• Tidak ada hasil yang ditemukan

28 апреля 2015 года

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "28 апреля 2015 года "

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК

«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»

28 апреля 2015 года

АСТАНА - 2015

(2)

2 УДК 159.9 (091) (574)

Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент

«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)

– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.

ISBN 978-601-7429-81-2

В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»

(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.

Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.

ISBN 978-601-7429-81-2

© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015

(3)

187

тоқталған. Ұйымдастыру және басқару теориясы бойынша ғылыми әдебиеттерде

«ұйымдастыру» - жүйенің негізгі қасиеті, сипаты ретінде қарастырылады, яғни жүйенің бөліктерінің үйлесімдігі, тәртібі. Сонымен қатар бұл - менеджменттің қызметі.

Ұйымдастыру әлеуметтік жүйемен ұқсастырылады. Әлеуметтік ұйымның көп түрлері белгілі: саяси, әскери, шығармашылық, спорттық. Ұйымдастыру – мақсатқа жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін кәсіпорын құрылымын құру үрдісі. Ұйымдастыру ұжымға синергия әсерін тигізеді. Өзара әрекет ету адамдардың істерін біріктіреді, ұйымның жаңа сапалы қасиеттеріне ие, бөліктер қасиеттерінің сомасына тең емес, біртұтас жүйе ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді. Ұйымдастыру - ұйымның мақсатына жетуді қамтитын фирманың құрылымын құру. 2014ж. Экономика, статистика және информатика Мәскеу мемлекеттік университетінің (МЭСИ) арнайы шығарылымы, Сыртқы ортаның өзгеру жағдайындағы менеджмент пен маркетингтің өзекті мәселелері жайында өткізген халықаралық ғылыми практикалық on-line конференциясының материалдар жинағында менеджер маманының тұлғалық, кәсіби және психологиялық біліктілігі жайында ғылыми мақалаларды жинақтап жариялаған. Әсіресе оның ішінде, С.А.Ореховтың Персонал бойынша менеджердің кілтті компетенцияларына талдау үлгісіне сараптамалық талдам жасағанын айтуға болады [6, 49б.].

«Ұйымдастыру психологиясы» бойынша 2013ж. Мәскеуде өткен «Бизнес. Қоғам.

Адам» тақырыбындағы конференция баяндамалар тезистеріне көз жүгіртсек ресейлік ғалым Л.Н. Котлярова «О развитии личностных компетенций, обеспечивающих деятельность специалистов в области инновационного менеджмента» атты баяндамасын ұсынған. Л.Н. Котлярова менеджмент саласындағы менеджер мамандарының әрекетін қамтамасыз ететін тұлғалық компетенцияларды дамыту туралы өз ұсыныстарын баяндаған [7, 103б.].

Қызмет көрсету саласындағы менеджер мамандарының тұлғалық компетенциясы ұйымдастырушылық мінез-құлық пәнінің өзекті зерттеу обьектілерінің бірі дей отырып, оны ұйымдастырушылық іс-әрекеттің субьектісі ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда 2009 жылы жарық көрген В.А.Спивактың «Ұйымдастырушылық мінез-құлық» оқу құралын атап өтуге болады. Осы оқулықта мекемелердегі адамдардың мінез-құлқын анықтаушы әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлары мен заңдылықтары қарастырылады. Оқу құралы мемлекеттік басқару саясатына негізделген, стандартталған. Осы құралмен қоса, В.А.Спивактың «Менеджерлер үшін персоналды басқару» оқу құралы да жарық көрген [8]. Тұлға және мекеме, ұйымдағы коммуникативті мінез-құлық, мотивация, көшбасшылық, өзгерістерді басқару, ұйымдастырылған маркетинг сияқты тақырыптар мазмұны ашылған.

Қолданылған әдебиет

1.Романов К.М., Т.Ф.Пелепец. Особенностипсихологической культурыменеджеров.

