роко распространяется и доступ- на всегда и везде, но тот, кто ищет, всегда находит.

Я обучался на гранте, хотя мог учиться платно за рубежом, я получал стипендию Президента и участвовал в самых разных прог раммах, потому что был за- ин тересован в этом. Порой дос- та точ но задать правильный во прос, проя вить должный ин - те рес, что бы получить то, что необходимо. У меня был выбор – остаться в Ки тае или про дол- жить свое раз витие на Родине, и я сделал свой выбор в пользу родной страны, потому что верю в нее и чувствую, что мне тут комфортно.

– Соседний Китай. Фобии, факты и перспективы.

Активно развиваются отношения Казахстана и Китая, но в народе часто бытуют заблуждения и страхи, что думаете об этом?

– Китай – безусловно удач- ный пример того, как в недалеком прошлом бедная и отсталая стра- на с большим грузом перенасе- лен ности и перегруженности со циаль ной инфраструктуры, смог ла совершить «Большой ска- чок», «Китайское чудо», добив ши- сь таких результатов как самая крупная и успешная экономика мира, крупнейший производитель мира, больше 20 компаний ки- тай ского происхождения входят в топ-50 мировых лидеров. Для меня это говорит об одном, Китай

– лучший в своем деле, в деле пос троения экономики. А учиться всег да нужно у лучших. Нам, дейст вительно, есть чему поу- чить ся и научиться у КНР.

К сожалению, умами мил- лионов людей по всему миру пра- вят стереотипы, которые фор ми- руются неверным воспринятием и искажений разного рода ин- фор мации. И на пороге гло ба ли- за ции, всеобщего мирового еди- нения каждый человек должен стремиться правильно вос при- нимать то, что происходит вокруг и смотреть на мировые события широкого открытыми глазами.

Страхи, фобии, предрассудки – зачастую хороший инструмент, которым пользуются СМИ, по ли- тики и другие заинте ресо- ванные лица, нам же остается, грамотно и взвешено оценивать факты.

И тут большой факт в том, что КНР не ведет войн, за всю ис- торию Китая ханьцы не выступали в качестве завоевателей, но дос- ти гали лидерства и господства дру гим путем. А то, как работает социа льная система в КНР се- годня – показатель того, как имея тяжелый якорь, мешающий стремительному развитию, в виде 1,4 миллиарда человек, ко- торых нужно кормить, содержать, лечить, обеспечивать условиями для здоровой жизнедеятельности, превратить в ресурс, двигающий страну вперед, неоспоримый факт мастерства руководства страны. И этот бесценный опыт дос тупен нам, ближайшим со се- дям, которым нужно «не бояться огня, а научить использовать его во благо».

– Современные реалии и возможности для выпуск-

ников КазНУ. Какие перспективы открываются перед теми, кто выбрал КазНУ? Чего могут добиться наши выпускники?

– Мне 29 лет, я работаю в Huawei крупной международной компании с китайскими корнями в сфере телекоммуникационного оборудования в качестве ме- неджера по работе с клиентами в нефтегазовом и горно-до бы- ваю щем секторе. Работа, которая позволяет мыслить неординарно, решать самые разнообразные за дачи и способствует пос тоян- ному росту.

Закончив магистратуру в Ки- тае, я получил приглашение на со беседование, прошел несколь- ко этапов. В итоге, после вру че- ния диплома 25 июля, 6 августа я уже вышел на работу. Особенно приятно порадовал тот факт, что в первый свой рабочий день я встретил однокурсников и ребят, с которыми когда-то учился на родном востфаке. Сегодня у меня стабильная зарплата и возмож- ность получения премии при усло вии выполнения рабочего плана, целая команда профес- сио налов с которыми совместно реализуем сложные проекты и продвигаем ключевые ценности компании. Я занимаюсь тем, что мне по душе, напрямую связано с моим образованием, в неко то- ром смысле работа по специаль- ности, так как каждый день об- щаюсь на китайском языке с пос тавщиками, партнерами и конечными потребителями, при- меняя навыки знания китайской психологии и восприятия мира, благодаря чему могу постоянно рас ти в профессиональном пла- не.

Чурсин Михаил Витальевич выпускник кафедры китаеведения факультета востоковедения КазНУ им. Аль-Фараби, со знанием казахского,

английского и ки тай ского языков. В настоящее время является менеджером корпоративного отдела Хуавей Текнолоджиз, г-жа заведует развитие энергетического сектора РК, писателем, а также одним из главных представителей

компании-работодателя кафедры китаеведения факультета востоковедения КазНУ им. Аль-Фараби.

Недавно Михаил Витальевич посетил свою альма- матер и презентовал книгу – «Ревность девятого солнца». Пользуясь случаем, кафедра

китаеведения провела интервью, в котором Чурсин Михаил Витальевич поделился мнением по самым актуальным вопросам.

– Образование в Казахстане. Успех в руках ищущего. Сегодня многие ребята стремятся зарубеж, Михаил, что вы думаете об образовании в Казахстане?

– На текущий момент в Казах- стане прекрасно выстроена сис- тема обучения, функционирует боль шое количество высо ко клас- сных ВУЗов с международной сер тификацией и мировым приз- нанием. Разумеется, к вопросу выбора университета нужно под- ходить максимально ответст вен- но, но имея желание и стре м ле- ние хорошо учиться, получать ка чественное образование, в Казах стане более чем возможно.

Веду щие заведения страны осна- щены лучшим оборудованием, программы обучения предлагают за рубежные специалисты, а про- фессорский состав так же про хо- дит специализированные курсы за границей.

Я закончил бакалавриат в КазНУ имени Аль-Фараби, фа- куль тет востоковедения в 2015 году и могу сказать, что с гор дос- тью делюсь этим, где бы не на- ходился. Во время обучения дается мощная и профессио наль- ная база, преподаватели поддер- жи вают начинания студентов и задают верное направление. А студент, как говорится, это че ло- век, который ищет, и если он прислушивается к наставникам, проявляет должные дерзость и инициативность, то непременно добивается успеха. Во время обучения на магистратуре в Китае, в Пекинском у

Referensi

Dokumen terkait

И 63 РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының

И 63 РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі Жетекші Жоо эдвайзерлерінің қазақстан Жоо қоғамына үндеуі Жыл сайын өтетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Халықаралық бағдарламалар орталығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Айнұр АҚЫНБАЕВА Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат мәжілісінде механика және математика факультетінің ғылыммен үздік шұғылданып жүрген жоғары курс студенттері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаншама түлектерінің өздері бітірген оқу орнында абыроймен қызмет атқарып, жастарды білім мен ғылым бұлағынан сусындандырып үлкен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д 14А.02.32 дисертациялық кеңесінде 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика тарихы және білім беру, этнопедагогика мамандығы бойынша