/Problemsofformationofaprofessional:materialsofthe IIinternationalscientific conferenceonSeptember25–26,2014. /– Prague:Vědeckovydavatelskécentrum«Sociosféra- CZ».–Р. -116.

2.МихалеваЕ.П.Менеджмент.–М.:Юрайт,2009. –18б.

3.БиктагироваА.Р. Особенности социально-психологической культуры руководителей бизнес-объединений: Монграфия. –М.,2009. –191б.

4.Лютова С.Н. Социальная психология личности (теория ипрактика): Курс лекций. М., 2002. -210б.

5.МангутовИ.С. Менеджер организации. Типологический словарь-справочник: учеб.

пособие. – СПб.: СПбГАСУ, 2010. –280 б.

ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРІ Сүлейменова Күлмаш

(4)

188

Астана қаласы №78 мектеп –гимназия

Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды. Ұстаз еңбегі – қиын да күрделі. Бала бiрінші сыныпқа келгенде жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай.

Ұрысуды, кеюді көтермейдi. Олармен тіл табыса білу үшін мұғалім өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға тура келеді. Солармен бірдей күй кешіп, бірге ойнап, бірге күліп, қысқасы, бар тілеуі солармен бірге болу. Онсыз бiлiм берем деу құмға сіңген сумен тең. Сабақ басталғанда алдыңда көздері жәудіреп бір топ бала отырады.

Олар саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшелiктері оларға әлі тылсым, жұмбақ. Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде -ақ көп нәрсені аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрiсі ауқымын да бірден ажыратады. «Мың рет айтып түсіндіргеннен, бір рет көзбен көрген абзал» деген ұлағатты сөз бар.

Баланың бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды.

Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез- құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ процесiнде көп жәрдемі тиеді. Осы тұрғыда деңгейлік оқытудың алар орны ерекше.

Оқытудың бұл түрінде баланың тек бiлiмін дамытып қана қоймай, сонымен қатар оның ішкі жан-дүниесін зерттеп, жүрегіне жол табасың. Қиын оқушы, тәртiбі нашар немесе қабылдауы төмен баланың психологиясын зерттей отырып оны болашаққа жетелейсің.

Қaзipгi бiлiм беpу сaлaсындaғы oқытудың oзық технoлoгиялapын меңгеpмейiнше сaуaтты, жaн-жaқты мaмaн бoлу мүмкiн емес екенiне көзiмiз жетiп oтыp.Жaңa технoлoгияны меңгеpу oқушының интеллектуaлдық, кәсiптiк, aдaмгеpшiлiк, pухaни, aзaмaттық және де бaсқa көптеген aдaми келбетiнiң қaлыптaсуынa игi әсеpiн тигiзедi, өзiн- өзi дaмытып, oқу-тәpбие үpдiсiн тиiмдi ұйымдaстыpуынa көмектеседi Деңгейлеп оқыту барысында деңгейлік тапсырмаларды сабақта қолдану орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тілін үйренуіне өте тиімді. Өйткені мектеп оқушыларының зейіні, қабылдауы, есте сақтау қабілеті әр түрлі деңгейде. Деңгейлеп оқыту жеке тұлғаның өздігінен дамуына жағдай жасайды [1].

Қaй елдiң бoлмaсын өсiп өpкендеуi, өpкениеттi дүниеде өзiндiк opын aлуы, oның ұлттық бiлiм жүйесiнiң деңгейiне, дaму бaғытынa бaйлaнысты. Oсы тұpғыдa oқытудың жaңa технoлoгиялapын жете меңгеpiп, oқушылapдың психoлoгиялық жaс еpекшелiктеpiне opaй opынды қoлдaнудың мәнi еpекше.Атап айтқанда оқытудағы Кембридж тәсілiн қолданысқа енгізіп, оқушының алған бiлiмін өмірде қолдана білуіне дағдыландыра білуіміз керек. «Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдерiне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады».

Oқушылapды жeкe тұлғa eтiп қaлыптacтыpу мұғалімнің тікелей міндеті болса, олардың бiлiм дeңгeйiн apттыpу мaңызды кeзeк күттipмeйтiн icтepдiң бipi. Coндықтaн бoлaшaқ ұpпaқты пәндepгe қызықтыpу, бiлiм дeңгeйiн көтepу мұғалім үшiн зop жaуaпкepшiлiктi қaжeт eтeдi. Жаңаша оқыту технологиясындағы «cын тұpғыcынaн oйлaу» дeп aтaлатын стратегия cын көзқapacпeн қapaу дeгeн мaғынa eмec, тaлдaп, oйлaумeн ұштacтыpa бiлiм aлуды бaғыттaйтын oқыту тexнoлoгияcы. Дәстүрлі оқытуда өзiмiз бiлeтiн әдicтepді пaйдaлaну apқылы caбaқты жүйeлeп өтeтiнбiз. Дeгeнмeн бacты ныcaнa мұғaлiм мeн oқулық бoлaтын. Oқушы тeк қaбылдaушы peтiндe тaнылды. Aл қaзip тың әдicтepдi жиi пaйдaлaнып, oқушылapдың бiлiмгe дeгeн ынтacын apттыpып, тaным дeңгeйiн кeңeйту мiндeтi тұp. Oқушы мұғaлiмнiң cөзiн жaлығa, eш ұқпaй тыңдaушыдaн, бeлceндi, iздeнушi, oйлaнушы дәpeжeciнe көтepiлуi кepeк.

(5)

189

Cын тұpғыcынaн oйлaу-өтe күpдeлi, мaңызды құбылыc. Мұғaлiм ocы әpeкeттi ұйымдacтыpушы, бaғыттaушы. Oқушы әp түpлi aқпapaт көздepiнeн cуcындaп, өз түйiнiн aйтa бiлу кepeк. Кeз кeлгeн мaзмұнды тaлдaу бapыcындa өз тoбымeн ұйымдacып, пiкipлeciп, eң ұтымды жaуaпты iздейді. Сын тұрғысынан ойлау оқушының өзіндік көзқарастарын ой елегінен өткізуге, өз ойларын еркін жеткізуге, сыныптастары арасынан ұтымды ойларын ашық айтуға, оқу мазмұнын айтар кезінде жасқанбай, ұялмауға бағыттау болып табылады[2]. Сонымен қатар кең ауқымды мәліметтерді жинастырып,балалармен бөлісуге, дүниетаным аймағын дамытуға әкеледі.

Нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлау оқушының оқу мен қатар өмірде де қажетті ойлау дағдыларын дамытуына негiзделіп, ойлы шешім қабылдауға, ақпаратпен жұмыс жасауға, үдерістерді жан - жақты талдауға бағыттайды. Баланың ақпаратқа сыни тұрғыдан баға бере алуы, жаңа идеяларға ашық болуы, өз көзқарасын негіздей алуы, деректердің себеп - салдарын талдай алуы, өз ойларына және іс-әрекеттеріне рефлексия жасай алуы бұл бала психологиясындағы негізгі көрсеткіш болып табылады.

Оқыту үдерісі оқушы тарапынан жүзеге асады, ал мұғалім тек ұжымдық ізденісті бағыттап отырады. Жауапқа қабілеттері жоғары да, төмен де оқушылар қатысады.

Оқушылар қателесуден қорықпайды, себебi сыныптастарының көмекке келіп, бірге дұрыс шешімін табатындарын біледі. Осындай жұмыста мұғалім дұрыс диалог құру, баланың ойына еркіндік беру, әрқайсысына мүмкіндік беру және жауаптарын тек керек жаққа бағыттап отыруға басты назар салады. .

Деңгейлік оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін а) жеке тұлға ерекшелiктеріне,

б) психологиялық даму ерекшелiктеріне,

в) пән бойынша білiмді игеру деңгейіне көңіл бөліп отыру қажет[3].

Оқушы бойына бiлiм нәрін себе отырып, оның психологиясын зерттеп, дұрыс жолға саламыз. Осы орайда «ұлттық психология» деген сөз тілге оралады. Ұлттық психология - белгілі бір ұлт өкiлдеріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез- құлық пен психологиялық қарекет ерекшелiктері. Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Жаңаша оқыту технологияларын қолданудың бірден-бір тиімді жақтарының өзі де осы ұлттық психологияны бала бойына сіңіру. Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Мектептегi мұғалім - ол балаға белгілі бір бiлiм беріп қана қоймай, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге және сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Ал ең бастысы бала мектептен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді. Отбасындағы тәрбие мен мектептен алған тәлім бала психологиясында басты үрдiс болып табылады.

Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін бiлiмді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы бiлiм беру ісі –бүгінгі күн талабы.

Бұл талапқа жету жолы - бiлiм берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай жолдардың бiрі – деңгейлік оқытудың жалпы сабақтарда тиімділігі. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшелiктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа бiлiм қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.

(6)

190

Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық iс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Қазіргі таңда бiлiм берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білiмнің рөлі артып, әр елдің өзіндік бiлiм беру жүйесі тағайындалған. Бiрақ, ол әлем халықтарының бiлiм берудегі тәжірибесімен, бағыт- бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Бiлім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бiлім беруді ақпараттандыру екені сөзсіз.

Сабақ барысында шәкірттің бiлiмге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершiлік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар.

Солардың бірі – профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісiнің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, бiлiм сапасын қамтамасыз етеді.

Сабақта оқушылырдың жас ерекшелiктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Сабақ үрдісінде оқушыны таңдандыратын қызықты әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, оның ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зейіннің қалыптасуына көңіл бөледі. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, эмоциялық сезімге қанықтылығы болуы қажет. Дегенмен, мектепте оқу-іс әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс қажет материалдар да болады. Сондықтан да, оқу іс-әрекеті барысында оқушының ырықты зейінін де қалыптастырып, дамыту қажет. Бұл үшін сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу іс-әрекеті ұйымдастырылуы керек. Оқу іс-әрекеті түрлендіріліп, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Іс-әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырады.

Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнге баланың зейінін ерекше шоғырландыру, ол үшін баладан сабаққа дайындалуды талап ету, бала зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету.

Деңгейлеп оқыту, біріншіден, бiлiм алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, бiлiм алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр бiлiм алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр бiлiм алушы өз деңгейімен бағаланады

Деңгейлік оқытудың оқушыға бiлiм берумен қатар оның психологиялық ерекшелiктерін зерттеуде алар орнының терең мағынасы бар екеніне көзіміз жетіп отыр.

Алдағы уақытта Қазақстанда бiлiм беру жүйесінде осы тәсілдер кеңінен қолданылар болса, келешек ұрпақтың болашағы жарқын боларына кәміл сенемін. Қазіргі ғылым мен техниканың дамып, компьютер мен жаңа технологиялар енгізілген заманда жас ұрпақ бақытты және аяғын болашаққа нық басып барары сөзсіз.

Қолданылған әдебиеттер

1. Қараев Ж.А. «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы». 2. Кобдикова Ж.У. «Орта мектепте білім алуды технологияландыру» (Саралап деңгейлеп оқыту), 2002 ж.

(7)

191 http://www.enu.kz

2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М., 1989. - 191с.

3. Ковжасарова М.Р. Развитие идеи дифференциального обучения в теории и практике общеобразовательной школы /Ізденіс. Поиск. - 2001. - №1. - С.123-128.

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕЛУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Телегенова Гульнара Талғатқызы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «6М050300» - Психология мамандығының 2 курс магистранты, Астана, Қазақстан.

Ғылыми жетекші – Г.Айқынбаева

Зерттеудің мақсаты- бірінші курс студенттерінің оқу жағдайына бейімделуінің ерекшелігін анықтау. Іріктеуге әлеуметтік жұмыс бағытында оқитын 17-19 жас аралығындағы студенттер қатысты. Ереже бойынша келесі әдістеме: бірінші курс студенттерінің типтік қиыншылықтарының әдістемесі (Б.Г.Мещеряков).

Қазіргі кезде заман талабына сай қоғам жоғары білікті мамандарды талап етеді. Кез келген жасқспірім жоғары оқу орнына түсуге талпынады. Студенттік жаңа өмір-талапкер болудан басталады. Студенттік өмір-бұл жаңа өмірге қадам баса отырып, белгісіз мәселелер мен әртүрлі адамдармен қақтығысу. Студент үшін ең бастысы сапалы білім алу, жаңа қоршаған ортаға бейімделе отырып дезадаптацияға жол бермеу.

Жоғары оқу орнында ең бастысы сапалы білім алу бағаланады. Қазіргі кезде біліктілікті арттыру - өзіндік, өзара, шығармашылық, мінездемелік, жеке сапалық маманданған, біліктілік пен білімділіктін маманданған педагогикалық дайындығының көрсеткіші болып табылады. Бейімделуді басты мәселесі- өзіндік білімді арттыру үшін жоғары оқу орындарынын үзіліссіз өзгермелі талаптарын орындау. Студент оқу үдерісінің басты кезеңінде білмділігі мен біліктілігінің белсенділігін арттыру қажет. Ең бастысы студентке бірінші жылы оқуға және оқу орнына бейімделуі.Мектеп пен жоғары оқу орындарының жүктемесінің арасында айырмашылық бар. Ақпараттанған оқу үдерісіне- аудитория, оқу орындарында ұйымдастырылған форумдық іс-шаралардың көптігібірінші курстардың бейімделуіне кері әсерін тигізеді. Оқу үдерісіндегі көптеген жоғары талаптар мінездемелік жарақатқа алып келеді. Көбінесе ақыл ой мен психикалық қысым, еңбектің бұзылуы, демалыстың бұзылуы, тамақтанудың бұзылуы дамуға және бейімделуге кері әсерін тигізеді. Студенттердің көбісі жоғары оқу орындарының жай-күйіне тез бейімделеді. Бұл жерден туындайтын мәселе кешегі талапкер,бүгінгі студенттік өмірге бейімделуі.

Сонымен, жоғары оқу орындарына бейімделу үдерісі сол оқу орнының талаптарына бейімделу, яғни жаңа ұйымның ұжымдық іс-шараларына, оқу жүйесіне және әр түрлі ішкі факторларға бейімделу.

Бейімделудің ортақ жүйесі екі түрге бөлінеді:

1. бейімделу әрекеті, жеке күйзеліс жүйесініңмінездемесінің артуы, аралық функционалдық байланысқа үстіртің қызығушылық санының бірдесен артуы;

2. бейімделудің төмендеуі, жеке күйзеліс жүйесінің мінездемесініңтөмендеуі, аралық функционалдық байланысқа үстіртің қызығушылық санының бірдесен төмендеуі;

Бір жүйеден екінші жүйеге ауысып отыру-ол бейімделудің жүктемесі, әсіресе жеке күйзеліс жүйесі жоғарласа. Сондай ақ, бір жүйеден екінші жүйеге ауысу жоғары оқу орнында бейімделу үдерісімен ерекшеленеді. Жаңа талаптарға үйрену: оқу-тәрбие үдерісіне, юджеттің үздіксіз уақытылы орындалуына, заңды және заңсыз әрекеттерге. Әр түрлі бағыт бойынша студенттің бейімделуі- әр түрлі жүйенің қиыншылықтары мен

Referensi

Dokumen terkait

Педагогикалық дизайнер ретінде мұғалім оқу материалдарын жобалау процесінің әдістемелік негізін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, ойластырылған стратегия-сын жүзеге асыру